«Қазағымның мәртебесі Атамекен»



Дата31.12.2019
өлшемі22,23 Kb.
#54336
«Қазағымның мәртебесі - Атамекен» Е.Хасанғалиевтің туғанына 75жыл жасқа толуына байланысты кеш бағдарламасы

Мақсаты: Оқушыларға  сазгер Ескендір  Хасанғалиев өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы  музыкалық  білім беру. Халқымыздың қалдырған мұрасын  жалғастыратын,саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Хасанғалиев әндері  арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру. Музыкалық сөз қорларын байыту  музыканы тыңдай және түсіне білу

1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар, өнер сүйер қауым! Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқының сүйікті әншісі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған «Қазағымның мәртебесі - Атамекен» атты кешіне қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Есімі республикаға, шетелдерге танымал, Қазақ елін дүние жүзінің көптеген елдерге танытқан әнші – композитор .Өзінің қоңыр сазды үнімен, жүрек тебірентер әсем әндерімен үлкеннің де, кішінің де жүрегіне жол тапқан Ескендір ағамыздың өмірдегі, өнердегі қадамдары өзгелерге өнеге боларлықтай. Өзі сазгер, өзі орындаушы, талантты композитор эстрадалық музыканы ұлттық бояумен, бар нақышымен орындап, ән өнерінің табиғатына терең бойлап жүрген дара тұлғалардың бірі. Сазгер,әнші Ескендір Хасанғалиев 75 жасқа толып отыр. Құтты болсын!

1-Жүргізуші: Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған ән «Айналдым елім» орындайтын 2 сынып оқушысы Сымбат Болатова.

2-Жүргізуші: «Ең сүйікті әндерім сағыныштан жаралған...»-деген сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі, Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де дарынды жандар болған. Әкесі Құбаш Ыбырашев 21 жасында мұғалім болып жүріп 15 жасар шәкірті Қанашқа үйленеді. Әкесі скрипкада шебер ойнаса, анасының тамылжытып ән салатын өнері болған.

1-Жүргізуші: Ескендір 1956 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, ауылда үш жыл қызмет істеген. 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның ән-хор факультетінің дайындық курсына түскен. 3-4 жыл негізгі бөлімде оқып, соңғы курста сырттай оқу бөліміне ауысып, композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен Қазақ радиосында музыкалық редактор болып жұмыс жасайды. Содан кейін Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіреді. 1970 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің шешімі бойынша Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болып атанады.

2-Жүргізуші: М.Құрманалиннің сөзіне жазылған ән «Менің алтын босағам» орындайтын 2 сынып оқушысы Ақбаян Аманжолова

1-Жүргізуші: Алғаш кезінде Ескендір Хасанғалиев әнші болып өнер жолын бастаған. Әріптес композиторлардың әндерін орындап, елдің алғысына бөленіп жүргенді. 1961 жылы Ескендір ағамыз туған жерін,елін,анасын сағынып жүргенде «Анаға сәлем» деген алғашқы әні дүниеге келген. Сол кезде Қазақ радиосында жасайтын Оспанәлі Иманалиев ағаға көрсетіп, бір жетіде Оспанәлі ағамызға әуен ұнаған соң сөз жазып береді.

2-Жүргізуші: Сөзін жазған Оспанәлі Иманалиев «Анаға сәлем» орындайтын 2 сынып оқушысы Дарын Нартай. Қабыл алыңыздар!

1- жүргізуші: «Өмірге кішкене болса да із қалдыру - әрбір өнершіл азаматтың парызы ғой.
Ең алдымен сондай бір азаматтық борышымды өтесем деймін. Бір кезеңдерде қайғысы мен мұңы көп болған, бүгінгі қуанышы мен бақыты мол халқының өткен жолын, бүгінгісін музыканың жанды тілімен жүректерге жеткізетін әнші болу менің үлкен арманым.
2-жүргізуші: Өнер кешінің алдыңғы сатында болу - бақыт болса, соңында қалу - өнер адамы үшін қайғы - мұң. Барлық жандардай менің де мұңайғым келмейді...
Қайта әсем әндер әуенімен екінші жүрекке қуанышты, тамаша ыстық сезімдерді төгілдірсем екен деп көксеймін.» деген екен Ескендір ағамыз.
1-Жүргізуші: К.Ідірісовтың сөзіне жазылған ән «Келші, келші балашым» орындайтын 2 сынып оқушысы Ардаққызы Саманта
2-жүргізуші: Туған елін сиқырлы әуенмен тербеп ,тарихы мен дәстүрін әнмен өрнектей білетін композитордың өнер қазанында әліде сүбелі саздың қайталанбас иірімдері қайнап, буырқана келіп халық қазынасына құйыла түсетіні сөзсіз.

1-Жүргізуші:. Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазған «Ауылым - әнім» орындайтын 2-сынып оқушысы Нұрай Жалғас.

2-Жүргізуші: Ескендір Хасанғалиев кішкене балаларға арнап ән жазған.

1-Жүргізуші: Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазған «Ақ жаңбыр» орындайын 2 сынып оқушысы Мирас Мизам.

2-Жүргізуші: Ескендір Хасанғалиевтің тағы да балаларға арнап шығарған әні «Ерден атайдың ертегісі» Сөзі Әбдірахман Асылбековтікі. Орындайтын 1-сынып оқушысы Айнамкөз Санатқызы

1-Жүргізуші: Қайрат Жұмағалиевтің сөзіне жазылған «Біз бақытты баламыз» орындайтын 1-сынып оқушылары Айым Мысырғали, Айару Нұрболқызы

2-Жүргізуші: Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.

1-Жүргізуші: Сондай әндерінің бірі Т. Тоғағабыловтың сөзіне жазылған «Жасай бер,қазақ» орындайтын 3 сынып оқушысы Тамерлан Алтыбай

2-Жүргізуші: Ескендір Хасанғалиев әндері жастық шағы 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында өткен замандастарына, іні-қарындастарына әсіресе ыстық әндер «Студенттердің қоштасу әні», «Асыл арман», «Ауылым-әнім», «Атамекен», «Есіңе ал», «Сағындым сені», «Гүл сезім», «Әдемі-ау», «Елігім еркем», «Бозторғайым» тағысын тағылар.Олар қимас күндердің естелігіндей өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткен әндер.

2-Жүргізуші: Т.Оразбаевтың сөзіне жазылған «Гүлсезім» әнін орындайтын 3 сынып Айгерім Жантемірова.

1-жүргізуші: Ескендір ағамыздың ең көп таңдаулы әндеріне Бәкір Тәжібаев сөз жазған. «Студенттердің қоштасу әні»,«Ауылым әнім»,"Әдемі-ау","Алматының алмасы","Қарындасым-қарлығашым","Елігім-еркем","Есіңе ал","Бозторғайым",«Жанарым» және «Сағындым сені»  тағы басқа әндеріне жазған .

2-Жүргізуші: Сондай әнінің бірі «Әдемі-ауды» Диас Мизамның орындауында қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші: Бұлты сүйген көгілдір Көкшем менің,

Биігіңе,шіркін-ай,жетсем деймін.

Жүрек тербеп сыр толғап ойландырып,

Сендей әсем, таза боп өтсем деймін.



2-Жүргізуші: Ш.Уәлихановтың сөзіне жазылған «Көгілдір Көкшем» орындайтын Айшат Асхатқызы

1-Жүргізуші: Ескендір Хасанғалиев шығармашылық сапармен шетелдерді көп аралап, өнер көрсеткен жан. Ұлт мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» (2000) орденімен марапатталған. Композитордың бірінен-бірі қастерлі әндерінің ішіндегі шоқтығы биік туындысы «Атамекен» әні. Бұл ән арқылы адам баласының бойындағы намыс, жігер, ұлт жандылық, туған жерге деген шексіз махабатты оятып, алыс армандарға жетелейді. Осы «Атамекен» әнінің жазылғанына да 40 жылдай уақыт болыпты.

2-Жүргізуші: Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Атамекен» орындайтын Ақниет Төребай. Қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқының сүйікті әншісі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған «Қазағымның мәртебесі - Атамекен» атты кеші осымен аяқталды!

2-Жүргізуші: Көңіл-қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау - сәламатта болыңыздар!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Миялы балалар өнер мектебі

«Қазағымның мәртебесі - Атамекен»

Дайындаған: Т.Кішкенебай,Л.Тастаева

2015-2016жыл
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет