«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауының ережесі



Дата01.06.2017
өлшемі26,26 Kb.
#17412
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілі пәнінен сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік сауаттылығын арттыру, ұлттық педагогика принциптерін жүзеге асыру мақсатында облыс аумағындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтары арасында 2012 жылғы 22 маусымда облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

-мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдану аясын кеңейту;

-оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру;

-мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру;

-қазақ тілі оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру;

-ұлттық педагогика қағидаларын қолдану, сонымен қатар қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін анықтау және тарату;

-оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасуы;

-мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру;

-өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуін ынталандыру және қызығушылығын арттыру.

Байқау шарттары:

«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауына облыс аумағындағы барлық оқыту орталықтарының оқытушылары қатысуы қажет.



Байқау талаптары:

-ересектерге қазақ тілін оқытудың салалық авторлық бағдарламасын жасау;

-оқытушының әдістемелік қорымен таныстыру және оның тиімді қолданылуын дәлелдеу;

-оқытушының салалық терминологияны білуі және меңгертуі;

-тіл үйретуде ОТҚ-ң (оқытудың техникалық құралдарының) қолданылуын көрсету;

қазақ тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің сабақтастық әдістемесін көрсету;

тіл үйрету барысында жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру жолдарымен таныстыру.

Байқау үш кезеңде өтеді:



Бірінші кезең – Облыстық деңгейде өтеді. Білікті мамандардан қазылар алқасы құрылып, байқауға қатысуға үміткер оқытушылардың құжаттары сарапталады.

Қатысушылардың құжаттары:



  1. Аты-жөні (өзі туралы толық ақпарат: туған жылы, қызмет өтілі, телефоны (жұмыс және ұялы), электронды поштасы);

  2. Салалық бағдарламаға сәйкес өткізілген 5 сабақ жоспары;

  3. Авторлық әдістемелік құралдары;

  4. Ғылыми мақалалары не болмаса шығарған еңбектері;

  5. Сертификат, грамота, алғыс хат, награда көшірмелерін 2012 жылдың 11 маусымына дейін Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасына жолдау қажет.

Екінші кезең – қатысушылар Ақмола облысының мемлекеттік тілді оқыту орталығында өз сабақ үлгілерін ( 30 минуттан аспауы тиіс) көрсетеді. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегер атанған оқытушының құжаттары Тіл комитетіне жолданады.

Үшінші кезең – Облыстық байқаудан бірінші орын алған оқытушы­ Астана қаласы Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру әдістемелік орталығында сабақ үлгісін көрсетеді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мекен жайымыз: Көкшетау қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі 1Б, үшінші қабат, 329 кабинет, Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы, «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы.

Байланыс телефондары: 8 (7162) 40-11-56 (тел/факс 40-11-69);



E-mail: atokuova@mail.ru
Каталог: public -> uploads -> erezjeler
erezjeler -> Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» облыстық байқауының ережесі
uploads -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
uploads -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
uploads -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді
uploads -> Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
uploads -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
uploads -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет