Қазақстан Республикасы


Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер. Сүйір тұмсық көлбақа



бет6/6
Дата18.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#11770
1   2   3   4   5   6

1.Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер. Сүйір тұмсық көлбақа.


2.Орманды дала жерлерінде кездесетін қоcмекенділер.Қызыл бауыр шұбар бақа. Сібір бұрыштістісі. Шөпбақа. Тарбақа . Сүйіртұмсықты көлбақа .

3.Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін қосмекенділер. Жасыл құрбақа.Қызылаяқ бақа.

4.Орманды дала жерлерінде кездесетін құстар. Құр, Дыркептер,Тырна, Жылқышы, Қырғи, Аққұр.

10-апта

ОБСӨЖ № 29


ОБСӨЖ тақырыбы: Қосмекенділер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жетісу аяқтыбалығы.

2.Данатин құрбақасы.

3.Жұмырбас шұбар кесіртке.



ОБСӨЖ мақсаты: Қосмекендіні қорғайтын қорық ұйымдастыру және қолдан өсіру тәсілдерін жетілдіруі мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні:

Жетісу аяқтыбалығы – таралу аймағы шағын сирек кездесетін түр. Тек Жоңғар Алатауының таза ағынды тау өзендерінде тараған. Жетісу аяқтыбалығының санына және уылдырығының сақталуына өзендердегі су деңгейінің тұрақты болмауы және мал жаюға байланысты олардың ластануына әсерін тигізеді. Қосмекендіні қорғайтын қорық ұйымдастыру және қолдан өсіру тәсілдерін жетілдіру керек.

Данатин құрбақасы – Қазақстанда зерттелмеген түр. Тіршілік жақтары белгісіз, себебі ғылымға тек 1978 жылдан кейін ғана белгілі. Санының кемуі жайында да деректер жоқ. Жаңа зерттеулер нәтижесінде бұл құрбақаның таралуы толық анықталса, оның болашақта Қызыл кітап бетінен шығарылуы да мүмкін.

Қызылаяқ бақа – саны азайып, таралу аймағы тарылып келе жатқан түр. Қазақстанда Оңтүстік Балқаш өңірінің көп бөлігін мекендеген. Соңғы он жыл ішінде көп жерлерде, соның ішінде Алматы қаласының төңірегінде де жойылып кеткен. Мүмкін оны бақталасы көлбақа мекендейтін ортасынан ығыстырып шығарған да болуы керек. Шарын өзенінің аңғарынан қорық ұйымдастыру қажет.

Жұмырбас шұбар кесіртке – оны кейде шұбар батбат деп те атайды. Қазақстанда тек Қытаймен шекаралас екі шағын ауданда – Іле өзенінің аңғары мен Жоңғар қақпасына жақын жерлерде ғана кездеседі. Түрді сақтап қалу үшін оны қорғау жайында үгіт-насихатты күшейту жеткілікті.

Зайсан жұмырбас кесіртке –оны кейде Зайсан батбаты деп те атайды. Таралу аймағы шағын, тек Шығыс Қазақстандағы Зайсан ойпатында ғана кездеседі. Кесірткенің тіршілігі толық зерттелмеген. Сан мөлшеріне әсер ететін себептер белгісіз. Зайсан ойпатындағы мал жайылмайтын шағын құмды учаскелерді сақтау және ол жерлерде бұл түрдің биологиясын зерттеуді қолға алу керек.

10 – апта

ОБСӨЖ № 30

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстандағы жер бетіндегі негізгі биоресурстар.

Жер бетіндегі омыртқасыздар. Шаян.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Шаянтәрізділер класы – Crustacea.

2.Құрылысы мен физиологиясы.

3.Желбезекаяқтылар класс тармағы – Branchiopoda.



ОБСӨЖ мақсаты: Жер бетіндегі омыртқасыздар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Шаянтәрізділер класы – Crustacea. Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады. Осы белгілер оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.

Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-ге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айырықша белгілерімен ерекше. Оларда екі қос мұртшалары: акронның өскіндері – антеннулалары және денесінің бірінші сигментінің түрі өзгерген аяқтары-антенналары болады. Соған орай оларды антенна І және антенна ІІ деп атайды.



Құрылысы мен физиологиясы. Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады.

Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде (мысалы, жапырақ аяқтыларда) акрон тек антеннальді сигментпен тұтас қосылып протоцефалон деп аталатын алғашқы бас бөлімін құрайды. Қалған үш жақ сигменттері басымен қозғалмалы түрде байланысқан, жігі айқын.

Шаянтәрізділердің әртүрлі формаларында кеуде және құрсақ сигменттерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда сигменттерн саны тұрақты: кеуде бөлімінде – 8, құрсақ бөлімінде – 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны бар.

Бұлшық еттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты, шоғырланған. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін байланыстырады. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ буынына жалғасып, екіншісі басқасының қабырғасына жалғасатындай етіп орналасады. Қос жақтаулы бақалшағы бар шаяндарда бір жақтаудан екіншіге көлденеңінен өтетін ерекше тұйықтағыш бұлшық еті болады.



Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген, ішек каналы тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде.

Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланы жалғасымен қапталған, яғни эктодермальді. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған.

Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарымен қоректенеді.

Тыныс алу жүйесі. Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланысты. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. Олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер.

Қан айналу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі дәрежеде байланысты. Егер желбезек қызметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеуде де жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.

Жүректің алдыңғы, ал кейде артқы шетінен алдыңғы және артқы аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. Қан айналудың тәсілдері алуан түрлі.

Шаянтәрізділердің нерв жүйесі көп қылтанды буылтық құрттардыкіне ұқсас. Ол жұп бас миынан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина – коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.

Шаяндардың ұрықтану қабілеттілігі әр түрлі. Өзен шаяны 600-ге жуық жұмыртқа салады, олардың аналығы құрсақ аяқтарында 90 мыңға дейін жұмыртқаларды алып жүре алады.



Желбезекаяқтылар класс тармағы Branchiopoda. 700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерініңи саны тұрақсыз. Бас бөлімі және кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақ тәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ. Дамуы метаморфоз жолымен өтеді.

Екі отрядқа бөлінген: желбезекаяқтылар (Anoctraca) және жапырақаяқтылар (Phyllopoda).

Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарында қар ерігенен кейін қалатын уақытша су қоймаларында жиі кездесетін. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейт зоналарының ащыланған тұзды су қоймалары-лиман, ащы көлдерде мекендейді.

Жапырақаяқты шаяндар отряды – Rhullopoda. Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқтылар шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қос жақтаулы берік бас қалқаншасы карапакстің дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақ тәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады.

Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы – Conchostraca. Ұзындығы 30 мм-ге дейін, ұсақ шаян тәрізділер. Карапаксы денесін толық жауып тұратын қос жақтаулы бақалшағы түрінде дамыған. Екі жақтаулы жануар денесімен ІІ максилла сегментінен аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшық еттеріде дәл осы жерде. Кеудесі 10-32 сегментті, әрқайсысында екі бұтақты аяқтары бар. Құрсағы рудиментті, екі тырнақшаларымен аяқталады.

Conchostraca-ның 150-ге жуық түрі бар, көбінесе ұсақ тұщы су, кеуіп бара жатқан су қоймаларын мекендейді. Нашар жүзеді, сондықтан шөгінділерде көміліп тіршілік етеді.



Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы-Cladocera. 400- ге жуық түрі бар, ұзындығы 1-5 мм, шалшықтардан бастап ірі көлдерге шейін барлық суларда және кейбіреулері теңіздерде тіршілік ететін планктонды ұсақ шаян тәрізділер. Басым көпшілігінің денесі қосжақтаулы, мөлдір жұқа карапакс қабатымен жабылған. Антеннулалары қысқа, ал антенналары ұзын, екі бұтақты, көптеген қылқандармен жабдықталған, жылжу мүшенің қызметін атқарады, осылар арқылы суда секіріп қозғалады.

Бұтақмұртты шаяндардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы құрылысы да өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикломорфоз деп атайды.

Бұтақмұртты шаяндардың практикалық маңызы зор. Олар тек омыртқасыздарға ғана емес, барлық балық шабақтарына да қорек бола алады.

Ескекаяқты шаяндар отряды-Copepoda. Бұлар тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның және су түбі фаунасының ең мыңызды және тұрақты құрамы. Паразиттік түрлері де бар. Ұзындығы 0,1мм-ден 3см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30см-ге дейін. Денелері жақсы сегменттелген: басы көкірегінің бірінші сегментімен бірігіп біткен; кеудесі 5, құрсағы 4 сегментті, ұшы айырша аналь қалақшасымен аяқталады. 6000-нан астам түрі бар.

Бақалшақты шаяндар класс тармағы – бұлар тұщы суларда және теңіздерде, планктон қабатында жүзіп су түбінде жорғалап, не шөгіндіде көміліп тіршілік ететін өте ұсақ микроскоп арқылы көрінетін шаянтәрізділер. Ұзындығы 0,2 –23 мм-ге дейін теңіз формаларында , ал тұщы судағылардікі 0,3-7,3 мм. Негізгі ерекшеліктері карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы түрінде дамыған.

Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы – теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлеріде бар. Басқа класс тармақтарына қарағанда құрлық деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және соған сай іс-әрекеттері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы акрон және 4 сегмент, 8 кеуде және 6 құрсақ сегменттері болады. Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінген. Солардың ішіндегі ең көп тараған және ең маңызды отрядтар: жұқасауытты шаяндар, ауызаяқты, мизидалар, теңаяқты, бүйірімен жүзуші шаяндар, онаяқты шаяндар.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау сұрақтары:

1.Жер бетіндегі омыртқасыздар.Бақалшақты шаяндар.

2.Жазықты жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

Кәдімгі сарыбас жылан.Дала сұржыланы.

3.Орманды далалы жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

Саз тасбақасы.Секіргіш кесіртке.Тірі туатын кесіртке.

4.Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар. Құм айдахаршасы.

5.Жәндіктер: Жолақты тораңғы көбелек, Алексанор көбелегі, Бедромиус көбелегі, Алау түсті микрозегрис, Тораңғы филерема көбелегі.



11 – апта

ОБСӨЖ № 31

ОБСӨЖ тақырыбы: Тянь -Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Сарыбауыр немесе сарлан.

2.Өрнекті қара шұбар жылан.

3.Алай жалаңкөзі.



ОБСӨЖ мақсаты: Тянь -Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Сарыбауыр немесе сарлан – аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1,2м.Сүйір тұмсықты қысылған денесінен айқын бөлініп тұрады. Жыланнан айырмашылығы қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ірі ромбаға ұқсас қабыршақтар жапқан. Сарыбауыр Қазақстанның оңтүстігіндегі Батыс Тянь-Шань тау өзендері аңғарында, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікке дейін көтеріледі. Тау етектерінде, сайларда, бау-бақшаларда тіршілік етеді. Күндіз белсенді. Кеміргіш індеріне, тас, ағаш тамыры астына тығылады. Жәндіктермен, әсіресе ірі қоңыздармен қоректенеді, ұсақ кесіртке, кеміргіш, ұядағы жұмыртқа және балапандарды да жейді. Аналығы маусымның соңында пана жерде 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады. Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады. Жылына 6-7 ай белсенді. Сарыбауыр – зиянсыз бауырымен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Егер қолға түссе, шағайын деп ойламайды, тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды. Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Өрнекті қара шұбар жылан - өрмелегіш қара шұбар жылан туысының ұзындығы бір метрге жететін өкілі, усыз жылан. Басында ерекше қара суреті бар, арқасы аппақ түсті, әдетте денесін бойлай төрт қоңыр, сұрғылт-қоңыр жолақтар алып жатады. Қазақстанның барлық жерінде таралған. Тауда орманды белдеуге дейін көтеріледі. Негізінен кеміргіштермен қоректенеді, ағашпен жақсы өрмелейді. Сөйтіп ұяларды қиратып, жұмыртқа, балапандарды жейді. Қауіп төнсе, сылдырмақ жыландар сияқты құйрығының ұшын сілкиді. 8-16 жұмыртқа салады. Қыста 5 ай ұйқыда болады.

Алай жалаңкөзі – ұсақ (ұзындығы 12-14 см, көп жерін құйрығын алып жатыр), тегіс, қара түсті бауырымен жорғалаушы. Күйлеу кезеңінде құрсағы (әсіресе аталығы) жалтыраған қызғылт сары түсті болады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тауларында тіршілік етеді. Теңіз деңгеімен 3800 метр биіктіктегі құздар мен шөгінділерде кездеседі. Жыландыкі сияқты қосылып өскен мөлдір қабақтарына байланысты осылай аталған. Әр түрлі жартастарды мекендейді. Жаз соңында 3-7 ұсақ кесірткелер туады. Жылына 5-6 ай ұйқыда болады. Егер қыста күн жылынып, қар ерісе жер бетіне шығады.

11 – апта

ОБСӨЖ № 32

ОБСӨЖ тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Сары жылан.

2.Шұбар кесірткі.

3.Жолақ қара шұбар жылан.



ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстандағы бауырмен жорғалаушылармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Кесел – Қазақстанда тек Қызылқұмда ғана мекендейді. Саны аз және 2 түрлі себептен: тіршілік мекенінің азып-тозуы (жер жырту, мал жаю) мен адамдадың тіклей жоюына (халық арасында бұл үлкен кесіртке бақытсыздық әкеледі деген сенім бар) саны азаюда. Қызылқұм қорығын ұйымдастыру керек.

Сары жылан – оны кейде сарыбауыр немесе сарлан деп атайды. Қазақстанда тек Батыс Тянь-Шаньның тау бөктердерінде – Сырдария өзенінен бастап Шу өзенінің аңғарына дейінгі шағын территорияда таралған. Бұл ірі аяқсыз кесіртке санының кемуінің негізгі себебі – оны жыланның бір түрі деп есепсіз жою. Сары жыланды қорғау үшін үгіт-насихат жүргізу керек. Оны өлтіргені үшін айып салуды да ойластырған жөн.

Үлкен көз кесіртке немесе дәукөз кесіртке – тіршілігі зерттелмеген түр. Қазақстанда бұл кесірт Орталық Тянь-Шань мен Зайсан ойпатынан ұсталған бірнеше данасымен ғана белгілі. Санына әсер ететін себептер анықталмаған. Таяу арада оның биологиясын және таралуын зерттеп, Қызыл кітапта алатын орнын анықтау керек.

Шұбар кесірткі – таралу аймағы шағын, зерттелмеген түр. Қазақстанда Зайсан ойпатындағы Айғырқұмның оңтүстік шетіндегі құмдардан 4 данасы ғана ұсталған. Саны өте аз. Бұл кесірттің биологиясын және сан мөлшеріне әсер ететін себептерін зерттеу керек.

Жолақ қара шұбар жылан – сирек кездесетін, аз зерттелген түр. Қазақстанда тек Алтайдың оңтүстігі мен Зайсан ойпатынан ғана ұсталған. Бұл жылан санының өте төмен болу себептері және оның тіршіліг белгісіз. Алтай мен Зайсан ойпатында түрді жан-жақты зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Қызылжолақ қара шұбар жылан – Қазақстанда тек Батыс Тянь-Шаньда – Талас Алатауы, Қаратау, Боралдайда ғана кездеседі. Барлық жерде сирек. Жыланның тіршілігі және санының төмен болу себептері белгісіз. Қаратау қорығын ұйымдастыруды жеделдету керек.

Сарыбауыр қара шұбар жылан – сирек кездесетін, зерттелмеген түр. Қазақстанда тек Жайық пен Еділ өзендерінің аралығындағы Бесшоқы даласынан кездескен. өзен бойындағы тасты, сазды жерлерде, тік жарларда мекендейді. Санының төмен болу себептері белгісіз. Биологиясын зерттеу және барлық жыландарды қорғау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Коллоквиум сұрақтары:

1.Тянь –Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар. Оқ жылан.



2. Жер бетіндегі улы жыландар. Сарбас жылан тәрізділер, Су сарбас жыланы, Қалқантұмсық.

3. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Қарақұйрық.,Үстірт арқары, Шиебөрі.

4.Орманды далалы жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар.Саз тасбақасы.

11 – апта

ОБСӨЖ № 33

ОБСӨЖ тақырыбы: Тауларда кездесетін құстар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Сандуғаш, Қара шымшық.

2.Жұртшы, Тазқара.

3.Бозторғай, Бұлбұл.



ОБСӨЖ мақсаты:Тауларда кездесетін құстармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Сайрағыш сандуғаш – сандуғаштар тұқымдасының ұсақ құсы. (салмағы 20 –25 гр). Денесінің үсті сұр, төбесі қаралау, төменгі жағы ақ түсті, қара қарашықты, ақшыл ақшыл көзі қара басына жақсы айқындалып тұрады. Бұл кішкентай құс – атына сай өте жақсы әнші.Жалпы сайрағыш сандуғаштар Жер орта теңізіндегі таулы жерде мекендейді. Қазақстанда тек Батыс Тянь –Шань тауында ұялайды. Таудың орта белдеуінде биік дінді аршалар мен жапырақты бұталарда тіршілік етеді. 4 –5 сирек теңбілді көгілдір жұмыртқаларын аналығы мен аталығы 11 –12 күнде басып шығарады, осынша уақыт ұясында асырайды. Жәндіктермен қоректенеді, жаз соңында сүйсіне жидектер жиді. Ұялайтын жерінде сәуірдің соңынан қырқүйектің ортасына дейін кездеседі.

Қара шымшық - ұсақ (салмағы 8 –10гр), қара түсті құс. Басы мен тамағы қара, мойнындағы таңбасымен беттері ақ, арқасы сұр, құрсағы сары түсті.Өте қозғалғыш және жылпылдаған құс, үнемі шиқылдаған. Қарашымшықтар жартастардың жарығымен қуыстарында ұялайды. 7 –11 сары теңбілді ақ жұмыртқаларын аналығы 2 –аптада басып шығарады. Содан кейін екеуі балапандарын 16 –17 күн ұясында асырайды. Балапандарын ұшқаннан кейін де, біраз уақыт ата- анасының қамқорлығында болады. Ересектерімен дене пішіндері бірдей балапандары ата –анасының соңынан қалмай, жем сұрап жүреді. Отырықшылар, ұялайтын жерінен онша қашық кетпейді.

Жұртшы – жыртқыш құстар отрядының өкілі. Дене пішіні орташа (қанатының құлашы 150 –170 см), салмағы 2 кг, тұмсығының айналасында жалаңаш қызыл терісі бар жыртқыш құс. Ересек жұртшы ақ қауырсынды, тек қанатының ұшында қара жолағы болады, балапандары қоңыр түсті. Жұртшыны кез келген жасында, ұшып жүргенде жалпақ қанаттары мен ұшына қарай жіңішкеленген құйрығынан бөлуге болады.Аласа құрғақ тауларда мекендейді. Қазақстанның Оңтүстігіндегі тау сілемдері, сонымен қатар Маңғыстаудан Алакөлге дейінгі аралықта мекендейді.Жұртшы жартас қуысында үлкен ұя салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Ұясына 1-2 шұбар жұмыртқа салады, оны агналығы мен аталығы басып шығарады. Әр түрлі өлекселермен қоректенеді. Тұрғын үй маңындағы қоқыстарға да барады. Сәуір де ұшып келеді, қырқүйекте ұшып кетеді. Бұл саны аз құс, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Тазқара - ірілеу (салмағы 7-12кг, қанатының құлашы 290см,) өлексе жегіш. Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс тауларын қоныстайды, бірақ қаңғырған дараларын кез келген жерден кездестіруге болады. Ұшып жүрген тазқараны шатастыру мүмкін емес. Бұл – жалпақ қанатты, ұштарында саусақ сияқты тарбиған қауырсындары бар, өте қысқа құйрықты, қанатының алдыңғы сызығынан басы көрінбейтін қанаттарын қақпай қалықтайтын үлкен құс. Тазқара ұзақ уақыт аштыққа шыдайды. Дегенмен жемтігін тапқанда, тойғандығы соншалық кенеттен төнген қауіптен ұша алмай қалады. Жеке жұп болып ұялайды. Ұясын жоғарғы жағы сыңған ағашқа немесе құз шыңына салады. Қоңыр дақты бір жұмыртқасын 2 –і кезектесіп, 55 күнде басып шығарады. Содан кейін балапандарын 2ай ұясында ұстайды. Бірнеше жылдан кейін жынысы жетіледі.Осы жылдардың бәрінде үнемі қоныс аударумен болады, сондықтан ұялайтын жерінен алыс жерлерде кездесе береді.

Көк және алабажақ сайрауық – Қазақстандағы сайрауықтар тұқымдасының өкілдері. Дене пішіні қараторғайдай (салмағы 45-65г), жай сайрауықтарға қарағанда, дене бітімі шымыр және тұмсығы ұзындау. Бұлар тау баурайындағы құрғақ тасты және ағашсыз тік құлама жарларды ұнатады. Көк сайрауық атына сай, түгелдей көк түсті. Тек Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тіршілік етеді. Ал алабажақ сайрауықтың денесінің жоғарғы жағы кеудесінің ортасына дейін сұр көгілдір, құрсағы сарғыш, арқасы ақ, қанаттары қара түсті. Қазақстанның Оңтүстігі және Оңтүстік Шығыс тауларымен қазақ шоқыларында тіршілік етеді. 2 –түрдің аналықтары қарапайым шұбар қоңыр түске боялған. Дауыстары қатты және ащы ұясын тас асты, жартас қуысымен жарықтарында, пана жерлерде салады. 4-5 көгілдір жұмыртқасын аналығы 2 –аптада басып шығарады. Балапандарын екеуіде ұяда 16 – күн асырайды. Жәндіктермен қоректенеді. Ұялайтын жеріне сәуірдің аяғы наурыздың басында ұшып келеді. Қырқүйекте ұшып кетеді.

Мүйізді немесе құлақты бозторғай – торғай тектестер үшін дене пішіні орташа құс.(салмағы 30-40гр). Ерекше сұр түсті және көзіне дейін ақ тамағының айналасында қара сақиналары, төбесінде қара түсті “мүйіздері бар”. Мүйізді бозторғай өсімдігі аз, құрғақ тасты жерлерде тіршілік етеді. Қазақстанда 2түрлі қоныстану орны: жазықтықта шөл мен шөлейт және теңіз деңгейінен 3 мың метр биік тауларда ұялайды. Сонымен қатар бізде Тундрадан келген бозторғай қыстайды. Альпі белдеуінде ұялайтын мүйізді бозторғайда тамағының айналасында ашық түсті тұйық қара сақинасы бар. Ұясын жерде шұңқырда салады, ішіне шөп, сонан кейін мамық жүн төсейді. 2-4 қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы басады, аталығы өте сирек ауыстырады. Балапандарын екеуі де асырайды. Ұялау кезеңі –ұя салғаннан балапан ұшырғанға дейінгі уақыт, 30 күнге созылады. Сондықтан кейде екінші рет балапан шығарады. Жәндіктермен және өсімдік дәндерімен қоректенеді.

Қаратөс бұлбұл-ең әдемі биік тау әншілерінің бірі. Аталығы ашық түске боялған: жоғарғы жағы қара сұр, көзінің үстінде аппақ қасы, тұмсығының астында қара кеудксінде алқызыл дағы бар, құрсағы мен құйрығының түбі-ақ түсті. Сонымен қатар, қара түсті құйрық қанаттарының ұшында айқын ақ дақтары бар. Ол құйрығын жиі тартып, желпуіш сияқты жайып жүреді. Әні жағымды және сазды, күйлеу кезеңінің қызған уақытысында әнін бір сағатта 500 рет орындайды. Ұясын жерге, тастың, бұтаның панасына немесе қалың бұтаның арсына салады. 4-6 көгілдір жұмыртқасын аналығы 2 аптада басып шығарады. Балапандарын екеуі асырайды. Жазда 2 рет балапан шығарып үлгереді. Ұялайтын жерінде мамырдан қазанға дейін кездеседі.

Қызылбауыр отқұйрық-біздің фаунамыздағы ең әдемі, ашық түсті отқұйрықтардың бірі. Басқаларынан шамалы ірі ( салмағы 23-30 г). Аталығы әр түрлі болып боялған: денесінің жоғарғы жағында (басы, арқасы ортасына дейін, кеудесі) қара түсті, аппақ болады, денесінің төменгі бөлігі жағында (құрсағы, белі, құйрығы) ашық сары түсті. Аналығы қоңыр, құйрық үсті сары түсті. Бұл әдемі құс Қазақстанның оңтүстік – шығысындағы биік таулардың Альпі белдеуінде тіршілік етеді. Ұяларын жартас жарықтарына, адам құрылыстарына салады. 3-5 қызыл дақты ақ жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, балапандарын екеуі асырайды. Қызылбауыр отқұйрық – отырықшы құс. Қыста саймен төмен қарай түседі, ұяларына тек наурызда барады.

Бурылбас отқұйрық – кішілеу (салмағы 15 –17гр), сайрауықтар тұқымдасының құсы. Аталығы қара, құрсағы ақ түсті қанаттары кішкене “айнамен” және басында сұр “бас киімі” бар; аналығы қаралау, құйрығы қара, құйрық үсті сары түсті. Жоңғар Алатауы мен Тянь – Шань қылқан жапырақты ормандарында тіршілік етеді. Орманның тасты топырақ пен жартастарға шығатын шалғай жерлерін ұнатады. Ұясын тас арасындағы қуыстарға салады. 3-5 ақшыл жұмыртқаларын аналығы 2аптада басып шығарады. Сонан кейін осынша уақыт балапандарын екекуі ұяда асырайды. Осыдан соң аталығы балапандарына қамқоршы болады да, аналығы келесі жұмыртқаларын басуға кіріседі. Тіпті қысқа тау жазының өзінде 2рет балапан ұшырып үлгіреді. Қазақстанда сәуірден қазанға дейін болады.

Қара ұзынқанат – ұзынқанаттылар отрядының әдеттегі өкілі, салмағы 40–45гр, қараторғайдан жеңіл, қанатының құлашы 45см. Ақ тамағы, орақ тәрізді иілген ұзын қанаттары мен ерекше қысқа аяқтары бар қара құс. Ол тегіс жерге қонса, өзінің әлсіз аяқтарымен жүре алмайды, ал қанаттары үлкен, оларды қағып ұшып кету қиынға түседі. Жалпы ұшуы – тез және шебер. Ауада шіркейлерді ұстап қоректенеді.Айғайы – ащы. Қазақстанда кең тараған. Құстың ұшуына ыңғайлы әртүрлі тік беткейлердің қуыстарында ұя салады. Солтүстік ормандарда ағаш қуыстары, оңтүстік және орталық аймақтарда жартастар мен құрылыстарда ұялайды.Қолайлы жағдай болса топтасып қоныстанады. 2-4 ақ жұмыртқасын аналығы 18 күнде басып шығарады, аталығы осы уақытта оған жем тасиды. Ұялау орнына сәуірде ұшып келеді, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді.

Көкқұс – көбіне оны бақыт құсы деп атайды. Бұл едәуір ірі салмағы 150 –200гр, қара құс, көк түсті тек жарық күнде көрінеді. Тянь – Шань таулы өзендерінің жағасында тіршілік етеді. Тұмсығы мықты, жоғарғы жағы қара, төменгі жағы сары, жыртықш құстар сияқты тұмсығының ұшы иілген. Дауысы керемет. Күшті, таза ысқырығы сарқырама гүрілі мен жел шуын басып тастайды. Көкқұс ұясын құздың шығыңқы жеріне салады. 4-6 балшық түсті жұмыртқаларын аналығы 17 күнде басып шығарады. Сонан кейін үш жарым апта ұясында асырайды. Балаларымен ұзақ болмайды, себебі топ жүргенді ұнатпайды. Әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Қыста оңтүстікке қоныстайды. Бұл құс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізген.

12 – апта

ОБСӨЖ № 34


ОБСӨЖ тақырыбы: Тянь -Шаньда кездесетін Құстар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ақтамақ қарлығаш, Кекілік.

2.Бүркіт, Құмай.

3.Орақтұмсық, Қыран.



ОБСӨЖ мақсаты: Тянь –Шань тауларында кездесетін құстар мен таныстыру.

Ақтамақ қарлығаш.

ОБСӨЖ мәтіні: Ақтамақ қарлығаш- торғайлар отряды қарлығаштар тұқымдасының өкілі. Ұсақ құс(салмағы 20гр), денесінің жоғарғы жағы- қара., төменгі жағы менқұйрық үсті- ақ түсті. Құйрығы қысқа, айыр. Қазақстанның солтүстік,онтүстік және оңтүстік- шығысында кездеседі, шөл және шөлейтті бөлігінде кездеспейді. Адам құрылыстарында ұялайды, бірақ оңтүстік және оңтүстік шығыста тауда үлкен топ құрыл тіршілік етеді. Ұясы тік беткейлерге тостаған сияқты бекітіледі, оны ылғал топырақтан салады. Тік жарлар мен кейбір құздарда қуыстар мен індерде ұялайды. 2-6, көбіне 4-5 ақ жұмырқасының аналығы мен аталығы кездесіп 14-15 күнде басып шығарады. Содан кейін ұяда 3- айдаи балапандарын асырайды. Ұсақ ұшатын жәндіктермен қоректенеді. Ұялайтын жеріне сәуірдің басында ұшып келеді, қыркүйектің соңында ұшып кетеді.

Кекілік- дене пішіні орташа (биіктігі 35см, салмағы 500-700г), тауықтәрізділердің өкілі. Таулы жер тұрғындарына кекілік келбеті жақсы таныс. Бұл- қарамен көмкерілген ақ тамақты сұр құс, денесінің екі бүйірінде қисық ақ-қара жолақтары бар. Тұмсығы мен аяқтары ашық қызыл түсті. Кекіліктер ұялау кезінде көбіне құз шыңына немесе шоқыдағы шығыңқы тас үстіне шығып концерт қояды, жіңішке дауысымен “кеке-лек, кеке-лек” деп қайталайды. Қазақстанның Маңғыстауда, оңтүстік және оңтүстік –шығыс тауларының бәрінде ұялайды. Тау етегінен бастап, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікке дейін көтеріледі. Құрғақ тік жарларды ұнатады. Өсімдіктермени(тамыры, сабағы, дәні жидегі) қоректенеді, жазда жәндіктер жейді. Жерде төсеніш бар шұңғырды ұялайды. 6-24 жұмыртқа салады. Бұл түрдің қос ұя салатыны белгілі, бір аналық екі ұяда жұмыртқалай береді. Біреуін өзі, екіншісін аталығы басады. Сонында екі ұяның балапандары қосылады. Жаз соңында 50 балапаны бар топты жиі кездесьіруге болады. Қар қалың болған жылдары, кекіліктер қорек таппай, аштықтан өледі. Бірақ тез көбеюі нәтижесінде, саны қалпына келіп отырады. Кекілік біздің тауларда кең тараған құс, аңшылардың сүйікті олжасы.

Бүркіт- өте ірі (қанатының құлашы 225 см, салмағы 6 кг) қыран. Қауырысының түсі қоңыр, басы мен мойынның төменгі жағын жалтыраған ұшталған қауырсындар әшекейлейді. Балапандарының құйрығының түбі мен саусақ қауырсындары ақ түсті, бірақ есейе келе ақ түсі жоғалады. Төртінші жылына ғана ересек бүркітке айналады, осыған дейін жас құстар қоныс аудара береді. Сондықтан оларды Қазакстанның кез- келген жерінен кездестіруге болады. Көп жерде ұялайды, бірақ өте сирек. Ағаштар мен құзда пайдаланады. 1-2 күңгүрт ақ түсті қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы бір жарым ай басады. Аталығы оған жем тасиды және балапандарын асырайды. Ересектері балапандарына ұзақ уақыт қамқор болады, тек қыста ғана ажырайды. Бүркіт- нағыз аңшы құс. Ол суыр, қоян, сарышұнақ, және де басқа да кеміргіштерді, сонымен қатар кекілік, ұлар т. б. ұқсайды.өлекселерден де жиренбейді. Бүркіттің аң аулау дағдылары біздің елімізден қолданылып келеді. Бұл күшті де тәкаппар құсты аң аулауға үйрететін бүркітшілер мектебі бар. Негізінен бүркіттер қоян, түлкі аулайды, жақсы үйретілген бүркіт қасқырды да алды. Бүркіт-күшті, әр әдемі құс, ол – біздің еліміздің белгілерінің бірі.

Ақбас құмай және құмай- ірі (қанатарының құлашы 2,5 м, салмағы 7 кг) өлексе жегіштер тобына жататын жыртқыш құстар. Табиғатта бір-біріне өте ұқсас, ақбас құмайдың жалаңаш мойнын төменнен жоғары қарай қалың ақ мамықты жаға жиектейді, ал құмайдың жағасы қоңыр түсті, ұшталып таралған қауырсындардан тұрады. Ақбас құмай Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс тауларында таралған, кейде жазықтыққа да ұшып келеді. Құмай Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь- Шань биік тауларын да тіршілік етеді. Екі түр де- әдетте өлексе жегіштер. Аспанда бірнеше сағат қалықтап ұшып,жабайы және үй жануарларының өлекселерін іздейді. өлексеге топ болып, бұл екі түрден басқа түрлері – жұртшы, тазқара, кезқұрықтар жиналады. Бір жұмыртқасын аналығы мен аналығы кезектесіп басып шығарады. Балапан тек бірнеше жылдан кейін ғана жынысты жетіледі.

Орақтұмсық –ірі(биіктігі 40 см, салмағы 250-300 г) биік тау балшықшысы. Сыртқы пішіні есте қаларлықтай – денесінің жоғарғы жағы көксұр, тұмсығының айналасында пердесі бар, кішілеу “бас киімі” және иегінің асты қара түсті болады. Сұр түсті кеудесі ашық ақ –қара жолақпен ақ құрсағы бөлінген. Бұл құстың ұзын орақтәрізді төменге иілген қызыл тұмсығы мен қызыл аяқтары бар. өте ашық түске боялған, оны ұсақ жұмыр тасты тасты өзен аңғарынан бірден байқай қою мүмкін емес. Теңіз деңгейінен 2000-3000 метр биіктіктегі тау өзендерінің тасты жағаларында қоныстанады. Қазақстан Солтүстік және Орталық Тянь- Шаньдағы биік тау өзендерінде тіршілік етеді. Ұяларын өзен тармағының құймалы жеріндегі тасты арашықтардан кездестіруге болады. Ол үшін шұңғыр тауып, оның ішіне ұсақ тас төсеп, 3-4 сұр жасыл жұмыртқасын салады. Аналығы мен аталығы кезектесіп басып шығарады, балапандарын да бірге ертіп жүреді. Алғашқы кезде балапандарының тұмсығы тік және сұр түсті боады. Уақыт өте тұмсығы иіліп, өз пішінін алады. Орақтұмсық тұмсығымен тау суы тасқынында тас астынан біркүндіктердің, жылғалықтардың және басқа омыртқасыздардың дернәсілдерін тауып жейді. Орақтұмсықтар өздері тіршілік ететін шатқалдарда су ағасымен төмен түсіп, сол жерлейде қыстайды. Орақтұмсық - өте сирек кездеседін, әдемі құс. Қызыл кітаптың барлық түріне енгізген, қорғауды талап етеді.

Бақалтақ қыран – біздегі қырандардың ең майдасы (қанатының құлашы 135 см, салмағы 600-900 г). Оның бояуы ақшылдан қара түске дейін өзгеріп отырады. Оңтүстік және оңтүстік –шығыс қазақстан тауларының орманды бөліктерінде тіршілік етеді, жекелеген ұялары Қарқаралыдан белгілі (қарағанды облысы). Ұяларын ағаштарда, өте сирек құс шоқыларынан кездесьіруге болады. Бұл қырандардың ұялау кезенінің басында ұясына жақын жерде керемет құс ойнағын салады. Сонымен қатар осы кезде бұлар-айғайлағыш, дауысы-әдеттегі қыран шаңқылдауы. Ұясындағы екі, сирек бір жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Аталығы осы кезде ұясын қорғап, қорек тасиды. Балапандары ұясын екі айдан кейін тастайды. Құстармен қоректенеді. Бақалтақ қыран жыл құсы. Ұялау орнынан сәуірден қыркүйекке дейін кездестіруге болады.соңғы онжылдықта саны азайып кетті, қазір Қазақстан Қызыл кітабы қорғауында.

Қаршыға рең жапалақ –ірі ( қанатының құлашы 85 см, салмағы 300-400 г), біздегі ең әдемі жапалақ. Денесінің төменгі жағы ақшыл түсті, көлдженең жолақты және ақшыл сары көздерінің жолақты және ашық сары көздерінің үйлесімділігі оны қаршышыға ұқсатады. Евразияның қылқан жапырақта ормандарында тіршілік етеді. Қазакстанда оңтүстік-шығыс таулы ормандарында ұялайды (Солтүстік Қазақстан ормандарында да ұялауы мүмкін). Түнде тіршілік етеді, кейде күндіз де кездесіп қалады. Сонымен қатар күйлеу кезеңінде аталықтары қатты “айтақтап” ән салады. Негізінен тышқантәрізді кеміргіштермен, сирек құстармен қоректенеді. Сирек кездесуіне және жасырын тіршілік етуіне байланысты ұялауы туралы мәліметтер өте аз. Ағаштарда ұялайтыны белгілі, көбіне қарғалар мен жыртқыш құстардың дайын ұяларын пайдаланады. Ұялау ерекшілігі зерттеулі қажет етеді.

Ақтамақ бұлбұл- оңтүстік тау құсы. Бізде оңтүстіктің қиыр шетінде, Батыс Тянь-Шань тауларында кездеседі. Аталығы ашық түске боялған: арқа жағы сұр, басының екі шеті мен құйрығы қара, құрсақ жағы сары түсті, тамағында апппақ үшбұрышы бар. Аналығы ашық күңгірт түсті. Теңіз денгейінен 2000 метр биіктіктегі бұталары бар құрсақ тасты құздарда тіршілік етеді. Жерден онша биік емес бұталар сабағында ұясын өреді. 3-5 сирек шұбарланған жасылдау көгілдір жұмыртқаларын аналығы басады. Таралу аймағының тарлығына және сирек кездесуіне байланысты, бұл құс Қазақстанда толық зерттелмеген. Сәуірдің аяғында ұшып келіп, тамызда ұшып кетеді.

Орман байғызы- ұсақ (денесінің ұзындығы 22-27 см, салмағы 120-150г), ақ дақтары бар қара қоңыр түсті жапалақ, беті ақ дөңгелек. Қазақстан Тянь- Шань, Алтай, ертіс маңы қылқан жапырақты ормандарын және Көкшетаудағы қарағай ормандарын мекендейді. Ұялау аймағында қыстайды, кейде онтүстікке шамалы жылжиды. Бұл сирек кездесетін құс, жасырын және түнде тіршілік етуіне байланысты одан да бетер сирек кездесетін сияқты. Бұйрығы, күйлеу кезеңінде ғана “у-пу-пу-пу” деген дыбысын естуге болады, сасық көкек дауысына ұқсас. Ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштермен қоректенеді, қыста ұсақ құстарды да жейді. Ұясын қуыстарда, кейде арнайы жәшіктерде салады. 4-8 ақ жұмыртқасын аналығы басады. Балапандары ұясында бір ай болады.

Сақалтай- біздің ең ірі құстарымыздың бірі(қанатының құлашы 3 иетрге дейін, салмағы 7-10кг). Басқа ірі жыртқыш құстардан қанатының ұшында саусақ сияқты тарбиған қауырсындары бар жалпақ қанатымен, ұзын сына тәрізді құйрымен ерекшеленеді. Ересек құс ақшыл түсті және басының екі шетіндегі қара қауырсындарын алыстан көруге болады, осынысы үшін “сақалтай” деп аталған. Басқа жыртқыш құстар сияқты, сақалтай да жиі қалықтайды. Осы ұшқан құсқа жақын жерде болсаңыз, оның қанаттарының қауырсындары ерекшк шу шығарады. Бұл құс туралы нетүрлі аңыз бар. Соның бірі- ол тік құздан ірі тұяқтыны қағып құлатып, содан кейін күл- талқаны шыққан өлексемен қоректенеді. Және ол қозыларды ұрлайды дейді, сондықтан оны “қозы қумай” деп атайды. Бірақ осы әдемі аңыздың ешқайсысының да іс жүзінде дәлелі жоқ. Сақалтай ең биік тауды мекендейді. Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань, Альпі белдеуінде тіршілік етеді. Ұясын қол жетпес құздарға салады. Бір шұбар жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп, екі айда басып шығарады. Содан кейін ұяда 4 ай балапанын асырайды. Сақалтай -өте сирек кездесетін құс, Қызыл кітаптың бар түрінің тізіміне енгізген.

Қоңыр және кәдімгі сушылқара- сушылқаралар тұқымдасының өте жақын өкілдері. Бұлар дене бітімі тығыз, орташа құстар (салмағы 50-70 г), тау суы тасқынына жақсы машықтанған. Қоңыр сушылқара атына сәйкес түгелдей қоңыр түсті құс. Ол Тянь –Шанның таулы өзендерімен жылғаларында тірішілік етеді. Кәдімгі сушылқара кеудесімен құрсағы ақ түсті, Тянь-Шаннан басқа, Тарбағатай, Сауыр,Алтай тауларының өзендерін қоныстайды. Екеуі де керемет сүңгиді, су түбінде жүгіреді. Жәндіктермен, шаянтәрізділермен дернәсілдердің тас арасынан тауып жейді. Судың жанында отырған сушылқара орта реңімен араласып байқалмайды. Ұясына ұрпағына қауіпсіз, үнемі суық және қараңғы болатын сарқырама маңындағы қуысқа салады. Ол жерде тек су арқылы ғана баруға болады. Ұясы шар тәрізді, шұғу тесігі шетінде орналасқан. 2 –5 ақ жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Балапандары ұяларын 3аптада тастайды. Қолайлы жағдай болса, жылына 2-рет балапан шығарады. Қыста өзен мен жылғаларда мұз қатқанда, тау етегіне және жазықтыққа қоныс аударады.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Глоссарий:

Құмай, Ителгі, Жұртшы, Сақалтай, Сары құтан, Қарақұс, Қара тұрпан, Кекілік, Бақалтақ қыран, Қоңыр және кәдімгі сушылқара, Қоқиқаз, Тарғақ, Аққанат бозторғай, Қара бозторғай, Дала бозторғайы, Дуадақ, Үлкен шалшықшы, Безгелдек, Ақбас тырна, Дала қарақасы, Дала құладыны. Дала қыраны, Ақбас үйрек, Балықшы тұйғын, Қалбағай, Қарабай, Ақ ләйлек, Қытай, қазы қутұмсық, Қызылжемсаулы қарашақаз.


12 – апта

ОБСӨЖ № 35

ОБСӨЖ тақырыбы: Алтай тауларында кездесетін Құстар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Алтай ұлары.

2.Сақалды жапалақ.

3.Тундра шілі.



ОБСӨЖ мақсаты : Алтай тауларында кездесетін құстармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Алтай ұлары-сырт пішіні басқа ұларға ұқсас, мысалы, қарақұрсақты ұларға, бұл аққұрсақты ұлар. Қазақстанда Оңтүстік Алтай биік тауларында, көбіне шөгінділермен кездескен тік жартастарда кездеседі. Дауысы-сазды ысқырық, қарақұрсақты ұлар дауысын еске түсіреді. Бұл ұлардың мінезі бір-біріне ұқсас. Әдетте жартастан ұшады. Тегіз жерде екпіндей ұшады. Басқа тауықтар сияқты, шаңға шомылғанды ұнатады. өсімдіктің дәнімен, көк шөппен, гүл қауызымен және тамырымен қоректенеді. Сәуірдің ортасынан тамыздың аяғына дейін көбейеді. Ұядағы тіршілігі зерттелмеген. Қазақстанда бұл құстың бірдк-бір ұясы табылмаған. Таралу аймағы тар, аз кездесетін құс болғандықтан, Қазақстан Қызыл кітабына енгізген.

Сақалды жапалақ - ірі (қанатының құлашы 148см, салмағы 1200 г) жапалақ. Қазақстандағы 3 жапалақтың ішіндегі ең ірі және қара түстісі. Түнде ғана емес күндізде беосенді. Дауысы- қатаң “ ху-ху-ху”. Негізі кеміргіштермен және құстармен қоректенеді. Тайга ормандарының шалғай жерлерін ұнататын құстар. Қазақстанда тек Алтайдан табылған, мұнда да өте сирек.

Алқалы татрең- дембелше, мығым денелі балшықшы, дене пішімі сайрауықтікіндей. Қазақстанда Алтай, Сауыр биік тауларында өсімдігі тапшы, тегіс, шағыл тасты алаңдарында ұялайды. Көрші Тарбағатайдың ең биік жерлерінде ұялауы мүмкін. Жоғарғы жағы қоңыр түсті, көкірегінен көлденең қоңыр, ақ, қара жолақтар өтеді. Ал ақшыл түсті құрсағында қара дағы болады. Жерде шүрілдек сияқты әлсін -әлсін жүреді. Топқа тез жиналады, бірақ сирек топтанып ұялайды. 2-4 жұмыртқасын аналығы жалаң шұңқырса салады, аталығы жұмыриқасын басып шығарады және балапандарын ертіп жүреді. Аналықтары жиналып топ құрып, оны бастап оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақстанда 4-5 ай, сәуір- мамырдан тамыз-қазанға дейін болады. Аз зерттелген құс.

Тундра шілі- құрлар тұқымдасының өкілі, ормансыз Алтай биік тауларын мекендейді. Ол Оңтүстік Алтайда шағыл тасты және қалың шалғынды жерлерде ұялайды, мұнда ақ шіл де тіршілік етеді. өзіне ұқсас ақ шіл сияқты төмен түсіп,қоныс аудармайды. Қар қалың болған қыста, жел тау басынан қарды ұшырып, құстарға өсімдік және бұталармен қоректенуге мүмкіндік туғызады. Жаздағы шұбар түсі өсімдік арасынан байқалмайтындай етеді, ал қыстағы аппақ түсі, оларды ақ қардан байқалтпайды.

Қара тоқылдақ - Қазақстанда мекендейтін 8 тоқылдақтың ішіндегі ең ірісі, салмағы 300-400 гр, түсі түгелдей қара тек басында ашық қызыл түсті “телпегі ”бар. Қазақстанда тек Алтай ормандарында және республикамыздың солтүстігінің кей жерлерінде тіршілік етеді. Бұлар діңі биік қылқан жапырақты ормандарды таңдайды. Жеке болып жүреді, тек ұялау кезінде ғана жұптасып жүреді, жерде көп болмайды. Қарағай діңін терең қылып тесіп, ұя жасайды. Ұясының шұғу тесігі созылған тік бұрышты. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген.

Кіші тоқылдақ- тоқылдақтар ішіндегі ең кішісі салмағы 24-32 гр. Шұбар тоқылдақтар туысына жатады,оның 5 түрі (үлкен, орта, кіші, ақжон, аққанат) бар. Кіші тоқылдақ шұбар тоқылдақтың кішірейтілген көшірмесі.Қазақстанда тек үш жерде: Алтайда, Жайық өзенінің алқабында және Көкшетау ормандарында кездеседі. Жапырақты ормандар , ақ қайыңды және көктеректі ормандарды ұнатады. Өте белсенді. Тоқылдақтарға тән ағаш діңінен іздеу, кейде көкшымшықтарға ұқсап, жіңішке бұтақтың ұшына ілініп жәндіктерді ұстап жейді. Ұясы ағаш қуысында. Мамырда жұмыртқа салады, маусымның соңы шілденің басында балапан ұясынан ұшып, көкшымшықтар тобымен қоныс аударып ұшып жүреді. Бұл тоқылдақтың Қазақстанда биологиясы толық зерттелмеген. Орман үшін ең пайдалы құс.

Боз тоқылдақ - Қазақстандағы жасыл тоқылдақтар туысының жалғыз өкілі. Біртүсті сұрғылт жасыл, сұр түсті басында қызыл “телпегі” бар. Дене пішіні орташа, салмағы 115-130гр. Қазақстанда тек Алтайда аралас орманды таңдап ұялайды. Көктемде тұмсығымен ағш діңін ұзақ ұңғылайды. Тоқылдақ барабанға тән даңғыр- дүңгір дыбыс шығарады. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген.

Шетен сайрауығы – қаражемсаудан шамалы ірі, кәдімгі сайрауық, салмағы100 –120 гр, арқасы мен иығы сарғылт, тамағы мен жемсауы қара қызғылт шұбар түсті. Шақыру үні – шыңқылдаған,тіпті әдемі сырнай әнінің өзінде шыңқылдағаны араласады. Қазақстанда Алтай мен Ертіс маңы ылғалды, көбіне жайылма ормандарда ұялайды, сонымен қатар солтүстікте орманды дала аймақтарында кездеседі. Қылықтары әдеттегі сайрауықтардікі, бірақ басқалардан айырмашылығы көбіне топ болып , бірнеше ондаған жұп болып ұялайды. Тіпті бір ағаштың өзінде бірнеше ұя салады. 5-7 қоңыр дақты жасылдау көгілдір жұмыртқаларын аналығы 12- 14 күнде басып шығарады. Екекуі ұясында осынша уақыт балапандарын асырайды. Жылына 2 рет балапан шығарады. Жәндіктер мен жидектермен қоректенеді. Қыста Қазақстанның оңтүстігіне ұшып кетеді.

Бұрмамойын немесе дүпілдек – тоқылдақтар тұқымдасының ең соңғы өкілі. Бұл кішілеу, салмағы 35 –50 гр, торғайдан шамалы үлкен, реңі ұсақ жапалақтар мен тентекқұс бояуы сияқты: сұр түсті, қауырсындары сирек қара түсті ұзыншақ жіңішке сызықты. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Жалпы сыртқы пішіні мен мінезі торғай тәрізді құсатарға ұқсайды және жерде қоректенеді.

Шетен сайрауығы- қаражемсаудан шамалы ірі, кәдімгі сайрауық (салмағы 100-120г), арқасы мен иығы сарғылт, тамағы мен жемсауы қара қызғылт шұбар түсті. Шақыру үні-шыңқылдаған, тіпті әдемі сырнай әнінің өзінде шыңқылдағаны араласады. Қазақстанда Алтай мен Ертіс маңы ылғалды, көбіне жайылма ормандарда ұялайды, сонымен қатар солтүстікте орманды дала аймақтарында кездеседі. Қылықтары әдеттегі сайрауықтардікі, бірақ басқалардан айырмашылығы көбіне топ болып, бірнеше ондаған жұп болып ұялайды. Тіпті бір ағаштың өзінде бірнеше ұя салуы мүмкін. 5-7 қоңыр дақты жасылдау көгілдір жұмыртқаларын аналығы 12-14 күнде басып шығарады. Екеуі ұясында осынша уақыт балапандарын асырайды. Жылына екі рет балапан шығарады. Жәндіктер және жидектермен қоректенеді. Қыста Қзақстанның оңтүстігіне ұшып келеді.

Бұрмамойын немесе дүпілдек – тоқылдақтар тұқымдасының ең соңғы өкілі. Бұл кішілеу (салмағы 35-50г), торғайдан шамалы үлкен, реңі ұқсас жапалақтар мен тентекқұс бояуы сияқты: сұр түсті, қауырсындары сирек қара ұзыншақ жіңішке сызықты. Күндіз белсенді. Жалпы сыртқы пішіні мен мінезі торғай тәрізді құстарға ұқсайды және жерде қоректенеді. Бармамойын қауіп төнген жағдайда ағаш діңіне жабыса отырып, тына қалады, реңі ұқсас болғандықтан байқалмай қалады. Қазақстанда негізінен Алтай ормандары мен жайық өзен алқабында мекекндейді. Жәндіктер мен қоректенеді. Ұясы ағаш қуысында. 6-12 ақ жұмыртқасын аналығы 11-12 күнде басып шығарады. Ұясында балапандары мен бірге жатқан аналығы,қауып төнген жағдайда, жыланның ызылдағанындай қорқынышты дыбыс шығарады. Бұл- тоқылдақтар ішіндегі жалғыз жыл құсы. Сәуір мамырда ұшып келеді, қыркүйек –қазан Қазақстан жерінен ұшып кетеді.

Балықшы тұйғын- едәуір ірі- (қанатының құлашы 167см, салмағы 1,5 кг) қыран. Келбетті жыртқыш құс, дене пішімі әсем де сынбатты. Денесінің жоғарғы жағы қара, төменгі жағы ақ түсті, осыдан оңай табуға болады. Бұл балыққа маманданған құс, тек қана балықпен қоректенеді. Дүние жүзіндегі көптеген халықтың тілінде “балықшы қыран”деп аталады. Бұрын Қазақстанның балығы көп өзендерінде ұялаған. Соңғы жылдары бұл тұйғының саны күрт азайып кетті, сондықтан Қазақстанның қызыл кітабына енгізді. Негізгі ұялары Оңтүстік Алтай (Марқакөл көлі)мен Қара Ертіс өзеніне белгілі. Африка мен Оңтүстік Азияда қыстайды. Балықты ауада ұшып жүріпкөріп,итұйғынг бір сәтте тоқтайды да, қанаттарын қағып, содан кейін екпіндеп суға құлайды да, алдына қарай созылған аяқтары мен балықты ұстайды. Кейде осылай суға да батып кетеді, тек өзінің күшті қанаттарының қағуымен судан босанып шығады.Тығыз,қаты қауырсындары, саусақтарының өткір тікенектері және де алдыңғы үш саусағының біреуін артқа бұру қабілеті арқылы балық аулайды. Ұясын су маңындағы ағашқа салады. 2 шұбар жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп, 35 күнде басып шығарады. Балапандары ұясында екі айдай болады. Қазақстанда наурыздың соңынан қазақнның соңына дейін болады.

Меңіреу құр- біздің фаунамыздағы тауықтәрізділер отряды, құрлар тұқымдасындағы ең ірі (салмағы 4-6 кг) құс. Аталығы құлпырған қара түсті, аналығы сары шұбар түсті. Орман құстары. Қазақстанда тек Алтай мен Қалбы Алтайының қылқан жапырақты ормандарында мекендейді. Ұялау үшін жидекке бай бұталарды таңдайды. Қыста тіпті мұз қатқан бұталармен де оңай қозғала береді, себебі саусақтарының төқменгі жағында ерекше мүйізді төмпешектер бар. Жерден басқа тауықтар сияқты қанаттарын қатты қағып, ал ағаштан шусыз ұша қояды. өсімдіктермен қоректенеді.

12 – апта

ОБСӨЖ № 36

ОБСӨЖ тақырыбы: Су қоймаларында кездесетін. Сүтқоректілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жұпар тышқан.

2.Ондатр.

3.Кәмшат.



4. Каспий түлені.

ОБСӨЖ мақсаты: Су қоймаларында кездесетін сүтқоректілер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Жұпар тышқан – ұзындығы 22 см,салмағы 0,5 кг-дай, жәндіктермен қоректенетін аң. Ұзын құйрығы қабыршақпен қапталған, екі бүйірінен жалпайғанғ денесі тығыз керемет терімен қапталған, онда су астында ауа көпіршіктері болады. Басы сүйірленіп, тұмсыққа айналады. Өзі қазған ормен жүзіп, бүкіл өмірін немесе шығу тесігі су астында болатын інінде өткізеді. Су тасқыны болғанда, қысқа уақытқа паналарын тастап, жартылай суға батқан ағаш пен жағадағы таяз ұяларды паналап, қауіпті кезеңді күте тұрады. Орманға жақын, қалың су маңы өсімдіктері бар ағынсыз су қоймаларын мекендейді. Қазақстанда Жайық, Тобыл, Обаған, Тоғызақ, Әйет өзендерінің су қоймаларында тіршілік етеді. Жұпар тышқан былқылдақденелілер, жәндіктер дер нәсілдерімен, қыста ұсақ балықтарымен кейбір өсімдіктер мен қоректенеді. Аналықтары жылына екі рет 3-5 соқыр ұрпағын дүниеге әкеледі. Жұпар тышқан өте сирек кездесетін болғандықтан, қызыл кітабтың барлық түріне енгізілген.

Ондатр – тоқалтістер тұқымдасының денесі орташа кеміргіші. Ондатрдың отаны- Солтүстік Америка. Бағалы терілі аң болғандықтан Еуразия көшірілген, қазір барлық жерде кең тараған.Қазақстанда ыңғайлы су қоймаларының көп бөлігінде қоныстанған. Денесінің ұзындығы 35см, салмағы 1,5кг.Су маңында тірішілік етеді, су бетімен су астында жақсы жүзеді. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Су жағасындағы інде қоныстанады, сазды жерлерде өсімдіктер 1м биіктікте үйшік салады. Жылына 2-3 рет 7-8 ұрпақтан береді. Ұрпақтары бір айдан кейін өз бетінше тіршілік етеді. Ондатр –терісі бағалы аң, кәсіптік жолмен ауланады.

Кәмшат-жыртқыштар отряды сусарлар тұқымдасының ең ірі өкілі. Ұзындығы бір метр, кейбіреулерінің салмағы 15-кг-ға дейін жетеді. Жартылай суда тіршілік етеді. Оған әбден бейімделген –цилиндр тәрізді денесі , домалақ басы, ұзын құйрығы мен аяғындағы жарғақтары арқасында, олар өте тез, әрі епті жүзеді. Құндыз жер бетіндегі ішкі сулардың бәрінде тараған. Қазақстанда екі түршесі: Орта азия құндызы –сирек аң, Қызыл кітабқа енгізілген; және Солтүстік құндыз – бағалы аң терісі кәсібінің нысаны. Құндыздар жазықтықтық өзендерінде отырықшы тіршілік етеді. Негізінен балықтармен, бірақ кейде ұсақ сүтқоректілер, тіпті құстармененде қоректенеді.Аналығы 2-жылда бір рет 2-5 ұрпақ береді, 4-ай шамасында сүтпен асырайды.

Каспий түлені- ірі, ұзындығы 1,5м- салмағы 50-60 кг, қалақ аяқты сүтқоректі. Денесі судағы өмірге жақсы бейімделген; тегіс ұршық тәрізді денесінен шығып тұратын қалақ тәрізді қысқа аяқтарының саусақтарының жарғақтары болады. Бұл қалақтар оның тек суда жүзуіне қажет, бірақ қорегін ұстауға пайдаланбайды. Денесі созылмалы термен жабылған. Қалың қабатты тері асты майы жылу сақтау қабілетін атқарады. Каспий теңізінде тіршілік ететіндігі атынан –ақ белгілі. Негізгі жатағы –Құлалы аралы.Қаңтарда қатты аяз болғанда мұз шетіне аналықтары бір аппақ ұрпағын дүниеге әкеледі.Бір айдан астам сүтпен асырайды. Түлен жазғы уақытта Оңтүстіккке кетеді, ал қыс ортасында қайтадан Солтүстікке оралады. Түлендер ауланбайтын балықтармен қоректенеді. Ал өздері бағалы терісімен майы үшін кәсіптік аулау нысаны болып табылады.

Құндыз- ірі кеміргіш, ұзындығы 110см, құйрығы 30см, саламағы 20-30кг, суаттарда тіршілік етеді. Денесі жүзуге жақсы бейімделген: артқы аяқтары мен саусақтары жарғақпен байланысқан, алдыңғы аяқтары қысқа, саусақтары күшті және тырнақтары ұзын, бұтақтарды ұстап, жер қазуға ыңғайлы, құйрығы

жалпақ және ұзын.Көптеген бейімделушіліктердің арқасында бұл аң су астында 15мин ауаға көтерілмей жұмыс істей алады.

Кәмшаттың денесі керемет терімен жабылған, майлы бездері оны су өтпейтіндей етіп майлап тұрады. Ал суықтан қалың қабат тері асты майы қорғап тұрады. Жұптасып тіршілік етеді. Бөгет салатындығымен белгілі. Олар өзеннің үйшігі мен бөгет жасайтын ағаштың қабығымен қоректенеді. Сондықтан олар орманды жерлердегі су қоймаларында тіршілік етеді. Өзендер мен тоғандарда бөгет жасап, суды басқа бағытқа бұрып, өздеріне жас ағаштарға баруға жол ашады. Көктемде, айналада жаңа жем көп болғанда, аналығы 1-5 дейін ұрпағын дүниеге әкеледі.Оларды үйшігінде сүтпен асырайды. Қазақстанда Жайық өзені мен оның кейбір тармақтарында тіршілік етеді.Терісі бағалы.

Қара күзен – сусарлар тұқымдасына байырғы өкілі. Ұсақ, жыртқыш аң, ұзындығы 43см, құйрығы 12-19 см, саклмағы 800гр,денесі тығыз жалтырағаннан жүннен жабылған, терісі өте жоғары болғандықтан бағалады. Қазақстанда Еділ, Жайық, Елек атырауында қоныстанған. Суаттарда, су маңында тіршілік етеді, жақсы жүзеді, және сүңгиді.Ұсақ жануарлармен, өлекселермен, қоректенеді.20ғ-дың ортасында осы жерлерге Америка су күзені жерсіндірілген(көшкен) ол – күшті шақар аң, сондықтан қара күзенді ығыстырып шығарды. Қазір қара күзен Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау жұмыстары:


1.Сүтқоректілер. Бұлан.Елік. Су жертесері. Ақ қоян. Су тышқаны.Тоған жарқанаты.

2.Сүтқоректілер. Орқоян.Сасық күзен. Қасқыр.Дала алақоржыны.

3.Далалы жерлер мен орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Түлкі. Бозсуыр. Дала шақылдағы.Үлкен сарышұнақ.

13 – апта

ОБСӨЖ № 37

ОБСӨЖ тақырыбы: Тянь – Шань тауында кездесетін Сүтқоректілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Таутеке немесе Сібір тау ешкісі.

2.Барыс немесе Ілбіріс.

3.Орман қарақасы.



ОБСӨЖ мақсаты: Тянь-Шань тауында кездесетін сүтқоректілер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Көнекөз сарышұнақ-Қазақстандағы алты сарышұнақтың бірі. Денесі орта пішінді (салмағы 100-150г), теңбілді терісімен сарышұнаққа тән бағана қалпында болатын кеміргіш. Бұл сарышұнақтар таулы далалардағы інде топ болып тіршілік етеді. Қазақстанда Кетмен, Кеген жоталары мен Хан-Тәңірі сілемінің ұшығында таралған. Күндіз белсенді. Өсімдіктер, жәндіктер және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Ұйқыдан наурызда шығып, тамыз-қыркүйекте қайтадан ұйқыға кетеді. Ұйқыдан шыққан бойда шағылысады, бір айға толмай 4-12 ұрпағын аналығы дүниеге әкелді. Сарышұнақтарда басқа кеміргіштер сияқты ауруларды таратады.

Таутеке немесе Сібір тау ешкісі – едәуір ірі ұзындығы 1,5 метр салмағы 130 кг тұяқты жануар, Азия континентінің тауларын мекендейді . Арқасында қара жолағы бар сұр қоңыр түсті жануар . Аталығының басында ұзындығы 1,5 метр үлкен ұзын иілген мүйізі болады, онда жануарлардың жасын анықтауға болатын көлденең жұмыр бөліктері бар . Аналығының мүйізі қысқа , 40 см . Қазақстанда Тянь – Шань , Жоңғар Алатауы және Оңтүстік Алтайда мекендйді . Таутеке таудың тік жарларында шаң –құздары мен тасты шөгінділерге бай жерлерінде теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікке көтеріліп тіршілік етеді . Қыста төмен түседі , таудың Оңтүстік баурайындағы қары еріген жерлеріндегі шөптерге дейін көтеріледі. 3-5 –тен 30-40-тай даралр үйір құрайды. Жазда таудың жолы қиын жерлеріне көтеріледі , өте ыстық кезде құз көлеңкесінде болады. Таңертең және кешке жайылады. Үйірде тек аналықтар тобы болады, оны ең күшті аталық күрес кезінде жеңіп алады, қалған ересектерімен өсіп келе жатқан текелер және топ болып жүреді. Аналықтары мамыр – маусымда бір , кейде екі лақ туады. Олар бірінші күннен бастап жүруге қабілетті болады, бірақ біраз уақыт күш жинау үшін немесе құзға тығылып жатады . Аналығы лағын күздің соңына дейін сүтпен асырайды, бірайлық кезінен бастап жас шөп жейді. Таутеке – спорттық және кәсіптік аң аулау нысаны.

Барыс немесе Ілбіріс-күшті дембелше , ұзын құйрықты денесінің ұзындығы құйрығы мен 225-250 см салмағы 40 кг, терісі теңбілді мысық . Мәңгі қырлы тау етегінде тіршілік етеді қыста қоректену үшін төмен түседі. Уақытының көбін жеке өткізетін барыс ерте көктемде шағылысып 3 айдан кейін, көктемнің соңында құз арасындағы апанда 1-5 , көбіне 2-3 ұрпағын дүниеге әкеледі. Аналығы 2 жылда бір рет ұрпақ береді . Барстар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Тұяқтылардан басқа , сарышұнақ , қоян. Кекілік олармен қоректенеді. Өзінің күштілігі , мен құпиялығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертедегі кейіпкері болатын , алқазыр Қазақстанның мемлекеттік белгісі . Барыс - өте сирек кездесетін аң , сондықтан Қызыл кітабының барлық түріне енгізілген . Ақкіс - ұсақ денесінің ұзындығы 23 см , құйрығы 8 см , салмағы 180 г . Сусарлар тұқымдасының жыртқышы . Бұл- әсем , қозғалғыш аң , үлпілдек жүні бар терімен жабылған. Жазда жоғары жағы қоңыр, төменгі жағы ақ, тек құйрығы ғана қара түсті болады. Терісінің түсінің ауысуы сол жердің қырының еруіне байланысты. Қысқы сәні терісінің ақ болуына байланысты, ақкіс ақ қарда байқалмайды. Тек құйрығының қарасы болмаса, Қазақстанда Солтүстік ормандарда , сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында тіршілік етеді. Бұл әдеттегі жыртқыш тышқан тәрізді кеміргіштерді, құстарды аулайды. Олардың ұясын қиратады, кеміргіштердің ұясындағы қорын жеп, кейін баспанаға айналдырыды. Буаздығы-9-10 ай. Келер жылдың көктемінде аналығы 18 көбінесе 3-8 соқыр ұрпақтарын әкеледі, бір айдан кейін көздерін ашады, екі айдан кейін ұясынан кетеді. Ақкістің терісі бұрыннан бағалы, хан терісі болып есептелген. Қазір бағалы кәсіптік аң.

Орман қарақасы –ұсақ ұзындығы 8-13 см, құйрығы 6-12см, қарақастар тұқымдастарының кеміргіші. Денесінің жоғарғы жағы сарғыш қоңыр, төменгі жағы ақшыл түсті, ұзын үлпілдек құйрығы оны кішкентай тиынға ұқсатады. Ақ көздері арқылы қара жолақ өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларындағы ағаштар мен бұталы тоғайларды қоныстайды. Жаңа өсімдіктен екі шығу тесігі бар, ішіне жүн мен мамық төсеген, шар тәрізді ұя салады. Ұясында 2-8, көбіне 4-5 соқыр ұрпағын дүниеге әкеледі. Түнде, ымыртта белсенді, күндіз ұйықтайды. Жеміс-жидектермен қоректенеді. Жемісті бақтарда зиян келтіруі мүмкін.

Суырлар-Қазақстанда тіршілік ететін 4 түрі бар, оның үшеуі қызыл, сұр, көк суырлар тауды мекендейді. Суырлар –ірі денесінің ұзындығы 60см, құйрығы 22см, салмағы 8кг кеміргіштер, терең күрделі қазылған індерінде жұптасып тіршілік етеді. Терісі қалың, сұр, көкшіл-қоңыр және сары түсті. Терісі адамдарға жылы киім тігу үшін бағалы. Суырлар жылдық уақытының көбін тамыз-қыркүйектен наурыз-сәуірге дейін қолайсыз ауа-райы әсерінен ұзақ уақыт ұйқыда болады. Ерте көктемде қорек іздеп жер бетіне шығады. 1-1,5айдан кейін іздерінде 1-9, көбінесе 3-6 соқыр кішкентай суырлар туылады. Күндіз белсенді.Өсімдіктің шырынды жер үсті бөлігін, тамырын, түйнегін жейді. Кездескен былқылдақденелілер мен жәндіктерден де кет әрі емес. Суырлар мекені, кейде (суырларқалашығы) деп те аталады. Сұр суыр Алтай, Тарбағатай , Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань жоталарының таулы далалары мен биік таулы жайылымдарында қоныстанған. Қызыл суыр Қырғыз және Талас Алатауында тіршілік етеді. Ал Қызыл кітапқа енгізілген көк суыр Батыс Тянь-Шаньның теңіз деңгейінен 2000-3400 метр биіктіктегі, 40 шаршы км-ден аспайтын шағын аймағында қоныстанған. Бұл түрдің өсуі төмен, себебі жаулары өте көп қасқыр, түлкі, браконьерлер. Сондықтан адам қорғауын қажет етеді.

Жайра-жайралар тұқымдасындағы өте ірі ұзындығы 1м, салмағы 13кг кеміргіш. Оның арқасы мен бүйірлері қатты тікенек инелермен ұзындығы 3-30 см жабылған, инелерін қауіп төнгенде көтереді. Инелерінің көлденең қара-ақ суреттері бар. Жайра Қазақстанда оңтүстік Маңғыстау, Қаратау Талас және Қырғыз Алатауында және бұрын Іле Алатауында Алматыға дейін кездесетін, қазір бұл жерде кездеспейді. Түн мен ымыртта белсенді. Өсімдіктің тамырларымен, әр түрлі дән , жеміс-жидектермен қоректенеді. Ұзындығы 10 метрге дейін ін қазады, үңгірлерде қоныстайды. Ұйқыға кетпейді, бірақ қыста белсенділігі төмендейді. Жылына бір рет 1,5 көбіне 2-3 көзі ашық, инесі жұмсақ ұрықтарын береді. Бір аптадан кейін инелері қатаяды. Жайра-сирек кездесетін аң, Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Тас сусары-денесі орта пішінді денесінің ұзындығы 38-60см, құйрығы 30см, салмағы 25кг сусарлар тұқымдасының өкілі. Денесі сымбатты, күшті, қоңыр сарғылт бағалы терімен қапталған. Кеудесінде ақ дағы бар, сол үшін кейде оны ақтөс деп атайды. Қазақстанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы жоталарды түгел қоныстанды. Ақтөс сусар ағашта керемет өрмелеуіне қарамастан, жерде жүгіргенді ұнатады. Түнде белсенді , күндіз үңгірде, ірі құстардың тастап кеткен ұяларында, жартас қуыстарында тығылады. Жаз аяғында шағылысды, одан кейін ұрығын қысқа дейін өте баяу дамиды. Ұрығының негізгі даму кезеңі –тоғызыншы ай, сөйтіп келер жылдың көктемінде 2-3 соқыр ұрпағын дүниеге әкелді. Олар бір айдан кейін дамып жетіледі. Тас сусары тышқантәрізді кеміргіштермен , құстармен ірі жәндіктермен, сонымен қатар жидектермен де қоректенеді. Егер сәті түскен жемтік болса, қор ретінде тығып қояды. Тас сусары –Қазақстанда сирек кездесетін аң, сондықтан Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Арқар-тау қойы түршелердің бірі. Тау қой кең таралған, өте өзгергіш 25 түршесі бар. Қуыс мүйізділер тұқымдасының жұп тұяқты өкілі. Оңтүстік- Шығыс Қазақстан тауларында тіршілік ететін түршені арқар деп атайды. Бұл тау қоймаларының ішіндегі ең ірісі аталығының денесінің ұзындығы 2 метрдей , салмағы 200кг, аналығы шамалы кішілеу сұр қоңыр түсті үлкен шиыршықтанып бұратылған мүйізі бар аналығының мүйізі жіңішке әрі қысқа . Арқарлар таудың тегіс, ашық жерлерінде тіршілік етеді. Маусымды қоныс аударуы –қыста биік таудан төмен түседі немесе көршілес аласа тауға қоныс ауыстырады. Көктемде бір, кейде екі қозы туады. Арқардың меринос қоймен қолдан шағылысуы нәтижесінде, өте өнімді буданы –арқармеринос қойы алынған. Арқар-сирек кездесетін жануар, соңғы жылдары жаппай мазалау барысында, сонымен қатар үй жануарларының жайылымдарын ығыстыруы нәтижесінде, саны азайып кетті. Қазір Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

13 – апта

ОБСӨЖ № 38

ОБСӨЖ тақырыбы: Алтайда тауларында кездесетін Сүтқоректілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қоңыр аю.

2.Борша тышқан.

3.Ұшар.


ОБСӨЖ мақсаты: Алтай тауында кездесетін сүтқоректілер.

ОБСӨЖ мәтіні: Құндыз-біздің еліміздегі бұғылар тұқымдасының ішіндегі ең кішкентай (денесінің ұзындығы 85-100 см, салмағы 10-15 кг) өкілі. Бұл жүні қара қоңыр түсті әсем бұғы, шоқтығы 50-60 см-ге жетеді, бірақ денесінің артқы жағы биік. Жастары шұбар түсті. Аталығының ерекше белгісі –иегінен төмен түсіп тұратын ұзын иілген (7 см-ге дейін) азу тісі. Мүйізі жоқ, оның орнын тұрып тұрған құлақтары ауыстырғандай. Аталықтарында мускус бездері болады., сол үшін құдырды аулайды (мускусты парфюмерия өндірісінде пайдаланады). Тау ормандарында тіршілік етеді, Қазақстанда тек Оңтүстік Алтайда кездеседі. Негізінен жер және ағаш қыналарымен қоректенеді. Қараша –желтоқсанда күйлейді де, мамырда 1-02 төлін әкеледі. Бір жарым жылда жынысты жетіледі. Қазақстанда саны аз.

Қоңыр аю- Тянь-Шань аюынан едәуір ірі (ұзындығы 2 м, салмағы 250кг), қара қоңыр түсті. Мінезі де басқаша, Алтай аюының адамға шабулы жиі кездеседі, ал Тянь-Шань аюының мұндай мінезі жайында мәліметтер жоқ. Мүмкін Алтайда аю аулайтын болса керек, сондықтан жаралы аю өте қауіпті. Алтай аюы қазан-қарашадан наурыз-сәуірге дейін ұйқыда болады, ал маусым-шілдеде күйлейді. 7 айдан кейін аналығы апанында 1-2 ,кейде 3 қонжық туады. Олар толық жетілмеген, салмағы 500г, көздері жабық, құлақ тесіктері терімен жабылған болады. Апаннан шығатын уақытта қонжықтарының дене пішіні орташа итпен (салмағы 3-7кг)бірдей болады. Аналығы 2-3 жылда бір рет туады. Ересек аюға үш жылдан кейін айналады. 30 жыл өмір сүреді. Өсімдік және жануар тектес қорекпен қоректенеді. Аюлар шөп жегенде, сиыр сияқты жайылады. Көру қабілеті төмен, сондықтан есіту мүшесіне сүйенеді. Аюдың табиғи жауы өте аз, кейде барыстың шабул жасауы мүмкін (2 барыстың аюға шабулы белгілі), ал қонжықтар үшін қасқыр қауіпті. Қазақстанда аюдың терісі, еті, кейде өті (емдеу қасиетіне байланысты) үшін ұстайды. Қазіргі арнайы рұқсатпен аулайды.

Борша тышқан- кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасына жататын ұсақ аң (денесінің ұзындығы 12-15 см, құйрығы 10-12 см, салмағы 70-100г). ұзын, үлпілдеген, жолақты құйрығымен жолақты тиінді еске түсіреді. Қабы Алтайы мен Алтай қылқан жапырақтьы және аралас ормандарда мекендейді. Күндізгі аң. Ағашта жақсы жорғалайды, бірақ жердегі інде ұялайды. Қыркүйек –қазан сәуір мамырға дейін ұйқыда болады. Дәндермен, жидектермен, саңырауқұлақтармен, жәндіктермен қоректенеді. 2-8 кг-ға дейін қор жинайды. Мамыр маусымда аналығы 4-6 ұрпағын әкеледі, олар келер жылдың көктемінде ересекке айналады. Борша тышқан –сусарлар тұқымдасының көптеген аңдарының ең сүйікті қорегі.

Ұшар-ұшарлар тұқымдасының дене мөлшері кішілеу кеміргіші(денесінің ұзындығы 12-17 см). Сырт пішіні кішілеу тиінді еске түсіреді (кейбір мамандар ұшарды тиіндер тұқымдасына жатқызады), құйрығы қысқалау. Бұл аңның ең негізгі ерекшелігі-алдыңғы және артқы аяқтарының арасында қалың жүнмен жабылған жалпақ тері қатпары сияқты ұшу жарғағы болады. Шағын домалақ басы үлкен жалтыраған қара көздерімен әшекейленген. Кішкентай жалпақ құлағында шашағы жоқ. Ағашта тіршілік етуге жақсы бейімделген, оның өткір қисық тырнақтары мен табанындағы күсі жақсы жетілген. Көбіне ағаштан басы төмен қарай салбырап тұрғанын көруге болады. Ұшалы отырған ұшардың келбеті ұшбұрыштәрізді болады, себебі алдыңғы аяқтарын алшақ қойып, артқы апяқтарын біріктіріп отырады. Отырықшы, жыл бойы белсенді, Тәулік белсенділігі –түнде. Ағаш қуыстарын паналайды. Маусымда 1-4 шала ұрпағы дүниеге келеді. 6-шы күні денесін түк басады, 17-ші күні көзін ашады. Аналығы өз ұрпағын жауынан елікпен қорғайды. Ұшарлар негізінен қарағайдың бүршігі және жас сабақтарымен, ақ қайыңның жапырағы және сырғаларымен, саңырауқұлақтарымен, жидектермен қоректенеді. Бағалы аң терісі кәсібінің нысаны. 30-50-ші жылдары Қазақстанда жылына 900 ұшар терісі дайындалған.

Бұлғын- сусарлар тұқымдасы ең бағалы өкілі. Бұл кішірек (денесінің ұзындығы 45 см, салмағы 1 кг), әдемі аң, сусарға ұқсас. Қалың жібектей терісі ақшыл сары түстен қара түске дейін боялған. Ол Қазақстанда тек Алтай қылқан жапырақты ормандарында тіршілік етеді. Сонымен қатар аң фермаларында өсіріледі. 50-ші Алматыға жақын Солтүстік Тянь-Шань шыршалы ормандарында жерсіндіруге тырысқан еді, оған бұл жерге көндіге алмады. Бұрын негізінен кеміргіштерменкейде құстармен, сонымен қатар қарағай жаңғағы және жидектермен де қоректенеді. Маусым-тамызда күйлейді, 8-9 айдан кейін аналығы 2-3 (7-ге дейін) төлін дүниеге әкеледі, олар тек 2-3 жылдан кейін ғана ересекке айналады. Бұлғын-бағалы аң терісі кәсібінің нысаны. Қазақстанда жылына 1500 тері даярлайтын болған.

Сарыкүзен-сусарлар тұқымдасының таты бір өкілі. Бұлғыннан кәдімгідей кіші (денесінің ұзындығы 25-30см, құйрығы13-21см, салмағы 800г). Шығыс Қазақстан облысындағы өзен аңғарлары, тау бұлақтары мен жылғалардың жағасында мекендейді. Ағаш қуысын, кеміргіштермен басқа аңдардың індерін паналайды. Түнгі аң, негізінен кеміргіштер мен құстар, сонымен қатар, бауырнымен жорғалаушылар және басқалармен қоректенеді. Сәуірде күйлейді, маусымда 4-6 (12-ге дейін) ұрпағын береді. Барлық жерде саны аз.

Құну-сусарлар туысындағы жыртқыш сүтқоректі. Бұл аңның шомбал денесі борсықты еске түсіреді, бірақ құну ірілеу (денесінің ұзындығы 1м, салмағы30кг), аяқтары ұзындау, құйрығы қысқалау.Қара қоңыр ұзын қатқыл жүнді, денесінің екі шетінде ақшыл жолағы болады. Қалың тайгада кең тараған аң.Қазақстанда тек Алтай тауы ормандарында кездеседі. Жеке болып тіршілік етеді. Тұяқты және басқа жануарларды түнде аулайды. Өлекселерді, жазда жидектерді жейді.Маусым-шілде күйлейді. Аналығы Ақпан-сәуірде 2-3 төлін дүниеге әкеледі.

Алтай шақылдағы - Қазақстандағы қоянтәрізділер отряды, шақылдақтар тұқымдасындағы бес түрдің бірі (денесінің ұзындығы 25см, салмағы 420г). Басқа шақылдақтар сияқты қысқа шөп үйіп, қор жинайды, сондықтан бұлардың пішен салғыштар деп те атайды. Алтай шақылдағының аяғы қысқа, қысқа дөңгеленген құлақтары және байқалмайтын құйрығы болады. Басқа шақылдақтарға қарағанда ірілеу және табаны қара немесе қоңыр түсті болады. Қазақстанда тек Алтайда, ірі тасты шөгінділерде мекендейді. Жыл бойы беелсенді. Қыста жазда дайындалған пішінмен қоректенеді. Сәуірде күйлейді. Жылына 2-4 ұрпақтан туып, бірнеше рет көбейеді. Олар келер жылы ғана ересекке айналады. Шақылдақтар жауы-барлық сусарлар (бұлғын, сарыкүзен, сарғыш күзен, ақкіс, аққалақ және басқалар) және де күндізгі қантты жыртқыштар.

Бұраубас немесе момақан-кеміргіштер отряды, аламантәрізділер тұқымдасы, бұраубас тұқымдасы тармағының жалғыз өкілі. Бұл едәуір ірі (денесінің ұзындығы 27см, салмағы 700г) кеміргіш, жер асты тіршілігіне ыңғайланған. Оқтау сияқты денесі, қысқа алдыңғы денесі, қысқа аяқтарының ұшына ұзын орақ сияқты иілген тырнақтары, өте кішкентай көзі, қалың терісінен байқала бермейтін құлағы болады. Арқасы қоңыр, екі бүйірі ақшыл, ал құрсағы ақ түсті болады. Ұрпақтарының терісі сұр түсті. Қазақстанда тек Алтай, Қалбы Алтайы, Тарбағатай және Шыңғыстауда тіршілік етеді. Бұраубас бүкіл өмірін жер асты шытырмен иірімді індеріне өткізеді, оның бар екендігін тек жер бетіне тастаған топырағынан білуге болады. Қыста қар астында шытырман жолдар жасайды. Өсімдіктің жасыл және жер асты бөліктерімен қоректенеді. Жыл бойы тәуліктің кез-келген уақытында белсенді. Аналығы наурыздың соңында 3-5 жалаңаш әрі соқыр ұрпағын әкеледі. Сәуірде олар өсіңкіреп жиі жер бетіне шығып, көк шөппен қоректенеді. Бұраубастың жауы-саусақ күзен. Ол бұлардың ініне еркін кіре береді. Кейде бұлардың інін аю қазып тастайды. Бұраубастың бағалы терісін жылына 60 мыңға дейін даярлаған. Қазіргі кезде даярламайды.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау сұрақтары:

1. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Қарақұйрық.,Үстірт арқары, Шиебөрі.

2.Сүтқоректілер. Ақбөкен, Ала жертесер,Қосаяқтар.

3.Сүтқоректілер. Қара кірпі, Шұбар күзен.

4.Сүтқоректілер.Қарсақ, Құм қояны, Қабылан.

5.Сүтқоректілер.Роборовский атжалманы, Гептнер ергежейлі қосаяғы, Көк суыр, Үнді жайрасы, Қаратау арқары, Қызылқұм арқары.



13 – апта

ОБСӨЖ № 39

ОБСӨЖ тақырыбы: Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Азия жалпақ құлақты жарқанаты.

2.Бобринский жарқанаты.

3.Кеңқұлақты жарқанат.



ОБСӨЖ мақсаты: Сүтқоретілер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні; Көптісті жертесер – Республикамызда таралу аймағының шетінде сирек кездесетін, тіршілігі толық зерттелмеген түр. Қаптесерге ұқсас кішкентай сүтқоректі Қазақстанда ешуақытта кездескен емес. Оның сүйектерінің қалдығы Үстірттің солтүстігіндегі тік жарлар мен Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауында жыртқыш құстардың саңғырықтарынан ғана табылған. Бұл көптісті жертесердің Қызыл кітап бетінен алатын орнын анықтау үшін оны іздеуді әрі қарай жалғастырып, тіршілігін зерттеу керек.

Жұпар – саны ұдайы азайып бара жатқан ұлпа терілі сирек кездесетін сүтқоректі. Қазақстанда тек Жайық өзенінің алқабында ғана мекендейді. Аздап Еділ өзені атырауында кездесіп қалады. Соңғы кезде Қостанай облысының территориясына Россиядан ене бастады. Саны қасақылық пен ол мекендейтін су қоймаларының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі бар қорықшаларда жұпарларды қорғауды күшейту және Үй-Тобыл қорықшасын ұйымдастыру, жер суару жұмыстарын реттеу, суды ластанудан сақтау керек.

Иконников жарқанаты – Республикамызда тіршілігі белгісіз жарқанаттардың бір түрі. Қазақстанда тек Алтайда ғана бірнеше рет кездескен. Саны мен тіршілігі әлі зерттелмеген. Қорғау шаралары дайындалмаған. Тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау қажет.

Азия жалпақ құлақты жарқанаты – тіршілігі зерттелмеген жарқанаттардың бірі. Қазақстанда бар-жоғы екі рет Іле Алатауының (Алматы облысы) шығыс бөктерінде ғана ұсталған. Саны және оған тигізетін әсерлер жайында деректер жоқ. Бұл түрдің таралуы мен тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау және қорғау шараларын ұйымдастыру керек.

Бобринский жарқанаты – Сирек кездесетін жарқанат. Қазақстанда солтүстік Арал өңірі мен Торғайдан бастап Бетпақдала мен Қарағандының оңтүстігіндегі шөлді аудандарды мекендейді. Санының төмен болу себептері анықталмаған.

Ақбауыр жарқанат – Қазақстанда екі жерден үстірт пен Шымкент маңындағы Қаратаудан ғана ұсталған. Республикамызда бұл жарқанаттың саны мен тіршілігі белгісіз.

Кеңқұлақты жарқанат – Қазақстанда таралу аймағы Жамбыл және Оңтүстік қазақстанның облыс территорияларында 3 рет ұшырасқан. Саны мен тіршілігі зерттелмеген.

Қызыл қасқыр – Қазақстан территориясында жойылып кеткен. Себебі, аты аңызға айналған бұл жыртқыш 40 жылдан бері мекендеген жерлерден (Тянь –Шань, Алтай таулары) кездескен жоқ.Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып жатыр.

Орта Азия өзен құндызы – бұл Іле Алатауының шығысының кейбір жерлерінде, Жоңғар Алатауы мен Іле өзенінің алқабында ғана сақталып қалған. Шарын өзенінің төменгі ағысы мен Жоңғар Алатауындағы Өсек өзенінің бассейіндегі су қоймаларында қорықшаларда ұйымдастыру қажет болып-ақ отыр.

Шағыл мысығы – аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызыл құмда ғана мекендеген. Санының азаю себебі – қадлың қарлы қатал қысты жылдары азық қорының азаюы оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді.

14 – апта

ОБСӨЖ № 40

ОБСӨЖ тақырыбы:Қазақстанның терісі бағалы және аңшылыққа жарайтын аңдар. Жабайы мысықтар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Мәлін


2.Қамыс мысығы.

ОБСӨЖ мақсаты: Жабайы мысықтармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Дүние жүзінде жабайы мысықтардың 35 түрі тараған, соның Қазақстанда 8 түрі кездеседі.

Жабайы мысықтардың барлық түрі – терісі бағалы аңдар. Әсіресе сілеусін, жорлбарыс, қабылан және барыс.Мысықтарда жыртқыштарға жатады.



Сілеусін – бұл ірі жыртқыш, мысықтың бір түрі. Денесінің ұзындығы 80 –105 см, құйрығы 20-31 см, биіктігі 60-65 см салмағы 8-19 кг дейін жетеді. Түсі ақшылдау,құлағында шашақталған қара қылшығы бар. Құйрығы келтеленген ,ұшы қара қоңыр келеді.Денесі қысқалау болғанмен аяғы мықты, едәуір ұзын, табаны жалпақ.Сілеусіннің көру, есту және сезу мүшелері айрықша жақсы жетілген. Олар нашар жүгіреді, оның есесіне ағаштарға және биік тастарға тамаша өрмелейді және жақсы жүзеді.Сілеусін өте шапшаң және айлакер аң.Сілеусін Сібір, Кавказ, Орта Азия тауларында және Қазақстанда таралған.Біздің өлкемізде сілеусіннің екі түрі бар; кәдімгі және орта азия сілеусіні.Кәдімгі сілеусін Қазақстнның солтүстік және орталық бөлігінде, Оңтүстік және Аалтайда кең тараған.Ал орта азия сілеусіні негізінде Орта Азияның, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс жағындағы таулы аймақтарда таралған. Сілеусін қыс айларында қараңғы түскен мезгілде қорек іздеуге шығады, ол күндіз тастардың немесе бұталардың арасында демалып жатады. Жаз айларында басқа мысықтар сияқты кейде күндіз де аң аулайды. Сілеусін көбінесе ақ қоян, таутеке, елік, бұланға, құстардан; қырғауыл, құр, шіл, кекілік, кездері болады. Олар үңгір мен жартастың астында, ағаштың қуысында балалайды.Ол май ішінде 2-3 күшікке дейін табады. Балалары 10 –12 күннен кейін көзін ашады, енесінің сүтін екі –үш айдай емеді,балалары енесімен бірге жүріп аң аулауға шығады. Тіршілік ету ұзақтығы 13-14 жыл.

Мәлін – түріне қарағанда үй мысығына ұқсас, тек қана аздап үлкендеу келеді.Денесінің ұзындығы 47-64 см, құйрығы 24-36см салмағы 2-6кг болады. Біздің Республикамызда торғай,Қызылорда, Алматы, Шымкент, Жамбыл облыстарында кедеседі.Бұл облыстарда ол шөлейт аймақтарда көбірек болады.Ол өзен жағасында қамыс –тоғай арасында ,тау бөктеріндегі ормандак суға жақын жерді мекендейді.Ол суда жақұсы жүзеді.Мәлін қараңғы түскен кезде жорытады.Бірақ жаз айларында күндіз де кездеседі.Жыл бойына олар індерін пайдаланады.Індері кең болады,кей уақытта борсықтың індерін кеңейтіп алады және бұтаның, ағаштардың қуыстарын да мекендейді.Мәліннің негізгі қорегі –кеміргіштер мен құстар.Сонымен қатар мәлін бауырмен жорғалаушыларды және қоңыздарды жейді.Ол январь-февраль айларында мауығып,екі айдан кейін 2-5 бала табады.Августтың ортасында жас мысықтар жеке тіршілік ете бастайды.Мәлінің саны кейде тез азайып кетеді.Оның себебі індеттен қырылып қалатын уақыттары болады. Ол жылына екі рет – жазғытқры наурыз айында , ал күзде кыркүйектен бастап түлейді. Бұл мысық әсірсе андатр , қырғауыл , үйректерді жеп , аңшылық шаруашылығына зиян келтіреді. Сондықтан да маусым айында аулап отыру қажет .

Мәлін терісі үшін ауланатын аң. Республика бойынша жылына мәліннің 350-400 дей терісі дайындалады.



Қамыс мысығы. Үй мысығына қарағанда қамыс мысығы үлкен болады. Дене пішіні 57-90, құйрығы 21-31 см/ дей. Жүнінің түсі бірыңғай келеді.. құйрығында білезіктелген үш қара дағы болады. Сілеусін сияқты қамыс мысығының да құлағының ұшында шашақталған қылшығы болады.

Қамыс мысығы Каспий теңізінің батысында солтүстік батыс жағасында Закавказьенің шығысында , Орта Азияда , Қазақстанда таралған . Бұл мысық негізінде Еділ атырауында , Каспии теңізінің жағасында , Амудария және Сырдария өзендерінің жағалауларында тіршілік етеді. Қазақстанда қазіргі кезде қамыс мысығы Сырдария өзенінің бойында және бізге көршілес жатқан Еділ өзенінің жағасында , ал кейде Шу өзенінің бойында кездеседі. Қамыс мысығы өзендердің , көлдердің бойында , теңіз жағасындағы қамыстың , тоғайдың арасында жүреді. Көбінесе ол борсықтың , түлкінің ескі індеріне немесе құрғақ қамысы бар жерлерге ұя салады. Ол сәуір мамыр айларында 5-6 бала табады. Бұл мысық әр түрлі құстармен қоректенеді, әсіресе суда жүзетін құстар мен қырғауылды ұстап жейді.Сонымен қатар қоян мен ұсақ кеміргіштерді де аулайды.

Қамыс мысығы Қазақстанда сирек кездесетіндіктен оның шаруашылықтық маңызы онша емес . Аң терісін дайындау мекемелеріне оның терісі өте сирек түседі. Өңделген терісі әйелдердің ішігін жасауға жұмсалады.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Реферат тақырыптары:


1.Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары. Сусар, Бұлғын, Құндыз,Ақкіс.

2.Қазақстанның кәсіптік – аңшылық құстар түрлері. Қаз. Кептер.

3.Қазақстанның Наурызым мемлекеттік қорығы.

4.Қызыл кітапқа енген терісі бағалы аңдары.

5. Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары. Ит тұқымдас жыртқыштар.
14 – апта

ОБСӨЖ № 41

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Қояндар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қоян түрлері.

2.Ор қоян.

3.Ақ қоян.



ОБСӨЖ мақсаты: Қояндармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстанның кең – байтақ жерінде ақ, ор және құм қояндары таралған . Қояндар еті мен терісіне бола ауланатын аң. Тіркелген аңшылық шаруашылықтарында қояндар әсіресе ор қояндар өсіруге өте тиімді және өсімтал келеді. Мұндай қаяндар қорын молайтуға бағытталған биотехникалық (үстеме , жем беру, олардың жыртқыш жауларына қарсы жем беру) шараларды жүзеге асырып отырса , қысқа уақыттың ішінде қояндардың санын көбейтіп кәсіптік жолмен ауланатын аңдардың біріне айналдыруға болады.

Қояндарды өсірудің жолы – оларды мекендеуге қолайлы жерлерге жерсіндіріп , көптеп тарату болып саналады. Біріншіден , қояндарды сирек кездесетін жерлерге жерсіндіру. Екіншіден оларды жаңа жерге үлкен топ қылып жіберген дұрыс . Міне осындай шаралар ұқыптылықпен , шаруақорлықпен жүзеге асырылса күнде табиғатымыздың бағалы жануарлар байлығын қорғап , молайта беруге қолайлы мүмкіндік туады.



Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі . Денесінің ұзындығы 53-59 сантиметрдей , салмағы 4-7 килограмдай болады. Ақ қоянға қарағанда ор қонның құлағы ұзындау және жиегі қара келеді. Құйрығының үстіңгі жағындағы қара жолақ жазы –қысы сақталады.

Ор қоян Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігінде кең таралған .Әсіресе бұл қоян Орал , Ақтөбе , Жезқазған Қарағанды , Повладар Торғай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында Ор қоянының саны аз.Ор қояны көбінесе ашық , далалы жерлерде сирек шоқ тоғайдың арасында , өзеннің жайылмасында , шоқ- шоқ бұтаның арасында , жыра бойында , көлдің жағасында мекендейді. Құмды жерлерде сексеуіл жыңғыл сияқты бұталы ағаштардың арасында жүре береді. Маусымға байланысты ол мекенін өзгертіп отырады. Жайық өзенінің жайылмасында көктемде және жазда шоқ терек шетінде , бұталардың арасында , қамысты жерде жиі болады. Оның себебі бұл қоныстарда жасыл, құнарлы шөп көпке дейін сақталады. Сонымен қатар жейтін азығына және ауа райына байланысмты ор қоян қоныс аударады .

Ор қоян ымырт жабылған кезде және түнгі мезгілде тіршілік етеді. Күндіз әр түрлі ағаштардың немесе бқталардың арасында тығылып жатып , қараңғы түсісімен жайылада Оларды күндіз сирек кездестіруге болады. Ор қоян тез қозғалатын және жылдам жүретін аң. Ол сағатына 55- 70 километрге дейін жылдамдықпен жүгіре алады. Өсіп - өну кезінде ін қазады. Қысы қатты , қар қалың және жел болған жылдары індерінде тұрақтайды. Ол жер бетінен 1-2 метр тереңдікке дейін кетеді.

Ор қоян өсімдіктердің 40- қа жуық түрімен қоректенеді Сапалы шөпті, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктерді жейді және жас ағаштардың бұталарын , қабықтарын кеміреді. Бұл қоян күніне 600-650 грамм шөп жейді. Қоректенуі де маусымға және ауа райына тікелей байланысты.

Ор қоян жылына екі- үш рет балалайды. Әр қоян жыл сайын орта есеппен 10-12 көжек туады. Ор қояндар 12 жылға дейін тіршілік етеді. Олар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.

Бұл қоян еті мен терісіне бола ауланады.



Ақ қоян Қояндардың ішіндегі мөлшері жағынан орташасы. Салмағы 2,5-5,5 килограмдай болады. Басқа қояндарға қарағанда ақ қоянның біраз өзгешіліктері бар. Мысалы жаз айларында жүні сұрғылт қоңыр болып , ал салқын түсе бастағанда тек құлағының ұшында ғана қара дақ қалып, басқа жері аппақ болып өзгереді. Ал құлағы ор қояндікіне қарағанда қысқалау . Қазақстанның көптеген жерінде ақ қоян ор немесе құм қояндарымен бірге жүреді. Сондықтан жоғарыда айтылған өзгешіліктері арқылы ғана оларды бір-бірінен ажыратуға болады.

Ақ қоян негізінде Қазақстанның солтүстік және солтүстік шығыс бөлігінде таралған Ол Қостанай , Солтүстік Қазақстан , Көкшетау орманды дала аудандарында және Семей Қарағанды , Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында көп кездеседі. Бұл қоян өсімдіктің 40-қа жуық түрімен қоректенеді.Ол жаздыгүні көбінесе түрлі шөптермен саңырауқұлақтармен және жидектермен қоректенеді. , ал қыстыгүні көбінесе жас ағаштардың бұтағын, қабығын азық етеді.Қоян қорегін түнде аулайды. Тек жазда түн қысқа уақыттарда ғана суаттардың маңында оның жайылып жүргенін күндіз көруге болады.Ақ қоян да басқа қояндар сияқты жылына 2-3 рет көжектейді. Әр туғанда 3-тен 10 –ға дейін орта есеппен тіршілік етеді. Олар жылына екі рет көктемде және күзде тулейді.

Ақ қоян да дәмді еті мен терісіне бола қыста ауланады.

Құм қояны- қояндар ішіндегі ең кішісі. Салмағы 1,5-2,5 килограмдай ғана болады. Ол республикамыздың территориясында шөл аймақтарда және Тянь- Шань тауының етегінде таралған . Өзінің аты көрсетіп тұрғандай , қоянның бұл түрі оңтүстік бөлігіндегі шөл аймақтардағы құмда көп кездеседі. Ол әсіресе Қызылқұмда , Қарақұмда және Мойынқұмда жиі қоныстанады. Оның қоры Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің төңірегінде көп Шөл аймақтағы құмды жерлерге қарағанда сулы аудандардағы өзендердің бойындағы құм қояндарының көбірек кездесетіндігі анықталып отыр. Мәселен Мойынқұмда бір шаршы километр жерге 2 қояннан , ал Шу өзенінің жағасында осындай жерге 13 аңнан келеді

Құм қояндарының мекендері- төбе –төбе құ сексеуіл , жыңғыл сияқты ағаштардың арасы , көлдердің жағасындағы , қамысты сортаң жерлер . Әсіресе олар әр түрлі бұталы ағаштар өскен су жағасында көбірек мекендейді. Өйткені мұндай өңірлерде қоян жейтін жыңғыл , шеңгел сияқты бұталармен қатар жусанның түр – түрі сораң алабота қаулап өседі. Құм қояны жатағынан жер бетіне көбіне түгі мезгілде шығады.

Бұл отырықшы тіршілік ететін аңның бірі . Сонымен бірге жыл бойына және маусымға байланысты ол жақын жерлерге қонысын ауыстырып отырады. Жаз айларында су қояны су бойына жақын , қамыс өскен жыңғылды бұталар арасын мекен етеді Өйткені ол кезде су маңы салқындау болады да , аң шілденің қайнаған ыстық күндерінде одан жақсы сая табады. Ал аязды қыс айларында сексеуіл өскен құмға қоныс аударады .

Құм қояны өсімтал келеді . Ол да басқа қоян түрлері сияқты жылына екі – үш рет көжектеп , әр туғанда 1- ден 9- ға дейін , көбінесе 4-6 көжек табады. Сөйтіп әрбір ұрғашы қоян орта есеппен 12-15 көжек береді .

Сөйтіп Қазақстанның кең – байтақ даласында қоянның үш түрі тараған Олар ор қоян , ақ, және құм қояндары. Бұлардың біріншісі батыс , екіншісі-солтүстік ал үшіншісі – оңтүстік облыстардың жерінде көбірек кездеседі,

14 – апта

ОБСӨЖ № 42

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Кемірушілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ондатр.

2.Ақ тиін немесе тиін.

ОБСӨЖ мақсаты: Терісі бағалы аңдармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Кеміргіштер немесе кемірушілер – жер жүзінде өте кең таралған аңдар . Мұнда кеміргіштердің 2 мыңдай түрі бар.

Кеміргіштер жан-жақты маңызы бар аңдар. Олардың көптеген түрі ауыл шаруашылығының , әсіресе егіншілік пен орман шаруашылығының зиянкестері. Ал Біраз түрі жұқпалы ауру да таратады. Сондықтан да кеміргіштердің зиянды түрлерінің санын тежеудің тиімдісі – оларды маусым сайын терісі үшін кәсіптік жолмен аулап отыру қажет.

Кеміргіштердің арасында терісі бағалылары да бар . Оларға ондатр , ақтиін , суыр , зорман, сарышұнақ , саз камшаты сияқты кеміргіштер жатады. Сонымен қатар кеміргіштердің көптеген түрі – терісі бағалы жыртқыш аңдардың жемі.

Қазіргі кезде біздің өлкемізде кездесетін кеміргіштердің 35-40 тай түрі әр түрлі маусымда терісіне бола ауланатын аңдардың қатарына жатады.



Ондатр – Бұл аңның отаны- Солтүстік Америка . Игерілмей жатқан Қазақстан суларында ондатрды жерсіндіру 1935 жылы Сырдария және Іле өзенінің бойына 571 ондатрты жіберу арқылы болған . Өмір сүруіне қолайлы ортаға жерсіндірілген аң 37 жыл ішінде республикамыздың барлық өзендері мен көлдерін жайлап алған . Сөйтіп ондатр шаруашылығының өз алдына жеке бір саласы болып бөлініп шыққан .

Ересек ондатрдың денесінің тұрқы 28-35 сантиметр . Ол тіршілігінің көбін суда өткізеді Сондықтан оның тдене құрылысы суда жүзуге бейім тұлғасы білек тәрізденіп келген тұмсығы қоян жырық сияқты. Күрек тістерімен су астында жүріп –ақ керекті қорегін алады. Артқы аяғы үлкен болады. Саусақтарының арасы жарғақ тері арқылы бір-бірімен қабысып тұрады. Ондатрдың құйрығы ұзын келеді де , суда жүзгенде машинаның рулі сияқты қызмет атқарады. Құйрығының түбі дөңгелектеу және қалың жүнді , ал ұшына қарай қысыңқы , сүйір жүнсіз келеді де , мүйізденген қабықпен қапталған.

Ондатрдың жүні тығыз , үлпілдек келеді. Басы мен жота жүндерінің түсі қоңыр , ал бүйір және бауыр жүндері көбіне ақшылдау , күлгін түсті сұр болады.

Ондатр су ішінде өзін балық сияқты еркін сезінеді. . Қалыпты жағдайда ол суда із қалдырмай жүзеді де , қауіпті бір нәрсе сезсе , дереу тоқтай қалып тыңдайды.Бұл аңғ су астымен 100-150 метр қашықтыққа дейін жүзеді. Сондай –ақ су астында 2-4 минут шыдай алады.

Ондатрдың тағы бір ерекшелігі- оның өсімталдығы. Ауа райына байланысты, көктемде өзен-суы мұздан арыла бастағанда топ- тобымен қыстап шыққан ондатрлар жатағын тастап , жаңа мекенге қоныстанады.Ондатрдың еркегі мен ұрғашысы жұптасып тіршілік етеді.

Ондатрдың негізі қорегі – қамыс , құрақ және қоға , Аңға мұндай қамыс құрақты мекендер жақсы қорғаныс та болады . Олар ит тұмсығы өтпейтін қоғалардың арасында жасырынып , жыртқыш аңдар мен құстардан қорғанады.

Ондатр үйшіктерін жүзіп жүрген судағы қопаның суға батқан қамыстың ішіне , түрлі өсімдіктердің түбірлерінің үстіне , судың түбінен бастап 1,5 метр тереңдігіне дейін салады.Үйшік су бетінен 1-1,5 метр көтеріңкі тұрады . Ондатрдың үйшігінің ішінде суға қарай ашылатын жолдары әдетте екеуден кем емес және қуыстары болады.

Ондатр жылына бір рет түлейді . Оның түлеуі көктемге және күзге созылады.

Республика суларына жіберілген ондатрлардың жылдан –жылға көбеюіне байланысты отанымызға қымбат бағалы “жұмсақ алтынды ” көп беретін едге айналып отыр.

Қазір Қазақстанда ондатрды көп беретін жер – Балқаш көлі мен Іле өзенінің көлге құяр сағасы . Республикамызда дайындалатын ондатр терісінің 70-75 пайызын осы шаруашылық береді.



Ақ тиін немесе тиін -орман , тоғайда өсетін терісі бағалы кішкене бағалы кішкене таң, Денесінің ұзындығы 27 сантиметрдей және түсі ақшыл сұр келеді. Құйрығы өте салбыраңқы сұр немесе қызыл сұр .

Бұл аң Семей және Повладар облыстарынң жерінде , Ертіс өзенінің жағалауында қарағайлы ормандарды мекендейді. Олар тез өсіп көбейіп келеді. Қазір бұл аң қарағайлы ормандары бар Қостанай , Көкшетау , Қарағанды облыстарында кең тараған . Сонымен бірге Талдықорған және Алматы облыстарының жыршалы ормандарында да жерсіндірілген .

Ақ тиін кейде шыршалы ормандардан тыс, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан жапырақты ормандарда , кейде , 2600 метр биіктіктегі аршалы бұталардың арасында кездеседі. Оның тіршілік етуіне қолайлы мекен 1600-2000 метр биіктікте өсетін жемісі бар шыршалы орман.

Қазіргі таңда ақ тиін Қазақстанның барлық қарағайлы ормандарынан кездестіруге болады. Мекендейтін жеріне қарай , өсімталдығына және азығына байланысты ақ тиіннің саны өзгеріп отырады.

Ақ тиіндер қарағайдың қалың бұталарының арасында секіріп жүреді. Олар өмірін күндіз ағаш басында өткізсе , ал түнде , әсіресе борандарда және суықтарда өзінің “Гайно ” аталатын жатағында ұйықтайды. Оны қарағайдың жас бұтақтарынан және шыршадан жасайды. Осындай ұясын жерден көбіне 4-12 . кейде 25 метрдей биік ағаштың басына салады. Кейде бұл аң кәдімгі тоқылдақтың ағаштардағы тесіп жасаған ұясына да мекендейді. Олар жейтін аз болған жылдың қысында жатағынан көбіне 400-800 метрге , кейбіреулері 1,5-3 килоиетрге дейін кетіп қорек іздеуге шығады.

Ақ тиіннің негізгі қорегі – қарағайдың дәні , шыршаның жаңғағы, орманда саңырауқұлақтар және жеміс- жидектер. Сонымен қатар ақ тиін құрт –құмырсқа , қоңыз , шегіртке насекомдарды жеп қоректенетіндігі байқалды.

Ақ тиіндер өте өсімтал аң Олар жылына екі рет туады . Бірінші жолы 3-6 ға екінші жолы 2-8 ге деін өсім береді. Бір ұрғашы қа тиін көбею маусымында 7-11 ге дейін бала табады . Бұл аң жыл сайын екі рет –көктемде және күзде түлейді Негізі жаулары ителгі , тұйғын және түлкі.

Ақ тиіннің азайып көбеюі қорегінің мол болуына байланысты . Азық қоры аз болған жағдайда тиіндердің саны да азаяды. Сондай- ақ . азық қөоры аз болған жағдайда ақ тиіндер жаппай бір жерден екінші жерге қоныс ауыстарып отырады.



Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Коллоквиум сұрақтары:

1. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Барсакелмес қорығы.

2.Қорғалжын қорығының жануарлары мен өсімдіктері.

3. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары.Сырдария тасбекіресі,Пілмай,Арал бекіресі, Арал албырты (балық),Шу сүйрік қанаты (балық).



15 - апта

ОБСӨЖ № 43

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Саршұнақтар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Зорман және балпақ.

2.Қызылұрт саршұнақ.

3.Кіші саршұнақ.



ОБСӨЖ мақсаты: Терісі бағалы аңдар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Саршұнақтардың 10 түрі кездесетін болса, соның 6 түрі Қазақстанда кең таралған. Оларға кішкентай, қызылқұрт, қызғылт жирен, ұзын құйрық, саршұнақтар және зорман жатады. Бұлардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін кемірушілер. Сондықтан оларды жыл сайын аулап, санын азайтып отырудың маңызы зор. Сондай-ақ саршұнақтар көктемде терісіне бола ауланатын аңдар болып саналады. Қазіргі кезде олар ауланатын негізгі хайуанаттар қатарына жатады. Мәселен, соңғы жылдары республика жылына 750-850 мың сомға жабайы аңдардың терісі дайындалатын болса, соның 35-45 проценті саршұнақтардың терісі.

Зорман немесе балпақ – саршұнақтардың ішіндегі терісі ең бағалысы. Сондай-ақ бұл ең ірі саршұнақ. Республикамыздың солтүстік, батыс және орталық аудандарында (Орал, Ақтөбе, Жезқазған облыстарында) дене тұрқы 30-38 сантиметрге, ұзақ ұйқыға кетер алдындағы салмағы 1,5-3 килограмға жетеді. Ал оңтүстік-шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы облыстарында) дене тұрқы 30 см-ден, салмағы 1 кг-нан аспайды. Арқа жоны қара қылшық аралас қоңырлау, бауыр жағы сарғылт болып келеді. Бұл кеміргішті Алматы облысында сартышқан деп те атайды.

Зорман негізінен Гурьев, Орал облысының батыс шекарасынан бастап Іле өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл және шөлейт жерлерді мекендейді. Ол әсіресе Ақтөбе (Ырғыз, Қарабұтақ аудандарында), Жезқазған (Жезді, Ұлытау аудандарында), Алматы (Жамбыл, Қаскелең аудандарында) облыстарында өте көп таралған.

Зорманның негізгі мекендейтін жерлері – саздылау топырақты шөлді қоныстар, азықтық өсімдік өскен құмдар. Сонымен қатар ол мал фермаларының маңайын, жол мен арық жиектерін мекендей береді.

Мәселен, батыс аудандарда зорман көбінесе құм дөңестер мен олардың ара-арасындағы ойпаң жерлерді, топырағы берік, қатқылдау, жусанды-шөлейтті жерлерді мекен етеді. Ал оңтүстікте бұлардың қалап қоныстанатын жерлері өзен, көл жағалары, тау аңғарлары, сайсалалар, суармалы жерлер және огород, бақшалар. Астықты аудандарда егіс төңірегін, кейде тіпті егістіктің өзін және көп жылдық шөп өскен жерлерді мекендейді. Сондай-ақ орталық аудандарда зорман топырағы берік, қатқылдау көкпекті шөлейттер мен өзен, көл жағаларын да қоныстанады.

Зормандардың тіршілігінің көбі інде өтеді. Мұнда олар балалрынтуады, оларды баулып өсіреді және жазғы-қысқы ұйқысында сонда өткізеді. Жауын-шашын кезінде және жауларынан қорғану үшін де зормандар осы індерге тығылады. Індер уақытша және тұрақты болып екі түрге бөліінеді. Тұрақты індер биіктеу төбешіктер беткейінде орналасады, ішкі құрылысы күрделі келеді. Ондағы ұя камерасы жер бетінен 1,5-3 метрге дейін тереңге кетеді. Уақытша қазған індерінің құрылысы қарапайым, ұя қуысы тайыз болады. Бір аңның қоректенетін жерінде бірнеше уақытша індері болады. Оларды жайылып жүрген кезде қауіпті бір нәрсені сезгенде тығылуға пайдаланады. Зорман інінің аузы көлбеу немесе тік болып жер бетіне шығады. Бұл кеміргіш аузы тік келетін індерді жиі мекендейді. Онда тұрақты тұрып, тіршілік етеді.

Зорман ішінен жер бетіне көбінесе таңертеңгі және кешкі мезгілдерде шығып жайылады. Мұндай бейімделу шөлде, құрғақшылық жерде тіршілік ету жағдайын жеңілдетеді. Бұл кеміргіш өте епті, икемді және сақ келеді. Жайылып жүргенде тосыннан қауіпті жағдай сезіле қалса, шиқылдап бір-біріне “хабар” береді.

Зорман – жазда да, қыста да ұйқыға жататын аңдардың бірі. Батыс және орталық аудандарда балпақ қысқы ұйқыдан марттың екінші жартысында оянса, оңтүстік-шығыста февральдің аяғы мен марттың бас кезінде оянады. Зорманда басқа саршұнақтар сияқты жылына бір-ақ рет ұйығады. Олар жылына орта есеппен 7-9 бала табады.

Зорманның басқа саршұнақтар түрінен бір ерекшелігі – ол жер бетінде небары 3-4 айға ғана болады да, қалған 8-9 айын ұйқымен өткізеді. Бұл жан-жануарлар арасында өте сирек кездесетін құбылыс. Зорман ұйықтап жатқанда оның денесіндегі физиологиялық процесс тоқтамайды. Ол өзінің бойына жинаған майымен қоректенеді. Келесі жылы көктемде оянған кезде олар арып, салмағы едәуір кеміп, әлжуаз күйде тұрады. Оянғанда олардың салмағы батыс және орталық аудандарда 600-700 грамм болса, оңтүстік-шығыста 300-500 грамм ғана болады.

Зорман – кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі бағалы аң. Ол аңшылық шаруашылықтарында маңызды орын алады.

Кіші саршұнақ – саршұнақтардың ішіндегі ең кішкенесі, денесінің тұрқы 17-24, құйрығы 3-4 см. Қысқы ұйқыға кетер алдында салмағы әдетте 300-400 грамнан аспайды. Жотасының жүні сұр, аздаған сары күрең теңбілдері болады. Бауыры ақшыл сары болып келеді.

Қазақстанда бұл кеміргіштердің мекені көп территорияны алып жатыр. Ол Гурьев, Орал, Ақтөбе және Град облысының барлық аудандарында, Целиноград облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Жезқазған облыстарының солтүстік және батыс, сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстік аудандарында таралған. Әсіресе алғашқы төрт облыстың территориясында кішкентай саршұнақ мекендейтін жерде көбіне бір гектарда 5-тен 35-ке, ал кейде 100-ге дейін саршұнақ кездеседі. Тек Орал облысында ғана бұл саршұнақтың қоры 200 миллиондай.

Ол көбіне сары, сортаңдау топырақты жусанды далаларда өсімдігі сирек жерлерде мекендейді. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегіндегі жайылымдық жерлерде, жол бойында және егіс маңында көп кездеседі. Ал кейбір аудандарда күздік бидай және көп жылдық шөп егістіктерінде тұрақты тіршілік етеді. Тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда жыртылмай қалған жерлерді мекендейді. Бұл жерлерде тіпті егістікте де көптеп кездесе беретіні байқалып отыр.

Кіші саршұнақтар шөбі аласа өскен жерлерден ін қазады. Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда інін көп жылдар бойы пайдаланады. Оны әр жыл сайын тереңдетіп жер бетіне 1-1,5 текше метр топырақ шығарады. Міне, осыдан барып далада төмпешіктер пайда болады, оларды саршұнақ төбешіктері деп атайды. Саршұнақтар мекендеген жерлерді анықтау оңай. Ескі төбешіктердің диаметрі 2-3 метрге, ал биіктігі 50 мантиметрге дейін барады. Егістік жерлерде мұндай төбешіктер болмайды. Төбешіктер саршұнақтың тіршілік етуі үшін үлкен роль атқарады. Көктемнің алғашқы мезгілінде қар еріген уақытта, жауын-шашын болған кезде саршұнақтар осы төбешіктерді мекендеп аман қалады.

Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда кішкентай саршұнақ інді өте көп қазады. Олардың ескі мекендерінде бір саршұнаққа 10-ден 30-ға дейін ін келеді. Бір гектарда 500-700 інге дейін және 50-80 төбешік кездеседі.

Саршұнақтың уақытша және тұрақты індері болады. Уақытша індер қарапайым келеді. Бұлардың тереңдігі 50-80 см, ұзындығы 80-100 см. Бұл індерін күндіз қоректенуге шыққанда немесе қауіп-қатер төнген кезде пайдаланады.

Саршұнақтар қысқы ұйқыдан көктемде қар кетісімен оянып, тіршілік ете бастайды. Оңтүстік аудандарда март айында оянса, апрельдің бас кезінде оянады.

Бұлардың ұйқыдан ояну кезеңі ауа райына байланысты болады. Егер ауа райы желсіз, күндізгі температура плюс 6-8 градус болса, онда саршұнақтар 10-15 күнде қысқы ұйқыданжаппай оянып, жер бетіне шығады. Ал ауа райы өте салқын (жауын-шашынды, көк тайғақ) болса, көбісі інінде қырылып қалады. Міне, осылайша саршұнақтардың ұйқыдан оянуы 30 күнге дейін созылады. Ұйқыдан оянған кезде еркектері 170-250 грамм, ал ұрғашылары 140-200 грамм салмақ тартады.

Ұрғашылары іннен сыртқа шыққан соң, бірнеше күннен кейін-ақ шағылыса бастайды. Шағылысу кезеңі аяқталысымен бұлар ескі індерін тазалап, кеңейтіп немесе жаңа ін қазуға кіріседі. Балаларын 22-26 күндей көтереді. Балалары қызылшақа, соқыр болып туады. Көздерін 20 күн дегенде ашып, 25 күн шамасында жер бетіне әр іннен 4-5-тен шыға бастайды. Олар алғашқы кезде індерінен алыс кетпей, өсімдіктердің нәзік жасыл жапырақтарымен қоректенеді. Бұл кезде әрбір баласының салмағы 40 г шамасындай болады. Ал салмағы 60-80 грамға жеткен кезде жан-жаққа тарап, өздері ін қазып немесе ескі уақытша індерде тіршілік ете бастайды. Май айының аяғында, июньнің бас кезінде саршұнақтарының еркектерінің салмағы 400-500 грамға, ұрғашыларының салмағы 300-350 грамға дейін жетіп, аз уақыттан кейін қысқы ұйқыға кетеді.

Қызылұрт саршұнақ – кішкентай саршұнақтан сәл ғана ірілеу келеді. Дене тұрқы 23-30, құйрығы 4-8 см. Жотасының түсі сарғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтары болады. Бауыры ақшыл сары. Бұлардың бір айырмашылығы ұртында жирен дақтары бар.

Қазақстанда қызылұрт саршұнақ негізінен тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда көп таралған. Ол Қостанай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Көкшетау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық аудандарында және Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде кездеседі. Әсіресе Қазақстанның шығысындағы аудандарында бір гектар жерде 10-нан 20-ға дейін саршұнақтан келеді.

Қызылұрт саршұнақтың қорегі өсімдіктердің жапырақ –сабақтары, дәндері және насекомдар. Бұл кеміргіштер шамамен 40 түрлі өсімдікті қорек етеді. Мұның ішінде қара құмықты, көдені, ебелекті, бедені, май таспаны, жусанды, жауқазынды, баданалы қоңырбасты т.б. өсімдіктерді құнығып жейді. Кейде шыбын-шіркейді, әсіресе қоңыздарды, жұлдыз құрттарын, көктемде тіпті өздерінің жаңа туған балаларын да жеп қояды. Қызылұрт саршұнақтың тіршілік жағдайы көбінесе кішкентай саршұнаққа ұқсайды. Бұлар да қысқы ұйқыдан көктемнің басында оянады және ол мекендейтін жерінің жағдайына байланысты болады. Мысалы, солтүстік-шығыста олар март айының аяғында, ал оңтүстікте осы айдың бас кезінде ұйқыдан жаппай оянып, тіршілік қамына кірісіп, жан-жаққа тарайды.

Көктемде қар тез еріп, топырақ тез жылынса, саршұнақтар да жаппай жер бетіне шығып, шағылысады.



Қызғылт жирен саршұнақ – бұл дене тұрқы 25-34, құйрығының ұзындығы 5-9 мантиметрдей біршама ірі келген кеміргіш. Сондықтан оны кейде үлкен саршұнақ деп те атайды. Ұйқыға кетер алдында еркектерінің салмағы 900-1500 грамға дейін барады. Жотасы жылтыр сары немесе сұрғылт қоңыр. Оның екі ұртын қызыл жирен қоңыр дақтар, көзінің айналасын дөңгелене біткен қоңыр сақина тәрізді жолақ қоршап жатады. Саршұнақтың бұл түрін осы белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.

Қазақстанда қызғылт жирен саршұнақ Орал, Гурьев, Ақтөбе, Торғай облыстарының кейбір аудандарында тараған. Оның шығыстағы таралу шекарасы Есіл өзеніне дейін барады.Әсіресе бұл саршұнақтың көп тараған жері – Ақтөбе облысының Мартөк, Ленин, Қобда, Новоресей, Алға аудандары. Мұнда саршұнақ мекендеген жерлердің әр гектарына есептегенде 12-18 қызғылт жирен саршұнақтан келеді. Кей жерлерді кішкентай саршұнақпен бірге мекендесе, кей жерлерде қызылұрт саршұнақ бар жерлерде кездеседі. Бірақ бұлардың мекені басқаша болып келеді. Қызғылт жирен саршұнақ көбінесе далалық аймақтарда қоныстанады.



15 - апта

ОБСӨЖ № 44

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Халық медицинасында өнімінің маңызы бар жабайы жануарлар.

2. Шипалық қасиеті бар өнім беретін жабайы жануарлардың бірі – аю.

3. Өнімі ғылыми медицинада пайдаланатын жануарлар.



ОБСӨЖ мақсаты:Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстан табиғи ресурстарға мол бай өлкелерге жатады. Сол табиғат байлығының бір түрі хайуанаттар дүниесі. Республикада түрліше шикізат беретін жануарлардың бірнеше түрі тіршілік етеді. Бұлардың біразы түрлі дертке шипа, шикізат беретін биологиялық қасиеттрі бар аса пайдалы хайуанаттар. Олардың көбінде витаминдер, гармондар, ферменттер сияқты биологиялық активті заттар болады. Олардың ішінде таза шипалы өнім беретіндері де кездеседі. Шығыс медицинасында осындай жабайы жануарлардың 40 түрі анықталып отыр.

Халық медицинасында өнімінің маңызы бар жабайы жануарлар - өнім беретін тұяқты аң немесе киік. Олар шөл мен шөлейтті аймақтарда кездеседі. Халық медицинасында бұл жануарлардың әсіресе мүйізі құнды. Сонымен бірге халық оның етінің де кейбір қасиеттері барын білген. Қазақ киікті киелі, қасиетті аң дейді. Халық киік мүйізінен женьшень немесе пантокрим тәрізді дәрі алуға болады. Бұндай дәрі өкпе қабыну, жүрек ауруы, паралич, сияқты ауруларды емдейді. Киіктің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі жараға, теміреткіге жақса жазылып кетеді. Ал киіктің қаны шөлі қанбайтын сусамыр ауруына шалдыққандарға пайдалы. Шығыс медицинасында киіктің мүйізінен дәрі жасап: жүйке, тамыр ауруларына қолданған. Дене қызуын бәсеңдету үшін дәрігерлер ақбөкен мүйізінің қайнатпасын сырқат адамдарға ішкізген. Қазір ақбөкеннің саны Совет одағында 1 миллиондай болса, соның 700 мыңдайы біздің республикамызда. Бізде жыл сайын орта есеппен 250-300 мыңдай киік еті, мүйізі, терісі үшін ауланады, ал ақбөкенді мүйізі үшін аулайды.

Шипалық қасиеті бар өнім беретін жабайы жануарлардың бірі – аю. Әртүрлі ауруларға шипа болатын зат аю өті. Ол әсіресе оңтүстік-шығыс Азияда халық медицинасында жоғары бағаланады. Шығыс елдерінде, көбінесе Қытай, Индия, Жапонияда аю өті ішек-қарын, бауыр ауруларын, сары ауруды, жұқпалы іш ауруларды, қатерлі іріңдер мен жараларды емдеуге қолданылады. Шығыс Сібірдің халықтары аю өтін шипалық қасиетін жақсы біліп, қолданып отырған. Сол сияқты қазақ халқы ертеден біліп, өтті туберкулез іш ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал Тува мен Камчатка жерлерінде тұратын аю өтін ревмотизм және бауыр ауруларын емдеуге қолданған. Аю өті кебе бастағанда қарая түседі, жабысқақ, қою, ащы зат, әсіресе күз-қыс айларында алынған аю өтінің шипалық қасиеті өте күшті. Сондай-ақ жабайы шошқа, тритон, жылан, балық сияқты жабайы жануарлардың өтін көбінесе өтін ревмотизм және туберкулез ауруларына қолданады. Ал медицинада ревмотизм мен туберкулез және іріңдеп шыққан жараларға ем ретінде борсық майын кеңінен қолданады. Суырдың майын тері және асқазан ауруларына ем үшін пайдаланады. Медицинада жабайы жануарлардың бірі – кәмшат және шикізат беретін жануарлардың бірі піл. Шығыс Азияда пілдің жұқалап кесілген терісі әдемі қоаптарға салынып дәріханаларда сатылады. Осы қымбат дәріні кексе жастағы адамдарға сергіткіш және жасартқыш ретінде пайдаланады. Әр түрлі жануарлардың сүйектерін шығыс медицинасында жиі қолданады. мұнда жолбарыстың сүйегі, сүйек немесе жілік майы жыныс мүшесінің қызметін арттыру үшін, маймылдың және өгіздің сүйегі ревмотизмге, тасбақаның сүйегі қан азға пайдаланса, ал кәдімгі тауықтардың сүйегі сүт айдайтын дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Шығыс медицинасында балалардың организмі әлсіреген кезде құрбақа етінен жасалған дәрі береді. Дәрінің құрамында жұмыртқаның уызы және кептірілген банан кіреді. Сондай-ақ құрбақа бездерінің шипалық қасиеті бар, мәселен жасыл құрбақаның құлақ астындағы безінен 16-24 миллиграмм құрғақ улы зат алуға болады. Одан тыныс алуды жақсартып, қан айналысын күшейтетін дәрілер жасайды. Шығыс медицинасында крокадилдер туысына жататын кесіртке, балық, сүлік жануарларды ды қолданады, сондай-ақ насекомдарды да қолданады. мысалы, қанатсыз тараканның ұрғашысы мен личинкасынан әйелдердің етеккірі келуіне және сүйек сынғанда оның тез бітуіне қолданылады. Дәуіт жұмыртқасының қабығы бүйрек ауруларын емдеуге болады. Көк шегірткелер ішектің жұмысын реттейді. Ал тұт көбелегі тұмауды емдейді. Жібек көбелектің жұлдыз құртты науқасы ауыр адамдардың тамаққа тәбетін көтереді, ұйқысын келтереді.

Өнімі ғылыми медицинада пайдаланатын жануарлардың бірі бұғы мен марал. Бұлардың ең бағалы заты жас мүйізі. Мамандар маралдың мүйізінің ішінде қан тамырлары көбейген және пайдалы заттары толыққан кезде кесіп алады. Одан соң мүйізді өңдеп кептіріп, дәрі жасап шығарады. Бұл дәрінің аты панты немесе пантокрин деп аталады.

Пантокрин – жүрек, қан тамыр жүйесіне, бұлшық еттерге, ішекке, тыныс жолына пайдалы әсер етеді. Сондықтан дәрігерлер көбінесе жүйке және қан қысымы ауруларды емдейді. Пантокрин әлсіреген жүйке тамырына күш береді. Дененің жансыз тартқан талшықтарын тірілтіп, қалыпты жұмысқа қосады. Маралдың және бұғының құйрығы және ұрығы, сіңірі әртүрлі ауруларға ем. Біздің территориямызда улы жыландардың 11 түрі тіршілік етеді. Шығыс медицинасында жыланның уынан басқа оның бауыры, көзі, терісі, майы, сүйегінен дәрі жасауға болады. Жыланның уына басқа дәрілерді қосып ол орталық нерв жүйесінің ауруына пайдалы. Улы жыландар: көзілдірікті жылан (кобра), гюрза, эфа, боз жылан немесе қалқан тұмсық, сұр жылан, дала сұр жыландар.

Ерте заманнан бастап дәрігерлер жылан шаққан адамның аурудан жазылғаннан кейін басқа сырқаттарға төзімді келеді. Жылан уының құрамында биологиялық ерекше заттар бар, олар көптеген ауруларға таптырмайды. Мысалы, гюрза және боз жыланның уынан қанның ұйығыштығы азайған кезде қан тоқтатуға көмектеседі. Жылан уынан дайындалатын дәріні лебетокс деп атайды. Бұл дәріні дәрігерлер әсіресе адамның ауру тісін жұлғанда қолданады. ал кобраның уынан алынатын дәрі-дәрмектер қатерлі ісік ауруларды емдейді. Бұл дәріні кобротоксин деп атайды. Сондай-ақ жыланның уы хирургияғада қажет. Сұр жыландардың уы шонданай нерв ауруларына, бұлшықеттің қабынуына көмектеседі. Бұл препараттар көбінесе май ретінде шығарылады.

15 - апта

ОБСӨЖ № 45

ОБСӨЖ тақырыбы; Наурызым мемлекеттік қорығы.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қорықтар туралы түсінік.

2.Наурызым мемлекеттік қорығы.

3.Өсімдіктері мен жануарлары.



ОБСӨЖ мақсаты: Наурызым мемлекеттік қорығы мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)

бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Наурызым мемлекеттік қорығы - Қостанай облысынад Наурызым жәнеСемиозер ауданының территориясында 1934 жылы ұйымдастырылған.Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар.Дегенмен, Наурызым қорығының байлығы тек орман ғана емес,онда жабайы аңдар мен құстар, ал өзен- көлдерінде балықтар да мол.Жер бедері мен ауа райы.Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпаттында орналасқан.Қысы-суық,ызғарлы;жазы-ыстық;Январьдыңорташыа температурасы –18-19градус .Жауын –шашынның жылдық мөлшері 200-205мм шамасында.Территория негізінен қызыл-қоңыр топырақты келеді,онда кіші-гірім өзендер мен көлдер орналасқан.Аралы өзен аңғарларымен бөлінген төбелер кездеседі,абсалюттік биіктігі 120-140м.

Ормандары мен өсімдіктері.Орман көлемі 1762 гектары түгел орманды алқап аталғанымен,оның тек 4396 гектарын орман алып жатыр.Онда қарағай – 934га, қайың – 805 га, көктерек – 1034 га, жерлерді алып жатыр.Мұнда құарағай,аққайың,көкттерк,қызыл тобылғы,тал, мойыл,папоротник өседі.Орманмен қанаттас бетегелі-жусанды, бозды шексіз дала жатады.Мұнда суыр, зорман, күзен, дуадақ, безгелдек,аққоян,қосаяқ, сибирь елігі, аққұр, сияқты бағалы өте сирек кездесетін аңдар мен құстар кездеседі.Қарағай –биіктігі 20-40 метрге дейін жететін мәңгі жасыл ағаш.Ауа ылғалдылығына аса зәру емес.Құрғақ континентті климатқа,ауа райына төзімді.Негізгі тамырлары тереңге бойлап,жанама тамыры 15метрге дейін жетеді,соның арқасында ылғалды тереңнен де жан жағынан да пайдаланады.Қарағай қуаңшылыққа,суыққа төзімді,жарықта жақсы өседі.350-500 жыл өмір сүреді.Діңі сапалы.Қарағай орманы көбінесе құрғақ құмды жерде өсетін қалың тоғай.Қайың –биіктігі 20метрге жететін ағаш,кейде өскен жерінің жағдайына қарай бұта болып келеді.Ол көбінесе шілік және ылғалды болып келеді.Топырақты көп талғамайды,ылғалды жерде,күн сәулесін сүйеді,суыққа шыдамды.Қайың 150 жылдай өмір сүреді.Сүрегі өте пайдалы.Жапырағы мен бүрінен дәрі дайындалады.Көктерек-биіктігі 35-метр, диаметрі1метрге жетеді.Тамыры өте жақсы өрбиді.Тез өседі.15-20 жылдық діңінің биіктігі 10-15метрге жетеді80-100жасқа жектенде шіріп,құлай бастайды.Сүегі жеңіл,жұмсақ,сондықтан да көктеректің сүйегі қағаз өнеркәсібінде және жасанды жібек алу үшін қолданады.


Жануарлар дүниесі - Наурызым қорығы кең далаға әкеп табиғат-ананың орната салған табиғи музейі деседе болады.Тұзды көлдің жағасына өскен қалың орман,құмдауыт ,төбешіктер толған қарағай ,ақ қайыңдар мен аралас өскен жыңғыл, тобылғы.Қорықтың қалың ормандарында және көгілдір көлінде бұта орман құстары мен су қанаттылары кең таралған.



Құр - салмағы 1,6 килограмға жететін ірі қауырсынды құс.Қорық төңірегінде құр көбіне қарағай,қайың және көктерек сияқты ағаштардың арасында мекендейді.

Аққұр –салмағы 700 грамдай ,ортамөлшері құс.Ақ құр жазда тарғыл, қыста ақ түсті болады.Бұл олардың жауларынан қорғанудағы бүркеніш реңі болып табылады.Ақ құр да кәдімгі құр таралған орманды алқапта мекендейді.Наурызым қарғайларынан 10-15 тен топтанып ұшып жүрген ақ құрларды жиі кездестіреміз.Ақ құр отырықшы құс.Жер бетінде өмір сүркге бейімделген ақ құр тал қайың және көктерек өскен биік шөпті,батпақты жерді мекендеуді ұнатады.Қорықтың төңірегінде орманды дала аймағы-бұл құс негізгі қонысы.Жемі- ағаш бүршігі, жапырағы, жемісі.Бұл-кәсіптік маңызы бар құс.Қорықтың ормандағы ұялайтын құстарға ақ шымшық ,ұаратамақ,сұр жылқышы,құрқылдақ торғай,жаплақ,т.б жатады.Қорықтың территориясында шөл және шөлейт аймақтарға тән құстар да ұшырасады.Онда дуадақ ,безгелдек,тарғақ, қараторғай,тырна және басқа қанаттылар мекендейді.

Дуадақ - салмағы 8-12 килограмдай келетін ірі құс.Бұрын бұл аймақта топтанып жүретін оны қазір көру қиынға соғады.Қорықтың жер көлемі кеміген сайын дуадақтың мекендейтін өрісі тарыла бастады.Сондай-ақ,оның төңірегіндегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты дуадақ бұрынғы тіршілік ететін жерінің біразында жойылып кетті.Ол насекомдардың 50-ден астам,өсімдіктердің 30-ға жуық түрімен қоректенеді.Көктемде оның ұясынан1-3жұмыртқаны байқауға болады.Балапандарын өсіріп шығарған дуадақтар күзде егістік орнына жайылып семіреді.Бұл ашық дала құсы ертеде дәмді еті мен қауырсыны үшін көп аулаған.Соңғы жылдары асны күрт азайып кетуіне байланысты оны аулауға тыйым салынған.

Безгелдек - дуадақтардың ішіндегі ең кішісі,салмағы 1килограмға дейін барады.Бұрын қорықтың ормансыз ашық далалы жерінде көптеп топтанып жүретін бұл құсты бүгінде тобымен көру қиынға соғып тұр.Тіпті,Қостанай облысының басқа жерніде де бұл құс сирек кездесудге айналды.Безгелдектің саны азайып кетуіне ,біріншіден ауа райының кей жылдары қолайсыздығы әсер етсе, екіншіден ,тың жерлерді игеруге оларды ұя салатын мекендерінен айырды.Жусанды көделі бозға үйір келеді.Жыл құсы безгелдек түрлі насекомдармен ,өсімдіктердің дәнімен қоректенеді.Апрельдің аяғында шөп арасына ұялап оған 3-4 жұмыртқа салып, балапан шығарады.Біздің аймақта безгелдекті аулауға тыйым салынған.

Тарғақ-дене мөлшері орташа,салмағы 250грамдай келген құс.Бұл –құрғақ дала және шөлейт белдеулерге тән құстардың бірі,Қорықтың құрғақ дала аймағында таралған.Ол көбінесе өсімдіктері сиректеу жерлерге,сортаңға және суға жақын мекендерге жұмыртқалайды.Далалы белдеуде шөптің әр түрлі болып келетіні жұртқа мәлім.Тарғақ,әсіресе,боз бен бетеге, жусан мен бетегей аралас өсетін жерлерді паналайды және осындай мекендерге ұялайды.Ал біріңғай бетегелі далада олар онша тұрақтамайды.Олар көктемде он шақтыдан топтанып жүреді.Ұялаған кезде тобын онша көп жазбайды.Ұялары бір-біріне жақындау мекендерде орналасады.Бұл құстар күзде қоныс аудару кезінде үлкен үйір құрады.Апрельдің ортасында ұясына 4-5 жұмыртқа салады.17-21 күннен соң жұмыртқадан балапан шығады.Бұл өте жылдам ұшатын құс.Тарғақ ,әсіресе зяинды насекомдарды, көбіне шегірткелерді жеп үлкен пайда келтіреді.Наурызым қорығында тек ұшқан құс ғана емес ,сонмен қатар жүгірген аң да кездеседі.Бұл аймақта елік,борсық,орқоян,қызыл,түлкі,қарсақ,суыр,сары күзен,ақкіс,аққалақ, жабайы шошқа, сияқты терісі бағалы аңдар мекендейді.

Елік-бұғылардың ең кішісі.Бұл –шағын келген, салмағы 40-50 килограммдай,сымбатты жануар. Мұнда 1975 жылы 75-тен астам елік бар екендігі анықталды.Бұл алқапта елік әсіресе қарағайлы ормандардың ,сондай-ақ бұқталардың арасында мекендейді.Ал өзен көл жағалауында ол тоғайлы және құрақты ну қопа арасында жүреді.Кездесетін жерлерне қарай және маусымға байланысты еклік жүзге жуық өсімдк түрімен қоректенеді.Көктемде,жазда түрлі шөп ,көк жапырақ,қылқанды ағаштың бұтақтары мен бүршіктерін жейді.Елік көбінесе түнде жайылып, күндіз тынығады.Қыстың қарлы боранында қалың ағаш ,бұта ішін мекендейді.Еліктер күзгі-қысқы айларда үйір-үйірімен жүреді.Бұл мезгілдерде бір үйірінде10-15 ке дейін елік болады.Олар үйірінен көктемде ғана бөлінеді.Қар қалың әрі көктайғақ жылдары елік қасқырға оңай жем болады.Орманға қар өте көп жауса,аязжы қыс болған жылдары елік,әсіресе ,оның лақтары өлім жетімге көбірек ұшырайды.Елік-еті дәмді,терісі пайдалы кәсіптік маңызы бар аң.

Борсық - “орман бағбаны”.Бұл-орман шаруашылығының зиянкестерімен қорректенетіндіктен көп пайда кетіреді.Борсық қорық территориясында кекң таралған.Сонымен бірге өзен-көлдердің жағасында аз емес.Бұл жыртқыш аң әр түрлі жерді мекендейді.Әсіресе,ол Жарпкөл,Ақсуат және Сарымойын өзендердің жағасындағы тоғайда көп болады.Борсықтың іні қалың ,биік ағашты орман арасында ,тоғайда жиі кездеседі.Борсық көбінесе ұзындығы 10метрдей келетін інде жатды.Бұл аймақта мекендейтін борсық қысқы ұйқыдан апрель-май айларында оянады.Бұл түнде тіршілік ететін аң.Борсық жылына бір рет үш-төртке кейде алтыға дейін күшіктейді.Тек шет қалған иесіз жерде ғана күндіз қорке іздеуге шығады.Борсықтың негізгі қорегі құрт-құмырсқа,кесіртке,көлбақа,жылан,құқстардың жұмыртқаларын жейді.Күзге қарай қатты семіреді,осаы уақытта, оның салмағы екі еседей артады.Қыста ұйқыда жатқанда ол бойына жеткілікті етіп жинап алған майы арқылы қоректенеді,органнизмде физиологиялық процестер жүріп жатады.Халық медицинасында борсық майы құяң, туберкулез ауруларына ем ретінде қолдынады.Сонымен бірге борсық ауыл және орман шаруашылықтарының көтеген зиянкестерімен қоркетеніп пайдасын келтіреді.

Орқоян- қояндардың ішіндегі еңі ірісі. Бұл қорық төңірегінде таралған терісі және еті бағалы аң.Мұнда ол орман-тоғайда мекендейді.Орқоян көбінесе ашық, далалы жерде,тоқояндардың ішіндегі еңі ірісі.Бұл қорық төңірегінде таралған терісі және еті бағалы аң.Мұнда ол орман-тоғайда мекендейді.Орқоян көбінесе ашық, далалы жерде,тоғайлы жерде,өзен –кеөлдердің жағасында,шоқ-шоқ бұта арасында қоныстанады.Орқоян ымырт жабылған кезде және түнгі мезгілде тіршілік етеді.Күндіз әр түрлі ағаштардың немесе бұталардың арасында тығылып жатып,қараңғы түсісімен жайылады.Көбейер кезде ін қазады.Қысы қатты ,қар қалың болған жылдары індерінде тұрақтайды.Панасы тереңдігі жер бетінен1-2метрге дейін жетеді.Бұл қоян негізінен өсімдіктермен қоректенеді.Орқоян өсімтал аң. Ол жылына екі-үш рет туады.Әрбір ұрғашы қоян жыл сайын орта есеппен 10-12көжек береді.Бұл қоян терісі мен еті үшін ауланатын аң.

Дала суыры - салмағы 6-7 килограмдай.,ірі кемірушілердің бірі. Ол негізінен бетегелі,көде және боз өскен далалық жерлерде тіршілік етеді. Бұрын

көбінесе тың жерлерде тіршілік ететін болған.Дала суырының жер бетіндегі қимыл іс әрекеті күшндіз өтеді.Түнге қарай індерінде үйірімен тұрады.Тұрақты індерінің тереңдігі 5-6м,ал інінің ішінде жататын үш-төрт ұясы болады.Оларн да борсық сияқты денесіне жеткілікті май жинап алып август айының ортасынан ұзақ,қысқы ұйқыға кетеді.Суыр да борсық секілді ұйқыда жатқанда бойындағы жинап алған майымен қоректенеді.Қысқы ұйқыдан ол ауа райына байланысты март айында,немесе апрельде оянады.Дала суыры жылына бір рет2-ден 9-ға дейін ,көбіне 5-65 күшіктен туады.суырлар 10-15 жылдай өмір сүреді.Көбінесе өсімдіктердің жапырақ, сабақ және гүл сияқты , бөліктерімен қоркетенеді.

Қорық орналасқан аймақта суыр өсімдіктердің 46-түрімен қоректенеді.

Әсіресе,бидайық,көде,бетегек,жусан,ақбас сияқты өсімдіктер оның қорегінде ең маңызды орын алады.Су ішпейді,шөптердің ылғалы арқылы шөлін қандырады.Дала суыры терісі мен майы үшін кәсіптік тұрғыдан ауланатын аң екені мәлім.Қорыта айтқанда Наурызым қорығының байлығы орман ғана емес ,онда жабайы аңдар мен құстар мол.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік.

2. Мақтаның құрылысы және өсіп – жетілуі.

3.Табиғи өсімдіктер қорын тиімді пайдалану.

4. Қазақстанның өсімдіктері. Итмұрын.

5. Қозаның зиянкес жәндіктері және аурулары. Сорушы зиянкестер

6. Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер. Айдаршөп.

7. Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер.Түймедақ.

8. Қазақстанның илік заттар өсімдіктері. Илік заттар.

9. Қозаның аурулары.

10. Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау жүйелері. Ақ тауқалақай.

11. Витаминдер.

12. Қазақстанның улы өсімдіктері.. Бәрпі.

13. Қазақстанның улы өсімдіктері. Жоңғар бәрпісі.

14. Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері.Томат.

15. Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер. Сары раушан.

16. Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер. Шүйгіншөп.

17. Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер. Алтын тамыр.

18. Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар.Алкалоидтар.

19. Улы өсімдіктер. Аласа құртқашаш.

20. Қазақстандағы крахмал өсімдіктері. Картоп.

21. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер. Шренк тобылғытүс.

22. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер. Алтай сибиркасы.

23. Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері. Баклажан.

24. Қазақстан флорасындағы татымды(тағамдық) өсімдіктер. Пияз. Шнитт пиязы.

25.Қазақстан флорасындағы татымды(тағамдық) өсімдіктер. Пияз.Жұпар пиязы.

26. Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері. Қарбыз.

27.Улы өсімдіктер. Ашық құндызшөп.

28. Қазақстандағы крахмал өсімдіктері. Қантты жүгері.

29. Қазақстанның хош иісті (ароматты) өсімдіктері. Ақжелкен

30. Қазақстанның илік заттар өсімдіктері. Кумарин заттары.

31. Өсімдіктер ресурстарын қорғау шаралары. Ақсу - Жабағалығы қорығы.

32. Су омыртқалылары. Балықтар. Каспий тілтісті.

33. Қазақстанның илік заттар өсімдіктері.Фитонцидтер.

34. Қазақстанның улы өсімдіктері. Қаракөл бәрпісі.

35. Қазақстанда ауланатын балықтар. Бекірелер.

36.Далалы жерлерде кездесетін қосмекенділер. Сүйір тұмсық көлбақа.

37. Жер бетіндегі омыртқалылар. Жазықты жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.Кәдімгі сарыбас жылан.

38. Улы өсімдіктер.Ақезу мәрпі.

39.Дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану тәсілдері.Орман бүлдіргені.

40.Дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану тәсілдері.Орман құлқайыры.

41. Жазықты жерлерде кездесетін құстар.Тарғақ.

42. Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар.Гликозидтер.

43. Қазақстанның илік заттар өсімдіктері.Кумарин заттары.


44. Қазақстанда ауланатын балықтар. Шортан.

45.Табиғи өсімдіктер. Қызыл жыңғыл.

46. Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер.Сүйекті аққурай.

47.Дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану тәсілдері. Қара меңдуана.

48.Табиғи өсімдіктер қорын тиімді пайдалану. Қара сексеуіл.

49.Жер бетіндегі улы жыландар. Сарбас жылан тәрізділер.

50. Құстардың аңшылық- кәсіптік түрлері.Қаз тәрізділер.

51. Далалы жерлер мен орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Түлкі.

52. Далалы жерлер мен орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Бозсуыр.

53. Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары.Сусар.

54. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары. Сырдария тасбекіресі.

55. Қорғалжын қорығы. Жануарлар мен өсімдіктері.

56. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары. Пілмай

57. Жер бетіндегі улы жыландар. Су сарбас жыланы.

58.Қазақстанның улы өсімдіктері. Қаракөл бәрпісі.

59. Шөл мен Шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Ақбөкен.

60. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары. Арал бекіресі.

61. Дәрілік өсімдіктерді өсіру жолдары. Алоэ.


62. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері.Балшытыр.

63. Тағамдық өсімдіктер және оларды пайдалану.Грек жаңғағы.



64. Витаминді өсімдіктер. Қауын.

65. Су жануарлары. Итбалық.

66.Орманды дала жерлерінде кездесетін құстар.Құр.

67. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.Сұр кесел.

68. Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары. Ит тұқымдас жыртқыштар.Шиебөрі.

69. Қорғалжын қорығы.Өсімдіктен мен жануарлар дүниесі.

70. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар.Бұйра бірқазандар.

71. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар.Жекдуадақ.

72. Қызыл кітабқа енгізілген өсімдіктер. Кауфман қызғалдағы.

73. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.Оқ жылан.

74. Қызыл кітабқа енгізілген өсімдіктер. Островский қызғалдағы.

75. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.Қарақұйрық.

76.Ит тұқымдас жыртқыштар.Шиебөрі.

77. Қазақстанның эфир майлы өсімдіктері.Әсем шөлмасақ.

78. Қазақстанның улы өсімдіктері. Көкнәр.

79. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар.Жорға дуадақ.

80. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар. Сары аққұтан.

81. Тағамдық өсімдіктер және оларды пайдалану.Грек жаңғағы.

81. Тағамдық өсімдіктер және оларды пайдалану.Мандарин.

82. Үлкентұмсықты шүрілдек.

83. Қазақстанның эфир майлы өсімдіктері.Сақалсыз жыланбас.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет