ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
Бекітемін
Директордың оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары
_______________C.Сембиева
"_____" ____________ 2021 ж.
ТРЕНИНГ
Тақырыбы: Біз біргеміз
Психолог: Төлеубаева М.С.
Алматы 2021
Келісілді
Колледж әдіскері
__________ Байсугурова У.С.
__________ 2021 жыл
Құрастырған
Педагог-психолог
__________М.Төлеубаева
__________ 2021 жыл
Тақырыбы: Біз біргеміз
Тренингтің мақсаты: топты біріктіру және тиімді топтық өзара іс-қимылды құру.
Тренинг міндеттері:
1. топта қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру;
2. топта жұмыс істей білуді дамыту;
3. топты біріктіру.
Қатысушылар:
Жұмыс түрі: топтық
Уақыты: 1 - 1,5 сағат.
Жүру барысы:
Психолог:
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Сіздерден тренингті бастамас бұрын, сұрап өткім келеді: Бұл тренингтен сіз не күтесіз? Бұрын-соңды тренингке қатысып көрдіңізбе?
1. «Амандасу» ойыны:
Уақыты: 5 минут
Жаттығу барысы: Әр қатысушы мимика, жест арқылы бір-біріне ұқсамайтындай амандасуы керек.
2. «Автопортрет» жаттығуы 5 мин.: Мақсаты: бір- біріміз жайында көбірек білуге арнаймыз. Ойын ережесі: әр қатысушыға парақ беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына
ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты:
- сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз.
Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия: Жазылған автопортреттер бір бірден таратылып оқылады, бұл кімнің портреті екенін анықтау керек.
3. «Өрмекші торы» жаттығуы.
Жаттығу барысы:
- қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
4. «Дженга» мұнарасы
Қатысушылар 2 топқа бөлініп, ағаш «Мұнарасын» тұрғызады. Қай топ жылдам әрі мұқият орындайды, сол анықталады.
Қорытынды:
Талқылау: "біздің осымен тренинг соңына жетті. Сізден сұрағым келеді, сіз бүгін не білдіңіз? Өзіңіз үшін, топ үшін не пайдалы болды? Сіздің көңіл-күйіңіз қалай өзгерді? Тренингтен қандай әсер алдыңыз? Сіз тренингтен күткен нәрсені ала алдыңызба?
Сіздер белсенді болдыңыздар, топта бірге ұйымшыл жұмыс істедіңіздер. Сіздер біртұтас екеніңізді ұмытпаңыздар, әрқайсыңыз осы тұтастықтың маңызды және қажетті, ерекше бөлігі болып табыласыздар! Қатысқандарыңыз үшін рахмет!» Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Кездескенше!
В целях создания благоприятных условий для раскрытия внутреннего потенциала подростков и стимулирование их личностных изменений и формирования хорошего социально-психологического климата с помощью сотрудничества и взаимопомощи внутри группы был проведен тренинг на тему «Мы вместе!» со студентами группы: П21-1КОГ.
Топ ішіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек арқылы жасөспірімдердің ішкі әлеуетін ашуға және олардың жеке өзгерістерін ынталандыруға, қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында " Біз біргеміз!" тақырыбында П21-1КОГ тобы студенттері арасында тренинг өткізілді.
П21-1КОГ тобы студенттерімен «Біз біргеміз»тренингі
Достарыңызбен бөлісу: |