Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған



Дата27.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#5926
Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

құрметіне арналған


«Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!»

конференциясы мен фестивалі Алматыда – Түркістанда!
«Бейбітшілік әлемі» (World of Рeacе) Бірлестігінің Халықаралық Ғалымдар Одағы - Ұстаздар Одағы

Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция ұйымдастырады. Конференцияның мақсаты: Еліміздің бейбіт аспаны, тәуелсіздігі аясында конференциялар, байқаулар, кездесулер өткізу арқылы балалар мен жасөспірімдердің тарихи танымының, рухани байлығының мол болуына, жан-жақты өнерлі, білімді, заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына үлес қосу, жасөспірімдерді ғылыми және жобалау жұмыстарына баулу, талантты оқушылардың ғылыми жетістіктерін қоғамға танымал ету. Ұстаздардың біліктілігіне үлес қосу, тәжірибелі ұстаздардың ғылыми жетістіктерін қоғамға таныту, жас ұстаздарды зерттеу-жобалау жұмыстарына баулу, жалпы білім беру орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін жариялау. Ұстаздар мен шәкірттерінің мерейінің биік болуына және Отанымыздың басқа өңірлерінен жаңа достар табуына, тәжірибе алмасуына ықпал ету.

Конференцияның салалары: АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, АСТРОНОМИЯ, ИНФОРМАТИКА, ТАРИХ, ФИЛОСОФИЯ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, ӘДЕБИЕТТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ, ФИЛОЛОГИЯ, ШЕТ ТІЛДЕРІ, ПСИХОЛОГИЯ, ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР, ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ, ЭКОЛОГИЯ, БИЗНЕС, ЭКОНОМИКА, БАСҚАРУ, КӘСІПКЕРЛІК, ТУРИЗМ, АРХИТЕКТУРА, ДИЗАЙН, МУЗЫКА, ҚОЛӨНЕР, КӨРКЕМСУРЕТ, т. б. ғылымдар мен білім саласының пәндері. Жұмыс тілдері: қазақ және барлық әлем ұлттарының тілдері.

Конференция нәтижесінде үздік баяндамашылар анықталып, «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен және I, II, III-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конференцияда ғалымдармен сұхбаттасуға, жобалармен танысуға, жаңа идеялармен алмасуға болады. Қатысушылар ғылыми жұмыстарын баяндап немесе мастер-класс көрсетіп, тәжірибесімен бөлісе алады.

Оқушыларға ұйымдастыру және төсбелгі жарнасы, бір қатысушыға - 15 (он бес) мың тг.

Ұстаздарға конференцияның ұйымдастыру және төсбелгі жарнасы - 17 (он жеті) мың тг.

Ұстаздар «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен мектеп әкімшілігінің ұсынысымен марапатталады. Ұйымдастыру жарнасының ішіне кіреді: баспасөз, жарнама, конференцияны өткізу қызметі, марапаттау салтанаты, ғылыми баяндамасы үшін Диплом, Төсбелгі, Конференцияны интернетте http://vk.com/world_of_peace_at адресінде жариялау. Жетекшіге ұйымдастыру жарнасы - 4 мың тг., (конференция қызметі, конференц-зал қызметі, Алғыс хат, естелік). Үш оқушыға жауапты болып келген жетекшіден жарна алынбайды. Қатысушылардың жатын орны, тамағы, жол ақысы – Өзінің немесе Демеушінің есебінен.

ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ мақсаты: Еліміздің бейбіт аспаны, тәуелсіздігі аясында тарихи мерейтойларға арналған байқаулар арқылы балалар мен жасөспірімдердің тарихи танымының, рухани байлығының мол болуына, жан-жақты өнерлі, білімді, заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Ұстаздар мен шәкірттерінің мерейінің биік болуына және Отанымыздың басқа өңірлерінен жаңа достар табуына, тәжірибе алмасуына ықпал ету.

ЖАНРЛАР: Ән - Вокал – эстрада, дәстүрлі ән, терме;

Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі /домбыра, баян, жетіген, скрипка т.б./;

Би - Хореография – классикалық, ұлттық және заманауи билер;

Көркем сөз – өлең, әңгіме оқу, авторлық шығарма оқу, «қырықөтірік», ертегі айту;

Театралдық қойылымдар, әзіл-сықақ өнері, КВН, фокусниктер мен иллюзионистер өнері;
КӨРМЕқолөнер бұйымдары, көркемсурет, фотосурет, дизайн көрмесі.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Үміткер: Жеке Үміткер; Топ, оркестр, ансамбльдың әрбір мүшесі - Үміткер. Үміткер фестивальдың таңдаған негізгі жанрында қазылар алқасына бір шығарма дайындайды және барлық жанрларда өзінің туындыларын әкеле алады. Әр үміткерге шығармасын орындауға - 3-4 минут уақыт беріледі. Фонограммаға рұхсат етілмейді. Шығарманың музыкалық үні Флешкаға таза жазылуы тиіс. Мерейтойға шашу арнауға (плюсовка) рұхсат.

Қазылар алқасы: Мәдениет, өнер, әдебиет, білім саласындағы елімізге танымал қайраткерлер,

ғалымдар, ұстаздар, Халықаралық және Республикалық конкурстардың Лауреаттары.



ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ: Үміткерлердің жас деңгейі: оқушылар - төменгі топ 5-6 жас, кіші 7-9, орта 10-13, жоғарғы 14-17 жас. Жанрлар бойынша және жас деңгейіне сай Бас жүлде иегерлері, I, II, III орындар анықталады. Дарындылар «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЛАПТАРЫ: Үміткерлер: жеке Үміткер; топ, оркестр, ансамбльдың әрбір мүшесі - Үміткер. Үміткерден білім орны, орындайтын шығармасы жайлы, фотосы бар РЕЗЮМЕ және эпидаумақ анықтамасын қабылдаймыз. Фестивальдың ұйымдастыру жарнасы бір үміткерге - 15 мың тг.

Топ, ансамбльдер он баладан асық болса жеңілдіктер жөнінде Ұйымдастыру бөліміне хабарласыңыздар.



Ұйымдастыру жарнасының ішіне кіреді: үміткерге таланты үшін Диплом, төсбелгі (значок). Баспасөз, жарнама, байланыс қызметі, фестивальдың ұйымдастыру қызметі, сахна залы, қолөнер көрмесі қызметі, марапаттау салтанаты. Фестиваль жайлы интернетте http://vk.com/world_of_peace_at адресінде жариялау.

Қатысушылардың жатын орны, тамағы, жол ақысы – Өзінің немесе Демеушінің есебінен.

Жетекшілер: ұстаз, көркемдік жетекші, ата-ана, демеуші. Ұйымдастыру жарнасы бір жетекшіге - 4 мың тг. (фестивальдың ұйымдастыру қызметі, сахна залы қызметі, Алғыс хат. Үш үміткерге жауапты болып келген ұстаздан жарна алынбайды. Жетекшіден фотосы бар Резюме, эпидаумақ анықтамасын қабылдаймыз; Ұстаздар «Бейбітшілік әлемі» (World of Рeacе) Бірлестігінің Алғыс хатымен, «Ел мақтанышы», «Алтын Адам» Құрмет дипломдарымен жетістіктері негізінде марапатталады.



АЛМАТЫ - 18 желтоқсан

18 желтоқсан - қатысушыларды тіркеу 9.00-11.00,

18 желтоқсан - 11.00 - мерейтойдың Ашылу рәсімі,

Елімізге еңбек сіңірген тұлғаларды,

«Үлгілі отбасыларын» құттықтау,

12.00-18.00 Фестиваль Конференцияның өтуі

18.00-19.00 Марапаттау Салтанаты

Алматы қаласын, және Алматыға жақын аудандарды, ерте келген қонақтарды 17-сі күні тіркеуге аламыз

ТҮРКІСТАН - 5 қаңтар

5 қаңтар - қатысушыларды тіркеу 9.00-11.00,

5 қаңтар - 11.00 - мерейтойдың Ашылу рәсімі,

Елімізге еңбек сіңірген тұлғаларды,

«Үлгілі отбасыларын» құттықтау,

12.00-18.00 Фестиваль Конференцияның өтуі

18.00-19.00 Марапаттау Салтанаты

5 қаңтарда Түркістан театрында академик Әбдіәлі Нұрмановтың шығармашылық кешіне жарнасыз қатысасыздар


Ұйымдастырушы: «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» (Планета мира) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Мекен-жайымыз: 050052, АЛМАТЫ қаласы, Жандосов / Яссауи көшелері қиылысы,

Интернет адресіміз: http://vk.com/world_of_peace_at почтамыз: academy_of_talants@mail.ru

Барлық сұрақтарыңызға жауап береміз, ұйымдастыру алқасының басшысы: Аят Мәдібекұлы,

Жанаргүл Өнерханқызы Бақытжан Әбдікәрімұлы
Актив (васап) 8 702 979 2027 Вееline (васап) 8 776 979 2027

МАРАПАТТАУЛАР жайлы ақпараттар: «Бейбітшілік әлемі - Планета мира» Халықаралық Бірлестігінің Халықаралық Ұстаздар, Ғалымдар, Өнер Одақтары мүшелігінің жарнасы - 12 мың тг., төсбелгі (значок), куәлік беріледі.

«БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ - ПЛАНЕТА МИРА» Халықаралық Бірлестігі Отанымыздың, әлемнің дамуына зор үлес қосқан, ел ынтымағының нығаюына еңбек еткен азаматтарды халықаралық медальдармен, төсбелгілермен марапаттайды. «Бейбітшілік әлемі» Алтын, Күміс медалімен - халықтар достығына, ел ынтымағына қызмет еткен азаматтар, «Ұлт мақтанышы - Гордость нации», «Ел ардақтысы», «Элита», «Абылай Xанға 300 жыл», «Қазақ Хандығына 550 жыл» медальдерімен - еліміздің, әлемнің дамуына еңбек сіңірген азаматтар, «Әлемнің мейірімді адамы», «Добрые люди мира» медальдерімен - зейнеткерлер, аналар, тәрбиешілер, «Халық мұғалімі», «Лидер образования, «Михаил Шолохов», «Ыбырай Алтынсарин», «Шоқан Уәлиханов», «Әзілхан Нұршайықов», «Мұқағали Мақатаев», медальдерімен - ұстаздар, ғалымдар, ақын-жазушылар, әдебиетшілер, «Мәдениет майталманы» - мәдениет, «Авиценна» медалімен - медицина саласына мол еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Бейбітшілік әлемін» қолдау арқылы қайырымдылық жасағандар марапатталады. Куәлік, Медаль, Диплом табыс етіледі. Марапаттау комиссиясына үміткерлерден - қызмет істейтін ұжымының басшысынан ұсыныс, жеке куәлігінің көшірмесі, 2 дана (3*4) фотосурет қажет. Мерейтойлық жасқа келген азаматтар да марапатталады. Бес балалы отбасыларына «Үлгілі отбасы» атағы беріледі және «Элита» медалімен марапатталады.




Каталог: konf -> wp-content -> uploads -> 2016
konf -> К вопросу о специфике аккумуляции тяжелых металлов в одуванчике лекарственном
konf -> Филонова Н. В. учитель информатики и икт
konf -> АҚпараттық хат "ziat" Ғылыми-әдістемелік орталығы Сіздерді
uploads -> АҚпараттық хат география ғылымдарының кандидаты, география доценті, О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған педагогикалық институтында жұмыс істеген Темеерева Фарида Мамбеталиқызын еске алуға арналған «Географиялық білім берудің өзекті
konf -> Гу «отдел образования акимата города костаная»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет