Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев



Дата20.06.2020
өлшемі23,28 Kb.
#74141
түріБағдарламасы
Байланысты:
Тапсырма 1


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан

мемелекеттік техникалық университеті
Жер туралы ғылым және қоршаған ортаны қорғау мектебі

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту Білім беру бағдарламасы

ТАПСЫРМА


Тексерген: Кусманова К.А.

Орындаған: Дукиева А.Е.

6М070900 – Металлургия

Өскемен


2020

Тамсырма 1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері

«Білім беру» ұғымының мәнін келесі аспектілер: үрдіс, нәтиже, жүйе, құндылық тұрғысында ашып көрсетіңіз.


Бүгінгі таңда педагогика ғылымының алатын орны ерекше. Педагогика — «пайдагогос» деген сөзінен шыққан («пайдо» — бала, «гогос, аго» — жетектеу), яғни, тікелей аудармасы «бала жетектеуші» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнің шығу себебі Ежелгі Грекияда өзінің қожайынының баласын қолынан жетектеп жүріп қажетті өмір сүру іс-əрекеттеріне үйретуге жалданған жəне оны мектепке апаратын құлды педагог деп атаған. Бірте-бірте бала тəрбиесіне қатысты білімдердің жинақталуы ерекше сала ретінде педагогика ғылымының пайда болуына əсерін тигізді.

Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мəні бойынша қазіргі кезде адам тəрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Себебі алғашында ғылым ретінде тек бала тəрбиесіне қатысты мəселелерді қарастырғанмен, қазір ол жас кезеңдеріне сəйкес жалпы адам тəрбиесі туралы зерттейді.

Педагогика ғылымының тəрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы – тəрбие, білім беру салалары мен құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу. Оқыту мен тəрбие ықпалдары арқылы адам дамуында қандай өзгерістер жүреді жəне олар немен байланысты екендігін түсіндіреді.

Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогика пәннің негізгі міндеттері:

— қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету;

— мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру;

— студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу;

— әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау.

Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді.

Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық.

ҚР Жоғары білім беру жүйесінің қазіргі талабын негіздеңіз.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім — әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген. өптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:

— жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;

— жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;

— докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге/ бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды.

Ұлттық тәлім- тәрбиенің тұлға тәрбиесіндегі рөлін дәйектеңіз.

Білім беру ұғымы педагогика ғылымында бірнеше аспекті тұрғысынан қарастырылады. Білім беру - үрдіс, нәтиже, жүйе және құндылық болып табылады.

Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен әрекет тәжірибесін игеру үрдісі мен оның нәтижесі.

Білім беру - бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез-құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды (И.В.Сластенин).

«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі - өзара іс-қимыл жасайтын білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

• Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:

• Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;

білім берудің зайырлы сипаты;

• жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

• білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

• білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

• білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;

• білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

• білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

• оқушыларды кәсіптік бағдарлау;



• білім беру жүйесін ақпараттандыру;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет