Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар жәНЕ


ІІ. Қақтығыстарды реттеудің әдістері



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата20.05.2020
өлшемі0.63 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
ІІ. Қақтығыстарды реттеудің әдістері. 

Мақсаты:  Тар  және  кең  мағынада  қақтығыстарды  реттеудің  әдістерінің 

ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ашу, қақтығыстардың кезеңдері мен реттеу 

этаптарына тән сипатттарын қарастыру.  

 

 



1.  Қақтығыстарды бақылау және басқарудың мәні.  

2.  Қақтығыстарды шешудің кезеңдері.  

3.  Келіссӛздер – қақтығыстарды шешудің әмбебап тҥрі.  

4.  Қақтығыстарды шешу әрекеттері және оны реттеудің жолдарын іздестіру.  

5.  Қақтығыстарды шешу теориясындағы «стратегия» тҥсінігі. 

6.  Қақтығыстарды реттеудегі «ҥшінші жақ».  

7.  Қақтығыстық жағдайдан шығудың мҥмкін жолдары.  

1. Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің 

бірі  деп  қарастырылады.  Оның  қолданылуы  қақтығыстардың  жойылуын  немесе 

аяқталуын  білдірмейді,  тек  екі  қарама  қарсы  жақтың  бір  біріне  деген 

ӛшпенділіктерін  шектей  тҧру,  шығынға  әкелмеуді  білдіреді.  Негізгі  мағынасы 

қақтығыстарды алып тастау емес, оны нәтижелі қылу.  

Қақтығыстарды реттеуде олардың болуын мойындау керек. Оның бірінші рӛлін, 

қызметтері мен сипаты мен шығуын табу қажет. Қақтығыстар саясаттан бӛлінбейтін 

болғандыҧтан қақтығыстардың формалары мен сценариіне, оның жҥрісіне, дамуына 

назар 


аударған 

жӛн.Кӛп 


жағдайда 

қақтығыстың 

легитимациясы 

мен 


институционализациясына  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді.  Бҧл  қақтығысқа  екі  жаққа  да 

қолданылатын  қҧқықшылық  пен  заңдылықтардың  ғана  емес,  сондай-ақ,  ережелер 

мен нормалардың, заңдардң қолданылуын айтамыз. Мҧндай ережелер халықаралық 

келісімдер,  конвенциялар,  конституциялар,  халықаралық  ҧйымдардың  жарғылары, 

регламенттері  болуы  мҥмкін.  Оның  тиімділігі  мен  қажеттілігі  екі  жақтың  да  соны 

мойындап, кепілдік ретінде болса да теңдіктің болуын талап етеді.  




 

21 


 

 

Саяси ӛмір қандай болса, осындай ережелердің формалары мен мазмҧндары да 



әрқилы.  Тарихтың  әртҥрлі  кезеңдерінде,  әртҥрлі  қоғам  мен  мемлекеттерде,  саяси 

жҥйелер  мен  саяси режимдерде  халықаралық  келісідерге  талап оның  мазмҧны  мен 

формаларын ӛзгертті.  

Институцияландырылған қақтығыстардың мысалы ретінде дуэльге шығу болып 

табылады.  Бізге  белгілісі,  эуэльге  қатысушылар  мен  оынң  тәсілдері,  уақыты, 

дистанциясы,  сондай-ақ  куәгерлердің  тәртібі,  дуэльге  дейінгі  секнданттар  мен 

куәгерлер, дуэль кезінде және одан кейінгі жҥріс тәртібі кодекспен қарастырылған. 

Институциаландырылудың  негізінде  әлеуметтену,  яғни,  легитимдендірілген 

тәсілдер мен бекітлген орындау тәрьібі, іс-әрекеттер жиынтығы қарастырылған.  

Ғылыми және әдеби кітаптарда қақтығыстарды реттеуде жаугершілікті азайту, ортақ 

мәселені  шешу  әдістерін іздестіру  тҥсінігі беріледі.  Ерекше  кӛңіл  бӛлінетіні оқыту 

және  зертеу  технологиясы:  реттеу,  қақтығыстық  жағдайда  шешім  қабылдау, 

қақтығыстарды бейбіт тҥрде шешу, келіссӛздер, делдалдық процесін ҧйымдастыру, 

қақтығысқа ықпал етудың мҥмкін әдістеріне сараптама жасау.  

Мемлекеттер  арасындағы  қақтығыстар,  әскери  қақтығыстар  жойылмайды., 

бірақ  кең  масштабтағы  соғыстар  мемлекеттер  арасында  мҥмкін  болып  табылады. 

Мемлекет  қақтығыстардың  бір  жақты  қатысушысы  болып  қала  береді,  бірақ 

қақтығыстың екінші жағы мемлекеік емес акторлар экстремистік, діни, қылмыстық 

синдикаттар мен қылмыстық топтар болып келеді.  

Басқаша  айтқанда  қақтығыстың  қатысушылары  әсекри  жауынгерлер  болып 

табылады.  

2. Қақтығыстың дамуындағы оның пайда болып дамып, шешілуіне дейінгі жағдайын 

алты кезеңге бӛлуге болады.  

Бірінші  кезең:  «Қақтығыстың  реттелуіндегі  психологиялық  дайындық»  -  қақтығыс 

пайда болады және қақтығыстық екі жақтың мотивтері белгілі боып бастайды.  

Екінші  кезең:  «Қақтығысты  туындатқан  нақты  мәселелердің  анықталуы»  - 

қақтығыстың пайда болу себептерін анықтауға мҥмкіндік береді.  

Ҥшінші  кезең:  «Қақтығыстарды  шешуге  мҥмкін  жағдайларды  іздестіру»  - 

қақтығыстарды рет еуге мҥмкін болатындай барлық жолдарды қарстыру.  

Тӛртінші кезең: «Қақтығыстарды шешудегі нҧсқаларды таңдау және ӛңдеу» - қарама 

қарсы  екі  жақтың  тиімділігі  ҥшін  қарастырылатын  қақтығыстарды  нақты  шешуге 

бағытталған нҧсқалардың таңдалуына бағытталған.  

Бесінші кезең: «Қақтығыстарды реттеу процесі» - қақтығыстарды реттеуге арналып, 

оны жҥзеге асыру жҥргізіледі.  

Алтыншы  кезең:  «Қақтығыстарды  реттеудің  процестерінің  аяқталуы»  - 

қақтығыстарды реттеудің аяқталуы, қарама қарсы екі жақ қақтығыстың аяқталғанын 

мойындап, екеулерінің арасындағы қатынас сақталады.  

 Қақтығыстың  этаптарымен  бірге  қақтығыс  фазалары  байланысты,  оларды  бір 

бірінен  ажыратып,  оларды  шешеу  мҥмкіндіктерін  қарастырған  жӛн.  Қақтығыстың 

динамикасының сипатын тӛмендегідей қақтығыстық кезеңдер тҥсіндіреді: 

1) қақтығыстың басталуы

2) қақтығыстың дамуы

3) қақтығыстың шектен шығуы

4) қақтығыстың ӛшуі;  

5) қақтығыстың аяқталуы



 

22 


 

 

6) қақтығыстың аяқталуы; 



Ҧзақ  уақытқа  созылған  және  ӛткір  қақтығыстарда  қақтығыстар  циклді  тҥрде 

қайталана  береді.  «Қақтығыстың  ӛшуі»  фазасынан  немесе  «қақтығыстың 

аяқталуынан  кейін»  «қақтығыстың  дамуы»  фазасы  басталып,  шектен  шығу,  ӛшу, 

қақтығыстың аяқталуы фазалары қатар жҥріп, кейін басқа циклдар басталуы мҥмкін. 

Әрбір  цикл  сайын  қақтығыстың  шектен  шығуы  одан  сайын  жоғарылай  тҥсіп, 

ӛткірлік деңгейі мен интенсивтілігі арта тҥседі.  

3.Келіссӛздер  –  тек  қана  қақтығыстың  аяқталып,  оның  ретелуінен,  шешілуі  ғана 

емес,  сондай-ақ,  қақтығыста  қатысу  әдісі,  оның  дамуының  бір  формасы  болып 

табылады.  Келіссӛздер  процесінің  ӛзі  оған  дайындық,,  бҧл  процесс  кезінде  екі 

жақты  татуластыру  ҥшін  қақтығыстың  дамыған  кезеңінде  қолданылып, 

қатысушылардың  ӛз  кӛзқарастары  мен  қҧндылықтарын  жҥзеге  асыруға  мҥмкіндік 

береді.  

Келіссӛздер – бҧл біріншіден, ортақ кӛзқарастарды кӛздеген шаралардың бірі. 

Келіссӛздер  кезінде  кӛрінетін  бәсекелестікте,  бір  жақ  екінші  жаққа  ӛзінің 

кӛзқарастарын  жҥзеге  асыратындай  іс-қимыл  кезінде  сыйақы  алуға  мҥмкіндік 

береді.  

Келіссӛздер  –  бҧл  екі  жақтың  да  кӛзқарастары  мен  мҥдделері  кӛзделген 

картаға қойылған стратегия. Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды.  

Келіссӛздер  кезіндегі  кҥштердің  арақатынасына  сай  олардың  мазмҧны  мен 

кӛзқарастары,  келіссӛз  жҥргізушілердің  жеке  стилі  мен  келіссӛзер  формасы, 

фазалары, келіссӛз жҥргізу тәсілі әртҥрлі болып ауыса береді. Келіссӛздерде әрине, 

қақтығыстардағы  қатысушылар  кҥшінің  арақатынасымен  олардың  бір  бірімен 

кҥреске дайындығы маңызды болып табылады.  

Келіссӛздерді қақтығысқа қатысып отырған бӛлек мемлекеттер, халықаралық 

ҧйымдар,  жеке  азаматтар,  делдалдар  мен  қызығушы  топтар  жҥргізе  алады.  Бірақ 

тәжірибе  кӛрсеткендей,  біліктілігі  бар,  осы  салада  сәтті  келіссӛздер  жҥргізіп, 

танылған, арнайы дайындықтан ӛткен адамдар ғана келіссӛздің сәтті ӛтуіне себепші 

болады. Оның классикалық мысалы болып, келіссӛз жҥргізуші- басқалармен диалог 

жҥргізуде ӛз елінің кӛзқарасын білдіретін дипломат-елші болып табылады.  

4.Кез  келген  халықаралық-саяси  қақтығыс  белсенді,  саналы  тҥрде  саяси 

қызметке  бағыт  алған  адамдардың  қатысуынсыз  пайда  болып,  дамып,  реттеле 

алмайды.  Олар  тек  қана  қақтығыстың  қҧрбаны  болып  қана  қоймай,  ӛзіне  пайда 

әкелу ҥшін әдейі ойластырылып жасалған қақтығысқа ӛрт қоятын қарулы сипатқа да 

әкелуге мәжбҥр ететін бірден бір себепші болады. Әртҥрлі жағдайда бҧл ресурстар 

мен  байлықты  иемдену  ҥшін  пайданы  ойластыру  жағы  да  қарастырылған.  Алайда 

саясат  әлемінде  пайда  табу  биліктің  араласуынсыз  жҥзеге  аспайды.  Әлеуметтік 

ҥйлесімділіктің,  қақтығыссыздық  нақты  қоғамдық  қатынастарда  жҥзеге  аспайтыны 

белгілі және дәлелденген деп те айтуға болады.  

Қақтығыс халықаралық-саяси бола алады, егер, біріншіден, қақтығыстың пәні 

билікті бӛлу, тарату, ҧстау; екіншіден, қарсы екі жақтың кҥресі ҧлттық-мемлекеттік 

шекарадан шығатын болса;  

Осылайша,  таққа  таласқан  екі  әулеттің  билеушілері  арасындағы  немесе 

партиялар  арасындағы  ҥкімет  қҧруға  ҧмтылған  билік  ҥшін  кҥресі  –  бҧл  саясаттың 

бір  сатысы  болып  табылады.  Мемлекеттер  арасындағы  отарлар,  жер  байлықтарын 

игеру ҥшін кҥрес дами келе халықаралық –саяси аренаға шығып, халықаралық-саяси 



 

23 


 

 

қақтығыстарға әкеледі. Халықаралық-саяси қақтығыстардың қатысушылары әлемдік 



аренада  саяси  кҥреспен  айналысатын  кез  келген  әлеуметтік  қауымдастық  бола 

алады.  


Халықаралық-саяси  қақтығыста  қатысушылардың  біреуінің  кҥші  екіншісінен 

бӛліп  қарастырылмайды.  Бҧл  жерде  кҥш  те,  әлсіздік  те  бір  біріне  қатысты  ғана 

бағаланады.  

Тҧрмыста да, ғылымда да «кҥштеу» сӛзінің кӛп жақты тҥсіндірмесі айтылады. 

Ол  қақтығыстағы  іс  қимылдың  барлық  тҥрлерін  қарастырады.  Заңгерлер  кҥштеу 

тҥсінігінен  бір  адамға  екіншінің  әдейі  бағытталып  жасалған  физикалық  зиян 

келтіруін,  және  кҥш  кӛрсету  ол  бҧрынғы  замандардан  бері  қолданылып  келе 

жатқанына сҥйенеді. Кҥш кӛрсету, зорлық жасау-әлеуметтік іс қимылдың маңызды 

формасы,  ол  адамның  немесе  басқа  да  әлеуметтік  қауымның  ӛзінің  еркінсіз 

мақсатын  оындауға  итермелейтін  мҥмкіндігі.  Саяси  қақтығыста  кҥш  кӛрсету, 

зорлық жасау билік жҥйесінде кӛндіру, итермелеу тәсілдерін қолданып, қарсыласқа 

соққы беру болып табылады.  

5.Халықаралық  қатынастар  туралы  қазіргі  ғылымда  «стратегия»  тҥсінігі  бір 

бағытты кӛздеген біреуге тәсілдер арқылы ықпал ету аынқтамасымен тҥсіндіріледі.  

Стратегия  қақтығысты  бақылауға,  басқаруға,  немесе  керісінше  әлеуметтік-

саяси  қырғи-қабақтықты  алып  тастауға,  қақтығыс  эскалациясының  бір  сатысынан 

екінші  сатысына  ӛтуде  қажет  емес  кҥрделене  тҥсуден,  мысалы,  ашық  қарсылыққа 

кӛшіп кетпеуін кӛздейді.  

Стратегияның  мәні  ол  қарсыластың  орны  толмайтын  шығынға  әкелетін 

потенциалды  қолданбай  кең  кӛлемдегі  кҥш  кӛрсетіп,  зорлық  жасамауды 

қарастырады.  

Әскери  қарулы  қақтығыстардың  екі  негізгі  типі  бар.  Біріншісі,  діни, 

этникалық,  саяси,  қақтығыстарға  әкелетін  ішкі  саяси  қақтығыстар.  Тарихта  ол 

азаматтық  соғыстар,  кӛтерілістер,  қарулы  бас  кӛтерулер,  тӛңкерістер  сияқты 

сипатталған.  Бҧл  соғыстар  мен  қарулы  кӛтерілістерге  жиі  қҧрылатын  жеке  немесе 

мемлекеттік  емес  ҧйымдар  ҧйымдастырған  партизандық  отрядтар,  әскери 

дружиналар,  қарулы  ҧйымдардың  тӛмен  интенсивтілігімен  сипатталатын  қарулы 

қҧрылымдары тән.  

Екіншісі,  мемлекеттердің,  мемлекетаралық  одақтардың,  әскери  саяси 

блоктардың  кӛзқарастарының  соқтығысынан  болатын  қатығыстар.  Осы  типтегі 

қақтығыстар  белгілі  болғандай,  қоғамның  атынан  жауап  беретін,  мемлекеттің  кез 

келген тапсырмасын орындап, қарулы кҥш қолдана алатын тҧрақты әскер ҧстайды.  

 Саяси  тҧрақтылық  және  саяси  қақтығыстар  кӛп  жағдайда  бір  біріне  қарама  қарсы 

болмайды,  олар,  «бірін  бірі  толықтырып»  тҧратын  диалетикалық  ҥйлесімділікте 

болады.  

6.  «Ҥшінші  жақ»  тҥсінігі  тар  және  кең  мағынада  «делдал»,  «келіссӛз  кезіндегі 

бақылаушы», «арбитр» тҥсінігін береді. Ҥшінші жақ ретінде кез келеген бақылаушы 

немесе статусы жоқ тҧлға, бірақ, екі жақ аоасындағы қақтығыстық жағдайды реттеу 

мәселелерімен  айналысатын  тҧлғаны  айта  аламыз.  Ҥшінші  жақтың  қақтығысты 

екінші адамға пайда әкелу ҥшін емес, бейбіт тҥрде шешуші екенін айта кету керек, 

ол  тіке  немесе  қосымша  жанама  тҥрдегі  араласушы  бола  алады.  Егер,  ҥшінші  жақ 

келіссӛздік  бағыт  алса  ол  делдалдықты,  мейрімді  қызмет  кӛрсету,  арбитраждықты 

білдіреді.  



 

24 


 

 

Делдалдықтың  астарында  ҥшінші  жақтың  мәселені  шешу  ҥшін  қолайлы 



шешім іздеу жолын қарастыратын міндеті жатыр.  

Мейірімді  кӛмек  кӛрсету  тҥсінігі  мағынасы  жағынан  делдалдыққа  ҧқсас. 

Мейрімді  кӛмек  кӛрсету  қақтығысып  жатқан  екі  жақтың  қақтығысын  бейбіт  тҥрде 

шешуге  жағдай  жасау  қызметі.  Бҧл  жағдайда  ҥшінші  жақ  халықаралық-саяси 

қақтығыс жағдайында ӛзінің территориясын келісім жасау ҥшін беріп, немесе «хат-

хабар беруші» рӛлін орындаушы бола алады.  

Делдалдық  сондай-ақ,  ҥшінші  жақтың  қақтығысты  реттеуін  де  қарастырады. 

Оның  міндеті-тек  қана  келіссӛздері  ҧйымдастырып  қана  қоймай,  шешім  табудың 

оңтайлы  жолын  қарастырады.  Сондықтан  әрқашан  делдалдық  пен  кӛмек  кӛрсетуді 

ажыоатқанда олардың қақтығыстарды реттеу процсеінде ҥшінші жақ ретіндегі рӛлін 

анықтаған жӛн: белсенді (делдалық) немесе пассивті (кӛмек кӛрсету) 

 Арбитражға тән сипат мыналар:  

-  қарсылас екі жақтың шешімдері ҥшін заңды міндетті кҥші;  

-  қатысушылар арбираждың шешіміне келіспесе де оның айтқанына кӛну керек; 

-  екі жақтың арбитрды таңдауы; 

Соңғы  талап  бәріне  де,  арбитражға  да  ортақ.  Делдалдықта  екі  жақ  ӛз  алдына 

қақтығыс реттелетіндей шешім қабылдауы керек. 

Делдал  кӛп  жағдайда  оларға  ӛзара  тиімді  шешім  қабылдауға  кӛмек  кӛрсетеді. 

Ҥшінші  жақ  қақтығысқа  тҧрақты  немесе  қақтығысып  жатқан  екі  жақтың  сҧрауы 

бойынша араласа алады. Оның қақтығыс қатысушыларына ықпалы әртҥрлі. Ықпал 

етудің тәсілдерің ішінде екі топты кӛрсетеді.  

-  бейбіт шешім жасауда седіру және кӛмек кӛрсету;  

-  кҥштеу, қысым кӛрсету; 

8.  Біржақты  қадам  жасағанда  қатысушылар  ӛздерінің  іс-әрекеттерімен  келісіп 

отырмайды, олар  ӛздерінен  тәуелсіз  шешімдер  қабылдайды.  Біржақты  қадамдар 

іс-қимылдың мынадай әрекеттерін қамтиды: 

-  бір жақтың ҧтысының жҥзеге асуы; 

-  қарсыластың алдында капитулияциялану; 

-  қақтығыстық жағдайды ушықтыру; 

-  қҧқықтықтық инстанцияларға шағымдану; 

 

Жеңіске жету ҥшін екі жақтың қатысушылары кҥреске тҥседі. Бҧл ҥшін қарулы 



қақтығыстар, террористік актілер, экономикалық блокада, саяси қысым кӛрсетулер 

қолданылуы  мҥмкін.  Осындай  жағдайда  оқиғалар  бір  жаққа  жиналып,  кҥшейіп, 

қарулы қақтығыстарға әкеледі. Кҥрес екі жақтың кҥші сарқылғанша жҥруі мҥмкін.  

Жеңіске  жетуші  жақтың  мақсаты  мен  міндеті  жҥзеге  аспауы  да  мҥмкін.  Бҧл 

мәселенің  шешілмей,  жеңіскеп  жетуші  жақтың  қанағаттанбауын  туғызады  да, 

қайтадан  реванш  ҥшін  мҥмкіндіктер  іздеп,  мҧның  ӛзі  қақтығыстың  жаңаланып 

туындауына әкеліп, бҧрын қол жеткен бейбіт келісімнің ҧзақ уақыт сақталуына жол 

бермейді.  

Бір  жақтылықтың  жҥзеге  асуының  келесі  бір  тҧрі  ол  қатысушының  біреуінің 

қақтығыссыз капитулияцияға иермелейді. Әдетте ол екі жақтың біреуі зор шығынға 

ҧшырамас  ҥшін  кҥші  аз  қатысушы  шегініске  барады.  Мысалға  соғыссыз  берілген 

кӛптеген  әскри  кҥштердің  іс-қимылын  айтуға  болады.  Кҥрес  жағдайында  да 

капитулияциямен берілген жеңіске жетуші мен шегінген жақтың кӛзқарастары мен 



 

25 


 

 

мақсаттары  жҥзеге  аспаса,  қақтығыстың  әрі  қарайғы  дамуының  қауіпті  кӛзі  болып 



саналады.  

Тағы  да  мҥмкін  жол  ол  қақтығыстық  жағдайды  ушықтыру.  Оның  нәтижесі  іс-

әрекетсіз  отыру.  Бҧл  жағдайда  оқиғалардың  дамуы  ӛзімен  ӛзі  кете  береді.  Мҧндай 

тҧрғыдан келу ӛте қауіпті.  

Бір  жақты  қадамдардың  соңғы  нҧсқасы  ол  –  қатысушылардың  қҧқықтық 

инстанцияларға шағынуы.  

Әлемдегі  қақтығыстарды  шешу  тҧрғыларын  анықтай  отырып,  жахандық 

деңгейде  кҥштеу  әдістерінен  келіссӛздерге  дейінгі  жолдарды  қарастырып,  ортақ 

тарихи  ҥрдіс  негізінде  қарастырылуы  мҥмкін.  Берілген  процесс  кҥрделі  және 

қайшылыққа толы және де ол белгілі ғана елде немесе аймақта қолданылмайды.  

Қарулы  қақтығыстардан  бас  тарту  одан  тек  қана  айну  ғана  емес,  ол  біріккен 

шешім қабылдауды іздестірудің жоқтығы болып табылады. Қатысушылар кез келген 

бір  жақты  қадамдар,  кӛп  жағдайда,  бір  біріне  саяси  және  экономикалық  қысым 

клтіруі  мҥмкін.  бір  жолды  іздестіру  ҥшін  біріккен  іс-әрекеттер,  келіссӛздер 

қатысушылардың  келіссӛздерге  альтернатива  жоқ  екеніне  кӛздері  жеткеннен  кейін 

ғана  басталады.  Американдық  авторлар  Р.Фишер  және  У.Юри  «BATNA»  деп 

аталатын  арнайы  термин  енгізді,  яғни,  келіссӛздік  келісімге  келудің  ең  жақсы 

альтернативасы  дегенді  білдіреді.  Оның  болмауы  –келіссӛз  процесінің  негізгі 

элементтерінің бірі болып табылады.  

Бір ескеретін жай BATNA сияқты келіссӛздік кеңістіктер де нақтыланбаған. Ол 

қатысушылардың ӛзара әрекеттесуінің нәтижесінде алмасып, пайда болып, кеңейіп, 

тарылып, нақтыланып, тіпті, жойылып кетуі де мҥмкін. Болмаған жағдайда екі жақ 

та қайтадан қарсы тҧруға мәжбҥр болады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет