Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Георгий Васильевич Свиридов



бет3/4
Дата06.11.2016
өлшемі0,71 Mb.
#1139
1   2   3   4

Георгий Васильевич Свиридов – творчестволық жолының басынан бастап вокальды және хор музыкасына көп көңіл аударған. Оның А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, А. Исаакянның, А. Прокофьевтің сөзіне жазылған романстары әншілік өнердің алтын хорына енді. Композитордың алғашқы хор шығармаларына – «Казачьи песни», «Вечерний звон», «Песня о Кирове», «Слава море, священный байкал» жатады.

1954 жылдан бастап композитор хор шығармашылығымен толық айналысты, сол жылдары өзінің бірінші «Декабристер» ораториясын жазды. (Өлеңі ақын-декабристердікі және А, Пушкиндікі). Халықтың тарихи тағдыры, еркіндік жолындағы күрес берілген, бірақ бұл оратория аяқталмай қалды. 1955 жылы Свиридов «Сергей Есениннің естеліктері» деген поэмасын жазды, мұнда сондай назік және ақындықпен тамаша орыс халқының ақынының лирикасын және драматизмның көрсете білген, оның адамдарға деген сүйіспеншілігін, өмірін «Поэмалар» деген хоры арқылы береді, анық және қарама-қарсылықты, қыстың белгілерін білдіретін «Поет зима» хоры және шаруаларың еңбегін жыр ететін «Молотьба» хоры, одан кейін»Ночь под Ивано Купала» мен деревнядағы соғыстан кейінгі өте ауыр жағдаиды суреттейтін «1919жыл», шаруалардың балаларын, олардың партизандармен қыдырғанын «Небо – как колокол» хорлары салтанатты, жігерлі орындайды.

Свиридовтың хор жазбаларының щеберлігі оның сүйемелдеусіз айтылатын хорларында айқын ерекшеленеді. 1958 жылы әртүрлі ақындардың сөзіне жазылған бұл хорлар адамадардың тағдыры, Отан туралы терең лирикалы ойлармен, орыстың жазба өнерімен байланыстырылады.

«Об утраченной юности», «Вечером синим», азамат соғысының бір эпизодтары жайлы айтылатын «Повстречался сын с отцом» хоры тіпті де басқаша складта жазылған. Хор бес эпизодтан тұратын, олардың өзіндік музыкалық бейне берілген еркін формада жазылған.



П. И. Чайковскийдің хор шығармашылығы.

1865 жылы Петербург консерваториясын бітірер кезінде дипломдық жұмысына «К радости» кантатасын ұсынды. Кантата алты бөлімнен құралған. 1872 жылы Чайковский Москвадағы Политехникалық көрменің ашылу құрметіне кантатасын жазды, оның екінші аты – «В память двухсотой годовщины со дня рождения Петра I». Я. Полонскийдің текстіне жазылған. Бұл кантата хор фугеттасы бар.

А. Майковтың сөзіне жазалған «Москва» (1833ж.) кантатасы – Чайковскийдің ірі хор формаларының жанрындағы шығармасы.Ондағы «С мала ключика» хор бірінші бөлімі, «Час ударил жданный» хоры – үшінші бөлім және финал «Так живи вовек» деп аталатын бөлімдерінде дауыс жүргізу, хор партияларының мәнерлеп айту мүмкіндіктерін қолдану, алдыңғы кантаталарға қарағанда аңызды берілген.

Композитордың аралас хор құрамына жазған шығармалары: «На сон грядущий» Н. Огаревтің сөзіне, «Ночевала тучка золотая» М. Лермановтың сөзіне, «Привет А. Г. Рубенштейну» Я. Полонскийдікі, «Соловушка» П. Чайковскийдің сөзіне, «Не кукушечка во сыром бору» Н. Цыгановтің т.б.


2.6 Ресейдегі XX ғасырдағы хор мәдениеті

1862 жылы алғашқы тегін музыкалық мектептер ашылды. Бұл мектептің негізгі қалаушылар М. А. Балакирев пен Г. Я. Ломакин және олар орыс ән өнерінің орнығуына үлкен үлес қосты.

XX ғасырдың 80- жылдарында Мәскеудің үлкен театрының хоры мен Петербордағы Морийск театраның хоры өздерінің шығармашылық өрлеуіне жетті.

Ал 1900жылы Мәскеуде И. И. Юховтың тек жұмысшылардан тұратын хоры пайда болды. Хор өзінің шеберлігімен көпке танымал болды.

1902 жылы В. А. Булычев Мәскеу симфониялық капелласын ұйымдастырды. Хор жартылай кәсіби әншілерден, жұмысшылардан құралды. Хорда музыкалық – теоретикалық пәндермен қатар аспаптарда ойнау, латын тілі оқытылды.

1878 жылы алғаш Мәскеуде орыс хорының қоғамы құрылды. Ал 1904 жылы Псков, Томбов, Вологда, Петерборда хор қоғамдары пайда бола бастады.

Ұлы Октябрь революциясынан кейін хор мәдениетінде үлкен өзгерістер болды.

Революциядан кейін 1905 жылы және бірінші дүниежүзілік соғыстансоң барлық хорлар мен хор бірлестіктері өз жұмыстарын тоқтатты. Синадаль хоры Петербург капелласы бірігіп халықтың хор академиясы А. Д. Кастальский жетекшілігімен құрылды.

1982 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында СССРдің Мемлекттік Академиялық орыс хоры А. В. Свешников жетекшілігімен дүниеге келді. Хордың бас реперуары Д. Шостаковичтің «Десять поэм», Г. Свиридов. Патетикалық ораториясы болып табылды.

Александров атындағы қызылжұлдұзды ән би ансаблінің құрылуы хор әндерінде жаңа өзгеріс болды. Орындаушылық өте жоғары ритм, шеберлік, көңілді баса көрсете білді.

1928 жылы Бүкілодақтық радио мен телевидение академиялық хоры дүниеге келді. Хордың негізін салушы А. В. Свешников жетекшілері И. И. Кувыкин, К. Б. Птица, А. С. Степанов, А.А. Юрлов. 1942 жылдан бастап Республикалық орыс хор капелласы болып табылды. Хордың орындаушылығы техникалы үйлесімі, темп динамикасы, эмоцияға толы болды.

1957 жылы В. Г. Соколов жетекшілігімен Мемлекеттік Мәскеу хоры құрылды. Хордың орындаушылық өнері жастарға бағытталды.

1910 жылы М. Е. Пятницкий халықтық хор құрып кейіннен 1936 жылдан бастап кәсіби ұжымдарда өнер көрсетті. 1930 жылдан бастап Пятницкий хорына бишілер тобы мен оркестрді қоса өнер көрсетті.

1925 жылы Мәскеу консерваториясының студенттерінен «Прокол» творчествалық шығармашылық тобы құрылды.

Ұлы Отан соғысынан кейінен орыс хор мәдениеті биік жетістектерге жетті. 1959 жылы РСФСРда 60 мың хор 1,5 миллион әншілер жұмыс жасады. 1959 жылы жалпы Рессей хор қауымдастығы құрылды. Хор қауымдастығының міндеттері: жаңа хор ансамбльдерді құру, бұрынғы хор коллективтерге көмек көрсету, әр түрлі хор конкурстарын ұйымдастыру, хор туралы шығармаларды насихаттау, жоғары оқу орындарын музыкаллық білім жетілдіру, дирижерлар шеберліктерін көтеру болып табылады.


3 Қазақ хор музыкасы

3. 1 Кәсіби ән шығармашылығының тууы және қалыптасуы (1935 - 1950)

Жаңа төлтұрмыс жанрының пайда болуы – жаңа әлеументтік экономикамен, халықтың өмірі мен байланысты – ол «көпшілік ән» жанры. Ән мазмұны жұмысшылардың еңбегі мен тұрмысына, бесжылдық еңбек ерлеріне, арналып жазылды. Сонымен қатар Отан, Қызыл әскер, Конституция тақырыптары да көптеген әндер мазмұнына айналды. Соның ішінде лирикалық әндер тобының орны да ерекше болды.

Көптеген әндерді зерттей келе оларды үш үлкен топқа жіктейді:

1 – топ

Бұл топқа ұлттық нақыш негізгі болған әуезді әндер жатады. Бұған мысал: Рамазан Елебаевтың «Жолдастар», «Құттықтау», М. Ержановтың «Жасасын», Е. Брусиловскийдің «Конституция туралы ән», А. Жұбановтың «Қарлығаш» әндерін атауға болады.



2 – топ

Бұл топқа жалпысоветтік, революциялық, марш, патриоттық рухтағы ән, әнұрандар жатады. Мысалы: Л. Хамидидың «Қызыл қыран», «Бесжылдықтың ерлері». Ал 30 – жылдары «Отан». Қазақстан тақырыбына арналған ұранды әндер пайда болды. Бұған Л. Хамидидің «Отан», «Қазақтстан», А. Жұбановтың «Партия әнін» жатқызуға болады.



3 – топ

Бұл топқа совет вокалының әсерінен туған лирикалық әндер жатады. Осы жанрдың тікелей әсерінен қазақ вокал музыкасында вальс пен романс түрлері жақсы дамыды. Қазақ төл музыкасының вальс жанрын дамытуда Л. Хамиди еңбегі өте үлкен. Бұл жанрдағы тұңғыш туындылар Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұл» әні. Бұл екі ән қазақстан композиторларының ең үздік вокал музыкасының үлгілеріне жатады.

Бұл лирикалық жанрдың келесі әні «Бақыт вальсі» болып табылды. 30- ші жылдардағы лирикалық әндермен бірге романстар да ерекше орын алады. Бұл романстар ішінде халық әндері «Алтыбасар», «Гаухар тас», «Ақбақай», «Жиырма бес», әндерін атап айтуға болады.

М. Төлебаевтың «Қамар», «Көп жүрдім» романстары. Романс жанрында бірнеше музыкалық туындылар жазған композиторлар: Ғ. Жұбанова, С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев болды.

С. Мұхамеджановтың романстарының көпшілігі Абай поэзиясынан болды.

С. Мұхамеджановтың Абай поэзиясынан алған «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «Жарқ етпес, ақ күмістей кең маңдайлы» қазақ музыкасының алтын қорынан орын алған романстар болып саналады.


Соғыс жылдарында туған әндер

Соғыс жылдарындағы әндер тақырыбы біреу ол – патриоттық, Отан тақырыбы болды. Бұл жылдардағы әндерді 2 стилистік топтарға бөлуге болады:

1 – патриоттық;

2 лирикалық топтар;

Патриоттық әндерге: Е. Брусиловскийдің «Серт», «Құтырған қасқыр», М. Толебаевтың «Семсер», «Жорық», «Соқ барабан», «Аттан қазақ», «Комсомол» әндерін жатқызуға болады.

Лирикалық әндер тобын: М. Толебаевтың «Кестелі орамал», «Таня туралы ән», «Тос мені тос» әндері құрайды.

Батырлар туралы жырлар әндер қатарынан ең үздік ән болып Ж. Елебаевтың «Жас қазақ» әнін айтуға болады. Бұл әнді халық батырының өшпес ерлігін баяндап берген ән деуге болады. Бұл әннің авторы Р. Елебаев Төлеген Тоқтаров сында қазақ батырымен бір дивизияда болған еді.

Соғыстан кейінгі әндер әр түрлі жанрымен, мазмұндылығымен ерекшеленеді. Бұл әндер қатарында бейбітшілік тақырыбы басты орында болды. Осы жылдардағы ең үлкен оқиға – ол М. Толебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловскийдің авторлық бірлестігінде жазылған 1945 жылғы Қазақ ССРнің Мемлекеттік әнұранын айтуға болады.

Оған мысал ретінде Е. Брусиловскийдің «Бейбітшілік туы берік болсын», «Бейбітшілік жыры», А. Жұбановтың «Ақ көгершін», Қ. Қожамьяровтың «Бейбітшілік үні» әндерін айтуға болады.

Тың игеру тақырыбы да біздің композиторлардың назарынан тыс қалған жоқ, Бұл тақырыпқа ән жазған композиторлар қатарында: Л. Хамиди, Е. Брусиловский, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев т. б. Б. Байқадамовтың «Ақ бидай», «Су тасушы қыз» әндері сол кездегі ең көп таралған әндер қатарында болды. Ал С. Мұхамеджановтың «Тербеледі тың дала» әні өзінің лирикалық характері тартымды таралды. Тың тақырыбына арналған әндермен қатар кезде 30 – 60ші жылдар ән – романс жанры өзінің өркендеуін аяқтайды.
3.2 Қазақ композиторларының шығармаларындағы хор жанрының қалыптасуы

Хор жанрын дамыту мақсатында Қазақстан композиторларының алдында тұрған міндет сол алғашқы онжылдықта орыс хор мәдениетінің озық үлгілерінен техникалық құралдар үйреніп халық әуендерге көңіл бөлу болды. Бұл ретте орыс музыканттарының И. В. Коцык, Д. И. Ковалев, Б. Г. Ерзаковичтің еңбектері орасан зор болды.

Қазақтың халық әндері хор мен капеллаға - фортепиананың сүйемелдеуімен қайта жазылды.

Петропавлдағы педтехникумда көпдауысты қазақ хорының тұңғыш жетекшісі И. В. Коцык болды. Бұл хор қазақ әндерін жариялаушы ретінде ең алғаш 1928 жылы Мәскеуде Қазақстан өнерінің 10 күндік өнерлерін көрсетті.

И. Коцыктың дирижерлауымен халық әндері «Ағажай», «Сырымбет», «Елім - ай» әндері орындалды.

Семей, Верный, Қызылорда қалаларының театрларында хор мәдениетінің өрендеуін қойылып жатқан спектаклдерде байқауға болады. Олар спектакль қойылымында халық жанрын топпен айта отырып, хор жанрын дамыта білді.

Қызылорда қаласында алғашқы хор тобын Д. И. Ковалев басқарды, олар халық әндерінің 50 дей шамасындағы әндерді хорға өңдеді. Д. И. Ковалев өңдеген әндер әр түрлі жанрда, жеке дауысқа, көп дауысқа және оның өңдеуіндегі шығармалар орыс хор стиліне жақындау екенін байқатты. Сондықтан Е. Брусиловский өңдеуіндегі «Ақтамақ», «Баянжан» әндері өз тыңдармандарын таба алмады. Стилі жағынан орыс хор жанрына жақын болып қазақтың дәстүрлі нақыштары сақталмады.

«Хорлан», «Ақ тамақ», «Баянжан» әндері Республикалық Радиокомитеті хорына арналып өңделіп жазылды. Хор жетекшісі композитор Б. Г: Ерзакович болды. Б. Г. Ерзаковичтің өңдеуінде «Япурай», «Гаухартас», «Гүлдерай» халық әндері кеңінен танымал болды. Ал «Қамажай» әні фортепиано мен домбыра сүйемелдеуінде орындалды.

Радиокомитет хорының репертуары 30ші жылдары 3 – 4 дауысқа арналған В. Коцыктың «Бипыл»; С. И: Шабельскийдің «Сәулемай» әндерімен толықты.

1938 жылы Қарағанды Радио хоры Б. Орлов жетекшілігімен құрылды. Оның репертуарында Республикалық Радио хорының бүкіл шығармалары енді.



Д. Мацуцин хорына өңдеулер

1935 жылы А. Жұбановтың қолдауымен қазақ хоры құрылды.

Оның ең бірінші жетекшісі болып Д. Д. Мацуцин бекітілді. Композитор Мацуцин өңдеуіндегі Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» 1939 жылы үлкен сұраныс қолдау тапты.

Л. Хамидидің хорына өңдеулер

Сол кездегі қазақ филормониясының бас дирижері Л. Хамиди еңбегі өте күшті болды. Оның өңдеуінде жасалған «Ахау керім», «Ақсаусақ», «Айкенай» әндері қазақ хорының ең үздік шығармалары. 1934 – 1935 жылдары Л. Хамиди халық әндерін жинап, өңдеп хорға дайындады. Екі дауысты қарапайым әндерді, көп дауысқа арнап жазды.



Л. Хамидидің өңдеуіндегі «Сәулем –ай» әні өзінің пентатоникалық әуенімен, барлық партиялардың ыңғайлығымен және қарапайым регистрімен ерекшеленеді.

Л. Хамидидің ең үздік өңдеуіндегі халық әні «Жайдарман». Бұл әнде халық әуезі, халық нақышы жақсы сақталған.

30ші жылдардың аяғында хор өнері өзінің биік шыңына кейін, кеңінен байқаймыз. Енді композиторлар күй жанрын қолға ала бастады, көбінесе Құрманғазы күйінің шығармаларына көп көңіл бөлінді. Алғаш хорға арналып Д. Коцыктың - Құрманғазының «Көбік шашқан» күйінің өңделу болды. Келесі Л. Хамиди өңдеуіндегі Құрманғазының «Қайран шешем» күйі болды.

50 – 60 жылдардағы өңдеулер

50ші – 60ші жылдардағы хор әдебиеті әрі қарай дамып толығып, жетіле түседі.

Бұл кезде хор жанрының түгелі қамтылып дамып а капелланың өсіп жетілуі байқалады. Қазақстан композиторлары орыс, украин, грузин өнер мектептерінен, үздік үлгілерін қабылдап халық әуезін сақтай отырып, жаңа шығармалар жазады.



Б. Байқадамов қазақ хор өнеріне үлкен үлес қосқандардың бірі. Оның өңдеген әндері «Он алты қыз», «Тойбастар» әндері қазақ хорынан ең үздік шығармалары болып табылады.

«Он алты қыз» қазақтың әзіл әні бұл тенор – солоға арналып өңделген ән Б. Байкадамовтың бұл әні көптеген хор коллективтерінің репертуарындағы басты әндерінің бірі болып саналады.



М. Төлебаевтың өңдеуіндегі халық әндері де біршама. «Көзімнің қарасы» әнін хор мен солиске арнап өңдеді. 1ші бөлімде – солист, 2ші – бөлімді хор, 3ші – бөлімді хор орындап, бірін - бірі алмастырады. Е. Брусиловскийдің өңдеуіндегі «Ақ тамақ» әні халық әндеріне өте жақын лирикалық шығарма.

А. Молодов

А. Молодов қазақ хор өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан композиторлардың бірі. Ол 1960 жылы Мәдидің «Қаракесек» әнін өңдеп хорға арнап қайта жазып шығып, бұл ән өзінің әуезділігімен, кең диапазонымен ерекшеленді.

70 жылдары хорға жазылған әндерді өңдеудің кейбір әдіс – тәсілдері қалыптаса басталды.

Көпдауысты өңдеуді қалыптастырған композиторлар Қ. Қожамьяров, Ғ. Жұбанова.

Е. Рахмадиевтің «Япурай» әні аралас хор мен солоға арналып өңделген. Шумақты вариациялық форма. Бір немесе 3 тактіден кейін ауысып отырады.

С. Мухамеджанов 1972 жылы «Балқадиша» әнін өңдеді. Формасы шумақты– вариацилық, үш бөлімді, темпі өзгермейді.

С. Мухамеджанов «Желсіз түнде жарық ай» әнін, төрт дауысқа арналған хорға өңдеді.

Д. Ботбаевтың өңдеуіндегі «Алтынбасар» әні төртжолды поэтикалық ән.

Сонымен бір дауыста орындалатын қазақ әндері қайта өңделіп көп дауыста орындалатын хордың басты репертуарына айналды.



50 – 60шы жылдардағы Қазақстан композиторларының хор шығармалары

Қазақ хор музыкасында 50ші жылдары алға ілгерушілік байқалды. Профессионалдық хор музыкасының дамуымен шығармаларда жаңа гармоникалық көп дауыстар, халық күйлерінің ұлттық колоритті сақталып, хор шығармаларында түрлі әдістер қолданылды.

Бұл жылдары көптеген композиторлар халық әуені үлгісінде өз шығармаларын жазды.

Соның бірі Ғ. Жұбанованың «Жалғыз емен», «Жеңеше», «Дауыл» әндері. «Жалғыз емен» әні үш формадан тұрады, полифониялық бөлімі – бас пен сопранадан тұрады.

«Дауыл» әні шектеусіз көп дауысты хорға арналып жазылған шығарма. Ал «Жеңеше» әні жақсылыққа ұмтылған қазақ әйелінің тұрмысын бейнелейді. Үш күрделі бөлімді рондо элементі сақталған.

50ші жылдары Қазақстан композиторлары хорға арналған циклді шығармалар жазады. Осындай ең алғашқы шығарма Б. Байкадамовтың «Біз отанды сүйеміз» әні. Бұл ән 3 бөлімді құрайды. 1ші – бөлімі – марш темпінде марш, 2ші – бөлімі – жайлау атты көрініс, 3ші – бөлімі – толғау – соғысқа жол бермейміз атты, ал финалы – терме стилиіне жақын. Екінші бөлімде «Жайлау» - көрінісінде ән мен би характері үлкен орын алған.

Б. Байкадамовтың екінші сюитасы «Ахау Семей» әнінде ішкі қарама – қайшылықтар болсада, мәтіні мен музыкалық өңдеуі бір – біріне сай жазылған шығарма.

«Шопан ойы» - хор поэмасы. 3 бөлімнен тұратын философиялық толғау.

Толғау – домбыра мен сүйемелдеп орындалатын өмір жайлы философиялық ой толғаныс. 60шы жылдарда ең алғашқы хор музыкалық сюита – М. Төлебаевтың «Жастық шақ» шығармасы. Бұл ән балаларға арналған, балардың жазғы демалысына, табиғатқа арналып жазылған шығарма.

Ғ. Жұбанованың «Менің Республикам» атты хор поэмасы, 3 бөлімнен құралып, солист пен хордың үндесіп орындауына көп мән берген. 50 – 60 ші жылдары қазақ хор музыкасы жан – жақты дамуының арқасында алғашқы сюиталар және хор поэмасының тууына себеп болды.

Хор шығармалары толғау, терме, желдірме стильдерінде жазылды. Хор поэмасы әрбір композиторлардың ішкі толғанысының ойы мен сезімшіл нақ көрінісі болды.

Хор поэмасының дамуына Б. Жұманиязов, М. Сағатов, М. Маңғытаев сияқты композиторлар зор үлес қосты.

Бұған мысал: М. Маңғытаевтың «Жайлауда», М. Сағатовтың «Дала мен гүл», Б. Жұманиязовтың «Менің елім» әндерін айтуға болады. М. Маңғытаев күй – поэма жанрының негізін қалаушы. Бұл жанрды әрі қарай дамытқан композитор Ғ. Жұбанова өзінің «Кісен ашқан» күй поэмасын жазды.

А капеллалық хорлар опера сахнасының құрамдас бөлігі ретінде қолданылады мысалы: Е. Брусиловскийдің «Айман – Шолпан», Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсында а капелла хорлары үлкен орын алды.

Бұл жылдары Қазақстан композиторлары хор миниатюрасы жанрында шығармалар жазады. Тақырыбы әр алуан - ерлік, отан, лирикалық жанр т.б.

Оған мысал: А. Бычковтың «Революция әні», М. Маңғытаевтың «Қаратау басында», М. Сағатовтың «Той бастар» әндері.

Қазақстан композиторларының хор өнері әр алуан кең ауқымды, тақырыбы жағынан да мазмұны жағынанан да. Соңғы жылдары хор жазуының озық үлгілері мен әдіс тәсілдерін меңгере отырып, ұттық нақыштағы туындылар туғызды.

3.3 Қазақстан композиторларының шығармашылықтарындағы хор – опера жанры

Ең алғашқы қазақ драма театры 1925 жылы сол кездегі ҚР астанасы Қызылордада құрылды. Құрамында: С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Қуанышбаев, Ә. Қошаубаев болды. Кейінірек бұл құрамға К. Байсеитова мен Қанабек Байсеитов және Манарбек Ержанов толықты. Бұл құрам кейін қазақ кәсіби театрының негізін қалаған мақтанышына айналды. 1933 жылғы 8 қыркүйекте қазақ райком ВКП (б) секретариаты шешімімен қазақ музыкалық театрының құрылуы туралы шешім қабылдады. Бұл театрда оннан астам композиторлар мен бірнеше ұстаздар жұмыс жасады.

Сол кезде студияның көркемдік жетекшісі, хормейстері, дирижері болған жоқ.

Музыкалық кадрларды қазақ педагогикалық институтынан және радио бөлімінен жинады. Дирижерлікке Ф. Кузьмин тұрды. Театрға жас талантты суретші А. Ненашев келді. Жұмат Шанин және Құрманбек Жандарбековтің жетекшілігімен М. Әуезовтің «Айман – Шолпан» пьесасын қоюға кірісті.



1934 жылы 17 қаңтарда қазақ музыкалық драма театры дүниеге келді. Театрдың келесі қойылымы Б. Майлиннің «Шұға» пьесасы болды. Спектакльдің тақырыбы әйелдердің ауыр өмірі жағдайы жөнінде. Үшінші қойылымы: Е. Брусиловский қойған Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» спектакілі болды.

Қазақстан композиторлардың алдында аз уақыт ішінде ұлттық опера театрын жетілдіруге әлемдік мәдениетке ұмтылу, оркестр мен хор бірлістігін дамыту болды.

1934 жылы ең бірінші қазақ операсы Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы болды. Операның музыкасының негізі халық әндері, ұлттық әуез, диалогпен алмастырылған. Спетакль драматургиясы кейіпкерлердің психологиялық қалпына негізделген. Ән мен күй екеуі өз орындарын таба білген. Ән операның вокал бөлігі болса, күй – би бөлігі болды.

«Қыз – Жібектің» дүниеге келуі, шамамен XIV – XV ғасырларда екенін болжайды.

Ертедегі қазақ мәдениетінің бұл тамаша шығармасы терең поэтикалық маңызымен, құрылымның керемет формасымен, өлеңдерінің байлығымен, көркем бейнелердің анықтығымен және композициясының өзіндік ерекшілігімен айқындалды. Сахналық либреттосының негізін қалаған драматург Ғабит Мүсірепов болды.

«Қыз - Жібек» дастанының көптеген варианттарында қайтыс болған кісінң әйелі немесе қалыңдығы, ескіден қалған мұра бойынша өзінің жақын туысқанына келеді деген әмеңгерліктің ескі әдет – ғұрпы жырланады. Ғ. Мүсірепов дастанның көптеген варианттарын зерттей келе, оның бірінші болжамына жақын материалдарға сүйеніп тоқталады. Ол данышпан халық дастанының әсем үніне және жоғары бейнесіне қарап өрбітеді. Бірақ драматург негізгі түйінін халық әншісі Ботбайдан алып пайдаланған, Төлегеннің өлгенін естіген Жібек жартастан көлге құлайды.

Опера төрт акттен тұрады. Бірінші акт – далада таң атып келеді. Көктемгі таң. «Күн шықты, түрегел, Жібек» - деп Жібекті күнге теңеген қыздардың әні естіледі. Ал Жібектің көрінісі «Гәкку» әнімен суреттеледі. «Гәкку» - бұл аққудың әні.

Осындай ән бастамасынан кейін аққудың «Гәкку» деген сөзін қайталағандай оны ойнақты, жәйменен айтылатын қайырмасы келеді.

Екінші акт. Базарбай ханның сарайындағы көрініс, Оның баласы Төлеген өзінің үйімен қоштасады. Әкесінің еркінінен тыс ол Ақжайыққа қалыңдығы Жібекке жиналып жатады.

Үшінші акт. Қос-Оба көліндегі кешкі күн батып бара жатқан кез. Мұнда Бекежанның тұлғасы. «Қырық күн болды Төлегеннің кеткеніне» - деп Бекежан оларды күтіп жүреді.

Күн батып бара жатқан кез. Сүйіктісі туралы тылсым ән естіледі. Шыңның артынан Бекежан Төлегеннің кеудесіне садақпен оқ атады.

Күн батты. Халық аңызының сүйікті кейіпкерінің жас өмірі сөнді. Өлім халінде жатқан Төлеген аспанда өзін соңғы сапарға шығарып бара жатқандай ұшып бара жатқан алты қазды көріп, оларға өзінің соңғы сөзін айтады, оның туған туыстарына, еліне сәлемін жеткізуді өтінеді.

Төртінші акт. Түн. Қайғының қараңғы түні. Жібек ұйқыда. Төлегенді өлтірген Бекежан келеді. Осыдан кейін келбетті Жібектің өмірден өтуі беріледі. Ол «Дүние-ай» деп аталады.

1935 жылы Е. Брусиловский жетекшілігімен Б. Майлиннің либреттасына жазылған «Жалбыр" операсы қойылды. Спектакль тақырыбы – халық көтерілісі. «Жалбырда» қазақ әйелдерінің көңілсіз, қайғылы тағдыры жаңа күшпен беріледі. Бірақ операның негізгі тақырыбы оның кейіпкері Жалбырға арналады. Жалбыр – 1916 жылғы Орта Азия өлкелерінің жергілікті адамдарын майдан жанындағы жұмыстарға жұмылдыру туралы патшаның указына қарсы тұрған қазақтың жарлы-жалқы байларының көсемі.

Көтеріліс – бұл жеке өмірдің және батырлардың тағдырының шешілуі жағдайларының қызығына түскен спектакльдің фоны ғана емес, сонымен қатар спектакльдің драматургиясының ең басты лейтмотиві. Сондықтан да мұнда Отан туралы «Елім-ай» атты қазақтың патриоттық әнінің музыкасы басты шешуші отын алады.

Бұл ән операның финалындағы хордың мазмұнында және увертюраның көңілсіз кіріспесіндегі тактілерде скрипкалардың әндетіп дыбысталуынан тромбондардың ашылуы үнді тематикасына өтетін жерінде естіледі. Бұл тема спектакльдің басқа эпизодтарында да естіледі. Ән іштей жайлық және аздап арманшыл ой береді.

Бұл спектакльдің кейіпкерлерінің трактавкасын Жұмат Шанин қойды, халық әндерін өңдеген композитор Е. Брусиловский болды. Бұл спектакль Бейімбет Майлиннің драматургиялық ойы негізінде қаланды.

Спектакль екі үлкен сезімді көрсетеді: сүйіспеншілік пен өшпенділік. Езілгендерге деген сүйіспеншілік және қанаушыларға деген өшпенділік.

Жалбырдың музыкалық темалары характері бойынша марш екпінді, ал құрылымы жағынан речетативті.

Речетативтік фактураның айқындығы, мәнерлігі «Жалбырдың» барлық музыкасына тән қасиет. Речетативтік құрылымдармен бірге мұнда халық әндері қолданылады. Мысалы: Жалбыр халық композиторы Иман Жүсіптің әні «Сары-Арқаны» бірінші актінің екінші көрінісінде айтады.

«Айман – Шолпан» - операсы ең алғашқы комикалық опера.

Бұл жылдары И. Надировтың «Терең көл» және В. Великановтың «Тұтқын қыз» опералары азаматтық соғыспен интервенцияға арналды. Бірақ либреттаның әлсіздігі өзекті тақырыптарды аша алмағаны.

А. Зильберттің «Бекет» операсының сюжеті патша отаршылдарына қарсы, халық көтерілісі болды. Бірақ опера музыкасы мазмұнына сәйкес келмеді, сондықтан сахнада көп жасаған жоқ.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бүкіл қазақ өнерінде түбегейлі өзгерістер болды. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің патриотизм тақырыбына арналып «Гвардия алға» операсы жазылды. Е. Брусиловскийдің шығармаларында көпдауысты полифониялық тәсілдер қолданылады.

Театр репертуарында басқа опералардан қарағанда «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» опералары сахнадан түскен жоқ. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Амангелді», М. Төлебаевтің «Біржан – Сара» опералары қазақстан композиторларының жоғары деңгейлігін, кәсібилік шеберлігін, көрсете білді. Қазақ операсы жаңа қалыптаса бастады, сонымен қатар Қазақстан композиторлары орыс композиторынан озық үлгілерін шебер меңгере бастады.

Ең бірінші ұлттық опера – «Абай» операсы, ұлттық өнерінің биік шыңы. «Абай» операсы – қазақ композиторларының тұңғыш операсы. Операның соңында «Қарлығаш» әнін қыздар хоры орындайды. Ол 4 дауысқа арналып жазылған.

1944 жылы – қазақтың академиялық опера және бад\лет театрында үлкен премьераның күні болды. Абайдың жеке басы операда маңызды, дара көрсетілген. Қазақ даласында ұлы азаматы, алдыңғы қатарлы ақын, жәй адамның қолдаушысы, қорғаушысы, талантты жастардың тәрбиешесі, ескі салт-дәстүрге қарсы болған Абайды көрсетеді.

Опера төрт көріністен тұрады. Екінші көріністің финалында Абайдың әуені «Көзімнің қарасы» берілген. Мұнды ақын жастық шақтың екпінінен әнге қосады.

Осы әктінің финалында Абайдың тағы да бір драматикалық сезімге толы әуені, оның түпнұсқасындағы текстімен орындалады. Бұл ән «Қараңғы түнде тау қалғып» деп аталады.

Соғыстан кейінгі жылдары жазылған М. Төлебаевтың «Біржан Сара» операсын бүкіл қазақ мәдениетінің жетістігі деп айтуға болады.

«Біржан Сара» операсы орыс операсы және ұлттық көпғасырлық ән жырының бірлескен туындысы. «Біржан Сара» операсы қазақ композиторларының әлемдік деңгейі, шеберлігі мен кәсібилігінің дәлелдемесі.

Үш перделі опера. Операның үшінші көрініснде той салтанаты берілген. Мұнда оркестр, би мен хор орындалады.

Композитор операда Біржанның түпнұсқасындағы сай қолдана берілген. Мысалы: «Жанбас сипар», «Адасқақ» т. б. Осы сияқты әндер.

Кремлбде болып өткен қазақ өнерінің оңтүстігінде Құрманбек Жандарбеков бүкіл ұжым әртістерінің атынан Қазақстанға келісімен тұңғыш баға жетпес опера құруға уәде етті. «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Жалбыр» операларының әні мен сөзі кезектесіп орындалды. Үлкен ықыласпен театр келе жаңа жұмысқа кірісті. Сахнада үш ай ішінде жазылып, біткен алғашқы қазақ халық операсы «Ер Тарғын» орындалды. Бұл қойылым 1937 жылы 15 қаңтарда Алматы мәдениет сарайында болды. Оны әрбір адам құрметпен қабыл алды. Бұдан екі күннен кейін 17 қаңтарда Қазақ Мемелекеттік опера және балет театры болып өзгерілді. Екі дата 17 қаңтар 1934 және 17 қаңтар 1937 жылы. Бұл екі дата музыка студиясының музыка-драма театрына, ал музыка драма театрына, ал музыка драма театрының опера театрына айналғандығын көрсетеді.

Либреттосын жазған Нығмет Баймұхамедов пен Құрманбек Жандарбековтікі. Музыкасы халықтікі, өңдеген Е. Брусиловский. 1937 жылы «Ер Тарғын» операсында көп дауысты фактура 6 – 8 дауысқа дейін жеткізілген. Опера прологпен басталады. Жау қолында тұтқын болып айдалған халық. Жүдеген аянышты халіне шыдамаған тарғын туған елі үшін сарбаздарымен бірге жаудан кек алуға аттанады.

Операда Естайдың «Хорлан» әні де қолданылған. Бұл Маралдыдан шыққан Хорлан-Ғайын деген қыз туралы баяндалады. Хорланның темасы спектаклдің прологында және соңғы пердесінде де айтылады. Мұнымен композитор Тарғын мен халықтың байланысын ашып көрсетуге тырысқан.

«Қыз Жібектегі» музыканың қайталап отыратын тақырыбы негізгі желісі «Ер Тарғындағы» сахналық бейнелердің жинақталған сипатталарымен ауысып келедді. Егер де «Қыз Жібекте» лирикалық ән «Гәкку» Жібектің бейнесін музыкалық жағынан ашып сипаттаса, «Аққұм» әні Бекежан бейнесінің өзіне тән музыкалық жақтарын айтса, ал «Ер-Тарғында» бір бейнеге тән жеке музыкалық жақтарын әртүрлі музыкалық материалмен қайталау өзінің көрінісін тапты.

«Ер-Тарғын» - қазақтың ұлттық операсының этаптық спектаклі. Тарғын туралы опера – сахналық бейнелерді музыкалық іске асыру тәсілдерін толық деңгейде меңгерген ең бірінші қазақтың халықтық-батырлық спектаклі. Өзінің жанры, формасы және оның операсының қойылымы сатылы болып келеді. «Ер-Тарғын» Құрманбек Жандарбековтің өзіндік қойылымын іске асырған ең бірінші қойылым. Бұл жұмыста ол өзін опералық театрдың ең талантты режиссеры ретінде көрсетеді.

«Ер-Тарғында» бірінші рет қазақтың театры үшін музыкалық мақсаттардың бірнеше жаңа шығармашылық шешімін тапқан дүниелер болды. Мұнда вокальдық партияларда полифониялық құрылымның алғашқы үлгілері көріне бастады. Опералық хор унисондық дыбысталудан көпдауыстылыққа көшті. «Ер-Тарғынның» музыкалық материалын талдау жасау барысында алға қарай маңызды қадам басқандықты байқатты.

«Ер-Тарғын» операсының музыкасы халақтық сипат алды. Ариялар, хорлар, билер бірінен соң бірі шығарманың үзіліссіз шынжырында жүріп отырады. Халық әндері мен күйлерінің жаңғырығы сезіледі. Осындай жағдайда олар Ер-Тарғын батыры туралы аңызбен ұштасып жатады.

Соғыстан кейінгі жылдары қазақ операсы мен хор мәдениетінің қалыптасуы аяқталды. Опералық жанр өзінің дамуы жағынан 3 үлкен топқа бөлінеді:


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет