Қазақстан және әлемдік Қауымдастық



Дата17.02.2017
өлшемі19,96 Kb.
#9630
  • Қазақстан және әлемдік Қауымдастық.
  • Қолданбалы сабақ жоспары
  • Тақырыбы:
  • “Қазақстан және
  • халықаралық
  • ұйымдар.”
  • Еліміздің халықаралық
  • қаржы институттарымен
  • ынтымақтастығы
  • Дүниежүзілік
  • сауда
  • ұйымы
  • Тәуелсіз Қазақстанның
  • сыртқы саясатын
  • айқындау
  • Қазақстан Республикасы
  • Шанхай ынтымақтастық
  • ұйымы
  • Ғаламдастыру
  • Қазақстанның
  • БҰҰ-дағы қызметі
  • Қазақстан және
  • НАТО
  • Қазақстанның (ЕҚЫҰ)
  • Еуропадағы қауіпсіздік пен
  • ынтымақтастық ұйымы.
  • Қазақстанның Еуропаодақпен
  • Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақ
  • тастық ұйымы және НАТО-мен
  • Әріптестік байланыстары.
  • Сабақтың мақсаты: ҚР сыртқы саясатының қалыптасуы, ол әлемдік қауымдастықтың тең
  • құқылы мүшесі болу үшін халықаралық беделді саяси және қаржы
  • экономикалық ұйымдармен тұрақты байланыс орнатып, ел мүддесіне
  • сай жұмыстар жүргізіп жатқанын көрсету.
  • Тәрбиелілік: Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық қызметі туралы түсініктер
  • беру, осы саланың мамандықтарына деген олардың қызығушылығын ояту,
  • мамандыққа баулу.
  • Дамытушылық: Оқушыларға тәуелсіз еліміздің халықаралық ұйымдармен жүргізіп жатқан
  • қызметінің түрлерін білуге деген қызығушылығын, ынтасын ояту,
  • ізденушілік қабілеттерін дамыту.
  • Сабақтың түрі: Ізденіс, зерттеу, семинар сабақ.
  • Тәлімдік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласының қалыптасуы,
  • оның әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болу үшін БҰҰ, ЮНЕСКО,
  • ЕО, ЕҚЫҰ, НАТО, ШЫҰ, АӨСШК және тағы басқа халықаралық беделді саяси
  • және қаржы экономикалық ұйымдармен, халықаралық қаржы институттарымен
  • тұрақты байланыс орнатып, ел мүддесіне сай жұмыс жүргізіп жатқанын түсіндіру,
  • оқушылароға “Ғаламдастыру” ұғымының мәнін ашу.
  • Сабақта игеретін ұғымдар мен терминдер:
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі: НАТО, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК,
  • ЕҚЫҰ, ИДБ, АДБ, ХВК, ЕКДБ, Давос форумы, Еуроодақ, ДСҰ, ғаламдастыру.
  • «Қазақстан беделді халықаралық ұйымдар мен байланыс жасай отырып, еліміздің қаіпсіздігі мен халықаралық беделін көтеру»
  • Н.Ә. Назарбаев «... Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл – ХХІ ғасырдың сынақтарына қарсы тұруға қабілетті, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай,
  • АҚШ, Еуропалық одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкіләлемдік сауда ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз. Қазақстан Шанхай
  • ынтымақтастық ұйымына ТМД, ЕурАзия ЭҚ-ты реформалауға ерекше мән береді»
  • Кеңес елі ыдырап, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, капитализм мен
  • социализмнің теке - тіресі аяқталды. Осы кезде Қазақстан әлемдік
  • саясатының кіндік нүктесіне айналды. Әлем назары бізге ауды.
  • Қазақстан
  • Мүмкіндіктері
  • Кедергілер
  • Басты міндет
  • 1. Жер көлемі
  • 2. Табиғи байлығы
  • 3. Көп ұлтты
  • көп дінді.
  • 4. КСРО-дан
  • қалған ядролық
  • қарудың біразына
  • ие.
  • 1. Ресей мен Қытай
  • сияқты алып
  • мемлекеттер
  • ортасында.
  • 2. Халқы аз.
  • 3. Теңізге шығатын
  • жолы жоқ.
  • 4. Кейбір
  • саясатшылар
  • ядролық қаруы бар
  • “Ислам мемлекет”
  • деді.
  • 1. Мемлекеттің шын сипатын
  • таныту;
  • 2. Халықаралық дәрежеде
  • мойындату;
  • 3. Әлемдік шаруашылықпен
  • экономикалық байланыстарға
  • белсене араласу.
  • Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің арасында орналасқан. Жері үлкен болғанымен халқы аз, 15 миллиондай ғана.
  • Халқының саны жағынан әлемде 71-ші орын алады.
  • Теңізге қашықтық 3750 шақырымды құрайды.
  • Халықаралық сарапшылар бағалағандай, жерінің асты мен үсті табиғи байлықтарға толы минералдық қазба байлықтар қорынан сол кездегі дүние жүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстан мынандай орын алады:
  • Вольфрамнан - 1 орын
  • Хромиттен - 2 орын
  • Фосфордан - 2 орын
  • Марганецтен - 3 орын
  • Мыстан - 6 орын
  • Күмістен - 7 орын
  • Темір рудасы қорынан - 8 орын
  • Көмір - 9 орын
  • Никель - 10 орын
  • Мұнай - 12 орын
  • - 130 – ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралды.
  • - 40 – тан астам діни конфессиялар болды.
  • Бұрынғы КСРО-ның ядролық қаруының біраз бөлігіне ие болып қалды және халықаралық дәрежедегі
  • бірде-бір келісімге қол қоймаған, өзіне ешқандай міндеттеме алмаған саяси бағыты белгісіз ел болды.
  • Әлем үшін ол кезде Қазақстан Елбасының бейнелі сөзімен айқында «бейтаныс өлке» болды.
  • Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президентіміз өзінің 1992 ж мамыр айында шыққан
  • «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап
  • көрсетті. Кейін оны «Қазақстан – 2030» еңбегінде одан да басқа сөйлеген сөздері мен еңбектерінде дамытып
  • толықтырды.
  • 1992 ж шілдеде «Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі туралы» Ереже, кейінірек 1997 ж
  • 2000 жылдары «Дипломатикалық қызмет туралы» Заңдар қабылданды.
  • Елбасы жарлығымен біздің еліміздің бірінші елшілігі 1992 ж 16-мамырда Түркияда ашылды, ал келесі күні
  • Президент асы елдегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі етіп Қанат Саудабаевты
  • тағайындады.
  • Қазақстан Респуликасының шет елдердегі алғашқы елшіслері олар:
  • Египетте – Тайжанов Болатхан Құлжанұлы
  • Венгрияда – Құрманғожин Сәлім Алмағамбетұлы
  • Иранда – Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы
  • Қытайда - Әуезов Мұрат Мұхтарұлы
  • Белгияда – Қырбасов Әуесхан Мақатайұлы
  • БҰҰ-да – Арысттанбек Ақмарал Хайдарқызы
  • Қырғызстанда – Шаханов Мұхтар Шаханұлы
  • Өзбекстанда – Есқалиев Нәжімедиен Ысқақұлы
  • АҚШ-та – Сулейменов Төлеутай Ысқақұлы
  • Францияда – Қабдырахманов Төлеухан Самарханұлы
  • ГФР-да - Тұрсынов Сағымбек Тоқабайұлы
  • Украйнада - Глачков Юрий Алексеевич
  • Беларусьта - Темірбаев Валерий Ботаұлы
  • Әзірбайжанда - Аманғалиев Ибрагим Әжейұлы
  • Ресей Федерациясында – Мансұров Тайыр Аймұхамбетұлы
  • Қазақстанда өз елшілігін алғаш ашқан ел – Түркия.
  • Қазір – 121 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды.
  • Бүгін Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ сияқты 68 халықаралық ұйымда өкілдігі бар.
  • Шетелде – 50 шетелдік мекемеде, соның ішінде – 32 елшілік тұрақты өкілдік, 2 – дипломатиялық миссия, 3 – бас консулдық, 1 – төлқұжат – виза қызметі жұмыс істейді.
  • Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі.
  • 1991 ж 20 желтоқсанда сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министірі Ақмарал Арыстанбекованы Елбасымыз Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның жанындағы Қазақстан Республикасының 6 адамнан тұратын Тұрақты өкілі етіп тағайындады. Сөйтіп Ақмарал Хайдарқызы Қазақ мемлекетінің тарихында шет елде елшілік қызмет атқарған тұңғыш қазақ қызы болды.
  • 1997 – 1998 және 2000 жылдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Халықаралық Ынтымақтастық және Қазақстандағы Семей аймағы халы мен экономикасын оңалту және экономикалық дамыту мақсатындағы қызметті үйлестіру»атты қарар қабылданды.
  • БҰҰ аясында 1999 жылы Токиода Семей аймағының проблемалары жөнінде халықаралық конференция болып өтті. 2002 жылғы мәлімет бойынша Семей аймағын сауықтыруға тартылған БҰҰ қаражатының жалпы сомасы 26 миллион АҚШ-долларын құрады.
  • 2002, 2003 ж. БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан Еуразиялық Медио-форум.
  • 2002 ж – АӨСШК (Азиядағы өзара ықпалдастық сенім шаралары кеңесі) саммитін
  • 2003 – Еуразиялық экономикалық саммит
  • 2003ж – теңізге шығатын жолы жоқ және тасымал жолынан алыс орналасқан дамушы елдердің проблемалары туралы халықаралық конференция
  • 2003 ж - Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі сияқты халықаралық маңызы бар жиындарды ұйымдастырып өткізеді.
  • Қазақстанның Еуроодақпен байланысына арналады.
  • 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында ЕО-ның ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. (5,5 трилмюн доллор)
  • ЕО-да тауарлардың әлемдік саудасының 40%-і және қызмет көрсету саудасының 30% жоғарланған.
  • Ғылыми – технологиялық және қаржылық әулеті АҚШ-тан кейін 2-орын алды.
  • 2003 ж. 16-сәуірінде Афина қаласында Эстония, Чехия, Кипр, Латвия, Венгрия, Мальта, Литва, Словакия, Польша, Словения мемлекеттерін ЕО-ға мүшелікке қабылдау туралы келісімге қол қойылды.
  • Осы 10 мемлекетпен ЕО трерриториясы бірнеше есе кеңейіп, жалпы ішкі өнімнің көлемі 5 триллион евродан тұратын әлемдегі ең ірі сауда блогына айналды.
  • Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды.
  • 1999 жылы біздің еліміздің ЕО мемлекеттері мен сауда айналымы 2, 2 млрд. Жоллорды құрады.
  • 2002 жылы ЕО елдерімен сауда көлемі 3 млрд. Доллорды құрады.

Қорытынды:

  • Баяндамашылар ұлтаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің бірегейлігін атап өтті, және ол ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен шайқалған еуропалық қауым үшін үлгі бола алар еді деген ойды білдірді.
  • Ал қазақстандықтар болса, шара қонақтарына жас елдің экономикадағы, саясаттағы және халықаралық сахнада қол жеткізген жетістіктерін атап, мақтан тұтты.
  • Назар аударғаныңызға рахмет

Каталог: tarih
tarih -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
tarih -> Сабақтың мақсаты: Фашистік режимді талқандағаннан кейінгі Германияның бөліну себептерін нақтылау. Отарланған аймақтарда
tarih -> Сабақ тақырыбы : «Тарих ғасырлар куәсі»
tarih -> Сабақ реті Сынып Мұғалім 1
tarih -> Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –xx ғғ.)
tarih -> «Тәуелсіз тарихыма 25 жыл»
tarih -> 11 сыныптағы Дүние жүзі тарихы пәні бойынша орта мерзімді жоспары
tarih -> Лекциялық материалдың мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет