Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 2018 жылдарға арналған



бет12/42
Дата01.06.2017
өлшемі6,92 Mb.
#17384
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

6-тарау. Тәуекелдерді басқару



 

Ықтимал тәуекелдің атауы

Тәуекелді басқару бойынша шаралар қолданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар

Тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

3

Сыртқы тәуекелдер

1. Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуі) және көші-қон жағдайлары

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуi

Білім беру ұйымдары жанынан отбасы жағдайында мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиелейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункттер желісін дамыту.

2. Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуі) және көші-қон жағдайлары. Білім беру объектілерінің пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты ғимараттардың тозуы

Оқушы орындарының тапшылығы мен үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюі.

Апатты жағдайдағы мектептер санының көбеюі.

1. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру.

2. Апатты жағдайдың алдындағы мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу.

3. Саладағы еңбекақы төлеу деңгейі мен елдегі орташа еңбекақы деңгейі арасындағы сәйкессіздікке байланысты техникалық және кәсіптік білім жүйесінен кадрлардың кетуі

Кәсіби мүмкіндіктердің күрт төмендеуі және білімнің «қауқарсыздық» қаупі

Еңбекақы деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу

4. Жоғары білімі бар мамандардың сұранысқа ие болмауы

Индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу.

Мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған мамандар санының артуы

Кадрларды даярлау сапасын арттыру:

жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік беру;

жұмыс берушінің талаптарына білім беру бағдарламалары мазмұнының сәйкестігі;

жоғары оқу орындарының оқу-зертханалық базасын күшейту.

5. Шетел азаматтарының Қазақстанға білім алуға келуіне құқықтық кедергілер

Индикаторлар көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

Білім беру қызметі экспортының азаюы

Оқу үшін Қазақстанға қабылдау және келу мәселелерін реттейтін ведомствоаралық келісімдерді жасау

6. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру көлемінің төмен болуы

Ғылым мен өндірістің алшақтауы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ғылымға енгізілуі

7. Ғалымдардың өз ғылыми әлеуетін іске асыруы аса қолайлы болғандықтан, басқа мемлекеттерге кетуі

Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын ғалымдар санының азаюы.

Ғылыми-техникалық базаны ынталандыру, жаңарту; ғылыми зерттеулерді өткізуді қамтамасыз етуге арналған шығыстарды көбейту; алынған нәтижелердің мониторингін жүзеге асыру; ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру

8. Электрондық оқу жүйесін пайдаланушылардың төмен уәждемелілігі

Жүйені қолдануда қызығушылықтың болмауы. Жаңалықтарды елемеушілік. Жүйені енгізу мерзімінің ұлғаюы

Мамандандырылған тренингтер мен оқыту семинарларын өткізу. Оқу процесіне АКТ-ны міндетті қолдану туралы нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту.

9. Қайталама жетімдік проблемасы

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің саны кемімейді

Жетім балалардың және тәуекел тобындағы балалардың проблемаларын шешудің оң тәжірибесін насихаттау, қолдау, дамыту, тарату. Акциялар, PR-науқандар өткізу арқылы қоғамда жетімдіктің проблемасына қатысты азаматтық ұстанымды күшейту

10. Жастардың әлеуетін қоғамды тұрақсыздандырудағы қозғаушы күш ретінде пайдалану

Әртүрлі қоғамға қарсы іс-шараларға қатысушы жастар санының ұлғаюы

Жастар арасындағы тиімді тәрбие жұмысы. Жастар үшін азаматтық көзқарасты белсендіру, азаматтық отансүйгіштікті қалыптастыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

Ішкі тәуекелдер

1. Білім сапасының нашарлауы

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатері

Білім беру жүйесін басқаруды, білім беру мазмұнын, кадрлар даярлауды жетілдіру.

Жұмыстың тиімділігін бағалау және білім берудің сапасын арттыру бөлігінде республикалық орталықтардың, біліктілікті арттыру институттарының қызметін талдау, оңтайландыру және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

2. 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты 2015 жылдан бастап оқушылар контингентінің өсуі байқалуда. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылады.

Оқытудың жас ерекшелік жағдайын қамтамасыз ету қажет (ойын бөлмелері, сыныптарды топтарға бөлу және т.б.)

6 жасар балаларға жағдай жасау. Қосымша ойын бөлмелерін ашу.

3. TIMSS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулерді жүргізуге ықпал ететін техникалық (бағдарламаның қателіктер беруі) және ауа-райының климаттық жағымсыз жағдайлары

Қосымша күш-жігерді қажет етеді және зерттеулердің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін.

Аталған тәуекелді азайту үшін зерттеулерді өткізетін жерлерде лауазымды тұлғалардың жоғары жауапкершілігі қажет.

4. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесінде алынатын мониторинг сапасының төмендеуі

Инновациялық қызметте жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмеуі

Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың өлшемдерін, мақсаттары мен міндеттерін жетілдіру

5. Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасының ескіруі

ҒЗТКЖ сапасының төмендеуі, тұтынушылар тарапынан ҒЗТКЖ-ға сұраныстың жоқтығы

Ғылыми ұйымдарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру, оның ішінде жеке инвестициялар тарту арқылы

6. ҒЗТКЖ нәтижелерінің төмендігі

Ғылыми әзірлемелердің, жаңа технологиялардың жоқтығы, инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару тетігін жетілдіру арқылы ҒЗТКЖ нәтижелілігін арттыру

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет