Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет1/48
Дата26.06.2018
өлшемі479,93 Kb.
#44884
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі ( бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараттары (бұдан әрі – уәкілетті орган) тарапынан және осы стандартқа 123-қосымшаларда мекен-жайы көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік қызмет тек орталықтар арқылы көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағының 1) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздері мен орталықтың орынжайларындағы стенділерінде;
      4) сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат саll-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;
      5) порталда орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандартқа 
4-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында кезектіліктің нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі — мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      Бұл қызмет мектепке дейінгі ұйымдарда бар орындар санымен шектеледі. Бірінші кезекті орынға алуға құқылылар:
      1) мүгедектердің балалары;
      2) ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар;
      3) жетім балалар;
      4) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
      5) соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік берілген тұлғалардың балалары;
      6) әскери қызметшілердің балалары.
      
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 699 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      Уәкілетті органға жүгінген жағдайда:
      1) мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
      3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      Орталыққа жүгінген жағдайда:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алу кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап үш жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) орталыққа жүгінген жағдайда – мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады.
      Көшпелі орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      3) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) мемлекеттік қызметті алушының тұратын жері бойынша уәкілетті орган мен орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін (күту залы, қажетті құжаттар тізбесі бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын) жағдай жасалады. Даму мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қолжетімді болуы үшін ғимараттар пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
      2) Порталда – жеке кабинетте.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілетті өкілі сенімхат бойынша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      уәкілетті органға:
      1) осы стандартқа 
6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) баланың туу туралы куәлігі;
      4) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);
      5) мекен-жайы туралы анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа да құжат.
      Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігінің мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      орталыққа:
      1) жеке тұлғаның – мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
      3) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);
      4) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
      Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуі) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігі туралы мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      порталда:
      1) мемлекеттік қызметті алушының электронды цифрлы қолы қойылған электронды құжаттар нысанындағы сұраныс;
      2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) немесе куәліктің сканерленген көшірмесі түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
      4) жеңілдікті растайтын құжат немесе мәлімет (мүгедектігі туралы мәліметтерді ұсыну; ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу) – құжат сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
      5) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
      Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында портал арқылы алады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын бланкілер (өтініші нысандары) уәкілетті органның фойесіндегі үстелдің үстіне орналастырылады немесе уәкілетті органның мамандарында болады.
      Орталықтарда мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш бланкілері күту залындағы арнайы үстелдерде немесе орталықтың қызметкерінде/лауазымды тұлғада болады, сондай-ақ «Орталық» РМК-нің www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныстар нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттар қабылдауды:
      1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – білім бөлімінің маманы жүзеге асырады;
      2) орталықта – құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда;
      3) порталда – электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық тиісті құжаттарды тапсыру кезінде:
      1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтің кезектілігі көрсетілген кезекке қойылғаны туралы туралы хабарлама беріледі;
      2) орталыққа жүгінген жағдайда – мемлекеттік қызметті алушыға барлық тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      сұраныс жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
      қосымша берілген құжаттар саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге сұранысты қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      3) портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үшін сұранысты қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:
      1) уәкілетті органға жеке өзі жүгінгенде кезектілік нөмері көрсетілген баланы мектепке дейінгі ұйымға есепке қою туралы хабарлама немесе жолдама беріледі;
      2) орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді қолхатта көрсетілген мерзімнің негізінде «терезелер» арқылы орталықтың қызметкері жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы қызмет көрсетудің нәтижесін білуге белгіленген мерзімде келмесе, орталық оларды бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органга жібереді;
      3) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өздігінен жіберген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мынадай жағдайларда, егер:
      1) осы стандарттың 
11-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар тапсырылмаса (мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кемшіліктерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қарастырылады);
      2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарқан жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттар тізбесі көрсетілген қолхат береді.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік органда немесе порталдағы «жеке кабинетінде» электронды құжат нысанында осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс барысында сыпайылық таныту;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) өтініштерді қарастыру кезінде лауазымды тұлғалар қызметтерінің айқындылығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттарды қорғау және құпияда ұстау.

4. Жұмыс нәтижелері



      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 7-қосымшағасәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі



      20. Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызметті алушы телефоны осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген орталық басшысына жүгінеді..
      Сондай-ақ, орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін орын бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандартқа 
1-қосымшада көрсетілген.
      Уәкілетті органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша беріледі.
      22. Қызметкер/лауазымды тұлға дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда:
      1) орталықтың қызметкеріне шағым орталықтың немесе қарамағында орталық бар «ХҚКО» РМК басшысының атына беріледі. Орталық басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандартқа 
1 қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А», телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz;
      2) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына шағым уәкілетті органның басшысына беріледі, мекен-жайы мен телефоны осы стандартқа 
2-қосымшада көрсетілген;
      3) порталда, саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (тұлғаны куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы мен күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағымды беру кезінде субъектінің атауы немесе іс-әрекеті шағымдалатын лауазымды тұлғалардың аты-жөні, қызметі, өтініштің себептері мен талаптары көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз ұсынуын растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Тұтынушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.


«Мектепке дейінгі балалар    
ұйымдарына жіберу үшін мектепке 
дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы
балаларды кезекке қою» мемлекеттік
қызмет стандартына        
1-қосымша            

Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері


мемлекеттік мекемелерінің тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 699 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с


Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1.

«Ақкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қаласы, Бигелдинов көшесі, 10

8(716 38) 228-47

2.

«Аршалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы, Республика көшесі, 30

8(716 44) 225-14

3.

«Астрахан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50

8(716 41) 236-84

4.

«Атбасар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11

8(716 43) 242-72

5.

«Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19

8(716 46) 213-87

6.

«Егіндікөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, н/ж

8(716 42) 213-51

7.

«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленин көшесі, 68

8(71639) 216-20

8.

«Ерейментау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы, Әл-Фараби көшесі, 10

8(716 33) 216-64

9.

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба көшесі, 1

8(716 47) 214-86, 215-69

10.

«Жақсы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3

8(716 35) 217-04

11.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин көшесі, 30

8(716 48) 929-43

12.

«Зеренді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауылы, Ленин көшесі, 43

8(716 32) 226-02

13.

«Қорғалжын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 14

8(716 37) 221-98

14.

«Сандықтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 120

8(716 40) 917-01

15.

«Целиноград ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15

8(716 51) 312-06, 311-33

16.

«Шортанды аудандық әкімінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылай хан көшесі, 22

8(716 31) 215-04, 211-44

17.

«Щучинск ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 34

8(716 36) 458-88

18.

«Степногор қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногор қаласы, 4-шағын аудан, 1 үй

8(716 45) 619-09

19.

«Көкшетау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57

8(7162) 401-364

Ақтөбе облысы

1.

«Алға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4-шағын аудан, 7 «а» үй

8(71337) 318-76, 333-46, 541-95

2.

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 52

8(713 39) 215-35, 216-80

3.

«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев көшесі, 36

8(713 45) 225-56, 228-50

4.

«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан даңғылы, 52

8(713 43) 213-77, 215-63

5.

«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик көшесі, 2

8(713 42) 215-33, 230-02

6.

«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық көшесі, 53

8(713 41) 215-33, 214-39

7.

«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36

8(713 31) 216-33, 215-49

8.

«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесі, 6

8(713 33) 362-01, 367-22

9.

«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұдық ауылы, Киреев көшесі, 4

8(713 46) 227-48, 227-84

10.

«Ойыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев көшесі, 3

8(713 32) 217-44, 217-32

11.

«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный бұрылысы, 2

8(713 36) 216-51, 216-52

12.

«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібарұлы көшесі, 84

8(713 35) 213-36, 231-93

13.

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі»

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2

8(7132) 211605, 211580

Алматы облысы

1.

«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 50

8(728 33) 210-33, 225-64

2.

«Ақсу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір кенті, Желтоқсан көшесі, 5

8(728 32) 215-80, 222-90

3.

«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 72

8(728 73) 913-70, 918-53

4.

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы көшесі, 312

8(728 75) 453-57, 415-50

5.

«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 31

8(728 36) 312-00, 307-74

6.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзынағаш ауылы, Мәжитов көшесі, 4

8(728 70) 228-51, 233-48

7.

«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 33

8(728) 52-235-05, 236-94

8.

«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлова көшесі, 67

8(728 34) 215-36, 213-82

9.

«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр көшесі, н/ж

8(728 71) 210-80, 220-37

10.

«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек кенті, Тимирязев көшесі, 1

8(728 40) 320-68, 314-34

11.

«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би кенті, Мырзабеков көшесі, 38

8(728 38) 217-61, 202-95

12.

«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 22

8(728 31) 507-69, 517-75

13.

«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 19

8(728 77) 212-52, 214-50

14.

«Сарқант ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант қаласы, Тынышбаев көшесі, 8

8(728 39) 227-39, 213-04

15.

«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65

8(728 74) 214-00, 236-89

16.

«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Исмаилов көшесі, 70

8(728 78) 228-25, 217-04

17.

«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13

8(728 72) 422-65, 411-76

18.

«Текелі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34

8(728 72) 425-24, 447-70

19.

«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256

8(728 22) 710-00, 707-08

Атырау облысы

1.

«Атырау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттық алаңы, 65 А

8(712 23) 548-47, 328209

2.

«Жылыой ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлсары қаласы, Әбдірахманов көшесі, 47

8(712 37) 214-85

3.

«Индер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индер кенті, Қонаев көшесі, 18

8(712 34) 210-50

4.

«Махамбет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауылы, Махамбет көшесі, 13

8(712 36) 210-21

5.

«Исатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 7

8(712 31) 204-57

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет