Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетінің жабдықталуы туралы есеп



бет1/5
Дата09.08.2017
өлшемі2,15 Mb.
#23208
  1   2   3   4   5
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

кабинетінің меңгерушісі

Р.Махамбетова


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетінің жабдықталуы туралы

есеп
Жақсы жабдықталған кабинет – оқушының жан-жақты білім алуына көмек беретін тіректің бірі.

Сабаққа дайындалу және өткізу кезінде жабдықталған кабинет пен сабақтың көрнекілігі маңызды рөл атқарады. Әрбір мектеп мүмкіндігінше өз деңгейіне қарай қазақ тілі кабинетін безендіріп, талғамға сай көрнекіліктер дайындауда мұғалімге зор талап қояры сөзсіз. Басқа тілде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі пәнінің алдына қойылатын түпкі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұғып, түсіне алатындай деңгейге жеткізу.

Кабинет меңгерушісі ретінде мұғалімдер мен оқушыларға пайдалы да тиімді болатын жағын ескердім. Стендтердегі бояудың баланың жүйкесін тоздырмайтын жағымды әсер беретін, көзіне зияны тимейтін жағын ескеру қажет. Кабинеттегі дидактикалық көрнекіліктер 2 түсті. Елтаңбамыздың түсіндей – көгілдір түс пен арасында кең даламыздай – сары түс.

Кабинетті безендіруде мемлекеттік тілді оқытудың ең тиімді жолдарын қарастыра отырып, әдістемелік талапқа сай жоғарғы эстетикалық талғаммен көркем безендірілді. Бастауыш сынып оқушыларымен қатар жоғарғы сынып оқушылары да қате жіберетін қазақ тіліне тән ерекше 9 дыбысы бар «Фонетика», оқушылардың қазақ тілі сабағында күнделікті қолданып біліп-жүруі үшін арналған 4 жалғау түрі мысалдарымен берілген, әрі «Лексика, Морфология» атты стендтер ілінген. Тақта алдында «Ай аттары», «Апта аттары», «Сандар», «Жыл мезгілдері» деген стендтер орналастырылған. Сонымен қатар әдебиет пәніне арналған ақын-жазушылардың ұлағатты сөздерімен қоса портреттері, сыныптың артқы жағында «Даналық сөзі – тәрбиенің көзі» атты стенд пен үлкен киіз үйдің макеті бойынша жасалған «Қазақ әдебиеті картасы» атты стенд ілінген. Онда Қазақстан картасы бейнеленген фонда ақын-жазушылардың суреттері өздерінің туған облыстарының тұсына орналастырылған. Сол бойынша оқушылар ақын-жазушылардың туған жерін карта бойынша тез тауып, көрсете алады. «Бүгінгі сабақта» стенді ауыспалы қалташықтармен жасалынған. Онда бүгінгі сабақ туралы қысқаша мәлімет, «Жыл мезгілдері», «Оқы, қызық» бөдімдері енген.

Қазақ тілі сабағында жоғарғы сынып оқушылармен күнделікті морфология бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі. Оны оңайлату үшін тақтаның бас жағына барлық сөз таптарының мен оның мағыналық түрлері басылған дидактикалық карточкалар ілінген.

Кабинетте барлық сыныптарға, яғни 1-11 сыныптарға арналған тест тапсырмалары, грамматиканың барлық салалары бойынша үлестірмелі карточкалар, сюжетті суреттер, көрнекі таблицалар толығымен қамтылған. Ол оқушылардың білімін жетілдіру, тексеру үшін, әрі ауызекі сөйлеу әрекетін дамыту үшін жасалынған. Атап айтсақ, 1-4 сыныптарда түрлі-түсті тақырып бойынша суреттер. Мысалы: «Отбасы», «Азық-түлік», «Жемістер», «Көкөністер», «Үй жануарлары», «Аңдар», «Жыл мезгілдері», «Адамның дене мүшелері» т.б. 7,8,9 сыныптарда «Қазақ музыкасы», күйшілер мен опера әртістері туралы тақырыптар өте көп, соған байланысты компьютерден Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Динаның күйлерін; М.Төлебаевты өткенде «Біржан мен Сараның» операсын, К.Бәйсейітова мен Қ.Жандарбековтердің орындауындағы сазды әндерін, Қорқытты өткенде қобызда орындалған Қорқыттың күйлерін қойып, оқушыларға тыңдатамыз.

Кабинетке интерактивті тақта, 5 компьютер орнатылған. Ол оқушыларға білімді жаңа заман талабына сай берудегі ең тиімді жолдардың бірі болып есептеледі. Оқу жылы басында сабақ барысында күнделікті сабақ тақырыбына сай электронды оқулықтарды пайдаланып, қолданып жүрміз. Грамматика бойынша оқу орыс тілінде жүретін сыныптарға арналған «Тілмаш» бағдарламасы қолданылды, лексикалық тақырыптарға «Астана», «Алматы», «Жібек жолы», т.б. электронды оқулықтар пайдаланылды. Оқушылар компьютерде e.learning оқу бағдарламасының кітапханасындағы тест жұмыстары және тапсырмаларын орындайды.

Мұғалімдердің барлығы да интерактивті тақтада жұмыс істеу әдісін біртіндеп үйреніп, ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар өткізуде.



Осы кабинеттегі барлық дидактикалық және үлестірмелі материалдарды жинақталып, бір жүйеге келтірілген. «Тіл туралы Заң», «Бағдарламалар», «Диктанттар», «Тест», «12 жылдық білім беру», «Әдістемелік папка», «Олимпиада», «Дарын», «Жаңа технология», «ҰБТ»,«Топтық жұмыстар», «Рефераттар», «Буклеттер», «Билеттер», «Тірек сызбалар», «Үйірме жұмыстары», «Шығармашылық жұмыстар», «Нормативтік актілер», «Апталық», «Үлгермеушілермен жұмыс», «Сөз маржаны», «Тарихи тұлғалар», т.б. папкалар жасалынған. Барлығы нөмірленген. Әр дидактикалық және үлестірмелі материалдың өз орны бар. Оған арнайы папка мен дәптер арналған. Мұғалімдер қажетті материалын сол жерден тез тауып ала алады. Сонымен қатар, кабинет паспортталынған, қажетті құжаттар, жүйелік дәптер бар, кабинеттің 5 және 1 жылдық жұмыс жоспары құрылған. Кабинетте өтілетін сабақ кестесі мен оқу кабинетінің жұмыс кестесі жасалынған.




Каталог: uploads -> doc -> 0f15
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f15 -> Сабақ типі: Аралас
0f15 -> ҰлыбританиядағЫ Қазақ тілінің ҚҰдіреті тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет