Қазақ тілі, қазақ халқының ана тілі, бойына дарыған қасиеті, яғни бой тұмары. Қазақтың туған тілінің байлығы ол қазақтың батырлығының айғағы. Тіл тазалығы салт сананың сақталуын, ұлттық құндылықты дұрыс пайдалана білу



Дата06.07.2018
өлшемі22,36 Kb.
#48201
Баяндама.  

Тіл туралы.

Қазақ тілі, қазақ халқының ана тілі, бойына дарыған қасиеті, яғни бой тұмары. Қазақтың туған тілінің байлығы ол қазақтың батырлығының айғағы. Тіл тазалығы салт – сананың сақталуын, ұлттық құндылықты дұрыс пайдалана білу. Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес ,бүрсігүнгі де  тағдыры. Ана тіліміздің тазалығын, оны қолдап – қорғау өз қолымызда. Мен осы ана тіліміздің алға ілгерілеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жолдауында үкімет  «Тілдердің үш тұғырлылығы» жайында мәдени жобасынан мына сөздерді айта кетсем болады. «Үкімет Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды таптастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді: Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманға озық бағдарламаларымен әдістерін енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу – құралдарын, аудио- бейне материалдарды дайындау керек»,- деген еді. Ана тіліміз өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірінде, тайпалық тіл дәуірінде, халықтық тіл дәуірінде басынан кешірді. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениеттің тілі, дамығын оралымды тіл.

  Қазақ тілі 1989 жылы Қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып , қақа тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл статусына яғни мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жыылы Қаңтардың 28-і күні бұл мәртебе Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, бекітілді. Бұл жарлық қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін сақтады.

  Сол 1997 жылы Шілденің 7-і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

  Қазақстан Республикасының тілдер туралы заныңда: Қазақстан Республикасның мемлекеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі делінген. С.Торайғыров ағамыз айтқандай:

Сүйемін туған тілді – ана тілін

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнің

Қазақ тілінің көрмеген тепкісі жоқ, бірақ ол бірте – жанданып келеді және әлі де дами береді деген үміттеміз. Күштеп жоймаса ешбір тілдің жойылуы мүмкін емес, сондықтан осындай жоюдан аман қалған ана тіліміздің болашағы зор болуы тиіс. Өзіміздің ана тілімізді қаншама зиялы адамдар қорғап өленнің селдетіп суын ағызып, тілдің балын тамызып құдіретті тілімізді сақтап қалуға ат салысқан. Бұл жерде мен Оразақын Асқар ағамыздың өленінең үзінді оқып бергім келіп тұр:

Сен жеткізе алмас барма сыр менде,

Сенде туған ерлік эпос жыр кембе.

Саған қалай қауіп төніп үлгерді,

«Өнер алды қызыл тіл» деп жүргенде.

Ана тілім өзге тілден кембедің,

Қорың азба болды қандай сенде мін.

Жерің барма аударғанда жетпеген,

Пушкин жыры, Эйнштейн еңбегін.

Ана тілі ана сүтін ақтаған,

Сені Орхон – Енесейде сақтаған.

Құрта алмаған тіпті алқа көл сұлама.

Қорғаған ел шұбырында ақтабан.

  Әрине, қазақ тілін, үйренуге, оны білуге, қазақша сөйлеуге деген талпыныс әр адамның ішкі сезімімен, сол тілге деген сүйіспеншілігінен басталады. Мемлекетін сүйетін әр қазақстандық сол елдің мемлекеттік тілін үйренуге өзі талпынса, Нұр үстіне нұр болар еді. Олар айлығына үстеме қосу үшін емес, ұлы елдің азаматы, адал перзенті болу үшін өзінің ана тілін білгені жөн, білуге тиіс. Балық басынан шіриді дегендей қазіргі жастарымыз  шұбарлы, мәдениетсіз тілге үйреніп бейімделіп бара жатырмыз, қазіргі ұрпағымыз осылай болса келешегіміз не болмақ? Сондай – ақ айта кететін жағдай жастар – мәдениетті сөйлеуі тиіс, өйткені тіліміз ласты сөздермен азап шегуде, сондықтан да тіліміздің табалдырығына баспай, төсегіне шығып, таза тілде сөйлегеніміз жөн болар.

Қазіргі уақытта жаңа бағдарлама бойынша, түрлі тіл апталығы жүргізілу үстінде, Мысалы: осы оқу орнында тіл апталықтары өткізіліп, мәнерлеп оқу сайыстары, үш тұғырлы тіл бағдарламасы бойынша жұмыс істелуде. Осыған деген білім алушылардың, жастардың қызығушылығын тілге деген сүйіспеншіліктерін оятуға, тіл жанашырлары көптеп көмектесуде, бүгінге күндері мемлекеттік жұмысшыларға, тіл үйренуші жеке тұлғаларға, ҚР-ның әр азаматына, тіл үйренем деушілерге деңгейіне сәйкес сабақтар өтуде, мақсаттарымыздың барлығы орындалуы үшін өз тіліміздің сұлулығын сезе білуіміз қажет, ал біз өзге тілдің ұлылығын сезсек, төрімізде ұсынсақ олда біздің арманымыздың да алға қойған мақсаттарымыздың да айдарынан жел есуі екі талай.

Үкімет халық аралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін қазіргі заманға бағдарламалар мен әдістерін әзірлеп енгізу қажет мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің он үздік инновациялық әдістемелік тәжірибелік оқу құралдардың бізге келмегені таң қарарлық жағдай, бұл жағдайға толығырақ келетін болсақ, біздің тілге деген істелген ісімізден айтылған сөзіміз көп. Сондай – ақ біздер «ел боламын десең бесігінді түзе»- демекші бүлдіршіндерімізді көрсетіп, тек қана қазақша жарнамалар жүргізсек, түрлі үйірмелер, кітапханалар ашып, жастардың қызығушылығын оятсақ мүмкін ісіміз ойға басар, өзімнің айта кетерлік ойым неге Маңғыстауды тіл туралы теледидардан пікірталас, ақындық сайыстар, өзге ұлт өкілдерімен сұхбат жүргізбеске. Әрине арманымыз көп, ал бұл жолғы тіл мәселесі өз қолымызда.Қазақ халқының мақтанышы жазушы, Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлының өнегелі сөздері қанатты сөздерге айналып, ел ішіне таралған. Осы ұлағатты сөздерден үзінді:«Анамыздың ақ сүтімен боймызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімзге мән бермеушілік, оны құрметтеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Кейбр ұл – қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілнің бай қорын игерумен бірге басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал. Тіл тазалығы үшін курес ешқашан толастамақ емес.»

 Ана тілі

Шорпуы ор атынның, жан отының,

Әкемдей құдіретті ана тілім.

Келесің отпен судан аман сақтап,

Астыңа алып мені қанатынның.

 Ана тілі – анамыздың ар намысы,

Ана тілі – бабамыздың толғанысы.

Ана тілі – құлын тайдай шұрқыыраған,

Даңғайыр даламыздың жан дауысы.

 Жаңғырып қиыр шетке шыққан үні,

Ана тілі – Абай жыры, Мұхтар үні.

Ананың қасиетті сүтін емген,

Ана тілі – бал бөбектің құт дарыны.

 Ана тіл – туған жердің тұзы – дәмі,

Шуағы, жауынымен мұзы қары.

Ана тіл – наз қылығы ерке қыздың,

Өмірде басылмаған қызығы әлі.

 Ана тіл – ақсақалдың пәк ғұмыры,

Ана тіл – ардагердің ақтық үні.

«Жаным» - деп елжіреген сүйген жанның,

Тілінен білінбейме тәттілігі.

 Шабытың шалдықпаса кер дөнені,

Ешқашан бөле алмайсын елден мені.

Тоқтамай бір қалыпта соғып тұрған,

Ана тіл – бала жүрек кеудемдегі.

«Қазақ тілі ғарышта»

Қазақ тілім қасиетіннең айналдым,

Берік тұрау құламастай айбының.

Азат күнге жетеледің пенденді,

Күлсін сенің көкте мәңгі ай-күнің.

Жылаттың-ау қанша ғасыр, қанша жыл,

Тіл үшінда ақындарым болды құл.

Көтеріліс жаңғырықтап тіл үшін,

Архивтерде сақталулы әлі тұр.

 Ғасырлардың күн көрпесін жамылып,

Анамыздың ақ сүтіне қанығып.

Ей, адамдар тілімізді сыйлайық,

Ана тілден жүрмейікші жаңылып.

  Отпен, қардан аман өттің, күймедің,

Қазағынды биігіне сүйредің.

Арқасында мен солардың ұл болып,

Өз еліммен, өз тіліммен түйнедім.

Түбін бұзып шықтың талай қоршаудың,

Өлең жазып сол себептен қолға алдым.

Ана тілім жаным құрбан жолында,

Құдай сақта күнінен тек мылқаудың.

 Ана тілде сөйлейді кәрі мен жас,

Буырқанып көңілден әндер тынбас.



Тіліміздің соншалық мықтылығы,

Алмаз қылыш сынса да тілім сынбас
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет