Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Стоматология Мейірбике ісі Курс: І семестрі: І



бет1/8
Дата10.03.2017
өлшемі1,91 Mb.
#11239
  1   2   3   4   5   6   7   8
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Мамандығы: Фельдшер

Стоматология

Мейірбике ісі
Курс: І
Семестрі: І

Құрастырушы: Сарымсакова Ж.С.


ШЫМКЕНТ, 2012

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді


«____ »________
№ « » хаттама
«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі: Е.Қ.Сәлім



1-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға қазақ әдебиетінің майталмандарын, талантты жазушыларын, ақиық ақындарын таныстыру, оның ішінде ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы жазушылар шығармалары туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қиналмай әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қазақ әдебиетінің жалпы тарихына шолу жасау арқылы сұрақтар қою.

2. Ақындар өлеңдері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрған. Бұған басты себеп ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы болатын. Екі көшпелі жұрт соңғы –номадтар –жоңғар мен қазақ ақырғы дала шайқасында өмір мен өлім арасында майданға шықты. Осы жан беріп жан алған шақта қазақ мерейі үстем болып, жеңіс туын ұстап қалды. Дәл осы сәтте орыс мемлекеті дарынсыз ел билеушілерінің әлсіздігін пайдалана отырып, әсіресе Әбілқайыр ханның мойын ұсынуымен қазақ халқы отарлық қамытын басына ілді. Бұған қазақ халқы кінәлі емес болатын, ел надан да, бұратана да, рухсыз да, жүрексіз де емес еді. Ел билеушілерінің ессіздігімен еркіндігінен айырылған жұрт екі ғасыр ішінде бұғауға, кісенге түсіп болды. Жан күйзелтер, жүрек жандырар осы хал ақындар тілімен «ах» ұрдыра айтылады. Өзгеше өртті жырлармен, мол қайғымен жырлады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Дастандарымен танысу, оқып мазмұнын айту.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. Қазақ ақындарына шолу жасау.

2. Өлеңдерін оқып талдау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;

Б) тест тапсырмаларын орындау;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Кіріспеге шолу жасау.



2-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың 1 - жартысындағы жазушылар шығармалары.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы жазушылар шығармалары туралы мәлімет беру; Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрғандығының басты себебі ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы екендігі туралы баяндау. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қиналмай әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы ақын – жазушылар

2. Шығармалары


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
ХІХ ғасырдың І жартысы қазақ мемлекеті үшін жаңалыққа толы болды. Қазақ мемлекетін күшпен ала алмаған Ресей империясы аярлықпен, қулықпен шаруашылық және тұрмысқа араласып, ақшасын кіргізіп жаулап ала бастады.

Бұған Дулат, Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей секілді ақындар жан-тәнімен қарсы шықты. Ал Махамбеттей ақындар ісімен қарсы тұрды.

Сауда-саттық, тауар айырбасы басталды. Бұл капитализмнің алғашқы белгілері еді. Айырбас қазақ малының құнын түсіріп, дала еңбегінің бағасын түсірді. Еріксіз дала еңбекшісі қаланың немесе орыстық орталыққа кіріптарлықпен тәуелдене түсті.
Қайыр кетіп байлардан,

Бұзауға ақша беріп тұр –

деп Шортанбай айтар, қазақты қапыда қалдырар кезең туды.

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Әбубәкір Шоқанұлы (1858-1912) өмір тынысына айналып бара жатқан байлыққа құмарлық, билікке талас, халықты езу, халықтың арасында тұрмыс-тіршілігі төмендеген қазақтардың көбейіп келе жатқанын көріп, заманның, елдің азғаны деп торығып, кешегі елдің өз билігі өзінде,қазақ құрмет тұтқан билер мен хандар дәуренін аңсады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Дастандарымен танысу, оқып мазмұнын айту.

3. Өлеңдерін жаттау.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. Дулаттың қайталанбас өр ақындығына көз жеткізу.

2. Өлеңдерін оқып талдау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

ХІХ ғасыр ақын – жазушыларының қай бағытта өлең жазғандарын түсіну.



3-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы
2.Сағат саны: 2 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Дулат Бабатайұлы туралы, оның өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру; Ақынның бізге жеткен мұрасы, өлеңдерінің тақырыбы туралы баяндау. Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдармен таныстыру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ұзақ дастандарды түсініп оқып, әңгімелеп беруге, дастаннан үзінді жаттауға, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.



Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.




8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (3%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы ақын – жазушылар

2. Шығармалары
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Дулат жырау қазіргі Семей обылысы, Аягөз ауданында туып өскен. Бұрынғы ру жігімен алғанда, ол Найманның Қаракерей  табынан шыққан.  

Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Ол ─ тек жыршы ғана емес, заманы туралы терең толғаған, ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын. Оны Абайдай ақынның ұстазы деуге болады. Қазақ халқының ұстазы деуге болады. Қазақ халқының қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған шайыр ─ зар заман ақындары аталған ағымның алып тұлғасы.

 Ақынның бізге жеткен мұрасы мың жарым жылдай. Дулат өлеңдерін алғашқы жеткізуші ─ 1839 - 1919 жылдары ғұмыр кешкен Байділда атты адам. Кейіндері Ғаббас Байділдаұлы, Шәкір Әбенұлы жинаған. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы басылып шыққан.Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай. «Еспенбет» атты поэмасы бар. Ақынның алғаш аты 1939 жылы құрастырылған С. Мұқанов, Қ. Бекхожин хрестоматиясында кездеседі.

1940-1941жылдары шыққан мектеп оқулықтарында Қ. Жұмалиев шығармаларын талдап жазды.

1961 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» I томында ақын жайында толық айтылды. «XVIII ─ XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Дастандар» (1960), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) секілді жинақтарда Дулат өлеңдері көрінеді.

Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар:Х.Сүйінішәлиев, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мағауиндер болды.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Дастандарымен танысу.

3. Өсиетнамасын жаттау.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. Дулаттың қайталанбас өр ақындығына көз жеткізу.

2. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқу. «Ишанға» өлеңін жаттау.




4-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: О Сарыарқа! Сарыарқа өлеңі

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы жазушылар шығармалары туралы мәлімет беру; Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрғандығының басты себебі ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы екендігі туралы баяндау. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қиналмай әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ еліндегі саяси-әлеументтік жағдай туралы айтыңдар.

2. ХІХ ғасыр басы қазақ әдебиетіне қандай тақырыптар ұсынды?

3. Дулат, Шортанбай , Мұрат Жырларын оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді.

О, Сарыарқа, Сарыарқа!


Самалың салқын жон едің...
Масаты кілем жяйғандай
Қоныстың шұрай жері едің!..
Саған келіп ішіп ек,
Тұнықтың мөлдір шынысын.

Мұнда мадақтан басқа сөз айтылмаса да, мұңды сарынның қайдан құйылып тұрғанын аңғару қиын емес. Ақын "сондайсың" демейді, "сондай едің" – деп өткен шақта айтады. "Енді бұрынғыдай емессің, бұрынғы толықсып, толып, лықсыған... бейбіт өрісің жоқ" дегенді меңзейді. "Енді бұрынғыдай саған келіп тұнықтың мөлдір шынысын іше алмаймыз" деп мұңаяды.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Дастандарымен танысу, оқып мазмұнын айту.

3. Өлеңдерін жаттау.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. Дулаттың қайталанбас өр ақындығына көз жеткізу.

2. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

О Сарыарқа! Сарыарқа өлеңін жаттап, мазмұнын айту.




5-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Еспембет» дастаны
2.Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Дулат Бабатайұлы туралы, оның өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру; Ақынның бізге жеткен мұрасы, өлеңдерінің тақырыбы туралы баяндау. Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдармен таныстыру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ұзақ дастандарды түсініп оқып, әңгімелеп беруге, дастаннан үзінді жаттауға, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Дулат Бабатайұлы өз заманында қандай адам болған?

2. Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған қанадай ғалымдар?

3. Шығармалары


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
"Еспенбет" поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:

Еспенбеттей ер қайда?


Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? —

деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары "қазан бұзар үй тентекке айналған" заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.


Жырау поэмасын бастаған жерден бас қаһарманын:

Ер Еспенбет кешегі


Ерекше ер деседі.
Тіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені.
Үлгі айтса – көшелі,
Жауға шапса – көсемі, –

деп марапаттай таныстырғанымен,

Өзі болған жігіттен
Сұрама кім деп ата-анаң, –

дегеніне қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, "Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен" де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Қазірде "тоқсан жасқа келіп, тұғырдан әбден түскенімен", Ер Қосайдай:

Елім десе, елеріп,
Жаннан мүлде күскен кер;
Бел шешпей жортып ел үшін,
Алты малта ас қылып,
Арпа суын ішкен ер.

Осындай кісінің бауырында өсіп, тәрбиесін алғаннан да болар:

Жатса, тұрса, Еспенбет
Тұлпар мінсем деуші еді.
Қару, сайман асынып,
Шөпті бұзсам деуші еді.
Алайда:
Туған елін ойласа,
Қалатын жасып, басылып.

Еспенбет он төрт жасқа келгенде "Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне" дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Осы арада мына бір жайтқа назар аударған жөн. Еті тірі, сезімі сергек, талапты жасөспірімнің желі басында үйездеп тұрған енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар:

Құйрығын шаншып алды да,
Үш айналды желіні.
Селеу жерге бас ұрды,
Омырауының желінен.
Құйындатып келді де,
Ытқып түсті Ақбөрте,
Енесінің белінен.

Құрбыларынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті осы бір туысы бөлек құлын ерлік арманға жетелейді: өскенде Ақбөртені ат қып мініп, қару асынып, жау қайтаруды армандайды. Ал осы жеткіншек тағы да:

Жігерім болса жетемде, Өнерім болса, еліме
Еліме барып, ұл болсам. Адал еңбек етсем деп;
Жігерсіз болсам, жетесіз, Болмаса өнер бойымда,
Қойын бағып, құл болсам... Қораш кұл боп өтсем деп, –

ойлайды. Қандай адамдык адал, ақ ниет десеңізші! Ақынның кейіпкерінің осы сөздері арқылы бейнеленген биік эстетикалық-адамгершілік көзқарасы, халықтық демократизмі-туындының өн бойына көктей тартылып жатқан өзекті идеясы.


Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, "көп шөбере ішінде" Еспенбеттің "ерекше тілеп тілеуін", Құдайға жалбарынумен жүреді екен.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Дастандарымен танысу, оқып мазмұнын айту.

3. Өсиетнамасын жаттау.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. «Еспенбет» дастанынң тақырыбы, идеясы неде?

2. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Еспембет» дастанын оқып келу.




6-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

2. Сабақ саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Махамбет Өтемісұлы туралы, оның өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру; Ақынның бізге жеткен мұрасы, өлеңдерінің тақырыбы туралы баяндау. Махамбеттің ерлігі мен батырлығы, досына адалдығы туралы түсіндіріп, таныстыру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; Махамбет сарынымен өлең шығаруға үндеу, өлеңдерін жаттауға, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған қандай ғалымдар?

2. «Еспембет» дастанының мазмұны қандай?

3. «Еспенбет» дастанынң тақырыбы, идеясы неде? Ақын осы арқылы нені айтқысы келген?


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Махамбет Өтемісұлы

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі. Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туылды. Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Болашақ ақынның әкесі Ішкі Ордадағы ауқатты, ханға жақын, ықпалды адамдардың бірі болған. Маханбеттің қайда тәрбие алып, қайда оқығаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Алайда, архив деректері оның мұсылманша ғұлама, ал орысша тілге де, хатқа жетік адам болғаның көрсетеді. 1824 жылы Ішкі Орданың ханы Жәңгір жиырма жасар Махамбетті өзінің баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға жібереді. Ақын хан мұрагеріне аталық болып, мұнда төрт-бес жылдай тұрады. Алайда, көп ұзамай-ақ Махамбет сезікті адам ретінде біраз уақыт Калмыков бекінісінде тұтқында отырады.

1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.

1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта аттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.

1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.

Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.

Азаматтың міндетін көрсетеді. Осыған ұқсас «Беркініп садақ асынбай ...» деп басталатын өлеңі де бар. Алғашқыда ерлер ісі жорық пен оның қиындығына шыдау туралы болса, соңғыда жауын жеңу, ерлікпен қасқая соғысу ерлер ісі деп толғайды.

Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген  ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV ─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті. Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады. Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.

Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан жырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерін оқып мазмұнын айту.

3. Ерлік туралы өлеңдерін жаттау.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. Маханбеттің қайталанбас өр ақындығына көз жеткізу.

2. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау



7-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Ереуіл атқа ер салмай»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Махамбет Өтемісұлы туралы, оның өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру; Ақынның бізге жеткен мұрасы, өлеңдерінің тақырыбы туралы баяндау. Махамбеттің ерлігі мен батырлығы, досына адалдығы туралы түсіндіріп, таныстыру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: Өлеңді жаттай отырып есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; Махамбет сарынымен өлең шығаруға үндеу, өлеңдерін жаттауға, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.



5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы

2. «Еспембет» дастаны

3. «Өсиетнама» өлеңі


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

Бекініп садақ асынбай,



Біріндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат

Балдағынан қанға боялмай,

Қасарысқан қарындасқа

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерін оқып мазмұнын айту.

3. Ерлік туралы өлеңдерін жаттау.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1. Маханбеттің қайталанбас өр ақындығына көз жеткізу.

2. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау.



8-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Шоқан Уәлиханов туралы, оның өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру; «Құйрықты жұлдыздай» жарқ еткен ғалымның бізге жеткен мұрасы, зерттеу еңбектері туралы баяндау. Түрлі елге саяхат жасап, әр елдің мәдениеті мен салт –дәстүрінен алған мәліметтерімен және «Ыстықкөл күнделігімен» таныстыру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; Шоқан секілді аз ғана ғұмырында көптеген еңбектер жазып үйренуге, түрлі саладан хабардар болуға ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы

2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы. 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.

Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.


  1. жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.

1856    жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алады. Қырғыз халқының «Манас»'жырын бірінші рет баспаға ұсынып, жоғары баға береді.

1857    жылы 2 ақпанда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.

1858-1859      жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.

1859-1861      жылдары Петербургте шығармашылық қызметпен айналысады, Петербург университетінде дәрістер тыңдайды.

1861-1863 жылдары денсаулығы нашарлаған Шоқан елінде болады.

1863-1864 жылдары Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан Сот реформасын (басқару) дайындау ісіне қатысады.

1865 жылдың сәуірінде Алтынемел тауының баурайында, Тезек төренің ауылында қайтыс болады.

Шоқан Уәлиханов әралуан ғылым саласын меңгерген энциклопедист ғалым еді. Оның жағрафия, әдебиет, этнография, тарих, экономика, құқық, дін, т.б.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Ғалым Шоқан Уалихановтың шығармашылығын оқу

3. Ғылыми жұмыстарын оқып зерттеу


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен қайталанбас тұлғаның еңбектерін зерттеу

3. Шығармаларын оқып талдау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ғалымның өмірі мен шығармашылығын оқу.

9-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ыстықкөл күнделігі
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:


  • Оқыту: Түрлі елге саяхат жасап, әр елдің мәдениеті мен салт –дәстүрінен алған мәліметтерімен және «Ыстықкөл күнделігімен» таныстыру. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын - жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; Шоқан секілді аз ғана ғұмырында көптеген еңбектер жазып үйренуге, түрлі саладан хабардар болуға ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Орыс әскерімен шайқаста исатай қай жылы қазақ табады?

2. Исатай қаза тапқанан кейін Маханбеттің азапты күндері қалай өтеді?

3. Қай жылы қай жерде Маханбет қастандықпен қаза табады?


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


ЫСТЫҚКӨЛ САПАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ 1856 ж.

18 сәуірде біз Семейден Аягөзге1 бет алдық. Казак бекеттері арқылы өтетін жол (олар станция қызметін де атқарады) сусыз сортаң далада жатыр. Біз мұнда бірінші рет көк шөп көрдік. Біз шыққан күні жылы болды, бозторғайлар өздерінің әдеттегі әніне салуда. Сулы шалғындарда бізге әртүрлі үйректер кездесті, әсіресе, Каспий теңізінде болатын тұрпан немесе атайка деп аталатын түрі жиі кездесті: олар тұзды суды жақсы көреді және осындай шөл далаларда ұшырасады, көбіне топталып емес, жеке - ұрғашысы мен еркегі болып жүргенді жақсы көреді. Өсімдіктерден тек қарапайым мал жейтін шөптер: жабайы аскөк пен бақбақ ғана көрінеді. Біршама жетіліп өскен тобылғы мен қараған көп болды, бірақ жаңа жапырақ жайып келеді.

Аягөз жолындағы бекеттердің барлығында құдық суын ішеді: Аягөзге дейін олардың саны алтау.

Бұл сортаң аймақ Аягөзге қарай өрлеп, Арқат төбесіне айналады, одан ары қарай төмендей бастайды. Қалай болғанда да Аягөз ылдиы Ертістікінен жоғары. Арқаттың қырлы жоталары көгілдір сілемденіп алыстан менмұндалап, көңілсіз әрі тірі жан жоқ жолды сәл де болса әрлендіреді. Арқат таулары жайылымға жақсы екенімен танымал, сондықтан мұнда Аягөз округы наймандары мен уақ болыстарының қыстаулары шоғырланған. Бұл жерде бізге дейін және біз өтіп бара жатқанда жүз үйден аса сарт өтті. Өздерінің айтуынша, олар бұл жерде 70 жылдан аса көшіп жүр. Алғашында оларды көшпенділікке күнкөріс үйреткен. Семей арқылы азиялық өнімдерді саудалай жүріп, керуендерді жөнелту үшін олардың өз жылқылары мен түйелері болу керек еді - оларды бағып-жаю қажет, оған қоса олар қымызды жақсы көреді, міне осыдан қазақтардан жалға жер алып, бірнеше отбасы болып киіз үйде тұрған. Бүкіл Азияға тән көшпенді, еркін өмір оларға ұнап, аз уақытта олар 150 үйге көбейді. Генерал губернатор оларды қашқындарды жасырып, контрабанда жасайды деп күдіктеніп, Арқаттан кетуді бұйырады. Олар Ресей боданына өткеннен соң, не мещандар деп жазылуға, не бұл арадан кетулері керек болды. Олар, шамасы, соңғысын жөн деп тапса керек.

20 сы күні*1 түнде мен Аягөзге келдім. Аягөз - шағын станица, наймандарды басқаратын округтік приказ да сонда орналасқан. Оның негізі 1824 жылы2 қаланған. Қазақ даласындағы барлық станицалардың ішінде Аягөз көзге ең қорашы сияқты, дегенмен, Көкпекті одан асып тұрған жоқ деседі. Бірнеше ағаш үйлері бар шағын бекініс, фортштадт, татарлар тұратын бөлікте орналасқан мешіт және жеркепелер. Жаңа ереже бойынша, Семей облысы құрылғаннан бері, ол қала деп аталады және бірнеше шалақазақ оның азаматтары. Шалақазақтар3 - яғни, жартылай қазақтар деп Орта Азиядан шығып, орыс бодандығына өткен және қазақ болыстарына қазақтармен бірдей құқықта жазылған адамдарды атайды. Олар даланың шығыс округтерінде өте көп: Аягөз, Көкпекті және Ұлы жүзде. Бұл атау біздің сапарнамада жиі кездесетін болар, сондықтан біраз шегініс жасасақ, кешірім өтінеміз.

P. S. Аягөз округындағы найман руы туралы.

 

Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағлауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.



Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін4 өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.

Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.

Сапарымыздың желісін ары қарай тарқатайық. №2 бекетте біз оң жағалауға ауыстық. Бұл кезде түн болатын. 4 ші нөмірге жетпей, 10 шақырымдай жерде қазақтар жырында айтылатын әйгілі Қозы Көрпештің моласы5 тұр. Біз поэманы жақсы зерттегенбіз, сондықтан олардың моласын көргіміз келді. №2 бекеттен шыққан уақыт бойынша Қызылқия бекетінен түнде өтуіміз керек болатын. Бірақ біз таңертең сонда тұрып*2, молада шай ішкіміз келді: жолда шай ішкен жақсы, әсіресе, ескі қирандылар мен молаларда. Өткен туралы ойлайсың, бүгінгіңді аялайсың. Осы мақсатпен жәмшікке тек таңертең, күн көтерілген кезде, бозторғай алғашқы әнін шырқап, түн пердесі түрілгенде, түнгі бұлттар солтүстікке ауып, батыстан*3 таңғы қызғылт күн көтерілгенде, жарық ағаштардың бұтағына түсіп, су керемет тамаша түске енген кезде, осындай поэтикалық сәтте моланың басында болуды тапсырдық.

Адам жобалайды, бірақ Құдай шешеді. Түні бойы жаңбырдың ірі тамшылары жеңіл арбаның шатырын ұрғылап тұрды. Шаршаған аттар, батпақта аяқтарын әзер басып жүріп келеді. Тек шыбықтың шартылдаған дауысы мен шаршаған аттардың пысқырынуы, делбешінің айғайы ғана жаңбырдың бірсарынды дыбысын бұзып тұрды.

Нашар түн болды, сондықтан жүру де қиындады. Жаңбыр ойлаған жоспарымызды бұзбасын деген күдік, алаңдаумен жәмшікке бірнеше рет: «қалай, аспан ашылмады ма?» деп сауал тастадым. Суық сүйегіне дейін өткен делбеші «Жоқ!» деп күңкілдей жауап берді де, тағдырға назаланғандай «Не боп кетті, брр...» деп тізесіне жиналған суды төкті. Менің оған жаным ашыды, тезірек жүрсек, ол баяғыда жылы пешке қыздырынып отырар еді. Баян сұлудың естелігін көрмей кету де обал.








Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет