Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Дата05.11.2016
өлшемі163,59 Kb.
#745

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

6М020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша


МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С. Торайғыров атындағы

ПМУ ректоры

____________ А. Өрсариев

«___» ___________20 __ж.



МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6М020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша

Бағдарлама 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080 ҚР ҮҚ-мен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі МЖМС және 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 ҚР ҮҚ-мен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелеріне оқуға қабылдаудың Типтік ережелері негізінде әзірленді.


Құрастырушы: ________________ Г.К.Шахажанова

Казақ филологиясы кафедрасы


Қазақ филологиясы кафедрасы отырысында ұсынылған,

«___» ____________ 2015 ж. № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Н.Қ.Жүсіпов «___» __________ 2015 ж.

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

«___» ____________ 2015 ж. № ___ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ С.К.Ксембаева «___» __________ 2015 ж.

КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы ___________ Ә.І.Бегімтаев «___» __________ 2015 ж.




МАҚҰЛДАНДЫ:

АҚБД директоры ___________ Р.Ж. Нургожин «___» __________ 2015 ж.


Университеттің ОӘК мақұлданды

«___» __________ 2015 ж. № ___ хаттама
6М020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханын өткізуге дайындық бойынша ұйымдастыру іс-шаралары
Жалпы жағдайлар

6М020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына магистратураға қабылдау емтиханы талапкерлердің қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеттану пәндерінен, тіл білімінен және лигвитикалық пәндерден теориялық және практикалық білім-біліктілігін, даярлығын тексеретін емтихан болып саналады. Сондықтан да кабылдау емтиханның бағдарламасында қазақ әдебиетінен өзге пәндерінен, тіл білімі салалары: тіл біліміне кіріспе, фонетика, морфология , синтаксис т.б. тілдік сипаттағы мағлқматтарды кеңінен қамтылуы шарт. Тест және жазбаша тапсырмалары төмендегідей пәндер бойынша құрастырылып, мынадай тақырыптарды қамтиды:


Тіл білімі бойынша қамтылатын тақырыптар
І. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
1. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.

  1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі: құрамы, емлесі.

  2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі: түрлері, жіктелуі.

  3. Қазақ тіліндегі буын үндестігі, түрлері, ерекшеліктері.

  4. Дыбыс үндестігі, түрлері, белгілері.

  5. Дыбыстардың өзгерістері: игерулі(комбинаторлық), шектік(позициялық), игерусіз(спонтанды).

  6. Графика және орфография.

  7. Қазіргі қазақ орфографиясының негізгі принциптері.

  8. Қазақ тілінің буын жүйесі: түрі, құрамы, жылысуы.

  9. Тасымал.


ІІ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы


  1. Семасиология. Сөз және мағына, түрлері

  2. Лекискалық антонимдер, олардың түрлері, пайда болу жолдары, стилистикалық мәні, зерттелу жайы

  3. Лексикалық табу мен эвфемизмдер, олардың пайда болу жолдары, өзіндік сипаты мен мәні

  4. Сөздің көп мағыналығы, олардың пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синекдоха.

  5. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері

  6. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері, зерттелуі

  7. Фразеология, тұрақты тіркестердің басты белгілері, түрлері.

  8. Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.

  9. Этимологияның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен принциптері


ІІІ. Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы


  1. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

  2. Сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына.

  3. Сөзжасамдық тәсілдің түрлілігіне қарай туынды сөздердің түрлері

  4. Сөзжасамдық ұя, құрамы

  5. Сөз таптарының сөзжасамы


ІV. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

  1. Грамматика және оның салалары

  2. Негізгі грамматикалық ұғымдар

  3. Сөз құрамы, морфема, оның түрлері.

  4. Грамматикалық мағына, оның түрлері және берілу жолдары.

  5. Сөз таптары және олардың мағыналық түрлері


V. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі


  1. Сөз тіркесі синтаксисі

  2. Жай сөйлем синтаксисі

  3. Құрмалас сөйлем синтаксисі

  4. Мәтін синтаксисі

  5. Күрделі синтаксистік тұтастық


VІІ . Жалпы тіл білімі


  1. Тілдің теориялық мәселелері

  2. Тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау, тіл және қоғам

  3. Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары

  4. Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері

  5. Тіл білімі тарихының негізгі кезеңдері

  6. Тілді зерттеу әдістері


VIII. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
1. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы

2. Ұлт тілінің қалыптасуы

3. Тарихи лексикология

4. Тарихи фонетика

5. Тарихи морфология

6. Тарихи синтаксис



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.

  2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

  4. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1965.

  5. Бейсенбаева Қ. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1973.

  6. Досмұхаметұлы Х. Аламан. Алматы, 1991.

  7. Дүйсебаева М. Қазақ әдеби тілі орфоәпиясының мәселелері. Алматы,1973.

  8. Аханов Қ. Тіл білімінің негіздері, Алматы, 1978.

  9. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.

  10. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997.

  11. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Казіргі қазақ тілі. Лексика. Алматы, 1962.

  12. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. Алматы: Санат,1994.

  1. Балақаев М.,Томанов М.,Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы: Мектеп, 1974.

  2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат,1997.

  3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразелогиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

  4. Кеңесбаев І.,Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. Алматы, Мектеп, 1975.

  5. Смағұлова Г. Мағыналыс фразеологизмдер сөздігі. Алматы:Сөздік-словарь, 2001.

  6. Жуков В.П. Русская фразеология. М., 1986.

  7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 2-басылуы.-Алматы, 1991.

  8. Аханов Қ. Грамматика теориясының негіздері.-Алматы, 1980.

  9. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, 1992.

  10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 1966.

  11. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология.-Алматы, 1967.

  12. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік.-Алматы, 1966.

  13. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.-Алматы,1971.

  14. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.-Алматы, 1998.

  15. Оралбаева Н.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.-Алматы, 2002.

  16. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект.-Алматы, Қазақ университеті, 1999.

  17. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, Рауан, 2000.

  18. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.-Алматы: Ғылым, 1989.

  19. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру.Алматы, Ғылым, 1985.

  20. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер.Алматы, Ғылым, 2001.

  21. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі.-Алматы, Ғылым, 1988.

  22. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.-Алматы, Рауан, 1998.

  23. Аманжолов С,Әбілқаев А,Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы. ІІ бөлім.Синтаксис, 1971.

  24. ӘміроваЖ. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

  25. Балақаев М.Б, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі, 1957.

  26. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер,1981.

  27. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. 1996.

  28. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1995.

  29. Қазақ грамматикасы. Алматы, 2002.

  30. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы, 1948.

  31. Досқараев Ж. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. ІІ бөлім. Лексика. Алматы, Ғылым, 1995.

  32. Сауранбаев Н.Т. Қазіргі қазақ тілінің диалектілері. Тіл білімі мәселелері, 1995.

  33. Қалиев Ғ,Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Оқулық. Алматы, 2002.

  34. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.

  35. Тасымов А. Туған тілдің бір бұтағы. Алматы, 1995.

  36. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, Ғылым, 1997.

  37. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. Алматы, Рауан, 1991.

  38. Томанов М. Тіл тарихы туралы зертттеулер.Алматы,Ғылым,1993.

  39. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы,Ғылым ,1993.

  40. Балақаев М, Сыздықова Р, Жанпейісова Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, Ғылым, 1973.

  41. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, Мектеп, 1989.

  42. Момынова Б. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.Алматы,1993.

  43. Сауранбаев Н.Т. Еңбектері. Алматы, 2000.


Әдебиеттану бойынша қамтылатын тақырыптар
І. Халық ауыз әдебиеті

  1. Қазақ халық ауыз әдебиетінің түрлері, жариялануы және зерттелуі

  2. Аңыздар ерекшелігі, зерттелуі, жіктелуі

  3. Ертегілердің ерекшеліктері, зерттелуі, жіктелуі

  4. Лиро-эпостық және эпостық жырлар

  5. Айтыс жанры, түрлері, зерттелуі: .

  6. Тұрмыс-салт жырлары: зерттелуі, іштей жіктелу ерекшеліктері


ІІ. Ежелгі дәуір және ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті


  1. М.Қашқари сөздігі

  2. Қорқыт ата кітабы

  3. Көне қазақ әдебиетінің даму сипаты: «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары

  4. Әбунәсір Әл-Фарабидің әдебиет тарихында алатын орны

  5. Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегі

  6. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» кітабының көркемдік ерекшеліктері

  7. Хандық дәуірдегі ақын-жыраулар, өмірі мен толғаулары


ІІІ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
1. Шоқан Уәлиханов-әдебиет зерттеушісі

2. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы

3. Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы

4. Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиеті дамуында алатын орны

5. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы

6. Абайдың лирикалық өлеңдері, дастандары мен қара сөздері

7. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасы

8. Шернияз Жарылғасұлы шығармашылығы



9. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы
ІV. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті


  1. Мұхаметжан Сералиннің өмірі мен шығармашылығы

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

  3. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы

  4. С. Торайғыровтың шығармашылығы

  5. М. Дулатов өмірі мен шығармашылығы

  6. С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы

  7. І.Жансүгіров өмірі мен шығармашлығы

  8. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы

  9. М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

  10. Б.Майлин шығармашылығы


V. Қазіргі қазақ әдебиеті

  1. М. Әуезов өмірі мен шығармашылығы

  2. М. Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасы

  3. С. Мұқановтың «Ботагөз» романы

  4. Ғ. Мүсіреповтің романдары мен әңгімелері

  5. Ғ. Орманов лирикасы

  6. Қ. Аманжоловтың лирикасы

  7. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны

  8. Қ. Мырзалиевтің лирикасы

  9. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанының көркемдік ерекшеліктері

  10. Ә. Тәжібаевтың «Толағай» поэмасын әдеби талдау.

  11. Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

  12. О.Бөкей шығармашылығы

  13. Қ.Мырзалиев лирикасы



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Абрамович Г.Введение в литературоведение. М., 1976.

  2. Ахметов З.А. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996.

  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  5. Введение в литературоведение. Хрестоматия /Под ред.П.Николаева. М., 1988.

  6. Введение в литературоведение /Под ред.Проф.Г.Н.Поспелова.М., 1976.

  7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1959.

  8. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.

  9. Литературный энциклопедический словарь /Под ред.В.М.Кожевникова и П.А.Николаева. М., 1987.

  10. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы.М.,

  11. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974.

  12. Атымов М. Идея және композиция. Алматы, 1970.

  13. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1986.

  14. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  15. Ғабдуллин Н,Ғ.Мүсірепов-драматург.Алматы, 1989.

  16. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы, 1982.

  17. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. Алматы, 1997.

  18. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1966.

  19. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

  20. Ысмаилов Е. Ақындар. Алматы, 1956.

  21. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994.

  22. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті (оқулық). Алматы, 1974.

  23. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті (хрестоматия). Алматы, 1990.

  24. Қазақ әдебиеттінің тарихы. 1-том, 1-кітап. Алматы, 1960.

  25. Қазақ әдебиеттінің тарихы. 1-том, 2-кітап. Алматы, 1964.

  26. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996.

  27. Дәдебаев Ж.,Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті:Ежелгі дәуір. Алматы, 2002.

  28. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.

  29. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Алматы, 2000.

  30. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1974.

  31. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І-кітап. Алматы, 2001.

  32. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы, 1998.

  33. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиеті. Алматы, 1996.

  34. Маргұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985.

  35. Сүйіншалиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

  36. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997.

  37. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы, 1991.

  38. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. Шығармалар.-Алматы, 1989.

  39. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті.-Алматы, 1966.

  40. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 1994.

  41. Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Алматы, 1940.

  42. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап.-Алматы, 1965.

  43. Кенжебаев Б. ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1983.

  44. Кенжебаев Б. Есназаров Ө. ХХ ғ.б.қазақ әдебиеті.-Алматы, 1966.

  45. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Қызыл Орда, 1932.

  46. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті.-Алматы, 1997.

  47. Әбдиманұлы О. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы, 2002.

  48. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы, 1989.

  49. Белинский В.Г. Собрание сочинений в трех томах. Алматы, 1997.

  50. Кәкішев Т. Сын сапары. Алматы, 1971.

  51. Кәкішев Т. Оңаша отау. Алматы, 1987.

  52. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2002.

  53. Қирабаев С. Кеңес дәуріндегі қазақ әдебиеті, Алматы, 1999.

  54. Серікқалиев З. Алтын жамбы. Алматы, 2001.

  55. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихи. Алматы, 1997.

  56. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы, 1993.

  57. ҚирабаевС. Кеңес дәуріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.-Алматы, Білім, 1993.

  58. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.Алматы,Қазақ университеті.2002.

  59. Әддезұлы Қ,ӘлімқұловТ. шығармаларындағы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы. Алматы, 2001.

  60. Кәкішев Т. Мағжан –Сәкен. Алматы, 1999.

  61. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2001.

  62. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, 2002.

  63. Нұрғали Р. Әуезов жән Алаш. Алматы, 1997.

  64. Сыздықов Қ. Мұхтартанудың беймәлім беттері. Алматы, 1997.

  65. Тұрысбек Р. Ж.Аймауытов. Алматы, 1999.

  66. Ысқақұлы Д. Сын сымбаты. Алматы, 2000.

  67. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. Алматы, 1997.



Магистратураға түсушілерге арналған емтихан тәртібі
Магистратураға өтініш қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:

- Ұйым басшысының атына өтініш

- Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариалды расталған көшірмесі;

- Шет тілінен белгілі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (егер бар болса);

- Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтынқұжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

- 3х4 мөлшеріндегі алты фотосурет;

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

- Жеке куәлігінің көшірмесі;

- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі (бар болса);

- Бауы бар папка, конверт.

Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Магистратураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, ал қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.


ЕМТИХАНДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
Қабылдау емтиханында әрбір талапкер қазақ әдебиеті мен қазақ тілі теориясы жайлы мағлұматтарды білуі тиіс. Аталған ғылым салаларының міндеттерін, ғылыми-зерттеу әдістерін терең де саналы меңгергендігін байқатуы керек. Бағдарламада қарастырылған әдебиеттің әр кезеңіндегі мәселелері қазақ әдебиетінен мамандар даярлау талабына сай алынды. Талапкерлер қазақ әдебиетінен әр кезеңдегі уақыттың сөз өнері әлемінде қандай мәселелер арқылы танылатындығын, ондағы негізгі әдебиетті жете зерттей отырып, әдебиеттің қалыптасу жолдарын тарихи-философиялық, психология-эстетикалық тұрғыда түсіндіре білуге тиіс. Әр ақын-жазушының шығармашылығының ерекшелігін тани отырып, олардың әдеби мұраларының көркемдік бейнелілігіне талдау жасай білуге, оны сын тұрғысынан да зерттей білу талап етіледі. Әр сұрақта қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері бойынша тест тапсырмалары беріледі және тіл білімінің жоғарыда аталған салаларынан тест сұрақтарына жауап беруі қажет етіледі.
Пререквизиттер:

- Әдебиеттанудың өзекті мәселелері

- Тіл білімінің және әдебиеттанудың өзекті мәселелері

- Шығыс әдебиетінің тарихы

-Түркі халықтары әдебиетінің тарихы

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6М020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына талапкердің білімі, қабілеті, дағдысы және біліктілігі мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған бақылау.

Магистратураға қабылдау емтиханы аралас түрде (тест және жазбаша) өтеді. Бірінші бөлімде талапкерлер мониторинг кабинеттерінде тапсырады. Тест тапсырмалары ҚР МЖББС сәйкес міндетті компоненттерде қамтылған тіл бойынша жүргізілетін пәндер негізінде құрастырылған. Тестің әр нұсқасында 50 сұрақ беріледі. Тест тапсырмасының әр сұрағына 1,5 минуттан бөлінеді. Тест тапсырмаларының жауабы компьютер бағдарламасы бойынша тексеріледі. Комиссия құрамына техникалық хатшы кіреді. Ол мемлекеттік емтиханның хаттамасын жүргізеді. Тестке енген 50 сұрақтың әрбіреуіне 1 балл есептеледі. Емтихан соңында әр студент өз жауаптарының нәтижесімен танысады.

Екінші бөлімде талапкерлер жазбаша тапсырады. Магистратураға қабылдау емтихандарының мазмұны екі пән бойынша даярланады. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша тақырыптық саулдар қамтылады. 30 билет әр билетте 2 cұрақтан беріледі. Бірінші сұрағы қазақ тілі пәні бойынша екінші сұрағы қазақ әдебиеті пәні бойынша жасалған.

Емтиханның екі бөлігі де бір күнде жүргізіледі, тестілеудің максималды балы 40 %, ал екінші бөлікте (жазбаша сұрау) 60 % алуға мүмкіндіктері бар.

Емтиханның қорытынды бағасы келесі шкалаға сәйкес қойылады:

0-49% балл - «2» (қанағаттанарлықсыз)

50-74% балл - «3» (қанағаттанарлық)

75-89% балл – «4» (жақсы)

90-100% балл – «5» (өте жақсы)

1. Емтиханды тапсырушы талапкерлердің жауаптары тест тапсырып болғаннан кейін, компютерде есеп түрінде көрсетіледі.



2. Талапкердің жазбаша жауаптары емтихан тапсырылып біткеннен кейін қарастырылады, соңында қорытынды бағалары қойылады.

2. Магистратураның барлық мамандықтары бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бір күнде өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет