Қазақ тіл білімі: жаңа зерттеулер, лингвотаным Пән атауы: Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер Орындаған



бет1/4
Дата13.12.2021
өлшемі17,34 Kb.
#126032
  1   2   3   4
Байланысты:
1 мөж
Жаксылык Куаныш курорты в Казахстане

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

№1 МӨЖ тақырыбы:



Қазақ тіл білімі: жаңа зерттеулер, лингвотаным

Пән атауы: Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер

Орындаған: Жолжанова Г.Р.

2021 жыл

Қазақ тіл білімі: жаңа зерттеулер, лингвотаным
Қазақ тіл білімінде лингвокогнитология ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасса да, оған дейін тіл мен таным байланысы мүлде сөз етілмеді деуге болмайды. Қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолұлы еңбектерінде арнайы нысан етіп алынбағанмен, тілдің танымдық қасиеті жайлы бірді-екілі пікірлер ұшырасады. Когнитивтік бағыттың қалыптасуында Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. этнолингвистикалық зерттеулері ерекше мәнге ие. Бұл зерттеулер тек этнолингвистика үшін ғана емес, когнитивтік зерттеулер үшін де құнды. Таза когнитивтік бағыттағы ізденістерді Э.Оразалиева еңбектерінен көруге болады. Ғалым тілтаным теориясы мен әдіснамалық негіздерін теориялық тұрғыда зерттей келе, лингвокогнитология ғылымының даму кезеңдерін төмендегідей хронологиялық сатыда жіктейді: 1-кезең: «тілтану» парадигмасының қалыптасуы – ХХ ғасырдың 20-45 жж. Негізгі өкілдері: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолұлы, т.б. 2-кезең: тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы – ХХ ғасырдың 45-70 жж. Негізгі өкілдері: Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбеав, т.б. 3-кезең: тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы- ХХ ғасырдың 65-85 жж. Негізгі өкілдері: К.Аханов, Т.Қордабаев, Ә.Хасенов т.б. 4-кезең: тілтанымдық этюдтер парадигмасы – ХХ ғасырдың 70 жылдары мен аяқ шені; Негізгі өкілдері: Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Ә.Болғанбаев, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақ, С.Исаев, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ж.Манкеева, т.б. 5-кезең: қазіргі когнитивтік парадигмалар – ХХ ғасырдың аяғы мен бүгінгі күндер [4, 17]. Алғашқы кезеңнің өкілдері тілдің табиғаты туралы құнды пікірлер қалдырды. А.Байтұрсынұлының тіл табиғатының ерекшелігін, тіл қызметінің жан-жақтылығын танытуға арналған ғылыми тұжырымдарын саралай келіп, оларды мазмұны мен көтерген мәселесінің бағыт-бағдарына қарай бірнеше топқа жіктеуге болады. 1) Тілтаным теориясындағы тіл – ойлау-дүние бейнесі арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулар. 2) Поэтикалық тіл табиғатын «қарапайым тілден» айыра танытуға арналған ғылыми тұжырымдары.

Лингвокогнитологияның жеке ғылым саласы ретінде танылуы, пән ретінде қалыптасуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән категориялары болуы шарт. Когнитивті лингвистиканың басты категориясы – концептілер. Концепт ең алдымен ұғым мен мағынадан тұрады. Концепт ұғымы тіл біліміне философиядан келген. Латын тілінен аударғанда conceptus – «ой, түсінік, ұғым» деген мағынаны білдіреді. Концепт мәселесіне кешенді түрде зерттеу жүргізген Д.Лихачев терминді екі аспект аясында қарастырады. Біріншісі, концепт – рухани мәдениеттегі тірек сөздер. Екіншісі, концепт – психоментальды құбылыс, алғашқы түсінік [2,38]. Ю.Степановтың еңбегінде концепт адам баласының санасында нақты ұғымдар түрінде емес, сөз тудыратын ассоциациялар мен таным түсініктердің жиынтығы ретінде көрсетіледі [3,67]. Концепт терминін А.Вежбицкая «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері», В.Н. Телия «концепт – біздің сол нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы», В.Гумбольдт «құдайылық ілімді танудың, сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени ментальдығын танудың кілті» деп қарастырған [4,13]. Концепт – тіл мен адамның, танымның, мәдениетің біртұтастығын көрсететін лингвофилософиялық бірлік. Демек концепт, ұғым терминдерінің негізі бір болғанымен маңызы, мәні бірдей емес. Концепт арқылы тіл мен танымның байланысы жүзеге асырылады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет