Қазақ тілі өзге тілді мектептің 5 – 7 сыныптарына арналған тапсырмалар жинағы Астана, 2012



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі473,06 Kb.
#32664
1   2   3

9. Сөйлемдерді өрбітіп жаз.

Тату болу керек. Алаңға келді. Өнеге көрсетеді. Балалар мәз болды. Сен таласпа.

10. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.

1. Бала, таласты, екі, ойыншыққа, бір күні. 2. Жаман, жанжалдасу, әдет. 3. Бұғылардың, аңшылар, сүзіскенін, көреді. 4. Бұғының, теңбіл, болады, түсі. 5. Нудың, ештеңе, ішінен, көрінбейді.

11. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

Ұшып, аққулар, жылы, кетті, жаққа, күзде. Біз, қарсы, құстарды, көктемде, аламыз. Қармақпен, жазда, мен, ұстадым,балық, өзеннен. Ыстық, күн, шешіп, тастамаймын, көйлегімді, болғанда, мен. Айтты, рақмет, көмегім, аққу, маған, үшін. Мен, қоштастым, олармен.

12. Сұрақтарға жазбаша жауап бер.

Жаз айларын атай аласың ба? Жаздың бірінші айы қай ай? Жаздың соңғы айы қай ай? Жазда ауа райы қандай? Жазда жаңбыр жиі жауа ма? Сен жазғы демалыста не істейсің? Саяжайда, бақшада жұмыс істейсің бе? Саяжайда не өседі? Көкөністер мен жемістерді атай аласың ба?

13. Мағынасы бір-біріне жақын сөздерді теріп жаз.

Сұлу, опырып, көйлек, әдемі, сындырып, көрікті, жейде, тақты, шаттандық, байлады, өте, қуандық, тым.

14. Мағынасы бір-біріне қарсы мәндес сөздерді теріп жаз.

Бар, әдемі, қалың, жоқ, көріксіз, жұқа, жылы, жұмсақ, аяз, қорықтық, қуандық.

ЕТІСТІК

1. Етістіктерді үш шаққа бөліп жаз: осы шақ,өткен шақ,келер шақ.

Әңгімеле,тыңда,кел, айт.

2.Төмендегі етістіктерінен сөйлем құра.

Жазып алды, оқыдым, береді, орындап отырмын, бастадың, айтады.

3. Төмендегі бірінші қатардағы сөздер мен сөз тіркестерімен, екінші қатардағы сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем құра.

1.Жастар, шетелге, емтихан, қазақ тілі, әдебиет, тарих, әдеп-ғұрып.

2.Үйреңгісі келеді, барғыңыз келеді, тапсырасыз, білуіңіз керек, білуге міндеттісіз.

4.Сөз топтарына сәйкес келетін сөздерді көрсет:



Зат есім ақ, қалың, ұзын, тәтті

Етістік мен, кім? Ол,өзің.

Сын есім тыңдады,естіді,апарды.

Есімдік алма, қалам, гүл, өзен.

5.Отыр, жүрді, жатады етістіктерді жікте.

6. Төмендегі сөздерге жалғау жалғап 4 сөйлем құрап жаз.

Ойыншы, ойын жүргізуші.

7. Төмендегі сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғап сөйлем құра.

Тыңдау, сурет, жазу, жүргізу, ойын, аң,тігін, мал, алу.

8. Сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап, 4 сөйлем құрап жаз. Бастауш пен баяндауыштың астын сыз.

Шеңбер, таяқ, өнер, нөмір.

9. Орны ауысқан сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

1.Шеңбер, тұрды, бойына, ойыншылар.

2. Ойын, бастады, ойынды, жүргізуші.

3.Ол, алды, қолына, таяқ.

4.Таяқты,қағып алуы, керек, ойыншылар, түсірмей.

5.Ортасында, тұрады, шеңбердің, кім?

ҮСТЕУ

1. Мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлемдер құра

Балтыр. Таңертен. Қазір. Кешке. Түнге қарай. Андасанда.

2. Мына сөйлемдерден мезгіл үстеулерін тіркескен сөздермен бірге көшіріп жаз (үстеу+етістік)

Үлгі: енді үлгі бол, ...

1.С ен енді басқаларға үлгі бол. 2. Кешке қарай ол үйге келеді.

3. Күндіз жұмысқа барады. 4. Балтыр егін мол шықты.5. Күні

бойы жаңбыр жауды.

3. Мына сұрақтарға жауап бер.

1. Мектепке қашан барасың? 2.Сабағыңа қашан дайындаласың? 3. Досыңды қашаң көрдің? 4. Хайуанаттар бағына қашан барамыз?

4. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жаз, мезгіл үстеудің астын сыз.

Мектеп ... бүгін жиналыс болады. Әлім екеуміз қазір сол жиналыс...

барамыз. Біраздан кейін жиналыс... ораламыз.

5. Үстеудің астын сызып анықта.

а) Мен мактептен кеше келдім. ә) Бүгін мектепте жиналыс болады.

б) Ертең ауылға жүремін.

6. Төмендегі мекен, мезгіл үстеулерін етістіктермен қосып жаз.

Үлгі: төменде отыр, ...

Жоғарыда, төменде, ілгеріде, кейінде, сыртта, сонда, күздігүні, күнде.

7. Көп нүктеннің орнына мекен үстеулерін жаз.

Біз ... озып кеттік. Олар ... қалып қойды. ... қар жауған жоқ. Болат ... қалды.

8. Мына сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Бүгін кетті, кеше келді, ертең басталады, төменде қалды, күндіз көрдім.

9.Оқып аудар.

Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер дүниесі әр түрлі. Республикада 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 107 түрлі балық бар. Каспий мен Арал теңізінің ортасындағы Үстіретте өте сирек кездесетін аңдар мекендейді. Мысалы, муфлон, сусар, қабылан, сілеусін, тағы басқа аңдар. Сотүстік Тянь- Шаньда шырша ағаштары, арша ағашы өседі. Батыс Тянь-Шаньда шабындықтар, алма ағашы, орман жаңғағы көп. Таудың басында қыста да, жазда да мұз жатады.

(Энциклопедиядан)

  1. Мәтіннен аң, ағаш аттарын таптап жаз.

Үлгі: Аңдар: сусар, ..... ...

Ағаштар: алма, ..... ...



2.Сан есімдерді сөз тіркесі ретінде көшіріп жазып, сөйлем құра. Сан есімнің қай түріне жататын анықта.

10. Шашыранды түрде берілген сөздерден сөйлем құра.

1. Дүниесі, Қазақстанның, өсімдіктер, өте, бай.

2.Құстың, түрі, көптеген, елімізде, біздің, бар.

3. Бізде, сирек, өте, аңдар, мекендейді, кездесетін.

4. Теңізінің, Арал, суы, бара жатыр, азайып.

5. Табиғаты, Қазақстанның, түрлі, әр.

11. Сөз тіркестерінен сөйлем құра.

Жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, Арал теңізі, таудың басы, аңдар мекендейді, шырша ағаштары, солтүстік Тянь-Шань, таудың басыңда, алма ағашы, орман жаңғағы.

12. Мәтінмен жұмыс.

Наурыз мерекелері.

Наурыз айында аналар мерекесі мен Наурыз мерекесі тойланады. Бұл мерекелер көңілді өтеді.

Аналар мерекесі сегізінші наурыз күні тойланады. Бұл күні аналарға, әжелерге арнап сыйлықтар дайындалады. Жақсы тілектер айтылады.

Наурыз- парсы сөзі. «Нау»- жаңа, «рыз» - күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күнді ата- бабаларымыз жыл басы деп есептеген. Наурыз мейрамында мерекелік ас- наурыз көже пісірген. Адамар бір-біріне бата береді.

Бата.

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң ол болсын!

(«Балдырған» журналынан)

13. Керекті сөздерді қойып жаз.

Көктемгі еңбек.



Биыл көктем ... келді. Қар ... бастады. ... жыл құстары оралды. Көктемгі еңбек басталды. Егіншілер ... егуге дайындалады. Далада жер жыртылды. Жерге ... себілді. Олар ... көшелерге ағаштар көп отырғызады. Балалар да ата-аналарына көмектесті.

Керекті сөздер: ерте, алыстан, тез, бидай, саяжайда, егін, биыл.

-Үстеулерді тауып, түрлерін анықта, сұрақ қой.

14. Нұсқа бойынша жұмыс.

I нұсқа: «Биыл бізге көктем ерте келді» тақырыбына әңгіме жаз.

II нұсқа: «Биыл бізге көктем кеш келді» тақырыбына әңгіме жаз.

ЕСІМДІК

1.Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есіміктерін қой:

-...кеше далада доп ойнадық.

-...концертке билет алдыңыз ба?

-Жоқ,...бармайтын болдым.Кітапханаға баруым керек.

-...жазғы демалыста атам мне апама барамын.

-...әкәңе газет-журнал сатып әкелдің бе?

-Ертең ...дәптер,қалам сатып алдыңдар.

2.Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қой:

... үйім – өлең төсегім ...оқушымын. ... ... көшеде тұрасыз ?

... ешқашан сабаққа кешіккен емес. ...өтірік айтпа! ... – қызық ертегі . Бахтияр Артаевты ... ел таниды. Кімнің баласысың ? - ... апамның баласымын.

(барлық, өз, сіз, қай, мен, кімнің, ? бәріңізге, мен, әр, ол, бірнеше, бұл, ешқашан )

3.Ол, қашан есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар, түрін анықтандар.

4.Өзім, мынау есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар, түрін анықтаңдар.

5.Сен,бұл есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар, түрін анықтаңдар.

6.Біз,мына есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар, түрін анықтаңдар.

7.Анау,біз, өзім, әрбір, бәрі есімдіктермен сөйлем құрастыр.

8.Сол,неше есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар, түрін анықтаңдар.

ҚАЙТАЛАУ

1. Сөйлемдерді көшір. Неше? қанша? деген сұрақтардың орнына заттардың санын білдіретін сөз жаз.

(Неше?) бала тоғайға барды.Екі баланың қасында (неше?) иті бар?Қалың бұтаның түбінен(қанша?) қоян қаша жөнелді.Екі бала айқан салды. Ит (неше?) қоянды қуа жөнелді.

2.Сан есімдерге – ыншы, - інші жұрнағының тиістісін жалға. Сонда оларға қандай сұрақ қойылады?

Үш... күн,бір... гудок, жеті... вагон, отыз...бәтеңке, бес... үй, жиырма сегіз...пәтер, тоғыз...машина.

3.Сөйлемдерді оқы. Жақшадағы сұрақ арқылы қай сөзбен қай сөз байланысты екенін айыр.

Үлкен бастар, кіші қостар (Кім бастар?Кім қостар?).Жарқыраған жаз келеді, қатар ұшып қаз келеді (Не келеді?).Малшылар малды жайлауға айдады (Кімдер айдады?).Сарқырап су ағып жатыр. (Не ағып жатыр?)

4.Сойлемдерді оқып шығып, қарамен жазылған сөздерге қандай жалғау жалғанғанда, кейінгі сөздермен байланысты болатынын айт.

1.Бригадир қырман... келді.Машиналар қырман... кетіп жатыр. 3. Оқушылар да жұмыс... кірісті. 4. Батыстан соққан жел ағаштар... теңселтті. 5. Жамал суды шелек... алып келді.

Сұрақтар: Қайда? Қайдан? Неге? Нені? Немен?



5. Мына сөздерді байланыстырып сөйлем құрау үшін тұсындағы жалғаулардың қайсысын қай сөзге жалғау керек?

1. Біз машина... мін... . | -дік, -ға

2. Машина... екі кісі түс... . | -ті, -дан

3. Мен сабақ... дайындал... . | -қа, -дым

4. Бүркіт аспан... көтеріл... . | -ді, -ға

5. Ермек... әкесі завод... істей... . | -та, -тің, -ді

Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Оларға қандай-қандай сұрақтар қойылатынын айтыңдар.

Жалғаулар сөздерге не үшін жалғанды?

6. Ұстаз, қала, бала, көше сөздердін тиісті сын есімдермен тіркестір:

Мысалы: мейірімді, білімді, тәрбиелі ұстаз, ...

7. Берілген зат есімдерден туынды сын есімдер жасап, сөз тіркестерін құрастыр:

Тәрбие- Бала–

Құрмет- Күз-

Үлгі- Қайрат-

Эдеп- Ақыл-

Қала- Тау-

Орман- Көл-

Мысалы: әдепті қыз.



8. Берілген өлең жолдарынан сын есімдерді тауып, сұрақ қой, түрлерін анықта.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны – терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

9. Мына сөз тіркестерін аудар:

Осенний лес Көктемгі ауа

Счастливая мама Қысқы киім

Прилежный ученик Тәртіпті оқушы

Красивая девочка Жалқау бала

Интересная книга Әдемі қала

Государственный символ Қорқақ қоян

Осы сөз тіркестерімен қазақша сөйлем құрастыр.

10. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр:

Үй Қалың

Жер Жазғы

Мектеп Жаңа

Демалыс Биік

Бала Ұлаң-байтақ

Орман Әдепті

Мысалы: қалың орман.

11.Сын есімдерін аударып, антонимдерін ата:

Честный Соленый

Жирный Веселый

Сильный Вкусный

Хитрый Прилежный

Высокий Сладкий

Мысалы: биік – аласа

Аударылған сын есімдерімен сөз тіркестерін жаса:

Мысалы: хитрый – қу түлкі.
12.Сын есімдерді аударып, антонимдер қазақша жаз, сөз тіркестерін құрастыр:

Қорқақ Жеңіл Жұмсақ

Еріншек Жабайы Сүйкімсіз

Таза Сұлу Кең

Ұзын Дәмді Тұзды

Мысалы: Ұзын – Қысқа

Қыска шаш


13. Көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойып, түрлерін анықта, сұрақ қой:

... боран соғып тұр. ... ... , ... қар жер бетін жапты, ... аспан түнеріп тұр. ... мезгіл. Балалар ... киінген ... ойындар ойнап, уақытты ... өткізіп жүр. Менің анам тамақты ... пісіреді. ... адам, ... бұлбұл.

(Отансыз, көңілді, мамықтай, қарлы, аппақ, ормансыз, жұмсақ, бұлтты, жылы, кешкі, қызықты, дәмді)

14.Көмекші есімдер дегеніміз не? – анықтама бер, мысал келтір.

15.Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құра:

Вдоль улицы, возле школы, внутри парка, в центре города, за памятником, перед зданием, вдоль реки.

16.«Менің қалам» монолог құрап бер.

17.Сөздерді қазақщаға аудар:

Житель, здание, центр, представители наций, облик города, гостеприимный, путник, встретить, высотный, весь мир, каток, зритель, мчатся, около, комплекс, знаменитый, открылся.

18.Үлгіге қарап, сөз тіркестерін дұрыс құрастырып, айт:

Ермек менің аға+м. Әсел Асанның қарындас+ы. Ол сенің іні+ң.

Абай сенің іні+?. Айжан Анардың сіңлі+?.Әсем менің әпке+?.

Есен Бақыттың аға+?. Айман Талғаттың қарындас+?.

Менің әже+? аты-Жазира. Әкемнің аға+? Парасатты адам.

6 – СЫНЫП

ТӘУЕЛДЕУЛІ СЕПТЕУ.

ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЫ МЕН ІЛІК СЕПТІГІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ.

1.Сөз тіркестерді қазақшаға аударып, сөйлем құрап бер:

Моя ручка, его книга, сестренка Марата, твой портфель, детские игрушки, их дом, наша школа, твои коньки, мой старший брат.

2.Мына сөйлемдерді біртіндеп күрделендір:

Үлгі: Досым келді: 1) Менің досым келді. 2) Менің жақсы досым келді. 3) Менің жақсы досым үйге келді. 4) Менің жақсы досым біздің үйге келді. 5) Менің жақсы досым біздің үйге қазір үйге келді.



Досым келді. Баламыз оқиды. Ағаң барады. Атаң айтқан. Әкесі әкелген.

3.Сөйлемдерді аударып, сұрақ қой.

Это моя книга. Это мой журнал. Где твой брат? Ваша одежда лежит здесь. Моя мама сейчас придет. Твой отец работает. Ваша жизнь прекрасна. Ваша статья хорошо написана. Наша школа большая.

4.Сөйлемде Ілік септікте тұрған сөз қандай сөзбен байланысып тұр, анықтап бер.

Менің досым тамаша адам. Ол – өте әділ адам. Оның достары өте көп. Менің досымның балалары да жақсы. Оның балаларының бәрі жақсы оқиды. Біздің балаларымыз да дос. Біздің балаларымыз тату. Олардың бірлігі күшті. Біз олардың татулығын ұнатамыз.

5.Тәуелденген сөздегі септік жалғауды тауып, оның ерекшелігін айт.

Ол үйіне келді, дәптерін алды. Дәптерін үстелге қойды. Қолына қаламын алды. Ол барлық ойын дәптеріне жазатын.

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ. БУЫН. БУЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ.

1.Мына сөздерге қосымша қандай заңдылық бойынша қосылғанын түсіндір.

Өндірістер, ғылымдар, қалалар, өзендер, көлдер, өнімдер, әнші, балықшы.

2.Мына сөздердің түбіріндегі қатаң дыбыстың өзгеру заңдылығын түсіндір:

Көк – көгі, көп – көбі, қонақ – қонағы, қазақ – қазағы, есік – есігі, жоғары шық – жоғары шығыңыз.

3.Сөйлемдегі сөздер мен қосымшалар арасындағы заңдылықты ата.

Әншілер ән салады. Бишілер би билейді. Қонағы көп. Оқушылар жақсы билейді. Үлгілі қыздар көп. Көбі ән салады.

4.Мына сөздерді буынға бөліп жаз. Қай буынын тасымалдауға болатынын айт.

Күн, шақ, телефон, пішен, шегіртке, жаңбыр, жапырақ, көрімдік, сенімді.

5.Төмендегі сөздердің қай буындарын тасымалдауға болатынын айт.

Домбыра, орман, барабан, көзілдірік, дастарқан, орындық, жолдастық, басқару, басқарушылар, табыс, табыстарымыз, баспа, баспахана.

ҚАТЫСТЫҚ СЫН ЕСІМ.

  1. Зат есімнен –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтар арқылы сын есім жаса.

Қайрат, ақыл, күш, сабыр, жүрек, шыдам, дарын, талап, жігер, ынта.

Бұл сын есімдермен сөз тіркес құра.

  1. Сұрақтың орнына сын есімді қой, жасалу жолдарын анықта.

(Қандай?) түнде (қандай) ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны – (қандай?) сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Абай

Керекті сөздер: Желсіз, жарық, терең.

  1. Сын сімдерді тауып, түбір мен қосымшанын астын сызып дәптеріңе көшір.

Ана – ардақты сөз.

Тау – тас

Салмақты сөз.

Жел – қанатты сөз.

Шәкірт – талапты сөз.

Жалау –дабылды сөз.

Алау – жалынды сөз.

Дос, жар – мейірлі сөз.

Дала – пейілді сөз.

4.Берілген сапалық, қатыстық сын есімдерді екі бағанаға бөліп жаз.

Танымал, қызыл, қымбат, әдемі, әйгілі, үлкен, көркем, арзан, қалың, жасыл,жұқа.

5.Берілген тіркестерді қазақ тіліне аудар.

Уважаемый человек, одаренный ученик, горячий чай, образованный учитель, крупный ученый, узкая улица, короткий день, дорогая вещь, светлая комната.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ.

1.Мына сөздерде неше буын барын айт.

Ата, әже, адам, әдемі, ақ, жақсы, қымыз, қарбыз, қауын, сәбіз, әнші, сол, оң.

2.Тасымалдауға болатын сөздерді теріп жазып, тасымалдың орнын үлгідегідей көрсетіңіз.

Үлгі: әде – мі



Әдемі, өнім, егу, өзен, ата, әділ, есік, оқушы, оқытушы, алады, отыр, ақын, мықты, дала, үлкен, үйрен.

3.Төмендегі сөздердің тасымалдану жігін көрсет.

Қайырлы, жұмысшы, тұрады, тамаша, денсаулық, жаңалық, көкөніс, уақыт, алмұрт.

4.Мына сөзді екі бағанаға жазып, 1-бағанада буын жігін, 2-бағанада тасымалдануын үлгідегідей көрсет.

Үлгі: ә-кем-де әкем-де



ө-нер-лі өнер-лі

әкемде, өнерлі, әдемі, адамдар, ақындар, оқушы, аталар, әперсін, әкелсін, отырсын, оқысын.

5.Мына сөздерді буынға бөліп жаз. Буынның қайсысы тасымалдауға келетінін айт.

Қырман, текемет, Отан, өрмекші, малшы, күрек, құлыншақ, тартпа, құмырсқа, бауырсақ, кітапхана.

МЕКЕН ҮСТЕУ.

1.Мына сөйлемдерді оқып, аудар, үстеуді тауып, оған сұрақ қой.

Сен бері отыр. Сен әрі отыр. Сіз бермен отырыңыз. Сіз ілгері отырыңыз! Сендер әрмен отырыңдар! Сіздер жоғары шығыңыздар. Ол кейін отырсын. Олар төмен отырсын. Мен артта жүрейін. Біз алда жүрейік. Олар жолшыбай бізге келсін. Ол жол-жөнекей үйге барсын.

2.Мына сөз тіркестерін қатыстырып, лепті сөйлемдер құрастыр.

Әрі жүр, әрі тұр, әрмен кет, алға бар, артта жүр, бермен кел, бері шық, ілгері барыңыз, артқа кет.

3.Мына үстеулерді қатыстырып, лепті сөйлемдер құрастыр.

Ілгері, алда, жоғары, артта, кейін, алға, төмен.

4.Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қосып жаз.

Біз ... барайық. Мен ... шығайын. Сен ... кет. Сіз ... барыңыз. Сендер ... отырыңдар. Ол ... келсін.Олар ... жүрсін. Біз үйге ... барайық. Мен ... келейін. Сен ... отыр. Сіз ... шығыңыз. Сендер ... кетіңдер. Сіздер .. келіңіздер. Ол ... кетсін. Олар ... тұрсын.

Керекті үстеулер: әрі, әрмен, бері, бермен, алда, алға, артта, артқа, алыс, жақын, ілгері, кейін, жоғары, жолшыбай.

5.Көп нүктенің орнына мекен үстеулерін жаз.

Біз ... озып кеттік. Олар ... қалып қойды. ... қар жауған жоқ. Болат ... қалды. Олар ... жүріп келді.

6. Мына мекен үстеулерінен сөйлемдер құра.

Сонда, мұнда, төменде, алға, жоғарыда, артта.

7. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, үстеудің астын сыз. Бұл қандай үстеу екенін анықта.

Мен мектептен кеше келдім. бүгін мектепте жиналыс болады. Ертең ауылға жүремін. Ол кейінде қалды. Біз ілгері озып кеттік. Ауылдың жоғары жағында досым Володя тұрады.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ШЫРАЙ.

1.Мәтіннен сын есімдерді тауып, қай шырайда тұрғанын анықта.

1.Біз қысқа жақсырақ дайындалып жатырмыз. 2. Менің ағам сізден биіктеу. 3. Менің апам – жап-жас адам. 4. Ол өте жақсы білім алған. 5. Тап-таза асхананың аса дәмді тамағы бізге өте ұнады. 6. Шайханың бауырсағы тым дәмді. 7. Ағам – жап-жас жігіт. 8. Апам алыста тұрады. 9. Бұл өте биік үй.

2. Төмендегі сын есімдерді оқы, олар шырай формаларымен қалай түрленгенін байқа.

Қызылырақ үлкенірек кішірек жылырақ

Қызылдау үлкендеу кішілеу жылылау

Қып-қызыл үп-үлкен кіп-кішкене жып-жылы

Өте қызыл өте үлкен өте кіші өте жылы

Тым қызыл тым үлкен тым кіші тым жылы

3.Мына сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңдар.

Аласа – дөңгелек –

Әдемі – қысқа -

Тәтті - қышқыл –

4.Адамдардың мінезі жануарлардың қандай қылықтарымен салыстырады? Бұл сөз тіркестер адамның қандай мінезін көрсетеді.?

1.Жыландай жиырылған –

2. Мысықтай мияулаған –

3. Қасқырдай қорқу –

4. Арыстандай ақырған –

5. Түлкідей жылмандаған –

6. Ешкідей шошандаған –

7. Аюдай қорбандаған –

5. Берілген сын есімдерді қазақ тіліне аударып салыстырмалы шырай жаса.

Стройный, красивый, симпатичный, высокий, низкий, холодный, теплый, тяжелый, легкий, дорогой, дешевый.

6. Берілген есімдерден салыстырмалы шырай жаса.

Күшті, әлсіз, дәмді, таза, лас, ыстық, қысқа, семіз, арық, тар, терең, саяз, лай, ұстамды, жеңілтек.

Салыстырмалы шырай түрінде 7 сөз алып, сөйлем құрастыр.

Каталог: uploads -> doc -> 036d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
036d -> Ағаш ексең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп
036d -> Сабақ Гимнастика. Саптағы қозғалыстар. Сыныбы: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет