Қазақ тілін оқытудың қазіргі әдістері



Дата14.09.2017
өлшемі23,51 Kb.
#32119
Гүлнар Тасқалиқызы Усабаева

Қазақ тілі мұғалімі

№1 Урицк орта мектебі

Сарыкөл ауданы



Қазақ тілін оқытудың қазіргі әдістері
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі мен секілді қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.

Сондықтан, мен өзімнің сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жиі қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын барынша көтеруге тырысамын.Әсіресе, бұл ғажайып тәсілмен көптеген қызықты нәрселер жасауға болады. Яғни, интерактивтік жабдықтарды қолданып, ғаламтордағы жаңаша бағдарламарды іздеп, оларды пайдалану. Бұл орайда қашықтық оқыту курстардан үйренгенімді кәдеге жаратып келемін. Мысалы, 5-сыныпқа арналған «Қызықты грамматика» деген оқу-әдістемелік кешен жасадым. Оның ішінде электрондық құрал, жаттығулар жинағы және дарынды балалармен бірге оларға арналған қазақша әндер жинағының электрондық нұсқасын жасадық. Алғашқысында қазақ тілінің грамматикасына құрылған қызықты ойындар, презентациялар, интерактивтік сұрастыру жүйесіне арналған тест сұрақтары, түрлі тапсырмалар және өзімжасаған флипчарттар бар. Әсіресе, интерактивтік сұрастыру жүйесімен жұмыс жасай алатынымды ерекше атап өткім келеді. Кабинетімде 32 «Activote» сымсыз пульттері бар. Алдымен, оның инструкциясын ғаламтор желісінен тауып алып, сосын оқушылармен бірге жұмысқа кірістік. Біздер үшін бұндай заманауи бағалау сайманымен танысу өте қызық болды. Ашығын айтқанда, қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік беретін бұл құрылғы балаларға қатты ұнады. Олармен жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын арттырып, қазақ тілін оқуға деген ынталарын оятты.

Сондай-ақ, мен қазақ тілі сабақтарына дайындалғанда бұдан да басқа қызықты видеолар мен интерактивтік ойындар жасаймын. Жақында ағылшын тілінен өткізілген «Кереметтер өрісі» деген ойынды қазақ тілі сабағында жасап көрдім. Бұл да жаман нәтиже берген жоқ. Оқушылар үшін аса қызықты болды. Әсіресе, PowerPoint бағдарламасында жасалған, триггер деген цифрлық техника элементтері қосылған ойындар балалардың зерттеу, шығармашылық қабілеттерін және функционалдық сауаттылықтарын дамытуға септігін тигізді.

Ал, енді «Смешариктермен ойнайық!» деген ойыным 5-6-сыныптар үшін танымдық тұрғыдан зор әсер етті. Бұл ойынқазақ тілінің грамматикасын қайталау бағытында берілді. Міне, осындайойындар арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа құштарлығын күшейте түседі.



Қазақ тіліне электронды түрде көп көңіл бөлуге болады. Айталық, сөз таптарын қайталағанда, жалғаулардың түрлерін, үндестік заңыжәне тағы да басқа тақырыптар бойынша ActivInspire деген бағдарлама арқылы жасалған флипчарттар өте қолайлы.

Жалпы, қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.
Каталог: uploads -> doc -> 0ae8
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ae8 -> Сабақтың тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет