Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,75 Mb.
#914
1   2   3   4


СӨЖ тапсырмалары



Сабақ тақырыптары

Жұмыс түрі

өткізу мерзімі

баға


1

Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» идеясының маңызы

Талдап, тапсыру



ІІ апта

1


2

Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиеттануына қосқан еңбегі

Талдап, тапсыру

ІІ апта

1

3

Ілияс Жансүгіров аудармалары



Талдап, тапсыру

ІІІ апта

1

4

Құдайберген Жұбанов әдебиеттану саласындағы мақалалары

Талдап, тапсыру

ІІІ апта

1

5

Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары



Талдап, тапсыру

ІҮ апта

1


6

Қошке Кеменгерұлының драмалық, шығармалары



Талдап, тапсыру

ІҮ апта

1

7

Мұхтар Әуезов алғашқы мақалалары

Конспект

Ү апта

1

8

Смағұл Садуақасұлы -әдебиетші, көсемсөзші

Талдап, тапсыру

Ү апта

1

9

А. Байтұрсын «Әдебиет танытқыш»

Мысал теру

ҮІІ апта

1


10

Мұхтар Әуезов - әдебиеттанушы

Талдап, тапсыру


ҮІІІ апта

1


11

Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары

Мысал теру

Х

1


12

Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»

Конспект, талдау

ХІ апта

1


13

Қазіргі алаштану мәселелер

Талдап, тапсыру

ХІІ апта

1


14

Алаш абайтануы

Конспект, талдау

ХІІІ апта

1


15

Қазіргі абайтану және алаш қайраткерлері

Конспект, талдау

ХІV апта

1




  1. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

«Алаш алыптары» пәнін оқу барысында студент алаш қайраткерлерінің қазақ әдебиеті дамуына қосқан үлесі, қоғамдық –әлеуметтік маңызды мақалаларын оқып талдайды. Сондықтан студент қосымша оқуға берілген материалдарды оқып, танысуға міндетті. СӨЖ,СӨОЖ тапсырмаларын көрсетілген уақытында оқытушыға жіберу керек. Тапсырмаларды орындауда студенттің өз пікірі мен өз қорытындылары бағаланады.

8.Курс форматы

курс

Се-местр

Кредиттер

Дәріс сағат

тар


Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

Барл.

Бақыл.

нысаны


2курс

5

се-местр


3

30 сағат

15

22,5

67,5

135 сағат

Емти-хан

9.Курс саясаты

Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар:



  • студент білім беру порталын үнемі қарап, тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс;

  • студент конспект бойынша дәрістің теориялық материалдарын оқып үйренуі тиіс;

  • студент СӨЖ-ді кесте бойынша орындау тәртібін және берілген формада оқытушыға тапсыру ережелерін қатаң сақтауы тиіс;

  • өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасауы тиіс;

Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады:

Жұмысты белгіленген уақытында тапсырмау – бағасын 5 ұпайға кеміту

1-ші рейтинг бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған ұпайлар саны есептелінеді.

2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-15 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді.

Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы 30 ұпайдантөмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады.

Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30 ұпайдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі.



Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған студент тапсырмалары қабылданбайды.

10. Баға қою саясаты. Дербес компьютерде жұмыс істеудің нәтижесінде алынған машықтар пән бойынша жеке тапсырмалардың орындалуының дұрыстығымен бағаланады.

Қорытынды бағалауға:

Ағымдық бақылау – 60%

Емтихан - 40%

Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:

мұндағы: ИО - қорытынды бақылау;

Р1 – бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Р2 – екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

Қорытынды баға осы курс бойынша алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:



  1. ағымдық бақылау (макс. балл-30)

  2. аралық бақылау (макс. балл-30)

  3. қорытынды емтихан (макс. балл-40)

Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA – студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын – анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген.

Оқу курсын бітіргеннен кейін қорытынды бақылау формасы – бақылау сұрақтарына жауап беру.



11.Студенттер білімін бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Ұпай саны

Пайыздық көрсеткіші

Негізгі шарттары

А


4,0

95-100

Көркем, әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын, негiзгi идеясын, құрылымын, баяндау тәсiлдерiн өте жақсы деңгейде ажырата алады,теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы нақты дәлелдеді.

А-


3,67

90-94

Баяндау тәсiлдерiн жақсы деңгейде ажырата алады; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алады

В+

3,33

85-89

Баяндау тәсiлдерiн жақсы деңгейде ажырата алады, бірақ негізгі идеясын анықтай алмады; мәтiндегi тiрек сөздердi анықтады; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алады.

В

3,0

80-84

Мәтiндегi тiрек сөздердi толық анықтай алмады; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы орташа деңгейде дәлелдей алады.

В-

2,67

75-79

Көркем әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын, баяндау тәсiлдерiн орташа деңгейде ажырата алады, бірақ негізгі идеясын, құрылымын анықтай алмады;

С+

2,33

70-74

Көркем әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын ажыратады, бірақ негізгі идеясын, құрылымын, баяндау тәсiлдерiн анықтай алмады;

С

2,0

65-69

Мәтiндегi тiрек сөздердi нақты анықтай алмады; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмады.

С-

1,67

60-64

Мәтiндегi тiрек сөздердi таба алмайды; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмайды.

Д+

1,33

55-59

Көркем әдеби және танымдық мәтiндердiң мазмұнын, тақырыбын ажыратады, бірақ негізгі идеясын, құрылымын, баяндау тәсiлдерiн анықтай алмады;

Д

1,0

50,54

Мәтiндегi тiрек сөздердi нақты анықтай алмады; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмады.

F

0

0-49

Мәтiндегi тiрек сөздердi таба алмайды; теория мен практиканы байланыстырып, мысал арқылы дәлелдей алмайды.


12.Оқу үрдісінің және қашықтық кеңестердің кестесі

Курс

Семестр

Кредит

Дәріс саны

Тәжірибелік

СРСП

СРС

Барлығы

Бақылау формасы

2

4

2

15

15

22,5

45

135

Бақылау жұмысы, емтихан

E-mail: kkl@sgpi.kz

Кеңес беру уақыты: Сәрсенбі, бейсенбі сағат 14:00 СМПИ №3 оқу корпусы, 226- кабинет

Бақылау жұмысын қабылдау уақыты: семестр соңы

13. Глоссарий

ӘДЕБИ ПРОЦЕСС – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи - заңды қозғалысы.
ӘДЕБИ СЫН – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихымен және теориясымен тығыз байланысты.
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ - әдеби творчестваның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі. Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелер негізінен 3 циклдан тұрады: Жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері жөнінде ілім; шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім.
ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІК МӘНІ –сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық, тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді.
ӘҢГІМЕ – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
ГРАДАЦИЯ (лат. Gradation - біртіндеп көтеру), яғни дамыту – айшықтаудың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу. Поэзияда, прозада да қолданылады.
ДӘЙЕКТЕМЕ (цитата) – баспасөз материалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтірілетін, белгілі бір мәселе жөнінде айтылған немесе жазылған ой-тұжырымдардан сөзбе-сөз алынған үзінділер.


Дәрістер-1

№ 1 Қазақ әдебиеттануының бастау көздері

Кезінде оны ғылыми қауым «екінші ұстаз» (Муаллим ас-соний)деп те атаған. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы саналған.

Әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында өмірге келген. Толық аты-жөні: Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-фараби деп айтылады.

Жастайынан зерек, оқу-білімге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар қаласында қыпшақ тілінде алады. Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған Отырар қаласының барынша гүлденіп әлемге мәшһүр болған шағында болашақ ғұлама осындағы медреселердің бірінде оқып жүр еді.

Отырар медресесін бітірген соң Әл-Фараби өз білімін арттыра түсу мақсатымен сол кездегі ғылым мен мәдениет ошағы саналған Шам(Бағдат) шаһарына аттанады. Осы сапарында ол Шаш (Ташкент), Самарқан, Исфақан, Қамадан қалаларында болып, Шығыстың көптеген ғұламаларымен, ақындарымен танысып, сұхбат құрады.

Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалымы Ибн Әбу Усайбанның айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «өлең ырғағы туралы», « Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған. Бұл салада Фарабидың бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Оның бірі – «Өлең өнері» деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселелеріне арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи, т.б. сөз болады. Екіншісі – «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Мұнда фараби грек поэзиясының жанрларына , терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.

Соңғы жылдары Әл-Фарабидың бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылған. Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек «Китаб ашшеьр» («Өлең кітабы») деп аталады. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А.Ирисов болды.



Өзін- өзі тексеру сұрақтары

  1. Әбу Насыр әл-Фарабидың «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»

  2. Қазақ әдебиетінің алғашқы ағартушылық кезең Әбу Насыр әл-Фараби –энциклопедист-ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын.


Тапсырмалар:

  1. Әбу Насыр әл-Фарабидың «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатында» не жөнінде жазылған?

  2. Қазақ әдебиетінің алғашқы ағартушылық кезеңі деп неліктен аталып отыр?

  3. Осы екі сұраққа байланысты жазбаша жауап жазып жіберіңіз.


Дәріс-2


  1. Әлихан Бөкейханның өмір жолы

  2. Әдебиет айдынына салған өшпес ізі

  3. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ

        Бүгінгі саналы қазақ Әлихан Бөкейхан десе, ойланып һәм тебіреніп қалады. Өйткені қазір бізде білтенің жануға шығарылған бөлігіндей зиялылық болса, соның негізін Әлихан мен Ахметтер қалағанын іштей сезінеді. Сондықтан да шығар, Алаш аты естілсе, сергек қазаққа бағзы замандағы ұран емес, Әлиханның аты мен заты елестегендей болады. Расында, ол – әл-әзірге елес қана. Ішіміз бен сыртымыз шын зайырлыққа толғанда, Әлиханның арман-мұраты да орындалар. Әлихан қазақпен бірге жасап, идеясы санамызда өрістер.

Қазақ қауымын жаңарту қозғалысының басында тұрған Әлиханның қызметiн бiрыңғай саясатпен шектеуге болмайды. Алаштық кезеңнiң күллi зәрулiгiн сезiнген ол: “Бiлгендi қылам дегенге жұрт керегi қойып жатыр ма? …Мен сыншы (руханият жанашыры деп те түсiнiңiз – Д.Қ.) фарызын өткеруге құл болдым”, – деп жазды. Бұл – бiр. Екiншi, А.Байтұрсынұлы сынды мәдениет серкелері өмiр сахнасына шығу үшiн оларға мұрындық болар тыңнан түрен салған қаламгерлер керек едi.

Ә.Бөкейханның әдебиет туралы әзiрше табылған алғашқы еңбегiнiң бiрi – “Қазақ жыры “Қобыландыдағы” әйелдер” атты зерттеу мақаласы. Ол 1899 жылы “Туркестанские ведомости” (Ташкент) газетiнiң үш нөмiрiнде жарияланған. Бұл еңбегiнiң мақсатын автор былай көрсетедi: “Екi сенiм тоғысында мәжуси қазақ әйелi кiм едi, ол қайтiп мұсылман болды, әйелге деген мұсылман қазақ пен  мәжуси қазақтардың көзқарастары қалай едi?» – деген қызықты сұраққа “Қобыландыдан” артық ешқандай жыр жауап бере алмайды. …Бiз осыны қарастыруды жөн көрдiк”.

Қаламгер Аналық, Құртқа, Көкiлан (Көктен) кемпiр, Қарлығаш, Қарлыға бейнелерiндегi ерте дәуiрдiң таным тамтықтарын, тарихи шындық жұқанасын зерделейдi. Бұдан Әлихан жырдан таза тарихи шындық iздеп отыр деген ой тумауы керек. Қаламгер теориялық тұрғыдан фольклор жiтi сараланбаған кезеңде бiлiмдi адам ретiнде оның танымдық астарына үңiледi.

Қаламгерлiк ныспысына “Қыр баласы” деген атауды қалаған автор қазақ даласы-алаш менталитетi-ұлт өнерi байланысын да қисынды түсiндiредi: “Көрiктi болмаса да кең жазиралы, бөтеннiң қолы жетпейтiн қазақ даласы перзенттерiнiң бойындағы бұлалықты, саф ұлттық сипатты, халықтық даралық қасиеттi ұзақ уақыт сақтап келдi. Дала-ана өзгенiң ықпалынан қорғағандықтан, қазақтар дәстүрiн, мiнез-құлқын, өмiр сүру салтын сол күйiнде сақтады. …Ұлт ұйысты. “Алаш” деген ұранға тiк тұрып, бауырына көмекке келдi. …Қазақтың осы ерекше және қызық өмiрi айнаға түскендей, бай һәм сан салалы ауызша поэзиясынан көрiндi”.

Ә.Бөкейханның әдебиет хақындағы алғашқы күрделi мақаласынан-ақ ғылыми даярлығы бар екенi байқалады. Мұны бiз автордың өз бетiнше құнттап жинаған бiлiмi деп есептеймiз. Көлемi әжептәуiр бұл зерттеу көркемөнер мен тарих байланысын зерделеудiң бағдарын аңғартады. Қаламгер шын тарихтың эпикалық санада жаңғыруын байыптайды. Мақаланың ой астарынан қазақ тарихын жоқ деме, қазақ поэзиясын осал деме, эпикалық сананы тұрлаусыз деме деген автор пiкiрiн ұғамыз.

1914 жылы Қазанда “Үмiт” баспасынан Қостанай уезi, Қарабалық болысының қазағы Бiржан Толымбайұлының жырлауын Махмұдсұлтан Тұяқбайұлы қағазға түсiрген “Қарақыпшақ Қобыланды батыр” жыры нұсқасына Ә.Бөкейхан 1915 жылы “Қазақ” газетiнiң бетiнде пiкiр бiлдiредi. Бұл мақаладағы автор идеясы еңбектiң эпиграфынан көрiнедi. Оған қаламгер Абайдың “Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы” деп басталатын өлеңiнiң алғашқы шумағы мен екiншi шумағының екi тармағын лайықтап алыпты. Яғни, Әлихан жыршы Бiржан айтқан “Қобыландының” көркемдiгiн сараптауды ойлаған. Сөйте тұра, қаламгердiң аталған жырды саралау тәсiлi “тыңнан жол салғандай”. Автор алғаш тарихи Қобыланды кiм болуы мүмкiн және жырдағы оқиғалар қай дәуiрлердiң елесi деген сұраққа Шәкәрiм, З.У.Тоған, Шоқан еңбектерiне сүйене отырып жауап iздейдi. Қаламгер өмiрдегi Қобыландыдан гөрi жырдың негiзiн құраған тарихи дәуiрлердi iздеген тәрiздi. Аталған мақаласынан Әлиханның тарихи шарттылықты түсiнгенiн байқау қиынға соқпайды (“Қазақ тарихына файдалы сөз “Қобыландыда” аз көрiнедi”).

Ә.Бөкейхан “Қалқаман-Мамыр” жанрын “тарихи хроника” деп анықтайды. Қаламгер пiкiрiнше, оқиға өмiрден алынған, ел аузында жүрiп, Шәкәрiмнiң жырына арқау болған. Ендеше бiрiншi шарт – шығармада Қалқаман-Мамыр заманындағы “қазақ жұртының салты,  қазақ мiнезi, қазақтың iс-қылығы” көрiнуi керек (алдыңғы мақаласындағы оймен сабақтас). Әлихан “көп бергеннен көп сұралады” дей отырып, аталған мәселе бойынша Шәкәрiмнiң “жақыннан қайырып, ойдағыдай толымды қылып жазбағанын” сынайды. Әрине, жанашырлықпен сынайды.

Қаламгер Шәкәрiм жырының маңызын, көкейкестiлiгiн жоққа шығармайды. Бiрақ жалпы әдебиеттiң келешек өрiсi мен өресi үшiн елеулi ескертпелер жасайды. Бiрiншi ескертпе: шығарма оқиға болып жатқан дәуiрдiң тынысын көрсетуi керек, кейiпкерлер сол шақтың ұғым-түсiнiгiмен сөйлеуi қажет. Екiншi ескертпе: шығармадағы оқиғалар дамуы, ситуация, бейнелер сипаты өмiрге жақын болуы шарт. Әлиханмен сырлас, алашымен мұңдас Шәкәрiм қажы әдебиеттегi көкейкестi мәселелердi қамтыған аталған мақалаға түсiнiстiкпен қарады.

Ә.Бөкейхан жаңа сападағы көркемдiгi мен ағартушылығы тең авторлық әдебиеттiң тезiрек өркендеуiн қалады. Бұл – әлемнiң бар ұлт-азаттық қозғалысы тұсында руханиятта байқалатын құбылыс. Осы шақта елдi ояту, ағарту, дұрыс бағытқа салу – басты мақсат болады. Рухани жүйенiң бәрi осыған жұмылады. “Қазақ” оқырмандарына арналған бiр мақаласында Әлиханның: “Жұрт надан, газета оқушы жоқ болса, бұған Шекспир, Толстой да түк амал қыла алмайды. …Адам шеберлiгi араласып iс қылмаса, таудай алтын - өлi бiр қазына”,-деп жазуы – бұл ойымызға дәлел.

Әлиханның шынайы тұрпатты авторлық әдебиетке айрықша үмiт артуы 1905 жылы жарияланған Абайға арналған мұнақып-мақаласынан (“Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы”) бастау алады. Бұл еңбек орыс тiлiнде жазылған. Жалпы Әлиханның Абай мұрасына қатысты қызметiн өзiнiң мақалаларынан бiлемiз. Кәкiтай қазасына байланысты мақаласында ол: “Абайдың тәржiме халiн (өмiрбаян – Д.Қ.) жазған – Кәкiтай. …1904-iншi жылы “Абай марқұмның өлеңiн  кiтап қылып басыңдар” деп,  балаларына хат жаздым. 1905-iншi жылдың әпрел аяғында Кәкiтай Абайдың жазба кiтабын алып, Омбыдағы маған келдi” деп жазады. Бұл деректi Әлихан мұрасын зерттеуші Сұлтанхан Жүсіп: “1906 жылы 9 қаңтарда Әлихан нақақтан тұтқындалып, Павлодар түрмесiне жабылған кезеңде, оның портфелiнен Абай өлеңдерi көшiрмесiнiң қолжазбасы шыққан”,-деп дамытады. Сонда Абайды тану мен танытуға деген ықылас алғаш Ә.Бөкейхан тарапынан байқалған. Бiздiңше, бұл еңбегiнде Әлихан абайтануға қатысты бiрқатар негiзгi мәселелердi анықтаған. Ең алғаш, ақынның шығармашылық бастауы фольклормен сабақтасып жатқанын көрсеткен. Зерттеушiнiң ендiгi бiр табысы – ақын дүниетанымына әсер еткен негiзгi күштiң бiрiн байыптауы. Бұл ретте Әлихан Ресей арқылы келген әлеуметтiк-ағартушылық ойды айрықша атайды.

    Әлихан Бөкейханның жаңа әдебиеттi жүйелеуге күш-жiгер жұмсаған еңбегi 1914 жылы жазған “Роман деген не?” атты мақаласынан көрiнедi. Мақала, сөз жоқ, қазақ романының туу дәуiрiнде игi iске ұйытқы болу үшiн жазылды. Әйтсе де мәселенi былай қойған дұрыс секiлдi: бұл еңбек қазақ қауымына не бердi және қазақ әдебиетiне не бердi? Ендi санамалаймыз: бiрiншi, қазақ үшiн жаңа әдебиет түрi (жанры) – романның не екенi, қашаннан бары, халыққа қандай олжа әперетiнi жазылды (еуропалық әдебиеттiң әлiппесi); екiншi, руханият пен өмiрге жаңаша қарау, оны бар қайшылығымен түсiну романның әлеуметтiк-тәрбиелiк қуатына сәйкес сөз болды; үшiншi, жаңа әдебиет – рухани күштiң жаңа тынысы есебiнде сараланды; төртiншi, әлеуетке ие дәстүрлi әдебиеттен – нәр, еуропалық әдебиеттен - үлгi алған жаңа әдебиеттiң мәнi, мақсаты және бағдары тұңғыш рет талданды. Ә.Бөкейханның осы мақаласы және бiр маңызды iс атқарды. Ол тұңғыш роман – “Бақытсыз Жамалдың” (М.Дулатұлы) әдебиетiмiздегi орнын байыптап бердi.

1914 жылы 6-10 желтоқсанда Петерборда мұсылман съезi өттi, оған Әлихандар қатынасты. Осы жиынның тартысты тұсы шариғатты қабылдау-қабылдамауға қатысты мәселеде көрiндi. Бақытжандар қабылдау керек дедi. Әлихан болса “қазiргi шындық басқа, тiптi қабылдадық делiк, қазақ iшi оны бұрмалап, шариғат атауына қиянат жасайды” дедi. Бұл мәселенi кең түсiндiру үшiн Ә.Бөкейхан “Бақытсыз Жамалдан” ұзақ мысал келтiредi. Мұны бiз шартты түрде “Бақытсыз Жамалды” шариғат жолымен байланыста түсiндiру” деп атаймыз. Исламнан хабары мол Әлихан Хұжрат (С.48), Нұр (С.24). Ниса (С.4), Бақара (С.2), Мәида (С.5) сүрелерiнен дәйек ала отырып, шариғат пен күрделi заман (Ә.Бөкейхан заманы) арасындағы қайшылықты дәлелдеуге тырысады. Сөйтiп,  Жамалдарды  бақытсыз  еткен  дәуiр  дiнге де опа бермегенiн және алда да оны титықтататынын байыптайды.

Әлихан Бөкейханның әдеби-эстетикалық таным-түйсiгiнiң биiк шыңы – “Ән-өлең һәм оның құралы” атты мақаласы. Бұл романды талдаған еңбегiнен алты айдан кейiн жарық көрген. Қаламгердiң “ән-өлең” деп отырғанын бiз бүгiн бiр-ақ сөзбен – “ән” сөзiмен ғана айтамыз. Мақаланы жазу үстiнде Әлихан әрi суретшi, әрi сыршыл, әрi ғалым ретiнде көрiнiп отырады. Бұл тандем қайраткер шығармашылығының әлеуетi мен тегеуiрiнiн байқатады. Бұл құбылысты алаштың рухани сұранымына Ә.Бөкейханның қосқан үлесi деу орынды.

Әлихан және ұлт руханияты дегенде, мына жайды ескерген абзал: ол – ел зәрулiгiн шешу үшiн қайраткер де, қаламгер де болды. Әйтпесе жазу мәселесiнде Әлихан орысша анағұрлым кең көсiлетiн (мұны өзi жиi айтады). Бұл жағынан ол – Шоқан санатындағы қаламгер. Алайда Алаш шағы – бастапқы ағартушылық шағы емес едi. Сондықтан кеше ғана “Сибирские вопросы”, т.б. орысша басылымдарда нөмiр құрғатпай көлемдi мақалалар жазып жүрген Ә.Бөкейхан ендi елi үшiн “қайта құрылды”. Туған тiлiнде аз (көлемдi емес) жазса да, саз жаза бастады. Әр сөзге мән берiп, ақыл-ой жүгiн артты. Мысалы, меценат тарапынан қазақ романына сын сұралғанда, “мұны менен гөрi Шәкәрiм, Ахмет, Мiржақып жақсы жазады” деп қарапайымдылық танытқан Әлихан ретi келсе өзi де жазатынын бiлдiрiп: “Бұлар Аполлоннан бата алған жоқ”,-дейдi. Бұл, әрине, әрiптестiк жеңiл қалжың. Бiрақ осы бiр ауыз қазақ тiлiндегi Әлихан сөзiне сауатты Батыс пен Шығысқа (эллиндiк мәдениет ислам өркениетiне әсер еткенi мәлiм) түсiнiктi ой сыйып кеткен.

Немесе, ән туралы мақаласындағы алаштың төл ұғымындағы: “адам көңiлдегiсiн алғаш сөзбен қияды” деген сөйлемiне назар аударалықшы. Бұл сөз – ұзақ жыл орыс сөзiн қолданған Әлиханның тiлдiк қорының тек-тамырын нұсқайды. Ана тiлiнiң уызына жарыған адам ғана “көңiлдегiнi сөзбен қияды”. “Қайғы-қапасын шығарады, мауқын басады” (бұл да Ә.Бөкейхан сөзi).

Осы ретте бiзге Әлихан эпиграф, әйтпесе мысал ретiнде пайдаланған өлең үзiндiлерi оның рухани түйсiгiмен қабысып жатқандай көрiнедi. Айталық, ол Е.П.Михаэлис жөнiнде жазған мақаласында Сәбит Дөнентайұлының “Қазақта” басылған  “Жанға” атты өлеңiнен мына шумақты ұсынады:

 Уай! Жаным, сен денеде аз күн қонақ,



Заман жоқ көп тұруға өмiр шолақ.

Жас мезгiл екi айналмас, мойнын бұрмас,

Жұмыс ет, оқтай зырлап, қардай борап.

 Сәбит сөзi – қара өлеңге негiзделген қазақ философиясы. Сөйте тұра мұнда өрiске ұмтылған алаш баласына қажет жаңа философия да бар. Бұл пайымын Ә.Бөкейхан В.Г.Короленконың “От” әңгiмесiн тәржiмелегенде Нарманбет өлеңiнен алған эпиграфпен дамытады. Ол үзiндi мынау:

 

Қуандым түнде жүрiп күн шығар деп,

Болса да бұлыт бүркеу, жел қуар деп.

 

Лирикалық қаһарман – оптимист. Ертеңiне сенедi. Табиғат құбылысын реттеген Жаратқан бәрiн орнына келтiредi деп үмiттенедi. Алланың үйлестiруiн күтедi. Бұл – Алаш ойы, отаршылдықтан көз ашпаған халық арманы.



Әлихан көп еңбегiнде Абайдың асыл сөзiн дәйек етедi. 1914 жылы мұсылман съезiнде Бақытжан Қаратайұлы татар ағайындардың “бiр тiл жасайық” дегенiне ерiп, “қазақта тiл жоқ” дей салғанда, Әлихан Бөкейхан “Қазаққа” Абай, Шәкәрiм, Мiржақып, Мағжан өлеңдерiнен үзiндi келтiрiп, “бәйге алатын тiл осындай болады” деп жазған-ды. Мұны да қайраткердiң көркемдiктi саралаған қызметiне балауға тиiстiмiз.

Ә.Бөкейхан – қазақ ауданында ғана қалған қаламгер емес. Ол әр кездерi Л.Толстойды, Ги де Мопассанды, А.П.Чеховты, Д.М.Мамин-Сибирякты, Н.Марксты ана тiлiне аударды. Әр кез ойын шетелдiк  ғұламалар сөзiмен дәйектеп отырды. Аталған жазушыларды «өз жұртының бетiнiң қызылы, ұяты” деп жазды.

Сонымен, тағдыр мен тарих аталған кезең руханиятынан жаңаруды, елдiк жолында тастүйiн болуды талап еттi. Осыған сәйкес көзқарас ағымы да жаңғыру, жинақталу, елдi рухани тұрғыдан ағарту мақсатын көздедi. Бұл шақта авторлық әдебиеттiң бағдары бұлдыр едi. Абай құбылысы әлi игерiлмеген-дi. Сондықтан бастауында Әлихан тұрған алашшыл ағым жаңа руханияттың “әлiппесiн” жазды. Жаңа ағымының жетекшiсi Ә.Бөкейхан болуының негiзi бар. Ол қазақ арасында өссе де, орыс ортасында жетiлдi. ХIХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басының шындығында қазақ руханияты Еуропаға бет түзеп барып қана жаңара алар едi. Оның үстiне бұл кез – қазақ ағартушылығының өрiстей бастаған кезi болатын. Сондықтан Алаш қайраткерлерi халыққа қажеттi, оның еңсесін көтеретін рухани дүниелерге мұқтаж-тын. Әлихан осы шараны жүйелеудi өзi бас болып қолға алды.

1. Дихан Қамзабекұлы «Әлихан Бөкейхан және ұлт руханияты» мақаласы

2. Салтан СӘКЕН «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ» мақаласы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет