Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорлары туралы АҚпарат



бет1/4
Дата26.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#44849
  1   2   3   4



Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорлары туралы

АҚПАРАТ

(2012 жылдың 8 тамызындағы мәлімет бойынша)


Қор



Қордың атауы

Қордың көлемі (сақтау бірлігі)

Құжаттардың сипаттамасы



Қазақстан Республикасының Конституциясы

1

Он екінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 28 қаңтардағы тоғызыншы сессиясында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні.




Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі

2486

1991-1995 жылдардағы құжаттары: Жоғарғы Кеңесі Төрағасының ресми сапарлары туралы есептер; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Парламентаралық Ассамблеясының, Халықаралық Парламентаралық Одақ жұмыстары туралы құжаттар; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде шетел делегацияларын, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерін қабылдау туралы құжаттар; депутаттық сауалдар бойынша құжаттар; Парламентаралық байланыстар, азаматтар өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен, ведомстволарымен, шетел мемлекеттерінің өкілдіктерімен хаталмасу және т.б.

1992-1995 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Бақылау Палатасы Төрағасының жеке құрам бойынша өкімдері; депутаттардың, Аппарат және Орталық сайлау комитеті қызметкерлерінің жалақысын аудару бойынша дербес шоттары, келісім-шарт бойынша қызмет ететіндердің жалақысын аудару бойынша дербес шоттары, депутаттардың көмекшілеріне жалақы аудару бойынша дербес шоттары.

1992-1995 жылдары жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.




Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

555

1988-1997 жылдардағы құжаттар: Қазақстан Республикасы ОСК отырыстарының хаттамалары мен қаулылары; сайлау нәтижелері туралы ақпараттар; сайлау учаскелерінің саны жөніндегі мәліметтер; депутаттардың, саяси партиялардың тізімдері, үгіттеу баспа материалдары және т.б.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты



4857

1994-1999 жылдардағы құжаттар: қаулылар (1994-1999 жылдар), өкімдер, Қазақстан Республикасының Үкімет Аппараты отырыстарының хаттамалары және оларға қатысты құжаттар; Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына сараптамалар; отырыстардың, мәжілістердің, кездесулердің, пресс-конференциялардың стенограммалары; өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы қаулылардың орындалу барысы туралы құжаттар және т.б.

1994-1996 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтардың көшірмелері, жалақы аудару бойынша дербес шоттар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.





Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

332

1992-1995 жылдардағы құжаттар: Конституциялық Соттың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кабинетінің нормативтік құқықтық актілері; Сот отырыстарының хаттамалары мен қаулылары және оларға қатысты құжаттар, Сотпен қабылданған карарлар, Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратымен, Министрлер Кабинетімен, Жоғарғы Кеңесімен Соттың қызметіне қатысты мәселелер бойынша хат алмасулар; Жылдық бухгалтерлік есептер, штаттық кестелер және оларға қатысты құжаттар; түскен өтініштерді (ұсынымдарды) есепке алу картотекалары; өтініш құжаттарын қарау нәтижелері туралы мәліметтер; судьялардың жеке істері; конституциялық сот өндірісінің істері; ұйымдар мен азаматтардың өтініштері.

Жеке құрам бойынша құжаттар: Сот Төрағасының және Төраға орынбасарының жеке құрам бойынша өкімдері; жалақы аудару бойынша судялардың және Сот Аппараты қызметкерлерінің дербес шоттары; Аппараттың жұмыстан босатылған қызметкерлерінің жеке істері.






Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

2760

1992-2007 жылдардағы құжаттар: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Министрлер Кабинетінің сот қызметі және кадрлық мәселеге қатысты Жарлықтары, қаулылары, өкімдері және басқа да нормативтік актілері; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының (Пленарлық отырыс) және Президиумының (Қадағалау алқасы) құжаттары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бірінші инстанциясы бойынша қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының құжаттары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Судьяларының республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық және қадағалау инстанцияларында қаралған шаруашылық істері жөніндегі сот алқасының құжаттары; Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратымен, Қазақстан Республикасы Парламентімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, прокуратура органдарымен, Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және басқа да министрліктермен, облыстық соттармен негізгі қызмет бойынша хат алмасу. Жоғарғы Соттың жұмысы және іс-шаралары туралы жоспарлар; істердің тізімі, қылмыстық, азаматтық және жалпы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Президиумы, Пленумы отырыстарының хаттамалары.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы тұрақты қызмет ететін Ғылыми-кеңестің хаттамалары; қылмыстық және азаматтық істер және оларға қатысты құжаттар; қылмыстық және азаматтық істер бойынша бақылау және қадағалау өндірістері; 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы бойынша қадағалау өндірістері; Жоғарғы Сот Аппаратының шығын сметалары, жылдық бухгалтерлік есептер.






Қазақстан Республикасының Жоғары төрелік соты

91

1992-1995 жылдардағы құжаттар: Жоғары төрелік соттың қызметіне қатысты Жоғарғы Соттың және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулылары; Қазақстан Республикасының Министрліктер Кабинетімен және Президент Аппаратымен арбитраждық тәжірибені талдау мәселелері бойынша хат алмасулар; шешімдердің заңдылығын қадағалау бойынша Сот алқасы отырыстарының хаттамалары мен қаулылары; негізгі қызмет бойынша бұйрықтар; жұмыс жоспарлары; Соттың және облыстық төрелік соттардың жылдық есептері; Соттың және облыстық төрелік соттар қызметтерінің негізгі бағыты бойынша құжаттар; ТМД елдерінің Төрелік соттарымен қарым-қатынас туралы келісім-шарттар.




Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі


10290

1992-2008 жылдардағы құжаттар: Әділет министрлігі алқа отырыстарының хаттамалары мен қаулылары; Министрлік өткізген Сот, нотариалдық, адвокаттық тәжірибені зерттеу және жетілдіру бойынша құжаттар және т.б.

1996-2000 жылдардағы құжаттар: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Парламентімен және Қазақстан Республикасы Үкіметімен хат алмасу; Әділет министрлігінің алқа отырыстарының хаттамалары; жылдық статистикалық есептер; соттардың, әділет басқармаларының қызметін тексеру бойынша құжаттар; нормативтік жобаларға құқықтық сараптама бойынша құжаттар; құқықтық қарым-қатынас туралы келісім-шарттар, келісімдер, конвенциялар; Әділет министрлігінің біліктілік алқасының хаттамалары; орталық аппараттың штаттық кестесі; шығын сметалары және т.б.

2001-2008 жылдардағы құжаттар: Әділет министрлігінің алқа отырыстарының хаттамалары; негізгі қызмет бойынша бұйрықтары; Әділет министрлігі орталық аппараты бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жылдық есептер; әділет жүйесі бойынша жылдық баланстар мен оларға қосымшалар; салық және басқа да бюджетке төлемдер бойынша есептер; сметаларды орындау бойынша қаржы есептері; нормативтік-құқықтық актілер және халықаралық келісім-шарттар жобаларына құқықтық сараптама жасау бойынша құжаттар және т.б.




Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

1070

1991-2005 жалдардағы құжаттар: Бас прокуратураның алқа отырыстарының хаттамалары; жұмыс жоспарлары; прокурорлық қадағалау және қылмыстық-азаматтық сот тәжірибесі бойынша жұмыстарды куәлайтын шолулар, анықтамалар, талдаулар, мәлімдемелер, ақпараттық хаттар; Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетімен прокуратура органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша хат алмасулар; заң бұзушылықты және оның болуына жол беретін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар; заңға қайшы актілерге протесттер; мемлекетаралық және ведомствоаралық келісімдер және басқа да құқықтық актілер жобаларына ескертулер, ұсыныстар; облыстық прокуратураларды тексеру бойынша анықтамалар; штаттық кестелер; жылдық баланстар; жылдық жұмыс жоспарлар, қаржылық есептер, шығын сметалары; «Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» кеуде белгісімен марапаттау туралы ұсынымдар, мінездемелер және т.б.




Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі

2535

1992-2002 жылдардағы құжаттар: негізгі көрсеткіштер; индикативтік жоспарлардың жобалары, Қазақстан Республиканың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық дамуының болжамдары; экономикалық қарым-қатынас және шетелдік инвестиция бойынша құжаттар; шетел мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстар туралы хат алмасулар және т.б.

1991-2002 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, жалақы аудару бойынша дербес шоттар; зейнетақы тағайындау, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік кластарын бекіту бойынша құжаттар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.






«Эйр Қазақстан» Жабық акционерлік қоғамы (ЖАО)

5420

1996-2007 жылдардағы құжаттар: «Эйр Қазақстан» ЖАО Директорлар кеңесі акционерлері жиналыстарының, Директорлар Кеңесі, Басқармасы отырыстарының хаттамалары.

Конкурстық өндіріс құжаттары.

1997-2007 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, дербес шоттар, міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша құжаттар, өндірісте болған қайғылы оқиғаларды тергеу актілері, қызметкерлермен жеке еңбек шарттары, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.




«Асар» Республикалық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі


825

2003-2006 жылдардағы құжаттар: съезд, конференциялар Саяси және Орталық кеңес отырыстарының хаттамалары мен шешімдері, партия Лидерінің сөйлеген сөздерінің мәтіндері, үндеулері; бастауыш ұйымдар өткізген конференциялар, дөңгелек үстелдер хаттамалары, облыстық филиалдар мен өкілдіктердің ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен хаталмасулары.

2003-2006 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, есеп айырысу-төлем ведомостері, зейнетақы жарналарын аудару бойынша құжаттар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері мен жеке карточкалары.





Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі


250

1997-2001 жылдардағы құжаттар: алқа отырыстарының хаттамалары, Агенттіктің негізгі қызметі мәселелері бойынша ұйымдармен, министрліктермен және ведомстволармен хат алмасулар және т.б.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестордың құқығын қорғау туралы Конвенция» жобасын жасау туралы тапсырмалары, ҚР пайдалы қазбаларды барлау және игеруге лицензия алу құқығы үшін инвестициялық бағдарламаларға конкурс өткізу тәртібі туралы ережелер, Төраға бұйрықтары, Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің контрактілерді дайындау бойынша жұмыс топтарымен өткен мәжілістер хаттамалары, жиынтық статистикалық есептер, депутаттардың сауалдары, басқа да негізгі қызмет бойынша құжаттар.

1996-2001 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, қаулылар, жалақы аудару бойынша дербес шоттар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.




Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

1304

1992-1996 жылдардағы құжаттар: халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Министрлік туралы ереже, Алқа отырыстарының хаттамалары мен оның шешімдері, Министрліктің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары.

Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, ведомстволармен, ұйымдармен негізгі қызмет бойынша хат алмасу.

Жылдық статистикалық есептер, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері қызметінің барлық бағыты бойынша қаржылық есептер, зейнетақы қоры бюджетін, көлемін және оның бөлінуін орындау бойынша есептер, жұмыс жоспарлары, штаттық кестелер.

Республика бойынша зейнеткерлердің саны және олардың ай сайынғы зейнетақы сомасы, жалғыз басты және аз қамтылған азаматтарға көмек, мүгедектерді протездеу туралы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін марапаттау туралы құжаттар, дербес зейнеткерлердің жеке істері (1995-1996 жж.).

Жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, жалақы аудару бойынша ведомостер, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.




Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі

85

1992-1994 жылдардағы құжаттар: Министрлер Кабинетіне, Жоғарғы Кеңеске берілетін Министрліктің баяндамалары, ақпараттары, ұсыныстары; Алқа отырыстарының, экспорт және импорт бойынша республиканың сауда ұйымдарының қатысумен өткен кеңейтілген отырыстардың материалдары; мемлекеттік сауданы дамытудың республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалары және т.б.

1992-1994 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: Министрліктің және аумақтық әскерилендірілген күзет инспекциясының бұйрықтары; Министрлік қызметкерлеріне жалақы аудару туралы ведомостер.

1985-1992 жылдары жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.

1993-1994 жылдарда ҚХР өкілдігі қызметкерлеріне жалақы аудару бойынша ведомостері.







Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі

122

1991-1997 жылдардағы құжаттар: Министрліктің қаржылық қызметі туралы, шетел мемелекеттерімен өнімдерді экспорттау, импорттау бойынша қарым-қатынас туралы және т.б.

1991-1997 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: Министрліктің және аумақтық әскерилендірілген күзет инспекциясының бұйрықтары; Министрлік қызметкерлеріне жалақы аудару туралы ведомостер, жұмыстан босатылғандардың жеке карточкалары.

1995 жылы ҚХР өкілдігі және Қазақстан Республикасының ҚХР сауда өкілдігі қызметкерлеріне жалақы аудару бойынша ведомостері де бар.




Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

4060

1992-2004 жылдардағы құжаттар: негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, Министрліктің Алқа отырыстарының хаттамалары мен қаулылары және оларға қатысты құжаттар; нарықтық құрылымды жетілдіру мәселелері бойынша қаулылардың, нормативтік құқықтық актілердің жобалары; нарықтық қайтақұрылулар мәселелері бойынша республикалық мәжілістердің құжаттары; ауылшаруашылық өнімдерін дайындау және өндіру, тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша құжаттар; мал шаруашылығын дамыту бойынша жағдайлар мен шаралар туралы хат алмасулар, асыл тұқым ісі, ветеринария бойынша құжаттар; қаржыландыру және капиталды салымдардың жылдық жоспарлары, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық кәсіпорындарының жылдық жиынтық есептері және т.б.

1996-2003 жылдардағы жобалық құжаттамалар (ауыл шаруашылығы саласындағы мынадай жобаларды жүзеге асыру бойынша кешенді құжаттар: «Ирригация және дренажды жақсарту», «Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру», «Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы табысын ұлғайту»).

1997-2007 жылдардағы конкурстық құжаттар.




Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

553

1992-1997 жылдардағы құжаттар: министрліктің Алқа отырыстарының, мәжілістерінің хаттамалары; Қазақстан Республикасының Үкіметімен, министрліктер және ведомстволармен экология және табиғи ресурстарды қорғау мәселелері бойынша хат алмасулар; сөйлеген сөздердің мәтіндері; шетелдік фирмалардың техникалық көмек көрсетуі бойынша баяндамалар және т.б.




Қазақстан Республикасының Көлік құрылысы министрлігі

22

1992-1993 жылдардағы құжаттар: Министрліктің Алқа отырыстарының қаулылары мен хаттамалары; Министрдегі мәжілістердің хаттамалары; автожолдарды салу, эксплуатациялау және қаржыландыру мәселелері бойынша хат алмасу және т.б.




Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі

77

1992-1994 жылдардағы құжаттар: Министрліктің алқа отырыстарының қаулылары мен хаттамалары; Министрдегі мәжілістердің хаттамалары; халықаралық қарым-қатынас жоспарларына ұсыныстар және оларды қарау бойынша хат алмасулар; электробайланыс объектілері жобаларына сараптау қорытындылары және т.б.




Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі


95

1992-1997 жылдардағы құжаттар: сметалық-келісімдік құжаттамалар; капиталдық құрылыс үшін жер учаскелерін бөлу ісіне қорытындылар; құрылыс, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ендіру және эксперименталды жобалау мәселелері бойынша хат алмасулар және т.б.



Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі

520

1991-1996 жылдардағы құжаттар: техникалық мәжілістердің, пайдалы қазбалар қоры бойынша Орталық комиссияның секция отырыстарының хаттамалары; геофизикалық жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттің жер қойнауын қорғау, сыртқы экономикалық байланыс мәселелері бойынша министрліктермен, ведомстволармен хат алмасу және т.б.

1991-1996 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: жеке құрам бойынша бұйрықтар, Министрлік қызметкерлеріне жалақы аудару бойынша карточкалар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.






Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

1582


1991-2004 жылдардағы құжаттар: Алқа отырыстарының қаулылары және оларға қатысты құжаттар, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, денсаулық сақтау мәселесі бойынша халықаралық келісімдер.

Халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға қатысу, медициналық және арнайы көмек көрсету, ана мен бала денсаулығын қорғау, денсаулық сақтау қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері» атағына ұсыну туралы құжаттар және т.б.






Қазақстан Республикасының Білім министрлігі

270

1992-1996 жылдардағы құжаттар: Алқа отырыстарының хаттамалары және оларға қатысты құжаттар; ЖОО-на және арнайы оқу ұйымдарына абитуриенттерді қабылдау жоспарлары; оқушыларды кәсіби оқыту және жалпы оқыту мектептерін және мектеп-интернаттардың материалдық базасы туралы есептер, жалпы оқыту мектептері, мектепке дейінгі балабақша мекемелері, педагогикалық қызметкерлер саны мен құрамы туралы есептер; білім саласы қызметкерлерін марапаттау туралы құжаттар және т.б.




Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі

131

1997-1999 жылдардағы құжаттар: аппараттық мәжілістер хаттамалары, мәдениет, білім, денсаулық сақтау саласында халықаралық қарым-қатынастар туралы құжаттар, астана ретінде Астана қаласының тұсау кесер рәсімін өткізу туралы, сала қызметкерлерін марапаттау туралы құжаттар; Қазақстан Республикасы Президентінің «2030 Стратегиясын», халыққа жолдауын насихаттау және жүзеге асыру бойынша ақпараттар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясына конкурс жүргізу туралы, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру туралы құжаттар; «Болашақ» бағдарламасы студенттерінің тізімдері және т.б.




Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі

52

1990-1994 жылдардағы құжаттар: сыртқы экономикалық қызмет және сауда-экономикалық қарым-қатынас бойынша, шетелдік несиелер мен инвестицияны Қазақстан Республикасының салаларына тарту бойынша, еркін экономикалық аймақ туралы жобалар бойынша, құжаттар; Министрдегі аппараттық мәжілістердің хаттамалары және т.б.

1990-1994 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: министрліктің бұйрықтары, қызметкерлерге жалақы аудару бойынша ведомостер.




Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет