Қaзaқcтaн реcпубликacы білім және ғылым миниcтрлігі қ. ЖҰбaнов aтындaғы AҚТӨбе өҢірлік универcитеті



Дата15.03.2022
өлшемі22,09 Kb.
#135445
Байланысты:
Бекбауова Нұрай 6 апта статистика СӨЖ
Кошкинбаев Жанболат 318, Тест Диф зачет, наз факуль 23, «Бухгалтерлік есеп негіздері» п?нінен тест с?ра?тары. 1, ОСӨЖ 14 Олжабаева Аружан ск-201 касипкерлик жане бизнес, Криминология СӨЖ 12 апта, Документ Microsoft Word, lxas5P359psA1RCAjS4cKP3690IYf63WjSMezSht, срсп 1

ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ
Қ.ЖҰБAНОВ aтындaғы AҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРCИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ


Тақырыбы: Статистикадағы нақты және қатысты шамалар


Білім бaғдaрлaмacы 6В04103 - «Есеп және аудит»

Орындаған:Бекбауова Нурай УиАко-201


Тексерген:Әлиева.А.Ө.

2022жыл
[22:04, 25.02.2022] 👀: Қатысты статистикалық шамалар – бұл құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайды.


Қатысты шамалар құбылыстардың сандық қарым-қатынасын білдіреді, олар бір абсолютті шаманы екіншісіне бөлудің нәтижесінде есептеп шығарылады. Мұнда бөлшектің алымын салыстырмалы шама, ал бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп атайды.


Қатысты шамалар салыстыру негізі 1-ге тең болғанда коэффициенттер түрінде, салыстыру негізі 100-ге тең болғанда пайыздармен, салыстыру негізі 1000-ға тең болғанда промильмен өлшенеді.
Қатысты шама және олардың түрлері
Қатысты статистикалық шамалар – бұл құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайды.
Салыстырмалы немесе есепті мөлшер дегеніміз салыстыруға жататын шама (бөлшектің алымы) ағымдағы болып табылады. Салыстыру жүргізетін шама (бөлшектің бөлімі), әдетте, салыстырмалы көрсеткіштің негізі болып табылатын, салыстыру базасы немесе базистік мөлшер деп аталады.
Қатысты шама мыналарды көрсетеді:
1) салыстырылатын мөлшер базистік немесе басқа мөлшерден неше есе көп немесе кем;
2) жиынтықтың бірінші (екінші, n-ші) бөлігі немесе тобы осы жиынтықта қанша үлесін алатынын;
3) бөлек жағдайларда қатысты шама бір шамадағы бірліктердің 100, 1000, 10000 және т.б. базистік бірлік немесе басқа шаманың қаншасы келетіндігін көрсетеді.
Қатысты мөлшерге негізделе отырып, көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сипаттамасын анықтауға болады: жоспардың орындалу пайызын; уақыттағы өзгеруді – серпінді және т.б..Қатысты шаманың қандай қатынасты білдіретіндігіне, яғни мазмұнына қарай, олардың келесі түрлерін ажыратады:
1) жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы;
2) жоспарды орындаудың қатысты шамасы;
3) серпіннің қатысты шамасы;
4) құрылымның қатысты шамасы;
5) координацияның қатысты шамасы;
6) интенсивтіліктің қатысты шамасы;
7) экономикалық дамудың қатысты шамасы;
8) салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы.
Жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіш мәнін оның жоспарлы немесе басқа базалық деңгейіне қатынасын білдіреді:
жос y - жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіштің мәні;
0 y - талданатын көрсеткіштің базалық мәні .
Жоспарды орындаудың қатысты шамасы – көрсеткіштің нақты және жоспарлық деңгейлерінің арасындағы қатынасты көрсететін мөлшер. Көбінесе, олар пайыздық шамамен көрсетіледі.
Динамиканың қатысты мөлшері әр түрлі сәттер немесе уақыт кезеңдерде алынған көрсеткіштер деңгейінің қатынасын білдіреді. Олар құбылыстар өзгеруінің бағытын, өзгерістің жылдамдығы немесе даму қарқынын сипаттайды.
Жоспар орындаудың және динамиканың қатысты шамалары сәйкесті формулалар негізінде есептеледі:
1 y – талданатын көрсеткіштің ағымдағы (есепті) мәні.

Құрылымдық қатысты шамасы – бұл қарастырылатын тұтас жиынтықтың (N) және оның бөліктері өлшемдерінің (n) қатынасын көрсететін мөлшер (d): тұрғындардың арасындағы сәйкес келетін жастағы студенттер үлесі; сол немесе басқа белгіге ие бірліктердің үлес салмағы және т.б.:


Координацияның қатысты мөлшері тұтас жиынтықтағы бөліктерінің өзара қатынасы ретінде шығарылады: жиынтықтың бір құрамдас бөлігі салыстыру базасы ретінде қабылданып, оған деген барлық басқа бөліктердің қатынасы қарастырылады.
Мысалы, жиынтықтың қайсысы бір белгілер бойынша алынған ірі бірліктері ұсақ бірлік шамасына ара қатынасы немесе ұсақтың ірілеріне ара қатынасы:
Интенсивтіліктің қатысты шамасы белгілі ортадағы құбылыстың таралу, даму деңгейін көрсетеді: тұрғындардың 10000 адамға шаққандағы дәрігерлер саны немесе тұрғындардың пневмониямен, құс тұмауымен т.б. ауыруы және т.б.
Салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы жиынтықтың біртекті белгілерін (бірнеше кәсіпорындар пайдасының өлшемі) немесе біртекті емес белгілерін салыстыруға мүмкіндік береді:
Мысалы, экспорт пен импорт араларындағы қатысты мөлшер.
Экономиканың даму деңгейінің қатысты шамасы – тұрғындардың жан басына шаққандағы түрлі өнім түрлерін өндірудің өлшемі; бір адамға шаққандағы кейбір азық-түліктік, азық-түліктік емес тауарларды сипаттайтын көрсеткіштер.
Қатысты шаманың түрлері

Мазмұнына қарап қатысты шамалардың: динамикалық, жоспарлық тапсырманың орындалуы, жоспардың орындалуы, құрылымдық, үйлестік (координациялық), үдемелік (интенсивтік), салыстырмалы, дәрежелік топтары бір-бірінен бөліп көрсетіледі.


Динамиканың қатысты шамасы зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша өзгеруінің деңгейін сипаттайды. Белгілі бір кезеңдегі немесе уақыттың нақты мезетіндегі құбылыстың шамасын, оның өткен кезеңдегі шамасымен немесе өткен кезеңдегі нақты уақыт мезетіндегі шамасымен салыстыру арқылы алынады. Динамиканың қатысты шамасының негізгі түрі болып өсу коэффициенті немесе өсу қарқыны табылады.


Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы есептік кезеңдегі жоспарлық тапсырма шамасының өткен кезеңдегі нақты шамаға қатынасы арқылы алынады.


Айталық, алдыңғы мысалдың мәліметтері бойынша, кәсіпорынның теледидар өндірісінің жоспарлық тапсырмасын төмендегіше өсіру қарастырылды:
2240 га : 2228 = 1,005, немесе 100,5 % (1,005 ۰ 100)
Жоспарды орындаудың қатысты шамасы құбылыстың нақты деңгейімен оның жоспарлық деңгейін салыстыру арқылы алынады.
Мысалы, алдыңғы мысалдың мәліметтері бойынша, кәсіпорынның теледидар өндірісі бойынша жоспарды орындаудың қатысты шамасы мынаған тең болады:
2526 га : 2240 = 1,128, немесе 112,8 % ,
Яғни, теледидар өндірісі 12,8 %-ға асыра орындалған (112,8 – 100 = 12,8 %).
Жекелеген қатысты шамалардың арасында белгілі бір өзара байланыс болады. Айталық, динамиканың қатысты шамасы жоспарлық тапсырманың және жоспарды орындаудың көрсеткіштерінің көбейтіндісіне тең болады.
Құрылымның қатысты шамасы жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді және жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу арқылы есептеледі.
Үйлестік (координациялық) қатысты шама жиынтықтың жекелеген бөліктерінің арақатынасын сипаттайды. Мысалы, еркектер санының әйелдер санымен арақатынасы, республикадағы жекелеген ұлт өкілдері санының арақатынасы, ауыл халқы саны мен қала халқы санының арақатынасы және т.т..
Үдемелік (интенсивтік) қатысты шамасы жекелеген құбылыстардың басқа құбылыстардың арасында қаншалықты тарағанын сипаттайды, олар демографиялық үдерістерді сипаттау үшін жиі пайдаланылады. Үдемеліктің қатысты шамасына туылу, өлім-жітім және некелесу, ажырасу коэффициенттері жатады. Олар бір-бірімен байланысты көрсеткіштердің қатынасы арқылы алынады: бір жылдың ішінде дүниеге келгендер, қайтыс болғандар, некеге отырғандар, ажырасқандар санының халықтың орташа жылдық санына қатынасы бойынша анықталады. Бұл қатынас 1000-ға көбейтіледі.
Салыстырмалы қатысты шамалар - аттас шамалардың қатынасын білдіреді. Мысалы, әр елдің халқының санын, жалпы ішкі өнімін және т.т. салыстыру.Салыстырмалы қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және салыстырылып отырған көрсеткіштердің бір-бірінен қанша есеге көп немесе аз екендігін көрнекті түрде көрсетеді. Сондықтан, оны көрнекті қатысты шама деп те атайды
Дәрежелік қатысты шамалар - әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему үдерістерін жан басына шаққанда шығатын көрсеткіштермен көрсетеді. Нәтижесі атаулы санмен беріледі. Мысалы, жан басына шаққанда келетін ЖІӨ, жан басына шаққанда келетін орташа айлық жалақы және т.т.

Қорытынды


Сонымен біз жоғарыда қатысты шаманың мәнін, мазмұнын, түрлерін қарастырдық. Қатысты шаманың, құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайтынын білдік. Қатысты шамалар құбылыстардың сандық қарым-қатынасын білдіретінін, олар бір абсолютті шаманы екіншісіне бөлудің нәтижесінде есептеп шығарылатынын да қарастырдық. Сонымен қатар, динамикалық, жоспарлық, жекелеген, құрылымдық, үйлестік, үдемелік, салыстырмалы және дәрежелік атты қатысты шаманың түрлері бар екенінде естіп білдік, және де олардың да ұғымын, әдісін, мәнін оқып білдік.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы,1999.
2. Әпенов С. Құқықтық статистика. Алматы, Жеті жарғы,2004.
3. Нәрібаев К.Н., Жатканбаев Е.Б., Мұхтарова К.С.Экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдістері: Оқуқұралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.
4. Теория статистики: учебник / Р.А Шмойлова,В.Г.Минашкина, Н.А.Садовникова, Е.Б.Шувалов; подред. Р.А Шмойловой. – 5-изд. - М: Финансы и статистика, 2009.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет