«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында АҚТ-ның тиімділігі». ҚАзақ тілі мен әдебиет мұҒалім



Дата09.06.2018
өлшемі33,02 Kb.
#42152
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 7 ОРТА МЕКТЕБІ» ММ


БАЯНДАМА

«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында

АҚТ-ның тиімділігі».

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ МҰҒАЛІМ: Ульжебаева Л.К.

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ 2017 ж.

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" деп, елбасы атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектепке енгізу — жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында , 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен мектеп оқушыларының 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде нақты мақсат қойылған.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін білім беру саласында келесі мәселелер көзделіп отыр: білім беру мазмұнын жаңарту, функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған оқу стандарттарын құрастыру, үш тілде білім беруге көшу, оқу бағдарламаларына “Мәңгілік ел” құндылықтарын енгізу.

Мектептің, қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ-нің және менің жеке әдістемелік тақырыбым осы бағытта жұмыс атқаруда. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай иновациялық технологияларды қолдану.

Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттілігі.

Оқу процесініндегі инновациялық технологиялар жетістікке жетелейтін негізгі құрал. Олар:


  1. Кейс-технология.

  2. Web- технология.

  3. Коммуникациялық технология.

  4. Ақпараттық технология.

  5. Интерактивтік технологиясы.

  6. Мультимедиа технологиясы.

  7. Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы

Мен өз сабақтарымда осы технологиялардың элементтерін қолданамын, бірақ жиі, тіпті үнемі қолданатын технологиям- ақпараттық технология, себебі, менің ойымша ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады.

Компьютерлік және ақпараттық  технологияны қолдану қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын қызықты және мазмұнды өткізуіне мүмкіншілік береді, сонымен бірге қазіргі тілді оқыту әдістемесінің алдында тұрған мәселелерді шешуге көмек жасайды:

- оқыту үрдісінде жеке , саралау оқытудың идеяларын дұрыс іске асыру;

- жүйелі бақылау жұмыстарын ұйымдастырған кезде оқушылардың білім, білік , дағды деңгейін тексеруде қазақ тілі мұғалімін өнімсіз жұмыстан

босатып, көмек көрсетеді;

- оқыту үрдісінде психологиялық жағдай жасау – мұғалім мен оқушы арасында жеке байланысын болдырмауы -   оқушылардың жұмысын объективті бағалау;

- танымдық қызыметін белсендету, алған білімдерін қабылдау және  меңгерудің жоғары деңгейіне өту. 

Болжам:

–егер жаңа ақпараттық технологияны қазақ тілі сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.



Болжамды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер шығады:

– Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

– Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.

– Компьютерлік және саралап – деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:

а) Қазақ тілі пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.

б) Қазақ тілі пәнінен өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау, салыстыруына сараптама.

Күтілетін нәтиже:

-Ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалана отырып оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру;

- бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру.

Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді.

– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;

– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;

– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;

– интерактивті тақтаны еркін қолданады;

– ақпараттық мәдениетін дамытады;

– сабақта уақыт та үнемделеді;

– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;

– зерттеу дағдылары дамиды;

– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.



Қазақ тілі пәнінде АКТ пайдалану тиімділігі. .

«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.

Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.



Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:

- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,

- оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке

жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;

- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын

орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;

- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп

алу, тапсырмаларды дайындау және т.б.



Дәстүрлі оқыту жүйесінен АКТ қолданған сабақтардың түпкі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгеруінде: ол білімнің негізгі бұлағы емес. Ол реттеуші, ұйымдастырушы, кеңес беруші.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.

1.Интерактивті тақтаны қолдану.

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған

Әр мұғалімнің сабақта жиі қолданатыны – ғаламтор желісі. Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету мүмкін емес. Оқушыларды осы заманауи үрдістердің залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру үшін интернет желісін қазақ тілі сабақтарында кеңінен пайдалануға тырысуымыз қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:



  • Онлайн режимде сабақтар өткізу;

  • Онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер);

  • Әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу;

  • Мәліметтер қоры ретінде пайдалану.

Келесі қолданатын АКТ құралы - электрондық оқу құралдары. Дәстүрлі сабақтағы ең қажетті басшылыққа алынатын сабақ элементі болып табылатын оқулық құралы секілді қазіргі жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік электронды оқу құралдары пайдаланылады. Электронды оқу құралдары - жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары секілді бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ.

Теориядан практикаға көшетін болсақ, өз тәжірибемде АҚТ-ны қалай қолданамын, соған тоқталып кетейін.

Өзімнің әр сабағымда қолданатын «Қазақ тілі сабағының алгоритмін» құрдым. Алгоритм төрт кезеңнен тұрады. а)Бірінші кезең - ол оқушыларға нақты мақсат қою. Мақсат қоя отырып біз оқушылардың регулятивтік қабілеттерін дамытамыз. Бұл кезеңде оқушылар сабақтың мақсатың қоюға, жоспарлауға және өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға үйренеді.

ә)Екінші кезең - сабақтың міндеттерін анықтау. Сабақта берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өздік жұмыстарды тез орындауға мүмкіндіктері артады. Оқушылар өз пікірлерін айтуға үйреніп, өзін шынайы бағалайды т.б.

б) Үшінші кезең – ақпараттармен бөлісу немесе ынтымақтастық орнату. Біз оқушылардың коммуникативтік іс-әрекеттерін дамытамыз. Оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасайды, бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге, жанжалдан енсеруге үйренеді.

с )Төртінші кезең- өзін және бірін-бірі бағалау. Мұғалім бұл кезеңнің негізінде ұйымдастыру әлеуметті –белсенді, бәсекелесуге барынша қабілетті,құзыретті түрде жетілген, дербес тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылар өз жауаптарын бағалап , оны дәлелдеуге, және өз ұстанымын қабылдауға үйренеді.

Қазақ тілі сабақтарында қолданатын электрондық құралдарды 2 топқа бөлуге болады. 1 топ- сабақта қолданатын дайын ресурстар (презентациялар, тестер, ойындар, перфокарталар, интернет ресурстар....) және оқушылардың дербес құрылған ресурстары (презентация, мультфильм, флипчарт, ойындар, тестер т.б.).

Өз сабақтарымда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын және функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында интернет желісінен алынған тапсырмаларды мынандай сайттар арқылы жүзеге асырамын. Мысалы,

сабақты оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету мақсатында фонетикалық жаттығудан бастаймыз. Бұл жерде THRAS бағдарламасын пайдалану өте қолайлы.

Жаңа тақырыппен танысу кезеңінде, лексика мен грамматиканы меңгеруге арналған тапсырмалар орындайды. Ол көбіне жұптық жұмыс түрінде өтеді. Өйткені, жұптық жұмыс сабаққа 100% оқушылардың қатысуын қамтамасыз етеді.

Жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде және оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін интернеттен алынған дайын ойындар, сөзжұмбақтар, викториналар т.б. өте көмегін көрсетеді.

Өз сабақтарымда жиі қолданатын құралым- ол презентация. Жиі оқушылар сабаққа презентация дайындап әкеледі. Оқушы презентациясын сапалы, дұрыс дайындап әкелу үшін мұғалім оларды «Презентация дайындау» ережесімен таныстырғаны жөн. Мысалы, кез келген тақырып бойынша:

1.Нақты таңдалған және құрастырылған ақпарат (М-ы, Қостанай тақырыбында

Қостанай туралы презентация дайындап келіндер деген ,ол дұрыс емес, нақты «Қостанайдың саябағы» немесе «Ыбырай Алтынсарин мұражайы» деп беру керек).

2.Тілдік қатынас (оқушы дайындап әкелген материал жай ғана интернеттен көшіріліп алынған дайын материал болмай, ол материалды өндеп, керегін ғана алып, барлық оқушыларға түсінікті мәлімет болуы керек).

3.Сараптау (алған мәліметтер бойынша оқушылардың пікірлері, сұрақтары, бағалары тындалады).

4.Интербелсенді бөлім (тақырып бойынша видео, мультфильмдер, тестер сұрақтар оқушылар қаншалықты тақырыпты меңгергені байқалады).

Келесі сабақта қолданатыным Microsoft Mouse Mischief бағдарламасы – сабақты интербелсенді түрде өткізуге, оқыту мен оқу үдерісінде аудиториядағы тыңдаушыларды толықтай қамтуда ықпал ететін құрал.



Microsoft Mouse Mischief бағдарламасы – өзінің қолданудағы қарапайымдылығымен, тапсырма негізінде аудиторияны қамтудағы тиімділігімен ұстаздар қауымына ұнап, тәжірибеде қолданылып отырылған бағдарламалардың бірі.

Microsoft Mouse Mischief бағдарламасы мұғалімнің оқушылармен жұмыс жүргізуінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашып береді.. Бұл интербелсенді презентацияларды жасауға, оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыруға ықпал етеді.

Бұл бағдарлама арқылы бір мезгілде 25 оқушының жұмыс жасауға болады. Ортақ экрандағы тапсырмалардың сұрақтарына жауап беру үшін әр тыңдаушы өзінің жеке тышқандарын пайдаланады. Яғни, тапсырмаларға байланысты жауаптарды таңдап тышқан батырмасын басу немесе сурет салу арқылы жауап береді , сонымен қатар белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың білімін анықтауға көмектеседі. Бұл бағдарлама тегін таратылады. Mouse Mischief бағдарламасын Microsoft корпорациясының ресми сайтынан төмендегі сілтеме арқылы жүктеп алуыңызға болады.https://www.microsoft.com/en-us/download/details.aspx?id=7037

Оқушылардың алған білімдерін тексеруге мен сабақта дайын тестер (онлайн тестер) немесе оқушылар дайындап әкелген тестерді қолданамын. Ал Hot Potatoes бағдарламасы бойынша бірнеше тест түрлері, сөзжұмбақтар, викториналарды жеке немесе бір күрделі тест жасауға да болады.

Білім беру мазмұнын жаңарту төнірегінде 2015-2016 оқу жылы мектептің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері республикалық «Қазақ тілі» деңгейлік оқулықтарын және оқу кешендерін апробациялауға қатыстық. Осы оқулықтардың жасалу барысында іс-сапармен Астана қаласына бардым. 6 сынып оқулығын авторларымен, ғалымдармен, тілдер басқармасының мамандарымен бірлесе отырып жұмыс жасадық. 6 сынып оқулығында берілген тапсырмаларды құрастыруға өз үлесімді қостым. Мысалы, ...... .

Мұғалім мен оқушыларға компьютер көптеген жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Соның бірі-электронды құрал. Электрондық оқулық -  оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетін көрсету нәтижесінің құралы. 

Мысалы, 2014-2015 оқу жылында 10 сынып оқушыларына арналған «Абайтану курсына» электронды оқулық жасалып облыстық лицензия алдық. 2015-2016 оқу жылында «Қазақстан тарихы мен география пәндері бойынша қазақша-орысша электрондық терминологиялық сөздік» құрастырылып облыстық лицензияға ұсынылды. Сонымен қатар 1-11 сынып оқушыларына құзіреттілік тапсырмалар жинақталды және биылға 2016-2017 оқу жылында «11 сынып оқушыларының қорытынды аттестацияға дайындауға арналған тапсырмалар жинағы» электронды құрал жасалуда.

Таныстырып кеткен жұмыс барысымен шектеліп қана қоймай алдағы уақытта алдыма келесі мәселені іске асыруды көздеп отырмын: оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді тану құралы болып табылады. Олай болса, барлық пәнді, соның ішінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарын компьютердің қуаттауымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Каталог: uploads -> doc -> 1044
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1044 -> Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов "Абай жолы" романы Топ: 1би-10-1 Пәні: Қазақ әдебиеті Оқытушы: Ермекбаева А. Е
1044 -> Сабақ саны Тәрбие сағатының өткізілу түрі мен мазмұны Түрі Берілген уақыты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет