Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы



бет5/5
Дата31.12.2019
өлшемі104.58 Kb.
1   2   3   4   5

38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты

1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.

2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмi аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

3. Әкiм өкiлеттiгiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының құрылымын қоспағанда, әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.

5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

6-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

6. Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлік аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының балансына бекітіліп беріледі.



Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты



1. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

2. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

3. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

4. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

5. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

6. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

7. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені жергілікті өзін-өзі басқа­руды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.



9. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

10. Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

Ескерту. 3-тарау 38-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар

1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгiлейдi.



Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-1-тарау. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы



Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуының негіздері

Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі деп тануға жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіруінің осы бапта көзделген негіздерден басқа, қандай да бір өзге де шарттарының белгіленуіне жол берілмейді.

Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.

Ескерту. 39-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің:

1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;

3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті.



Ескерту. 39-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары

1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

2. Қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиыны жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелер:

1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;

2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысына жіберілетін қатысушылардың құрамын айқындау;

3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;

4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;

5) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;

6) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.

3. Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер:

РҚАО-ның ескертпесі!



1) тармақша көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

1) бюджеттік бағдарламаларды талқылау және бағдарламалық құжаттардың жобаларын, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын қарау;



РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақты 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

РҚАО-ның ескертпесі!



2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

2) жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау;

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

3) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар арасынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

4) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

4-1) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруды келісу;

4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

4-3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына одан әрі ұсыну үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметіне аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

4-4) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

4-5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

5) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

3-1. Бірінші бөліктің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

РҚАО-ның ескертпесі!



4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

4. Мониторинг жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында жүргізіледі.



РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Жергілікті қоғамдастық комиссиясы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу үшін мамандар тартуға құқылы.

Мониторинг жүргізу бойынша әдіснамалық және әдістемелік басшылықты бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар қабылдайды.

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың жетінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Тиісті аумақ әкімі жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысына жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытынды енгізеді.

5. Жергілікті қоғамдастық жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар әрі оны шақыру қажеттігі туралы өтінішке тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және тұрғылықты жерін көрсете отырып, қол қойған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Жергiлiктi қоғамдастық жиынының бастамашылары тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiміне жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізу туралы өтініш жасауға міндетті.

Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің оң шешімі алынғаннан кейін жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізуге жол беріледі.

6. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуге жол беріледі. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланады.

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары бекітеді.

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

7. Жергілікті қоғамдастық жиналысын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не ол жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдері ұйымдастырады.

Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

9. Жергілікті қоғамдастық жиыны оған осы аумақта тұратын және қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында сайланған өкілдерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы оған жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері немесе олар уәкілеттік берген тұлға ашады.

Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы сайланады. Күн тәртібін жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы бекітеді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне беріледі.

11. Жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.

12. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің міндетті түрде қарауына жатады.

13. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

14. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.



Ескерту. 39-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері

1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;

6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы

1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.

2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.

39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының алдында жауапты болады.



Ескерту. 39-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

39-7-бап. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері

1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін тиісті әкімдік республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде қала әкімі ұсынған құрамда құрады.

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің, оның басшысының қызмет нысаны, негізгі міндеттері, өкілеттіктері, басшыны сайлау тәртібі, қабылданатын шешімдердің мәртебесі және өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері үлгілік ереже негізінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі әзірлеген және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихаты бекіткен ережеде айқындалады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Ескерту. 3-1-тарау 39-7-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

40-бап. Жергiлiктi бюджет

Ескерту. 40-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi

1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.



2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.

Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Қазақстан Республикасының

Президентi
Каталог: ob-upravlenii


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет