Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар жәНЕ


Қақтығыстардың пайда болу мәселесі



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата20.05.2020
өлшемі0.63 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
1.2.Қақтығыстардың пайда болу мәселесі. 

Мақсаты: Қақтығыстың детерминациясының дамуы мен кезеңдерін ашу, қақтығыс 

процестерінің себептері мен дамуының қарама-қайшылықтықпен байланыстылығын 

ашу.  

1.  Қақтығыстардың детерминациясы. 



2.  Қақтығыс мәселесінің пайда болуы. 

3.  Қақтығыстардың дамуы. 

1.  Қақтығыстарды  одан  әрі  сараптау  оның  процесс  ретіндегі  детерминациясы  мен 

динамикасын  анықтай  тҥседі.  Танымның  осындай  бетбҧрысы  қатығыстың  жаңа 

сипаттамасын  ашады.  Қақтығыстың  детерминациясы  қақтығыстың  табиғатын 

ашумен байланысты болғандықтан бҧл қақтығыстанудың фундаментальды мәселесі 

болып табылады. 

Қақтығыс  детерминациясының  жалпы  философиялық  категориясы  әлі  де 

болса  талдауды  қажет  етеді.  Детерминацияның.  негізгі  формасы  қақтығыстың 

себептілігімен  анықталады.  Сондай-ақ  қақтығыс  себептік  сипаты  жоқ  бірнеше 

қақтығыстардың  әсерімен  де  болады.  Олар  кеңістіктік  және  уақытша  факторлар, 

материалдық  және  рухани,  мақсатты  детерминация  т.б.  Сонымен  бірге  қажеттілік 

пен  кездейсоқтық,  динамикалық  және  статистикалық,  рационалды  және 

иррационалды,.  тәжірибелік  және  рухани,  діни,  ғылыми  факторлар  қҧрайды. 

Қақтығыс детерминациясының мәселесі әдебиеттерде кӛрсетілген кейбір ережелерге 

сҥйенеді.  

Біріншіден,  қақтығыстардың  кӛптігін  ескеретін  болсақ,  олардың  пайда 

болуының  себептері  мен  талаптары  да  әртҥрлі.  Соған  қарамастан  кейбір 

детерминанттар  бар.  Қақтығыстарды  сараптауда  оның  пайда  болуының  объективті 

және субъективті себептері бірінші орында тҧрады. Екіншіден, қақтығыс әрқашан да 

әлеуметтік ортада ӛтіп жатқан субъективті-объективті қарым-қатынастар.  

2. Қақтығыстың қайшылықтармен байланыстыдығын негізге ала отырып, ғалымдар 

мәселенің шешілуне методологиялық тҧрғыдан тҥсініктеме жасайды. Қайшылықтық 

кез  келген  қақтығыстың  негізінде  жатыр.  Профессор  Здравомыслов  А.Г.  қақтығыс 

табиғатын  тҥсіну  ҥшін  оның  әлеуметтік  қайшылықтардан  себебін  іздеудің  қажеті 

жоқ  екендігін  айтады.  Егер  нақтырақ  талдар  болсақ,  қақтығыстар  мен  қарама 

қайшылықтар  туралы  сӛз  қозғалады  және  қақтығыстардың  себебін  сараптауда 

адамдардың  тҥсінігін  талдау  емес,  тҥп  тамырында  жатқан  нақты  қарама-

қайшылықтарды  анықтау,  тексеру  болып  табылады.  Қақтығыстың  артында  тҧрған 

қарама қайшылықты елемеу қақтығыс туралы ешқандай мәлімет алуға әкеледі. Тағы 

да  қайталар  нәрсе,  кез-келген  қоғамдық  қҧбылыс  қандай  табиғаты  болмасын,  ол 

адамдардың іс әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адамдардың туындаған қарам-

қайшылықтарға, оны жеңу, сақтауға бағытталған реакциясы осының бәрі обьективті 

қатынастарға ӛз септігін тигізбей ме? 

Қақтығыстың  пайда  болу  және  себептері  туралы  мәселе  қоғамда 

қақтығыстарды  туындатуға  әкелетін  қарама  қайшылықтарға  толы  бірнеше 

факторлардың жиынтығы болып табылады. Бҧл мынадай фомуладан келіп шығады 

«бір  қарама-қайшылық  –  бір  қақтығыс».  Бӛлек  әлеуметтік  қақтығыс 

қақтығыстардың  бір  кҥрмеуіне  әкелсе,  керісінше  бір  қақтығыс  кӛптеген  қарама 

қайшылықтардың  іс  әрекетінің  туындауына  әкеледі.  Кӛбінесе,  саяси  және  ҧлттық 

қақтығыстар болып табылады.  



 

16 


 

 

3.Қақтығыстың  дамуы  оның  жартылайдан  толық  фазаға  ӛтіп,  аяқталып  сӛнуімен 



сипатталады.  Оның  ішінде  субьектілердің  сапалық  ӛзгерістері  мен  қақтығыс 

негіздерін,  қарама–қайшылықтың  шиеленісуін,  оның  интенсивтілігінің  артуын, 

қақтығыс алаңының кеңеюін және масштабтылығын қамтиды.  

Жоғарыда сипатталған қақтығыс процесінің дамуына қарама-қарсы сондай-ақ, 

қақтығыс  процестерінің  дамымай  жатып,  сӛніп  қалатын  тҥрлері  де  бар.  Бҧл 

толықтайдан  жартылайға,  ашық  жағдайдан  латенттіге  ӛтуі,  ҥйлесімділікке  жол 

табуы болып табылады. Осындай процестерге мысал болатын пайда болмай жатып, 

латентті  жағдайға  ӛтіп,  келісімділік  пен  ҥйлесімділікке  жол  табатын  қақтығыстар. 

Қақтығыстың  кезеңдері  тӛмендегідей  болып  бӛлінеді:  пайда  болу,  даму  және 

аяқталу (шешілу және сӛну). Қақтығыстың дамуы - ол алдымен қақтығысып жатқан 

субъектілердің  сапалық  ӛзгерістерін  сипаттайды.  Оны  тҥсіндіретін  болсақ,  ол 

қақтығыстар  дами  тҥсетін  әлеуметтік  жҥйелер  мен  жҥйешіктерден,  оның 

элементерінен қҧралады. Қақтығыстың негізіне біз қақтығысты туындататын қарама 

қайшылықты жатқызамыз. Қақтығыстың негізіне екі жақтың да қатысушыларының 

бір  мәмілеге  келе  алмай  қарым-қатынастарының  шиеленісуін  айтамыз.  Таптар 

арасындағы қақтығыстардың негізі ол берілген қоғамның әлеуметтік қҧрылымы; ал, 

топтар арасындағы қақтығыстар негізгі қҧрамы  топтар болып табылатын қоғамнан 

тыс қарым–қатынастар болып табылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет