Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді



бет5/22
Дата27.08.2017
өлшемі3,68 Mb.
#29931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

  • Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;

  • Кәсіби белсенділік;

  • Кәсіби білімдері мен іскерліктері;

  • Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

  • Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Кейбір ұғымдарға қысқаша сипаттама берелік:

Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.

Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.

Кәсіби білімдері мен іскерліктері кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол – өзінің пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мұмкіндіктеріне қанық болуы.

Педагогикалық қабілеттері әр педагогтың, алайда әр дәрежеде ие болған тұлғалық әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.

Жаттығу «Мүсін».

Топ жұптасып бөлінеді. Педагог нұсқау береді: «Бір-біріңді сезініп, түсінулеріңіз үшін мен «Мүсін» жаттығуын ұсынамын». Өзіңізді топта тап осы мезетте қалай елестететініңізге қарай қиялдап көріңіздер, серігіңізді «саз балшық» ретінде пайдаланып, бірде-бір сөз айтпастан, одан сіздің бейнеңізді анықтайтын мүсінді жасаңыз. Сіз серігіңізге нені және қалай жасайтыныңызды айтпай, бірақ көрсетіп, оның денесі мен бет әлпетімен жұмыс жасай аласыз». Топ мүшелері өз мүсіндерін жасап болган соң, педагог кішігірім піірталас ұйымдастырып, келесі сұрақтарды қояды:


  • авторға: мүсініңіз арқылы қандай сезімдеріңіз бен ойларңызды жеткізгіңіз келді?

  • «мүсіндерге»: сіз арқылы жасалынған бейнені қалай түсінгеніңізді айтып беріңізші?

Талқылау. Жалпы жаттығу адамдардың бір-бірін түсінулеріне, сабақта оңтайлы көңіл-күйді қалыптастыруға бағытталады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогтың өзін -өзі тану деген не?

  2. Педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін ата?

  3. Педагогикалық қабілеттер және оларға сипаттама беріңіз?

  4. Кәсіби өзіндік сана мен кәсіби құзіреттіліктің байланысы қандай?

  5. Кәсіби педагогикалық бағыт, кәсіби белсенділікдік іске асу жолдары?

Негізгі әдебиеттер: 1,2,6,7,8,9,11,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21,22,24, 28, 30, 34,38,39.

Өнер де, даналық та, егер оны

үйренбесе, қолға түспейді.

Демокрит.

8 тақырып: «Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзін- өзі дамытуының ерекшеліктері»

Жоспар: 

1. Рефлексия педагогтың  өзін-өзі дамытуының  негізі

2. Өзін-өзі дамыту тетіктері

3.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.    



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы: мақсаттары, уәждері, тәсілдері, қалыптасу үдерісі, нәтижелері. Рефлексия педагогтың  өзін-өзі дамытуының  негізі ретінде. Педагогтың «Мен концепциясы». Өзін өзі тану педагогтың кәсіби өзін өзі дамытуының негізі ретінде.Өзін-өзі дамыту тетіктері: өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы. Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері. Өзін-өзі тану және кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
Дәріс мақсаты: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы: мақсаттары, уәждері, тәсілдері, қалыптасу үдерісі, нәтижелері туралы білімдерін кеңейту.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

1.Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады. Г.С.Сухобская мен Ю.В.Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бығытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту үрдісінің мақсаттарын аңықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін,сол әрекеттің субъектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б.З.Вульфов пен В.И.Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді. Рефлексия білімдік әрекет ретінде екі салаға қатысты: 1) онтологиялық – пәндік білімдердің мазмұнымен байланысты; 2) психологиялық - әрекеттің өзіне арналған. Оның екеуінде де білім алушы өзінің білімдік-танымдық әрекетін талдай отырып әрекеттің өнімі мен сол нәтижеге әкелген істің жүру барысын ой елегінен өткізеді. Мұғалім рефлексиялық тәжірибені меңгере отырып, өзі үшін қажетті шығармашылық біліктер мен дағдыларды да дамытады. Рефлексиялық талдау жасаудың өзіндік жеке рефлексиядан да басқа да жұпта жасалатын рефлексия -  бірлесіп жұмыс жасап отырған жұбымен немесе тәжірибелі тәлімгердің көмегімен атқарылатын, бірнеше адамдардан тұратын топтарда жасалатын тәсілдері бар. Олардың әрқайсысын орнымен тиімді пайдалана білу қажет. Мұндай рефлексияларда ішкі күштерді шоғырландыру – басқа бөгде ойлардың негізгі мәселеден алшақтауына жол бермеу, тереңдеу – талдап отырған мәселенің тереңіне бойлай алу, басқаның емес өз әрекеті мен сезімдеріне ерік беру сияқты қарапайым ережелер ескерілуі тиіс. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған, олардың ойлауын өздеріне, өздерінің әрекеттеріне қарататын рефлексиялық практикум рефлексиялық ортада тиімді жүреді. Сол ортада бірлескен шығармашылық әрекетті бірлесе талдау, оған қосқан әркімнің үлесін саралау, олардың тиімділігі мен тиімсіздігін анықтау және объективті баға беру мен болашақты бағдарлау шығармашыл мұғалімдерді қалыптастырудың тиімділігін арттыратындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұжымдағы ашықтық, психологиялық теңдік, өзара түсінушілік пен қолдаушылықтың болғаны жөн. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-Дәріс да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.

2. Өзін-өзі дамыту тетіктері: өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы. Бұл өзін мойындаудың және өзінің бітім-болмысына сөзсіз сүйіспеншілігін білдіреді, «өзі-өзіне құрметтеуге лайық, өз бетімен таңдау жасай алатын тұлға ретінде қарау» (Роджерс К.) өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сену, өз табиғатына, өзінің организміне сенімдік таныту. Әсіресе соңғысын ерекше атап өткен жөн, себебі бұл жерде өзіне өзі сену деген тек қана өзінің мүмкіндіктеріне сенуді білдірмейді (әсіресе өз зердесі тұрғысынан ғана) тұтас организм санадан көрі мәнді, парасатты болуы мүмкіндігін және жиі солай болып шығатынын түсінуді де білдіреді. Өзін-өзі қабылдау немесе басқаша айтқанда өз-өзіне сүйіспеншілік. Бұл туралы соңғы кездері өте жиі айтылады. Өзін-өзі қабылдау адам өмірінің кез келген саласында, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Себебі, адам өзіне қандай қатынас жасаса, басқалармен де нақ сондай қатынас орнатады. Сондықтан да өзін-өзі қабылдауға мән беріп,  өз-өзіңе салауатты да жағымды көзқарас қалыптастырған жөн. Біз «өз-өзіңді жақсы көру керек» дегенді жиі естиміз. Бірақ көпшілігіміз мұның мәнін түсіне бермейміз. Өз-өзін жақсы көру дегеніміз басқалардан өзін жоғары бағалау  не бәрінен де мен сұлу, мен ақылдымын деп көкірек көтеру емес.   Өзін жақсы көретін адамда керісінше мұндай сұрақ туындамайды.  Бұлар ол үшін мүлдем маңызды емес.   Өзін жақсы көру дегеніміз өзін сол қалпында қабылдау, мойындау. Бірақ бұл өз кемшіліктеріңді қабылдау да емес. Бұл біз ойлағаннан да қарапайым. Өмірде қателеспейтін адамдар болмайды.

3. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары. «Кедергі» ұғымы «белгілі іс-әрекетті орындаудағы ішкі тосқауыл, жағдаятты, фактілерді, заңдылықтарды түсіну мен олардың дұрыс бағасын беруге кедергі келтіретін өткен тәжірибесінің жағымсыз әсері» ретінде анықталады. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерінің кәсіби өзін-өзі жетілдіруі барысында кездесетін кедергілерді шартты түрде үш  түрлге болуге болады. Олар: студенттің жағымсыз бағдарымен түсіндірілетін психологиялық кедергілер (Д.Узнадзе, Л. Подлеская),  ойлау процесіне байланысты танымдық кедергілер (Б.Кедров, И.Бурганова), тұлғалық сапалардың жеткіліксіздігімен анықталатын тұлғалық кедергілер. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуындағы кедергілердің психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы жағымсыз әсері адамды деребстігінен айырып, орындаушыға айналдыратындығында. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамуын жетілдіру үдерісінің тиімділігі мақсатқа бағытталған, жоспарлы, жүйелі сипаттағы арнайы жағдайларды жасауға тәуелді.

Мұғалімнің тұлғалық дамуы оның бойындағы өзін- өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіліктерін сезіну кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттілігінен тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің басты көрсеткіші ретінде мектеп, бұл ұғымның философиялық психологиялық педагогикалық аспектілерін әр кезенде әр түрлі қарастырады. Мысалы: Сократ: «Өз оқушыларының санасын әңгімелесу сұрақ қою арқылы оятып, өзін- өзі тану,а шақырса, Коменский: «Оқушының өз бойындағы рухани күші өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатынын атап айтқан», Руссо «Балаға мұғалім өз көз- қарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүние танымын дамытуын», Песталоций және оның шәкірті Фребель бүгінгі «педагогикадағы» тұлғалық бағдарлы оқытудың негізін салып өзін- өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету оның өзін- өзі жүзеге асырып асыру ретке келтіру,дамыту,өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудағы механизімдерін меңгеруін қамтамассыз етеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануының қалыптасу үдерісі, тәсілдері қандай?

  2. Рефлексия дегеніміз не?

  3. Өзін- өзі қабылдау және өзін- өзі жорамалдауы?

  4. Педагогтың өзін -өзі жетілдіруінің кезеңдері қандай?

  5. Өзін-өзі тану және кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.


Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,10, 11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 24,31, 32,35, 38.

Нағыз тәрбие ережелерден емес,

жаттығулардан тұрады.

Жан Жак Руссо.

9 тақырып: «Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс тәсілдері, құралдары»

Жоспар: 

1. Өзін-өзі тану әдістері

2. Портфолио жайлы түсінік

3. Кәсіби қарым-қатынас   



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Өзін-өзі тану әдістері: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау,  өзін-өзі жобалау. Өз тұлғасын маман ретінде модельдеу. Өзін-өзі тәрбиелеу және  өздігінен білім алу педагогтың  өзін-өзі дамытуының  әдісі ретінде. Портфолио - әрбір педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуының құралы ретінде. Педагогтың кәсіби жетістіктерін  жинақтау әдістемесі. Кәсіби қарым-қатынас. Тәлімгерлік.

Дәріс мақсаты: портфолио, педагогтың кәсіби жетістіктерін  жинақтау әдістемесі,  кәсіби қарым-қатынас, тәлімгерлік туралы түсінік қалыптастыру.

 Дәрістің қысқаша мазмұны.



С.М. Жақыпов жек мағыналық құрылымдарды емес, тұлғаның танымдық іс-әрекетінеде көрінетін ішкі психикалық құрылымдардың тұтас жүйесін қарастырды. Ол мотивацияның іс-әрекетке байланыстығын, мағына және мақсаттың пайда болуымен түсіндірді. Адамдардың бірлесіп әрекет етуіндегі ортақ мотив түрін бөлді. Ортақ мотив – іс-әрекеттің ортақ обьектісінен және іс-әрекетке қатысты тұлғалардың мағыналық жүйесінің өзара сәйкестілігінен байқалады, ол әрекет тиімділігіне едәуір әсер етеді. А.А. Бодалев өзін-өзі танудың оптимальді мүмкіндігі адамдармен қарым-қатынас негізінде көрінеді, ал субьективті маңыздылығы субьект жағынан құндылықтар қатынасымен қарастырды. Мұндай қатынас негізінің сапасында субьектінің тану эталоны тұлғаның құнды қасиеттері жайлы, басқа адамдар және өзі жайлы білудің жиынтығы. Өзін-өзі тану процесі - өзін тану, білу мақсатына жету әрекеттердің ауысуы, ал өзін-өзі тану құралы - өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру. Өзін-өзі бақылау өз іс-әрекетін, қылығын, ішкі жағдайларына бақылау жасау және ол мақсат-бағдарлы болып келеді. Өзін-өзі бақылау – мінездік сипатын, қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін анықтауға мүмкіндігін тудырады. Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау арқылы және бақылаудың соңында талдау жасалынады. Алайда, адам өзін үнемі өзгелермен салыстырады, ал салыстыру әдісі өзін-өзі тану компоненті ретінде өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Моделдеу – бұл өзін-өзі танудың арнайы тәсілі. Мысалы, психологтың көмегіне сүйену, алайда, психологпен әңгіме жүргізуде, қарым-қатынас жасауға кез келген адам жете бермейді. Сондықтан өзіндік нәтижесін өңдеу жұмысын дербес жүргізуге болады. Моделдеу - жеке дара қасиеттердің бейнеленуі. Мұның қарапайым әдістері - өзін суреттеу, «Мен қазіргі шақта», «Мен болашақта», «Мен дос ретінде», «Мен студент» т.с.с. сурет өзіндік талдауды жеңілдетеді (мен қандаймын?, менде қандай қасиеттер басым?, мен нені қажет етемін?, мен не істей аламын?). Егер суретте белгілер айқын көрсетілген кезде, бұл тәсіл тиімді болады. Сондай-ақ, практика өзін-өзі тану процесін жеңілдетеді және өзіне басқа жағынан қарауға көмектеседі. Мысалы, рөлдік ойындар, психодрама. В.Г. Маралов бойынша өзін-өзі тану нәтижесінің негізі - өзі жайлы білімнен келіп туады. Бұл білімдер жақындық принципі бойынша топтастырылады. Сондықтан да өзін-өзі тану процесі аяқталмайды. «Мен» концепциясын жете білу көбінесе адамның өзіне байланысты, яғни, өзін-өзі қабілеттілігі, талпынысы және өзін-өзі тану жүйесімен айналысуы. Өзін-өзі тану нәтижесі ретінде өзіне деген эмоционалды құндылық қатынасы бойынша төмендегідей тұлғаның компоненттерін айтуға болады. Олар ұқсастық, өзіндік қабылдау және өзін сыйлау. Австриялық ғалым К. Лоренц адамның өзін тануға қалауының болмауы, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырғысы келмегендіктен деп есептейді. Кедергі келтіретін топтарды төмендегідей көрсетті. 1. Талдау, бағалау, қабылдау әрекеттерінің қалыптасуынан, ұқсастыру мен рефлексия құралдарының дұрыс қолдана алмауы, өзін тұлға ретінде қабылдауға, дәлме-дәл қабілетінң төмен болуы. 2. Өзін тануда қорқыныш сезімнің болуы, қоршаған ортаның талабына сай өзін бағалауға тырысу. Аталған кедергілерді жеңуде адамның бойындағы үрейді, қорғаныс және сақтануды қалыптастыру, өзін-өзі сыйлау деңгейі мен өзін-өзі тану әдісі арқылы адамды оқыту, өзін-өзі тәрбиелеуде ең тиімдісі болып табылатын – бұл адам алдына өз бетінше мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге өз еңбегімен жетуге тырысу. Қорыта айтқанда, өзін-өзі тану – бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас , өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі. Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына және саласына сана, бейсана, адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.

2. Портфолио жайлы түсінік. Портфолио – білім алушының жыл, (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының  прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар  өз оқуын бұрынғыдан да сәтті ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына  өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолио – білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатынын көрсететін  жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың  тиімділік деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс  құру тәсілі болып табылады. бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкіріттердің жетістіктері мен  дамуының динамикасын талдау  жұмысына білім алушылар мен ұстаздардың  қатысуын талап етеді. Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының  тізімі келесідей болуы керек: 1. Білім алушы өзі туралы.білім алушының өзі туралы мәлімет (бір беттен кем емес, биопоэмасы, 3 фотосурет: жеке, жанұяда,  жолдастарымен, пән бойынша алдына қойған мақсаттары мен күтетін нәтижелері (бір беттік эссе),пәнді игерудегі жұмыс жоспары (бір беттік эссе), пәнді игеруде қолданылатын әдіс-тәсілдері (бір беттік эссе) 2. Пәннің теориялық мазмұны. Терминологиялық сөздік (глоссарий) – 20 атаудан кем емес, персоналий – 10 есімнен кем емес, оқу материалдары (әр тақырып бойынша 3 беттен кем емес тірек-лекция) 3. Жұмыс үлгілері. Пән  тақырыбында жазған бір ғылыми-әдістемелік мақала (5 беттен кем емес), шығармашылық жұмыстар (әр сабақта жазған эсселер практикалық – 15, өзі құрастырған ой-сергектер мен топтарға бөлу тәсілдері – екеуден кем емес), 100-ден кем емес тест сұрақтары, пән бойынша 10 сұрақтан кем емес сауалнама құрастыру, бірге оқитын жолдастарының  жұмыс үлгілері – 10-нан кем емес. 4. Жетістіктер: жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары), ең ұтымды шыққан жұмыстары, марапаттаулары  Ой толғаныс: өз жұмысы туралы есептері, (3 беттік эссе), оқу процесі туралы ой-толғаныстары (3 беттік эссе), пәнді игеру процесіндегі  өзінің рөлі туралы ой-толғанысы (3 беттік эссе), пәннің маңызы туралы ой-тоғанысы (3 беттік эссе), өзін-өзі бағалау (3 беттік эссе)

3. Өзін-өзі тану пәні оқытушысының кәсіби қарым-қатынас ерекшелігі. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі құралы - қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас -кәсіби біліктілік негізінде құрылған, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ оку әрекеті мен тұлғааралық қарым-қатынасты оңтайландыруды көздейтін оқытушы мен оқушының өзара байланысы. Педагогикалық қатысым мәдениеті, ең алдымсн, тілдік (сез) және тілдік емес (қол-дене қимылдары, бет-жүз құбылыстары, сөз сазы, көзқарастары, кеңістіктегі орны, т.б.) құралдарды дұрыс пайдалануынан көрінеді. Тілдік қарым-қатынастарда педагог сөйлеу мәдениетін, әдеби тілдің нормаларын сақтау қабілетін еркін көрсете алуы керек. Мүкіндігінше, педагогтің сөзі ашық та бейнелі болуы қажет. Өзін-өзі тану пәні оқытушысының шеберлігі оның мынадай тілдік емес кұралдарды қалай пайдалануына да байланысты:  паралингвистика — сөзді айту ерекшелігі, дауыс сазы, оның биіктігі мен анық шығуы, сөз екпіні, сөздер мен фразалар арасындағы кідіріс, күлкі және т.б.;  көрнекі қатынас — көзбен байланыс жасау;  проксемика (ағылшын тілінен аударғанда - жақындық) — қарым- қатынас субъектілерінің кеңістіктегі орналасуы;  отырысы,  бет-жүз  құбылыстары,  қол-дене  қимылдары. Тұтас алғанда олар дененің әр түрлі бөліктерінің жалпы моторикасы деп қабылданады. Олар адамның эмоциялық көңіл-күйін қалтқысыз көрсетіп тұрады. "Өзін-өзі тану'' курсынан сабақ беретін оқытушының міндеті - студенттің бүкіл әлеммен, өзімен жаңа қатынас жүйесінде жеке басының мәнін түсінуіне мүмкіндік беру. Оқытушы әрдайым оқу процесінің негізіне салынатын гуманитарлық модельге бағдар жасай алуы қажет. Мұнда қандай болса да, айтылған барлық көзқарастар мен пікірлер қабылданады. Бұл курстың өн бойында "білмеймін" деген сөзді қолдануға тыйым салынады. Оқушының ұтымды жауаптарына дер кезінде ықылас танытып, оларға колдау жасау нәтижесінде оқытушы оларды дамудың жаңа сатысына қарай үнемі жетелеп отырады. Білімді бағалау мен бағыт-бағдарын анықтау тек акыл-ой жұмыстарына ғана қатысты емес, сонымен бірге эмоциялык деңгейде де қатар жүргізіліп отырылады. Бұл оқушылар әрекетінің гуманистік сипатын арттырады, адамгершілік нормалары мен құндылық бағдарларын қалыптастырады. Өзін-өзі оқыту - тартымды да жанды процесс. Өзін-өзі тануды оқытатын педагог әр білім алушының өзімен-өзі болуына, өз ойларын ашық айтуына қатысты құқықтарын сақтауына мүдделі болады. Өмірлік мәні терең мәселелерді ұжымдық талқылаудың бастапқы кезеңінде аса қызығушылық таныта қоймаған оқушының өзі оған эмоцияларын білдіру арқылы-ақ қатысып отыруға мүмкіндік алады.

Ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзінің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту.Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші өзін-өзі жетілуге,өзгертуге деген мұқтаждық.Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің,ата-аналарың мұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады.

Мектептегі талаптарының өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді.Өзін-өзі тәрбиелеу-өзіндік қоғамды өзгерту ге бағытталған жоспардан қарастырады.Бұл жоспардың өзіндік даму деңгейінде қабылдайтын талаптармен салыстыру жатады.Осыған негіздей отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді.Осыдан кейін ғана өзіеһн-өзі тәрбиелеу процессі басталады.Өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуына ең басты рольді мұғалім атқаратын ұжым алады.Егер мұгалімді қоршаған адамдар өзін-өзі тәрбиелеп отығанын байқаса онда өзін тәрбиелейді,немесе тәрбиелеуге ұмтылалы.Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс.Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық,ұйымдастырушылық,коммуникативтік,біліктерін жетілдіріп отыруы керек.

Танымдық біліктері жетілудің ең алдымен ақыл оймен ойлауын жетілдіру болып табылады.Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын:байқағыштықты,салыстыруды,талдауды,есте сақтауды,қиялды дамытатын жаттығулар.

Коммуникативтік біліктілік-ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі қарым-қатынастың негізгі тәсідері мимика жест сөз.

Ұйымдастырушылық біліктілік-ол оқушының оқыту тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Я.А.Коменский бұл біліктілікке төмендегідей қасиеттерді жатқызады:

1.жалпы психикалық ерекшеліктері

2.тұлғаның мақсаттылығы және әрекетке дайындығы.

3.тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеті.
Бақылау сұрақтары:


    1. Өзін -өзі тану әдістерін ата?

    2. Педагогтың өзін- өзі тәрбиелеу және өздігінен білім алу дегеніміз не?

    3. Портфолио дегеніміз не?

    4. Педагогикалық қарым- қатынас қалай жүзеге асады?

    5. Тәлімгерлік дегеніміз не?



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.

Адамның адамгершілігі

жақсы ұстаздан басталады.

10 тақырып: «Оқушылардың өзін -өзі тануы мен өзін -өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету»

Жоспар: 

1. Адамның  дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттары

2. Педагогтің ізгілік ұстанымы

3.  Өзіндік процестерге  педагогикалық қолдау көрсету    



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. Педагогтің ізгілік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырудың негізі. Педагогикалық қолдау көрсетуді басты қағидалары. Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру. Өзіндік процестерге: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру,  өзін-өзі өзектендіруге және т.б. педагогикалық қолдау көрсету.
Дәріс мақсаты: студенттерді оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қодау көрсетудің басты қағидаларымен таныстыру

Дәрістің қысқаша мазмұны.

1. Адамның  дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттары. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады. И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі «бастапқы», «элементарлық кереге көзі» болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға болады. Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнін өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қолжеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).



2. Педагогтің ізгілік ұстанымы.  Ұстаз - жас  ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы“Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді.  Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ.с.) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зоржауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі қазақмәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз — шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: “сүйегінің — асылының, рухының иесі — Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар. Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX—XX ғасырларда А.Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді. Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді». Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

3.  Өзіндік процестерге  педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың басымды бағыттарының бірі адамның тұлғалық әлуетін барынша ашуға бағытталған және тұлғаның тәндік, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуында үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани білім беру болып табылады. Бұл білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылуда. Өзін-өзі тану оқушының өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі кемелдендіруіне, өзінің қабілеттері мен әлуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қажетті  болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам  тұлғалық өсуіне, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде адамға өмір қызығын толыққанды сезінуіне, оның мәнін терең түсінуіне мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану оқушылардың гумантарлық білімінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі гуманитарлық білімнің мазмұны қазіргі рухани мәдениет негізінде жоланады. Жалпы адамзат құндылығына  негізделе отырып,  ол оқушыларда жоғары сапалы өмірді қамтамасыз ететін басты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. «Қолдау» сөзі түсіндірме сөздіктерде  жәрдем, ықпал ету ретінде анықталған. Ол мынадай  мәндерді білідреді:  сүйеп, құлатпау;  жәрдем беру, ықпал ету;  келісімін беріп, мақұлдап, біреуді қодау;  бір нәрсенің  тоқтауына, бұзылуына жол бермеу. Мұндай мәндерін нақтылай отырып, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда педагогикалық қодау дегеніміз – бұл педагог пен оқушының өмірлік маңызды және күнделікті мәселелерді шешу барысында  ықпалдастығын, достастығын, ынтымақтастығын білдіреді. Сонымен педагогикалық қолдау – білім беру процесін толығымен адамның ішкі күштері мен қабілеттеріне, оның белсенді әрекеттерінен көрініс табатын оның ішкі  процестеріне: өзін-өзі тану және өзін-өзі бақылау, өзін-өзі иландыру мен өзін-өзі құрбан ету, өзіндік сын, өзін-өзі болжау және өзін-өзі талдауына  жүгінетіндей түрде ұйымдастыру. Осыған байланысты педагогикалық қолдау  өзара әрекеттесу субъектілерін адамгершілік-рухани дамытудың қажетті шарты. Өсиет, уағыз, жазалау, мәжбүрлеу, кемшіліктері мен қателеріне шыдамау, сөзсіз бағыну секілді авторитарлық педагогикалық әсерлерден арылу – қазіргі күннің  орынды талабы. Педагогикалық қодаудың негізгі шарттары: - шыдамдылықты тәрбиелеу басқа адамдарды қабылдауды қамтамсыз етеді; - оқушыны жағымды түрде көтермелеу ризашылық жауаптың болуын қасмтамасыз етеді; - оқытушы мен оқушының қатынастарындағы адалдық әділдік сезімін дамытуды қамтамасыз етеді; - педагог тарапынан тұрақты сын айту шеттеуге алып келеді; - оқытушының  өшпенді қарым-қатынасы оқушының агрессиясын тудырады; - педагог тарапынан көрінетін мазақ – оқушының тұйықталуына алып келеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогтің ізгілікті ұстанымы дегеніміз не?

  2. Педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыру жолдары?

  3. Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары қандай?

  4. Өзіндік процестерге сипаттама беріңіз?


Негізгі әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 34,41.

Елдің келешегі – ұстаздың қолында.

11 тақырып: «Педагогтың оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы”

Жоспар: 

1. Педагогтың  дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарлары

2.Педагогтың  диагностикалық, ұйымдастырушылық, диалогтық, ынталандырушы, бағалаушы қызметтері.

3.Педагогикалық қодау көрсетудің  мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері.   



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Педагогтың оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға қажет кәсіби маңызды құзіреттері.  Педагогтың  дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарлары. Педагогтың өзін-өзі тануды оқушылардың өзін-өзі дамытуының үдерісі ретінде түсінуі. Оқушылардың өзін-өзі тануына қолдау көрсетуіндегі педагогтың диагностикалық, ұйымдастырушылық, диалогтық, ынталандырушы, бағалаушы қызметтері. Оқушылардың өзін-өзі тану және  өзін-өзі дамыту әрекеттеріне педагогикалық қодау көрсетудің  мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері.
Дәріс мақсаты: студенттерге өзін-өзі тану бойынша педагогикалық қолдау көрсетудің   кәсіби маңызды құзіреттері жайлы түсінік беру.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Атақты педагог-ғалым В.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы молжан дүниесіне үніле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім-мектептің жүрегі»-дегені бекер айтылған сөз емес. Осыларға зерделей қарасақ, қазіргі мектепалдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты алғы шартта тұратыны аян. Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе ғалым Ш.Таубаева мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметте бағдарлауда, білубілуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылығана айнала алады».

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде дәстүрлі емес, яғни жаңа түрлері қолданылып келеді. Олар-тренинг сабақтар, дебат сабақтар. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты-оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сондықтан университет жағдайында болашақ педагогтардың таным белсенділігін арттырып, оларды оқу тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны пайдалануға дайындау қажет.

Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз, мұғалімнің жан-жақтылығы. Жалпы мұғалым тек білім беруші ғана емес, бала жүрегіне жол табатын психолог болуы шарт. Ал мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсібі деңгейі өседі, әлеуметтік беделі артады. Демек, оқушының санасына кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақалады деген тұжырым жасаймыз.

Бала бойында білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында мұғалім қандай болуы керек? – деген заңды сұрақтар тууы сөзсіз.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орнына ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.


Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогтің дүниетанымы дегеніміз не?

  2. Педагогтің кәсіби маңызды құзіреттіліктерін ата?

  3. Педагогтың диагностикалық, ұйымдастырушылық функцияларына сипаттама?

  4. Педагогикалық қолдау көрсетудің формалары, әдістері мен тәсілдерін ата?


Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.


Семинар тақырыбы №1: Өзін-өзі танудың баспалдақтары

Семинар мақсаты: Суденттерге өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту процестерінің тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті шарт екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Студенттерді шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруға деген ізденістерін белсендендіру. Оқуға деген мотивациясын және осы жас кезеңіндегі суденттік кезге деген қызығушылығын көтеру.

Жоспар:

  1. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіру.

  2. Өзін-өзі жетілдіру-тұлғаның жекелігін дамыту ретінде,оның факторлары,жағдйы мен ұйымдастырылуы.

  3. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыру түрлері, жағдайы мен құралдары

  4. Болашақ оқытушының кәсіби өсуіндегі өзін-өзі дамытудың мәні.

Сұрақтар

  1. «Өзін-өзі тану» ұғымның анықтамасын берiңiз.

  2. Курстың негізгі ұғымдарының анықтамасын беріңіздер: таным, өзін-өзі тану, даму, өзін-өзі дамыту,жүзеге асыру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзектілеу, өзін-өзі өзектілеу.

  3. Өзін-өзі жетілдіруде қандай екі ұстаным ерекшеленеді?

  4. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі неге тәуелді?

  5. Тұлғаның өзін өзі дамыту түрлері мен тұлғаның өзін-өзі жетілдіруді асыру жағдайы.

  6. Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру құралдары мен жағдайын ата. Олардың мазмұнын аш.

  7. Болашақ оқытушының кәсіби өсуіндегі өзін-өзі дамытудың мәнін ауызша сипатта. .

Тапсырмалар:

  1. Семинар сағатына: психологиялық терминдер сөздігін құр (курстың негізгі ұғымдары).

  2. А. Маслоу«Қажеттіліктер пирамидасы». сехамасын құру.

  3. Орлов А.Б. Тұлға және адамның мәні; адамның сыртқы және ішкі // Вопросы психологии. – 1995. - №2 мақаласына конспект жазу.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3,4,6,9,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 20, 22, 23, 37,38,39.
Семинар тақырыбы №2: Менің ішкі жан дүнием.

Семинар мақсаты: топтық тұтастылық деңгейін көтеру және эмоционалды шиеленісті төмендету. Студенттерде ішкі жан қуатының, тұлғалық ерекшелігін сезінуге үйрету. Топтық жұмыс арқылы рухани үйлесімділік дағдысын қалыптастыру.

Жоспар:

1.Адамның рухани қалпы. Сана және өзіндік сана.

2. Өзіндік сана құрылымы.

3. «Мен»- концепциясына ғалымдардың әртүрлі көзқарастары.



Сұрақтар

  1. Сана дегеніміз не? Ол қалай сипатталады?

  2. А.Г.Спиркинаның анықтамасын беріңіз.

  3. Өзіндік сананың анықтамасы. Сана мен сана сезім бір біріне қандай қатынаста болады? Сана сезімнің түрлерін ата.

  4. Өзіңдегі «МЕН»-нің көптүрлілігін дәлелде.

  5. Сана сезiмнiң құрылымы қандай?

  6. МЕН концепциясысы деп аталатын психологиялық құрылым қашан пайда болады?

  7. «Сана» және «өзіндік сана» ұғымдары қалай ұштасады ?

  8. В.В.Столин бойынша адамның өзіндік сана деңгейлерін анықтаңдар.

  9. Адамның «МЕН» тұжырымдамасын ашып көрсететін психологиялық ерекшелктер қандай?

Тапсырмалар:

1.Өзіндік сананың психологиялық және философиялық концециялар оқып танысыңдар (Гегель, И.М.Сеченов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.Г.Спиркин, В.В.Столин, П.Р.Чамата, И.С.Кон, И.И.Чеснокова).

2. Сана мен өзіндік сананың құрылымдық элементі ретіндегі өзін-өзі тануды бейнелейтін схема құрыңдар.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11, 12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 22,23,31,33,36,37,40,41.
Семинар тақырыбы № 3: «Мен және өзгелер»

Семинар мақсаты: үйлесімді қарым-қатынастың жанжалдан артықшылығын негіздеу, адамның эмоционалдық өмірі жайлы түсінік қалыптастыру Жоспар:


  1. Өзін-өзі танудың процесс ретінде мінездемесі.

  2. Өзін- өзі тану қарым- қатынас арқылы

  3. Қарым- қатынастың вербалды және вербалсыз жақтары

  4. Өзін-өзі танудың әдiстері мен құралдары

Сұрақтар

  1. Өзін-өзі танудың процесс ретіндегі мінездемесін бер.

  2. Өзін-өзі танудың процесс ретіндегі заңдылықтарын атай аласыз?

  3. Қарым- қатынас дегеніміз не?

  4. Қарым- қатынастың вербалды және вербалсыз жақтарына сипаттама беріңдер?

  5. Өзін-өзі танумен байланысты себептердің екі тобын атаңдар?

  6. Өзін-өзі тану әдістерін ашып көрсетіңдер.

  7. Өзін-өзі тану құралдарына не жатады?

  8. Өзін-өзі тану нәтижелері қандай? Олар қалай көрінеді?

Тапсырмалар:

  1. Өзін-өзі танудың процесс ретінде мінездемесін беру үшін өз өмірлік тәжірибеңізден мысалдар келтір.

  2. Жалған мақсат бейнесіне мысал келтір.

  3. Өзіңнің МЕН тұжырымдамаңызды схемасын сызып көрсет.


Негізгі әдебиеттер: 2, 8, 9, 12,13, 15,16.

Қосымша әдебиеттер: 20, 23, 33,36,37,39.
Семинар тақырыбы №4: Менің жақын айналам

Семинар мақсаты: өзі мен өзгелерді бағалау туралы түсінік қалыптастыру, адам өміріндегі туыстық қарым-қатынастардың маңызын туралы түсініктерін кеңейту Отбасы мүшелеріне деген сыйластықты, жауапкершілікті және қамқорлықты дамыту.

Жоспар:

1.Адам өміріндегі достықтың орны.

2. Жақын адамдармен қарым қатынас жасау арқылы өзін -өзі тану

3. Өзін-өзі тану кедергілері.



Сұрақтар

1. «Достық» ұғымына анықтама берiңiз.

2. Адам өмірінде жақын адамдармен қарым қатынас жасау қалай өзгеріп отырады?

3. Қамқорлық жасау,өзін басқаның орнына қоя білу, кешірімді болу ұғымдарына сипаттама беру

4. Адамның өзін-өзі тану жолындағы кедергілерді атаңдар.

Тапсырмалар:

1. Өзін-өзі тану, тұлғаның теңестіру және «Достық» мәселелеріне арналған 5-6 мақаланы таңдап ал, оларға аннотациялар құр.

2. Осы басылымдарға қысқаша шолу жаса.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6, 7, 8-16.

Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41.
Әдістемелік нұсқаулар

5-6 мақала таңдауы үшiн (1тапсырма) философиялық, психологиялық және педагогикалық мерзімді басылымдарға талдау жасау керек.


Семинар тақырыбы №5: Мен және қоғам.

Семинар мақсаты: Студенттер адам өміріндегі  тарих пен мәдениеттің, этникалық келісімнің маңыздылығын ұғынады, азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік қалыптастырады, адамның діни наным-сенімін құрметтеуге үйренеді.

Жоспар:

  1. Азаматтық әлем және этникалық келісім.

  2. Өмірлік ұстаным. «МЕН» және мені қоршаған орта. «МЕН» және жағдай.

  3. Тұлғаның дамуын зертеудің қазіргі теориялар мен әдістер.

Сұрақтар

  1. Жеке тұлғаның өміріндегі этникалық келісімнің алатын орнын айқындау

  2. Адамның діни наным сеніміне құрмет ..........

  3. Рухани келісім дегеніміз не?.

  4. Мына жүйедегі өмірлік ұстанымыңыз қандай: «МЕН» және мені қоршаған орта?

  5. Мына жүйедегі өмірлік ұстанымыңыз «МЕН» және жағдай.

  6. Тұлғаның дамуын зертеудің қазіргі теориялар мен әдістерді ашып көрсет (психоаналитикалық, құлықтық, адамгершілік, жүйелік, когнитивтік, іс-әрекеттік және т.б.).

Тапсырмалар:

  1. Кітаптағы, кинофильмдегі кейіпкерлердің, туысқандарыңыздың, достарыңыздың рухани келісімдерін талдап көріңіздер.

  2. «Менің өмірлік ұстанымым»тақырыбына эссе жазыңыз.

  3. Балалардың, туысқандарыңыздың, достарыңыздың өмірлік ұстанымы анықтауға арналған тест сұрақтарын құрыңдар.

  4. Алдыңғы семинарға ұсынылған жаднаманы еске ала отырып әдебиеттер тізіміндегі оқулықтардың біреуіне қысқаша түсініктеме жаса.


Негізгі әдебиеттер: 1-9, 11,12,13,14,15,16

Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41.
Семинар тақырыбы №6: Мен және әлем.

Семинар мақсаты: студенттерге әлемнің  өте күрделілігін, өмір сүру жауапкершілігін түсінуге көмектесу, өмірдің мәні туралы ойлануға жетектеу, табиғатты, тіршілікті, қоршаған ортаны қадірлеуге үйрету.

Жоспар:

  1. Өнерге қатынас арқылы өзін- өзі тану

  2. Жеке тұлға және бұқаралық мәдениет

3.Өмірлік мақсаттар,өмірлік стиль.

Сұрақтар

  1. «Өнер» және «мәдениет» ұғымдарына түсініктеме беріңіз

  2. Бұқаралық мәдениет дегеніміз не және оның жеке тұлғамен байланысы айқындаңыз?

  3. Жаңа заманғы бұқаралық мәдениет және тұлға арақатынасы қандай

4. Өмірлік мақсаттар мен өмірлік стиль дегенді қалай түсінесіз?

Тапсырмалар:

  1. Хрестоматия материалдары бойынша көркем әдебиет және кино өнеріндегі (оқытушының таңдауымен) эстетикалық тақырыптарға пікірталасқа дайындық.

  2. Өнер мұражайларын аралау, қазақстандық суретшілердің жұмысымен танысу

  3. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр.

  4. Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз бен өмірлік стильіңіз жөнінде ойланып және дәптерге жаз, курс соңында жазғандарыңызды қайта шолып байқаңыз.

  5. Дж.Темплтонның афоризмі «Өзіңді бақылау табысқа әкеледі». Егер осымен келіссеңіз өмірлік мысалдармен дәлелде.


Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,9,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 31,32,34, 36,39.
Семинар тақырыбы №7: Педагог идеалы кәсіби өзін -өзі тану және өзін- өзі дамыту педагогикалық іс- әрекетінің табысты болу шарасы ретінде

Семинар мақсаты: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы  туралы түсінік қалыптастыру, педагог тұлғасының құрылымдық компонеттері жайлы білімдерін тереңдету

Жоспар:

1. Педагогтың өзін -өзі тануы .

2.Педагогтың кәсіби өзіндік санасы.

3.Педагогтың кәсіби өзін -өзі жетілдіруі және кәсіби дамуы



Сұрақтар

  1. Педагогтың өзін -өзі тануы деген не?

  2. Педагогтың кәсіби өзіндік санасы және оның өзін-өзі дамытудағы рөлін ашып түсіндір.

  3. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі түрлерін сипатта.

  4. Педагогтың кәсіби өзін -өзі жетілдіруі және кәсіби дамуы ұстанымдарын ата.

  5. Неге сенiмдiлiк пен шығармашылық тұлғаның өзін-өзі іске асыруының шарты ретінде анықталады ?

Тапсырмалар:

  1. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).

  2. «Жетістік сатылары» схемасын құр (шығармашылық тапсырма).

  3. Алдыңғы семинарға ұсынылған жаднаманы еске ала отырып әдебиеттер тізіміндегі оқулықтардың біреуіне қысқаша түсініктеме жаса.

  4. «Өзіме жазылған хат» тапсырмасын орында


Негізгі әдебиеттер: 1,2,6,7,8,9,11,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21,22,24, 28, 30, 34,38,39.

Семинар тақырыбы № 8: Педагогтың кәсіби өзін -өзі тануы және өзін -өзі дамытуының ерекшеліктері.

Семинар мақсаты: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы: мақсаттары, уәждері, тәсілдері, қалыптасу үдерісі, нәтижелері туралы білімдерін кеңейту.

Жоспар:

  1. Педагогтың «Мен» концепциясы.

  2. Рефлексия

  3. Өзін-өзі тану және дамытудағы кедергілері.


Сұрақтар

  1. «Мен» концепциясының педагогикалық мамандықпен өалай байланыстырамыз?

  2. Рефлексия деген не ?

  3. Рефлексияның қандай түрлері бар?

  4. Адамның өзін-өзі тану жолындағы кедергілерді атаңдар.

Тапсырмалар:

1. Өзін-өзі тану, тұлғаның теңестіру және рефлесия мәселелеріне арналған 5-6 мақаланы таңдап ал, оларға аннотациялар құр.

2. Осы басылымдарға қысқаша шолу жаса.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.
Семинар тақырыбы №9: Педагогтың кәсіби өзін -өзі тануы және өзін- өзі дамытуының әдіс -тәсілдері, құралдары.

Семинар мақсаты: портфолио, педагогтың кәсіби жетістіктерін  жинақтау әдістемесі,  кәсіби қарым-қатынас, тәлімгерлік туралы түсінік қалыптастыру.

Жоспар:


  1. Өзін -өзі танудың әдістері.

  2. Өздiгiнен дамудың тәсілдері

  3. Тәлімгерлік.

  4. Адамның шығармашылық қабiлеттерін дамыту құралдары, тәсілдер, әдiстер.

Сұрақтар

  1. «Өзін- өзі бақылау», «Өзін- өзі талдау» ұғымдарына сипаттама беріңіз

  2. Өзін- өзі дамуының алдын ала жоспарлау дегеніміз не?

  3. Қабілеттердің, қабылдаудың, тілдің, қиялдың,ойлаудың,естің өздігінен дамыту тәсілдерін ашып көрсет.

  4. Тәлімгерлік ұғымына түсініктеме беріңіз?

  5. Шығармашылық деген не ме? Ол тұлғамен қалай байланысады?

  1. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерін дамыту қандай құралдарын, тәсілдерін, әдiстерін атай аласыз?

Тапсырмалар:

  1. Өзін- өзі дамуының алдын ала жоспарлаудың маңызды белгiлерiн айқындаңыз..

  2. Өздiгiнен дамудың тәсілдерінің ерекшелiктерiн сипаттаңыз.

  3. «Адамның шығармашылық қабiлеттiлiктерi» тақырыбына дәйексөздерді жазыңыз.

  4. Сіздің ойыңызша кәсіби маман қандай шығармашылық қабiлеттердi игеруі керек.

  5. Қандайда бір кәсіби маманның шығармашылық шеберханасымен танысыңыз (суретшi, артист, мұғалiм, драматург тағы басқалар)


Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.
Семинар тақырыбы №10: Оқушылардың өзін -өзі тануы мен өзін- өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету

Семинар мақсаты: студенттерді оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қодау көрсетудің басты қағидаларымен таныстыру

Жоспар:

1.Кәсiби даму және өздiгiнен даму.

2.Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары
Сұрақтар


  1. Психологияда даму қалай түсіндіріледі?

  2. «Өзін-өзі дамыту» ұғымының анықтасын берiңiз.

  3. «Өзін-өзі бекiтуi, өзін-өзі жетiлдiру және өзін-өзі өзектілендіру» ұғымдарының мағынасын түсiндiрiңiз.

  4. Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары атаңыз

Тапсырмалар:

  1. Сіздің ойыңызша кәсіби маман қандай тұлғалық қасиеттердi иеленуі керек

  2. Өзіндің процестерге жеке анықтама жазу.


Негізгі әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 34,41.
Семинар тақырыбы №11: Педагогтің оқушыларға өзін- өзі тану және өзін- өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы

Семинар мақсаты: студенттерге өзін-өзі тану бойынша педагогикалық қолдау көрсетудің   кәсіби маңызды құзіреттері жайлы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Кәсiби мәдениет, құзыреттiлiк, қалыптасу.

  2. Кәсiби бiлiктiлiктi жоғарылату. Кәсiби дамудағы өздiгінен білім алудың рөлі.

Сұрақтар

  1. Өз мамандығында «МЕН-үлгі» тұжырымдасы қалай айқындалады?

  2. «Кәсiби мәдениет», «кәсiби құзыреттiлiк» ұғымдарына анықтама берiңiз.

  3. Өз мамандығың қандай қызмет атқарады?

  4. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетiлдiру қалай жүзеге асырылады?

Тапсырмалар:

1. Тақырыптың негізгі ұғымдарын қолданып сөзжұмбақ құрастыр.

2.Педагогикалық қолдау көрсетудің бір формасын мысалға алып, үлгі жоспар құр.

Негізгі әдебиеттер: 11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 32,41.

Н. 4.02. – 07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

_________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)



1-ші аралық бақылау

МАТЕРИАЛДАРЫ
Тапсырмалар мен сұрақтар

бақылау түрі
ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ пәні бойынша

(атауы)


«Білім беру» тобындағы мамандықтар үшін

(мамандық шифры, атауы)


Курс -2, семестр 3

Оқу формасы: күндізгі

«____»________________ 20__ж. Хаттама №______

Көкшетау


Мына тақырыптарға (суденттің таңдауы бойынша)эссе жазу:

  • «Студенттік жылдардағы өмірлік құндылықтарды таңдау»

  • «Адамдарға не үшін жалпы адами құндылық қажет?»

  • «Менің қадамдарым: өзіндік дамудан өзіндік жетілуге дейін»

  • «Менің жан дүнием».

  • «Адамның ішкі жан дүниесінің байлығы дегеніміз не?»

  • «Мен жетістікке жеткен тұлғамын!»

  • «Мен және Тәуелсіз Қазақстан»

  • «Мәдениеттегі менің үлесім»

  • «Халықаралық деңгейдегі саясат пен мәдениеттегі толеранттылық»

  • «Шын бақытты болуға болады, егер....»

Н. 4.02. – 07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

_________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)



2-ші аралық бақылау

МАТЕРИАЛДАРЫ
Тапсырмалар мен сұрақтар

бақылау түрі
ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ пәні бойынша

(атауы)


«Білім беру» тобындағы мамандықтар үшін

(мамандық шифры, атауы)


Курс -2, семестр 3

Оқу формасы: күндізгі

«____»________________ 20__ж. Хаттама №______

Көкшетау
Аралық бақылаудың «Өзін-өзі тану» курсының аяқталу мерзімінде болғандығын ескере отырып, студенттерге екі модуль тақырыптарынан таңдау ұсынылады:



  • «Өзін-өзі тану – ішкі үйлесімділіктің кілті»

  • «Өзін-өзі тану- бұл мен іздеген нәрсе»

  • «Өзін-өзі тану маған күнде өзіммен танысуыма көмектеседі.....»

  • «Өзін-өзі тану – бұл мені мен барлығының арамызды жалғастыратын көпір»

  • « Бүкіл әлем-бұл бір тұтастылық»

  • «Мен мәдени мұраға үлес қосқым келеді»

  • « Мен «Ұстаз» мамандығын таңдадым»,

  • «Менің болашағым- бұл Қазақстанымыздың болашағына үлесім»,

  • « Мен мамандықта өзімді осылай көремін!»,

  • « Мен білім сапасын қалай жақсартуды білемін».

Тапсырма келесі формада өткізіледі: портфолио, шығарма, баяндама жасау , іскерлік ойын түрінде.

Н.4.02-05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)


ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ пәні бойынша

(атауы)


«Білім беру» тобындағы мамандықтар үшін

(мамандық шифры, атауы)


Емтихан сұрақтарының

Т І З Б Е С І

1 тақырып сұрақтары.

  1. Өзін-өзі танудың процесс ретінде мінездемесі.

  2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен себептерi Қажеттіліктер мен тұлғаның өзін-өзі дамытуы.

  3. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы.

  4. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құралдары мен жағдайы.

  5. Адамның шығармашылық қабiлеттерін дамыту құралдары, тәсілдер, әдiстер.

2 тақырып сұрақтары.

  1. Өзін-өзі жетілдіру. Жеке адамның өзін-өзі жетілдіру жолдары

  2. Сана және өзіндік сана.

  3. Өзіндік сана құрылымы.

  4. «Мен»- концепциясына ғалымдардың әртүрлі көзқарастары.

  5. Өмірлік ұстаным. «МЕН» және мені қоршаған айнала. «МЕН» және жағдай.

  6. Тұлғаның дамуын зертеудің қазіргі теориялар мен әдістер.

3 тақырып сұрақтары.

  1. Қарым – қатынас шеңбер: Достық, жолдастық.

  2. Мәдениет өмірлік жетістіктердің факторы ретінде.

  3. Адамның тұлғалық қалыптасу үдерісіндегі мәдениеттің рөлі.

  4. Толеранттылық қоғамдағы адам өмірінің нормасы ретінде

4 тақырып сұрақтары.

  1. Жеке тұлғаның өмір сүру сценарилары. Өмір сүру сценариларының түрлері.

  2. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы

  3. Достық, жолдастық.

  4. Отбасындағы ер адам мен әйел адам рөлдері

  5. Махаббат және адамгершілік, олардың айырмашылығы

  6. Махаббат сезімдері.Махаббат және ғашықтық.

5 тақырып сұрақтары

  1. Азаматты.қ әлем және этникалық келісім.

  2. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі ұстанымдары мен салалары

  3. Азаматтық және қазақстандық патриотизм ұғымдарына түсінік

  4. Адамның діни наным сенімі, олардың тұлға дамуында алатын орны

6 тақырып сұрақтары.

  1. Адамның потенциалының iске асыруындағы өнердiң рөлi.

  2. Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі

  3. Тұлғаның әлемдегі өз орны

  4. Адамның экологиялық мәселелерді шешуде қосар үлесі

7 тақырып сұрақтары.

  1. Болашақ оқытушының кәсіби өсуіндегі өзін-өзі дамытудың мәні.

  2. Кәсіби қарым-қатынас   

  3. Педагогтың өзін -өзі тануы .

  4. Педагогтың кәсіби өзіндік санасы.

8 тақырып сұрақтары.

  1. Рефлексия.

  2. Педагогтың  дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарлары

  3. Педагогтың «Мен» концепциясы

  4. Өзін-өзі тану кедергілері.

  5. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.

9 тақырып сұрақтары.

  1. Өзін-өзі тану әдістері

  2. Портфолио жайлы түсінік

  3. Педагогикалық қарым- қатынас

  4. Педагогтың өзін- өзі тәрбиелеу және өздігінен білім алуы

10 тақырып сұрақтары.

  1. Педагогтың кәсіби өзін -өзі жетілдіруі және кәсіби дамуы

  2. Кәсiби даму және өздiгiнен даму.

  3. Өзіндік процестерге  педагогикалық қолдау көрсету    

  4. Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары

11 тақырып сұрақтары.

  1. Педагогтың  диагностикалық, ұйымдастырушылық, диалогтық, ынталандырушы, бағалаушы қызметтері.

  2. Педагогикалық қодау көрсетудің  мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері.

  3.  Кәсiби шеберлік.

  4. Кәсiби мәдениет, құзыреттiлiк, қалыптасу.

  5. Кәсiби бiлiктiлiктi жоғарылату.

  6. Кәсiби дамудағы өздiгінен білім алудың


Төмендегі пікірлерге түсініктеме беріңіздер

  1. «Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді». (К.Гельвеций).

  2. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық». (Абай)

  3. «Өзін-өзі таныған адам - өзінің жендеті» (Ницше).

  4. Өмір сүру адам мәнінің бастамасы болады» (Ж.­П.Сартр).

  5. «Ешкім де өзіне-өзі баға беруді үйренбей тұрып, басқаларды бағалай алмайды». (И.Гете)

  6. «Ойлау танданудан басталады».(Аристотель)

  7. «Өзіңді-өзің тану - даналықтың бірінші шарты». (К.Маркс)

  8. «Адамның танымы неғүрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек ». (А.Н.Радищев).

  9. «Өмір сүру адам мәнінің бастамасы болады» (Ж.­П.Сартр).

  10. Адам - «аяқталмаған жэне толық емес» тіршілік иесі» (Э.Фромм).

  11. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай)

  12. «Ойлай алғаным - өмір сүргенім» (Декарт).

  13. «Ой жетпейтін жер болмайды». (Б.Момышұлы)

  14. «Адам бұл, бірінші кезекте — ақыл» (Аристотель).

  15. «Шамадан тыс құштарлық ер адамнан гөрі балаға тән». (Демокрит).

  16. «Адамда нағыз адам болудан басқа мақсат болуы мүмкін емес». (Л.Шефер).

  17. «Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес.Қиыннан туған ой ғана үзақ жасай алады». (Г.Мүсірепов)

  18. Тұлға болып туылмайды, түлға болып қалыптасады» (А. Леонтьев).

  19. «Еркіндік - танылған қажеттілік» (Спиноза).

  20. «Адам - түпсіз түңғиық, оның сезімі мен жүрек дүрсілінен гөрі шашын санау оңай». (Августин Блаженный).

  21. Қайырымдылык дегеніміз - білім» (Сократ).

  22. «Адам өзінің еркін шешімдерінің кескіні тәрізді» (Ж.­П.Сартр).

  23. «Ойлай алғаным - өмір сүргенім» (Декарт).

  24. «Ең қиын іс - өзіңці өзің тану, ең оңай іс - басқаға ақыл айту». (Фалес)

  25. «Өзіңді-өзің тани біл» (Сократ).

«Өзін- өзі тану» пәні бойынша тест тапсырмалары

  1. Өзін -өзі танудың мәні:

А) өзін- өзі дамытудың, жүзеге асырудың жолы

В) организмнің ішкі күйлерінің қасиеттерін тұтастай бейнелеу

С) сезімдер мен эмоциялардың қайнар көзі

Д) өз өміріне көзқарасы

Е) түрлі бейнелерді, әрекеттерді бейнелеу


  1. Рухани –адамгершілік білім беру:

А) өлшеу мен таразыға салуға болмайды

В) педагог қызметін талдау және бағалау

С) оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Д) организмнің ішкі күйлерінің қасиеттерін тұтастай бейнелеу

Е) түрлі бейнелерді, әрекеттерді бейнелеу

3. Мәдени сәйкестілік принципі көздейді:

А) барлық халықтар мәдениетіне құрмет білдіруді

В) дербестік дағдыларының дамуын

С) ғылымды зерделеуге деген қызығушылықтың қалыптасуын

D) мәдениеттің дамуын

Е) кітап оқуға баулу

4. Адамгершілік педагогикасының манифестінде «Мұғалім» ұғымы деген:

А) ересек

В) серіктес

С) адам

D) тәлімгер



Е) кеңесші

5. Сократ бойынша адам табиғатына тән:

А) тілекті орындауға ұмтылыс

В) билікке деген ерік

С) мейірімділікке деген ерік

D) интеллект

Е) кеңесші

6. «Өзін-өзі тану» сабағында оқытуда бірлескен іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқыту әдісі:

А) іскерлік ойын

В) байқау

С) сайыс

D) бақылау

Е) иллюстрация

7 .«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың мақсаты:

А) оқыту үдерісіндегі сабақтастық принципін қадағалау

В) ғылымилық принципін сақтау

С) оқыту үдерісіндегі реттілік принципін сақтау

D) Қиын істерді таңдаудан

Е) рухани-адамгершілік құндылықтарына негізделіп оқыту

8. «Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша құрметтеу керек»- деген кім?

A) А.Сластенин

B) Ш.Амонашвили

C) К.Д.Ушинский

D) Н.В.Кузьмина

E) А.С.Макаренко

9. Жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық сапалық өзгерістер жүйесі.

A) Білім беру

B) Оқыту


C) Тәрбиелеу

D) Даму


E) Қалыптасу

10. Жеке адам дамуының нәтижесінде кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуі.

A) Білім беру

B) Оқыту


C) Тәрбиелеу

D) Даму


E) Қалыптасу

11. Оқушылардың санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін -өзі тануға шақырған кім?

A) Сократ

B) Аристотель

C) Әл- Фараби

D) Я.А.Коменский

E) Ж.Руссо

12. Көмектесу деген сөздің түпкі латын мағынасы -....



  1. Аксиология

  2. Фасилитация

  3. Акмеалогия

  4. Иновация

  5. Технология

13. Өзіндік қажеттік ұғымын енгізген ғалым .

  1. В.Ратке

  2. Д.Эльконин

  3. А.Маслоу

  4. Я.А.Коменский

  5. И.Гербарт

14. Өзін- өзі тануға шақырған

  1. Платон

  2. Аристотель

  3. Демокрит

  4. Әл-Фараби

  5. Сократ

15. Адамға қажетті жалпыланған бағалы заттар, құндылықтар туралы философиялық білім қалай аталады?

  1. Педалогия

  2. Гносеология

  3. Физиология

  4. Аксеология

  5. Психология

16. Қоршаған өмірдегі объектінің адам, топ,қоғам үшін, олардың қажеттілігіне, қызығушылығына байланысты бағалануы қалай аталады?

  1. Білім

  2. Тәрбие

  3. Сенім

  4. Құндылық

  5. Оқу

17. Ішкі мотивацияға жатпайды...

  1. Өзіне-өзі бұйрық беру

  2. Өзін-өзі бағалау

  3. Өзіне-өзі сенбеу

  4. Өзін-өзі мадақтау

  5. Өзін-өзі саралау

18. Идентификация деген ол...

  1. Адамның басқаларға ұқсамауы

  2. Адамның өзіндік ерекшеліктерді сақтап қалуға тырысуы

  3. Адамның өзін басқа адамдармен, топпен сәйкестендіруі.

  4. Адамның өзіндік пікірінің болуы

  5. Адамның өзіндік санасы

19. Дау-дамайлар дегеніміз...

  1. Адамдардың бір бірінен айырмашылығы

  2. Адамдардың бірін бірі түсінбеуі

  3. Адамдардың бір біріне көмек бермеуі

  4. Адамдардың бір бірімен келіспеуі

  5. Адамдардың көзқарастарының,қызығушылықтарының қарама қарсы келуіне байланысты туындайтын әрекет түрі.

20. Аксиология дегеніміз ...

  1. Құндылықтар туралы философиялық ілім.

  2. Адам туралы ілім

  3. Табиғат туралы ілім

  4. Қоғам туралы білімдер

  5. Діни білімдер

21. Эмпатия деген ол...

  1. Басқа адамның көңіл күй жағдайын түсіну.

  2. Басқа адамға жан ашу

  3. Басқа адамның қайғысына ортақтас болу

  4. Басқа адамға көмек беру

  5. Басқа адаммен санасу, сыйласу

22. Өзінің мүмкіндіктерін, өзінің қабілеттеріне басқалармен салыстыра баға беруі қалай аталады?

  1. Өзін - өзі тәрбиелеу

  2. Өзін - өзі тану

  3. Өзін - өзі бағалау.

  4. Өзін - өзі дамыту

  5. Өзіне сын көзбен қарау

23. Өзін асыра бағалау қарым – қатынаста қандай көрініс алады?

  1. Басқаларды түсінеді

  2. Жасқы қарым – қатынас орнатады

  3. Жетістікке жетеді

  4. Басқалармен санаспайды.

  5. Басқалардан алшақ жүреді

24. «Өзіңді - өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді өзің қатал, әрі әділ сатыға тарта білуін керек » - деп кім айтқан

    1. Ушинский

    2. Макаренко

    3. Сухомлинский

    4. Блонский

    5. Островский.

25. Адамның өзінде адамгершілік қасиеттерінің болуын теріс қылықтарды жоюға бағытталған адамның жүйелі немесе саналы әрекеті

  1. Өзін - өзі тәрбиелеу.

  2. Өзін - өзі бағалау

  3. Өзін - өзі жетілдіру

  4. Өзін - өзі мадақтау

  5. Өзін - өзі салыстыру

26. Өзін - өзі жоғары бағалайтындарда «Мен» деген позициясы қандай дәрежеде болады?



  1. Төмен.

  2. Өте жоғары

  3. Өте төмен

  4. Орташа

  5. Мүлдем өзіне баға бермейді

27. Өзін - өзі төмен бағалаудың басталу себептерінің бірі:

  1. Өзіне - өзі дұрыс талап қоюынан

  2. Ата – аналардың баланың жетістіктерін төмен бағалаунын.

  3. Өзінің жетістіктерін қолдауынан

  4. Қиын істерді таңдаудан

  5. Мұғалімдердің оны жоғары бағалауынан

28. “ҚР-ң этномәдени білім беру тұжырымдамасы бойынша жан –жақты мәдениетті тұлға” деп кімді атауға болады?

  1. Өз мәдениеті арқылы басқа мәдениеттерді білуге ұмтылған адам.

  2. Денсаулығы,адамгершілік қасиеттері мол тұлға

  3. Халықтық рухани құндылықтарға берілген тұлға

  4. Денсаулығы мықты,адамгершілігі мол адам

  5. Мәдениеттер алмасудың қажеттілігін түсінген индивид

29. “Эстетикалық талғам” деген ұғым нені білдіреді?

  1. Сұлулықты сүйкімсіздіктен ажырата білуге үйрету.

  2. Музыканы түсінуге үйрету

  3. Басқа адамды түсіне білуге үйрету

  4. Тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету

  5. Қоғамдық орындарда өзін - өзі ұстауға үйрету

30.Адамгершілік тәрбиесінің маңызды міндеті болып не саналады?

  1. Саналыққа тәрбиелеу

  2. Тәртіпті қалыптастыру

  3. Жауапкершілікке тәрбиелеу

  4. Адалдыққа тәрбиелеу

  5. Тәртіпті, өзін өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.

31. «Отансүйгіштік» деген ұғымнің мәні неде?

  1. Туған жеріне, халқына деген құрметте

  2. Отан үшін ерлік жасауға дайындықта

  3. Отанды қорғаушыларға деген құрметте

  4. Елінің жетістіктерін бағалауда

  5. Туған жеріне, халқына деген махабатта, отанына берілгендікте.

32. Адамгершілік тәрбиесінің негізіне не алынады?

  1. Эстетикалық білім

  2. Ғылыми көзқарас

  3. Сенім

  4. Жалпыазаматтық құндылықтар.

  5. Білім

33.Рухани –адамгершілік мәденитті қалыптастырудың мақсаты не?

  1. Әдебиет, өнер саласынан білім алу

  2. Рухани құндылықтарды меңгеру.

  3. Адамгершілік тәртіп дағдаларын тәрбиелеу

  4. Шығармашылық іс-әрекетің іскерлік және дағдылары

  5. Үлкендерді тыңдауға тәрбиелеу

34. «Құзырлық» сөзі қандай мағынаны білдіреді:

  1. Іс-әрекетті жан-жақты нәтижелі орындау.

  2. Топтарды бірігу

  3. Адамның шыдамдылығы

  4. Бейнелеп көрсету

  5. Мұғалімнің білімділігі

35.Адамдарды бір-бірінен ерекшелендіретін жеке-дара мінезге қарағанда нақ сол мәдениет өкілінің көбісіне тән мінез құрылымының өзегі бұл...

  1. Мүлтіксіздікке деген ұмтылыс

  2. Тамырлану қажеттілігі

  3. Әлеуметтік мінез.

  4. Өмір салты

  5. Компенсация

36. Шыдамдылық, төзімділік, қолайсыз жағдайды бастан өткізе білу ол....

  1. Сыпайылық көрсету

  2. Толераттылық

  3. Адамгершілік тұрғысынан өзін көрсете білу

  4. Ұстамдылық, әдептілік

  5. Турашылдық, өзіндік пікірдің болуы

37. Шыдамсыз, үрейлі, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейтін адам ол....

  1. Агрессияға жақын тұратын адам

  2. Интолеранттылык

  3. Адамда авторитарлық стиль басым келеді

  4. Шыдамды, төзімді адам

  5. Өкпешіл, ашуланшақ адам

38. Адамның басқаларға зиян келтіретін әрекеті.

  1. Адамның басқалармен санаспауы

  2. Адамның басқалармен келісе салуы

  3. Адамның өзіндік пікірі болуы

  4. Агрессияға жақын тұру

  5. Адамның басқа адамдармен әрекеттесе алмауы

39. “Тәртіп ” деген ұғым нені білдіреді?

  1. Ұжымда қалыптасқан белгілі тәртіп нормаларын сақтау

  2. Тәртіп мәдениетін

  3. Күн тәртібін сақтау

  4. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау

  5. Басқа адамдарға талап қою

40. Білім беруді ізгелендіру дегеніміз - ол …

  1. Адамның құқығының, еркіндігінің сақталуы,адамға құрмет көрсетілуі

  2. Жеке адамды қалыптастыруға бағытталуы

  3. Білім беру процесінде баланың қызығушылығының ескерілуі

  4. Оқушының денсаулығының сақталуы

  5. Оқушыға деген құрмет және сүйіспеншілік

41. Ізгіліктің ұстазы деп кімді санаймыз?

  1. Дж. Дьюи

  2. А.Масалау

  3. А. Комбес

  4. Ф. Клейн

  5. К. Роджерс.

42.Гуманистік педагогикасының негізгі ұғымдары қандай?

  1. Тұлғаны тәрбиелеу, қалыптасу, жетілу

  2. Адамның дамуына көмек

  3. Даму, білім беру , оқыту

  4. Тұлғаны әлеуметтендіру

  5. Адамгершілік қатынас,тұлға болып қалыптасуына көмек

43. Абай қандай қарасөзінде адамның адамгершілігін құрайтын махаббат,әділдік, ашықтық туралы айтқан?

  1. 45

  2. 40

  3. 41

  4. 43

  5. 42

44. Абай қандай қара көзінде мақтаншақтық, мақтаншақтар туралы сын айтқан?

  1. 43

  2. 34

  3. 41

  4. 30

  5. 21

45.Өзінің, басқалардың алдында жауапкершілікті сезінуі,ішкі қажеттілікке айналуы,оның іс әрекетінде көрніс алуы

  1. Мұғалімнің тәртіптілігі

  2. Мұғалімнің жауапкершілігі

  3. Мұғалімнің адамгершілігі

  4. Кәсіби ар,ұят, ұждан деген

  5. Мұғалімнің іс әрекетіндегі шығармашылық

46. “Адамда адамды қалыптастыру” керек деген кім?

    1. Ш.А. Амонашвили.

    2. Е.Н. Ильин.

    3. И.П. Иванов

    4. В.Ф Шаталов

    5. С.Н.Лысенкова

47. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттеріне не жатады

  1. Адамгершілік сезім,сана, мінез -құлық нормаларын қалыптастыру

  2. Парасатталық пен ар – ұятты тәрбиелеу

  3. Әдептілікке тәрбиелеу

  4. Адамгершілік сезімді қалыптастыру

  5. Мәдениеттілікке, сыпайылыққа

48. Жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту шарттары негізінен…

  1. Тәрбиеге, тұқымқуалаушылық және ортаға

  2. Жеке адамның биологиялық ерекшеліктері

  3. Ата – аналарға

  4. Әлеуметтік ортаға, тәрбиеге

  5. Оқушылардың қызығушылығына

49. Педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс – тұрысындағы кемшіліктердің орнын басқа іс - әрекеттегі нәтижелермен толықтыру – бұл…

  1. Өзін- өзі сендіру

  2. Өзін өзі тәрбиелеу

  3. Қалыптастыру

  4. Әлеуметтендіру

  5. Қайта тәрбиелеу

50. Вербалдық қатынас құралына не жатады, жатпайтынын белгілеңіз

  1. Мимка, пантомимика

  2. Әңгімелесу

  3. Әңгіме

  4. Лекция

  5. Мұғалімнің сөзі

51. Вербалдық қатынас құралына жататынын белгілеңіз…

  1. Қимыл

  2. Мұғалімнің сөзі

  3. Пантомимика

  4. Интонация

  5. Мұғалімнің киінуі

52. Өзін- өзі тануға, өзін-өзі дамытуға қабылетті, адамдардың қарым-қатынасының және саналық іс-әрекетінің субъектісі:

  1. Индивид

  2. Адам.

  3. Тұлға

  4. Жеке даралық.

  5. Ғалым.

53. Қазіргі кездегі тәрбие саласындағы проблемалар. (нашақорлық, ішімпаздық, қылмыс жасау) отбасының қандай функциясының осалдауымен байланысты?

  1. Экономикалық

  2. Әлеуметтік

  3. Шаруашылық

  4. Репродуктивтік

  5. Тәрбиелік

54. Әлеуметтендіру дегеніміз …

  1. Адамның іскерлік пен дағдыны меңгеруі

  2. Тұлғаның қоғамдық өмірмен танысуы.

  3. Мұғалімнің басқаруы арқылы оқушының дамуы

  4. Тұлғаның өмірлік тәжірбиесінің құрбы- құрдастарымен әрекеттесуі арқылы қалыптасуы.

  5. Тұлғаның қоғаммен әрекеттесуі арқылы дамуы, әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды игеру.

55.Адамның өмірден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып қастерлеуінен байқалатын қасиет…

A)Мұрат


B)Сенім

C)Көзқарас

D)Мінез-құлық

E)Білім


56.Адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылатуға не ықпал жасайды?

A) Мұрат


B) Сенім

C)Көзқарас

D)Мінез-құлық

E)Білім


57.Адамның өзіне, қоршаған дүниеге көзқарастар жүйесі қалай аталады?

A)Дүниетаным

B)Сенім

C)Білім


D)Мінез-құлық

E) Іс -әрекет

58 .Өзін - өзі сынау, қарапайымдылық, өзімшілдік бұл:

A) Басқаларға қатынас

B) Іскерлік

C) Жеке адамның заттарға қатынасы

D) Әрекеттер

E) Өз - өзіне қатынас жүйесі.

59.Өзін - өзі жетілдіруге сапалы, жоспарлы мақсат көздеген процесс қалай аталады?

A) Өзін - өзі тәрбиелеу

B) Тәрбие

C) Әлеуметтендіру

D) Қайта тәрбиелеу

E) Қалыптасу

60.Тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз…

A) Өзін - өзі жетілдіру мақсатындағы саналы, жоспарлы жұмыс

B) Педагогикалық ықпалдың нәтежиесі

C) Өзін - өзі иландыру, өзіне бұйрық беру

D) Жеке тұлғаның даму процесі

E) Өзін - өзі көндіру процесі

Н.4.02-02

Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БЕКІТЕМІН

Факультеттің ОӘК шешімімен

Төрайымы

_______ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«___» _____ 20 ____ ж.

Кафедра: Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы
Кусаинова А.Ж.

(автордың аты-жөні, тегі)


Студенттердің оқытушының басшылығымен өтетін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ пәні бойынша

(атауы)


«Білім беру» тобындағы мамандықтар үшін

(мамандық шифры, атауы)


Оқу формасы: күндізгі

Көкшетау


Әдістемелік нұсқау пәннің жұмыс оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес құрылды.

Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы кафедрасының отырысында қарастырылған.

Хаттама №1 «27» тамыз 2015 ж.,
Кафедра меңгерушісі: Шаяхметова А.А.

қолы тегі, аты,әкесінің аты

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген.

Хаттама № 1 «28» тамыз 2015 ж.,


Факультеттің ОӘК төрайымы:___________ Құрманова А.Қ.

қолы тегі, аты,әкесінің аты

Студенттердің оқытушының басшылығымен өтетін өзіндік жұмысы- аудитория және аудиториядан тыс орындалатын танымдық үрдістердің ағымын үлкен белсенділікпен сипаттайтын оқытушының жетекшілігімен жүзеге асатын және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға және студенттердің өз білімдерін дербес толықтыруға қызмет ететін студенттердің оқу жұмыстарының ерекше түрі.

ОБСӨЖ сабақ кестесі бойынша өтеді .

ОБСӨЖ мақсаты: Болашақ мамандардың осы пән бойынша дәріс, машықтану, СӨЖ сабақтарында алған білімдерін тереңдету, іскерлк дағдыларын жетілдіруді, түрлі отбасы типтерімен болашақта тиімді әрекет жасауға мүмкіндік туғызу. Әрекеттесуді тиімді етіп ұйымдастыру үшін қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландыру.

Бұл пән бойынша алған білімдер студенттің тек жалпы құзырлылығын жоғарылатып қана қоймай, барлық қажетті қабілеттері мен сапаларын толық ашуға, шығармашылық потенциялы мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға, өзгелермен қарым-қатынасын жақсартуға, оларды сыйлау, құрметтеу, қажетті көмек беруге мүмкіндік береді.

Өзіндік жұмыс тұлғаны қалыптастыра отырып, студенттерге жұмыс уақытын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады, еңбек тәртібіне баулиды. «ОБСӨЖ » бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін жетілдіреді. Тапсырмаларды орындауда керек кезде оқытушыдан кеңес алуына да болады.

Ауызша формада бақылаудың төмендегі түрлері пайдаланылады:

- конференциялар, баспасөз-конференциялар

- кәсіби-бағдарланған іскерлік ойындар

- дискуссия

- миға шабуыл

- коллоквиумдар;

- сыни тұрғыдан ойлау;

- жеке әңгімелесу.

- педагогикалық жағдаяттарды шығару, талқылау;

Жазбаша формадағы жеке тапсырмалардың түрлері:

- әдебиеттерге шолу және талдау;

- бөлек материалдардың аннотациясы;

- рефераттар ;

- есептер ойластырып жазу;

- тестер құру;

- текст бойынша жоспар, схема құру т.б

Студенттердің кәсіби дайындығын іске асыру бағыттарының бірі оқу және ғылыми жұмыстардың органикалық үйлесімділігінің негізінде танымдық қызмет белсенділігі, зерттеуге жақын белсенді шығармашылық жұмысқа барлық студенттерді тарту болып табылады.

Н.4.02-02

Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БЕКІТЕМІН

Факультеттің ОӘК шешімімен

Төрайымы

_______ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«___» _____ 20 ____ ж.

Кафедра: Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы


Кусаинова А.Ж.

(автордың аты-жөні, тегі)


Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ пәні бойынша

(атауы)


«Білім беру» тобындағы мамандықтар үшін

(мамандық шифры, атауы)


Оқу формасы: күндізгі
Көкшетау

Әдістемелік нұсқау пәннің жұмыс оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес құрылды.

Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы кафедрасының отырысында қарастырылған.

Хаттама №1 «27» тамыз 2015 ж.,


Кафедра меңгерушісі: Шаяхметова А.А.

қолы тегі, аты,әкесінің аты

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген.

Хаттама № 1 «28» тамыз 2015 ж.,


Факультеттің ОӘК төрайымы:___________ Құрманова А.Қ.

қолы тегі, аты,әкесінің аты

«Өзін-өзі тану» курсы бойынша өзіндік жұмыс, ортамен белсенді әрекеттестік жағдайында өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдану барысында ізденуші, шығармашылық іс-әрекеттің даралық және топтық формасын білдіреді. Студенттердің өзіндік іс-әрекеттерін шығармашылық жоба, эссе жазу, баяндамаларға дайындық, рефераттардың орындалуы ұсынылған әдебиеттің (негізгі және қосымша), хрестоматиядағы материалдарды топтық талқылауға дайындық, коллаж және т.с.с фотоальбомдарды құрастыру сияқты тапсырмалардың дәптерде орындалуы қарастырылады.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдасыру және жүргізу барысында келесі талаптарға жетекшілік жасау қажет:


  1. Барлық сабақтарды өткізу барысында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде, курсты оқып үйренудің соңында студенттер өзін-өзі тану процесін өзіндік дамудың үйлесімді алып барушысы ретінде толық түсінікке ие болу керек.

  2. Студенттерді тікелей танымның қатысушысы етіп белсенді бағытқа бағыттау. Тапсырма тек арнайы фактілерді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ өмірлік жағдайлардағы мәселелердің шығармашылық тұрғыда шешімін табуға бағытталған болуы қажет.

  3. Өзіндік жұмыста тапсырма жүйелі, логикалық құрылым сипатында болуы тиіс.

  4. Тапсырмаларды таңдау барысында студенттердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеру.

  5. Студентердің өзіндік жұмыстарын орындау барысында оқытушы оларға түсіндіру арқылы педагогикалық қолдау көрсету қажет.

Өзін-өзі тану - өзін, өзінің потенциалдық қасиеттерін, тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін, мінез сипаттамаларын, басқа адамдарға деген өзінің қатынастарын тану процесі.

Тұлға өзін-өзі тануда тану – ену объектісі ретінде өзіне өзінің қатынасын көрсете отырып, танымдық субъект ретінде қатысады немесе танылады. Тану - ену «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен және басқалар», «Мен және әлем» т.б. диалогтарында өзараәрекеттесу арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі тану іс-әрекетте жүзеге асатын білім және әрекеттің бірлігін саналы ұғынуда, өмірлік жағдайларды түсінуде, нақты дербес тапсырмаларды шешуде болуы мүмкін.



ГЛОССАРИЙ





Түсінік

Мазмұны

1

Адаптация

(лат. бейімделу) - әсерлерге немесе өмір жағдайлардың өзгерісіне тұлғаның, ағзаның бейімделуі.

2

Адекваттылық

шақырылған тітіркендіргішке жауаптардың сәйкес келуі.

3

Агрессивтілік

өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына физикалық неме психологиялық нұқсан келтіру мақсатымен сипатталтын әрекеті немесе мінез-құлық.

4

Акцентуация

индивидтің қандай да бір психикалық қасиетінің басқа жағдайда, әлсіз көрінуі.

5

Анкета

( фр. сұрақтар тізімі ) - көрсетілген ереже бойынша сұралушы толтыратын сауалнама қағазы

6

Апатия


(грек. қызықпаушылық) – қоршаған адамдарға, оқиғаларға, құбылыстарға қызығушылықтың болмауы, енжарлық күй.

7


Аффект

Сананың тарылуымен немесе өшуімен байланысты қысқа уақытты эмоциялық бастан кешірулер.

8

Абырой

тұлғаның ішкі ар намысында және дербестігінде көрінетін моральдық сезім.

9


Адалдық

іскер, салмақты және ұйымшыл тұлғаның қасиеті.

10

Ар-намыс


өзінің мінез-құлқын іштей жақсы және жаман тұрғыдан бағалау, өзінің сезімдерін, сондай-ақ әрееттерін, басқалардың ойларын бағалау қабілетінде көрінетін тұлғаның рухани бейнесінің қасиеті.

11

Адам

дамудың жоғары деңгейінде тұрған тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи іс-әрекет субъектісі.

12

Адамгершілік

басқа адамдарға адамгершілік қатынаста көрінетін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.

13

Ақыл-ой сезімі

танымдық іс-әрекетпен және тұлғаның реттеуші интеллектуалды белсенділігімен байланысты сезім

14

Абырой

Қиын жағдайларда абыройлы мінез-құлқында көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.

15


Әңгімелесу

тұлғаны, оның мотиверін, сезім, ойларын, ниеттерін, алдында тұрған міндеттерін түсінуін зертеу әдістері.

16

Әдептілік, биязылық, сыпайылық

адамгершілік намысын сыйлауда, өзарақарым-қатынаста сыпайылықта, басқа адмдардың субъективтік күйін түсінуде көрініс беретін мінез қасиеті.

17

Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ)

топтық психологиялық тренинг түрі, қатысым кезінде құзырлылықты дамыту мақсатында қолданылатын топтық психологиялық жұмысты ұйымдастырудың белсенді әдісі.

18

Әлеуметтік рөл

тұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік мекемелердің қоятын талаптарына, әлеуметтік күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.

19

Бәсекелестік

(лат. қақтығысу) – әлеуметтік-психологиялық мағынада адамдар арасындағы өзарақарым-қатынастың жарысы

20

Батылдық

адамға рухын жоғалтпауға және тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өзін сенімді ұстай алуына мүмкіндік беретін тұлға қасиеті.

21

Бауырмалдық

қоршаған ортаға және жақындарына сезімтал қарым-қатынаста, басқа адамның көңіл-күйін тез әрі дұрыс анықтай алуда, қиын сәттерде көмекке келуге дайын болуда көрінеді.

22

Бейімділік,борыш

адамның іс-әрекетіне мағына, тұтастылық беретін бағыттылығы және өмірлік бейімділігі.

23

Батылдық

адамға шешімді уақытымын қабылдауға және оларды тез арада орындауға кірісуге мүмкіндік беретін ерік қасиеті.

24

Бақыт

қалауына жеткен кезде пайда болатын тұлғаның ерекше эмоционалды, психикалық күйі

25

Бірегейлік

қайталанбайтын, ерекше, сирек

26

Гуманизм

(лат.адамгершілік) - адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығына, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығына деген көзқарастардығ жиынтығы.

27

Достық

Симпатиямен және өзара бауырмашылдықпен сипатталатын тұрақты жеке таңдаулы тұлғааралық қарым-қатынас түрі.

28

Даралық

адамның индивид және тұлға ретіндегі өзіндік ерекшелігі

29

Дағды

сананың қатысуынсыз, рационалды, тез әрі дұрыс, физикалық және психикалық энергия шығынынсыз жүзеге асырылатын, автоматтандырылған әрекет.

30

Дүниетану

қоршаған шынайылыққа деген көзқарастардың, ойлардың, түсінікер жүйесі.

31


Даналық

өмір процесінде әлеуметтік тәжірибені жоғары деңгейде меңгерген тұлғаның интеллектуалды және адамгершіліктік сипаттамасы

32

Жас дағдарыстары

онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес ерекше кезеңдері.

33

Жан

адамның ішкі әлемін, оның санасын және өзіндік санасын белгілеу үшін қолданылатын түсінік.

34

Жалған

дұрыс еместі, немесе шынайылыққа сәйкес келмейтін нәрсені адамның саналы түрде қолдауы

35

Жек көрушілік

біреуге немесе бір нәрсеге деген ашумен көрінетін топтың, тұлғаның психикалық күйі

36

Жиіркенушілік

объектімен (заттармен, адамдармен, жағдайлармен және .б.) шақырылатын жағымсыз эмоционалды бастан кешірулер.

37

Жомарттық

Басқа адамдармен өзінің материалды және рухани құндылығымен бөлісуге қабілетті және дайындықта көрінетін тұлғаның моральды – психологиялық қасиеті.

38

Индивид

(лат, бөлінбейтін) - адам, тіршілік иесі, человек, homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі.

39

Инсайт

(ағыл. түсіну) — бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік.

40

Интеллект

(лат. түсіну, тану) — кең мағынада адамның ақыл-ой қабілеті, барлық танымдық процестерінің жиынтығы; тар мағынада - ақыл, ойлау.

41

Интуиция

шартсыз-рефлекторлы реакциялар негізінде яғни санадан тыс деңгейде орындалатын әрекет.

42

Ислам

(мұсылмандық)- әлемдік діндердің бірі.

43

Иудаизм

еврейлер ортасында кеңінен тараолған діндердің бірі.

44

Іскерлік

айқындылық және ұйымшылдық, жауапкершілікпен, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуде көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.

45

Іс-әрекет

мақсатқа жету құралдарын пайдаланудағы мотивтелінген процесс

46

Кәсіп таңдау

адам өзі игере алатын және ұзақ уақытта айналыса алатын іс-әрекет саласын саналы түрде анықтау

47

Кемелдену


адамның биологиялық, физиологиялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды және адамгершіліктік параметрлерінің дамуының жоғары деңгейіне жету.

48

Компетенттілік

маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы.

49

Кикілжің


түрлі мотивердің, қызығушылықардың және қажеттіліктердің негізінде қарама қарсы көзқарастардың қақтығысуы.

50

Креативтілік


ойлаудың дәстүрлі жүйесінен бас тарта отырып жаңа идеялар тудыру, мәселелік жағдаятарды тез шеше алу қабілеті.

51

Көңіл-күй

индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.

52

Кәсіби компетенттілік

маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы

53

Кәсіби-этикалық нормалар

психологтың кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар, оның өзінің іс-әрекетінде мінез-құлықтың адамгершілік нормаларында жүзеге асуы.

54

Кәсіби ойлау


мәселелік міндеттерді шешу үшін осы кәсіби облыста қолданылатын тәсілдермен, мәселелік жағдайларды шешудің әдістерін меңгеруші

55

Кәсіптік өзін-өзі анықтау


кәсіптің талаптарын, нормалары мен құндылықтарын өзінің дайындық деңгейі, тұлғаның жеке қасиеттерімен дербес салыстыру процесі және нәтижесі.

56

Кәсіби қабілетілік

басқалардан ерекшелеп тұратын және кәсіби іс-әрекеттің талаптарына жауап беретін адам тұлғасының жеке-психологиялық қасиеті.

57

Қызығушылық

тануға деген ұмтылысты шақыратын объектіге немесе құбылысқа деген жағымды (танымдық), эмоционалды боялған қатынастың көрінуі

58

Қорқу

қауіппен бетпе бет соқтығысқанда немесе ортаның қауырт жағымсыз өзгеруінде өзін-өзі сақтау инстинктінің негізінде пайда болады.

59

Қарым-қатынас

субъектінің біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайын, өзараәрекеттерінің және өзараәсеретуінің арнайы формасы

60

Қатынас

болмыстың және танымның нақты тәсілін белгілеу үшін Аристотель енгізген термин.

61

Қарым-қатынас мәдениеті

қоршаған орта адамдарымен түрлі жағдайларда дұрыс қатынас жасай алу, адамгершілікке тән ережелер мен нормаларды сақтау.

62

Құндылық

жоғары адамгершіліктік, әлеуметтік және мәдени мәнге ие, қоғамдық санада бекітілген шынайылықтағы белгілі бір құбылыс.

63

Құндылық бағдарлары

олардың субъективті мәнін өмірдің жағдайында және іс-әрекетте қабылдауға бейім материалды және рухани деп бөлінетін құндылықтар

64

Мұрат

(греч. елес) - адамның жеке ұмтылыстарының бағыттылығы көрінетін мотивация формасы

65

Махаббат

объектіге (адам, Отан, отбасы, қала, шындық, адамгершілік, дін т.б.)деген эмоционалды-құнды қатынас арқылы көрінетін, сезім

66

Медитация

(лат, ойлау) – өз ойларына және сезімдеріне, өзінің психикалық күйіне өзіндік әсер ету

67

Менталитет

тұлғаның, топтың бағыттылығы мен ойлауының қалыптасуы

68

Мотив

(лат, қозғалысқа келтіру, итеру) – іс-әрекетті ішкі оятушы, оған тұлғалық мағына беруші

69

Мотивация

мақсатқа жетуге оятушы барлық мотивтердің жиынтығы.

70

Маманның кәсіби бағыты

кәсіби менталитеттің іс-әрекеттік көрінісі яғни кәсіби іс-әрекеттің түрлі жақтарына деген қатынасының жиынтығы және оның өзіндік бағалауы.

71

Мұғалім профессиограммасы


оның тұлғасына, қабілетіне, шеберлігіне және психолого-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптар тізімі

72

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті



оқушының жеке және жас ерекшеліктерін, сұранысын, қызығушылығын, құмарлығын, рухани әлемін ескере отырып оған психолого-пеадгогикалық әсер етуде көрінетін үнемі орындалатын іс-әрекет түрі.

73

Мінез

(грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы

74







75

Моральды сезім (адамгершіліктік)

адамның басқа адамдарға, қоғамға, өмір сүру ережесі мен нормаларына деген қатынасының бастан кешірулері

76

«Мен-тұжырымдама»

Индивидтің өзіне-өзі қатынасынан ұрады: а) өзінің даралығы туралы ойы; б) нақты қызығушылықтардың, бейімдліктердің, құндылық бағдарының бірлігі; в) нақты өзіндік бағалау және өзіндік сыйлау

78

«Мен» (ішкі)

өзінің бейнесі. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі түсіну. Әсерлер мен бастан кешірулерді есте кейінгі қалдыруларға және тануға байланысты.

79

Оқытушы іс-әрекеті

оқушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты міндеттерді орындау процесі

80

Онтогенез

адамның өмірге келгеннен өмірінің соңына дейінгі жеке дамуы

81

Оптимизм-пессимизм

(лат.Optimus – ең жақсы және pessimus – ең нашар). Оптимизм адамның жағымды көзқарастарының жүйесі. Пессимист өмірге және әлемге жағымсыз көзқарастар жүйесіне ие.

82

Оқытушы тәжірибесі

оқытушының оқу-тәрбие жұмысында білім, дағды, іскерлік, әдетті игеруі

83

Отбасы

ерлі зайыптылар, ата – ана мен бала арасындағы қатынастарын реттейтін нақты әлеуметтік нормамен, санкциямен, мінез-құлық үлгісімен, құқық және міндеттермен, сипаталатын әлеуметік институт.

84

Өзара әрекет

өзара байланысты және шартылықты тудыратын объектілердің бір-біріне өзараәсер ету процесі.

85

Өзарақарым-қатынас

әлеуметтік топтағы адамдар арасындағы субъективті байланыстар және қарым-қатынастар

86

Өзаратүсіну

көзқарастары, бағыттары, қызығушылықтары максималды түрде мағынаға ие болатын жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, елдердің арасындағы қарым-қатынас тәсілі.

87


Өмірлік жол

тұлғаның жеке даму тарихы

88

Өзін-өзі өзектілеу


адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін неғұрлым толығырақ көрсетуге және дамытуына ұмтылуы

89

Өзін-өзі сендіру

бір нәрсенің жүзеге асуы үшін өзін-өзі психологиялық дайындау (өзіне бағытталған психологиялық бағдар)

90

Өзін-өзі тәрбиелеу

тұлғаның өзінде жағымды қасиеттерінің қалыптасуына және жағымсыз қасиеттерін шеттетуге саналы түрде бағытталған жұмысы.

91

Өзін-өзі бақылау

қойған мақсатына қатысты нәтижеге жету үшін адам өзінің мінез-құлқын және іс-әрекетін саналы реттеуінен көрінеді.

92

Өзін-өзі сүю

адамның өзін-өзі бағалауында көрінетін, эмоционалды қатынас

93

Өзін-өзі игеру

дұрыс ұйымдастырылмағын жағдайда іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеті, ішкі еріктік реттеу.

94

Өзін-өзі ұйымдастыру


саналатын ерік және ақыл-ой ерекшеліктерінде, мінез-құлық мотивінде іске асырылатын табиғи және әлеуметтік меңгерілген қасиеттердің жиынтығы және іс-әрекет және мінез-құлықтің реттілігімен жүзеге асады.

95

Өзін-өзі бағалау

адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі.

96

Студенттің өзін - өзі бағалауы

студенттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.

97

Өзін-өзі таңдау

қоғамдық іс-әрекет процесінде өзінің ішкі мәнін зерттеу, өзін-өзі тану процесі.

98

Өзін-өзі аңғару

өзі туралы тұрақты, индивид өкілінің қайталанбайтын жүйе екендігін жоғары немесе төмен деңгейде ұғынуы. Адамның өзін-өзі аңғару күйі.

99

Өзіне деген эмоционалды-құнды қатынас

Өзінің ар намыс сезімінде, өзін-өзі сыйлауда, немесе керісінше, өзін сөгуде, өзінен ұялуда көрінетін тұлға құрылымының компоненті

100

Психика

объективті шындықты белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.

101

Парыз

адам ар ұятының арқасында орындайды және өзіне талап, міндет ретінде сезінеді

102

Педагогикалық эмпатия

студенттердің психикалық күйін, эмоция, сезімдерін, бастан кешірулерін оқытушының түсінуі

103

Педагогикалық еңбек

өсіп келе жатқан ұрпақты және ересектерге білім беру және оқыту, тәрбиелеу мақсатында мақсатқа бағытталған шығармашылық іс-әрекет

104

Педагогикалық шеберлік

мұғалімнің, жоо оқытушысының, педагогтің кәсіби іс-әрекетінің жоғары деңгейі

105

Педагогикалық қарым-қатынас

оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің жүзеге асуы

106

Рефлексия

(лат. бейнелеп көрсету) - субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.

107

Тұлғаішілік кикілжің

тұлғаның құндылық бағдарының, оның қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының қақтығысуы.

108

Тұлғаның бағыттылығы

тұлғаның мақсаты және мінез-құлық мотивінде, қажеттілігінде, қызығушылығында, мұратында, сенімдерінде, бағдарында көрініс беретін маңызды қасиеттерінің бірі.

109

Табандылық

қиыншылықтарға қарамастан мақсаттың жүзеге асуына бағытталған тұлғаның еріктік қасиеті

110

Торығу

рухани күштің төмендеуінің психикалық күйі, болашақ жоқ, өзінің мүмкіндігіне сенбеу, қиын жағдайлардан сәтті шығуға деген үміттің болмауы.

111


Түсіну

өткен тәжірибесінде меңгерілген бір нәрсе туралы ақпараттың болуы және осының нәтижесінде оқиғаның, фактінің мәні мен мағынасына, әсерету мазмұнына ие болупроцесі

112

Толеранттылық

түрлі ойларға, адамдарды және оқиғаларды бағалауға деген шымдылықта көрінетін тұлғаның қасиеті.

113

Эмоция

адамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы.

114

Этникалық таптаурындар

адам өмірлік тәжірибелеріне ұлтық дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, рәсімдердің меңгерілуі және енуі

115

Христиандық

әлемдік діндердің бірі (буддизм және исламмен қатар).

116

Фрустрация

(лат. алдау, бұзылу) - ішкі шиеленістің өсуінәі психикалық күйі, мақсатқа жеудегі сәтсіздікке байланысты көңіл қалумен көрінетін психикалық күй

117

Фасилитация

санасында мәнді бейненің өзектіленуінің салдарынан индивид іс-әрекетінің өнімділігінің немесе жылдамдығының өсуі.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет