Қазақ тілі Мадияров Адиль 109



Дата26.04.2022
өлшемі1,25 Mb.
#140890
Байланысты:
Қазақ тілі Қол Өнер
englishh, ХИМ Сабақ№ 30 2, ХИМ Сабақ №29, РЯЛ №20 , Нуралнов Д реф

Қазақ тілі

Мадияров Адиль 109

Қол өнер

  • Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Қол өнер

  • Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Жүннен басылған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері – кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан жылға дамып келеді. 

Тоқыма өнері

Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады. Мұның бәрі жіптің қалыңдығына қарай: егер жіп қалың болса, шұлық, бөкебай секілді жылы бұйымдар тоқуға болады, ал егер жіп жұқа болса, көйлектерге арналған заманауи жағалар, білезік тоқуға, тіпті, етегі қысқарған тоқыма белдемшеге етек етіп, әдемілеуге болады.

Киіз басу өнері

Киіз басу өнері - дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр басу процесстері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.

Өрмек тоқу өнері

Өрмек тоқу – алаша, қап, басқұр, бау және шекпен тоқу үшін екі басы қазыққа керіліп, желісі жер бетімен түзу тартылған, иірілген жіп керілген құрылғы. Ол қайық, серу жіп, қылыш, адарғы, мосы ағаштың көмегімен күзу (күзеу), арқау жіптер арқылы ерсі (ерсі жіп) тоқылады. Тақталы алаша, терме алаша, басқұр әр түрлі боялған түрлі-түсті жіптен, ал шекпен тайлақ жүнінен арнайы оң, теріс иірілген жіптен тоқылады.

сырмақ

Сырмақ — киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар. Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады. Сырмақ бес түрлі бөліктен, яғни екі басы, екі жаны және орта деп аталатын бөліктерден тұрады. Әдетте сырмақ жасауға арналған киізді қойдың күзде қырқыған күзем жүнінен басқан.

Алаша

Алаша – бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40 – 45 сантиметрден аспайды. Сондықтан бірнеше кесіндісін біріктіре құрауға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған материалдың ұзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бойы кесіп, құрау қажеттігін есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет