Қазақстан республикасы азаматына тәрбие берудің Үлгісі модель воспитания гражданина республики казахстан алматы 2010 жыл



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,86 Mb.
#36732
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҮЛГІСІ

МОДЕЛЬ ВОСПИТАНИЯ ГРАЖДАНИНА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Алматы

2010 жыл

Дорожкина Л.А., Тайтанова Н.Қ., Маханбетова А.Ә., Қалдарова Қ.И. Қазақстан Республикасы азаматына тәрбие берудің үлгісі. Алматы, 2010 жыл  42 бет.


Қазақстан Республикасы азаматына тәрбие берудің ортақ үлгісін әзірлеу қажеттілігі туындап отырғанын ескере отырып, үлгіде қазіргі уақыттағы тәрбиенің дүниетанымдық негізі, идеологиясы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, қағидалары, тәрбиенің негізгі әдістері мен түрлері, тәрбие үдерісінің мониторингісі берілген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының және педагог-тәрбиешінің үлгілері бөліп көрсетілген.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың сараптау кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылды (хаттама №1 12.01.2010).



Кіріспе

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын (2009 жылдың 16 қарашасында Білім және ғылым министрінің №521 бұйрығымен бекітілді) жүзеге асыру мақсатында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың тәрбие және түлғаны әлеуметтендіру кафедрасы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы азаматына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие берудің үлгісі әзірленді.

Үлгінің авторлары қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматына тәрбие берудің ортақ үлгісін әзірлеу қажеттілігі туындап отырғанын ескере отырып, қазақстандық қоғамның бірыңғай тәрбиелік кеңістігі болуы қажеттілігіне сүйеніп, осы мақсатқа сәйкес үлгіде жалпы тәрбие мәселелеріне және оның жеке аспектілеріне қатысты ортақ амалдар қарастыруды көздеді.

Үлгіде тәрбиенің дүниетанымдық негізін, идеологиясын, мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, қағидаларын, тәрбие іс-әрекетіндегі негізгі әдістері мен түрлерін, тәрбие үдерісінің мониторингісін анықтайтын негізгі ой-пікірлер жиынтығы берілген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының және педагог-тәрбиешінің үлгілері бөліп көрсетілген.



Қазақстан Республикасы азаматына тәрбие берудің үлгісі 2009 жылдың 29-30 қыркүйегінде өткізілген «Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушыларының талқылауына ұсынылып, олардың ескертулері мен нұсқауларына сәйкес жетілдірілді.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫНЫҢ ҮЛГІСІ

- Қазақстанның әлем қауымдастығында басты орындардың бірін алатын ірі мемлекет ретінде дамуы үшін күресетін және ұлттық сезімі бар қазақстандық елжанды азамат;

- әлеуметтік белсенділігі жоғары, биік мақсат мен жаңаны іздеуге ұмтылатын және әртүрлі өмірлік мәселелер жағдайында оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті азамат;

- заңды құрметтейтін, әлеуметтік жауапкершілігі мықты, адамдық қадір-қасиеті жоғары, өзін-өзі бағалауға және басқалармен бәсекелестікке түсуге дайын, еркін азамат;

- өмірлік жетістіктерге және табысқа жетуге талпынады, әрдайым өзінің ақыл-ойы мен кәсіби қасиеттерін жетілдіріп отырады;

- өзінің дүниетанымдық көзқарастарын, адамгершілік идеалдары мен құндылықтарын сақтай отырып, экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайға бейімделе алады;

- өмірдің өзгерістеріне тез бейімделеді;

- өзінің жеке ұстанымы, қызығушылығы мен қажеттілігі бар, өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын игерген;

- ұтымды, баламалы ойы, толеранттылығы бар және өмірге прагматикалық тұрғыда қарайды;

- экстремизм мен радикализмнің барлық түріне қарсы тұра алады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ

Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағынан белсенді, бойында жоғары қазақстандық патриоттық сезімі бар, толерантты, жауапты және жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани-адамгершілік жағынан бай тұлғаны қалыптастыру.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

  • қазақстандық қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайында жеке тұлғаны ізгілік ұстанымына, өмірлік мәнді құндылыққа, өмірден өз орнын табуына және тіршілік іс-әрекетінің мақсатына бағыттау, сана-сезімін, жоғары адамгершілік қасиетін қалыптастыру;

  • ұлттық сана-сезімін, азаматтық көзқарасын, қазақстандық патриотизмін, заң мен құқықтық тәртіпті және ішкі еркіндігі мен ар-намыс сезімдерін қалыптастыру;

  • жастарда жалпы адамзаттық құндылық пен ұлттық мәдениетті меңгеруге қажеттілікке, эстетикалық құндылық пен талғамын қалыптастыруға, рухани мәдениеттің құндылығын қалыптастыру мен көбейтуге ұмтылуға, қазақстандық қоғамның мәдени өміріне белсенді қатысуға тәрбиелеу;

  • жастарды жалпыадамзаттық моральдық нормаларды, ұлттық дәстүрді меңгеруге тарту, әртүрлі әлеуметтік топтарға сәйкес моральдық құндылық пен кәсіби әдеп кодексін құрметтеуге, өз қызметінің нәтижесін бағалай білуге тәрбиелеу;

  • бойындағы қабілеттерді анықтау және дамыту, соның негізінде оның тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру, шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамыту қабілеттерін жетілдіру;

  • баланың жеке тұлға ретінде дамуына мәдени орта қалыптастыру және сол ортада өз орнын табуына көмек көрсету, баланы өзіндік іс-әрекет ортасын ұйымдастыру үрдісіне тарту;

  • еңбекті өмірдегі ең бірінші қажеттілік, ең жоғарғы құндылық, жетістікке жетудің басты тәсілі етуге, мақсатқа жетуге, кәсіпке бейімделуге, іс-әрекеттің барлық саласында бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу;

  • жаңа ұрпақты салауатты өмір сүру салты мен денсаулық мәдениетіне қажеттілікке, отбасын құруға, ұрпақ жалғастыруға, материалдық қамтамасыз етуге ұмтылуға, ізгілік және демократиялық рухта тәрбиелеу.


ТӘРБИЕЛІК КЕҢІСТІК
Тәрбие тұлғаның даму үрдісіне дұрыс ықпал ететін тәрбиелік кеңістікті құрудан басталады. Тәрбие кеңістігі – баланы қоршаған әлеуметтік жағынан құнды жағдайлардың жиынтығы. Бұл құндылықтар баланың тұлғалық дамуына және оның қазіргі мәдениетке енуіне ықпал жасайды.

Тәрбие кеңістігі – бұл тәрбиелік міндеттерді шешуге бейімделген (табиғи, мәдени, әлеуметтік, ақпараттық) орта.

Тәрбие кеңістігі - өскелең ұрпақ дамуының және тәрбиеленуінің күшті факторы.

Ата-аналардың, педагогтардың, қоғамның алдында тұрған міндет – тәрбие кеңістігін бала үшін ыңғайлы ету, оның дамуына қолайлы жағдай жасау. Тәрбие кеңістігі құрамына әлеуметтік орта, мәдени орта, табиғи орта, ақпараттық орта және баланың сезімдер әлемі кіреді.



ОТБАСЫН ҚОСА АЛҒАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА
Әлеуметтік орта қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының және оның жеке әлеуметтік топтары: отбасының, ұжымның, бейресми бірлестіктерінің (саяси, мәдени, бос уақыты, әлеуметтік және т.б.) дамуы факторы ретінде баланы тәрбиелеу үшін қолайлы кеңістікті құрайды.
Отбасы

Балаларға білім мен тәрбие беруде, олардың қоғамда және мемлекетте толыққанды өмір сүруге дайындығында отбасы маңызды рөлді атқарады.

Отбасы – некеге және қандас туыстыққа негізделген шағын топ, бұл топтың мүшелері бір-бірімен тұрмыс ортақтығы, өзара адамгершілік жауапкершілік және өзара көмек көрсету арқылы байланысады.

Отбасы репродуктивті, экономикалық, бос уақытты тиімді өткізу және т.б. сияқты бірнеше қызмет атқарады. Отбасы қызметінің ең маңыздысы – баланы тәрбиелеу. Отбасының әлеуметтенудің негізгі қайнар көзі ретінде басымдылығы бар және бала өмірінің алғашқы бес жылында психикалық үрдіс, эмоция, мінез-құлықты қалыптастыратын зор мүмкіндікке ие. Сондықтан да тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі орасан зор. Отбасының әлеуметтендіру қызметіне бірнеше факторлар әсер етеді: отбасының әлеуметтік және материалдық жағдайы, ата-ананың білімі мен айналысатын ісі, отбасындағы эмоционалдық-адамгершілік жағдай, оның ішінде дүниетанымдық көзқарас пен құндылықтар.

Отбасы әдетте тәрбиенің басты институты болып табылады. Бала сәби кезінен отбасынан алған тәрбиені өмір бойы алып жүреді. Бала өмірінің едәуір бөлігі отбасында өтеді және отбасының тұлғаға ықпалының ұзақтығын қоғамның басқа институттарымен салыстыруға келмейді. Отбасылық тәрбиенің күші оның терең эмоционалдылығында, сонымен қатар, бала мен ата-ана қарым-қатынасының шексіз сенімділікке құрылуымен ерекшелінеді.

Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі сол, отбасында әр-түрлі жастағы әлеуметтік топтар бар: олар бір немесе екі, үш, тіпті кейде төрт әулетті құрайды. Ал бұл дегеніміз - әртүрлі құнды бағдарлар, өмірлік жағдайларды әртүрлі бағалау өлшемдері, әртүрлі идеалдар, көзқарастар, ұстанымдар. Отбасындағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің арасында өзіндік қарым-қатынас орнатылады: бір дастарханның үстінде отырып тамақтану, әңгімелесу, бірге демалу, бірге үй жұмыстарын атқару, белгілі бір отбасылық дәстүрлер орнату және т.б.

Қазақстанда көп әулетті, көп балалы отбасылардың саны басымырақ, мұндай отбасында баланың өзіне жүктелген белгілі бір әлеуметтік рөлі бар. Отбасында бала барлық маңызды іс-әрекеттерге: зияткерлік-танымдық, еңбек, қоғамдық, құнды-бағдарлы, көркемдік-шығармашылдық, ойын әрекеті, еркін қарым-қатынасқа енеді. Отбасында балаға махаббат сезімі анасының құрсағында жатқаннан бастап, ержеткенге дейін жалғаса береді. Бұл сезім баланың дамуына әсер етеді: ол өзін бақытты сезінеді, отбасында сыртқы қиыншылықтардан қорғанады, ал ата-аналарын бала беделді кеңесші, көмекші, қорғаушы, аға, жолдас ретінде қабылдайды.
Ұжым

Ұжым – қоғамдық маңызы бар мақсаттың, ортақ құнды бағдардың, өзара іс-әрекет пен қарым-қатынастың негізінде құрылған адамдардың әлеуметтік қауымдастығы.

Ұжымшыл адамның тұлғасын қалыптастыру көп жоспарлы балалар ұжымын, жүйесін ұйымдастыруды талап етеді. Осы жерде әр баланы жүйелі іс-әрекетке қосу маңызды, өйткені ұжымда ортақ әлеуметтік маңызды шешімдерді қабылдаудың баланың дамуында ықпалы үлкен. Негізін әлеуметтік іс-әрекеттер жүйесі құрайтын ұжымда баланы тәрбиелеу – ол маңызды тәрбие қағидаларының бірі ғана емес, өсіп келе жатқан адамды тұлға ретінде қалыптастырудағы ерекше сапалы амал.

Баланың ұжымда тәрбиеленуі  бұл маңызды тәрбие қағидаларының бірі және өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына деген ерекше көзқарас.

Адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде өсіп келе жатқан бала білімді меңгереді, әртүрлі іс-әрекеттерге дағдыланады, айналасындағы адамдарды түсінуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді, өмірлік жағдайларды бағалаудың өлшемдерін шығарады.

Оқушылар ұжымында мақсаттың, іс-әрекеттің, қарым-қатынастың салыстырмалы дербес жүйесі бар. Педагогтардың міндеті – оқушылармен осы жүйені бірге құру және олардың дербестігіне жағдай туғызу, сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі басқару ортасын кеңейту.

Ұжым балалардың әлеуметтік бейімделуінің, тіпті жиі әлеуметтік оңалтуының күшті факторы болып табылады. Балалардың ұйымдасқан қоғамдық бірлестіктері таңдау еркіндігі және мемлекет пен қоғам өміріне қатысу бойынша шешім қабылдау, болашақтың өзгерістерін ескере отырып, қоршаған ортаны жақсарту жағдайында балалардың жауапкершілігін тиімді қалыптастыруға қабілетті.
Бейресми бірлестіктер

Балаға тәрбиелік ықпал жасайтын ресми құрылымдармен қатар бейресми бірлестіктер де бар. Балалардың бейресми бірлестіктері әдетте сыныптарда, іскерлік қарым-қатынастарда емес, мектептен тыс туындайды. Олар балалар мен жасөспірімдердің өмірінде маңызды рөл атқарады, олардың ақпараттық, эмоционалдық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады: үлкендер айтпайтын ақпаратты білуге мүмкіндік береді, психологиялық жайлылылықты қамтамасыз етеді, әлеуметтік рөлдерді орындауға үйретеді. Оқушы ресми құрылымдарға аз қатыстырылған сайын, ол соғұрлым бейресми бірлестіктерге талпынады, оның қарым-қатынасқа, жеке тұлғалық құндылықтарын мойындатуға қажеттілігі туындайды.

Бейресми топтар әртүрлі белгілермен: жас ерекшеліктерімен, әлеуметтік қатыстылығымен, ұйымдасу түрімен, бағыттарымен сипатталады. Ақырғы белгісіне сәйкес, топтар әлеуметтік (әлеуметтік жағынан мақұлданатын бағыт, мысалы, экология, ескерткіштерді қорғау), бейәлеуметтік (қоғамдық мәселелерден тыс), антиәлеуметтік (криминалды, агрессиялық-ұлтшылдық) болып бөлінеді. Барлық ағымдардың өкілдері өздеріне сай киімдерімен, мінез-құлықтарымен, айналысатын істерімен, салттарымен ерекшелінеді. Әдетте осындай топтарға еліктеген оқушылар мектеп пен ата-аналардың ықпалынан тыс қалады, олардың тәрбиеленуі мен әлеуметтенуі қиынға соғады. Көбінесе ата-аналар бейресми топтарға еніп кеткен өз балаларына шыдамсыздықпен, қатыгездікпен қарайды, мұндай қарым-қатынас балалармен тіл табысуды және олардың дұрыс қалыптасуын қиындатады. Ұстаз әдетте оқушыны тек мектептегі мінез-құлқы арқылы бағалайды. Тәрбиеші баланы қоршап тұрған шағын ортамен таныс болуы керек, егер ол орта баланың дұрыс қалыптасуына кедергі жасаса, мүмкіндігінше оны бейтараптау керек. Сонымен қатар, мынаны естен шығармаған жөн, оқушылардың мектептен тыс іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары олардың дамуындағы маңызды фактор болып табылады.


Балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары

Жастардың бейресми ағымдарымен қатар, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 800 мың баланы қамтыған, ересектер басқаратын 250 қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Жастардың қозғалыстары мен топтарына қатысты тәрбие институты ретіндегі мектептің жалпы ұстанымы  мектеп оқушыларын нәтижелі тәрбиелеу үшін ол ұйымдарды білу және ынтымақтастықта жұмыс істеу.



МЕКТЕПТІ ҚОСА АЛҒАНДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТА
Мәдени орта – адамдардың өмірлік іс-әрекетіндегі бірегей көрініс.

Мәдени орта (тұлғалық даму кеңістігі ретінде) қол жетерлік, ашық, әртүрлі және жеке білім берудің мақсатына бағытталған болса, онда ол балалар үшін маңыздырақ болып табылады.

Полимәдениетті тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды, құқықтық және саяси мәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы көпұлтты және көпмәдениетті ел бола отырып, ұлттық мәдениеттің, ұлтаралық келісімнің және әлемдік қауымдастыққа бірігудің маңыздылығын түсінген жағдайда үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады.

Ұлттық мәдениет рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызды факторы болып табылады. Рухани дамыған деп өзінің ұлттық мәдениетін қабылдайтын және оны арттыра түсетін адамды атауға болады. Балалар мен жастардың рухани дамуының негізінде, біріншіден, ұрпақтың тарихи сабақтастығы жататындықтан, тәрбие жүйесі модернизациясының нәтижелілігі оның мәдени-ағарту дәстүрлер мен тәжірибеге сәйкес болуында.
Білім беру ұйымдары

Білім беру – тұлғаның даму және өзін-өзі дамыту үрдісі, ол білімде, біліктілікте, шығармашыл іс-әрекетте және әлемге деген эмоционалды-құндылық қарым-қатынаста іске асырылған адамзаттық әлеуметтік маңызды тәжірибені меңгеруімен байланысты; қоғам мен тұлғаның материалдық және рухани мәдениетті дамыту мен сақтау бойынша іс-әрекетінің қажетті жағдайы.

Мәдени орта – мектеп өмірі ырықтануының маңызды факторы, өйткені тұлғаның және мектеп қауымдастығының өмірлік іс-әрекетіне жалпыадамзаттық негіз береді. Мектептегі орта баланың көңіл-күйін анықтайды, жайлылықты, қауіпсіздікті сезіндіреді. Оң жұмыс жасайтын орта ынтымақтастық пен жағымды қарым-қатынасты орната отырып, шешім қабылдауда демократиялық қағидалардың орнығуына көмектеседі. Осындай ұйымдасқан мектеп ортасының арқасында үлкендер мен балалардың өзара қарым-қатынасында қолайлы ахуал нығайтылады.

Мектеп тәрбиесі балаға жан-жақты тәрбиелік ықпал жасау үшін үлкен мүмкіндіктерге жағдай туғызады. Мектепте кездесетін әр адам балаға бір жаңалық ашады. Бұл жағдайда ұстаздың тұлғасы және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастар сипаты үлкен рөл атқарады.

Білім беру ұйымдарында тұлғаны тәрбиелеу баланың өмірлік іс-әрекеті үрдісін педагогтың дұрыс ұйымдастыруы және бағыт беруі арқылы жүзеге асады.

Мәдени ортаның қатарына балаға тәрбиелік ықпалы бар мына ұйымдарды кіргізуге болады:



  • Үкіметтік емес, халықаралық ұйымдар;

  • Құқық қорғаушы ұйымдар;

  • Экологиялық ұйымдар;

  • Медициналық, дене шынықтыру және спорт ұйымдары.

Өсіп келе жатқан адам тұлғасының қалыптасуына қоғамның театр, баспасөз құралдары, радио, теледидар, бейнефильмдер сияқты ықпал жасау факторлары да әсер етеді.

Жастар субмәдениеті жасөспірімдерге өз ықпалын тигізеді. Бір жағынан ол жастарды мәдениеттен алыстатады, екінші жағынан – құндылықты, норманы, әлеуметтік рөлді игеруге ықпал жасайды. Бұл жерде мәселе мынада: жастардың құндылығы мен қызығушылығы өз бос уақытын қалай өткізетініне қарай шектеледі, мысалы, сән үлгісімен, музыкамен, ойын-сауық шаралармен, мағынасыз қарым-қатынаспен. Жастар субмәдениеті танымдық, жасампаз және шығармашылдық жағынан емес, керісінше, ойын-сауық пен өз қажеттілігін ғана қанағаттандыратын сипатымен ерекшелінеді. Ол ұлттық құндылыққа емес, батыс құндылыққа, көпшілікке ортақ мәдениетке бағытталады. Ұстаз оқушылардың әдеттерімен, нормаларымен, құндылықтарымен – олардың әлемімен таныс болуы керек. Қаншалықты қиын болса да оларға түсінушілікпен қарауы керек, жасөспірімдер өзінің өмірлік көзқарасына, мәдениетіне құқығы бар. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары оқушылардың жастар мәдениеті арқылы жалпыадамзаттық мәдениетке жол табуына көмектесуі қажет. Сол арқылы олар өздері өмір сүріп жатқан қоғамның құндылықтарын меңгереді.



ТАБИҒИ ОРТА
Табиғат – адамзат қоғамының өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жиынтығы.

Қазақстан Республикасы табиғатының сұлулығы мен табиғи байлықтары бала тұлғасының даму үдерісіне оң әсер етеді. Табиғатта бала өмірдің үйлесімділігін таба алады, табиғаттан бала шығармашылыққа керек күш пен ынтаны, өзін-өзі таныту үшін әртүрлі жолдарды табады.

Білім беру ұйымдары оқушының бойында табиғат байлықтарын сақтауға деген жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыруы керек. Экологиялық тәрбиенің негізі, алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, еліміздегі экологиялық жағдайы туралы тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз етуді көздеуі керек.
АҚПАРАТТЫҚ ОРТА
БАҚ, Интернет, жарнама

Бұқаралық ақпарат құралдары – баспа, радио, теледидар арқылы ақпаратты жүйелі түрде тарату. Олардың мақсаты – қоғамның рухани құндылықтарын нығайту және адамдардың баға беруіне, пікірлеріне, мінез-құлықтарына идеологиялық, саяси, экономикалық, ұйымдастыру тұрғысында ықпал жасау. Құрамдас бөліктері болып табылатын – рухани-адамгершілік, саяси, экологиялық мәдениет баланың дүниетанымдық мәдениетін қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әртүрлі тәрбиелік әсер ықпал ету жүзеге асады. Бұқаралық ақпарат құралдарының артықшылығы сол, педагогика мен мәдениеттің үлгілерін олар әсер етудің қайнар көзі ретінде қолдана алады. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбие институты ретінде кемшіліктері бар. Бала БАҚ ішіндегілерді сараптай алмайды, ондағы беріліп жатқан мәліметтердің бәрін бірдей түсіне алмайды және айналасында болып жатқан жағдайларды үнемі дұрыс бағалай бермейді, сондықтан бұқаралақ ақпарат құралдарының балаға деген теріс ықпалына шек қою керек.

Қазіргі заман оқушысының маңызды қасиеті – ол қазіргі кеңістікте жақсы бейімделе біледі, яғни бұл оқушының ақпараттық құзыреттілігі деп аталады. Ақпараттың тез жаңаруы жағдайында ақпаратты жинау және есте сақтау маңызды емес, ақпараттық технологиялармен қарулану, олардың күшті және әлсіз жақтарын, пайдалану аясын түсіну, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу маңызды.

Тұлғаның ақпараттық сауаттылығы қатарына жаңа ақпаратты іздеу мәдениеті, оқу және ақпаратты қабылдау мәдениеті, жаңа технологиялар мен зияткерлік әдістемелердің көмегімен көлемді ақпаратты қайта өңдеу икемділігі, коммуникациялық құзыреттілік деңгейі, шетел тілдерін білу жатады.

Біздің қоғамымыздың ең өзекті мәселесі – кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі. Әлемдегі және Қазақстандағы кітап оқитын адамдардың сандық пайызы интернетті қолданушылардың сандық пайызымен салыстырғанда едәуір төмендеген.

Адамзаттың мол мұраны игеру үрдісі тек кітап оқу арқылы жүзеге асады. Кітап оқу – адам білімін каталогтаудың, тұлғаны әлеуметтендірудің күшті амалы, сондықтан кітап оқу адам өмірінің барлық салалары мен кезеңдеріне: сәби кезіне, балалық, жастық, қартайған шағына енеді. Кітап оқу адамның зияткерлік дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оның зияткерлік қаруына айналуы керек. Кітап оқымайтын тұлға өзінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыра алмайды.

Оқушыны кітап оқуға баулу керек, мектеп немесе мектептің кітапханасы оқушыны ақпараттарда бейімделе алу икемділігіне, білімді жүйелендіруге, кітап оқудың ұлттық басымдылығын арттыруға үйрету керек.

МЕН ӨЗІМ

Өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік талдау, өзіндік бақылау, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі есеп беру, өзін сендіру, өзін-өзі алып жүру, өзіндік реттелу, өзіндік бақылау және т.б.

Тәрбие мазмұны, әдістері, түрлері тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне, жыныстық және жеке ерекшелігіне байланысты.

Егер отбасындағы, мектептегі, жұртшылықпен жұмыстағы тәрбие үдерісі өзін-өзі тану және өзіндік тәрбиелеу жағдайына жауап бере алатын болса ғана, өзін-өзі таныта алатын тұлғаны тәрбиелеуге болады.

Адам барлық өмір кезеңдерінде өзіндік дамуға талпынады: балалық кездегі «Мен өзім» жасөспірімнің өзіндік тәрбиеленуіне, одан кейін мақсатқа бағдарланған өзіндік жетілуіне айналады.

Өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерімен, құралдарымен қарулану, балалардың өзіндік тәрбиеленуін ретке келтіру тәрбие үдерісінің маңызды аспектісі болып табылады.

Бүгінгі күні қоғамды жеке тұлғаның адамгершілік тәрбие ортасындағы, танымдық дамуындағы сәтсіздіктер, адам, отбасы, Отан, туған өлке, денсаулық, салауатты өмір сүру салты, еңбек, білім, мәдени мұра, тіл, достық сияқты адамгершілікті жалпыадамзаттық құндылықтарды ұмытуы алаңдатады.

Жеке тұлғаның дамуы сыртқы және ішкі, әлеуметтік және табиғи, басқарылатын және басқарылмайтын факторлар ықпалына байланысты жүреді. Адам үлкен әлемге биологиялық дене ретінде кіреді және оған қамқорлық жеке, ішкі, психологиялық және физикалық жағдайлар болып табылады. Ақырындап өз «Мені» қалыптасуы арқылы әр жеке тұлғаның ерекшелігі байқалады. Адамды әлеуметтендіру үдерісі осы қоғамға тиесілі әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжірибелердегі әлеуметтік жалпылыққа, топқа және өндіріске, сондай-ақ тәртіп үлгілерін, ережелерін, құндылықтарын ұғынулары арқылы жүреді. Адамның жетілуі жеке тұлғаның үздіксіз өзіндік санасын дамытуы арқылы жүзеге асады.

Өзіндік сана басты үш құрамды құрайды: өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі тәрбиелеу. Өзіндік сана тұлғаның өзіндік «Мені» арқылы өзін басқа адамдармен салыстыруы, өзі туралы, қоршаған ортадан көптеген жеке ерекшеліктері арқылы бөліп алу санасының қалыптасуы. Өзіндік сана адамға өзін және өз Менін қорғауға, сондай-ақ ішкі жан дүниесі әлемінің барлық қиын жағдайларын шешуіне көмектеседі.

Адам психикасының биік шыңы өзара өзін-өзі тану, өзіндік талдау, өзіндік бақылау, өзін-өзі бағалау, өзіндік жетілу, өзіндік сана сияқты компоненттерді өз құрамына кіргізеді.

Өзін-өзі танудың дамуы өзін басқалармен салыстырудан басталады.

Өзіндік талдау – бұл рефлексивті үдеріс, қорытындысында білім алушы өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарын жасырады, өзіндік санасын дамытады, өзіндік жауапкершіліктің негіздерін қалыптастырады.

Өзіндік бақылау ішкі тәртіптің реттеушісі, дербес тұлға болып қалыптасуының көрсеткіші ретінде маңызды рөл атқарады.

Өзіндік бағалау өзіндік жетілу мен өзіндік бақылауды дамытудың үздіксіздігі болып табылады. Өзіндік бағалау білім алушының тұлғалық дамуының деңгейімен, дүниетанымымен, мұраттарымен анықталады.

Өзін тану және бағалау арқылы адам өзінің тәртібін ақылмен басқарады және өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. Өзін-өзі тәрбиелеуді жеке тұлғаның саналы өзгеруіне бағытталған өзін-өзі басқару үдерісі деп түсінуге болады. Адам үшін - өзін-өзі басқару нені және қалай жасау керектігін шешу. Адамның өзін-өзі реттеуі ойлау белсенділігі мен өзгермелі жағдайларда өз тәртібін реттей алу білігін дамытумен өте тығыз байланысты. Егер өзін-өзі реттеу дегеніміз болашақтағы міндеттерді шешу болса, өзін-өзі басқаруда өзін-өзі тәрбиелеу идеяларын нақтылау, өзіндік жетілу міндеттерін қою, өмірлік ұстанымдар таңдау, ұзақ мерзімді жоспарлар құру көзделеді.



ТӘРБИЕНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

  • Табиғилылық қағидасы

  • Мәдени сәйкестілік қағидасы

  • Мақсаттылық қағидасы

  • Гуманистік бағыт қағидасы

  • Этникалық қағида

  • Бірлік талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы

  • Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы

  • Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы

  • Әлеуметтік барабар қағидасы

  • Демократияландыру қағидасы

  • Вариативтілік қағидасы


ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үрдісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.

Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.

Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Қазір білім алушыларды сан алуан шығармашылық іс-әрекетке, оның ішінде танымдық, құнды-бағдарлық, көркемдік, қоғамдық, еңбектік, спорттық, еркін қарым-қатынастық іс-әректтерге тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиенің ерекше құрамын анықтау маңызды.

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, ұл (қыз), аға, немере (немере қыз), туыс, оқушы, ұжым, топ мүшесі, көшбасшы, иегер, көрші, бірлестіктің, топтың, этностың мүшесі, дос, құқық қорғаушы, елжанды азамат, қорғаушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, еңбекші, әлем азаматы, бейбітшілік орнықтырушы, эколог.

ТӘРБИЕНІҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ


  • идеология, мақсат, мазмұн, міндеттер, қағидалар

  • тәрбие субъектілерінің тәрбиелік іс-әрекеттерінің негізгі әдістері мен түрлері

  • осы іс-әрекет кезіндегі тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің арасындағы өзара іс-қимыл тәсілдері


ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ

  • Қазақстандық қоғамның жеке тұлғаға мүдделілігі және қоятын талаптары

  • Жеке тұлғаның қызығушылықтары және оның қоғам мен мемлекетке қарым-қатынасы

  • Жеке тұлға қоғамнан тыс өмір сүрмейді

  • Қоғам жеке тұлғаға мүдделі


ТӘРБИЕНІҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ

  • болашаққа ұмтылудың басты бағыттары ретінде мемлекеті мен қоғамының интеграциялануы мен тұтастығының қайнар бастауы болатын, қазақстандық қоғам мүшелері түгел ұстанатын және қоғамдық даму барысында пікірлер жүйесі арқылы талданатын, заңмен қорғалатын, ресми түрде ұлттық мәртебесі бар әлеуметтік құндылықтар жүйесі.


ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
«Қалай?»  тәрбие технологияларының байырғы сұрағы. Нақты мақсатты анықтау: технологиядағы мақсат – технологиялық жобаның болжамдық идеясы. Теориялық негіздемелердің «пакетін» әзірлеу: халықтық дәстүрлер негізінде құрылған көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудің қазақстандық үлгісін жүзеге асыру.

Тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі жергілікті тәрбие жүйесі және балаларды педагогикалық жетелеу жүйесі негізінде құралады.

Іс-әрекеттің кезеңдік, қадамдық құрылымы: кезеңдердің қызметін тәрбиелік (дайындық, қызметтік, бақылау, қорытынды) жағдайлар орындайды.

Қазіргі педагогикалық практикада В.П. Беспалько, М.В. Кларин, Н.Е. Щуркова, Ф.А. Мустаева, Л.Е. Никитина, И.П. Подласый, Г.К. Селевко, М.М.Жанпеисова, Л.В.Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, Карл Попер, Н. Нұрахметов сияқты авторлардың тәрбие технологиялары қолданылады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тиімді қолданылып жүрген тәрбие технологиялары:


  • Модульдік (М.М. Жанпейісова).

  • Дамыту ( Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).

  • Дебат (Карл Попер).

  • Төрт деңгейлі саралап жіктеу (Ж. Қараев).

  • Оқытудың ұжымдық жолы (Н. Нұрахметов, В.К.Дьяченко).

  • Оқытудың сигналдық әдісі. Тірек конспектілері (В.Ф. Шаталов).

  • «Табыс жағдайын» ұйымдастыру технологиясы ( Н.Е. Щуркова).

  • Адамгершілік-тұлғалық амалға негізделген жүйе (Ш.А. Амонашвили).

  • Ұжымдық оқыту тәсілі (В.К.Дьяченко).

  • Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет әдістемесі (И.П.Иванов).

  • «Дамыту ортасы» бастауыш білім беру үлгісі (И.И.Ильясов).

  • Іс-әрекетті-коммуникативті негізде құрылған жүйе (Л.Ф.Климанова).

  • Тәрбие технологиялары (Н.Е.Щуркова).

  • Вальдорф педагогикасы (Р.Штайнер).

  • Ойын технологиясы (Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов).

Қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие үрдісінің қызметтерін тиімді жүзеге асыруға ықпал жасайды.


ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ:

  • Талдаушылық

  • Диагностикалық

  • Болжамдық

  • Нәтижелік

  • Рефлексивті

  • Түзетушілік

  • Дамытушылық

  • Қалыптастырушылық

Тәрбие жетістіктері, тәрбие үдерісінің нәтижелілігі көбіне қолданылатын тәрбие әдістері мен тәсілдеріне байланысты болады, олардың ішіндегі ең тиімділері мыналар:

Танымды қалыптастыру әдістері

Сендіру

Әңгімелесу

Түсіндіру

Дәрістер

Баяндама

Этикалық әңгіме

Иландыру

Нұсқау беру

Пікірталас

Үлгі көрсету



Іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері

Жаттығулар

Педагогикалық талап

Қоғамдық талап

Тапсырма беру

Тәрбиелеу жағдайлары

Ынталандыру әдістері

Ынта

Жарыс


Мадақтау

Жазалау
Бұл кезде:



  • тәрбие үрдісінің мазмұны мен ұйымдастыру түрлерінің өзара байланысы

  • тәрбие үрдісіне қатысушылар іс-әрекетінің бірлігі

  • тәрбие үрдісін ұйымдастырудың оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне тәуелділігінде

  • тәрбиелеу мен оқыту үдерістерінің өзара байланысы

  • тұлғалық және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігі

  • тәрбие үдерісі мазмұнының келісілгендігі қамтамасыз етіледі.

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ МОНИТОРИНГІСІ
Тәрбие үдерісінің мониторингісі Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу моделіне сәйкес, оның күтілетін нәтижесіне немесе алғашқы болжамдар мен зерттеулерге, бағалауға, болжам жасауға, жағымды үдерістердің дамуына және жағымсыз үдерістердің алдын алуға сәйкес болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
ТӘРБИЕ МОНИТОРИНГІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


  1. тәрбие үдерісін бақылау бойынша тәрбие жағдайын зерттеу;

  2. тәрбие үдерісінің жағдайын бағалау;

  3. тәрбие үдерісінің дамуын болжау;

  4. жағымды үдерісті дамыту және анықталған келеңсіз әрекеттердің алдын алу бойынша шаралар жасау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫН ТӘРБИЕЛЕУ МОНИТОРИНГІСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРАУЫШТАРЫ


КЕЗЕҢ

ҚАДАМДАР

I. Құқықтық-нұсқаушы

  1. Педагогикалық мәселелерді анықтау

  2. Шешімді дайындау

  3. Мақсат пен міндеттерді белгілеу

  4. Объектіні анықтау

  5. Мониторингі субъектілерін және олардың дайындықтарын анықтау

  6. Өлшемдер мен көрсеткіштер құрылымын жасау

  7. Мониторинг аспаптарын таңдау

  8. Қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін әзірлеу

II. Негізгі-диагностикалық

  1. Ақпаратты іріктеп алу

  2. Нәтижелерді сандық және сапалық жағынан өңдеу

  3. Педагогикалық сараптау

  4. Мәселелерді анықтау

  5. Мәселелерді себептерді түсіндіру арқылы іріктеу

  6. Басқару шешімдерін қабылдау

III. Жоспарлы-болжау

  1. Негізгі мақсатты болжау

  2. Педагогикалық шаралардың жоспарын әзірлеу

  3. Тәрбие үдерісінің қатысушылары іс-әрекетінің құқықтық-зерттеу үлгісін құру

IV. Мазмұнды-технологиялық

  1. Педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмысты жүргізу

V. Қорытынды-аналитикалық

1. Қорытынды жасау

2. Атқарылған жұмысты сараптау



VI.Ұйымдастырушылық-басқару

  1. Педагогикалық іс-әрекет жүйесін жоспарлау

  2. Тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша басқару шешімдерін қабылдау

Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұстанымы бар, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің патриоты болып табылатын ұстаз ғана ақыл-ойы озық, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелей алады.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГЫНЫҢ ҮЛГІСІ


  • өз халқы, оның дәстүрлері мен мәдениетін мақтаныш тұтатын Қазақстан Республикасының елжанды азаматы;

  • жалпыадамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастар мен қағидаларды ұстанады;

  • қазіргі білім саласындағы, педагогикадағы, әдістемедегі, философиядағы мақсаттық бағдардың мәнін түсінеді;

  • Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастырады;

  • әртүрлі технологияларды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін жақсы біледі;

  • білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сәйкес оқушы тұлғасын дамытатын оқытудың және тәрбиелеудің тиімді әдістерін қолданады;

  • оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету және өмірге әлеуметтік жағынан бейімдеу мақсатымен олардың қызығушылықтарын дамытуда тәрбие әдістерін қолданады;

  • тәрбие үдерісінде тәрбиелеудің белсенді түрлерін қолданудың жолдарын және мәнін біледі;

  • баланың психологиялық-физиологиялық, педагогикалық дамуының ерекшеліктерін біледі;

  • білім берудің мәдени-шығармашылық қызметін түсінеді, қандай да болмасын жағдайларда педагогикалық әдептің ережелерін сақтайды, баланың ар-намысына тимейді;

  • білімдарлығы мен ой-өрісі кең;

  • оқушыларды табысты іс-әрекетке бағыттайды, олардың шығармашылығы мен білімқұмарлығын дамытады және қолдау көрсетеді.






Каталог: uploads -> doc -> 11e6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11e6 -> Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет