Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі3,6 Mb.
#7782
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы



М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



Құрастырып, алғысөз мен түсініктерін жазған: Балтабай Адамбаев

Алматы «Отау» 1992



Құрастырушыдан

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнер. Шешендік өнер– ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекщелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.

Әдетте, шешендік өнер айтыс —дауларда туып дамиды.Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін ,соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары,парламент сарайлары,сондай-ақ халық көп жиналатын астар мен тойлар,міне сондай сарамжал щещендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін ,сыннан өтетін және щынығып щындалатын орындар—форумдар болған.Есімдері әйгілі тілмар щещендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен,парламент мүщелерінен щығатыны кездейсоқ емес.Мәселен,ежелгі Афин щещені Демосфен,Рим щещені Цицерон әуелі адвокат ,кейін парламент басщылары болған.Ал ХІХ–ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П.А.Александров,Ф.Н.Плевако,А.Ф.Кониадвокаттар еді.Сол сияқты белгілі қазақ щещендері Төле Әлібекұлы(1663–1756),Қазыбек Келдібекұлы(1667–1763) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682–1766) дау-жанжалды щешетін билер болған.

Қазақ щещендігінің жалпы щещендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.Ең алдымен қазақ щещендерінің сөздері ауызекі айтылып,ауызща таралған, қағазда емес,халық жадында сақталған.Сондықтан олар бастапқы қалпында емес,бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ырғасы,үзік-жұрнағы ғана жеткен,олардың өзі де ауыздан ауызға ауыса жүріп,өңдеу-жөндеуге көп ұщыраған,әлденеще ұрпақтың ,талай таптың санасынан,сарабынан өткен,сөйтіп қысқарып,ұстарып,жалпы халық щығармасына айналған...

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып,ауызша таралған.Қонақта ,немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған,кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы,жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар,өнер қуған қыз-бозбала жаттап алып,жүрген-тұрған жерлерінде,ойын-жиындарда айта жүрген.Өзінің қажетіне,өмірдің тілегіне қарай жаңартып-жаңғыртып отырған.Қажетсіз қабыршағынан арылып,селкеу арқауы ширап,көптің көкейіне қонақтаған үлгілі сөз ғана сақталып,өмір сүрген.Заман тілегіне,халық мүддесіне жауап беретін баталы сөз,ақылды ойлар ғана халықпен бірге жасап,ұдайы жаңғырып,жасарып отырған.

Шешендік сөздер ертегі- аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп,сұрыпталып,бөліне отырып,халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған. Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы,мазмұны,тұлғасы да қазіргі әдеби аса алшақ емес.Тек шешендік сөздердің сөздік қоры қазіргі әдеби тіліміздің сөздік қорынан әлдеқайда кем де кедей.Оның есесіне шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен қосылып,қазіргі қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры,ұйытқысы есепті.Демек, шешендік сөздерді зерттеп-талдау,оқып-үйрену ана тіліміздің байлығын,сөйлем құрылысын,дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге,сайып келгенде , әдеби тілімізді дамытып,ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болмақ.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай,шешендік арнау , шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік арнау адам арасындағы қарым –қатынасты, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.

Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы,жесір дауы ,құн дауы,мал дауы және ар(намыс) дауы деп беске бөлеміз.

Қалыптасқан мемлекеттігі ,қабылданған заңы жоқ феодалдық елде барлық дау-талап мәселесі калыс ағайынның қазылығымен,жол-жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген.Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен қазылық институт,билік-төрелік айту дәстүрі,әдет заңы қалыптасқан.

Ар дауы адамдар арасындағы намысты жыртумен шектелмейді.Жер,жесір,құн,барымта дауларының бәрінде де бір жағынан дүние-мүлік таласы болса,екінші жағынан атақ- абырой үшін тартыс жатады.Әсіресе,ел-елдің арасында жүргізілетін елшілік —келісім сөздерде елші ең алдымен елінің намысын қорғайды.Өйткені жердің бүтіндігі,елдің дербестігі,әр халықтың өзін -өзі билеу құқы және табан ақы,маңдай терімен тапқанына өз иелігі,т.б.сайып келгенде,әр халықтың ары мен намысы болып табылады.

Қорытып айтқанда,шешендік сөздер,негізінде,халық даналығынан туған мұра,халықтың асыл қазынасы.Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін,арманы мен қиялын көрсетеді.Өмірге,дүниеге көзқарасын,ой-өрісін бейнелейді.Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған.Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп,салыстырып,болашағын болжап,қиялдап сөйлеген сөздер табысқа,жеңіске жетуге құлшындырып,рухтандырып отырған,қуаныш үстінде дем берущілік,реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған.

Шешендік сөздердің шеберлігі ,құндылығы сөз сайысында ,алқа топтың алдында бағаланған.Тарихи,қоғамдық жағдай өзгерсе,таптық жік ажырай келе,үстем тап өкілдері халық жасаған байлықты иемденіп қана қоймай,оның ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасын да өзінің таптық мүддесі үщін пайдалануға тырысқан.Халықтың тапқырлық,шешендік сөздерін,әсіресе патриархалдық дәуірдің ру басы билері үйреніп,өз табының үстемдігін нығайтуға құрал ретінде қолданған.

Сонымен бірге шешендік сөздер қазақтың cан ғасырлық өмірінің,бақытты болашақ үшін еңбекші бұқараның қанаушы тапқа қарсы жүргізген күресінің

Жалпы қауым,кейде жеке адамдар атынан айтылатын ақылды,аталы сөздердің мол тараулары —шешендік арнау , шешендік толғау түрінде болса,екінші бір күрделі саласы шешендік даулар болып келеді.

Мұндай дау тартысқа түсушілер сөзуар даугерлер мен оған қарсы тұрушы халық шешендері болған.Бізге жеткен шешендік сөздерден Майқы би,Аяз би,Жиренше шешен,Сырым батыр сияқты халық даналығын бойларына сіңірген,сөз өнерін еркін меңгерген оңдаған халық шешендерінің аты мәлім.Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт,шешен әйел,тапқыр бала,жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет—шешендік,тапқырлығымен қатар,әділдігі,ойының айқындығы және халықтық сипаты.

* * *

Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады.Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты,қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады.Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес,тек ықшам ,әрі түсінікті болуы шарт.Сондықтан да шешендік сөз құрамының бұл бөлімін айтушы ықтиярынша өзінің мүддесі мен мақсатына қарай өзгертіп,оқиғасын алмастырып,айтушысын ауыстырып жіберуге мүмкіндігі бар.Бір текстің бірнеше «авторы» болуының бір себебі осыдан.Түсінік сөздің өзі көркем болмағанымен,шешендік сөздің мағынасы мен көркемдік маңызын ұғыну үшін мәні зор.



Әдетте шешендік сөз түсінініктен кейін немесе онымен аралас айтылады.Шешендік сөздің тілі көркем,мағынасы терең болумен бірге сөздері сұрыпталған,сөйлемдері қалыптасқан болып келеді,бірен- саран өзгерістер енгізу болмаса,түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын,шешен адамдар болмаса,кез келген кісінің қолынан келе бермейді.Сондықтан түсінік сөздей емес,шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді.

Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз,пернелі сөз деп екіге бөлуге болады.Құрылысы өлең-жырға ұқсас шешендік cөздерді термелі сөз дейміз.Шешендік термелі сөздің өлең-жырдан негізгі айырмасы –шешендік терме үшін буын-бунақ саны біркелкі болып келуі шарт емес.Оның үстіне шешендік термеде сөйлемнің ұйқасынан гөрі ырғағына,ішкі мағыналық байланысына назар салынады.Сондықтан да өлең-жырда буын толтыру,жол ұйқастыру үшін алынатын артық сөздер шешендік термеде болмайды,тек ең қажетті сөздер таңдап-талғап алынады.

Шешендік терме түр жағынан ақ өлеңді еске түсіреді.

Негізінде өлең-әнмен,жыр-әуенмен айтуға арналған.Ал шешендік терме әнге салып,әуенге қосуға келмейді.Оның есесіне шабытпен шапшаң жауаптасуға,ауызекі сөйлесуге ептейлі.Бірақ бұдан шешендік терме біркелкі буын,бірыңғай ұйқастан кащады деген ұғым тумасқа керек.Қайта шешендер сөздің мәнділігіне,дәлдігіне қарай іріктеп,сұрыптап алумен бірге олардың өзара ұйқасып,үндесіп келуіне үлкен мән берген.

Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздерді пернелі сөз дейміз. Шешендік пернелі сөздің ерекшелігі сөздері сұрыпталған,сөйлемдері іріктелген,бірі мен бірі көлемі жағынан қарайлас ықшам келеді.

Шешен кісі желдірте,екпіндеп сөйлеп отырғанда пернелі сөз бірде ұйқасып,бірде үндесіп,өлең сияқты естіледі.

Термелі сөзге де,пернелі сөзге де ортақ,жалпы шешендік сөздерге тән бірнеше көркемдік ерекшеліктер бар.Ең алдымен шешендік сөздердің көлемі шағын,сөйлемі ықшам келеді дедік.Оның өзі сөзді қалыпқа құйғандай іріктеп алып,жаттап,жадында сақтауға да,керек кезінде жаңғыртуға да қолайлы ,тыңдаушысын жалықтырмай,зеріктірмей ұйытып,үйіріп әкетуге ыңғайлы. Өйткені «Көп сөз қола,аз сөз алтын» деп халық көп сөзді,бос сөзді жақтырмайды,одан гөрі тауып айтылған бір ауыз татымды сөзді артық санайды,жадында сақтап қалады.

Бірақ,шешендік сөз-қысқа болғанымен мақал-мәтел емес,бір оқиғамен байланысты туған,белгілі адамдардың атынан айтылатын сөздер.

Бұл қасиет шешендік сөзге сенім туғызады.Өмірге үйлес келу,тыңдаушыны иландыра білу-ауыз әдебиеті үшін де,жазба әдебиет үшін де қажетті қасиет.

Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес,ойының тапқырлығында.Қиядан жол,қиыннан сөз табу-шешеннің бағалы қасиеті.

«Көщерімді жел біледі,қонарымды сай біледі,соны сұрата жіберген хан ақымақ па,сұрай келген сен ақымақ па?»-деп Қаңбақ атынан ханға айтатын Жиреншенің сөзі-тапқырлық сөздің тамаша үлгісі.Шешендік сөздердің тартымдылығы тапқырлығымен бірге,дәлелдігіне,сөздерінің қисындылығына байланысты.

Шешендік сөздердің тағы бір ерекшелігі-сөздері үйлес дыбыстары үндес келеді.

Шешендік сөздердің сырын ашып,сынын келтіретін көркемдеу әдістерінің бірі-салыстыру,шендестіру тәсілі. «Бір оқты құлан көтереді,екі оқты бұлан көтереді» деп қазалы-қаралы жанды жаралы жануарға теңей жебеп-демеп сөйлеу шешендік сұлу сипат,сүйкімді мазмұн береді.

Жақтағанын өсіре,даттағанын өшіре бейнелеу де щещендік сөздерді өткірлей,ұштай түсудің бір тәсілі.

Шабытты шешен,шалымды жүйрік алқалаған топты аузына қаратып,қарсы жақты бастырмалатып пысын қашыру үшін белгілі мақал мәтелдерді жиі пайдаланады.

Сонымен қазақ шешендік сөздері қиыннан қнысқан,өзіндік орны,көркемдік ерекшелігі бар халық ауыз әдебиетінің дербес,әрі бағалы жанры болып табылады.Шешендік өнер көрген-білгенді көкейге тоқып,көп үйренуді тілейтін,талай тартысқа түсіп,жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз.Табанда тауып сөйлейтін тапқыр,топқа тайсалмай сөз бастайтын батыл,сөз сайысында саспайтын сабырлы болу қажет.Шешендік өнердің қиындығы туралы айтылған:

Көш бастау қиын емес—

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес—

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын,

Шещуін адам таппас дау бар,—

дейтін сөз соңы аңғартады.

Асылы шешен кісі өз заманының озат ойшылы,оқыған,оқымаса да көкейге тоқыған,саналы,білімді,мәдениетті азамат болуға тиіс.

Бізге есімдері аңыз,әңгімелерден мәлім Аяз би мен Жиренше шешендер,Сырым мен Исатай батырлар сондай от ауызды,орақ тілді адамдар болған.

Демек,шешендік сөздерді озат ойшылдар мен тілмар шешендер жасап,халық сынынан,ғасыр шындауынан өткізген,сөз өнерімен соғылған әдеби мұра,асыл қазына деуге болады.

***

Қазақ шешендік сөздерін: шешендік арнау, шешендік толғау,



шешендік дау деп мазмұнына қарай үшке бөлдік.Осыған орай жинаққа

енген сөз нұсқалары үш салаға бөлініп берілді. Шешендік арнау деген



бөлімге біреу арнай айтқат әңгіме,сын,әзіл сөздері; шешендік толғауға' тақ-

пақ термемен айтылған тілек, өсиет, нақыл, толғау, тоқтау (естірту, көңіл айту) сөздер; ал шешендік дауға жер, жесір, құн, мал және ар-намыс дауларымен байланысты туған сөздер енді.
Шешендік арнау сөздер мазмұны мен түрі жағынан алғанда аңыз әңгімелерге жақын. Бірақ әңгімеге қарағанда шешеддік сөздің көлемі шағын келеді, мазмұны өсиет-насихатқа құрылады, баяндаудан гөрі мақал-нақыл сөздерге бейім болады. Құрамында қарасөз бен елең сөз араласып, алмасып отырады. Шешендік толғау сөздер тұрмыс-салт жырларына, ақындық толғау-термеге ұқсайды. Бірақ бұл үдсастық форма жағынан ғана, ал мазмұнына көз салсақ, шешендік толғауларда бастан-аяқ өсиет, ақыл айтылады, сөйлемдері тапқырлық ойға құрылады. Шешендік даулар көлемі шағын, оқиғалы әңгіме (новелла) сияқты. Бірақ мұнда оқиға мен кейіпкер сипатталмайды, сол оқиға тұсында туған «бір ауыз» тапқырлық ой, шешендік сөз айтылады. Зады, шешендік сөздер оқиғасы мен кейіп-керлерінің реалистігіне, сөйлем құрылысының шеберлігі мен тілінің көркемдігіне қарағанда ауыз әдебиетінің жазба әдебиетке ең жақын тұрған жанры деуге болады.

Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сездер ғана шешендік сөз бола алады.

Әрине, белгілі бір шешеннің сөзінен халық шешендігінің айырмасы үлкен. Ең алдымен халық шешендігі түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні. Оның үстіне ондаған, жүздеген адамның өңдеуінен өтіп, халық арасына кең таралып, нақылға, тақпаққа айналып кеткен сөздер.

Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп, халық қабылдаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның

үстіне әр дәуірдің, әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан1 өтіп, шешендік сөз «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, сезімге әсерлі сөз ғана шешендік сөз немесе аталы сөз деп аталады.

Қазақ тарихында батыр-билердің, ақын-жазушылардың аталы, ұлгілі сөздерден үйренбегені, үлгі алмағаны жоқ. Махамбет пен Бұхар жыраудың толғаулары, өлең-жырлары, шешендік сөзге, тапқырлық ойға толы. Белгілі ағартушыларымыз Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың еңбек-теріңен, әсіресе хаттарынан қазақтың дәстүрлі шешендік өнерінің әсері «мен мұндалап» турады. Әсіресе қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына ежелгі шешендік өнердің ықпалы айқын сезіледі. Өлең, дастандарын айтпағанда, Абайдың мақалмәтелдерге, нақыл-насихатқа бай қарасөздерінде халық шешендерінің үлгі-нұсқасы мол.

Дәстүрлі шешендік өнердің белгілі қазақ совет жазушыларына тигізген
әсері де аз емес, Ондай әсерлерді біз ең алдымен Мұхтар Әуезовтын,
Ғабит Мусіреповтың алғашқы әңгімелері мен пьесаларынан көреміз.
М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасынан, Ғ. Мүсіреповтың» Ана туралы
аңыздарынан» шешендік сөздердің небір тамаша үлгілерін кездестіруге
болады. Халық шешендік өнерінің осындай игі ықпалы Жамбыл Жабаев-
тың, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің,
Сәбит Мұқановтың, Ғабиден Мұстафиннің, Әбілда Тәжібаевтың, Иса
Байзақовтың, Асқар Тоқмағанбетовтың, Қасым Аманжоловтың, т. б. талантты ақын-жазушылардың шығармаларынан
да табылады. Әлбетте, халық әдебиеті, соның, ішінде дәстүрлі шешендік өнер орнымен, творчество-
лықпен қолдана білген жағдайда ғана пайдалы
бола алады. Дәлірек
айтқанда, шешендік сөздерден жүйелі ойлау, ойды ұстарту, дәлелді сөй-
леу, сөзді қалай көркемдеу тәсілдерін үйренуге, ойынды кеңейтіп, ті-
лінді байытуға
болады. Ал шешендікке сырттай еліктеу немесе сөз арасында
дайын үлгілерді орынды-орынсыз қыстырмалай
беру оқушыға кері эсер
етеді.

Ауыз әдебиеті жазба әдебиетімізге, немесе керісінше қалай әсер етті,
халық мұрасынан қай жазушы қалай, қаншалықты үлгі алды деген мә-
селе
арнайы зерттеуді керек ететін, әдебиет зерттеушілерінің алдында
тұрған проблемалык, мәселе. Біздің мақсатымыз реті келгенде дәстүрлі
шешендік сөздердің қазақ көркем әдебиетінің қалыптасып дамуына,
тез
жетілуіне белгілі дәрежеде әсері, ықпалы болғандықтан тек атап қана
өту.


Қазақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде дәстүрлі шешендік сөздері, міне соңдай халық сақтаған, халық өңдеуінен өткен құнды мұралардың, асыл қазыналардың бірі болып табылады.

* * *

Жинақ дәстүрлік шешендік сөздердің оарлығын қамтымайды, құрас-тырушының «қазақтың дәстүрлі шешендік өнері және Сырым атымен байланысты сөздер» дейтің зерттеу жұмысын жазу үстінде жиған, аңықтаған нұсқалардың бір тобы. Бұл жинаққа Сырым батырдың атымен байланысты шешендік сөздер мен аңыз әңгімелердің бірсыпырасы кірді. Әлі анықтай түсуді керек ететін материалдарды былай қойғанда, осында енген сөздердің әр түрлі нұсқалары да бұл томнан алып қалынды.

Жинақ негізінде, Қазақ ССР Ғылым Академиясының орталық ғылыми кітапханасындағы қолжазбалардан, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорынан және құрастырушының әр түрлі облыстарға (Орал, Гурьев, Семей, Қарағанды, т. б.) ғылыми экспедицияларға шығып, ел аузынан жинаған нұсқалардан құралды. Сонымен қатар жинаққа мынадай еңбектерде кездесқен нұсқалар да енді:

B. Р а д л о в. «Образцы народной литературы тюркских племен...»,
III часть, Киргизское наречие, СПБ, 1870.


Ы. А л т ы н с а р и н. «Киргизская хрестоматия», Оренбург, 1879. . А. Васильев. «Образцы киргизской народной словесности...»

М. Әуезов. Әдебиет тарихы, Қызылорда — Оренбург, 1898, Таш­кент. 1927.

C. Сейфуллин. Қазақ әдебиеті, І-кітап, Алматы, 1932, т. б.

* * *

Көбінесе шешендік сөздерде ат болмайды, пәленнің «сөзі», пәлен «былай деген екен» деп келеді. Сондықтан сөздерді бір-бірінен ажырату және есте сақтауды жеңілдету үшін ондай сөздерге мазмұнына лайық ат қойылды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты шешендік сөздер де көп нұсқалы болады. Жинаққа сол қолда бар нұсқалардың ең толық, көркем дегендері алынды.

Кейбір сездердегі шұбалаңқы баяндауларды қысқарту, басқа нұсқалармен салыстыра отырып, бірен-саран қалып кеткен сөздер мен сөйлемдерді толықтыру болмаса, алынған сөздің мазмұнына, құрылысына, тіліне елеулі өзгеріс жасалған жоқ. Жинақ негізінде бұрын-соңды басылмаған қолжазбадан құралды, мүмкіндігінше түп нұсқаның жазуға түскен бастапқы қалпын сақтауға тырыстық. Қазір колданудан шығып қалған көне сөздерге түсінік берілді. Жинаққа кірген сөздер «авторына», уақытына қарай емес, тақырыптық принциппен топталды. Тек кейбір тарихи адамдардың (Жиренше, Асан қайғы,Сырым, Досбол, Қазбек т. б.) атымен байланысты сөздер ғана мүмкіндігінше бөлінбей түзілді.

Дәстүрлі шешендік сөздер фольклордың басқа түрлері сияқты көне мұра. Әр сөз өзі жасалған, таралған дәуірдін, қауымның дүниеге көзқарасын, ұғымын бейнелейді. Сондықтан кейбір сөзде құдайға, аруаққа сыйыну, әркімнің пірі, қыдыры болады деп сену секілді ұғымдар ұшырайды,хандар мен байлардың, әсіресе билер мен батырлардың есімдері жиі аталады. Жинақта түпнұсқаға қиянат жасамау үшін тексте кездесетін ондай ескілі-жаңалы ұғымдар, сол сияқты жер, су, ру, кісі аттары өзгеріссіз сол қалпында алынды. Тек қана бір нұсқаның ішінде жиі қайталанатын әдеби кейіпкер ретінде алынған адамдардык лауазымын көрсететін сөздерді («Хан», «сұлтан», «батыр», «би» т. б.) қайталаудан қашып, бір-екі жерде ғана атап, ықшамдап бердік. Шығыс дәстүрінде тарихи адамдардың аттарына туған жері (қаласы) қоса айтылатыны мәлім. Оның орнына көшпелі елдерде, соның бірі қазақта кісінің есіміне руын қоса (Үйсін Төле би, Адай Атақозы т. с. с.) айтылатын болған. Дәлірек айтқанда революцияға дейін қазақта ру аты фамилия орнына жүрген. Сондықтан кісі аттарымен бірге аталатын ру аты да сол қалпында берілді.

Кейбір нұсқаларда біздің замандастарымызға лайық жаңа сөздер,жаңаша ұғымдар ұшырасады.Ол түсінікті де.Өйткені қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты шешендік-тапқырлық сөздер де, негізінде Октябрь революциясынан кейін жиналған;оны совет адамдары: ғалымдар,жазушылар, мұғалімдер,оқушылар,әр түрлі мамандықтағы қызметкерлер жазып алған.

Сондықтан материалға жинаушының ойлау,сөйлеу (жазу) мәнері әсер етпеуі мүмкін емес.Мұндай жағдайда да құрастырушы ескі сөздерді «жаңартудан» саналы түрде бас тартқаны сияқты,кейбір стилистикалық,грамматикалық түзетулер жасалғаны болмаса,жаңа сөздерді де «ескіртуді» қажет деп таппады.

Сөйтіп, «Шешендік сөздер» деген атпен оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл жинақ бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді,сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды,өсиет- насихат сөздерді,өткір мысқыл,әзіл, тапқырлық сындарды т.б.қамтиды. Мұнда шешендік нақыл,тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме,толғауларда аз емес.Құнттап қараған байыпты оқырман жинақтан тілі көркем,ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алмады.

Балтабай Адамбаев.

ШЕШЕНДІК АРНАУ СӨЗДЕР

Асанқайғы мен Әз Жәнібек

Асанқайғы қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Сол ауып бара жатқан бетінде ноғайылының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш тойына шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:



  • Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кеей үй қонысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні ел тауға қонар мезгілде, қараша: «Ханымды шақрып, осы құрт пен майдың алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғымды болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас» -дейді.

Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, «әне барамын», «міне барамын» деп, ақыры бармапты. «Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз» деп, әлгі байғұстар ханымды сарғайы күтіп көп уақыт көшпей отырып қалыпты. Күдердің күнінде ханым шығып, қазыханаға барып қайтып келе жатса, ханның кісі алтын бурасы қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айтқан екен:

  • Шақырса келмес ханымды

Бура қуып келтірді.

Қалжы-бұлжы дегізбей

Тура қуып кетірді.

Бастай көр қатын құртыңды,

Сала көр қатын майыңды,  депті.

Сол айтқандай, үш тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!



  • Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, дейді Асанқайғы.  Өз бойындағы ақыл, ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондығыңан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпетін үй салдырдым деп. Үшінші той қылдың, Құландыға қу ілдірдім деп. Оған несіне келейін деп Асан жырлап кетіпті:

  • Ай, Жәнібек хан!

Айтасам білмейсің,

Жайылып жатқан халың бар,

Аймағын көздеп көрейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Өзеуреп неге сөйлейсің?

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің атыр ішіп-жеп.

Он сан ноғай бүлінді,

Мұны неге білмейсің?

Құладың құстың құлы еді,

Тышқан жеп жүні түледі.

Аққу құстың төресі,

Ен жайлап көлде жүр еді.

Аңдысып жүрген көп дұшпан,

Еліңе жау боп келеді.

Құлың кей сені өлтірер,

Осыны Асан біледі,

Мұны неге білмейсің?

Осыны көрдім түсімде,

Біл десе білмейсің.

Әй, Жәнібек! Ойласаң.

Қилы-қилы заман болмайма,

Сауда жүрген ақ шортан,

Қарағай басын шалмай ма?

Мұны неге білмейсің?

Айтқан тілді алмасаң,

Енді мені көрмейсі!

Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жанәліні сұрап алып қалыпты.



Майқы би мен Алаша хан

Ормамет би өліп, қырық сан қырым, отыз сан үрім, он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, он сан ноғай бөлінетінде, бүкіл ноғайлының елі жау келіп қалған екен деп, бір үріккен ала тайдан бүлніпті. «Алатайдай бүлінді» делінген сөз сонан қалыпты.

Сол замандары Қотан, Қоғам, Қондыкер, Қобан деген кісілермен Майқы деген би болыпты.

Майқы тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі дейді. Бұқарадағы он бес азаншы азан айтатұғын мұнраны сол қырық ханны бірі жасатқан екен деседі. Қызыларыстанның бәйбішесінен ұл болмаған. «Қызыл аяқ» деген бір елді шауып, ат сауырына салып келген бір қызға аяқ салып, сонан сауысқанның аласындай бір бала ала туады. Бәйбіше өзінен тумай, тоқалдан туған балаға іштарлық қылып, қызғанышпен:



  • Бұл балаңды балам деп сақтама, көзін жоғалт, қарашығын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып ұстайды, еліңді ала тайдай бүлдіреді, дейді.

Хан бәйбішесінің сөзімен қырық жігітке: «Мына баланы, тапқан шешесін Сырдариядан әрі өткізіп қоя беріңдер. Өлсе өлсін, өлмесе өз бетімен қаңғып күн көрсін» деп бұйрық беріпті. Бұлар Сыр суынан өтіп, Алатау, Қаратаудың алабынан аң аулап күнелтіпті.

Бала өз асын өзі тауып ішерлік болған соң, ешкіммен ісі болмайды, оны қырық жігіт далаға тастап кетеді.

Бала он екі жасында Майқы бидің баласы Үйсінге кез болыпты, бірақ оған бір ауыз тіл қатпайды, үн-түн жоқ қала береді. Үйсін үйіне барған соң Майқы биге: «Бір ағаштың көлеңкесінде отырған жас баланы көрдім, ай десе аузы бар күн десе көзі бар, көрген кісі қызығып, бір қасық сумен жұтып жіберерлік. Жалғыз айыбы тілі жоқ екен» депті.

Майқы би асқақ болғадықтан, өмір бойы арбамен жүреді екен және арбасына кісіжегеді екен.



  • Мені балаға алып барыңдар, оны мен көрейін, депті Майқы. Бала Майқы көргеннен-ақ орнынан ұшып тұрып:

  • Ассалаумағалейкум хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы, деп сәлем беріпті.

  • Уағалейкуміссәлем, әмісе аман балам! Болайын деп тұрған ұл екенсің. Кел, балам, қасыма отыр, деп арбасына міңгізіп, үйіне алып келеді. Төрткүл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, жоғарғы елді шақырады. Ала бие сойдырып, аймақ елді шақырып той қылады. Тойдан кейін: «Ердің ері, егеудің сынығы» деп қасына баласы Үйсінді бас қылып, жүз жігіт қосып беріп, аттандырады.

  • Қаратаудан арман қарай асыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар бар, Қаракеңір, Жезікеңір, Құдайберді деген жерге барып ірге тебіңдер. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашы боласыңдар. «Хан әділ болса, қараша табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді»деп, батасын беріп жөнелтеді.

Жүз жігіт Шу мен Сарысудан көктей өтіп, Ақтау, Ортауды айналып, Майқы бидің айтқан жеріне келеді. Ұйқы бұзып жылқы алды, күйме бұзып қыз алды. Көшкен елді көш-жөнекей алды, ерулі елді отырған жерінде алды. Өз алдына мал малданып, жан жанданып, үйлібаранды бола бастады. Сатусыз дүние, қалыңсыз қатын алған соң, ел болмасқа немене, жұрт болмасқа немене?! Бұлардың мұндай болғанын баяғы Қызыларыстан хан естиді. Қотан, Қоғам, Қондыкер, Қобан, Майқы билерге елші жіберіп: «Менің баламды жігіт желең ертіп желіктіріп жібергені неқылғаны? Баламды өзіме әкеп берсін, сөйтіп менен қалағанын алсын» дейді. Сонан соң бұлар: «Сендер барып, шақырып келіңдер» деп, Қотанұлы Болатты жүз жігітпен жібереді. Бұлар барға соң бұрыңғы барғанда, өздерің де қайтпаңдар, «қайт» деген сөзді бізге айтпаңдар, дейді. Шақыра барған кісі де қайтпай қалып қояды.

Қызыларыстан хан қайта-қайта кісі жібере берген соң Майқы би Қоғамұлы Алшынды бас қылып, тағы жүз кісі жібереді және «есеп-саны үш жүз он үшке жетсе, дүние жүзі жиылса да олардың күшіне шыдамайды» деп, оларға он үш ақсақал қосады. Бұлар да қайтпай қалып қояды.

«Үндемесе де, үйден шықпаса да еңбек» дегендей, Майқы би үйде жатып-ақ жұмыс тындырып жатады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген кісі осы екен.

Сонмен бұл үш жүз кісі: «Енді ел болғанымызды, жұрт көзіне түсірейік» деп баяғы ала баланы, алашаға отырғызып, Ұлытаудың басына көтеріп шығарып, хан сайлайды. Оған «Алашахан» деген ат қояды. Бастапқы бірге келген жүз жігітті бастығының аты Үйсін болғандықтан «Ұлы жүз Үйсін» деп атайды. «Оларды Салықшы, жауға шапқанда бұлар шаппасын, тас-түйін болып тұрсын!»деседі.

Ортада келген жүз жігітті Болатқожа болғандықтан «Орта жүз Ақжон» (Болатқожаның лақап аты Б.А.) деп атайды. «Бұлар тосқауылшы, ортада» деседі.

Соңғы келген жүз жігітті (бастығы Алшын болғандықтан) «Кіші жүз Алшын» деп атайды, бұлар алда жүрсін, жауға алдымен шабатын болсын дейді.



Байдалы мен Айғаным

Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай бола алмапты. Дүние құрастырып, дәулет жинауға, сірә, ол кісінің қолы тимесе керек. Бірақ бай болмағанымен, кедейлікке бас иіп, құл да болмапты. Ол ақылын азық, асыл сөзін сусын етіп, дүниеден өткен ададардың бірі екен.

Байдалының ағайындары құнанын құдайыңдай, тайын тәңіріндей көретін сараң болыпты. Жұртта қалған жұрынды олжа көретін, ауысқанын алмай қоймайтын дау санаған дамдар екен. Байдалының дәуірлеп тұрған кезінде олар: «Ер-тұрманымызды ұрлағандардан айып әпередің, жесірімізді алғандарды ойсыратып жеңіп бермедің» деп өкпелейді екен.

«Жығылғанға жұдырық» дегедей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емежарқы көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты.

Бірақ алмақтың да салмағы бар. Ағасы міне тұруға берген аттың, інісі берген кәрі саулықтың бодауын қайтара алмапты. Қарымжысы қайтпаған соң, аға мен інінің ағайыншылығы да қожырай бастапты. Баласы да болжыр болса керек, баяғыда еншісін алып, бөлек шыққаннан кейін, әйелінен асып, әкесіне көмек көрсете алмапты.

Байдалы: «Көмек көрсет, мынауыңды маған бер» деп ешкімге көзін сүзбейді, «барға қанағат, жоққа салауат» деп отыра береді.

Бір жылы құрбан айты келіпті. Байдалы айқа құрбан шалмапты. Шалуға қолайлы малы да болмайды. Сондықтан еш нәрсен білмеген тәрізді болып отыра береді. Байдалының бұл «айыбын» бетіне басқысы келген Таумұрын молда:


  • Ауқатты ағаң, бай блаң бар, інің де отқа қарап отырған жоқ, солардан неге сұрамайсың, құдайда қорықсаңқайтеді? депті.

Құрбан шалуын айыпқа санамағанымен, жұрт алдында орынды сөзді айтпай қалуды кемдік көретін Байдалы шешен молдаға:

  • Cөйлемесе сөздің атасы өледі. Айтпаса білмейтін саңырау бар, ашпаса көмейтін соқыр бар. Ағайындағы мал –даладағы мал. Сұраған адам, ұрлаған адам –қарақшы. Ұятсыз адамнан алып борышты болғанымша, алмай құдайың өзіне-ақ борышты болайын деп, құрбан шалмағаным рас, депті.

Отырған ақсақалдардың ішінен Қонқабай деген:

  • «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, баласы бардың панасы бар» деген мақал бар емес пе, бұрыңғылардың сөзін ұмытқаның ба? депті Байдалыға. Сонда Байдалы:

  • Е, Қонақпайым, сен жігіт кезіңде жалтаң едің, қартайғанда қалтаң болайын деген екенсің. Мақалдап сөйлегің келеді, мақалда да мін бар. Молда айтқанның бәрі шариғат емес, бұрыңғылар айтқанның бәрі қағида емес,  дейді.

Осы арада шешенді сөзінен ұстап, бір сүріндіріп қалмақшы болған молда:

  • Мақалда мін бар дейсің бе? Онда әлгі мақалдың мінін тапшы, данышпан болсаң, өзің түзеп айтшы,  деп шап ете түседі.

Хан-қара, би-төренің алдында сөзден сүрінбеген шешен Таумұрын молдадан тайсалсын ба?

  • Ол мақалды түзеп айтсам мен былай дер едім,  дейді Байдалы:

  • Ағасы бардың, жақсы болса жағасы бар,

Жаман болса, інісіне жабар жаласы бар.

Інісі бардың, жақсы болса тынысы бар,

Жаман болса, ағасына берер жұмысы бар.

Баласы бардың, жақсы болса панасы бар,

Жаман болса, құдайдың берген пәлесі бар.

Осыны естінгенде, Таумұрын молда лажсыз тоқтапты. Ақсақалдар аузын ашып қалыпты. Тек бәйбішелері ғана «рас, рас, қарияның сөзі рас» деп, бас изейді.

Байдлының бұл сөзін естіген ағайындары қатты ашуланады. Олар: «Алжыған шал, біз болмасақ әлдеқашан аштан өліп қалатын еді, енді қурап отырсын өзі»  десіп, содан былай қарайласуды мүлде тоқтатады.

Кедейлік кімнің қолын байламаған. Сол күннен бастап Байдалы шешен құрбысына қонақасы бере алмайды, жолаушыға «үйге түс» дей алмайды. Бірақ байлықты мұрат көрмеген шешен, жоқтықты ұят та көрмейді. Құла биенің күшін көлік, сүтін сусын, құлынын соғым етіп отыра береді.

Сол кездерде әйгілі оқымысты Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болыпты. Ата-тоны болмағандықтан Байдалы шешен жаназаға бара алмапты. «Әне барамын, міне барамын» деп жүренде «қырқы» да өтіп кетеді.

«Қадірлес қария еді, келмегені несі, келіп көңіл айтпағаны несі» деп Уәлиханның ханымы Айғаным ішінен өкпелеп жүреді. Бір күндері Байдалы келіп, өзінің келгендігін сыртта тұрып білдіреді. Бірақ өкпелі ханым шешенді аттан түсіріп алуға тысқа шыға қоймайды. Сонда шешен атының басын кейін бұрып, тұра қалып:



  • Ханы өліп,

Қайғырып жатқан, Айғаным.

Қара жамылып,

Ай-күні батқан, Айғаным.

Ханға сүйеніп,

Қоқай көрмеген, Айғаным.

Қамқаға оранып,

Шоқай кимеге, Айғаным.

Мен бір сө айтайын, тыңдашы, 

депті.

Қара жамылып, жоқтау айтуға Айғаным құлағын тіге қалыпты. Сонда Байдалы шешен мынаны айтқан екен:



  • Ер қартайды, мал тайды,

Екеуледі, ей ханым.

Қатын жалқау, ұл ынжық,

Төртеуледі, ей ханым.

Келін қатал кер болды,

Ағайын жат ел болды,

Алтаулады, ей ханым.

Кәрілік пен кедейлік,

Егіз келді, ей ханым.

Мұның бәрін сансаң,

Сегіз болды, ей ханым.

Қаусаған жақ, иек бар,

Саудыраған сүйек бар,

Ауыл алыс жер болды,

Тоқсан темір тор болды,

Оннан асты, ей ханым.

Шығар жолды осыдан

Өзің тапшы,ей ханым.

Құла бие құлындап,

Келе алмадым, ей ханым.

Келдім, енді кетемін,

Ықылассыз ордаға

Ене алмадым, ей ханым! 

деп жүре беріпті. Айғаным үйден жүгіре шығып, шешеннің шаужайына оралады. Құрметтеп аттан түсіріп, үйге кіргізеді. Төрге отырған соң, Айғанымның жоқтау айтып, жылауға ыңғайланғанын байқған шешен:


  • Айғаным, сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын. Жоқтауды қоя тұрып, тоқтауды тыңдасаң қалай болады,  депті.

Айғаным аңырып қалады. Сонда Байдалы:

  • Қайрат деген қыран бар,

Қайғыға тізгін бермейтін.

Қайғы деген жылан бар,

Өзекті шағып өртейтін.

Үміт, сенім, тілек бар,

Қуантып қуат алдырар.

Жылау деген азап бар,

Қуартып отқа жандырар.

Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ,

Қайратыңды қолдағалы келдім, 

депті.


Әдетте мұндай қадірлі адам келгенде, ханым қара жамылып, жоқтау айтар, жоқтау артынан Таумұрын молда құранын күңірентеді екен де, қаралы ханым қайғылы қалпын сақтап, орнынан қозғалмай ұзақ отырып қалады екен.

Бұ жолы мұның бірі де болмайды. Шешеннің келуі қайғылы ордаға қалыпты тіршілік орнатқандай болды. Айғаным өзі жүріп шай қойғызады, қой сойдырады. Ат қағып шөлдеп келген шешенге өз қолымен сусын береді. Ханым жадыраңқы болған соң, шешен де жайғасып, шешіле сөйлейді. Мал-жан, ауыл-аймақтың амандығынан басталып, әңгіме ағыла береді. Шешеннің өзі Айғанымға әр түрлі ой салып, көңілін жадырата түскенде болады. Айғаным өкпе-назын айта бастайды.



  • Ханмен қадірлес, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан артында қара тұман қалды, қара тұман ортасында мен қалдым. Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы уақытқа дейін ат ізін салмағаныңызға, несін жасырайын өкпелеп жүр едім. Мен сізді келер, келер де жылатар, жылатарда жұбатар, содан кейін ханға арап бір жақсы құран шығартар деп ойлаған едім, мұның бірін де істемедіңіз. Бірақ бір түрлі көтеріліп, сергіп қалдым. Мұның мәнісі қалай?  деп сұрапты Айғаным шешеннен.

  • Келген жерден білместігіңді бетіңе айттым. Ол жылатаным емеспе? Қайғырып жатқан жеріңнен тұрғызып, ас-суыңды өзіңе басқарттым. Бұл жұбатқаным емеспе? Ал, ханымның қайғысы жылаудан жеңілденбейді, ханның күнәсі құранмен жуылмайды. Сондықтан жылаулатпай, құрандапай келгенім рас. Мүмкін менің сөзім сенің қайғыңды емес, қайратыңды қолдаған болар,  дейді шешен.

Айғаным «рас, рас» деп басын изейді. Бағанадан бері шарта жүгініп алып, мүлгіп отырған Таумұрын молда осы кезде көзін ашып:

  • Күнәкәр болдыңыз, шешен, күнәкәр, күнәкәр!  деп бажыраң-бажыраң етеді.

  • Молдеке, сабыр етіңіз. Осыншама кесіп айтатын сіздің алдыңызға жүгініске келіп отырған жоқпын ғой, қалтаңызға саудыратып салып алып жүрген сауабыңыз болмаса, менен басқаларға үлстіре беріңіз. Құр қалдым деп өкпелмей-ақ қояйын. Атасы басқа молда түгіл, мен өз ағайындарымнан да еш нәрсені дәметпейтін адаммын. Ал,ханның күнәсі құранмен жуылмайтындығы, ханымның қайғысы жылаумен бітпейтіндігі туралы қай бидің алдына барсаң да, сенікі теріс, менікі дұрыс,  депті шешен.

Шешен сөзінің салмағына шыдамаған Таумұрын молда «дәрет алуды» сылтау етіп, қақырана-түкірене далаға шығып кетеді. Молда кеткен соң, еркіндей түскен Айғаным шешеннің қасына жақынырақ отырып, ойындағысын іркілмей айта бастайды.

  • Ханның қайғысы оңай болды дейсіз бе маған. Өзім әлсіреп отырғанда, әлгібір молда құран оқыса, осы орда дөңгелене жөнелендей болады. «Құлап кетемін бе» деп керегенің көгінен ұстап, бүйірімді таянамын. Әңгіме айтса әзірейлі, жәбірейлі, мүңкір-нәңкір деген біреулерін айтады да мүлде зәремді алады...

Осы араға келгенде Байдалы шыдамаса керек, Айғанымның сөзін бөліп:

  • Ай, Айғаным-ай, баяғыдан бері байқамап па едің? Бұл Таумұрын молда аузын ашса, оның көмейінен көр өрнетін еді ғой. Несіне зәрең ұшады. Өмір тұрғанда, өлімді сөйлегеннен без, төрінде отырып көрге сүйрегеннен без,  деп шешен тері айналады.

Шешен алдында өзінің айыбын жеңілеткісі келген Айғаным:

  • Өзіңіз білесіз, ата-бабамыз молда ұстап көрген жоқ еді, оның сырын қайдан білейік. Хан қайтыс болған соң, бір тәуір молда табайық десті. Ол үшін әлгі керуен басы болып жүретін Тоқтарбайы Ташкенге де жібермекші болды. Тоқтарбайды шақырып алып сөйлескенде, ол «Ташкенге барып, өрік сатып отырған біреуді түйеге мінгізіп жеткізгенше, ханның сүйегі қурап қалады. Одан да осы Таумұрынның өзін ұстай тұру керек. Менің байқауымша, осының да бірдеме айтуға жарайтыны бар» деп болмай отырып алғаны. Сол молдамыздың сиқы әлгі ғой!  деді.

Айғаным Байдалы шешенді сол сапарда үш күн мейман етеді. Шешеннің бұлай ұзақ жатуы Таумұры молдаға ұнамайды. Ол Байдалы шешенге ерекше құрмет көрсеткен Айғанымға да ішінен қатты нараы болады.

Бір күні шай үстінде отырғанда, ауыл адамдарының бірі молдадан әйел туралы шариғат сұрайды. Осы арада Байдалыдай «күнәкәр» адамды құрметтеп отырған ханымға да бір қатты соққы беруді ойлаған молда кідірмй-ақ:



  • Қатын билеген шаңырақ қараң қалады. Әйелдің айтқанын еш уақытта тыңдауға болмайды,  деп айтып салады.

Мұны естіген Байдалы ойланып қалады. Бұдан кейін бірер күн өтеді, шешен ауылына қайтуға ыңғайланады. Ауыл адамдары шешенге қош айытсып қалуға жиналады. «Қызыл көзді бөледен енді құтылатын шығармын» деп Таумұрын да ішінен қуанады.

Хан қайтыс болған соң, онан қалған мал-мүліктің біразы «хан талау» ретінде жаназаға жиналғандарға үлестіріліп, киімдері де денесін жуғандарға берілген екен. Ханға тән киімдердің ішінен бір айтулы қамқа тонды, жаназға байланған малдың ішінен Көксырғанақ деген жорғаны Айғаным адамға бермей, әдейі алып қалған екен. Мына аулына қайқалы отырған шешенге соы жетектетеді, «ханның көзіндей көріңіз» деп қамқа тонды оның иығына жабады.

Осы арада: «Ілсем іліп қалайын, ілмесем Байдалының дүние жандылығын бетіне басып, күліп қалайын» деп ойлаған Таумұрын:


  • Биеке, сауға олжаңыздың үстіне кездесіп отырмын. Өле алғанша, бөле алайық,  деп жабыса кетеді.

  • Қалағаныңыз сіздікі болсын! Тіпті екеуін де алыңыз. Оның үстіне құла биенің де құлынын беріп кетуге де ойым бар еді. Кемпірім осылай қарай аттанарда: «Асарыңды асадың, жасарыңды жасадың. Молдаға бара жатырсың, мына құла биенің құлынын беріп, батасын алып қайт. Өлгенше дұғасынан тастамас» деп тапсырып қалып еді. Өзім де жол бойы олай етейін деп келіп едім. Кешегібі шариғатыңызда: «Қатын билеген шаңырақ қараң қалады» деген соң, қараң қалады екенмін деп қорқып қалдым. Екінші жағынан, сіздің қайыр-дұғаңыздан бос қаламын ба деп қысылып та отырмын. Шариғат бойынша осының төрелігін беріңізші, молдеке,  дейді шешен.

«Бұл пақырдың ықыласы сонша ауғаны әзелде аллатағаланың өзі құла биенің биылғы құлынын бізге нәсіп еткен болар» деп ойлаған Таумұрын молда:

  • Биеке, сіз қапа болмаңыз. Шариғатқа симайтын нәрсе жоқ. Бағзы-бағзы уақыттарда әйелдің де сөзін тыңдауға болады. Кемпіріңіздің ниеті жақсы екен, қабыл болсын, қабыл болсын!  деп сақалын сипапты.

Шешен біраз ойланып отырады да, басын шайқап:

  • Бағзы-бағзы ниеттер қабыл болмаса да болады ғой деймін. Мысалы, менің кемпірімнің құла биені суалтып, құлынды сізге берем деген ниеті қабыл болмаса, осыдан келер-кетері бар ма?  депті.

Таумұрын молда үндей алмай, қып-қызыл болып төмен қарайды.

  • Молдеке, сіз де қапа болмаңыз, іліп қалмасаңыз, жүдеп қаларсыз. Ат пен тонның бірін алыңыз,  дейді Байдалы жер шұқып отырған молдаға.

Төмен қараған қалпы Таумұрын едәуір ойланады. Сонда оның ойлағаны: «Өзі ал деп отырғанда, алғанның несі айып? «Алтын көргенде періште де жолдан тайыпты» деген. Батамды беріп, қамқа тонды алсам, қарам бола қоймас» деп ойын орытады да, «иллаһи» деп екі қолын жоғары көтере бергенде, Айғаным:

  • Молдеке, «бүреуге бұйырғанды біреу жемес болар» деп өзіңіздің айтқаныңыз бар-ды. Қарияның несібесіне қол сұқпаңыз. Сіздің сыбағаңыз бөлек,  дейді.

Бір жайылып қалған қолын қайта түсіре алмаған молда Айғанымға, біресе Байалыға жаутаң-жаутаң арай беріпті. Сонда Байдлы:

  • Бағзы-бағзы шариғат бар,

Тек шатақ үшін таралған.

Алуан-алуан молда бар,

Тек алу үшін жаралған.

Олар «ал» дегенді өлтіріп,

«Бер» дегенді ғана қалдырған.

Сұрауменен сұрамсақ күн көреді,

Ұрлықпенен сұғанақ күн көреді.

Үзіп-жұлып күн көрмесе,

Бұл пақыр аштан өледі, 

дейді.


Қашан бірдеме ілінгенше қармағын судан алмай, жаман үйреген Таумұрын назаланған пішінмен жаюлы қолын жимайды. Осы жолы оның алақаны «бересің бе, болмаса тағы бірің өлесің бе» деп тұрған тәрізді.

«Оңай олжа тауып үйренген адам арсыз келеді, арсыздардың адамдықты жеңетін де жері болады, бұл тілеуі құрғырдан не беріп, не өліп құтылмасаң, құтыла алмайсың» − деп Байдалы тонды иығынан сыпырып, молданың алдына тастайды. Шешенге арналған сыбағаны арашалап ойлаған біреу: «қаз тойғанға емес, орғанға семіреді, молдеке, сауға-сауға» депті. Сонда Таумұрын:



  • Е, менің де дос-дұшпаным бар. Кемпіріме көркейіп барайын, деп тонды өзіне қарай тарта түседі.

  • Қамқа тон қарияға барып та болған жоқ, қария оны алып та болған жоқ. Алатын болсаңыз, үйіне барып алмайсыз ба? Ордамның ішінде отырып аң аулағаныңыз шариғатыңызға шақ келе ме? Ханның көзіндей көрсін деп мен бұл тонды қарияға бердім. Қария, мен берген тонды киіңіз мен берген жорғаны мініңіз, сізді мен шығарғалы отырмын, деп Айғаным орнынан тұрып, киіне бастайды.

Шешенді аттандырып жіберуге айғаныммен бірге жұрттың бәрі үйден шыққанда, орнынан тұра алмай, отырып қалған Таумұрын:

  • Япырай-ә, келіп тұрған нәрсенің кетіп қалғанын қарашы. «Қатын билеген шаңырақ қаран қалады» деген осы-ау! Ой, тобай, ой, тобай!  деп басын шайқап қала береді.

Айғаным Көксырғақтың шылбырын өзі ұстап, шешенді өз қолымен аттандырады да, кермеде тұрған боз жорғаны ер-тұрманын жарқ-жұрқ еткізіп өзі мінеді. Соңынан қарағандарға қос жорға жер баспай, әншейін сырғанап бара жатқан сияқты көрінеді. Құлынды бие жетелеп, қос жорға мінген шешен мен ханым ел маңынан аулаққа ұзай береді.

Бір мезгілде Айғаным, көк майсалы далаға бір қарап күрсініп алады да, сөйлей жөнеледі:



  • Ақыл алтау, ой жетеу болып тұр, қария. Хансыз қаңырап тақ қалды. Қалың дәулет бақ қалды. Ханды қарытып, биді арытқан қария едіңіз, айтар ақылыңыз бар ма?дейді.

Байдалы үндемейді, қалың ойға батып, кәрі көзін сығырайтып, әлдеқайда алысқа қарайды. Арқасынан аяз өткен адамша қайта-қайта тітіркеніп қояды. Қамшы ұстаған қолы төмен түсіп, тежеулі тізгін де босап кетеді. Жай ғана жайылып келе жатқан Көксырғанақ әуелі аяңға, одан кейін ілбуге түседі. Ақырында Көксырғанақ тоқтайды. Сонда Айғаным:

  • Неге кідірдіңіз, Көксырғанақ болдырды ма, неге тітіркендіңіз, қамқа тон тоңдырды ма? дейді.

  • Ат болдырып та тұрған жоқ, тон тоңдырып та тұрған жоқ, бірақ осы ат пен тон оңдырып та тұрған жоқ. Көптің көзінше сыйладың, оңаша шығарып алып қинадың. Қаусаған шалды қыран шалмас қияға салғаның неткенің? Таққа отырғың келеді екен, оның несін менен сұрайсың. Қай хан хъалықтан сұрап таққа отырып еді, деп шешен Айғанымның бетіне қарады.

Айғаным «ойымдағыны таптың» деген пішінмен жымиып қана басын изейді. Сонда қарт шешен:

  • Мені қинап тұрған бұл емес. Таққа ие болухалыққа ие болу! Абылай да өзінше жақсы хан болғысы келді. Еліме емшекті қабат емгізсем дегенді ойлады. Бірақ ол Абылайдан сыңар емшекке қарап ел де қалды, елмен бірге құла биенің сүтіне қарап қыстан таяқ жемесе, ел ерні кезермесе, менің де ернім кезермес еді. Жазғы шөл, қысқы жұттан елді құтқаратын қамқоршының қайда екенін білмеймін. Жер емшегі мен мал емшегін елдің қашан қабат еметінінде айта алмаймын. Бағанадан бері мені қинап келе жатқан ой осы еді, депті.

Осыны айтып Байдалы би ілгері жүріп кетіпті. «Көріскенше, қош болыңыз» деп Айғаным ойланып, орнында тұрып қалыпты.

Жидебай мен Қараменде

Әлтеке Жидебай батыр әрі шешен болған екен. Жидебай көп жасап, көпті көріпті. 95 жасқа дейін өмір сүріп, нәсілі өсіп, немерелі-шөберелі болыпты.

Бертін қартайған кезінде жастық шағының жолдасы Қараменде би есіне түсіп, өткен жастық уағындағы істерін, қартайып-қажығандағы өзгерістерін айтып, пікір алыспақшы болуды ойлайды. Бірақ өзі бара алмайды да, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті шақыртып:


  • Шырағым, Тобықтыда Қараменде деген досым бар еді. Көрмегелі көп жылдар болды, сағындым. Өзім іздеп баруға шамам жоқ, о да қартайды, іздеп келе алмайды. Соған айтатын бір сәлемдерім бар еді, соны жеткізіп келші,  дейді.

Жігіт жүрмекші болған соң Жидебайдың айтқаны: «Бес ауыз бір сөзім бар, алты ауыз бір сөзім бар. Осыларды бірімен бірін шатыстырмай ұғып ал»  деп тапсырады.

Жидебайдың айтқан сөзін жігіт жаттап алады.

Бес ауыз бір сөзім:

Төрт нәрседе үміт бар,

Бір нәрседе үміт жоқ, 

Осыны айт дейді.

Алты ауыз бір сөзім:

Мұсылман жаудың қолында қалдым,

Бес атаның малын іздеп әуре болдым,

Алпыс ат үйір бермеді,

Жетпіс торғай шырылдайды,

Сексен балапан ұя басып,

Тоқсан жұмыртқаның қашан жырлары белгісіз.

Жаздың күні, жайлауға қонған қалың елді аралай бірнеше күн жүріп, бағанағы жігіт, Қараменде биді іздеп табады.

Біраз күн жатып тынығып, ел жайлы, ер амандығына қанысқасын жігіт қайтпақшы болады. Сонда Қараменде: «Жидекем тірі болса, маған басқа сәлем айтпады ма?»  деп сұрапты.

Сонда жігіт батырдың сәлемін айтыпты. Қараменде шарта жүгініп отырып, көп толғанып-ойланады. Біраздан кейін:



  • «Төрт нәрседе үміт бар» дегені, адам баласы төрт үмітпен жүріп өтеді екен-ау:

Жас өсемін деп үмітті,

Жалғыз көбейем деп үмітті.

Жарлы байимын деп үмітті,

Ауру жазыламын деп үмітті.



  • «Бір нәрседен үміт жоқ» дегені  шіркін, көктемі мен жазы өтіп жапырағы қураған ағаштай, ұрты солып, жағы суалған кәріліктен ғана үміт жоқ екен,  дейді.

  • «Мұсылман жаудың қолында қалдым» дегені: бірге жасасып, тәтті өмір сүріскен, бір-біріне иістері сіңіскен жастық шақтың жолдасы  жұбайы қайтып, жесір болып, келін баласының қолына қарап қалған екен ғой. Екі елі аузына төрт елі қақпақ қойсын, балаға сонда ғана сыйымды болады,  депті.

  • «Бес атаның малын іздеп әуре болдым» дегені: Қайран батыр қартайып, көзі көр болған екен ғой. Жастан серік болған бес жолдасы: Мұсуақ, тәспіқ, орамал, бәкі, қамшы  болар. Осылардың басын құрап жинау үшін жан-жағын сипалап іздеп тапқанша, түске дейінгі уақыты өтеді екен ғой. Жанына жан қалта, төсіне төс қалта салдырып алсын,  депті. Ол уақыттағы қазақтың киімдеріне қалта салынбайды екен.

  • «Алпыс ат үйір бермеді» дегені, алпыс жас ағайынды жауға беріспейтін қайрат-күштің қайтпайтын кезі екен ғой.

  • «Жетпіс торғай шырылдайды» дегені  жетпісте торғайдай ғана қуатым қалды дегені екен ғой.

  • «Сексен балапан ұя басып» дегені  сексенде ұяда жатқан балапандай төсек тартып жаттым дегені екен ғой.

  • «Тоқсан жұмыртқаның қашан жырларын білмеймін» дегені  тоқсаннан асқан жасым бар, бір аяғыммен қабірдемін, ажал қашан жетеді деп күтудемін дегені екен ғой,  депті.

Үш сыншы

Бір кісінің үш баласы болыпты.



  • Балаларым, көзім тірісінде сендерге бір таусылмас қазына қалдырайын. Шаруаларың шақталғанда бөліп, ас-ауқат қыласыңдар,  деп, бар қазынасын қойма ғып көмеді. Айтқанындай, әкесі өлгеннен соң, шаруалары шақталып, үш бала қойманы қазып алайын деп келсе, орны жатыр, қойма жоқ. Үш бала: «Қойманы не көрген алады, не көмген алады»  деп еді, өлген әкемізде ме, тірі өзімізде ме? Мұны ханның ақылына салайық  деп ханға баруға шығады.

Үшеуі жолда келе жатып бір шөккен түйенің ізін көреді. Ізіне қарап ағайынды үшеуінің үлкені: «Мына түйе буаз-ау»  дейді. Ортаншысы: «Соқыр-ау»  дейді. Кішісі: «Шолақ-ау»  дейді. Үшеуі әңгімелесіп келе жатса, бір адам кез болады да:

  • Түйе көрдіңіздер ме?  деп сұрайды.

Сонда үшеуі тұрып:

  • Түйең буаз ба?  дейді.

  • Иә, буаз,  дейді жоқшы.

  • Соқыр ма?

  • Соқыр еді.

  • Шолақ па?

  • Шолақ еді. Иә, бұл түйені қайдан көрдіңіздер?

  • Біз түйенің өзін көргеміз жоқ, ізін көрдік.

  • Ізін көріп, түрі-түсін айтатын сендер әулиесіңдер ме? Түйемді алған сендер екенсіңдер,  деп жоқшы да ханға баруға ілесе жүреді.

Хан үш жігітті қонақ үйге кіргізеді. Бағлан қозы сойғызып, күріштен палау бастырып, алдарына қояды.

Ас алдына келгенде:



  • Мұнда иттің еті бар-ау  дейді біреуі.

  • Адамның сүйегі бар-ау  дейді екіншісі.

  • Ет не болса ол болсын, хан некесізден туған-ау  депті үшіншісі.

  • Тарт табағыңды, ханның өзі жесін,  дейді үшеуі де.

Табақшылар табақты алып қайтып келеді, ханға үшеуінің сөзін айнытпай айтып береді.

Хан қаһарланып, шешесіне кісі салады.



  • Мен некесіз тусам шынын айтсын, егер некесіз туды дегені өтірік болса, соны айтқан мына кісінің басын аламын,  дейді.

  • Әкесінен ұл перзент жоқ болып еді, кімнен туса содан тусын құдай тілеуімді бере көр деп жүргенде көргенім, бойыма біткенім еді. Балам біреудің қанын жүктемесің,  дейді шешесі.

Хан енді қойшыны шақыртып:

  • Қозыда не айып бар?  дейді.

  • Бұл арық, көтерем қойдың қозысы еді. Енесінен қорек болмаған соң, күшіктеп жатқан итті емізіп едім. Мәйегіне ұйып, сүйегіне шауып, содан бірдеңе болмаса,  дейді қойшы.

Хан сонан соң күріш әкелген егіншіні шақырады да:

  • Күріште не айып бар?  дейді.

  • Сіз тез күріш жеткіз деген соң, басқа жерге еккен егін піскен жоқ еді, қабірдің айналасына еккен егісім піскен екен. Содан әкеліп едім. Сол өлген адамның сүйегіне шығып, содан бірдеңе болмаса,  дейді егінші.

Хан бұл үш сөздің де анығына жеткен соң, үш жігіттің алдына бетін орамалмен жапқызып алма қойғызады.

  • Егер ойшы болса, өздері ашып жесін! Алманы жер алдында не айтар екен, сөздерін маған айтып кел,  деп тапсырады табақшыға.

Алдарына табақ келген соң астың бетін ашпай тұрып үшеуінің үлкені:

  • Мынаның қызылы бар-ау,  дейді.

Ортаншысы:

  • Сары аласы да бар ғой,  дейді.

Екіншісі:

  • Өзі сары ала, өзі қызыл болса алма шығар,  деп орамалды жұлып алады. Сөйтіп үшеуі бөліп жейді.

Таңертең сәлемге хан келеді. Сәлемдескеннен кейін:

  • Иә, жігіттер, жол болсын?  деп жұмыстарын сұрайды.

  • Әкеміз тірісінде қойған қоймасы бар еді, сол жоқ. Қойманы бізден басқа көрген-білген адам жоқ. Осының ақылын сізден сұрай келдік,  дейді жігіттер.

  • Қойманың бір мәнісі болар, осы мені некесіз туды дегенің қайсың?  дейді хан.

  • Сізді некесіз туды деген мен. Өлі-тіріден зауал сұрата сізге келгенде, өзіңіз келмей тәкаппарлық қып, жігіт-желең жіберген соң, «Мынаның жүрегінде арам қаны бар екен-ау» деп ойыма келді,  дейді кішісі.

  • Жарайды, сіздерге бір мәселе айтайын, соны шешіп беріңіздер,  дейді хан.

  • Баяғы уақытта екі бай құда болыпты. Күндердің күнінде жігіт қалыңдық ойнап қайнына келген екен. Келген соң қызды күйеуге әкеп берген екен. Қыз келген соң күйеуі:

  • Көңілің менде ме, жоқ әлде басқа біреуде ме?  деп сұрайды.

  • Басқада емес, көңілім бір өзіңде,  дейді қыз.

  • Неге, жігіттікті жігіттікпен шығарып салу керек емес пе, біз де жігіттікті атқарып жатырмыз.

  • Менің сізден басқада көңілім жоқ.

  • Сен өзің бойжеткен қыз, өзің байдың қызы бола тұра бір көңілдесің болмаса, сенің маған да әйел болуың екі талай екен.

Сонда қыз:

  • Бүгінгі күні бір кісімен жолығысатын уәделі күнім еді. Сіз келген соң өз жарым деп сізге келдім,  деді.

  • Ішінде арманың кетер, уағдалы кісіңе барып кел. Құдай ұзағынан сүйіндірсін, менің жар жолдасымсың ғой,  дейді жігіт.

Қыз осы сөзбен тамырына жүріп кетті. Келген соң:

  • Япырмай, мұнша зарықтырып күні бойы неғып жүрсің?  дейді тамыры.

  • Иә, оның мәнісі бар. Күйеуім келіп, жеңгелерім соған апарып, соның рұхсатын алып келгенім осы болды.

  • Мені күйеуіңе айттың ба?

  • Айттым.

  • Күйеуіңді онда қалдырып, мен сені мұнда қасыма алып жатам ба? Күйеуіңе менің атымнан құлдық деп сәлем айт. Ертең алдына барып өзім де сәлемдесермін,  дейді тамыры.

Осымен қыз күйеуіне қайтады. Жолда келе жатқанда екі ұры кез болып, қызды ұстап алады. Күйеуі мен тамырының арасында жүргенде екі ұры қыздың киімдерін, білезік, сақиналарына дейін тонап алады. Аларын алып болған соң екі ұры:

  • Қараңғы түнде қайдан жүрген жансың?  деп сұрақ қояды.

  • Ағатайлар, күйеуім мен тамырым екеуінің арасында жүріп осындай күйге ұшырап тұрмын,  деп қыз мән жайын айтады. Сөзін тыңдап болған соң екі ұры:

  • «Жас-жастың тілеуі бір, жібектің түйіні бір» деп еді. Алсақ басқа адам табылар. Шырағым, киіміңді киіп күйеуіңе тезірек бара ғой,  деп алғандарын қызға түп-түгел қайырып береді.

Хан осы әңгімені айтты да:

  • Сол үшеуінікінің қайсысыныкі жөн?  деп үш сыншыға қарады.

  • Қасына келген өз жарын біреуге барып кел деп жіберген адамзаттың данышпаны деп білемін,  деді үлкені.

  • «Арамы сауда, қияли неке бұзады», өз жарыңа бар деп қастық қылмай қайырып жіберген де нағыз жігіт екен,  деді ортаншысы. Сонда кішісі тұрып:

  • Бәрінен ұры ақымақ,  деді. Әкесі де болса алғалы шықты, қыздың негып жүргенін сұрап несі бар, күлді асылды алған соң жүріп кетпей ме?  дейді.

Сонда хан тұрып кішісіне:

  • Ділда сенде! «Арамдықтың байлауын байлаған шешуін де шешеді» деген. Сен менің туысымды да таптың,  деді.

  • Ділдә менде екені рас, бір тиынына да тигенім жоқ, тек орнын аударып қойдым. Мен көңіліңе қарап сенің кімнен туғаныңды айтпасам, сен менің көңіліме қарап қойманы алғанымды айтпай ма деп, әдейі көңіліңді қарайтып қатты айтып едім, дұрыс таптың! Екі аға да білген шығар, білгенмен айыбымды айтпаған шығар,  деді кішісі.

Бұл сөз біткен соң хан түйе жоғалтқанды алдырып, үш сыншыға:

  • Мынаның түйесін көрдіңдер ме?  деді хан.

  • Ізін көрдік.

  • Буаз депсіңдер ғой?

  • Буаз дедім. Көктем уағында буаз түйе тізесін екі салып сырғып тұрады. Мен сонан буаз екенін білдім,  дейді үлкені.

  • Соқыр депсіңдер ғой?

  • Соқыр дедім. Түйе жайылған екен. Оң жағының шөбін жұлмай, үнемі сол жағының шөбін жұлып жайылыпты,  дейді ортаншысы.

  • Шолақ депсіңдер ғой?

  • Шолақ дедім. Бүтін құйрықты түйінің құмалағы ізіненалыс түспейді, ал шолақ құйрықты түйенің құмалағы алысқа шашырап түседі,  дейді кішісі.

Сонда хан түйе жоғалтқанға қарап:

  • Бұл кісілер сенің түйеңнің соқыр, шолақтығы түгіл менің тегімді де тапты. Түйеңді іздеп тауып ал,  депті.

Каталог: sites
sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет