Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
k090620154


 
 
Қазақстан Республикасының  
Білім жəне Ғылым Министрлігі 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С.С. КУБИЕВА  
 
 
СПОРТ НЕГІЗДЕРІ МЕН КƏСІІІТІК-
ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ  
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АҚТӨБЕ - 2013 

 
 
ƏОЖ 796/799. (075.8) 
КБЖ 75.1 Я73 
К81 
 
Рецензенттер: 
Е.А. Алимханов – пед. ғыл. докторы, Қазақтың спорт жəне туризм 
академиясының профессоры 
Т.А. Ботағариев – пед.ғыл. докт., Ақтөбе мемлекеттік  
 педагогикалық институтының профессоры 
 Н.А.Ахметов  –  пед.ғыл.  канд.,  Ш.Есенов  атындағы  Каспий 
инженеринг жəне технология университетінің доценті 
 
К81  
Кубиева С.С.  
Спорт негіздері мен кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы: Оқу 
құралы.  –  Ақтөбе:  Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық  институты, 
2013. – 240 б. 
 
Оқу қуралы 2013 жылдың 16 мамыр айындағы № 2 хаттамасына 
негізделе отырып РӨƏК-і арқылы баспаға ұсынылған 
ISBN 978-601-7391-06-5 
 
Оқу  құралы  модульдерге  бөлініп  теориялық,  тəжірибелік 
материалдардан, 
өзін-өзі 
тексеру 
сұрақтарынан, 
тест 
тапсырмаларынан  жүйеленіп  білім  алушыға  сапалы  игеруге 
мүмкіндік береді. Əрбір модуль өзара логикалық байланыста бірізді 
қалыптасып,  сызбалар  түрінде  көрнекілік  принципінің  жүзеге 
асуын қамтамасыз етеді. 
Оқу  құралы  «Дене  шынықтыру  жəне  спорт»  мамандығы 
бойынша студенттер мен оқытушылар құрамына арналған. 
 
ƏОЖ 796/799. (075.8) 
 
 
 
 
 
КБЖ 75.1 Я73 
 
Ақтобе  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  Ғылыми 
кенесінің шешімімен баспадан шығаруға ұсынылған 
Хаттама № «» Мамыр 2013 ж. 
  
ISBN 978-601-7391-06-5 
 
© Ақтобе мемлекеттік педагогикалық институты, 2013 
© С.С.Кубиева, 2013 

 

Алғы сөз 
 
050108  «Дене  шынықтыру  жəне  спорт»  мамандығына 
арналған  Спорт  негіздері  мен  кəсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығы пəнінің оқу құралы негізгі мақсат пен міндеттеріне 
жету үшін барлық қажетті оқу-əдістемелік құжаттардан тұрады.
 
  
Оқу  құралының  негізгі  мақсаты:  студенттерде  спорт 
негіздері 
мен 
кəсіптік-қолданбалы 
дене 
дайындығын 
қалыптастыру. 
Осы  оқу  құралды  жете  зерттегенде  келесі  міндеттер 
шешілуге тиісті:  
1.  Студенттерде  спорт  теориясы  дамуының  қазіргі  күйі; 
спорт 
түрлерінің, 
қызметтерінің, 
спорттық 
жарыстар 
теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен 
тактикасының  даму  перспективалары;  жоғары  оқу  орындағы 
спорттың 
өзекті 
ғылыми-əдістемелік 
мəселелері 
туралы 
білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге асыру. 
2.  Студенттерде  кəсіптік-педагогикалық  жəне  кəсіптік-
қолданбалы 
дене 
дайындығының 
теориялық-əдістемелік 
негіздері  туралы  білімдерді  қалыптастыру  жəне  оларды  жүзеге 
асыру. 
3.  «Айналма  жаттығу  əдісінің»  ерекшеліктері  жəне  оны 
студенттердің кəсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдану 
туралы білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге асыру. 
4.  Физиктер,  химиктер,  математиктер  мен  биологтар, 
географтардың,  журналистердің,  тарихшылардың,  филологтар-
дың,  юристердің  жəне  жеңіл  өнеркəсіп  инженерлері  мен 
технологтардың,  дене  тəрбиесінің  болашақ  мұғалімдерінің, 
автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің жəне 
пəн-мұғалімдердің  кəсіптік-қолданбалы  дене  шынықтыруы 
туралы білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге асыру. 
Бұл  оқу  құралының  мазмұны  келесі  құрылымы  бойынша 
игерілуге ұсынылған. 
1.  Біріншіден,  модульден  тұратын  пəннің  теориялық 
бөлімін  оқытуға  материал  берілген  (дəріс  пен  семинар 
сабақтары).  Бұл  жерде  ерекше  көңіл  аударатын  жағдай, 
материал зерттеп жатырған тақырыптың бірізділік сабақтастығы 
бойынша ұсынылады.  

 

2.  Əрбір  тақырып  бойынша  студенттердің  өз  бетінше 
орындайтын 
жұмыстарының 
тапсырмаларын 
орындауға 
нұсқаулар берілген. 
Студенттер 
өзіндік 
жұмысы, 
жеке 
жəне 
топтық 
тапсырмаларды 
орындауымен 
байланысты. 
Студент 
бұл 
жұмыстың барысында өз бетімен мақсат пен міндеттерді қоюға, 
өзінің  əрекетін  жоспарлауға  жəне  оны  іске  асыруға  қабілетін 
дамытады. Осы мақсатқа студенттің дене тəрбиесі теориясы мен 
əдістемесінің  терминологиясын,  педагогикалық  процесстің 
заңдылықтарын, құбылыстарын, даму бағыттарын игеруі кіреді.  
Мақсаты–оқу құралы талаптарын игеру жəне осы бағыттағы 
дене  шынықтыру  жəне  спорт  мамандығына  қажетті  білімді 
қалыптастыру. 
Оқу  құралында  берілген  материалды  бекіту  үшін  тестілік 
тапсырмалар ұсынылған. 
Студенттің Өзін - өзі бағалау тапсырмалары берілген.  
Бұл  оқу  құралымен  жұмыс  жасағанда,  құрметті  студент 
сенің қолыңда келесі материалдар болуы қажет, яғни:  
1.  Пəн бойынша силлабус 
2.  Дəптер (сабақта берілген тапсырмалар т.с.с.) 
3.  Тиісті жабдықтар (қалам, қарындаш, сызғыш т.с.с.) 
 Оқу құралын игеру барысында келесі ережелерді сақтауың 
қажет:  
1.  Түсінбейтін  жерлерін  өзіңнің  дəптеріңе  жазып  алу 
(сосын оларды оқытушыдан сұрау). 
2.  2  –  ші  жəне  3  –  ші  тараудағы  («тестілер»  жəне 
«бағалау»)  берілген  материал  бойынша  өзіңнің  түсінбегеніңді 
тексеру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Модуль  №  1.  Спорт  теориясы  дамуының  қазіргі  күйі  жəне 
перспективалары.  
 
Дəріс № 1. Спорт теориясы дамуының қазіргі күйі. 
 
Жоспар  
 
1. 
Спорт 
теориясының 
түсінік 
аппараты 
күйінің 
сипаттамасы. 
2. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясы. 
3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу. 
4. Спорттық жаттықтырудың негізгі əдістері мен амалдары. 
5. Спорттық жаттықтырудың қағидалары. 
 
Əдебиет 
 
1.  Теория  спорта  //Учебное  пособие.  –  Под  ред. 
Ф.П.Суслова, Ж.Холодова. – М.,2000.  
2.  Мамытов  А.  Теория  спорта  //Учебное  пособие.  – 
Бишкек, 2001. – 253 с. 
3.  Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен əдістемесінің жалпы 
негіздері // Оқу құралы. – Алматы, 2001. – 107 б. 
4.  Уанбаев  Е.Қ.,  Уанбаева  Ф.Ж.  Дене  мəдениеті  жəне 
спорттың  ілімі  мен  əдістемесі//  Оқу  құралы.  2-ші  басылым. 
Өңделіп  толықтырылған.  -  Өскемен:  С.Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ баспасы, 2009. – 260 б. 
5.  Турлыханов  Д.Б.  Уроки  летних  Олимпийских  игр  2000 
года в Сиднее (Австралия) и задачи по развитию спорта высших 
достижений  в  Республике  Казахстан  //  Теория  и  методика 
физической культуры. – 2000. - № 2. - С. 6-11. 
6.  Легкая атлетика / Н.Г. Озолин, Д.П. Марков. Учебник. – 
М.: Физкультура и спорт, 1972-672с. 
7.  Лосев  С.А.  Развитие  легкой  атлетики  в  Казахстане  в 
период  с  1941  по  1991  годы  //  Вестник  физической  культуры  - 
2007. -№1- 2 (13-14) – С.56-62.  
 
 

 

1. Спорт теориясының түсінік аппараты күйінің 
сипаттамасы 
 
Спорт  теориясында  ұғымдар  үш  топқа  бөлінеді:  бастапқы, 
функционалды жəне қорытынды (Сурет 1). 
Бастапқы  ұғымдарға  –  спорт  жəне  спорттық  жарыстар 
енеді. 
Спорт  (ағылшын  тілінде  –  «ойын»)  -  шынықтыру 
жаттығуларын  қолдануға  негізделген,  əлеуметтік  мəні  бар 
тəрбиелік,  ойындық,  жарыстық  əрекет.  Басқаша  сөзбен 
айтқанда, спорт дегеніміз өзіндік-жарыстық əрекет, оған арнайы 
дайындық, сонымен бірге осы əрекеттер негізінде қалыптасатын 
адамдар 
арасындағы 
ерекше 
қатынастар, 
мінез-құлық 
нормалары қажет. 
Спорт  ұйымдастыру  нысанасы  ретінде  негізгі  деңгейде 
көріне алады: жоғарғы жетістіктер спорты, көпшілік спорт жəне 
қосымша  спорт.  Жоғарғы  жетістіктер  спорты  –  жоғары 
көрсеткіштерге 
бағытталған 
жеңімпаздар, 
рекордсмендер 
спорты.  Жоғары  жетістіктер  спорты:  əуесқой  жəне  кəсіпқой 
спорт  деп  бөлінеді.  Əуесқой  спортшылар  бір  жерде  жұмыс 
істеп,  не  оқып  жүріп  бос  уақыттарында  спорт  түрлерімен 
айналысатын  адамдар.  Кəсіпқой  спортшыларға  спорт  түрімен 
айналысу  бір  жағынан  жетістіктер,  жоғары  көрсеткіштер 
көрсету  болса,  екінші  жағынан  жұмыс  түрі,  олар  күні  бойы 
жаттығады, сол үшін ақша алады.  
Оның  ұйымдық  объектілері:  АБЖОРМ  (СДЮШОР),  ЦОП, 
ЖСШМ (ШВСМ) жəне құрама топтар.  
Көпшілік  спорт  –  барлық  адамдар  қатыса  алатын, 
қатысушылар  санына  шек  қойылмайтын  спорт  түрі.  Мысалы, 
көп  адамдар  қатысатын  кросс,  шаңғы  жарыстары  т.б.  Көпшілік 
спорты  қимыл-қозғалыс  белсенділігінің  қажетті  деңгейін 
қамтамасыз  етеді.  Оның  бағдарламалары  –  мөлшері  негіздерін 
қорғану 
жəне 
белсенді 
демалыс 
мəселелерін 
шешуге 
бағытталады.  
Қосымша  спорт  балаларды  сапалы  түрде  таңдап  алуға 
арналған.  Ол  машықтанудың  тиімді  формалары  мен  дамушы 
əдістемесін  меңгеруге  бағытталады.  Олардың  негізгілері 

 

мыналар:  арнайы  БЖСМ  (ДЮСШ),  спорттық  сыныптар  жəне 
т.б. 
Спорттық  жарыс  –  спорттық  жетістіктерді  көрсету, 
салыстыру жəне бағалау, спорт саласындағы бəсекені белгілі бір 
түрде  реттеп  отыру.  Спортты  анықтау,  жалпы  спорттық 
шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. 
Жарыс іс-əрекеті – спорттық қызметтің кездейсоқ оқиғасы. 
Ол  спорттың  əралуан  түрлеріндегі  спортшы  мүмкіндігінің 
көрінісін, оған тəн ережелер сəйкестігі мен қозғалыс əрекеттері, 
жарыстық  күрес  тəсілдері  жəне  нəтижелер  бағасының  мəнін 
алдын ала ескереді. 
Бастапқы ұғымдардан келіп спорттық қозғалыс жəне əрекет 
ұғымдары туындайды. 
Спорттық  қозғалыс  –  əлеуметтік  қозғалыстың  ерекше  бір 
түрі – спорт түрлерін құру, дамыту, сақтау, алмасу жəне тұтыну 
жүйелерінің  тарихи  қозғалысы,  жеке  адамды  қалыптастыру 
құралдырының  бірі.  Тарихи  спорттық  қозғалыстар  спорттың 
төмендегідей көпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғарғы 
жетістіктер  (үлкен),  əуесқой  жəне  кəсіпқой  түрлерін  дүниеге 
əкелді.  
Спорттық  əрекет  –  адам  əрекетінің  көп  қырлы  белсенді 
жүйесі  ретіндегі  қимыл-қозғалыс  дамуының  ең  жоғарғы  түрі. 
Осы  жерде  айта  кету  керек,  жарыстық  əрекет  спортшының 
жарыс  ережесі  мен  амалдарына  сəйкес  спорттың  барлық 
түрлерінде  өз  мүмкіндіктерін  көрсетуін  жəне  бағалауын 
қарастырады. 
Функционалды  ұғымдарға  спорттық  дайындық,  спорттық 
машықтану жүйесі жатады. 
Спорттық  дайындық  –  спортшының  машықтануы,  оның 
жарысқа  қатысуын  қамтитын,  машықтану  жəне  жарыс  жүйесін 
ғылыми-əдістемелік  жəне  материалдық  тəсілдік  жағынан 
қамтамасыз  ететін,  оқу  мен  спортты,  жарыс  пен  демалысты 
үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көпжақты жүйе. 
Бұл ұғыммен келіп спорттық дайындық жүйесі жəне мектебі 
ұғымдары туындайды. 
 
 

 

 
 
Сурет 1 - Спорт теориясындағы негізгі ұғымдар 
 
Спорттық  дайындық  жүйесі  –  спортшының  спорттық 
жетістікке  жету  жолындағы  дайындық  дəрежесін  қамтамасыз 
ететін,  оқу  мен  спортты,  жарыс  пен  демалысты  үйлестіру  үшін 
қажетті жағдайлар жасайтын көп жақты жүйе. 
Спорт мектебі – мамандар тобының күшімен дамытылатын 
шығармашылық  қағидаға  негізделген  спортшы  дайындығының 
бірыңғай жүйесі. 
Спорттық  машықтану  –  спорттық  дайындықтың  негізгі 
бөлігі  жəне  дене  жаттығуларын  спортшының  өзі  таңдаған 
спортында  барынша  жоғарғы  көрсеткіштерге  жетуіне  ықпал 
ететін  қасиеттер  мен  қабілеттерді  дамыту  əрі  жетілдіру 
мақсатында  дене  жаттығуларын  қолдануға  негізделген  дене 
тəрбиесі мамандығының арнайы жүйесі. 
Спорттық  машықтану  жүйесі  деп  білім,  қағидалар, 
əдістер  жəне  спорттық  жетістіктер  жиынтығы,  сонымен  бірге 
машықтану 
процесстерін 
ұйымдастыру 
жəне 
басқару 
əрекеттерін айтады.  
Спорттық  машықтанудың  əсерін,  нəтижесін,  спортшы 
дайындығының 
деңгейін 
анықтағанда 
«дайындалғандық», 
Негізгі ұғымдар 
Бастапқы 
Функционалды 
Қорытынды 
Спорт 
Спорт
тық 
жарыс 
Спорт
тық 
дайын
дық 
Спорт
тық 
машы
қтану
 
Спорт
тық 
жетіст
іктер 
Спорт
тық 
нəти-
же 

 

«жаттыққандық»  жəне  «спорттық  қалып»  деген  ұғымдар 
қолданылады. 
Жаттыққандық  дегеніміз  -  жүйелі  дене  тəрбиесі 
жаттықтыруларын  жасау  арқылы  спортшы  ағзасының  берілген 
жаттықтырудың  жүктемесіне  қалыптасуы  жəне  оның  жұмыс 
қабілеттілігі деңгейінің жоғарлауы.  
Дайындалғандық – спортшының дене куаты қасиеттерінің, 
техникалық  шеберлігінің,  тактикалық  жəне  психологиялық 
дайындық 
деңгейлерінің 
жоғары 
деңгейге 
жетуі. 
«Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының 
кез-келгеніне жеке де арнайы мүмкін. 
Спорттық қалып, спорттық бап - спортшының белгілі бір 
циклде спорттық жоғары нəтижелер көрсетуге дайын күйі. 
Қорытынды 
немесе 
соңғы 
ұғымдарға 
спорттық 
жетістіктер,  спорттық  нəтиже  жəне  спорттық  мамандану 
жатады. 
Спорттық 
жетістіктер 
– 
белгілі 
бір 
нəтижедегі 
спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші. 
Спорттық  нəтиже  -  спорттағы  көрсеткіштердің  сандық 
жəне  сапалық  деңгейі.  Спорт  түрінің  ерекшелігіне  байланысты 
ол жалпыға белгілі өлшемдермен (кг, м, немесе балл, ұпай жəне 
т.б.) немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді. 
Спорттық  мамандану  –  белгілі  уақыт  аралығында 
спорттық  жарыстарға  қатысқан  нəтижесін  жинақтай  көрсететін 
спортшының тұрақты мінездемесі.  
Спорт  белгілерінің  пайда  бола  бастауы  адамзат  қоғамының 
ең  ерте  кезеңдеріне  жатады.  Шынықтыру  жаттығуларының 
пайда  болуының  алғы  шарты  адам  еңбегі,  оның  ішінде,  белгілі 
дəрежеде  қимыл-қозғалыс  дағдылары  мен  барлық  дене 
қасиеттерін талап ететін аң аулау болды. Қазіргі заманғы спорт 
түрлерінде  ертедегі  адамның  машықтанушылық  белсенділігінің 
негізгі түрлеріне ұксас белгілер (мысалы: жүгіру, лақтыру жəне 
т.б.) айқын байқалып отырады.  
Сөйтіп, спорт адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында 
адамның  еңбек  жəне  əскери  əрекеті  негізінде  пайда  болып, 
адамның  дене  тəрбиесі  еңбекке,  əскери  істерге  дайындығының 
маңызды  жолдары  мен  əдістерінің  бірі,  сонымен  бірге 

 
10 
денсаулық  шындау  мен  демалысты  ұйымдастырудың  жолы 
болып қалыптасады.  
 
2. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясы 
 
Спорт  түрлері  əрекет  мазмұнына,  сипатына,  жарыс 
ережелеріне,  спорт  жарыстарын  өткізу  жолдарына  байланысты 
көптеген,  əртүрлі  спорт  түрлеріне  топтала  бөлінеді.  Қазіргі 
кезде олардың топталуының 7 түрлі нұсқасы бар (сурет 2 ): 
1.  Бəсекелесу  түріне,  сипатына  байланысты  спорт  түрлері 
бес топқа бөлінеді: 
-  спортшының дене қуаты қасиеті деңгейінің анықталуына 
байланысты топталатын спорт түрлері. Олар: күрес, бокс, жеңіл, 
ауыр атлетика т.с.с: 
-  техника  құралдарын  басқару  арқылы  қозғалу  спорт 
түрлері.  Олар:  велосипед,  мотоцикл,  автомобиль  басқара 
жарысу спорт түрлері; 
-  спорттық  қарумен  нысана  ату  спорт  түрлері.  Оған 
жататындар: садақ, мылтық, тапанша ату спорт түрлері; 
-  спортшының  əр  түрлі  заттардан  қозғалатын  құралдар 
(моделді) құрастыру қызметіне байланысты спорт түрлері. Олар: 
ұшатын, суда жүзетін, жерде қозғалатын құралдарды құрастыру, 
аспабпен басқару спорт түрлері; 
-  логика,  ақыл-ой  мүмкіншіліктерін  қолдана  отырып 
бəсекелесетін 
спорт 
түрлері. 
Олар: 
шахмат, 
дойбы, 
тоғызқұмалақ т.б. спорт түрлері; 
2.  Жеңімпазды анықтау ерекшеліктеріне байланысты спорт 
түрлері екі топқа бөлінеді: 
-  спортшылардың 
бəсекесін 
құралдармен 
өлшеп, 
анықтайтын спорт түрлері. Олар: жеңіл атлетика, шаңғы спорты 
т.с.с.; 
-   спортшылардың  бəсекесін  көру,  бақылау  арқылы 
анықтайтын спорт түрлері. Олар: бокс, күрес т.б. спорт түрлері. 
3.  Қозғалыс  құрылысы  ерекшеліктеріне  байланысты  спорт 
түрлері үш топқа бөлінеді: 
-  циклді  спорт  түрлері.  Оған  жататындар:  жүгіру  түрлері, 
суда жүзу, шаңғы, ескек есу т.с.с; 

 
11 
-  ациклді  спорт  түрлері.  Оған  жататындар:  күрес,  ауыр 
атлетика, секіру түрлері, бокс т.с.с.; 
-  аралас  спорт  түрлері.  Оған  барлық  спорт  ойындары 
жатады. 
4.  Қозғалыс  əрекетінің  күрделілігіне  байланысты  спорт 
түрлері екі топқа бөлінеді: 

қарапайым 
спорт 
түрлері. 
Олар: 
туризм, 
жеңіл 
атлетиканың жүгіру түрлері, т.б.; 
-  күрделі  қозғалыс  спорт  түрлері.  Олар:  спорт  ойындары, 
гимнастика т.б. 
5.  Жыныс  ерекшеліктеріне  байланысты  спорт  түрлері  екіге 
бөлінеді: 
- ерлер жаттығатын спорт түрлері; 
- əйелдер жаттығатын спорт түрлері.  
6. Жыл мезгіліндегі жаттығу мүмкіншіліктеріне байланысты 
спорт түрлері екі топқа бөлінеді: 
-  жазғы  спорт  түрлері.  Бұл  топқа  70-ке жуық  спорт  түрлері 
жатады; 
- қысқы спорт түрлері. Бұл топқа 10-нан артық қысқы спорт 
түрлері : хоккей, шаңғы спорты, биатлон т.б. жатады. 
7. Олимпиадалық ойын бағдарламасына кіруіне байланысты 
спорт түрлері үш топқа бөлінеді: 
-  жазғы  олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  кіретін 
спорт түрлері. Оған 30 спорт түрлері жатады; 
-  қысқы  Олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  кіретін 
спорт түрлері. Бұл топқа 12 спорт түрлері жатады; 
-  Олимпиадалық  емес  спорт  түрлері.  Бұл  топқа  30-дан 
арттық  спорт  түрлері  жəне  əр  халықтың  өзінің  ұлттық  спорт 
түрлері жатады. 
А.Мамытовтың  пікірі  бойынша  қазіргі  таңда  спорт  түрлері 
географиялық  таратылуына  жəне  əрбір  спорт  түрін  жүзеге 
асыратын  елдердің  санына  байланысты.  Оларға  келесілер 
жатады: 
-  спорттың  халықаралық  түрлері  –  жеңіл  атлетика,  жүзу, 
гимнастика, спорттық ойындар. Олар көп елдерде таратылған; 
-  кейбір  елдерде  орын  алған  спорттың  аймақтық  түрлері 
(бейсбол, таэквондо, шөптегі хоккей); 

 
12 
-  кейбір  халықтың  жəне  ұлттардың  арасында  орын  алған 
халықтық-ұлттық спорт түрлері.  
Спорттың  жəне  халықаралық  спорттық  қарым-қатынастың 
дамуына байланысты халықтық-ұлттық спорт түрлері аймақтық 
ойындарға,  ал  аймақтық  -  халықаралық  ойындарға  айналуы 
мүмкін. 
Спорт  түрлері  типологиясының  əрі  қарай  жетілдіруі 
бірнеше  жағдайларға  байланысты.  Бірінші  -  спорттың  жаңа 
түрлерінің пайда болуы (фрийстал, шорт-трек, кёрлинг). Екінші 
–  еңбек  жəне  əскери  əрекеттің  түрлерін  жетілдіру  (спорттық 
виндсерфинг, спорттық дельтопланеризм т.с.с.). 
 
3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу 
 
Дене  тəрбиесі  мұғаліміне  спортшы  дайындаудың  негізгі 
сипаттамасын, 
оқушылардың 
дене 
тəрбиесі 
жүйесіндегі 
спорттың  орнын  білуі,  спорттық  бағдарлау  мен  іріктеуге 
белсене  қатысуы  қажет.  Спорт  дайындықтары  бірнеше 
бағыттарға бөлінеді: 
1.  Əрбір  спорт  түріне  дарынды  балаларды  қызықтырып, 
тарта білу. 
2. Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру. 
3. Жарысқа қатысу. 
Оқушылар  спортқа  жан-тəнімен  берілуі  қажет.  Егер  оқушы 
спорт  түрін  жақсы  таңдай  білсе  жəне  онымен  бар  ықыласымен 
айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. 
Жаттығушылардың  спорт  секцияларында  тұрақтамауы  оқу-
тəрбие жұмысына кері əсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың 
спорт 
түрін 
таңдауына 
дене 
тəрбиесі 
мұғалімі 
мен 
жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге жұмыс істеуі қажет. 
Спорттағы  бағдарлау  жəне  іріктеу  кезінде  баланың  өз  басының 
ерекшеліктеріне,  қабілеттілігіне,  спорт  түрінің  талаптарына 
көңіл аударған жөн. 
Қабілеттілік  -  баланың  өзі  таңдап  алған  спорт  түрінің 
қимыл-əрекеттерін  тез  жəне  нəтижелі  меңгере  алуы  жəне  сол 
əрекеттердің оған ұнауы. 

 
13 
Спорттағы  дарындылық  дегеніміз  -  бала  қабілеттілігінің 
оның  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктерімен  үйлесуі. 
Сол арқылы спорт əрекеттерінің нəтижелі орындалуы. 
Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, 
спорт  түрімен  шұғылданғысы  келуін  ескеріп,  сол  спорт 
түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз.  
Оны бірнеше түрге бөлуге болады. 
1.  Үгіт,  насихат,  спорт  түрлерінен  мағлұматтар  беру. 
Мектепте  сабақ  кезінде  мұғалімнің  баяндаулары,  спорт  туралы 
қабырға  газеттері,  стендтері,  көрмелер,  радио,  теледидардан 
берілетін хабарлар, əдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру 
т.б. 
2.  Спорт  туралы  кеңес,  əңгіме.  Мектептің  дене  тəрбиесі 
пəнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы 
əңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді. 
3. Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау. 
4.  Оқушыларды  қабілеттілігіне  байланысты  нəтижелі 
айналысуға болатын спорт түріне бағыттау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет