Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2017 жылғы № бұйрығына қосымша Жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған Өлкетану курсының оқу бағдарламасы



бет1/2
Дата04.12.2019
өлшемі361,47 Kb.
#53004
  1   2
Байланысты:
Өлкетану 5-6сынып факултатив

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2017 жылғы ___ № ____ бұйрығына __ қосымша Жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған Өлкетану курсының оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Өлкетану – Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті (қазақ тілді емес мектептерге Қазақ тілі мен әдебиеті), География, Музыка жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын кіріктірілген оқу курсы және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді.
Курстың мақсаты - туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері:
- Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
- ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру.
2-тарау. Өлкетану оқу курсының мазмұнын ұйымдастыру
4. Өлкетану оқу курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – оқу жылында 5 сағат;
2) 6-сыныпта – оқу жылында 7 сағат;
3) 7-сыныпта – оқу жылында 8 сағат. Барлығы – 20 сағат.
5. Өлкетану кіріктірілген оқу курсының материалдары 5-7-сыныптардағы Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті (қазақ тілді емес мектептерге Қазақ тілі мен әдебиеті), География, Музыка оқу пәндерінің аясында оқытылады.
6. Өлкетану курсының оқу жүктемесін сыныптар мен пәндерге бөлу:
5-сыныпта:
1) Қазақстан тарихы - 4 сағат;
2) Музыка - 1 сағат;
6-сыныпта:
1) Қазақстан тарихы - 4 сағат;
2) Қазақ әдебиеті (қазақ тілді емес мектептерге Қазақ тілі және әдебиеті) – 2 сағат;
3) Музыка – 1 сағат;
7-сыныпта:
1) Қазақстан тарихы – 4 сағат;
2) Қазақ әдебиеті (қазақ тілді емес мектептерге Қазақ тілі мен әдебиеті) – 2 сағат;
3) География – 2 сағат.
6. 5-сыныптағы курстың базалық мазмұны:
1) Туған өлкенің аңыз-ертегілері;
2) Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер;
3) Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар;
4) Жәдігерлер сыр шертеді (өлкетану мұражайына бару);
5) Туған өлке симфониясы.
7. 6-сыныптағы курстың базалық мазмұны:
1) Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы атауларында);
2) Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері;
3) Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары);
4) Туған өлке тарихының тірі куәгерлері;
5) Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада;
6) Өлкені сипаттау өнері;
7) Туған жердің таланттары.
8. 7-сыныптағы курстың базалық мазмұны:
1) Туристік маршруттар;
2) Жомарт жүрек;
3) Туған өлкенің жылнамасы;
4) Менің мектебімнің тарихы;
5) Туған өлке публицистика беттерінде;
6) Менің туған өлкем электрондық энциклопедиясы;
7) Туған өлкенің флорасы мен фаунасы;
8) Менің өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

Пән
Тақырыптар
Оқу мақсаттары
5-сынып
5-сыныпты аяқтағанда білім алушылар:
1Қазақстан тарихы
Туған өлкенің аңыз-ертегілері
туған өлке туралы аңыз-ертегілерді білу;
аңыз-ертегілердің мән-мағанасын түсіну және талдау;
өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыруды ұғыну.
2 Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер
туған өлкедегі ескерткіштерді білу;
туған өлкедегі тарихи ескерткіштердің құндылығын түсіну;
туған өлкенің маңызды ескерткіштерінің әрқайсысының пайда болу тарихын түсіндіріп айта білу.
3 Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар
туған өлкенің тарихына кірген билер, ақындар, батырлар мен палуандарды білу;
бұл тұлғалардың туған өлке тарихына бекер кірмегендігін дәлелдей білу.
4 Жәдігерлер сыр шертеді (өлкетану музейіне бару)
тарихи жәдігердің не екендігін білу;
тарихи мұраны жеткізудегі жәдігердің рөлін білу;
нақты жәдігерлер нені білдіретінін түсіндіре білу.
5 Музыка
Туған өлке симфониясы
туған өлкедегі музыкалық өнердің ерекшеліктері
туралы түсінігінің болуы;
Менің туған өлкемнің 30 әні мен әуені - аудиокаталогын ұжымдық жұмыс нәтижесінде құрастыру үшін электрондық музыкалық каталог құрастырудың бастапқы дағдыларының болуы.
6-сыныпты ақтағанда білім алушылар: 6 Қазақстан тарихы
Топонимдер – өткен заманның куәгерлері (өлке тарихы атауларында)
жергілікті жер, қалалар, өзендер, көлдер, таулар атаулар нені білдіретінін білу;
бұл атаулардың пайда болу тарихын түсіндіре білу;
7 Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері;
- жергілікті жерге қандай дәстүрлі қолөнер тән екендігін білу;
туған өлкенің дәстүрлі көркем мәдениетін жандандыруға үлесін қосқан шеберлерді білу
8 Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары) туған өлке халқының қалыптасу тарихын білу; туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін білу және құрметпен қабылдау.
9 Туған өлке тарихының тірі куәгерлері
туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын білу: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, ауған-әскерлері, тың игерушілер, құрметті тұрғындар, еңбегі сіңген педагогтер мен дәрігерлер;
соғыс және тыл ардагерлерінің ерліктері туралы білу.
10 Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада
туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды білу;
туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білу, олардың шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау;
- туған өлкеге арналған бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу. 11 Өлкені сипаттау өнері
мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;
- өлкетану аясында прозалық үзінділер жазудың алғашқы дағдыларын меңгеру.
12 Туған жердің таланттары
туған өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы туралы әңгімелей білу.
7-сынып 7-сыныпты аяқтағанда білім алушы:
13 Қазақстан тарихы
Туристік маршруттар
туристік маршрут дегеннің не екенін білу;
- туристік маршруттар құрастырудың алғашқы дағдыларын меңгеру
4 Жомарт жүрек
- демеушілік және меценаттық дегеннің не екенін білу;
- нақты адамдардың істеген жақсылықтары туралы және өзінің туған жерін қолдау үшін не істеуге болатынын білу.
15 Туған өлкенің жылнамасы
дереккөздер негізінде өлке дамуының тарихи маңызды кезеңдерін анықтау;
туған өлкенің шежіресін білу;
мұражайлардан, мұрағаттардан, кітапханалардан, интернеттен туған өлкеге (ауыл, аудан, қала, облыс) қатысты қажетті ақпаратты табу;
- тарихи оқиғалардың хронологиясын құрастыра білу.
16 Менің мектебімнің тарихы
түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу;
сұхбаттасуға қажетті сұрақтар қою және сұхбат жүргізу;
- өз мектебінің тарихын әңгімелей білу.
17 Қазақ әдебиеті/
Қазақ тілі мен әдебиеті
Туған өлке публицистика беттерінде
өңірде шығатын газет-журналдарды білу;
- туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдау.
18 Менің туған өлкем электрондық энциклопедиясы
энциклопедия ұғымын түсіну; энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білу;
өлкетанудың бағыттарын анықтау; - өлкетанудың бағыттары бойынша электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысу.
19 География Туған өлкенің флорасы мен фаунасы өлкенің өсімдік жамылғысын білу; өлкеге тән жануарлар дүниесін білу; - Қызыл кітап деген не екенін және өңірдің Қызыл кітабына кірген жануарларды білу.
20 Туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу материалды ұсыну формасын анықтау; өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлеу; оқырманға/тыңдарманға эмоционалдық әсер ету мақсатында материалдарды жинақтай білу.
9. Оқу бағдарламасы 2018-2019 оқу жылынан бастап енгізіледі.

6-сыныпқа арналған «Өлке тану » оқу курсының оқу жоспары.

Аптасына 1 сағат. Барлығы  34 сағат.



Тақырыптар

Сағат саны

күні




Курсқа кіріспе. «Жас эколог» курсының мақсат-міндеттерімен танысу

1







«Туған өлкенің аңыз- ертегілері»

2




3

Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер

2




4

Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар

2




5

Жетісу өлкетану мұражайына саяхат

1




6

Туған өлке симфониясы

2




7

Топонимдер -өткен заманның куәгерлері

1




8

Мәдени- тарихи дәстүрді сақтаушылар

1




9

Бір ел- бір тағдыр

1




10

Туған өлке тарихының тірі куәгерлері

1




11

Менің туғун өлкем өлеңдер мен прозалар

1




12

 Өлкені сипаттау өнері

1




13

Туған жердің таланттары

1




14

Туристік маршруттар

1




15

Жомарт жүрек

1




16

 Жетісу ауданының құрылуы.

1




17

Туған өлке жылнамасы

1




18

Менің мектебімнің тарихы

2




19

Туған өлке публицистика беттерінде

1




20

Менің туған өлкем

1




21

Туған өлкенің флорасымен фаунасы

1




22

Репрессия құрбандары болған жерлестеріміз.

1




23

Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз.

1




24

1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміз

1




25

Жетісу  бүгінгі келбеті.

1




26

Жетісуден шыққан атақты спортшылар.

1




27

Жазушы, ақын, әнші-сазгерлер.

1




28

Туған өлкенің визит картасы:өлкетанудың деректер базасын әзірлеу

1




29

Жетісудің қасиетті орындары

1




30

Қорытынды.








5-сыныпқа арналған «Жас эколог » оқу курсының оқу жоспары.

Аптасына 1 сағат. Барлығы  34 сағат.



Тақырыптар

Сағат саны

күні




Курсқа кіріспе. «Жас эколог» курсының мақсат-міндеттерімен танысу

1







«Туған өлкенің аңыз- ертегілері»

2




3

Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер

2




4

Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар

2




5

Жетісу өлкетану мұражайына саяхат

1




6



2




7

Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік

1




8

Менің аулымда өсетін өсімдіктер

1




9

Дәрілік өсімдіктердің адам денсаулығына тигізер пайдасы

1




10

Бұталар. Лимон ағашы

1




11

Итмұрын

1




12

Алоэ

1




13

Қаражидек

1




14

Ағаштар. Алма ағашы

1




15

Қайың

1




16

 Долана

1




17

Арша

1




18

Шөптесін өсімдік. Түймедақ

1




19

Жолжелкен

1




20

Қалақай

1




21

Жусан

1




22

Бақбақ

1




23

Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз.

1




24

1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміз

2




25

Еліміздің бүгінгі келбеті.

1




26

Елімізден шыққан атақты спортшылар.

1




27

Жомарт жүрек

1




28

Менің мектебім

1




29

Менің туған өлкем

1




30

Қорытынды.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет