Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



бет10/19
Дата31.12.2019
өлшемі2.82 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);

  • Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016);

  • 567 жылы Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда келісімі мен әскери шарт жасалды (1450 жыл).

    112


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


    2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:


    1. тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;




    1. мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын зерделеу;




    1. тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу тиімді білім беру тәжірибесін тарату болып табылады.


    «Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
    http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
    Адам. Қоғам. Құқық
    «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 9-сыныпта оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі процестері, адам өміріне әлеуметтік факторлардың әсері жөніндегі ғылыми білімді меңгеруге бағытталған. Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән пәнді оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.
    «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін, құқықтық сауттылығы, мен азаматтық жауапкершілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталады.
    «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары, пәнді оқыту міндеттері ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған.
    Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
    9-сыныпта аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.
    Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар
    «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұнын игеру кезінде түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді және өнімді әрекеттердегі адамның қабілетін қамтамасыз ететін оқушылардың тұлғалық және пәндік нәтижелеріне көңіл бөлу ұсынылады.
    Пәнді оқытуда оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігін, толықтығын, тұтастығын, сабақтастығын, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін ескерген дұрыс.
    Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары

    113


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    ұсынылады:


    - - мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;


      1. оқушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

      2. оқушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;




      1. оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;




      1. оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;




      1. оқушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.

    Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және басқа пәндерден алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.


    Пәнді оқытуда мынадай педагогикалық әдіс-тәсілдерді:


    1. оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ой-пікірлерін айту, гипотеза ұсыну, жоспарлау, зерттеу жүргізу, дәлелдеу қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;




    1. белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «жобалау» т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсынуы, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);




    1. сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын қоғамдық және құқықтық проблемаларды талқылау;




    1. ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды тиімді пайдалану, презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар жасау, сандық білім беру ресурстары материалдарын қолдану ұсынылады.

    Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі сабақ барысында маңызды заңнамалық актілермен, заң түсіндірмелерімен (Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек құқықтарының негізгі түсініктері) жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.

    Оқытудың әдіс-тәсілдері көптүрлілігіне (пікірсайыс, кейс әдісі, дебат, рөлдік ойындар, жағдаяттармен жұмыс, жобалық және оқу-зерттеулік қызмет т.б.) басымдық беру ұсынылады.



    Ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:
    пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға ұсынылатын тапсырмалар:
    1) «Зайырлы қоғам және мемлекеттілік жоғары рухтандырушылық (эссе); 2) «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» (негіздеу);

    1. Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея – Мәңгілік Ел идеясы (эссе);




    1. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты (жоба) және т.б..

    114


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


    1. пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:




    1. «Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»;

    2. «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»;

    3. «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;

    4. «Мен және менің құқығым»;

    5. «Өз құқығыңды білесің бе?»;

    6. «Бала және оның құқығы»;




    1. «Ұлы дала заңдары»;

    2. «Заң және заман»;

    3. «Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б.

    Өзін-өзі тану

    «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Жаратылыстану» пәні бойынша нақтыланған оқушының тұлғалық рухани-адамгершілікті дамытуды ынталандыру, жалпыадами құндылықтарды және құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, өзіндік қабілеттерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қабілеттерді және өмірлік дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды табысты іс жүзіне асыру.


    Оқыт пәнінің негізгі міндеттері:


    1. өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;




    1. оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру;

    2. қоғамда және ұжымда өз орнын білуге көмектесу;

    3. өзі, адамдар және қоршаған орта бір-бірімен қарым-қатынаста екенін сезінуді ынталандыру;




    1. өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында адамгершілік және әлеуметтік тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;




    1. не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық қасиеттерін дамыту.

    «Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық » сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.
    «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесі арнайы жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.
    Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы
    34 сағат.
    «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.


    9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен

    115


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.


    «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды анықтайтын бастаулары ретінде, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ғылыми-дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған болып табылады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
    Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:


    1. оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;




    1. зайырлылықты рухани-адамгершілік құндылықтар, мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау, дінді мәдениет ретінде қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;




    1. діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;




    1. оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.


    Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:


      1. оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;




      1. зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;




      1. зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;




      1. діннің дүниетанымдық, мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;




      1. оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;




      1. Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;




      1. Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау




      1. экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;




      1. оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және

    116


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;


    10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.
    «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндерімен және «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.

    «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды . Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.


    Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.
    Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған .
    «Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының діни заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы болуы тиіс.
    Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.
    Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және

    117


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.


    Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.
    Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу
    процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс , топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас және т.б. формаларын қолдану тиімді.
    Жобаларды жеке және ұжыммен ынтымақтаса педагогика принциптерін қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:


    1. дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;




    1. діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;

    2. дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;




    1. БАҚ ақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;




    1. Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;

    2. толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;

    Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:



    1. мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;




    1. пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;




    1. жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

    2. ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;

    «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» бойынша әзірленген электронды оқулық, Қазақстанда дін жүйесінің таралуы мен ықпалы туралы мәдени-танымдық сипаттағы барлық діндер бойынша қысқаша бейнематериалдар т.б. (міндетті түрде Дін істері комитетінің сараптама комиссиясы мақұлдаған) сабақ барысында пайдалану ұсынылады.


    Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:


      1. ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

      2. зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

      3. мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас

    мәнін;

    118


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


    1. діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;




    1. қазақ-мұсылмандығының танымдық ойларын;

    2. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;




    1. әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың , Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;




    1. республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;




    1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;




    1. экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.


    сонымен бірге:


    1. зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,




    1. экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;




    1. діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;




    1. өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.


    «ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
    Музыка

    5-6-сыныптарда «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.



    Пәнді оқытудың міндеттері:
    – дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;
    – оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;
    – музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;
    – музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
    – музыка өнерінің әртүрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

    119


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық, қазақстандық заманауи өнер туындыларын қамтиды және оқушылардың мәдени, құндылықты, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

    Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
    «Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқытуды көздейді, бұл өнер түрлерінің өзара байланысы туралы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
    Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады.

    Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,


    «Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
    Бейнелеу өнерi
    Оқыту мақсаттары:


    1. эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

    2. қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;




    1. өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;




    1. халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

    120


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


      1. аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;




      1. оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ, орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.


    Оқыту міндеттері:


    1. өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;




    1. сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;




    1. бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;




    1. көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);




    1. шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);




    1. балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейін, есте сақтау, қиял, елестетуді дамыту;




    1. оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;




    1. өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.

    «Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».

    Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
    Сабақтардың маңызды нәтижелері:


    1. мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі;

    2. өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.

    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын


    121


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына,


    одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады.
    Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
    Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған.
    Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани -адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
    «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
    5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат; 6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
    «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
    Технология

    «Технология » пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.


    Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
    Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар,

    122


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.


    Оқыту міндеттері:


    1. техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;




    1. құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;




    1. технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;




    1. оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;




    1. еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;




    1. оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.


    Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (8-кесте).
    8-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары





    Ауыл мектептерінде




    Қала мектептерінде

    1.

    Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

    1.

    Қауіпсіздік техникасы және еңбекті

    2.

    Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника

    қорғау.

    және технология.

    2.

    Ағашты және ағаш материалдарды

    3.

    Ағашты және ағаш материалдарды қолмен

    қолмен және механикалық өңдеу

    және механикалық өңдеу технологиясы.

    технологиясы.

    4.

    Металды қолмен және механикалық өңдеу

    3.

    Металды қолмен және механикалық

    технологиясы.

    өңдеу технологиясы.

    5.

    Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен

    4.

    Сәндік қолданбалы өнерінің

    көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

    элементерімен көркем материалдарды

    6.

    Электротехника және электроника

    өңдеу технологиясы.

    негіздері.

    5.

    Электротехника және электроника

    7.

    Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы

    негіздері.

    жөндеу жұмыстары.

    6.

    Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы

    8.

    Шығармашылық жобалау саласы.

    жөндеу жұмыстары.

    9.

    Қазіргі заман өндірісі және техникалық

    7.

    Шығармашылық жобалау саласы.

    кәсіби білім.

    8.

    Қазіргі заман өндірісі және техникалық







    кәсіби білім.

    123

    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.


    Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті , ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының нұсқаларын қосуға құқығы бар.
    « Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.
    Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

    Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.


    Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөліну бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (9-кесте).
    9-кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары





    Ауыл мектептерінде

    Қала мектептерінде

    1.

    Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік

    1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау,

    техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық

    қауіпсіздік техникасы ережелері,

    талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

    санитарлық-гигиеналық талаптар және

    2.

    Тағам әзірлеу технологиясы.

    еңбек қауіпсіздігі.

    3.

    Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-

    2. Тағам әзірлеу технологиясы.

    124


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


    сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді

    3.

    Маталармен танысу. Мата өңдеу

    жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу

    технологиясы. Тігін машинасымен

    (белдемше,

    жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-







    дау және,

    шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту.

    көркем әшекейлеу (белдемше шалбар).

    Машинатану элементтері.

    Мата түрлерімен танысу. Киімді күту.

    4.

    Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен

    Машинатану элементтері.

    көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

    4.

    Сәндік қолданбалы өнерінің

    5.

    Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

    элементерімен көркем материалдарды

    6.

    Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

    өңдеу технологиясы.

    7.

    Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас

    5.

    Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

    гигиенасы.

    6.

    Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.

    8.

    Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру.

    7.

    Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас

    технологиясы.

    гигиенасы.

    9.

    Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-

    8.

    Жоба.

    ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір

    9.

    Кәсіби қызмет ету саласының

    саласы.

    технологиясы.

    10. Жоба.







    11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.


















    Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.


    «Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
    Сызу
    «Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып табылады.
    Пәнді оқыту мақсаттары:


      1. логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;




      1. геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;




      1. еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;




      1. функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;




      1. шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.

    Оқыту міндеттері:


    1. бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;




    1. әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін

    125


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    орындауды және оқуды үйрету;




    1. нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;




    1. оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;




    1. кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;




    1. графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

    Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.
    Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.

    Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.


    Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.
    Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады
    Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).

    Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

    Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
    1) орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық,


    126


    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

    эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану;




    1. оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;




    1. үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру.

    «Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.
    Каталог: sites
    sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
    sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
    sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
    sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
    sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
    sites -> Өмірбаяндық деректеме
    sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




    ©engime.org 2020
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет