Қазақ тілінен тест сұрақтары (қазақ тобы )



Дата01.04.2018
өлшемі149,29 Kb.
#40006
Қазақ тілінен тест сұрақтары

(қазақ тобы )



1. Еріндік, езулік дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз. 
A) Құлын. 
B) Сараң. 
C) Еркін. 
D) Әдеп. 
E) Баға. 
2. Ұяң дыбыстардың қатарын көрсетіңіз. 
A) м, д, з. 
B) р,х, з. 
C) б, ж, д. 
D) с, д, х. 
E) ғ, т, л. 
3. Көмекші сөзді тіркесті табыңыз. 
A) Жазамын. 
B) Ермек үшін. 
C) Келді. 
D) Сиыршы. 
E) Әке. 
4. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз. 
A) Азамат. 
B) Ұшқыш. 
C) Озат. 
D) Ойыншық. 
E) Суырма. 
5. Болжалдық сан есімді табыңыз. 
A) Он бүтін бестен бір. 
B) Тоғызыншы. 
C) Алтау. 
D) Сегіздерде. 
E) Жетпіс бес. 
6. Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз. 
A) Ешкім, әлдеқашан. 
B) Ғой, бірақ. 
C) Кімім? кіміңіз? 
D) Кейбір, біреу. 
E) Алма, нарық. 
7. Есімді тіркесті көрсетіңіз. 
A) Жыл құсымен енеді. 
B) Тау басына шығу. 
C) Тілін тигізу. 
D) Жақсы бала. 
E) Асықпай сөйлеп ала жөнелу. 
8. Жайылма сөйлемді табыңыз. 
A) Күз түсті. 
B) Жаңбыр көп жауды. 
C) Қар еріді. 
D) Қоңырау соғылды. 
E) Сағат жүріп тұр. 
9. Автор сөзіне тән анықтаманы белгілеңіз. 
A) Біреудің сөзінің мазмұны. 
B) Екі адамның сөйлескен сөзі. 
C) Қанатты сөз. 
D) Біреудің айтқан нақты сөзі. 
E) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі. 
10. Омоним болатын сөзді табыңыз. 
A) Балшық. 
B) Он бес. 
C) Мұғалім. 
D) Ауыз. 
E) Сау. 
11. Күрделі сын есімді табыңыз. 
A) Мерекеге ұласу . 
B) Өнерлеріне разы. 
C) Басынан таяқ арылмау. 
D) Бидай өңді. 
E) Егінді күту. 
12. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Қазір балалардың бәрі де бизнесмен болғысы келеді. 
B) Мен дәрігер боламын. 
C) Жаның сүйген еңбегің-жан рақаты. 
D) Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. 
E) Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын. 
13. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз. 
A) Соншалық. 
B) Баяу. 
C) Сеніңше. 
D) Қазақша. 
E) Бұлбұлдайын. 
14. Қате қойылған тыныс белгісін анықтаңыз. 
A) Мектепке қарай бар. 
B) Сен-ақ ала бердің. 
C) Сен түгіл өзіне қимайды. 
D) Ол кінәні өзінен іздейтін-ді. 
E) Аз-ба, көп-пе. 
15. Тұрақты тіркесті табыңыз. 
A) Тонның ішкі бауындай. 
B) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. 
C) Адал достық алтыннан қымбат. 
D) Олақтан салақ жаман. 
E) Өнерлі өрге жүзер. 
16. Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз. 
A) Пысықтауыш. 
B) Анықтауыш. 
C) Толықтауыш. 
D) Айқындауыш. 
E) Баяндауыш. 
17. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз. 
A) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді. 
B) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. 
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 
D) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. 
E) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. 
18. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген, көрсетіңіз. 
A) Биік мансап - биік жартас - дейді Абай. 
B) "Биік мансап - биік жартас", - дейді Абай. 
C) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай. 
D) "Биік мансап, биік жартас", - дейді Абай. 
E) "Биік мансап, биік жартас" - дейді Абай. 
19. Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз. 
A) Ресми стиль. 
B) Ғылыми стиль. 
C) Ауызекі стиль. 
D) Көркем әдебиет стилі. 
E) Публицистикалық стиль. 
20. «Шиіт» сөзін қай қатарға жатқызамыз. 
A) Антоним. 
B) Көнерген сөз. 
C) Синоним. 
D) Кәсіби сөз. 
E) Диалект сөз. 
21. Басқа тілден енген сөздер қатарын табыңыз. 
A) Ауыл, дәптер, қорамса. 
B) Тергеуші, өсімдік, қағаз. 
C) Геометрия, телефон, ұстаз. 
D) Қайшы, хат, пышақ. 
E) Өзен, дос, барымта. 
22. Келіс (сөз), шаң (сорғыш) - қандай тұлғада жазылатынын көрсетіңіз. 
A) Қос сөз түрінде. 
B) Туынды сөз түрінде. 
C) Қысқарған сөз түрінде. 
D) Бөлек. 
E) Біріккен сөз түрінде. 
23. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз. 
A) Аққу. 
B) Техника. 
C) Шөлейт. 
D) Шекара. 
E) Шеше. 
24. Көмекші етістікпен келген еліктеуішті табыңыз. 
A) Құрт-құмырсқа көп. 
B) Үйді-үйімізге тараймыз. 
C) Алба-жұлба. 
D) Жалп-жалп етті. 
E) Анда-санда келіп тұр. 
25. Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің түрін табыңыз. 
Маған, ең алдымен, орыс поселкесінің көше-көше боп орнауы ұнады. 
A) Қаратпа сөз. 
B) Одағай сөз. 
C) Төлеу сөз. 
D) Қыстырма сөз. 
E) Төл сөз.

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

(орыс тобы)

І нұсқа


1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдепті.

В) Әдемі.

С) Сыпайы.

D) Мықты.

Е) Салмақты.

2. Буын түрін анықтаңыз.

A) Тұйық.

В) Жалғау.

С) Жалаң.

D) Буын.

Е) Тасымал.

3. — дар, — дер, — тар, — тер, — лар, — лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) Септік.

В) Жіктік.

D) Көптік.

C) Тәуелдік.

Е) Етістік.

4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.

А) Сен дегенде сөз бар ма?

B) «Келешек — өткен тарихты қорғау», — дейді Олжас Сүлейменов.

С) Балалардың соңғы ермегі -«Ақсүйек», «Соқыр теке».

D) Сауатты болу дегеніміз — дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...

А) Ынтымақ күні.

В) Конституция күні.

С) Тәуелсіздік күні.

D) Республика күні.

Е) Жеңіс күні.

6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.

А) Астана.

В) Орал.

С) Ақтау.

D) Отырар.

Е) Атбасар.

7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.

А) Алаша, көрпе, төсеніш.

В) Кесе, қасық, пышақ.

С) Кітап, дәптер, қалам.

D) Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.

Е) Қару — жарақ, ер — тұрман, қоржын.

8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.

А) Шахмат.

В) Дойбы.

С) Баскетбол.

D) Тоғызқұмалақ.

Е) Лото.


9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.

А) Апта.


B) Қыс.

С) Жаз.


D) Күз.

Е) Көктем.

10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.

A) Қорқақ.

В) Әлсіз.

С) Салмақты.

D) Батыр.

Е) Күшті.

11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Іс, сапар.

B) Кінәлі, айыпты.

С) Апару, әкелу.

D) Жүмысшы, оқушы.

Е) Мәртебелі, сыйсыз.

12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:

А) Оқушылар.

В) Көйлектер.

С) Қонақтар.

D) Қайындар.

Е) Дәптер.

13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.

А) Сапар.

В) Айман.

С) Алпыс.

Б) Азат.

Е) Аймақ


14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!

А) Сілтеу, жалпылау.

В) Жіктеу, болымсыздық.

С) Жіктеу, сілтеу.

D) Жалпылау, белгісіздік.

Е) Жіктеу, өздік.

15. Шартты райлы етістікті табыңыз.

А) Ертең мектепке кел.

В) Содан кейін мені сына.

С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.

D) Бір көрсем, арманым болмас еді.

Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.

16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар

А) 22 наурыз күні біз демаламыз.

В) Табиғатты аялайық.

C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.

D) Табиғат адамға бәрін береді.

Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.

17. Баяндауышты табыңыз.

Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

А) Күзде.

В) Жыл құстары.

С) Жылы.

D) Ұшып кетеді.

Е) Жакқа.

18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.

А) Тоқтар.

В) Мәншүк.

С) Бауыржан.

D) Райымбек.

Е) Талғат.

19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.

А) Шалаш.

В) Кірпіш үй.

С) Киіз үй.

D) Саман үй.

Е) Коттедж.

20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Ең, өте, тым.

В) Аш, ат, от.

С) Есім, мысал, көп.

D) Ал, жай, көр.

Е) Ет, кет, аса.

21. Тәуелденген сын есімді табыңыз.

А) Айтарың бар ма?

В) Сенің балаң.

С) Ешкімің жоқ.

D) Жақсың қайсы?

Е) Біреуің кел.

22. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.

В) Заттың дәл нақты санын білдіреді.

С) Заттың санын топтап көрсетеді.

D) Заттың реттік санын білдіреді.

Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.

23. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.

А) — шы.

B) - лық.

С) — тың.

В) — лік.

Е) — ші.

24. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

A) Қашанға дейін?

В) Не себепті?

С) Неге?

В) Неліктен?

Е) Не мақсатпен?

25. Жекіру одағайын табыңыз.

А) Әттеген — ай.

В) Беу.


С) Тәйт.

D Рахмет.

Е) Моһ — моһ

ІІ нұсқа


1. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Бас, аяқ.

В) Мұғалім, оқушы.

С) Бас, жақ.

D) Әдемі, сұлу.

Е) Үлкен, кіші.

2. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.

A) Серт.


В) Уәде.

С) Болжам.

Б) Қағида.

Е) Ереже.

3. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.

А) Кім, не.

В) Ешкім, ештеңе.

С) Ешқашан, ешбір.

D) Олар, сендер.

Е) Анау, мынау.

4. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз

A) 5.


B) 4

С) 3.


D) 2.

Е) 6.


5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз.

А) Мұзафар Әлімбаев.

В) Шотаман Уәлиханов.

С) Шәкен Ниязбеков.

D) Қадыр Мырза — Әлі.

Е) Жандарбек Мәлібекұлы.

6. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...

А) Ынтымақ күні.

B) Конституция күні.

С) Тәуелсіздік күні.

D) Республика күні.

Е) Жеңіс күні.

7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.

А) Алаша, көрпе, төсеніш.

В) Кесе, қасық, пышақ.

С) Кітап, дәптер, қапам.

D) шолпы, білезік, сырға, қапсырма.

Е) Қару — жарақ, ер — тұрман, қоржын.

8. Әбунасыр Әл — Фарабидің туған қаласын көрсетіңіз.

А) Дамаск.

B) Самарқанд.

С) Тараз.

D) Отырар.

Е) Сайрам.

9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.

А) Апта.


В) Қыс.

С) Жаз.


D) Күз.

Е) Көктем.

10. Сездің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ж, 3.


В) У, X.

С) Ң, Й.


D) Л, Р.

Е) Ғ, Г.


11. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.

А) Терезелер.

B) Баласыңдар.

С) Қызға.

D) Доптың.

Е) Жастығымыз.

12. Дара сын есімді көрсетіңіз.

А) Ақ.


В) Қара ала.

С) Қара көк.

D) Қызыл сары.

Е) Ақ ала.

13. Реттік сан есімді табыңыз.

А) Он бір.

В) Он — он бес.

С) Екі бүтін оннан үш.

D) Он бірінші.

Е) Отыз тоғыздан.

14. Туынды түбірді анықтаңыз.

А) Жол.


В) Тазалық.

С) Сынып.

D) Жаңа.

Е) Бол.


15. Туынды зат есімді анықтаңыз.

А) Оқытушы.

В) Ғалым.

С) Ел.


D) Жол.

Е) Қыз.


16. Қалау райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.

А) — а, — е, — й.

В) — са, — се.

С) — мын, — мін.

D) - ғы, — п.

Е) — ның, — нің.

17. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар

А) 22 наурыз күні біз демаламыз.

В) Табиғатты аялайық.

C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.

D) Табиғат адамға бәрін береді.

Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.

18. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз.

A) Қыстырма сөз, қаратпа сез, одағай.

В) Шылау, үстеу.

С) Жалғаулықтар, демеуліктер.

D) Жұрнақтар, септіктер.

Е) Қыстырма сөз, қос сез.

19. Арал теңізінің солтүстік — батыс бөлігінде орналасқан қорықты көрсетіңіз.

А) Қорғалжын.

В) Ақсу — Жабағалы.

C) Барсакелмес.

Б) Наурызым.

Е) Алматы.

20. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Суық сөз.

В) Ыстық ықылас.

С) Ақ ниетті.

D) Жақсы адам.

Е) Терең ойлы.

21. Антоним сөздерді табыңыз:

А) Биік, аласа.

В) Кілтпен ашты.

С) Әдепті бала.

D) Әдейі, арнайы.

Е) Қалаға барды.

22. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.

А) Жуан, жіңішке.

В) Қатаң, ұяң.

C) Езулік, еріндік.

D) Үнді, қатаң.

Е) Ашық, қысаң.

23. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

А) Қорықта көптеген орман — тоғайлар бар.

В) Марқакөлдің суы таза, тұщы.

С) Бүгінгі Түркістан — үлкен, әсем қала.

D) Анасын баладан айыруға болмайды.

E) Арқалықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

24. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз. Ол жақсы

оқыса, университетке түседі.

А) Қарсылықты.

B) Шартты.

С) Себеп.

D) Мақсат.

Е) Мезгіл.

25. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.

В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.

С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.

D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?



Е) Билл Гейтс — қазір дүниедегі ең бай адам.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет