Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Унивеситеті «Аграрлық» Факультеті



Дата16.04.2020
өлшемі18.53 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Унивеситеті

«Аграрлық» Факультеті

«Өсімдік шаруашылығы және Мал шаруашылығы» кафедрасы

«Жануарлар биотехнологиясы» пәні
СӨЖ

Тақырыбы: Овогенез.Фолликулогенез.Овуляция және сары денешіктің түзілуі

Орындаған: Жиенбаева У.

Тобы: АП-17-7тк

Қабылдаған: Қансеитов Т.



Шымкент 2020 ж.

Овогенез.Фолликулогенез.Овуляция және сары денешіктің түзілуі.
Жыныстық процестің артықшылығы: циклдің өзінің гаплоидты фазасымен, яғни жыныс жасуларының қосылып, диплоидты фазаға мейоздың арқасында көне ген комбинациялары ыдырап, жаңа комбинациялар пайда болуында.Жыныс жасушалары жақын жатқан жыныстық бүк-пе түскеннен соң кортикальдық және модулярлық кейіп алады.Егер жыныс жасушалары ұрғашы малдың аналық жыныс безінде дамыса, жыныстық клеткалар кортексте шағылысады да, овогенез процесі жүреді. Ал аталық безге айналса, жыныстық жасушалар модулаға түседі. Еркек малдың безінде ақуыз қабығының астында жасырын түрге енеді және жыныс бездері жыныстық жетілгенше дамымайды, ал ұрғашы малдың жыныс безінде ақуыз дамып, модулалар иновацияға ұшырайды да, ұрпақ жыныстық бездерінде потенциалдық гамета І ооцит өз жетілуін аяқтап, пайда болу кезенінде көп оогонилер пайда болады. Содан соң ядро аппараты мейтоз әдісімен бөлінеді. Ал жасуша денесі цитоплазмалық әдіс арқылы бөлінеді. Оогониялық көбею кезеңінен өсу стадиясына өтеді. Ооциттердің өсуі біркелкі емес. Шартты түрде екі кезеңге бөлінеді: превителлогенез және вителлогенез.

1)Кіші өсу кезеңі(превителлогенез)цитоплазмалық өсу. Бұл оогиниямен сәйкес, оның мейозбен қатар басталып, профаза түріне өтеді. Ооциттер өзінің РНҚ, белок және басқа компоненттері арқылы жасақталу процестері жүреді. Бұл кезде ядро және цитоплазма массалары тепе-теңдік түрде үлкейеді.

2)Үлкен өсу кезеңі(вителлогенез)тропоплазматикалық өсу. Сипаты цтиоплазманың жедел өсіп, ядроның өсуімен арақатынасы өзгереді.Цитоплазма жыныс белгілерінің жетілу кезеңінде көптеген фолликуляр көлемі кбейіп, сонымен қатар ооциттерде ұлғаяды. Фолликуланың сыртқы дән тәрізді жасушалар қабатында жіңішке дән мембранасы пайда болады. Бұл мембранада қан тамырлары жоқ. Ооциттегі дәндік клеткалар қоректік заттарды диффузия әдісімен алады. Ерте кезеңде фолликулдың дамуы жыныстық гормондардың қатысуынсыз-ақ жүреді

Фолликулогенез

Өсіп жетілуші фолликула өзінің мқлшерлі көлеміне жеткенде ол доминанттық рөл атқарады да, жыныс безіндегі басқа фолликулалардың өсіп жетілуін тежейді. Бұдан әрі фолликулдың тағдыры жыныс циклдерінің кезеңдеріне және ағзадағы горманальдық ситуацияларға тәуелді: ол овулияцияны алуы мүмкін, бұл кезде аналық жыныс безінде кейбір факторларға байланысты отрезяиға ұшырауы мүмкін. Фолликулдың келесі дамуы дәндік жасушалар арқасында қуыс пайда болуымен және оның сұйықтықпен тоуына байланысты. Бұл кзеңнен өтуге гипофиз гонадотрофині(ФСГ) және фолликул синтездеуші(ФС) эстрогендердің көп қатысы бар. Қуыс пайда болғаннан соң фолликулды екінші фолликул деп атайды да, ондағы ооцит бірінші реттік ооцит деп аталады. Ол пайда болған қуыстағы сұйықтық фолликуляр сұйықтық деп аталады. Әуелі ол дәндәк жасушалар секрециясынан пайда болса, кейін оның көп бөлігі экссудан есебінен толығады, ал экссудан қан капиллярынан шығады. Ұдан кейін фолликул жасушасы екінші қабықпен жамылып, ол қабық аналық жыныс безінің, дәнекер ұлпасының өзгерген стромалық жасушасы деп аталады. Осы жасуша қабығы пайда болуымен оны фолликул қабаты деп атайды. Сөйтіп екі қабаққа айналады да, ішкісі безді сипат алады да, сыртқысы дәнекер ұлпа қабығы деп аталады.

Фолликула эстрадиольды синтездеп, қанға бөледі және өзінің дамуын қамтамасыз етеді. Гормондалған, стимулденген фолликул көлемі тез ұлғайып жыныс безінің шеткі жағына қарай жылжиды. Ондағы фолликулярлық сұйық көлемі көбейеді, нәтижесінде ол жыныс безінің біт беткейіне томпиып шығады. Сөйтіп жыныстық циклін аяқтауға дайын аналық жыныс торшасы аналық жыныс безіндегі фолликуладан бөлінуге дайын болады. Сонымен сүтқоректілердегі ооциттерінің жетілуі олардың жыныстық жетілуімен сәйкес келеді. Сиырдың және мегежіннің ооциттерінің жетілу ұзақтығы – 40 сағат, қой мен ешкінікі – 20 сағат.

Овулияция және сары денешіктің түзілуі



Ұрғашы малдардың қанында ЛТ және эстрогендер концентрациясы ең жоғары деңгейге жеткен мезгілде фолликула өз дәрежесінде пісіп жетіліп, аналық жыныс жасушалары ооцитке айналады. Фолликулдың сыртқа шығып, томпайып тұрған орнын стигма деп атайды. Фолликулярлық сұйық көлемі көбейгенімен фолликулярлық қуыстың ішкі қысымы ұлғаймайды. Овуляция кезінде аналық жыныс торшасын ұстап тұрған төмпешіктің қабығы үзіліп, аналық жыныс торшасымен қоса біраз қоймалжың сұйықтық сыртқа бөліну сәті овуляция деп аталады. Күйлеу уақытымен ЛТ овуляторлық шынының арасы 6-10 сағатқа дейін жалғасады. Сыртқа жарылып фолликульден шыққан аналық жыныс жасушасы сәулелі сақина тәрізді фолликула жасушасымен қоршалған. Овуляцияланған жыныс безін жаралы орнынан аналық жыныс жасушасы бөлініп шыққаннан кейін , оның орнына фолликулярлы сұйық қалдықтары мен қан қалдықтары бірігіп, сол жерді бітейді. Сары денешік өзі прогестерон гормонын синтездеп , қанға бөледі. Ол гормон қан арқылы гипофизге хабар береді. Гипофиз нерв жүйесі арқылы жатырға хабарлайды: аналық жыныс безіне эстрогенді гормондарды бөлуді тоқататуды, сөйтіп келесі жыныс торшасларының бөлінуін тоқтатуды талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет