Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тестілер жинағы 5 – сынып



Дата28.01.2018
өлшемі441,84 Kb.
#34781
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тестілер жинағы
5 – сынып


Тақырып



Мазмұны

Сұрақ

саны

Нұсқалар

саны

Лексика

1

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

45 сұрақ

3 нұсқа

2

Көп мағыналы сөздер

45 сұрақ

3 нұсқа

3

Омонимдер

30 сұрақ

2 нұсқа

4

Синонимдер

75 сұрақ

5 нұсқа

5

Антонимдер

75 сұрақ

5 нұсқа

6

Табу

30 сұрақ

2 нұсқа

7

Эвфемизм мен дисфемизм

30 сұрақ

2 нұсқа



ЛЕКСИКА
Тақырып: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
1-нұсқа.

1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А)Тұлпар-батырлар мінген жүйрік ат. В)Бала қыздың алдына асыл тұқымды тұлпарды тарта берді

С) Тұлпар туған шұбар ат Д) Халықтан небір тұлпарлар шығады. Е) Түп атасы-араб тұлпары.

2. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.

А) Қара жұмыс. В) Ескі үй. С) Күзгі орман. Д) Қалың кітап. Е) Сары бояу.

3. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Үлкен мектеп В) Көрші ауыл С) Қызыл тіл Д) Жаңа қала Е) Жазғы кеш

4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Туды жоғары ұстау. В) Атасы баласын иіскеді. С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.

Д) Адамгершілік туралы айту. Е) Әдеби кітаптарды оқу.

5. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.

А) Қабағын түйді В) Ақ жүрек С) Алтын ғасыр Д) Жарқын жүзді Е) Қызыл алма

6. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз.

А) Қара қарындаш. В) Қара дауыл. С) Қара ниет. Д) Қара жүрек. Е) Қара тер.

7. Тура мағынасында қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Жуан жіп. В) Жуан дауыс. С) Жуан ауыл. Д) Жуан жол. Е) Жуан сіңірлі.

8. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Салқын ауа. В) Суық жел. С) Суық қолды. Д) Кеңпейіл. Е) Мамық төсек.

9. Тура мағынада айтылған сөздері бар сөйлемді табыңыз.

А) Адамның басы. В) Таудың басы. С) Бас дәрігер. Д) Істің басы. Е) Жиналыстың басы.

10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Суық сөз. В) Ыстық ықылас. С) Ақ ниетті. Д) Жақсы адам. Е) Терең ойлы.

11. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

Жаңбырсыз жер жетім, жақсысыз ел жетім.

А) Жаңбырсыз. В) Ел. С) Жер. Д) Жақсысыз. Е) Жетім.

12. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ол досына алтын сағат сыйлады. В) Кешке қызық кино басталды. С) Түн салқындай бастады.

Д) Айман оған жылы лебізін білдірді. Е) Күзде жапырақтар сарғаяды.

13. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

А)Жануардың терісі. В)Көліктің дөңгелегі. С)Таудың басы. Д)Құстың қанаты. Е)Адамның көзі.

14. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Асыл жан. В) Сөзге сараң. С) Терең құдық . Д) Арам ой. Е) Жібек мінез.

15. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) Қисық бұтақ . В) Қызыл гүл. С) Білімді оқушы. Д) Қоңыр дауыс. Е) Қара сиялы қалам.

16. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Сен менің оң қолымсың. В) Қолды болып жүрме. С) Ол қол ұшын берді. Д) Қолы жеңіл.

Е) Қолыңды көтер.

17. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Жылы жүзді. В) Жылы сөз. С) Жылқы жылы. Д) Жылы өң. Е) Су жылы.

18. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ақырын қозғалу. В) Жел мінез. С) Жүйрік ат. Д) Ұйқыдан ояту. Е) Бұзаулы сиыр.

19. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Баласы өсті. В) Бұл ойды мен өсірген емеспін. С) Өсу жолы-бұл емес. Д) Халық саны өсуде.

Е) Сен өсіріп сөйлеме.

20. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

А) Арқасынан таяқ үзген жоқ . В) Ол әке-шешеден ерте қол үзді. С) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт. Д) Бала нанның жартысын үзіп берді. Е) Қарт әбден күдер үзген екен.

21. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.

А) Терең ой. В) Ұзын арқан. С) Тар жол. Д) Үлкен үй. Е) Қара шаш.

22. «Күн» сөзіне тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

А) Жабық . В) Бүгінгі. С) Кешегі. Д) Ашық . Е) Бес.

23. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

А) Жеңіл жүк. В) Қисық ағаш. С) Ауыр сөз. Д) Қоңыр түс. Е) Сынық айна.

24. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

А) Қара бояу, қалың киім, суық су. В) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар. С) Қалың шөп, адал ас, қара көз. Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар. Е) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ

25. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Мамық төсек. В) Суық жел. С) Кеңпейіл адам. Д) Суық қолды адам. Е) Салқын ауа.
2 нұсқа

1.Ауыспалы мағыналы сөзді көрсет.

а)Терең су в)Ойлы адам с)Жеңіл жүк д)Сергек адам е)Таяз түсінік

2.Тура мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсет

а)Қалың қол в)Қалың кітап с)Қалың жаңбыр д)Қалың ел е)Қалың мал

3.Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Өңі қуарып, әлсіреп қалыпты в)Өкпесі өшіп, әлсіреген балапан ұша алмады с)Мылтық даусы әлсіреп естілді д)Қазақ тілі әлсіреуге тиіс емес

е)Боранның уілдеген үні әлсірей бастады

4.Ауыспалы мағынаны көрсет.

а)Аңшылар аңға шықты в)Аңшы адамға ыңғайлы киім керек с)Ол өзі аңшы, мерген адам д)Өлеңді қуып жүрген мен бір аңшы е)Түлкі қуған аңшыдай із кестім

5. Сөздің тура мағынасын тап.

а)Құлагер, әкең- тұлпар, шешең-сұңқар в)Абайдың әкесі-Құнанбай с)Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің д) "Әкем-ау, оқып берші",-деді атасы немересіне е)Ұрғанның көкесін көрсетемін

6.Ауыспалы мағынаны көрсет

а)Алыс,жақын бәрін де саралаған ерімсің в)Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме с)Сәлем алысқаннан кейін үйге кірді д)Мұнда ақын өзінің ізденімпаз бет алысын танытты е)Олар майданда жаумен алысты

7.Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Күмбез төбесі ағарып тұр в)Ағарыпты шашымыз с)Таң бозарып ағарды д)Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып шығады е)Таң ағарғанша ояу отырдық

8.Тура мағыналы сөзді көрсет.

а)Қара жұмыс в)Қарақағаз с)Қара көйлек д)Қара сөз е)Қара ниет

9.Тура мағыналы сөзді тап.

а)Адамның көзі в)Ол балық көзденді с)Матаның көзі бар д)Көз қырын сал е) Балаларғакөз болды

10.Ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөзді тап.

а)Істің ақ,қарасы тексерілді в)Қызыл шапан с)Қара киім д)Ақ көйлек е)Жігерлі адам

11.Ауыспалы мағынаны көрсет

а)Пальтоның омырауы аңырайып ашылып кетіпті в)Аңқиып,саңқиып қоралары тұр с)Омырауы аңқиған жалаң аяқ бала тоқтай қалды д)Аңқиып көше халқы қарасады е)Үй төбесіне шиФер жоқ, аңқиып жабылмай тұр

12. Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Оқушы әліппесін ашты в)Әліппе-ең алғашқы оқулық с)Әліппені бірге оқиық д)Шахматтың әліппесін үйрену керек е)Әліппедегі бірінші әріп-"А"

13. Ауыспалы мағынаны көрсет

а)Алтын теңге шығарылды в)Ұйықташы,жаным,алтыным с)Алтын алқа сатып алды д)Әр ақылымның бағасы мың алтын динар е)Алтын-пайдалы қазба

14. Тура мағыналы сөзді көрсет

а)Жылқы жылы в)Жылы өң с)Жылы сөз д)Су жылы е)Жылы жүзді

15. Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

а)Қалған ас итке төгілді в)Суық жаңбыр төгіп өтті с)Қадиша күл төкті д)Домбырадан күй төкті е)Шәугімдегі судың қалғанын төкті.



3 – нұсқа

1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Құлақ салды. B) Құлақ етін жеді. C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі. D) Құлағым ауырып жүр. E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.

2. Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.

А) Күн сәулесі нұрын шашады. B) Терезеден күн түсіп тұр. C) Күнсіздерге күн болған. D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды. E) Күн ыстық екен.

3. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Бұл іс менің қолым екен. B) Өз қолымен берді. C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары. D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады. E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?

4. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де... B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ. C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес. D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты. 1E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.

5. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз. Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің. B) Қисық. C) Болса. D) Ағайынға. E) Өкпелеме.

6. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт. B) Самат аяғын ауыртып алды. C) Ол науқасынан айығып кетті. D) Жел күшейе түсті. E) Ол аяғын созып жатыр.

7. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім. B) Биік тау. C) Биік ой. D) Биік тұлға. E) Биік сөз.

8. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз. Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) Бұлақтың. B) Көзін. C) Ашу. D) Игі. E) Іс.

9. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды. B) Оң қолым ұйып қалды. C) Әңгіме ұйып тыңдалды. D) Олар сүттей ұйып отыр. E) Сүттей ұйыған жанұя.
Тақырып: Көп мағыналы сөздер
1-нұсқа

1.Көп мағынаға ие болатын сөз Ол пышақтың жүзін қайрап әкелді.

А) ол В)пышақтың С)жүзін Д)қайрап Е)әкелді

2.Көп мағынаға ие бола алатын сөз. Матаның көзі бар екен,байқа.

А)матаның В)көзі С)бар Д)екен Е)байқа

3. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсет

Бәрін қойып ашық әңгімеге көшейік.

а)Әңгімеге в)Ашық с)Бәрін д)Кірісейік е)Қойып

4. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсет

Дүниенің кілті қолыңда, талабыңнан танба.

а) қолыңда в) талабыңнан с) кілті д) танба е) дүниенің

5.Көп мағыналы бола алатын сөз

а)Мал өрісте в)Оқуды басынан жақсы оқу керек еді с)Күлкім тыйылмады д)Дәптерді сумкаға сал е)Дәптерің менде

6. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз. Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.

А) Жүзіктің. B) Көзінен. C) Өткендей. D) Пысық. E) Жігіт.

7. Көп мағыналы сөзді табыңыз. Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.

А) Жақындаса. B) Обаның. C) Басында. D) Жалпиған. Е) Адам.

8. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Затты атап білдіретін мағынасы. B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз. C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы. D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.

9. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Ол-сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

А. Ол В. Сыныбымыздағы С. Мінезі Д. Бала Е. Ауыр

10. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

А. Марат В. Домбыраның С. Құлағын Д. Бұрап Е. Берді

11. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін В. Қойыc С. Әңгімеге Д. Ашық Е. Кірісейік

12. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз. Біз таудың басына шығып келдік.

А. Басына В. Біз С. Таудың Д. Шығып Е. Келдік

13. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз. Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра В. Жараның С. Ашылып Д. Аузы Е. Кетпесін

14. Төмендегі мысалдардан көп мағыналы сөзді тап

А) Асан арамен ағаш аралады В) Бригадир жұмыс басына шықты С) Бүктелген қағазды жазу Д) Асан Гүлжанның шашына қарап қалыпты Е) Арық қой арықтан секіріп өте алмады

15.Көп мағыналы сөздердің омонимне айырмашылығы қандай?

А) Бір сөз табынан болып, мағына жағынан ұзақ болады В) Бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады С) Әр қайсысы әр сөз табынан болады Д) Дыбыстануында өзгешелік болады

Е) Жауаптардың барлығы дұрыс


2 – нұсқа

1.Төмендегі мысалдардан көп мағыналы сөзді тап

А) Асан арамен ағаш аралады В) Бригадир жұмыс басына шықты С) Бүктелген қағазды жазу Д) Асан Гүлжанның шашына қарап қалыпты Е) Арық қой арықтан секіріп өте алмады

2.Лексика нені зерттейді?

А) сөйлем мүшелерін В) сөз құрамын С) сөз тіркесін Д) тіл дыбыстарын

Е) сөз мағынасын

3. Көп мағыналы сөздердің омонимне айырмашылығы қандай?

А) Бір сөз табынан болып, мағына жағынан ұзақ болады В) Бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады С) Әр қайсысы әр сөз табынан болады Д) Дыбыстануында өзгешелік болады Е) Жауаптардың барлығы дұрыс

4. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын не дейміз?

А) сөздің тура мағынасы В) сөздің көп мағыналығы С) сөздің ауыспалы мағынасы Д) сөздің бір мағынасы Е) сөздің жауаптарының бәрі дұрыс

5. Көп мағыналы сөзді табыңыз. Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.

А) Жақындаса. B) Обаның. C) Басында. D) Жалпиған. Е) Адам.

6.Көп мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз

А) ән айту B) қоңыр күз C) Арал теңізі D) иненің көзі Е) білімді адам

7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) Әңгімеге B) Қойып C) Кірісейік D) Ашық E) Бәрін

9. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

A) Берді B) Бұрап C) Марат D) Домбыраның E) Құлағын

10. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

A) Ауыр B) Мінезі C) Ол D) Бала. E) Сыныбымыздағы

11. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) Бәрін B) Қойып C) Әңгімеге D) Ашық E) Кірісейік

12. Сөздің көп мағыналылығын лексиканын қай саласы зертейді?



А) лексикология В) семасиология С) фразеология Д)ономосиология Е) терминология

13. Көп мағынаға ие бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) бас В) көз С) аяқ Д) қол Е) шаш

14. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз. Аспанда қалықтаған кұстың қанаты сонау алыстан көрінеді.

А) Аспан В) қалықтау С) қанат Д) алыс Е) құс

15. Көп мағыналы сөзді табыңыз.



А) қарт В) бас С) қалта Д) алма Е) гүл

3 -нұсқа

1. Төмендегі мысалдардан көп мағыналы сөзді тап

А) Асан арамен ағаш аралады В) Бригадир жұмыс басына шықты С) Бүктелген қағазды жазу Д) Асан Гүлжанның шашына қарап қалыпты Е) Арық қой арықтан секіріп өте алмады

2.Лексика нені зерттейді?

А) сөйлем мүшелерін В) сөз құрамын С) сөз тіркесін Д) тіл дыбыстарын

Е) сөз мағынасын

3.Көп мағыналы сөздердің омонимне айырмашылығы қандай?

А) Бір сөз табынан болып, мағына жағынан ұзақ болады В) Бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады С) Әр қайсысы әр сөз табынан болады Д) Дыбыстануында өзгешелік болады Е) Жауаптардың барлығы дұрыс

4. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын не дейміз?

А) сөздің тура мағынасы В) сөздің көп мағыналығы С) сөздің ауыспалы мағынасы

Д) сөздің бір мағынасы Е) сөздің жауаптарының бәрі дұрыс

5. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз.

А) Бет В) Бала С) Әке Д) Тарс-тұрс. Е) Екі

6. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Затты атап білдіретін мағынасы. B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз. C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы. D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.

7. Сөздің көп мағыналылығын лексиканын қай саласы зертейді?



А) лексикология В) семасиология С) фразеология Д)ономосиология Е) терминология

8. Көп мағыналы сөзді табыңыз. Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.

А) Жақындаса. B) Обаның. C) Басында. D) Жалпиған. Е) Адам.

9. Көп мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз

А) ән айту B) қоңыр күз C) Арал теңізі D) иненің көзі Е) білімді адам

10. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) Әңгімеге B) Қойып C) Кірісейік D) Ашық E) Бәрін

11. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

A) Берді B) Бұрап C) Марат D) Домбыраның E) Құлағын

12. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

A) Ауыр B) Мінезі C) Ол D) Бала. E) Сыныбымыздағы

13. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) Бәрін B) Қойып C) Әңгімеге D) Ашық E) Кірісейік

14. Көп мағынаға ие бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) бас В) көз С) аяқ Д) қол Е) шаш

15. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз. Аспанда қалықтаған кұстың қанаты сонау алыстан көрінеді.

А) Аспан В) қалықтау С) қанат Д) алыс Е) құс


Тақырып: Омонимдер
1-нұсқа

1.Омоним бола алмайтын сөзді тап.

А)енші В)кітап с)көсе д)жай е)жарық

2.Омонимді тап.

А)Қара тер боп сабылдың, аялған жоқ малың да. В)Ауытқа өзеннен су келді

С)Бұл жұмыс көпшілікке аян болды. Д)Алатаудың аясындағы балапанды аяп, ұясына апарып қойды. Е)Ауылдағы өсек-аяң құлақты сарсытты.

3.Омоним дегеніміз не?

А)Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

В)Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ.

С)Сөзге грамматикалық мағына үстейтін,сөз бен сөзді байланыстыратын.

Д)Бір-біріне қарама –қарсы мағынада айтылатынсөздер

Е)Баяндауыш пен бастауыштың байланысы

4.Омоним сөздерді тап.

А)Ел үмітін ер ақтар в)Алма, өзіңе керегі жоқ затты алма с)Баусыз оймақ қолда тұрмас д)!Қарақұс-жыртқыш құс е)Көңілі бұлақтай таза.

5. Омоним бола алмайтын сөзді тап.

А)шап в)үгіт с)сөк д)сақал е)хор

6. Омоним бола алмайтын сөзді тап

А)өзек в)от с)рахат д)қазы е)орыс

7.Омоним сөздер қатысқан сөйлемді тап.

а)Көңілі бұлақтай таза в)Сулы жер-нулы жер с)Көк алманы алма д)Қарақұс-жыртқыш құс

8.Омонимді тап.

а)Жерің шалғай, сөзің жалған болар ма? в)Ауыл отырған жайдан асықпай жайланып аттанды. с)Жиегі жайдақ айдын көл. д)Бар ғалам бір жақ, өзі бір жақ. е)Жайлауға ел қонды.

9. Омоним сөздерді көрсет.

а)Арман суға сүңгіді.Арман суда жүзді в)Жазда жидек піседі.Жаздық көйлек жеңіл с)Бүгін жақсы түс көрдім.Ақ түсті көйлек әдемі д)Аттар жайылып жүр. Бәйге аттары мәреден келді. е)Жаны ашымағанның басы ауырмайды.

10.Асты сызылған сөздер қатарын анықта.

Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың

а)Омоним в)Синоним с)ауыспалы мағына д)антоним е)көп мағыналы

11.Омонимді табыңыз.

а)Мектепте асхана бар.Қалам сөмкенің ішінде. в)Аттар жайылып жүр.Бәйге аттары көрінді. с)Бала түс көрді.Малшы аттан түсті. д)Жазда жеміс піседі.Жаздық киім алды. е)Қайық суда жүзеді.Асқар егін суарды

12. Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Жігер, күш. B) Сыр, шық. C) Терезе, есік. D) Оқтау, тұтқа. E) Түбір, түн.

13. Омоним сөзді көрсетіңіз.

А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді. B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ. С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады. D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ. E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.

14. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Көңілі бұлақтай таза   В) Сулы жер – нулы жер    С) Көк алманы алма    D) Ел үмітін ер ақтар    Е) қарақұс – жыртқыш құс

15. Омоним болатын  сөзді атаңдар.

А) секіру        В) ою         С) жүгіру Д) қолөнер Е) сезім
2 – нұсқа

1. Омоним сөз қатысқан сөйлемді табыңыз

А) Сүтсіз сиыр сүзеген В) Атты адам аңды атты С) Азғын бұзау – жүдеу бұзау

Д) Мал баққанға бітеді Е) Жалқау өрім жау

2. Омоним болатын сөз қайсы?

А) дәрігер В) терезе С) ара Д) кітап Е) көпір

3. Омоним болатын сөзді көрсет

А) мектеп В) гимназия С) жақсылық Д) қою Е) мұсылман

4. Омоним болатын сөз

А) орындық В) қара С) адам Д) гүл Е) кітап

5. Ауыспалы мағынаның берілу жолдары

А) омоним, синоним, антоним В) метафора, метонимия, синекдоха С) проза, идиома, мақал-мәтел Д) қосымша, жалғау, жұрнақ Е) берілген жауаптың дұрысы жоқ

6. Көп мағыналы сөздердің омонимне айырмашылығы қандай?

А) Бір сөз табынан болып, мағына жағынан ұзақ болады В) Бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады С) Әр қайсысы әр сөз табынан болады Д) Дыбыстануында өзгешелік болады Е) Жауаптардың барлығы дұрыс

7.Омонимі бар сөйлемді тап

А) Асық ойнауға асықты В) Күнде келіп ойнайды С) Сан рет жүгі ауады, сан рет терін сауады Д) Жамал өле жейді Е) Ат тұяғын тай басар

8. Омоним болатын сөз қайсы?

А) тәрбие В) кемпір С) мін Д) неге? Е) бес-бестен

9. Омоним болатын сөз қайсы?

А) әдемі В) тасбақа С) сарғыш Д) арық Е) кезек

10. Омонимдерді тап

А) әдемі, көркем сұлу В) ат болады деп Бұрылды, мақтады, оның аты Асан

С) қысқа, ұзын, ақ, қара Д) әдемі, ұзын, қысқа, көркем Е) тәтті, ащы

11. Зат есімдерден болған омонимдерді тап

А) амандасу, тез, жылдам В) салмақты, сабырлы, тез С) өң, түр, түс, келбет, пішін

Д) амандасу, сәлемдесу, еселдесу Е) тез, жылдам, шапшаң

12. Омонимдес сөзді көрсетіңіз.

A) Гүлнәр мектепке барды. B) Ол ақылды бала. C) Айт болды. D) Уақытты бағала.


E) Айгүл – зерек оқушы.

13. Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.

A) Шапан, келін. B) Алты, жеті. C) Арықтан суару. D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.

14. . Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.

А) Қара шаш, тақтаға қара. В) Адамның көзі, бұлақтың көзі. С) Жақсы- жаман.

Д) Тез, шапшаң, жылдам. Е) Көз ілмеді, көрер таңды көзімен атқызды

15. Қай сын есім омонимдік қатар құрайтынын көрсетіңіз.

А) Үлкен. В) Жіңішке. С) Жарық. Д) Ұзын. Е) Кіші.


Тақырып: Синониимдер

1-нұсқа

1. Синонимдерді анықтаңыз.

А) Жаман – нашар. В) Үлкен – кіші. С) Қайрат – мұрат. D) Биік – аласа. Е) Ерте - кеш

2. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Жаман. В) Үлкен. С) Сұлу. D) Ерте. Е) Кеш.

3. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

А) Мағыналары жақын сөздер.

В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.

D) Заттың атын білдіретін сөздер.

Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.

4. «Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.

А) Антоним сөздер. В) Омоним сөздер. С) Синоним сөздер. D) Қыстырма сөздер.

Е) Қаратпа сөздер.

5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мұғалім – ұстаз. В) Биік – аласа. С) Ерте - кеш.

D) Жарық - қараңғы. Е) Терезе - есік.

6. Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Антоним. В) Омоним. С) Зат есім. D) Синоним. Е) Етістік.

7. «Красивый» сөзінің қазақша аудармасын анықтаңыз.

А) Кіші, аласа. В) Ерте, кеш. С) Жаман, нашар. D) Мұғалім, ұстаз. Е) Сұлу, әдемі.

8. «Ақылшы», «кеңесші» синонимдерінің орысша аудармасын анықтаңыз.

А) Советник. В) Умный. С) Красивый. D) Здоровый. Е) Серезный.

9. «Шәкірт» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Ұстаз. В) Оқушы. С) Мұғалім. D) Кенші. Е) Жүргізуші.

10. «Мұғалім» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Сұлу. В) Тамаша. С) Көркем. D) Оқушы. Е) Ұстаз.

11. Синоним бола алатын сөзі бар қатарды анықтаңыз.

А) Жаман, жақсы. В) Үлкен, кіші. С) Шәкірт, оқушы. D) Ерте, кеш. Е) Бүгін, ертең.

12. «Қайратты» сөзіне синоним бола алатын қатарды белгілеңіз.

А) Күшті, батыл. В) Өнерлі, өнерпаз. С) Сыпайы, мейірімді. D) Келбетті, сымбатты.

Е) Жаман, нашар.

13.Синоним сөздерді көрсет.

а)Жақсы, тәуір, жақын в)Жалғасу, ұштасу, келісу с)Екпін,еңбек,табыс

д)Дидар, келбет,билік е)Лақап, қауесет,сыбыс

14.Синоним сөздерді көрсет.

а)Қыс, жаз, ескі в)Жаз,түс, алма с)Кір,көр, қор д)Қою,айна,көрме е)Аспан, әуе,көк

15. Синоним сөздерді тап.

а)Оқушы, ұстаз в)Бірлік, аласапыран с)Бұйымтай, қолқа д) Дәрігер, мұғалім е)Бірден, бірталай
2-нұсқа

1.Синонимдік қатарды көрсет.

а)Сұлу,керек,ақ в)Ер, шырайлы, тез с)Шыдам,сабыр,төзім д)Бақ,айла, жер е)Көрік,сөз, әдемі

2.Синоним сөздердің тізбегін көрсет.

а)Жұлдыз, планета в)Аспан, жер с)Адам, кісі д)Жуан, жуықта е)Құн, табыс

6.Синоним емес сөздерді көрсет.

а)Әсерлі,тартымды в)Әрең, зорға с)Әдемілеу,сәндеу д)Бағлан,бағдар е)Бағу, жаю

3. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Бүгін, биыл в)Ер, жуас с)Тақ,танау,күн д)Анық, айқын е)Жаз, тер, қаз

4. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Қанды ауыз, ашушаң в)Арып-талып, ашығып с)Ат төбеліндей,азын-аулақ д)Тұңғыш, орташа е)Көкпар тарту, атқа шабу

5.Синоним емес сөздерді көрсет.

а)Ақтау, майлау, әктеу в)Арай, шапақ с)Аласа,тапал,қысқа д)Асқабақ, асқазан е)Атқыш, мерген

6.Синонимдік қатары бар топты көрсет.

а)Дөкей, мықты, осал в)Епті, икемді, орашолақ с)Ескі, көне, жаңа д) Әдемі,сұлу, көркем е)Әзілкеш, қуақы, тұйық

7.Синонимдік қатарды көрсет.

а)Жазды, бақты, келді в)Тегіс, құйыс, кебенек с)Жолықты, ұшырасты, кездесті д) Ауылдас, мұңдас, қазық е)Сызық, жазық, балтыр

8.Синоним сөздердің тізбегін көрсет.

а)ағаш, бұтақ, жапырақ в)Ауыр, аусыл, адуын с)Тас, тау,шың д)Қайратты, қажырлы,қуатты е)Еңбек, абырой

9. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Хабар, хабарла в)Жалаң аяқ, жалаң қабат с)Аузын буған өгіздей, айқайлау д)Ыбырт жабылды, көз байланды, кеш түсті е)Үй жабдығы, киіз үй

10. Синонимдік қатарды көрсет.

а)Бел бала, сқар бел в)Сабыр,шыдам, төзім, тағат с)Ат салысты, аты шулы д)Ерлік, ынжық, батыл е)Сынақ, сынаушы

11. Синонимдік қатарды көрсет

а)Тән, жан, озат в)Ерлік, батырлық, пәс с)Шыдам, төзім, тағат д)Оқы, таны, жалпақ е) Ерен, жабайы, жомарт

12.Синоним сөздердің тізбегін тап.

а)Болашақ, келешек в)Көтерем,семіз с)Ел,жер д)Хабар,ұсыныс е)Үй, жиһаз

13."Ауру" сөзінің синонимдік қатарын көрсет

а)Науқас,кесел в)Ауқат,алғып с)Арман,үміт д)Сау,мықты е)Абайлау, абыржу

14. «Салмақты» сөзінің синонимін табыңыз

А) зерек B) ұғымтал C) сабырлы D) ажарлы Е) қабілетті

15. Синонимдік қатарды көрсетіңіз

А) қызыл, ер, бөгде B) жалт, ертең, суыт C) ауыр, жеңіл, қиын D) күшті, мықты, берік E) дала, ерлік, момын
3-нұсқа

1. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай. Д) Ж үйрік, қара, қалың.

Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

2. «Оқушы» сөзіне мәндес сөзді табыңыз.

А) Жазушы В) Ұстаз С) Оқытушы Д) Шәкірт Е) Тәлімгер

3. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жеңіл, терең, ежелгі В) Өнер, күй, музыка С) Тіршілік, өнер, бақыт Д) Бағыт, бағдар, беталыс Е) Өнерпаз, өнерсүйгіш, мәдениет

4. «Тез» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Ерте В) Орташа С) Жылдам Д) Жақсы Е) Жай

5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Апару, әкелу. В) Кінәлі, айыпты. С) Мәртебелі, сыйсыз. Д) Іс, сапар. Е) Жұмысшы, оқушы.

6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мықты, бос. В) Түзу, қисық. С) Бас,қол. Д) Ауру, сырқат. Е) Асау, жуас.

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Думан, той. В) Бала, мұғалім. С) Нәзік, толық. Д) Ажарлы, ажарсыз. Е) Үлкен, кіші.

8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.

А) Свист, звук. В) Звук, голос. С) Голос, разговор. Д) Тревожно-шумный. Е) Шум, звук.

9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.

А) Ата-әже. В) Әпке-аға. С) Аға-женге. Д) Апа-ата. Е) Әке-шеше.

10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Сұлу, әдемі, ең. В) Кәрі, қарт, қария. С) Саулық, шайлық, ірі. Д) Мүгедек, жас, қаріп.

Е) Барлық, түгел, ерін.

11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Асау, жуас. В) Аз, көп. С) Мықты, берік. Д) Жоқ, бар. Е) Мықты, бос.

12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көлемі, аумағы. В) Жер, аспан. С) Бес, он. Д) Үлкен, кіші. Е) Тұр, отыр.

13. «Аспан» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.

А) Көк, әуе В) Күн, планета С) Дала, жұлдыз, ай Д) Ғарыш, әлем Е) Көгілдір, ашық

14. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Шығыс, кіріс. В)Қорқақ, батыр. С)Қорқыныш, үрей. Д)Кездесу, көріспеу. Е)Шың, шыңырау.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

Елтаңбасы елімнің

Неткен сұлу, әдемі!

А) Неткен әдемі. В) Елтаңбасы елімнің. С) Сұлу, әдемі. Д) Неткен сұлу. Е) Елімнің елтаңбасы.

.

4-нұсқа.

1. Синонимдер қатарын табыңыз.

А) Түбіне-басына. В) Бірінші-алғашқы. С) Пікір-саяхат. Д)Баянды-сіңірген. Е)Белгілі-белгісіз.

2. «Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Тез. В) Қорқақ . С) Ұялу. Д) Жылдам. Е) Жоғалу.

3. «Қоян жүрек»фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Жақсы. В) Жақын. С) Кішкентай. Д) Қорқақ. Е) Үлкен.

4. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Сабырлы, ұстамды. В) Жуас, момын. С) Бет, жүз. Д) Аласа, биік. Е) Нәрсе, зат.

5. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Көрікті. В) Атақты. С) Ақылды. Д) Белгілі. Е) Көп.

6. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Менен, жетеу. В) Көркем, сұлу, көрікті. С) Қыс, жаз, күз, көктем. Д) Сырмақ , шекпен, алаша. Е) Сөк, түс, көз.

7. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз.

А) Ат, есім. В) Адал, арам, азат. С) Жетім, жесір, жігіт. Д) Ту, жалау, елтаңба. Е) Алаң, ал, алды.

8. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Туылу, дүниеге келу. В)Терең, саяз. С)Жүрек, сезім. Д)Ортаншы, кіші. Е)Таразы, тартылу.

9. Синоним сөздер тізбегін көрсетіңіз.

А) Төңірек, құрбы, мінез. В) Пысық , үлкен, ынта. С) Арман, асыл, әрең. Д) Ескі, көне, ежелгі.

Е) Жайдары, құрғақ , ақырын.

10. Синонимді анықтаңыз.

А) Ұқыпты-тиянақты. В) Үлкен-кішкентай. С) Сары-жасыл. Д) Жарық-қараңғы. Е) Саусақ-қол.

11. «Адам» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Ағайын. В) Құда. С) Құдаша. Д) Кісі. Е) Құдағи.

12. Синонимді табыңыз.

А) Сыйлау-құрметтеу. В) Әке-шеше. С) Өлім-өмір. Д) Ақ-қара. Е) Отан-отаншыл.

13. «Мөлдір» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдемі. В) Жуан. С) Тұнық . Д) Үлкен. Е) Тәтті.

14. Синоним сөзді көрсетіңіз.

А) Шын, өтірік. В) Жаңбыр, дауыл. С) Қарулы, нашар. Д) Оқулық , оқушы. Е) Құнды, бағалы.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Ақылдасу, кеңесу. В) Алды-арты. С) Жүзік, алқа. Д) Бала, туыс. Е) Қой, ешкі.
5-нұсқа

1.Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Ағайын, туыс. В) Ар, ұят. С) Атақ , даңқ . Д) Жақын, алыс. Е) Арам, харам.

2.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) орақ ,балға, балта. В) қулық , сұмдық , арамдық . С) қол, аяқ , саусақ . Д) ажар, өң, келбет, сақал. Е) жауынгер, қорқақ , қаһарман.

3. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Терең, таяз. В) Қара, бурыл. С) Бас, қол. Д) Заман, намаз. Е) Бет, жүз.

4. «Ұлаң-байтақ» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Кең, ұлан-ғайыр. В) Жақын, тар, ұзын. С) Басқа, шалғай, шалқар. Д) Шетсіз, қиыр-шығыс, алыс. Е) Ұзақ , алыс, шалғай.

5. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

А) Жиналыс, мәжіліс. В) Сұлу, әдемі, әсем. С) Мезгіл, уақыт, рет. Д) Күрес, арпалыс, тартыс.

Е) Тиімді, пйдалы, қажетті.

6.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жылдам, тез. В) Ауру, сау. С) Дос, қас. Д) Бас, аяқ . Е) Жақсы, жаман.

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Шәкірт, оқушы. В) Қараша, қабат, үй. С) Әдемі, сұлу, алтын. Д) Тақта, орындық , бүгін.

Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

8. «Қайратты» сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

А) Мезгіл, кезең. В) Тиімді, пайдалы. С) Күшті, мықты. Д) Күрес, арпалыс. Е) Әдемі, көркем.

9. «Толық» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Қызық. В) Жіңішке. С) Жуан . Д) Үлкен. Е) Тәтті.

10.Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз.

А) Көп, мол. В) Жаман, тартымды. С) Кең, жуық . Д) Қызық , сұлу. Е) Биік, аласа.

11. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.

А) Айтылуы әр түрлі, мағынасы бір. В) Айтылуы бір, мағынасы әр түрлі. С) Тура мағыналы.

Д) Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Е) Ауыспалы мағыналы.

12. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Аз. В) Қас. С) Үлкен. Д) Бас. Е) Байлық.

13. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы. В) Әдемі, сұлу, алтын. С) Тақта, орындық , бүгін.

Д) Қараша, қабат, үй. Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

14. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Сұлу, бай, байтақ В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр С) Жақын, шалғай, биік

Д) Алыс, үлкен, кең Е) Таза, терең, мөлдір

15. «Апта» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Жеті күн, жұма В) Кешке, түнде С) Уақыт, ай, күн Д) Ғасыр, дәуір Е) Кеше, бүгін


Тақырып: Антонимдер
1-нұсқа

1.Қарамен жазылған сөздер- мағынасына қарай қандай сөздер?

Үлкен бастар, Кіші қостар.

А)Омоним в)Синоним с)Антоним д)Көп мағыналы е)Ауыспалы мағыналы

2. «Қыздың жиған жүгіндей» тұрақты сөз тіркесінің антонимі.

А)әдемі в)көркем с)ретсіз д)көрікті е)әсем

3.Антоним сөздерді тап.

А)Үбірлі –шүбірлі в)Тұнық-лай с)Ұялу-имену д)Асты-жаны е)Үлкендік-ағалық

4.Антоним сөздерді тап.

А)Үрпию-ербию в)Жанды-жақты с)Шайтан-пері д)Тұнжырау-жадырау

Е)Шабу-ору

5. Антоним сөздерді тап

А)Сөндіру-өшіру в)Алапай-талапай с)Жоғары-жанында д)Алыста-шалғайда е)Ақ жүрек-арам

6.Антонимдік жұпты көрсет.

А)Күнгей-көлеңке в)Ұшан-теңіз с)Тіршілік-жан бағу д)Әбден шаршау е)Талантты-дарынды

7. Антоним сөздерді тап

А)Үздік-создық в)Ұялщақ-ұяң с)Ызақор-шақар д)Үстем-басым е)Жөндеу-бұзу

8. Антоним сөздерді тап

А)Арымай-ашымай в)Атамекен-жат жұрт с)Сусындау-шөлі қану д)Таңдау-талғау е)Алқа-салқа

9.Антонимдік жұп қайсысы?

А)Бажа-абысын в)Аралас-құралас с)Сәлем-сауқат д)Құмырсқа бел-жіңішке бел е)Араны ашылды-тәбеті тартпады

10. Антоним сөздерді тап

А)Үгіттеу-уағыздау в)Жеңіл-желпі с)Жайпақ-шұңғыл д)Үйлі-жайлы е)Тілектес-тілеулес

11. Антонимдік жұпты көрсет

А)Қынай бел-сұлу в)Ұзын құлақ-өсек с)Теріс-оң д)Ашығу-тоңу е)Ашулы-ашқарақ

12. Антоним сөздерді көрсет

А)тыным, тыныштық таппаған в)Адамның басы көрікті бас с)Жақсылық пен жамандық болды егіз д)Бұраң бел, алма мойын е)Ара гүлге қонды

13.Антоним дегеніміз не?

А)Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ

В)Бір-біріне мағынасы қарамақарсы айтылатын сөздер

С)Тұлғасы әр түрлі,мағыналары бір-біріне жақын сөздер

Д)Сөзге грамматикалық мағына үстейтін,сөзбен сөзді байланыстыратын

Е)Бастауыш пен баяндауыштың байланысы

14.Антонимдік жұпты көрсет.

а)бақыру-бажылдау в)шалғай-жырақ с)ауырлау-жеңілдеу д)батыл-өткір е)бар-аз

15.Антонимдес сөз тіркесін тап.

а)Тоғайлы жер,егінді алқап в)жуан таяқ, жіңішке таяқ с)жұмыр ағаш, майысқақ ағаш д)туған өлке, таулы жер е)тебеген ат, сүзеген сиыр
2-нұсқа

1. Антоним нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Мағыналары бір-біріне жуық сөздер. В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа. Д) Сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Е) Сөздің дыбыстық бірлігі.

2. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) аз В) толық С) кем Д) оңай Е) ұсақ

3. Антонимдер бар сөйлемді табыңыз.

А) Ол күрделі жөндеуден өткізілді. В) Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағам әзірленген. С) Ақын өмірі, шығармашылығы берілген. Д) Оның терезесі шығысқа қараған. Е) Екі қазан орнатылған.

4. Антоним сөзді табыңыз.

А) Қағаз-көмір. В) Ту-жалау. С) Оқушы-шәкірт. Д) Биік-аласа. Е) Ақ-ағаш.

5. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) төмен В) ұсақ С) аласа Д) кішкентай Е) қысқа

6. «Кеңейту» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Тарылту. В) Дамыту. С) Нығайту. Д) Таныту. Е) Қолдау.

7. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Қасқыр, түлкі В)Шығарды, отырды С) Шаңғы, боран Д)Сүйкек, асық Е)Басталды, аяқталды

8. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) биік В) кең С) ұзын Д) тап Е) аласа

9. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жанды, сөнді. В) Қасиетті, құрметті. С) Үлкен, ұзақ. Д) Әдемі, сұлу. Е) Жаны, қасы.

10. «Батыс» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дөңгелек. В) Орталық. С) Шығыс. Д) Оңтүстік. Е) Солтүстік.

11. «Арзан» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Тегін В) Қымбат С) Биік Д) Терең Е) Алыс

12. «Мықты» сөзінің антонимін көрсет.

А) кішкентай В) жеңіл С) әлсіз Д) ұсақ Е) аз

13. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Байтақ, кең. В) Дейін, шейін. С) Бәрі, түгел. Д) Көлемі, аумағы. Е) Таулы, жазық..

14. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Биік, үлкен. В) Биіктен түсті. С) Келе жатыр. Д) Мектеп, дала. Е) Қате, дұрыс.

15. «Жиі» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай. В) Аз. С) Сирек. Д) Ұсақ. Е) Қиын.
3-нұсқа.

1. Аласа сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Әдемі. В) Жақсы. С) Таза. Д) Биік. Е) Төмен.

2. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) жігіт В) бөтен С) батыр Д) қас Е) көрші

3. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) Өте-мол. В) Әдемі-әсем. С) Шаш-бас. Д) Үлкен-кіші. Е) Кітап-қалам.

4. Антонимдерді табыңыз.

А) Әдемі-сұлу. В) Жазалау-тексеру. С) Ақ-көк. Д) Ақымақ-ақылды. Е) Биік-жоғары.

5. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Жылдам, ақырын. В) Сұлу, әдемі. С) Алғаш, тұңғыш. Д) Көзі, мұрны. Е) Қыздар, әйелдер.

6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көрші-көлем. В) Жұт-жұрт. С) Соғыс-бейбітшілік. Д) Арман-мұрат. Е) Салт-дәстүр.

7. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көктем, жаз. В) Жақсы, жаман. С) Өте, тым. Д) Оқушы, бала. Е) Мектеп, қала.

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Таза, кір. Д) Салт, дәстүр. Е) Ата, әке.

9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

А) Антоним. В) Көп мағыналы. С) Фразеологизм. Д) Синоним. Е) Омоним.

10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Шын, рас. В) Жас, кәрі. С) Тұлға, бейне. Д) Ақымақ, есер. Е) Есім, ат.

11. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Алды-арты. В) Ту-жалау. С) Ақ-ағаш. Д) Қалам-көмір. Е) Оқушы-шәкірт.

12. «Шық» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Кір. В) Жаман. С) Бар. Д) Жоқ. Е) Кіші.

13. Антоним сөздерді табыңыз:

А) Аш, жап. В) Кілтпен ашты. С) Әдепті бала. Д) Әдейі, арнайы. Е) Қалаға барды.

14. Антонимдер қатарын анықтаңыз.

А) Ескі-жаңа, жарық-қараңғы. В) Қысқа-келте, қызыл-жасыл. С) Ыстық-жылы, жылы-жұмсақ .

Д) Көру-қарау, есту-ұғу. Е) Салқын-суық , ұзын-байтақ .

15. «Жаңару» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Молаю. В) Ескеру. С) Түн. Д) Көпшілік. Е) Азшылық .


4-нұсқа

1.Антонимдерді табыңыз.

А) Ит өлген жер-таяқ тастам жер. В) Іші жылу-көз жұму. С) Бетінен оты шығу-жүрегі жарылу.

Д) Бетінен қақпау-көз ілмеу. Е) Өлердегі сөзін айту-екі көзі төрт болу.

2. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек түбі береке. В) Ерлік білекте емес, жүректе. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Д) Көз-қорқақ , қол-батыр. Е) Балықшы балықшыны алыстан көреді.

3. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Үлгі-өнеге. В) Ілгерінді-кейінді. С) Шеше-ене. Д) Шаншу-түйреу. Е) Хабар-дерек.

4.Антонимдерді табыңыз.

А) Алыс пен жақынды жүрген біледі. В) Сабақ өте қызық өтті. С) Қарағанды-өндірісті қала.

Д) Көктемде күн жылынады. Е) Кітап – білім бұлағы.

5. Антонимді табыңыз.

А) Үйір-табын. В) Арсыз-әдепсіз. С) Жина-шаш. Д) Жүрдім-бардым. Е) Шұғыл-жедел.

6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Шыбын-шіркей. В) Бұлғақтау-бұраландау. С) Көктем-жазғытұры. Д) Аштық-тоқтық .

Е) Аға-әке.

7. Антонимді табыңыз.

А) Дос-жолдас. В) Ақ-қызыл. С) Бұзу-жөндеу. Д) Көп-қыруар. Е) Халайық-әлеумет.

8. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Жомарт-сараң. В) Нәтижелі-жемісті. С) Соқтығыс-қақтығыс. Д) Жоламау-жуымау.

Е) Маңдай алды-бетке ұстар.

9. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Елгезек. В) Білімді. С) Оқыған. Д) Аңқау. Е) Надан.

10. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсетіңіз.

Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Есімдік. Е) Зат есім.

11. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Салт, дәстүр. Д) Ата, әке. Е) Үлкен, кіші.

12. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін табыңыз.

А) Тентек. В) Момын. С) Жайлы. Д) Нәзік. Е) Баяу.

13. Антоним сөзді табыңыз.

А) Көмектесіп жүр. В) Шапшаң, жылдам. С) Соғыс, бейбітшілік. Д) Алысқа кетті.

Е) Шаршап-шалдығу.

14. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) алыс В) кең С) артқа Д) төменге Е) жоғары

15. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дос. В) Жер. С) Жау. Д) Адам. Е) Ер.
5-нұсқа

1. Антоним сөздерді белгілеңіз.

А) Ежелгі, мекен В) Тұрғын, өнер С) Ескерткіш, қоршау Д) Күмбез, ғимарат Е) Келді, кетті

2. «Табу» сөзінің антонимін көрсетіңіз

А) Бар В) Пайда болу С) Әкелу Д) Әкету Е) Жоғалту

3. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көйлек-көншек В) Қисық-қыңыр С) Тамаша-әдемі Д) Шағын-ірі Е) Жоғары-биік

4. «Қиын» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Ұзақ. В) Жақсы. С) Оңай. Д) Аудар. Е) Көн.

5. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жер аттары. В) Жалшы-жақыбай. С) Таласа-тармаса. Д) Тәтті-ащы. Е) Жер-жаһан.

6.Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөзді тап.

а)Жігіттің екі сөйлегені өлгені в)Ер қаруы-бес қару с)Нар тәуекел-ер ісі д)Жауды басындырма, жақынды ашындырма е)Жақсыдан- шарапат, жаманнан кесатап

7.Антоним сөздерді тап

а) тұнық-лай в)ұялу-имену с)үбірлі-шүбірлі д)үлкендік-ағалық е)асты-жаны

8. Антонимдік жұпты көрсет.

а)Сулы-құрғақ в)Талапты-өжет с)қысқа-кішкене д)сулы-сусыз е)Биік-заңғар

9.Антоним сөзі бар мақал-мәтелді тап.

а)Ақылың аз,ашуың көп болса-қор боласың. в)Татулық-табылмас бақыт с)Адал достық алтыннан да қымбат д)тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады е)Ашуың келсе, қолың тарт

10. «Терең» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

A) Тайыз B) Жұқа C) Аласа D) Қашық E) Тар

11. Антонимдер қай қатарда?

А) кел, әкел, жүр, жүгір В) сұлу, әдемі, әсем, көркем С) қызық, қызыл, тамаша, орташа D) алыс, жақын, ірі, майда Е) көмек, жәрдем, алғыс, жеңіс

12. «Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз

А) алыс – жақын B) қатты – жұмсақ C) ұзыны – қысқасы D) көп – аз Е) сулы – құрғақ

13. Антоним емес сөздерді көрсетіңіз



А) қатты-жұмсақ В) кең-тар С) бай-кедей D) таза-жарық Е) ауыр- жеңіл

14. «Ауру» сөзінің антонимін көрсетіңіз

А) күшті В) қатаң С) сау D) сырқат Е) көңілді

15. “Тегін” сөзінің антонимін жазыңыз.

А) Құнды. В) Құнсыз С) Бекер Д) Босқа Е) Ақылы




Тақырып: Табу
1 – нұсқа

1. Табу сөзді көрсет.

А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты. Д) Дәптер Е) Көлік

2. .Табу сөздерді табыңдар.

А)ит- құс, мырза жігіт, ала жіп     В)алтын, аймақ, атыз С)нарық, несие, тікұшақ

Д)барымта, сауын айту, жейде Е) алма-алмұрт

3. «Мырза жігіт», «кенже бала» сөздері қай сөзге қатысты?
А) дисфемизм        В) эвфемизм                С) табу            Д) көнерген сөз         Е) тұрақты тіркес
4. Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді тап.
А) ұлыма           В) жасыл түсу               С) соқырішек          Д) жаман ауру          Е) дауыл
5. Табу сөздер неден туындаған?
А) салт-дәстүр        В) сыпайылық           С) ем             Д) ырым              Е) аты белгісіз болу

6. Табу сөзді тап.


А) Келін қайынын өз атымен атамайды.   В) Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.    С) Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізді.
Д) Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнтә болды.     
Е) Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын  өз атымен айтпаған

7. «Шешек» ауруының атына байланысты табуды көрсет

А) қорасан В) топалаң С) ұлыма Д) итқұс Е) жасыл

8. Табу қандай ұғыммен байланысты?

А) этнографикалық В) этнолингвистикалық С) лексикалық Д) синонимдік

Е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс

9. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?

А) эльфилизм В) синоним С) омоним Д) табу Е ) антоним

10. Табуды көрсет

А) ұлыма, итқұс В) қасқыр С) қыздар Д) бүркіт Е) қыран

11. Қазақтың әдет-ғұрпына байланысты табу сөзді табыңыз

А) қарасам В) жасын С) ылау Д) ұлыма Е) бикеш

12. «Құм қата» қандай мәндегі табу?

А) қауіпті жәндік атауы В) жақындық ағынасы С) жылқыда болатын ауру аты

Д) табиғат құбылысына байланысты атау Е) жыртқыш аң атауы

13. Табу сөздер неден туындаған?

А)салт-дәстүр В)сыпайылық С)ем Д)ырым Е)аты белгісіз ауру

14. Табу сөзді тап

А)қайын сіңілісі, қайнысы В)туберкулез, радикулит С)құрт, шаян Д)итқұс, жіңішке ауру Е)найзағай, жаңбыр

15. Табу сөзді тап

А) Керек В) Гүл С) Қыз Д) Төре жігіт Е) кең дала
2 – нұсқа

1. Табу сөздер неден туындаған?

А)салт-дәстүр В)сыпайылық С)ем Д)ырым Е)аты белгісіз ауру

2. Табу сөзді тап

А)қайын сіңілісі, қайнысы В)туберкулез, радикулит С)құрт, шаян Д)итқұс, жіңішке ауру Е)найзағай, жаңбыр

3. Табуды көрсет

А) ұлыма, итқұс В) қасқыр С) қыздар Д) бүркіт Е) қыран

4. Қазақтың әдет-ғұрпына байланысты табу сөзді табыңыз

А) ұлыма В) қарасам С) жасын Д) ылау Е) бикеш

5. «Қамбар ата», «Зеңгі баба», «Шопан ата» қай сөздер тобына мысал бола алады?

А) омоним В) табу С) эвфелизм Д) дисфелизм Е) синоним

6. «Шешек» ауруының атына байланысты табуды көрсет

А) қорасан В) топалаң С) ұлыма Д) итқұс Е) жасыл

7. «Құм қата» қандай мәндегі табу?

А) қауіпті жәндік атауы В) жақындық ағынасы С) жылқыда болатын ауру аты

Д) табиғат құбылысына байланысты атау Е) жыртқыш аң атауы

8. Табу қандай ұғыммен байланысты?

А) этнографикалық В) этнолингвистикалық С) лексикалық Д) синонимдік

Е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс

9.Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?

А) эльфилизм В) синоним С) омоним Д) табу Е ) антоним

10. Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді тап.


А) ұлыма           В) жасыл түсу               С) соқырішек          Д) жаман ауру          Е) дауыл
11. Табу сөздер неден туындаған?
А) салт-дәстүр        В) сыпайылық           С) ем             Д) ырым              Е) аты белгісіз болу

12. Табу сөзді тап.


А) Келін қайынын өз атымен атамайды.   В) Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.    С) Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізді.
Д) Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнтә болды.     
Е) Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын  өз атымен айтпаған

13. Табу сөзді көрсет.

А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты. Д) Дәптер Е) Көлік

14 .Табу сөздерді табыңдар.

А)ит- құс, мырза жігіт, ала жіп     В)алтын, аймақ, атыз С)нарық, несие, тікұшақ

Д)барымта, сауын айту, жейде Е) алма-алмұрт

15. Қазақтың әдет-ғұрпына байланысты табу сөзді табыңыз

А) қарасам В) жасын С) ылау Д) ұлыма Е) бикеш


Тақырып: Эвфемизм және дисфемизм
1-нұсқа

1. Эвфемизмді табыңыз.

A) Ұрланды. B) Табылмады. C) Іздеді. D) Қолды болды. E) Жоғалды.

2. Дисфемизм сөзді табыңыз.

А) Боқмұрын. В) Сөзуар. С) Қосып айту. Д) О дүниеге аттанды. Е) Қолды болды.

3. Эвфемизм сөзді табыңыз.

А) Өлді. В) Оттай берсін. С) О дүниеге аттанды. Д) Пысқырма. Е) Қырт.

4. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізуді не дейді?



А) дисфемизм В) табу С) ауыспалы мағына Д) метонимия Е) эвфемизм

5. Қай сөз дисфемизмге жатады?



А) қолының жымысқысы бар В) мылжың С) барымта Д) ауылнай Е) уәзір

6. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз.

А) найзағай В) қасқыр С) соқырішек D) ұлыма Е) жын

7. Дисфемизмді тіркесті табыңыз.

А) ақсақ ада В) көреген кісі С) парасатты ақын D) жаралы жан Е) бауырмал жігіт

8. Эвфемизмді тұрақты тіркесті табыңыз.

А) қолды болыпты В) ашық мінез С) жүрек жұтқан D) тілі күрмелді Е) қарны ашты

9. "Жан тәсілім етті" сөзі қай сөзді ауыстырып тұр?



А) жараланды В) сырқаттанды С) қан тапсырды D) өлді Е) жынданды

10. Дисфемизм сөздерді төмендегі қай сөздерге жатқызуға болады?



А) историзм В) архаизм С) неологизм D) диалект Е) кәсіби сөз

11. Эввфемизм бойьшша "Найзағай" сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?

А) жай В) гүріл С) түнгі жарылыс D) жасы Е) табиғат құбылысы

12. “ Өтірік айтпа” деген сөз тіркесінің орнына эвфемизм қолдан

А) көп сөйлеме В) Сөз естіді С) қоспай айт Д) үндеме Е) күлме

13. Эвфемизм бойынша “ өсекші” сөзін қай сөзбен ауыстыруға болады?

А) аузы жеңіл В) келме С) қорқақ Д) сөзуарлау Е) көп сөйлейді

14. Дисфемизмді тіркесті тап

А) ақсақ адам В) сұлу қыз С) тәрбие Д) парасатты ақын Е) жаралы жүрек

15. Эвфемизм бойынша “ мылжың ” сөзін қай сөзбен ауыстыруға болады

А) аузы жеңіл В) өскші С) табиғат Д) сөзуарлау Е) көп сөйлейді
2 – нұсқа

1. Эвфемизмді табыңыз.

A) Ұрланды. B) Табылмады. C) Іздеді. D) Қолды болды. E) Жоғалды.

2. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу не деп аталады?

А)дисфемизм В)табу С)тура мағына Д)метонимия Е)эвфемизм

3. Эвфемизмге жататын сөзді белгіле

А)найзағай В)қасқыр С)бақиға аттану Д)ұлыма Е)жын

4. Эвфемизмге жататын тұрақты тіркес

А)қолды болыпты В)ашық мінез С)жүрек жұтқан Д)тілі күрмелді Е)қарны ашты

5. Эвфемизм бойынша «сөзуарлау» сөзі қай сөзді алмастырады?

А)салақ В)шешен С)мылжың Д)бәдік Е)олақ

6. Сөйлемдегі дисфемизмді тап

А)оның бір көзінің мүкістігі бар еді В)Асанның қартайған шағында бір құлағы естімей қалды С)ақанның бойы ұзын болғандықтан, оны «ұзынтұра» дейді Д)Ұлы Отан соғысынан оралғандар бір мүшесін соғыс даласында қалдырды Е)Болат әрдайым кемтар адамдарға көмектеседі

7. Қай тіркес «әділ» деген мағынаны береді?

А)Тонның ішкі бауындай В)ала жіпті аттамау С)он саусағынан бал тамған Д)қара қылды қақ жарған Е)мұрнынан шаншылу

8. Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтуды не дейміз?

А) дисфемизм В) эвфемизм С) табу Д) синоним Е) астарлап айту

9.«Мылжың» сөзінің эвфемизімін ата

А) қосып айту В) қолды болды С) сөзуар Д) ала жібін аттамау Е) өтірік айту

10.Әдепті сөзді дөрекі сөзбен жеткізу құбылысы

А) дисфемизм В) эвфемизм С) табу Д) синоним Е) астарлап айту

11.Дисфемизм мағынасы жағынан қай құбылысқа қарама-қарсы келеді?

А) антонимдер В) синонимдер С) эвфемизм Д) омонимдер

Е) берілген жауаптардың дұрысы жоқ

12. Ол бір оқыс сөйлейтін адам деген сөйлемдегі оқыс сойлейтін адам қандай тіркес?

А) дисфемизм В) омоним С) антоним Д) эвфемизм Е) синоним

13. Дисфемизм мағынасы жағынан қай құбылысқа қарама-қарсы келеді

А) антонимдер В) синонимдер С) эвфемизм Д) омонимдер Е) табу

14. Дисфемизмді тап

А) екі ноғай В) менің нем кетеді С) деді өзі Д) нем кетеді Е) бірі өліп, бірі қалсын



15. – Әй, сен шырақ, жақсы редактор болам десең, сыбырлақ сынға пысқырма! Оттай берсін! Сөйлемнен дисфемизмдерді тап

А) Әй В) сен шырақ С) жақсы редактор Д) сыбырлақ сын Е) пысқырма! Оттай берсін!
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет