Қазақ тілі сабағындағЫ Үш тілділік мухсинова айгүл мухсиновна «№23 жббом» кмм қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата13.08.2017
өлшемі67,85 Kb.
#23582
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДІЛІК
МУХСИНОВА АЙГҮЛ МУХСИНОВНА
«№23 ЖББОМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қарағанды қаласы
«Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», - деген Елбасымыздың «Қазақстан -2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, еліміз қай қарқында дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде [3,41].  Заманауи ақпараттың кең дамыған ғасырындағы жаңашыл өзгерістер қазақ елінің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр.

Бүгінгі білім беру жүйесі жетілген заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, кең жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп болашаққа аса терең біліммен қадам жасап, білімнің сан қилы құпиясына үңіліп, өзінің қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, көп тілді меңгерген құзіретті ұрпақ тәрбиелеу білім беру жүйесіндегі аса қажетті мақсаттар болып отыр.

Қазіргі заман талабы – үштілді оқыту. Бәсекелесуге қабілетті елдер қатарына апаратын баспалдақтардың бірі – үштілділік.

Қазақ елі бүкіл әлемге үш тілді: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілін пайдаланатын мәдениеті жоғары ел ретінде танылуы қажет.

Ақпараттық технология дамыған заманда күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз қажет. 
Орта мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізілуде. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.

Мен өз іс-тәжірибемде оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытатын ойын технологиясын сабақта пайдаланамын. Атап айтқанда, «Тіл білгірі», «Сөз мерген», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Тілдер сөйлейді» сияқты өнімді нәтиже беретін ойындарды өткізудің үштілді меңгертуде маңызы зор. 


6-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнінен «Көсемше» тақырыбы бойынша қайталау сабағымды мысал ретінде алып отырмын. Бұл сабақтың жалпы мақсаты көсемшеден өткенді еске түсіре отырып, білімдерін пысықтау, оқушыларды достыққа, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу. Сабақ барысында әдебиетпен, орыс тілімен, ағылшын тілі пәндерімен байланыс орнады.

1.Зымыран сұрақтар: (дұрыс жауап үш тілде қайтарылады).

  • Көсемше қандай сөз табының ерекше түрі? (етістік - глагол- verb)

  • Көсемше қандай мәндерде жұмсалады? (етістік, үстеу – глагол, наречие, verb, Adverb);

  • Көсемшенің қанша түрі бар (Үш түрі – три вида, three types);

  • Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады? (Баяндауыш, пысықтауыш – сказуемое, обстоятельство- predicate, adverbial modifier);

2. Үш топқа тапсырмалар беріледі.

Сөйлемдегі көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасайды және көсемшенің басқа тұлғаларын жасау тапсырылады. Оқушыларға ойлану үшін 2 минут, орындауға 2 минут беріледі.



І топ: Пысық жігіттер той мерекесін өткізудің тәртібін кеңесіп жатты.

ІІ топ: Аттың шабатын межесі Алакөлдің арғы белесіндегі қара жол болады.

ІІІ топ: Сақадай іріктелініп жиырма ат шықты.


іп а іп

Кеңес е Бол ып Іріктелін е

келі ғалы гелі

3. Жұмбақ сөз:

Әр топқа жеке-жеке мақал-мәтел айтылады. Ол үшін көсемше «үнсіз айту» белгісімен оқылады. Жасырынған сөзді тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Ойланып айтуға 1 минут уақыт беріледі.



І топ тапсырмасы:

Болат қайнауда (шынығады),

Батыр майданда (шынығады).

Жауабы: шынығады – закаляется-become hardener

ІІ топ тапсырмасы:

Ақылды адам арын (қорғайды),

Сараң адам малын (қорғайды),

Жауабы: қорғайды-защищает-defends

ІІІ топ тапсырмасы:

Ақылды кісі ісіне (сенеді),

Ақымақ кісі күшіне (сенеді).

Жауабы: сенеді – верит -believe

4. Берілген етістіктерге көсемшенің жұрнағын жалғаңдар, орысша, ағылшынша аудармасын жасаңдар: (тапсырма оқушыларға жекелей таратылады).Орындау үшін 3 минут уақыт беріледі:




Мысалдар

-ып,-іп,-п

-а,-е,-и

-ғалы,-гелі,-келі, -қалы

oрысша

ағылшынша

Даму

дамып

дами

дамығалы

развиваться

develop

Бейнелеу

бейнеленіп

бейнелене

бейнеленгелі

изображать

represent

Жазу

жазып

жаза

жазғалы

писать

write

Жүзу

жүзіп

жүзе

жүзгелі

плавать

swim

Сызу

сызып

сыза

сызғалы

чертить

draw

5. Берілген суретке қарап, сөйлемдегі көп нүктенің орнына көсемшенің жұрнағын жалғаңдар, жыл мезгілдерінің атaуын үш тілде айтыңдар:



көктем-весна-spring жаз-лето-summer қыс-зима-winter күз-осень-autumn

Сөйлемдер:

(қажетті жұрнақтар: -ып, -ғалы, -қалы)



Жаз шық ... біз табиғат аясында демаламыз. Қар жау ... айнала ақ көрпе жамылды. Көктемде сай-сала суға тол ... кетті. Күзгі жаңбыр бастал ... алқапты су басты.

Сабақ барысындағы үш тілде жүргізілген тапсырмалар оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды.



Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Мемлекеттік тіл қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттігіне қазіргі таңда ерекше назар аударылған. Сонымен бірге көптілділікті меңгеруді жолға қою – орта білім жүйесіндегі педагогикалық үрдістің негізі бағыты. Кез келген Қазақстан азаматы кем дегенде үш тілді меңгеріп, күнделікті қарым-қатынаста қолдана білсе, Елбасымыздың жылдағы Жолдауында айтылып келе жатқан мәселе жүзеге асырылады деп білемін. 
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі мен әдебиет журналы: №4, 19 б. 2002ж.

  2. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007

Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет