Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ҚАРМТУ – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ



бет3/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#602
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАРМТУ – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ

БІЛІМ ОРДАСЫ
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрылғанына 2011 жылы 58 жыл болды. 1958 жылы Қарағанды тау-кен институтының

политехникалық институт болып қайта құрылуы жоғары оқу орнының өзі үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл республика үшін елеулі оқиға болды, өйткені Қазақстанда тұңғыш политехникалық ЖОО пайда болды. 1996 жылы ҚР Министрлер кабинетінің Қаулысымен ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болып қайта ұйымдастырылды, бұл жоғары оқу орнының жоғары білікті мамандар даярлаудағы еңбегінің танылуы болды [1, б. 20].

Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге еліміздің шекарасынан тыс елдерде де жақсы белгілі ҚарМТУ жоғары наградамен – Еңбек қызыл Ту орденімен марапатталған, екі рет Алтын Құрмет кітабына енгізілген. Біздің ЖОО 39 бакалавриат, 26 магистратура, 4 докторантура мамандығы және 6 әскери-есептік мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды. Қазіргі уақытта ҚарМТУ-да 12 мыңнан астам студент оқиды.

Университет жұмысының басты қорытындысы – алпыс мыңнан астам түлек. ҚарМТУ уақыт талабына сай инженерлік-техникалық кадрларды даярлайды. Біздің түлектеріміздің арасында белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының, ғылыми мекемелердің, білім беру, мәдениет және бизнес саласы ұйымдарының басшылары бар. Университет мақтанышы – 1962-1965 жылдары жалпы білім беретін және техникалық пәндердің негізін меңгерген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында өнеркәсіп Қазақстанда қарқынды дамыды. Жастар шахтер, құрылысшы, металлург сияқты мамандықтарды игеруге талпынды. Бір күні болатты қалай құятынын көріп және осындай әдемі де ғажап көріністің әсерінде бола тұрып, Нұрсұлтан есімді қазақ жігіті, өзінің көптеген құрдастары сияқты, өмірін металлург мамандығымен байланыстыруға бел байлады.

Жоғары білім алу үшін Қазақстанның болашақ Президенті Қарағанды политехникалық институтына оқуға түседі. Н.Ә. Назарбаевтың студенттік жылдарында инженер кадрларын даярлау жүйесі қазіргі жүйеден қатты ерекшеленетін. Ол Теміртау қ. тұратын талапкерлерден құрылған, ЛП-62-2 (Қара және түсті металдарды құю өндірісі) тобына қабылданды. ЛП-62-1 тобында қарағандылық студенттер оқыған. Оқу «ДВ» жүйесі бойынша жүргізілді – студент өндірісте жұмыс істеп, бір жарым жыл институтта оқыды. Бұл студенттердің практикамен бекітілген, берік білім алуына мүмкіндік берді.

Металлургтер топтарында айрықша жолдастық қарым-қатынас болды. Білімі мен өмірлік тәжірибесі бойынша мықты студенттер Н. Назарбаев, Т. Сүлейменов және В. Андреев өздерінің топтастарына көмектесіп, оларға қолдау көрсетті. Сол жылдардың өзінде-ақ болашақ Президенттің жеке бірегей қасиеттері айқындалды.

Студенттік құрылысшылар отрядында Н. Назарбаев бригадир болды және құрылысты барлық қажетті материалмен: кірпішпен, құммен, цементпен қамтамасыз ете отырып, нысан құрылысын басқарды, ол кездері бұл өте қиын іс болды. Бұл материалдарды жабдықтау ұйымдарынан «тартып алуға» тура келді. Басшы ретінде табандылығының арқасында нысанның құрылысы дер кезінде және жоғары сапамен аяқталды. Басқа құрдастарынан оны мақсатқа талпынушылығы, табандылығы, өзіне жоғары талап қоя білуі, көшбасшылық қасиеттері, бастаған істі аяғына дейін жеткізу қабілеті ерекшелендірді. Студент бола тұрып, Н. Назарбаев қоғамдық өмірге белсене араласты. Спорттың футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі сияқты түрлері бойынша факультеттің мықты спортшыларының бірі болып табылды. Еңбек сүйгіштігі, жаңа білімге ұмтылысы, қоғамдық жұмысы, белсенді өмірлік ұстанымы үшін БЛЖОК XIV съезіне делегат болып сайланды, Хельсинки қаласында VIII Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне қатысты.

1965 жылы Н.Ә. Назарбаев Теміртауға ауысты. «Шойын металлургиясы» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибесі болса да, ол онда Қарағанды металлургия комбинаты үшін мамандарды даярлау жүргізілген, ЖТЖО-да оқуын жалғастыруды шешті [2, б. 25].

2012 жылы 1 желтоқсанда ҚарМТУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеуден, Астанадан, Павлодардан және Теміртаудан келген курстастарымен кездесу болды. Достық дастарханының басында жылы, еркін күйде уақыт білдірмей жылдам өте шықты. Құрметті қонақтар кітабында мынадай жазба қалдырды: «Мен осы оқу орнында – барлық Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін. Қазіргі кезде еліміз индустриялық даму жолына көшеді. Жүздеген жаңа кәсіпорындар құрылып жатыр.Университет түлектері талап етілген болады. Профессорлар, оқытушылар, студенттердің барлық ұжымына зор денсаулық және оқуда табыстар тілеймін».

Қазіргі таңдағы ҚарМТУ – жеті оқу корпусы, жастар сарайы, жатақхана, спорт кешені, студенттер емханасы, қоғамдық тамақтандыру цехы, Қарқаралы қаласындағы «Политехник» спорттық-сауықтыру лагері. Университет құрылымында технологиялық колледж және лицей сәтті жұмыс істейді. ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы 700 оқытушыны біріктіреді, олардың қатарында 300 ғылым кандидаты, 50-ден астам ғылым докторы, профессорлар, академиктер мен республикалық және халықаралық академиялардың корреспондент-мүшелері бар.

Біздің ЖОО қарқынды дамып, болашаққа жаңа қадамдар жасап келеді. Оның дәлелі – оқу сапасы менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі сертификатын алуы; техникалық ЖОО арасындағы бас рейтингтегі екінші орын (ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының деректері бойынша); INSAM Жоғары бизнес және басқару институтының (Швейцария), Technomic Consultants Консалтингтік компаниясының (Франция) және Centre for Business Excellence Қауымдастығының (Ұлыбритания) «Алтын феникс» халықаралық сыйлығы; Еуропалық бизнес Ассамблеясы Комитетінің (Оксфорд, Ұлыбритания) «Еуропалық сапа» халықаралық наградасы.

2013 жылы НКАОКО бас рейтингінде ҚарМТУ еліміздің техникалық ЖОО арасында 3-орын алды. WEB-метрикалық рейтинтің нәтижелері бойынша 2013 ж. шілдеде ҚарМТУ әлемде 3460 орын және Қазақстан бойынша (Әл-Фараби атаындағы ҚазҰУ кейін) 2-орын алды.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді ендіру және ҚарМТУ-дағы сапалы тілдік даярлық үшін Тұңғыш Президент атындағы Электрондық білім беру технологиялары орталығы, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» бірегей тілдер орталығы және академик Ә.С. Сағынов атындағы «Инновациялық орталық» ашылды. Оқу процесін толық ақпараттық ортамен қамтамасыз ету үшін ЭОТО-да: аралық оқыту технологиялары орталығы, микроэлектроника, компьютерлік модельдеу және жасанды зерде зертханалары, оқу-ғылыми байланыс орталығы, бейне және дыбыстық жазу студиясы құрылған, әрі белсенді жұмыс істейді; мультимедиалық және сертификатталған электрондық оқыту құралдары, деректерді шоғырланған түрде өңдеудің желілік оқыту әзірлемелері (WEB-портал) жүргізілуде.

Академик Ә.С. Сағынов атындағы Инновациялық орталықта білімге,

ғылымға және тәрбие жұмысына инновацияларды ендіру бойынша ақпарат

жалпылап қорытындыланады және ұсыныстар әзірленеді.

Ұлы философ, ақын және ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қарқынды және сапалы үйрету үшін жағдайлар жасайды. Мұнда әр түрлі шаралар өткізіледі, жақын және алыс шетелдік ЖОО-мен халықаралық келісім-шарттар жасалады, шығармашылық конкурстар, «дөңгелек үстелдер», тілдік олимпиадалар өткізіледі, Орталық көмегімен студенттер тіл тасушылармен қарым-қатынас жасау үшін АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Германияға, Францияға шетелдік іссапарларға шығады.

2003-2013 жылдар ішінде Университет 24 шетелдің білім беру ұйымдарымен және ғылыми орталықтармен 134 шарт жасасты. Қос дипломды білім Турин университетімен (Италия), Томск политехникалық университетімен, Мәскеу энергетикалық институтымен, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика (Ресей) мемлекеттік университетімен бірлесіп берілді.

ҚарМТУ «Энергетика» және «Экология» бағыттары бойынша ШЫҰ Университетінің базалық ЖОО болып табылады. ҚХР Елшілігінің қолдауымен ҚарМТУ базасында 2011 жылы Конфуция институты ашылды. Ресей мен Украинаның 4 ЖОО – мен бірлесіп ҚарМТУ, «FESTO» германо-австриялық концерн эгидасымен жүзеге асырылатын «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша «SINERGY» қашықтықтан техникалық білім беру халықаралық ғылыми-білім беру жобасына қатысады.

ҚарМТУ базасында 2008 жылы 18 маусымда Қазақстанда бірінші инновациялық-білім беру консорциумы «Корпоративті Университет» құрылды, ол 86 ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды (олардың қатарында Минск трактор зауыты, БелАЗ және Амкодор концерндері, АрселорМиттал Теміртау, Қазақмыс Корпорациясы, Шұбаркөл Көмір, ССГПО, KEGOC және т.б.) біріктіреді. Консорциумның оқу орталықтарында ЖОО шығарушы кафедраларының 55 филиалы жұмыс істейді, оларда кәсіпорынның жетекші мамандары практикалық және зертханалық сабақтар, кәсіптік практикалар, курстық және дипломдық жобалаулар өткізеді.

2010 жылдан бастап ЖОО құрылымында 7 ҒЗИ, 37 ғылыми-зерттеу зертханасы, 3 ғылыми-техникалық орталығы, инновациялық өнім шығару бойынша 4 шағын кәсіпорын, технологияларды коммерциялау офисі және инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы енетін инновациялық ғылыми-техникалық кешені қызмет етеді. Республикалық конкурс қорытындысы бойынша АҚШ 2 млн.$ мөлшерінде алынған Халықаралық қайта құру және дамыту банкі грантына ҚарМТУ базасында халықаралық стандарттар негізінде әлемдік ғылыми қоғаммен және индустриямен ынтымақтастықты дамыту және тереңдету бойынша Халықаралық материалтану орталығын құру басталды. Жаңа материалдар ҒЗИ агротехнологияларды дамыту және өнеркәсіптік ағыстарды тазарту үшін гуминдік препараттардың мини-өндірісі жолға қойылды.

Корпоративті Университет кәсіпорындарының ғылыми-техникалық проблемаларын шешу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында ЖОО орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) көлемі соңғы 5 жылда 18 есе артты және 2013 жылы 1,4 млрд теңгені құрады. Мердігер шарттарына қатысқан ПОҚ саны 5 жыл ішінде 40%-ға артты, ал студенттер, магистранттар мен докторанттар үлесі 20 %-ға [3, б. 23].

2012 жылдың аяғында Университет «Халықаралық дәнекерлеуші-инженер IWE» бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға аккредиттеу алды және 2013 жылы қарашада Қазақстанда құрамында 24 адам болатын бірінші түлектерді ұшырды, оларға әлемнің 56 елінде мойындалатын дипломдар тапсырылды.

Дәстүрлі және электрондық тасымалдағыштарда ғылыми, оқу және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердің бір жарым миллионнан астамы есептелетін университет кітапханасы, - зияткерлік қарым-қатынастың өзіндік орталығы. Ол жыл сайын 40 мыңнан астам жаңа кітаптармен және 800-ге жуық мерзімдік басылымдармен толықтырылады. Кітапханада ақпараттық және анықтамалық басылымдардың бай қоры, электрондық оқыту құралдары және үш электрондық оқу залдары бар ақпараттық-білім беру орталығы жұмыс істейді.

ҚР Кітап палатасының деректері бойынша ҚарМТУ 2011 жылы басып шығарылған оқу-әдістемелік әдебиет саны бойынша еліміздің ЖОО арасында бірінші орын алды. Соңғы үш жылда (2011-2014 жж.) ЖОО ғалымдары ҚР БҒМ ұсынған 31 оқулық, оның ішінде 9 мемлекеттік тілде және 1- ағылшын тілінде шығарылды.

Оқу процесінде «FESTO-DIDACTIC», «SIMENS» және «Mitsubishi» сияқты ірі шетелдік өндірушілердің жаңа заманғы оқу және өнеркәсіптік бағдарламалық-аппараттық автоматтандыру құралдары белсенді қолданылады. Студенттерді кәсіптік практикаға жақсы бейімдеу мақсатында жаңа заманғы жабдықпен жабдықталған 4 жұмыс мамандығы орталығы құрылды (тау-кен ісі, машина жасау, құрылыс және дәнекерлеу технологиялары). ҚарМТУ студенттер қалашығында «Студенттердің тұрғын үйі» бағдарламасы бойынша 882 орындық жаңа жатақхана құрылысы аяқталып келеді.

Инновациялық білім беруді дамытудың маңызды бағыты: «Құрылыс және сәулет», «Ғарыш техникасы және технологиялары», «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Оқу қызметін программамен қамтамасыз ету» және студенттер шығармашылығына мүмкіндік туғызатын басқа студенттік бюролар болып табылады.

Жоғары оқу орны – ерекше орта, ол көптеген гуманитарлық және арнайы пәндер арқылы, педагогтар, ғылыми жұмыстар және алуан түрлі студенттік өмір арқылы жеке тұлғаны қалыптастырады.

Біздің студенттеріміздің ұрпақтары қайда жұмыс істесе де, ылғи да бір үлкен отбасының мүшесі болып қалады және оны «alma mater» – үйіміз деп атайды. «Үй» ұғымына жылы шырай, туыстық, өзара түсіністік, жалпы мақсаттар кіреді.

Университетте айқын және алыстан танылатын фирмалық корпоративті стиль құрылған және қолданылады, ол ғимараттарды, стендтерді, маңдайша жазуларын, ЖОО баспа өнімін ресімдеуден байқалады. Студенттер мен оқытушыларға ЖОО имидждік өнімдері – қалпақтар, футболкалар, қаламдар, блокноттар, күнтізбелер, көкшіл ақ түсті белгісі бар значоктар – кеңінен танымал.

Университеттік корпоративті мәдениеттің маңызды құраушысы

түлектермен жұмыс істеу болып табылады. Тіпті ЖОО-ны көп жыл бұрын

бітіріп кетсе де, түлектер өздерінің alma mater-ге тиесілілігін сезінеді және

студенттер мен жалпы университетке көмектесетін, «ҚарМТУ оқытушылары мен түлектері қауымдастығының» қызметіне қатыса алады. ЖОО-ның бірде-бір ірі шарасы қауымдастықтың демеушілік көмегінсіз өтпейді.

ҚарМТУ-да студенттердің өзін-өзі дамытуы, жеке тұлғалық өсуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Кез келген шығармашылық түрде икемделген студент ұсынылатын бағыттардың кең спектрінен өзінің жаны қалаған ермегін таңдай алады: ғылыми-зерттеу жұмысы, көркемөнерпаздар үйірмесі, дебаттық клуб, студенттік өзін-өзі басқару органдарындағы жұмыс және т.б.

Бүгінгі күні ҚарМТУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы өзінің

алдына жаңа қалыпты, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, біздің Елбасымыз бүкіл қоғамның алдында белгілеген міндеттерді орындау үшін барлық қажетті білімді иеленген инженер-мамандарды даярлаумен байланысты күрделі де маңызды мақсаттарды қояды. Қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің тек бір ғана ресурсы – адамзат парасаты бар екенін біз жақсы түсінеміз. Оны белсенділендіру және адамгершілік пен рухани құндылықтарын жоғалтып алмай, қоғам игілігіне барынша жұмсау - ғалымдардың, педагогтардың және біздің Университетімізде көптеп саналатын жас таланттардың жаңа ұрпағының міндеті. Тек оған қажырлы талпыныс болуы тиіс. «Өз білімін үнемі аяқталмаған деп санайтын адам ғана білімді адам ретінде таныла алады» деген сөз бекерге айтылмаса керек.

Әдебиеттер тізімі
1. Энциклопедия Карагандинского государственного технического университета: (к 55-летию университета). - Караганда: Изд-во КарГТУ, 2008. - 308 с.

2. Евгений Иванович Шевцов – профессор, лауреат Государственной премии СССР, создатель кафедры литейного производства КПТИ. Серия «Жизнь замечательных педагогов»/Составители Л.С. Кипнис, Т.Ж. Жукебаева.- Караганда: «Гласир», 2010. - 82 с.



3. Карагандинский государственный технический университет: К 60-летию университета. - Караганда ТОО «Арко», 2013. - 499 с.




Т.И. Лысачёва,

Қарағанды мемлекеттік

мехникалық университетінің

Химия және өндірісті экология

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: tamara_lyssachyova@yahoo.com



ОЛАРДЫ ҚАРМТУ - ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕР МАҚТАН ТҰТАДЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің жоғары мәртебесі оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмысының аса тығыз байланысын міндеттейді. Болашақ маманды толығымен оқыту және сапалы даярлау жетістігінің негізі осыдан көрінеді.

Көптеген жылдар бойы университет ғылыми-білім беру кешені ретінде қалыптасты және ол озық технологиялардың ғылыми-техникалық орталығына айналды. Бұл келесі ғылыми бағыттар бойынша маңызды және қолданбалы зерттеулердің басым дамуымен қамтамасыз етілді:

- Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу технологиясы (Ә. Сағынов, С. Квон, Ю. Векслер, Ю. Берқалиев, Т. Исабек).

- Тау-кен машинасын жасау (А. Кичигин, А. Лазуткин, И. Янцен,

Г. Пивень, Д. Ешуткин, С. Жетесов, Ю. Климов, Ю. Черкашин, Т. Ермеков, А. Ушаков, А. Павлов, Ю. Смирнов).

- Тау-кен кәсіпорындарының аэрологиясы және еңбек қорғау

(Н. Кременчуцкий, Н. Гращенков, Е. Глузберг, Ә. Әкімбеков, Ф. Гельфанд, В. Журавлев, Г. Панов).

- Көлік жүйелері (А. Данияров, З. Ақашев, С. Малыбаев, Ж. Қуанышбаев).

- Маркшейдерлік іс және жер қойнаулары геометриясы (И. Попов, Р. Окатов, П. Шпаков, Ф. Низаметдинов).

- Техникалық жүйелерді модельдеу және жобалауды автоматтандыру (П. Степанов, Г. Пивень, М. Нұрғожин, Л. Когай, И. Альтер).

- Ядролық геофизика және пайдалы қазбалардың құрамы мен сапасын зерттеудің ядролық-физикалық әдістері (Ю. Пак, В. Красноперов).

- Өндірістік процестерді автоматтандыру (В. Бырька, И. Брейдо, Б. Фешин).

- Геология және жер қойнауларын барлау (М. Ермеков, Л. Думлер).

- Құю өндірісі (Е. Шевцов, А. Исағұлов).

- Құрылыс механикасы және құрылыс конструкциялары (А. Боженов, Н. Жадрасынов, Ж. Бәкіров, Ж. Нұғожинов).

- Экономикалық теория және басқару экономикасы (Ш. Қашықов, Б. Ахметжанов, Р. Каренов, В. Муров, Р. Ходжаев).

Жетістіктер халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда, монографияларда және мақалаларда кеңінен көрсетіледі. Тек соңғы 10 жыл ішінде ғана профессорлық-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлер әр түрлі деңгейлі ғылыми конференцияларда 900-ге жуық баяндамалар ұсынды, 3000-нан астам ғылыми жарияланымдар жариялады. 64 монография шығарылды, 30 докторлық және 55 кандидаттық диссертация қорғалды, 200-ден астам авторлық куәлік пен патент алынды.

Орындалатын ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі және маңыздылығы университеттің көптеген ғалымдарының ғылымдар академияларының нақты сайланған мүшелері (академиктері) болуына мүмкіндік берді: Ә. Сағынов – ҚР ҰҒА академигі; А.М. Ғазалиев– ҚР ҰҒА; Г. Пивень – ЖМ ХҒА, ХАҒА, ҚР ЖҒА, ҚР АА; Ю. Пак – ҚР ЖҒА; И. Альтер – ХАҒА; И. Арыстан – ХАҒА; Б. Берқалиев – ХАҒА; Б. Біләлов – ҚР МҒА және т.б.

Көптеген түлектер ғылым докторлары болды: Г.Г. Пивень, И.А. Янцен, Р.П. Окатов, Ә.Қ. Әкімбеков, С.С. Жетесов, П.П. Палев, А.Н. Данияров, Д.Н. Ешуткин, Ф.К. Низаметдинов, Ю.И. Климов, Ю.М. Смирнов, И.М. Альтер, Б.А. Ахметжанов, Ж.Б. Бәкіров, А.З. Исағұлов, С.Қ. Малыбаев, Б.Н. Фешин, Ж.М. Қуанышбаев, Т.Н. Бекенов, С.Б. Колоколов, Р.С. Каренов, В.И. Соловьев, В.В. Грузин, Т.К. Исабек және т.б.

Оқытушылар мен қызметкерлер инженер кадрларын даярлауда және ғылыми зерттеулерді орындауда қол жеткізген табыстары үшін жоғары үкіметтік наградаларды иеленді. Сонымен, Ә. С. Сағынов екі Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы және Халықтар достығы ордендерімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды, Социалистік Еңбек Ері атанды [1, б. 71].

Ғылыми мектептерді құру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға шаруашылық шарттар жасасу және ғылыми жұмыстағы басқа маңызды жетістіктер ғылыми жұмысты ұйымдастыру мен басқаруды күшейтуді талап етті. Осы мақсатта 1961 жылы ректоратта ғылыми жұмыс жөніндегі проректор лауазымы енгізіледі, ол қызметке А.Ф. Кичигин тағайындалады.

А.Ф. Кичигиннің (1961-1971 жж.) 10 жыл белсенді жұмысы ішінде институт республиканың озық ЖОО деңгейіне шықты. Көптеген әзірлемелер КСРО және ҚазКСР халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмелеріне қойылды. Институтта кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша бірінші диссертациялық кеңес құрылды, институттың көптеген ғалымдары үкіметтік наградаларды иеленді және әр түрлі сыйлықтардың лауреаттары атанды.

Сонымен қоса, институтта ғылыми-зерттеу секторы (ҒЗС) құрылды, оны қалыптасу сатысында басқаруды Ю.И. Сигарев (1960-1961 жж.), А.С. Савельева (1967-1968 жж.) және А.Д. Гарницкая (1969-1974 жж.) жүзеге асырды.

1971 жылғы 16 тамызда ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып Лазуткин А.Г. тағайындалады, ол осы қызметте 16 жыл жұмыс істеді (1988 жылға дейін). Осы жылдарда институтта мамандарды даярлау сапасын жақсарту, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ғылым академияларымен, салалық министрліктермен және ведомстволармен ынтымақтастықты нығайту міндеттерімен тығыз байланыста ғылыми зерттеулердің деңгейі мен тиімділігін әрі қарай жоғарылатуға бағытталған шаралар кеңінен өткізілді.

Нәтижесінде шаруашылық шарттар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 1971 ж. 1335 мың сомнан 1988 ж. 4784,5 мың сомға дейін өсті. Сонымен бірге зерттеулер маңызды халық шаруашылығы проблемаларын шешу бойынша 22 кешенді, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша орындалды, бұл ҒЗЖ маңызды тақырыптамасының меншікті салмағын көтеруге мүмкіндік берді – 1988 ж. қаржыландыру көлемі 269 мың сомға дейін жеткізілді (1971 жылдары – орындалмады, 1972 ж. – 40 мың сом). Орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары көлемінің ұлғаюымен, оларға профессорлық-оқытушылар құрамын, аспиранттар мен студенттерді кеңінен қатыстырумен ғылыми-зерттеу секторының міндеттері өзгертілді, оларға 1974 жылдан 1986 жылға дейін жетекшілік етуді В.А. Фомин жүзеге асырды. ҒЗС ғылыми-зерттеу институты мәртебесін иелене бастады.

Ғылыми қызметте қол жеткізген табыстары үшін КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Қарағанды политехникалық институты маңызды халық шаруашылық мәні бар жетекші ЖОО қатарына жатқызылды. Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрлігінің 1987 ж. 28 мамырдағы № 506 бұйрығымен ғылыми-зерттеу секторының және «Тау жыныстарын бұзуға арналған күштік гидравликалық жүйелерді құрудың ғылыми негіздері» проблемалық зертханасының базасында ғылыми-зерттеу бөлімі (ҒЗБ) құрылды.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің шеңберінде 15 – институттық, 3 – факультеттік және 9 кафедралық деңгейлі ғылыми-зерттеу зертханаларын құру көзделді. Көптеген ғылыми-зерттеу зертханаларының жетекшілері кафедра меңгерушілері болып тағайындалды, бұл ғылыми қызметтің оқу процесімен байланысының нығаюын алдын ала анықтады.

Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің құрылымына ғылыми-зерттеу зертханалары, сондай-ақ ғылыми жұмысты үйлестіру, басқару, ұйымдастыру және жалғастыру қызметі қосылды. ҒЗБ әкімшілік-басқарушылық бөлімшесі ҒЗБ дербес бөлімдерінен және жалпы институттық қызметтерге кіретін жеке топтардан (тұлғалардан) құралды. ҒЗБ құрамына сондай-ақ ҒЗЖ ұйымдастыру және ендіру (Кулявцева Т.И., Гуртова Т.И.), ғылыми-техникалық ақпарат (Фабричная Н.П., Абинов А.Г.), ҒЗЖ стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету (Мырзаханов С.А., Крицевый Ю.Ф.) сияқты ірі бөлімдер енгізілді. Жалпы институттық қызметтерге жоспарлық-қаржы тобы (Максимова К.К.) және ҒЗБ бухгалтериясы (Цайгер Р.Г., Суркова С.И., Чичаева Л.А.) бөлінді. Ректордың 20.07.1987ж. № 546 бұйрығымен ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып т.ғ.д., профессор Лазуткин А.Г., ал оның орынбасары болып т.ғ.к., доцент Муштаков Н.А. тағайындалды. Ғылыми хатшы қызметіне т.ғ.к. Рудая Р.И. қабылданды.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің қалыптасуы ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың қызметіне 08.02.1988 ж. тағайындалған, техника ғылымдарының докторы, профессор И.А. Янценнің жетекшілігімен өтті.

Ғылыми жұмысты ұйымдастыруды күшейту, оның нәтижелерін ендіру және халықаралық ынтымақтастыққа шығу үшін институтта ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың орынбасары қосымша лауазымы енгізілді. Бұл қызметке алғаш рет техника ғылымдарының докторы, профессор Ушаков Л.С. (1988-1989 жж.) қабылданды, оны техника ғылымдарының кандидаты Негруцкий С.Б. (1990-1994 жж.) ауыстырды.

1989 жылы ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың орынбасары - ҒЗБ бастығы қызметіне техника ғылымдарының кандидаты, доцент Моисеев В.С. тағайындалды, оның белсенді араласуымен ҒЗБ барлық нормативтік базасын әзірлеу аяқталды және институттың ғылыми қызметін басқару жүйесі құрылды. Ғылыми-зерттеу бөлімі қызметінің алғашқы жылдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қатаң регламенттеуден шаруашылық есептеу және өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде басқаруға түпкілікті ауыстыру жүзеге асырылды, ол кезде тақырыптар санын ұлғайтуда, оларды орындау мерзімдерін қысқартуда және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін жоғарылатуда ғылыми жұмыстарды орындаушылардың жеке мүдделілігі пайда болды, яғни, мәні бойынша, рыноктық механизм ғылымында қалыптаса бастады.

Институтта ғылыми-зерттеу зертханалары түрінде ҒЗБ классикалық құрылымымен параллель шағын кәсіпорындар мен кооперативтер құрыла бастады. 1989 жылы «Символ», «Импульс», «Лазер» «Кристалл», «Изотвор» кооперативтері ұйымдастырылды.

2008 жылғы наурызда университет ректоры ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің бастамасы бойынша республикада аналогтары жоқ Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» тілдік орталығы құрылды, онда әрбір қалаған адам қазіргі заманғы әдістемелердің, жаңа оқыту құралдарының көмегімен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады [2, б. 415].

Университеттің дамуының кешенді бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі 2008 жылғы 19 маусымда Қазақстандағы тұңғыш «Корпоративті Университет» инновациялық білім беру консорциумын құру туралы Келісімге қол қою болды, оның мүшелері Қазақстан мен Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары болды: РҒА УрБ Геофизика Ииституты, Қарағанды технопаркі, ИПКОН ЖШС, Әбішев атындағы ХМИ, «Еуразиялық өнеркәсіптік химиялық топ» ЖШС, «Абсолют Казахстан» Компаниясы ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және т.б. ҚР Білім және ғылым экс-министрі Ж.Қ. Түймебаев айтқандай, Орталық Қазақстан аймағында Корпоративті университет құру тұтас алғанда Қазақстанның және Қарағанды аймағының барлық техникалық білім беру жүйесі үшін жаңашыл және маңызды болып табылады.

Университет құрылымында Маркетинг және шарттық қатынастар орталығы құрылған, ол студенттер құрамының сапалы қалыптасуын және кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптің басым салаларын кадрмен қамтамасыз ету үшін 5 жаңа мамандық ашылған: «Биотехнология», «Информатика», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» және «Бастапқы әскери даярлық».

Бүгінгі күні ҚарМТУ Қазақстанда, айтарлықтай ғылыми әлеуеті және белгілі ғылыми мектептері бар ең ірі инновациялық бағдарланған техникалық университеттердің бірі болып табылады. Университет өткізетін халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-техникалық конференциялар академиялық элитаны, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, аймақтың, республиканың, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ірі кәсіпорындарының мамандарын жинайды. «Караганда-Инвест-2008» Халықаралық форумында Университеттің 11 ғалымының жобасы ұсынылды.

Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Кошица қ. Рочестер технологиялық университетімен (Словакия), Томск политехникалық университетімен (Ресей) және т.б. ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. ҚарМТУ оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындарды әзірлеу бойынша үш халықаралық ТЕМПУС жобасына қатысады.

Университеттің дамуына т.ғ.к., доценттер А.М. Леонов, Н.В. Ешуткин, А.В. Шабурников, А.П. Ли, В.И. Рыженков, В.С. Оробинский, А.Ф. Немкин, А.Н. Мурашев, В.П. Попов (қазіргі уақытта Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі) және т.б. үлкен үлес қосты.

Ірі және белгілі ғалымдар, университеттің оқытушылары т.ғ.д., профессорлар С.С. Квон, Б.Т. Берқалиев, Н.А. Дрижд болып табылады, олар Қазақстанның кен өндіру саласы үшін жас мамандарды тәрбиелеу және даярлау ісіне үлкен үлес қосты.

Университетте оның құрылған сәтінен бастап М.Т. Омаров, В.И. Удалых, В.И. Фольгарт, Т.Д. Қашқымбеков жұмыс істеді. Университеттің алғашқы оқытушыларының бірі т.ғ.к., доценттер В.Н. Аракелов, В.К. Донис, Э.Ф. Боярский, Л.И. Жуган, Л.И. Когай, Е.Н. Протасов болды. Кейіннен Л.И. Когай т.ғ.д., профессор, В.К. Донис профессор, Э.Ф. Боярский, Л.И. Жуган, Т.Д. Қашқымбеков, Е.Н. Протасов, М.Т. Омаров, В.И. Фольгарт т.ғ.к., доценттер атанды [3, б. 13].

Университеттің даму тарихында буындардың ауысуы болды. Бүгінде, шексіз алғыс сезімімен барлық өмірден өткен, Қарағанды тау-кен, политехникалық институтының, қазіргі техникалық университеттің қалыптасуы мен дамуына маңызды үлес қосқан қызметкерлерді еске аламыз. А. Ермекова, Л. Рахлис, Р. Козлова, А. Лебедева, А. Петрушанского, А. Эттеля, И. Деревинского, Г. Кинелевой, А. Анисимова, Е. Акбасова, Х. Хасенова, Ю. Гудовского, С. Ракова, М. Ланге, Н. Песина, В. Аракелова, Э. Гофмана, В. Лыткина, И. Фрейгант, Г. Кожахметова, К. Ибраева, П. Акимочкина, Л. Егорычевой, М. Волощина, З. Кенжина, Э. Келлера, Р. Зудиной, Х. Абдрахманова, К. Ахметова, В. Бырька, З. Байназарова, И. Богатырева, Е. Пятенцего, А. Синицыной, И. Гуртового, А. Даниярова, В. Данилова, Ю. Евстифеева, Л. Когая, Б. Кульпеисова, М. Кенесбаева, Ф. Крицевого, Е. Копбаева, Н. Летовой, В. Ли, Е. Омарова, Е. Огарковой, С. Кима, И. Попова, Н. Пахомова, Ю. Риттера, А. Тен, С. Умбеталина, Б. Христенко, Е. Щевцова, Ф. Кремера, В. Маляревского, А. Махова, Б. Сулимова, В. Архипова және т.б. аттары оның тарихында мәңгілікке қалады. Олардың өмірі мен жұмыстары естелікке тұрарлық.

Біз ЖОО-мыздың өмірбаянының жарқын беттерімен, оны құру мен дамуға үлес қосқандар есімімен, оның беделі мен бүгінгі қажеттілігін қамтамасыз ететіндермен мақтанамыз. Біздің ұжымымыз Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында белгіленген міндеттерді өмірде іске асыруды көздейді.
Әдебиеттер тізімі
1. Академик А. С. Сагинов: грани таланта / Карагандинский государственный технический университет - Караганда: Изд-во КарГТУ, 2010.

2. Карагандинский государственный технический университет: К 60-летию университета. - Караганда: ТОО «Арко», 2013.



3. Аракелов Владимир Наполеонович. Байтлеулов Изтелеу Салимович. Донис Владимир Константинович. Когай Леонид Иванович. Серия «Жизнь замечательных педагогов». Караганда: КарГТУ, 2010.







С.К. Тутаңов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Жоғары математика және механика кафедрасының меңгерушісі,

профессор, т.ғ.д.

e-mail: ser-tutanov@yandex.ru



Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> БАҒдарламасы алматы, 2012 Құрметті !


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет