Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз



бет8/9
Дата05.11.2016
өлшемі0,81 Mb.
#640
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.



КЕЛІСІМШАРТ

Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:



  1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілер: тұрғын үйді сатып алу- сату, сыйға беру, ауыстыру туралы.

  2. Жер учаскелері туралы мәмілелер: жер учаскесін сатып алу- сату, сыйға беру, ауыстыру туралы.

  3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер т.б.

Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі: пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Негізгі сөздік

Төменде қол қоюшылар-нижеподписавшиеся

маған тиесілі-принадлежащий мне

жеке басы –личность

құқықтық іс-әрекетке қабілеті-дееспособность

тариф бойынша салық алынды-взыскано по тарифу

мәміле-сделка

жекеменшік құқығы бойынша по праву собственности

тыйым салынбаған-под арестом не состоит

құқылы-вправе

2-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Келісімшарт қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

  3. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

  4. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

  5. Келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?

6. Қай кезден бастап күшіне енеді?

7. Қандай жағдайларда келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады?



3-тапсырма.Үлгімен танысыңыз. Мазмұнын ауызша айтыңыз.

Автокөлікті сату-сатып алу туралы келісімшарт

Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 11-үй, 2007 жылғы 29 мамыр.

Біз, төменде қол қоюшылар,--------------------------------------------------------

төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:



  1. Мен, азамат Болат Мақсатұлы, «Жигули» маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі.............., шығарылған типі.........., шасси нөмірі............., двигатель нөмірі..........., мемлекеттік нөмірі ........, мен, азамат, Дәулет Омаров, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.

  2. Көрсетілген автокөлік Мемлекет-тік автоинспекция 2006 жылғы 20 сәуірде берген №7777 техникалық паспорттың негізінде маған, Болат Мақсатұлына тиесілі.

  3. Автокөлік жеті жүз мың (700 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген теңгені қол қою кезінде азамат Дәулет Омаров төлейді.

  4. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

  5. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Дәулет Омаров төлейді.

  6. Осы келісімшарт 3 дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Болат Мақсатұлына, үшінші данасы азамат Дәулет Омаровқа берілді.

Тараптардың қолы сатушы.......... сатып алушы.........

2007 жылғы 29 мамырда осы келісімшартты мен, Әмірбек Айдана Болатқызы, Қостанай қаласындағы лицензия №55 «Әділ» нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. №337 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 1000 мың теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус .................. (қолы)

4-тапсырма. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.

1. Аталған пәтер............................. құқығы бойынша азамат Мақсат Сұлтановқа ...................... .2. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге................... жоқ, қарыз.............., .................алынған жоқ. 3. Тараптардың .......... ............ анықталды, ................. ..................... .............. тексерілді, пәтердің сатушыға ............ екендігі тексерілді. 4. Тариф бойынша 500 теңге ............... ................ ............... .5. Келісімшарт мәтіні ................ оқылды. 6. ТИБ-тің ................... бойынша пәтердің құны 2 000 теңге. 7. Келісімшартты ............... ................... азамат Нұрбол Болатов төлейді. 8. ....... ............. .......... № 9 бабының мазмұны ............................ Еңбек келісімі-тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.



5-тапсырма. Тақырыптық келісімшарт үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Пәтерді сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.

  2. Автокөлікті сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.

  3. Саяжайды сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.

  4. Еңбек келісімін жасаңыз.

  5. Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту туралы келісімшарт жасаңыз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Тірек сөздермен, сөз тіркестерімен таныстыру.

  2. Тақырып бойынша мәтіндермен танысу, аударма жұмысын жүргізу.


8-тақырып. Еңбек келісімі.

Сабақтың мақсаты: Құжаттың жазылуы ерекшелігіне, көрсетілетін

мәліметтерге назар аудару.


1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.



ЖЕКЕ ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

Жеке еңбек келісімі-қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік, немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттейді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:



  • тұрақты түрде жұмыс істейтіндер

  • уақытша жұмыс істейтіндер

  • негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер

  • қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер

Еңбек келісімі 2 дана болып жасалады. Оған жұмыс беруші мен қызметкердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылады.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Еңбек келісімі нені реттейді?

  2. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?

  3. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

  4. Келісім кімде сақталады?

  5. Тараптар бір-біріне қандай кепілдік береді?

3-тапсырма. Еңбек келісімінде қолданылатын сөз тіркестерді естеріңізде сақтаңыздар.

келісім нысаны, қоса атқарушылық, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), жұмыс беруші, тараптардың келісімімен, мерзімді ұзарту, келісім шарттарын өзгерту, кәсіби біліктілігін арттыру, шарттарды орындауды талап ету, адал атқару, ішкі еңбек тәртібі, мәліметтер құпиялығын сақтау, маман мүддесі, нұсқан келтірмеу, материалдық жауапкершілікке тарту, тәртіптікжауапкершілік, еңбекақы төлеу, дер кезінде хабарлау, мезгілінен бұрын тоқтату, өзара келісімі бойынша, міндеттерді орындамаған жағдайда, Тараптар арасында туындаған даулар, жазбаша енгізу, сот арқылы шешу, келісімнің ажырамас бөлігі, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды, КР-ның қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін.



4-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

  1. Осы шарт бойынша бұл жұмыс қызметкердің негізгі жұмыс орны болып табылады.

  2. Қызметкердің басқа қызметтерді қоса атқаруға құқығы бар және өзінің негізгі қызметінен босамай-ақ қосымша қызмет атқара алады.

  3. Қызметкер сынақ мерзімінде жүрген кезде ҚР еңбек туралы заң актілерінде және осы шартта белгіленген нормаларды пайдаланады.

  4. Қызметкер өзінің қызметін орындауға тікелей қажетті Жұмыс беруші берген мүліктердің дұрыс сақталуына толық материалдық жауапкершілікте болады.

  5. Қызметкер қызмет бабына байланысты өзіне ғана мәлім Жұмыс берушінің коммерциялық құпия мәліметтерін жарияламау жөнінде жазбаша түрде міндеттеме береді.

  6. Жұмыс беруші ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №493-1 Заңының 91 бабының 2-7 тармақтарында белгіленген жағдай-ларда қызметкерге келтірілген зардаптар үшін толық мөлшерде жауапты болады.

  7. ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №493-1 Заңының 8-бабының және ішкі қолданыс үшін шығарылған жарғылар мен актілердің талаптары шегінде Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері болады.

  8. Қызметкерге жыл сайын жалақысы сақталатын, ақылы, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі.

  9. Іссапарға байланысты кепілдіктер мен өтемақылар ҚР қолданылып жүрген заң актілеріне байланысты төленеді. Іссапарға ҚР Үкіметінің белгілеген нормасынан артық төленетін өтемақылар оны растайтын құжат болғанда төленеді.

  10. Жұмыс беруші қызметкерді ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіпте арнайы киіммен, құралдармен, көлікпен және басқа инвентарлармен, сонымен бірге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге міндетті.


Тірек сөздер мен сөз тіркестері.

Келісім нысаны, қоса атқарушылық, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), жұмыс беруші, тараптардың келісімімен, мерзімді ұзарту, келісім шарттарын өзгерту, кәсіби біліктілігін арттыру, шарттарды орындауды талап ету, адал атқару, ішкі еңбек тәртібі, мәліметтер құпиялығын сақтау, маман мүддесі, нұсқан келтірмеу,


материалдық жауапкершілікке тарту, тәртіптік жауапкершілік, еңбекақы төлеу, дер кезінде хабарлау, мезгілінен бұрын тоқтату, өзара келісімі бойынша, міндеттерді орындамаған жағдайда, тараптар арасында туындаған даулар, жазбаша енгізу, сот арқылы шешу, келісімнің ажырамас бөлігі, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды, ҚР-ның қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін.







Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Тірек сөздермен, сөз тіркестерімен таныстыру.

  2. Мәтінді берілген сөздіктің көмегімен аудару.

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.


9-тақырып. Қолхат.

Сабақтың мақсаты: Құжаттың жазылуы ерекшелігіне, көрсетілетін

мәліметтерге назар аудару. Қолхат үлгілерімен

таныстыру. Жаңа сөздерді меңгерту

1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжаттың құрылымымен танысыңыз.

ҚОЛХАТ

Қолхат – белгілі бір құңдылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат және кепілхат бір-біріне ұқсас.



Негізгі сөздік

кепілхат – гарантийное письмо

азамат – гражданин

берілген – выданный

куәландыру – удостоверяю

Тараптардың қолы – подписи Сторон

міндеттенемін - обязуюсь

процент төлеу – уплатить процент

3 дана етіп жасалған – составлено в 3 экземплярах

келісімшартқа сәйкес – в соответствии с договором

басқа талабым жоқ – других претензий не имею

несие – ссуда

қарыз – долг

жекеменшік – собственность

жеке басының куәлігі – удостоверение личности

қолхат беруші – подписывающий


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қолхат қандай құжат?

2. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

3. Қолхат кімде сақталады?


3-тапсыпма.Үлгілерімен танысыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

  1. Мен, Болатова Айдана, Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылы-мын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.

  2. Мен, Сұлтанғазина Амина, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 20 (жиырма) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Оқулықтарды 2006-2007 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.

Қазақстан Республикасының ІІМ 1999 жылғы 10 қазанда берген жеке куәлігімнің № 11526478

  1. Мен, азамат, Мақсат Болатұлы, мекен – жайым Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 15 – үй , 5 – пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 10 наурызда берген жеке куәлігімнің №13456781, Қостанай қаласы Таран көшесі, 14 – үй, 10- пәтерде тұратын азамат Абай Амановтан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 5 қазанда берген жеке куәлігімнің № 1789456, жетпіс мың (70 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 20 тамызда қайтаруға, қайтармағанжағдайда 20 % көлемінде айып төлеуге;

    • мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

    • Осы қолхат 3 дана етіп жасалған, бір данасы №1 нотариалдық кеңседе тіркел-ген, екінші данасы азамат Мақсат Болатұлында, үшінші данасы Абай Амановта сақталады.


4-тапсырма. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз.

  • Қарызға ақша алу

  • Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

Мекеме бухгалтериясынан несие алу Сенімхат-сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.
5-тапсырма.Тақырыптық қолхат үлгілерін құрастырыңыз.


  1. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден белгілі бір құнды зат алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  2. Кеден бөлімінен құнды заттар алғандығыңыз алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  3. Өзіңіздің досыңыз А.А.Асқардан бір айға 30000 (отыз мың) теңгені 10 пайыз өсіммен беруге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  4. «Арман» техника үйінен 40000 (қырық мың) теңге тұратын теледидарды жалға алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  5. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден 3 күнге «Пентиум-4» компьютерін алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Қолхат үлгілерімен таныстыру.

2. Жағдаяттар бойынша қолхат жазу.
10-тақырып. Сенімхат.

Сабақтың мақсаты: Құжат туралы мағлұмат бере отырып, студенттердің сөздік қорын байыту, тілін дамыту.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері.

пәтерімді сатуға, пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне, банкідегі есептерімді пайдалануына,

барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге, зейнетақыны алуға, барлық сот мекемелерінде менің өкілім болуға, мен үшін қол қоюға, менің атымнан өтініш жазуға, анықтамалар мен құжаттар алуға,





мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға, менің мұрагерлік құқығымды ресімдеуге, пәтерімді жекешелендіруге,

қажетті құжаттарды мемлекеттік органдарға тіркеуге, мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге,

менің атымнан мәміле жасауға,

мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге, өкілетті етемін.




1-тапсырма.мәтінмен танысып, құжаттың құрылымымен танысыңыз.

СЕНІМХАТ

Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.

Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.

Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:


  • ұйымның атауы;

  • ұйым туралы анықтамалық деректер;

  • құжат түрінің атауы;

  • құжаттың күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • құжаттың мәтіні;

  • лауазымды тұлғалардың қолы;

  • кәсіпорынның мөрі.

Сенімхаттың мәтінінде:

  • сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;

  • сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;

  • іс-әрекет түрі;

  • сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.

Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде ресімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.

Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға беріледі. Аталған сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді.

Мәтінге арналған сөздік

сенімхат – доверенность

сенімді тұлға – доверенное лицо

сеніп тапсырушы – доверитель

азамат – гражданин

құқық беруі туралы – о предоставлении права

үшінші тұлға – третьее лицо

алдында – перед

атынан – от имени

ресми сенімхат – официальная доверенность

жеке тұлға – физическое лицо

жеке сенімхат – личная доверенность

мәмілелер жасауға – на совершение сделок

материалдық-тауар құндылықтары – товарно-материальные ценности

кәсіпорынның өкілі – представитель предприятия

деректемелер – реквизиты

ұйымның атауы – наименование организации

анықтамалық деректер – справочные даные

құжат түрі – вид документа

құжаттың күні – дата документа

тіркеу нөмірі – регистрационный номер

лауазымды тұлға – должностное лицо

іс-әрекет түрі – вид действий

қолдану мерзімі – срок действия

жалақы алуға – на получение зарплаты

еңбек қатынастары – трудовые отнашения



2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз .

  1. Қандай құжат сенімхат деп аталады?

  2. Сенімхат кімнен кімге беріледі?

  3. Сенімхаттың қандай түрлері бар?

  4. Ресми сенімхат кімнің атынан кімге беріледі?

  5. Ресми сенімхаттың қандай деректемелері болады?

  6. Сенімхаттың мәтінінде нелер көрсетіледі?

  7. Сенімхатқа кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қандай жағдайда қол қояды?

  8. Көбіне сенімхаттардың қандай бланкілері пайдаланылады?

  9. Жеке сенімхаттар қандай мақсаттарда беріледі?

  10. Жеке сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет ете ме?


3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Личная доверенность должна иметь следющие реквизиты:



  • дату документа;

  • текст (с указанием доверителя, доверенного лица и вида действий по доверенности);

  • подпись и расшифровку подписи доверителя;

  • подпись должностного лица, заверившего доверенность;

  • печать организации, в которой доверитель работает, учится, или жилищно-эксплутационной организации по месту жительства.

Доверенность выдаются, как правило, на срок проведения действий, указанных в ней.

Если срок действия в доверенности не указан, она сохраняет силу в течение года со дня ее выдачи. Доверенность считается недействительной, если в ней отсутствует дата выдачи.

Доверенности хранятся 3 года.
4-тапсырма. Берілген үлгі бойынша сенімхат жазыңыз .

СЕНІМХАТ
00.00.00.

Мен, Керімбаев Жанат Асқарбекұлы, 2006 жылдың желтоқсан айындағы маған тиісті қырық мың теңге мөлшеріндегі еңбекақыны алуды Езмахунов Марс Юсупұлына сеніп тапсырамын.


Хатшы қолы Б.Ж. Жүнісов

Ж.А. Керімбаевтың қолын

куәландырамын

КБ-нің инспекторы қолы Т.Т. Сейсембай

М.О.
5-тапсырма. Сенімхат үлгісімен танысыңыз.Көп нүктенің орнын толтырыңыз.

Сенімхат


200....жылғы .....шілде, Қостанай қаласы

Мен, азамат ...... ....... . ......., мекен-жайым:....., Қазақстан Республикасының ІІМ 1999 жылғы 10 сәуірде берген жеке куәлігімнің №...................................,

Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 28-үй, 11-пәтерде тұратын азамат :...........,

Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 20 мамырда берген жеке куәлігінің №.............., Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 55 мекен-жайымдағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат......... ............ ........... менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 20.. жылдың ... тамызына дейін берілген.

20.... жылғы 00 ..... қолы.....................................

Осы сенімхатты 20.. жылғы ..... қаңтарда мен, Абаева Ардақ, ...........қаласындағы лицензия №..... «Әділ» нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат ............. қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №17 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы .

мөр орны
6-тапсырма. Оқыңыз, жазыңыз

1.Мен, Сұлтанов Тимур, азамат Болатов Мақсатты


    • маған келетін пошта хат-хабарларын алуға,

    • пәтерімді сатуға,

    • пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне,

    • банкідегі есептерімді пайдалануына,

    • барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге,

    • зейнетақыны алуға,

    • барлық сот мекемелерінде менің өкілім болуға,

    • мен үшін қол қоюға,

    • менің атымнан өтініш жазуға,

    • анықтамалар мен құжаттар алуға,

    • мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға,

    • менің мұрагерлік құқығымды ресімдеуге,

    • пәтерімді жекешелендіруге,

    • қажетті құжаттарды мемлекеттік органдарға тіркеуге,

    • мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге,

    • менің атымнан мәміле жасауға,

    • мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге,

- өкілетті етемін.

6-тапсырма. Тақырыптық сенімхат үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Топ басшыңыз Г.В.Сергееаға шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  2. Азамат Жомарт Есенгелдин, азаматша Ботагөз Серікбайқызы Қалиеваға еңбекақыңызды алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат беріңіз.

  3. Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ- мен мәміле жасауға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  4. Құралай Досановаға қала әкімшілігіне өз атыңыздан өтініш жазуына сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  5. Жандос Аяповқа өзіңіз тұратын үйді сатуға және сіз үшін барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  6. Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техпаспортын істеуге сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  7. Досыңыз А.Е.Болатовқа «Волга-3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат беріңіз.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет