Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет1/20
Дата16.07.2020
өлшемі428 Kb.
#75289
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

6


1
1.1
1.2

1.3.


2
2.1

2.2
2.3.



ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың технологиялары

Қашықтықтан оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшілігі

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және оны жүргізуде тиімді құралды таңдау


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


8

8


10

19


25

25
28


35
52
54































































































КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дүние жүзі бойынша қашықтықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.

ҚР «Білім туралы» заңына сәйкесті қашықтықтан оқыту сырттай, күндізгі, кешкі және экстернат оқыту формаларының бірі ретінде қарастырылады. Қашықтықтан оқытудың өзінің ерекше белгілері бар, бұл белгілерді ұғыну мұғалімдер мен қатар білім алушылар үшін белгілі психологиялық тосқауылды туындатады. Қашықтықтан оқытудың маңызды түсініктерін қарастырайық.

Қашықтықтан оқыту табысты жұмыс істеуі үшін ең алдымен ақпараттандырылған қоғамның белгілі деңгейі қажет.

Қашықтықтан оқыту бойынша келесі білім қызметтері ұйымдастырылған болуы керек:


  • Дайындық курстары;

  • Білімді алу;

  • Кәсіби білімді жоғарылату және жалғастыру;

  • Сертификацияланған бағдарламалар;

  • Тарсырыс бойынша жасалған шарттық бағдарламалар.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің потенциалды тұтынушылары келесілер болып табылады:

  • жоғары оқу орны орталықтары райондарынан қашықтықта орналасқан, адамдар;

  • екінші жоғары білім алғысы келген немесе жаңа білімді игергісі келген және өз квалификациясын жоғарылатқысы келген тұлғалар;

  • абитуриенттер;

  • физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар;

  • шетелдік оқу орындарында білім алғысы келетін адамдар;

  • қысқа уақыт ішінде білім бағдарламаларын игеруге ұмтылыс жасайтын адамдар.

Тұтынушылар, яғни тыңдаушылар(қосымша білім алу) мен білім алушылар(мамандықтарды дайындау бағдарламасы бойынша білім алу) ролін атқарады. Тұтынушылар компьютермен және Интернет желісінде жұмыс жасай білуі қажет.

Қашықтықтан оқыту формасында білім процесін ұйымдастыру үшін келесі мамандар болуы қажет:



  • курсты өңдеуші-мұғалімдер және мұғалім-кеңесшілер(тьюторлар);

  • ақпараттық ресурстың жүйелік администраторлары мен құрылымдық бөлімнің администратор-басшылары;

  • дизайнерлер, бағдарламашылар;

  • ұжымның техникамен қамтамасыз етілуі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қашықтықтан оқыту (ҚО) – оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен білім алушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.

Дипломдық жұмыстың объектісі және пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісін қашықтықтан оқыту технологиясының теориялық және дидактикалық негіздері құрайды. Дипломдық жұмыстың нақты зерттеу пәнін қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері сипаттамасы айқындайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру. Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:


  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс каналдары қашықтықтан оқыту формасының материалдық негізі болып табылады. Қашықтықтан оқыту формасының бағдарламалық жабдықтамасы глобальды желі серверлерінде орнатылады. Бағдарламалық-ақпараттық жинақты басқаша – қашықтықтан оқыту қабықшасы деп атайды. Қабықшаның желілік адресі портал деп аталады. Бұл атау веб-жүйелерді қолданушылар негізінде желіде қалыптастырылды. Білім порталы бос қатысуды емес, күнделікті жұмыс пен авторизацияны талап етеді: форум немесе чатта электронды семинарларға қатысу, электронды пошта бойынша тьютор кеңестерін және тапсырмаларын алу, тест тапсыру.

Қашықтықтан оқытудың білім ресурстары әртүрлі формат пен өз міндеті бар құжат негізінде ұсынылады. Оқу құралдары, электрондық кітапхана, тесттер, өз бетінше курсты игеруге ұсыныстар қашықтықтан оқыту формасының типтік құжаттар негізін құрайды. Барлық құжаттар жинағы мен оларды өңдеу құралдарын желілік оқу-әдістемелік және ақпараттық жинақ деп те атауға болады.

Бағдарламалық, коммуникациялық, ақпараттық, административтік және педагогикалық құралдардан құралған барлық жинақ - ақпараттық-білім ортасы деп аталады. Және де осы орта виртуальды оқу орны болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1   Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері
 Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуальды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі [1].

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:


  • Дидактикалық жүйе;

  • Технологиялық жүйе;

  • Қамтамасыз ету жүйелері.  

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Эвристикалық;

5. Зерттеу;

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:


  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт [2].

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:



  • Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

1.2   Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

 Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.


1-кесте. Қашықтықтан оқытудағы ақпарттық технологиялар жинағы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет