«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы бойынша 2014 жылы Ұлан ауданында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат



бет1/3
Дата18.02.2018
өлшемі169,1 Kb.
#37794
  1   2   3
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы бойынша 2014 жылы Ұлан ауданында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес  Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 541 қаулысымен Ұлан ауданының тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21 бабының орындалуын іске асыру, заң талаптарына аудандағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін сәйкестендіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру бойынша іс-шараларға белсене атсалысуы туралы аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерге хабарлама беріліп, заң талаптарын түсіндіру, насихаттау мақсатында семинар кеңестер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Аудан көлемінде жыл басынан бері 15 мәрте рейдтер жүргізіліп, 72 нысан қамтылды.

Ұлан ауданы бойынша елді мекендердегі ілінген барлық көрнекілік ақпараттар мен жарнамалар саны қазіргі таңда 262 болып отыр. Оның 224-і мемлекеттік тілде, қалған 38-і орыс тілінде жазылған. Жалпы аудан бойынша көрнекілік ақпараттар мен жарнамаларды ресімдеу деңгейі – 85,1% құрайды.


Аудан бойынша «Көркем тіл – көрікті жарнама», «Сауатты жарнама», «Тәрбие басы-тіл», «Тіл мен рух» атты  тақырыптарда 6 «дөңгелек үстел» өткізіліп, оған 92 адам қатысты.
Айлыққа байланысты өткізілген «Көрікті жарнама», «Сауатты жарнама», «Жарнамамыз сауатты да көрікті» атты 3 байқауға сауда нысандарының иелері сайысқа түсіп, өз нысандары бойынша көрнекі ақпарат пен  жарнамаларын слайд арқылы көрсетті. Бұл байқауларға 67 көрермен қатысты. 





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет