Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрліГі



бет1/8
Дата29.06.2017
өлшемі1,33 Mb.
#20674
  1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛіГі
ҚАЗАҚ мМА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ БіЛіМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДіСТЕМЕЛіК СЕКЦИЯСЫ
ОҢТҮСТіК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТіК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Шертаева К.Д., Шимирова Ж.К.

Фармацевтикалық тауартану

(оқу-әдістемелік құрал)

Шымкент – 2007

УДК 615.47

ББК 52.82

Ш 48

Шертаева К.Д. – ф.ғ.д., ОҚММА фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессорының л.а

Шимирова Ж.К. –ф.ғ.к., ОҚММА фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының доценттің л.а.
Фармацевтикалық тауартану- оқу-әдістемелік құрал

Шымкент,- 2006. –95 б.

JSBN 9965-731-95-0
Рецензенттер:

Абдувахабов К.Р.- ф.ғ.к., ОҚММА профессоры, ОҚО “Фармация” АҚ бас директоры

Сағындықова Б.А.- ф.ғ.д., профессор, ОҚММА дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі
Фармацевтикалық тауартанудан оқу-әдістемелік құралы пән бойынша теориялық білімдермен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Оқу -әдістемелік құралға тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық материал, тест тапсырмалары кіреді. Фармацевтикалық ЖОО факультеттер оқытушыларымен студенттеріне арналған.
ҚазММА қарасты ҚР-ның медициналық ЖОО ОЭС жұмыс комиссиясымен басылымға бекітілген және ұсынылған.
№ ______ Хаттама ____ ______ 2006

4107030000

Ш

001051-06


JSBN 9965-731-95-0

© Шертаева К.Д., Шимирова Ж.К., 2006



Кіріспе
Фармацевтикалық тауартану арнайы бағытталған пәннің бірі саналып, тұрғындарды және емдеу ұйымдарды фармацевтикалық тауарлармен, фармацевтикалық техника бұйымдарымен қамтамасыз етумен, сонымен қатар фармацевтикалық құралдармен, кіші механикаландыру заттармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын алумен байланысты мамандық тауартану функцияларын орындау үшін фармацевт мамандарын даярлау мақсатын қояды.
“Фармацевтикалық тауартану” оқу-әдістемелік құралы 040500 – “Фармация” мамандығы бойынша мемлекеттік жоғарғы профессионалдық білім стандартына және типтік оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.
Көрсетілген “Фармацевтикалық тауартану” бойынша оқу-әдістемелік құрал пәннің 11 тақырыбын қамтыған, соның ішінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, машықтану дағдылары, сабаққа дайындалу сұрақтары, ақпараттық-дидактикалық блогы, сабақтың мазмұны, студенттің өзіндік орындау тапсырмалары, тест тапсырмалары және қолданылған әдебиеттер тізімі бар.
Оқу-әдістемелік құрал студенттерді тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, стандарттауды, тауарлар ассортиментін қалыптастыру заңдылықтарын, тауарлық талдау әдістерін, тауарларды маркировкалау, буу, тасымалдау және сақтау жағдайларын оқып үйренуге көмектеседі.
“Фармацевтикалық тауартану” оқу-әдістемелік құралы фармацевтикалық тауартанудан тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған, пән бойынша студенттердің тақырыптарды меңгеруде маңызды.


Мазмұны


Тақырып 1: Фармацевтикалық тауарлардың қозғалыс жүйесінің құрылымы………...........................................................................................................5
Тақырып 2: Дәріханалық жүйедегі тауартанулық операциялары, олардың құжаттық толтырылуы……………………………………………………….....….8
Тақырып 3: Фармацевтикалық тауарлардың классификациясы және ассортименті……....….................................................................................................14
Тақырып 4: Дәріханалық ыдыстар, орау-буу заттары мен материалдары…......22
Тақырып 5: Фармацевтикалық тауарлар топтарының сақталуы……………......29
Тақырып 6: Бақылау жұмысы……………………………………….........…….....38
Тақырып 7: Байлап-таңу заттары. Медициналық гипс………………….…..…...41
Тақырып 8: Тазалық және гигиеналық бұйымдар……………………….………46

Тақырып 9: Ассортименттері шектелген тауарлар…..…………………………..56



Тақырып 10: Өрт қауіпті және жарылғыш дәрілік заттардың сақталуы.

Медициналық газдар……………...........……………………………68


Тақырып 11: Сынақ сабағы……………………………………….……………….72
Дидактикалық материал …………………………………………………………75
Жауаптар эталоны ……………………………………………………...…………93
Әдебиеттер тізімі ………………………………………....…………..……….……94

Тақырып 1: Фармацевтикалық тауарлардың қозғалыс жүйесінің құрылымы.

таҚырыптыҢ Өзектілігі:

2005-2010 жж денсаулық қорғаудың реформалану бағдарламасына сәйкес, фармация саласындағы бастапқы мақсаттары болып қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттардың жетілдігін қамтамасыз ету болады. Сонымен қатар, тауарлардың қозғалыс жүйесін жетілдірудің де маңызы зор, оның ішінде фармацевтикалық тауарларды жеткізу, оларды қабылдау, тауартанулық операцияларды өткізу, сақтау және тұтынушыға босату жұмыстары. Осы тақырыпта алынған білімдерді студенттер келесі тақырыптарда, болашақ тәжірибелік қызметінде қолданады.



сабаҚтыҢ маҚсаты:

Студенттерді фармацевтикалық тауарлардың қозғалыс жүйесінің құрылымымен таныстыру.



Студент білуге тиіс:

  • фармацевтикалық тауарлардың қозғалыс жүйесінің құрылымын

  • фармацевтикалық тауарлар қозғалыс жүйесінің классификациясын


Студент жасай алуға тиіс:

  • фармацевтикалық тауарлардың қозғалыс жұмысын ұйымдастыруды;

  • тауарлардың қозғалыс жүйесі деңгейлерінің классификациясының жүргізілуін;

  • емдеу-сауықтыру мекемелерді, дәріханаларды және тұрғындарды тауарлармен қамтамасыз ететін мекемелердің мақсаттары мен міндеттерін.


Сабаққа дайындалу сұрақтары:

І Негізгі білім бойынша:

  1. Фармацевтикалық тауартану пәнінің мақсаттары мен міндеттері.


ІІ Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Фармацевтикалық жүйе деңгейлерінің классификациясы.

  2. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының дамуы

  3. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнімдердің, Фармация Комитетінің мақсаттары мен міндеттері.

  4. Дәріхананың, фирманың, дәріханалық қойманың мақсаттары мен міндеттері.



аҚпараттыҚ-дидактикалыҚ блок

Бүгінгі таңда отандық фармацевтикалық нарық дәріханалық ұйымдар жүйесінің тармақталуымен көрсетілген, оның ішінде 97% жекеменшіктің мемлекеттік емес түрлері болып келеді.

2000 ж. соңына фармацевтикалық кәсіпорындар жалпы саны 700 асты, дәріханалық қоймалар – 409 болды. Бөлшек сауда жүйесі дәріханалармен, дәріханалық дөңгешіктермен, көрсетілді, олардың негізгі көлемі (3802) қалаларда анағұрлым көп болды, ауылдық аймақтармен салыстырғанда (2190).

Жалпы, фармацевтикалық сектордың реформалануын осы саланың даму динамикасы көрсетеді (№1 кесте).

№1 кесте


ҚР фармацевтикалық саланың дамуының динамикасы


1993ж.

Республиканың жалпы тұтынуынан фармацевтикалық өнімдерді өндіру 3% құрайды.

1995-1996ж.

Өндіру көлемі 10 млн. доллар құрайды.

1998ж.

Кәсіпорындар саны-35; шыққан дәрілік заттардың номенклатурасы-240 дана

1999ж.

Өндіру көлемі 11% көтерілді, 40 кәсіпорындар жұмыс жасайды, шыққан дәрілік заттардың номенклатурасы-270

2000ж.

Шығарылған дәрілік заттар номенклатурасы 730 астам, оның ішінде: медикаменттер, БАҚ; сарысулар мен вакциналар-600; медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар (ММБ)-130 атаудан астам. Шығару көлемі-25 млн. доллар.

2001ж.

70 астам кәсіпорындар жұмыс жасайды. Медикаменттердің, БАҚ, сарысу және вакциналар шығарылуы жолға қойылды; Медициналық жабдықтар-40 атау, ММБ-30 атаулардан астам шығарыла басталды.

2002-2003ж.

Дәрілік заттар санын керекті мөлшерде-2,8 млрд тенге немесе 18 млн доллар және 1,4 млрд тенге немесе 1 млн доллар бұйымдар шығарылды. 700 атаудағы дәрілік заттарды және медициналық техниканы өндіретін 90 ұйымдар жұмыс жасады.

Реформалану жылдарында фармацияны басқару құрылымы бірнеше рет өзгерді. 10.01.2002ж. шыққан №22 ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша нормативті құқықтық құжаттарды жасалуын және енгізілуін дәріханалық ұйымдардың өсулеріне ықпал етеді. Фармацияның, фармацевтикалық және медициналық өндіріс комитеті құралды, оның қызметіне дайын фармацевтикалық өнімді мемлекеттік бақылаудан және оның шығарылуын бақылаудан сапаны қамтамасыз ету жүйесіне бағытталды.

“Дәрі-дәрмек” кәсіпорынның қайта құрылымдық ұйымдастырылуы өтті.

Сабақтың мазмұны

  1. Студенттердің өзіндік орындауға арналған тапсырмалар:

№1 тапсырма:

Ақпараттық-дидактикалық блокпен танысу.

№2 тапсырма:

Фармация комитетінің, фармацевтикалық және медициналық өндірістің негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілеңіз.



Оқытушылармен жұмыс жасау:

  • студенттердің өзіндік орындау тапсырмаларының қорытындысын талқылау.

  • бастапқы және қорытынды білімдер деңгейін бақылау (тестілер, бағдарламалық бақылау сұрақтары).


Тақырып 2: Дәріханалық жүйедегі тауартанулық операциялары, олардың құжаттық толтырылуы.

Тақырыптың өзектілігі:

Фармацевтикалық қызметінде тауар алуға және жеткізудегі келісім шарты бар тауартанулық операциялар, тауарларға тауартанулық талдау жүргізудің, керекті құжаттарды толтыра білудің үлкен маңызы бар. Сондықтан осы сабақта алынған білімдер мен тағылымдар студенттерге келесі тақырыптарды өтуге, болашақ тәжірибелік жұмыстарында қажет болады.


Сабақтың мақсаты:

Студенттерді дәріханалық жүйеде тауартанулық операциялармен және олардың құжаттарымен таныстыру.


Студент білуге тиіс:

  • дәріханалық жүйедегі тауартанулық операцияларды;

  • нормативті-техникалық құжаттардың түрлерін;

  • келісім шарттар туралы түсінік;

  • дәріханаға тауар қабылдау тәртібін.


Студент жасай алуға тиіс:

  • келісім шартты толтыру тәртібін;

  • фармацевтикалық мекемелерге түскен тауарлардың түсу құжаттарын толтыруды;

  • қамсыздандырушылармен есептесуді;

  • фармацевтикалық тауарларға тауартанулық талдау жүргізуді;

  • қабылдау актін толтыруды;

  • қамсыздандырушыларға арыз беру құжаттарын толтыруды.


Сабаққа дайындалу сұрақтары:

І Негізгі білім бойынша:

  1. Фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық жүйесінің құрылымы.

  2. Стандарттау және сертификаттау туралы түсінік.


ІІ Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Тауартанулық операцияларын квалификациялы жүргізу үшін керекті тағылымдар мен білімдер.

  2. Нормативті-техникалық және пайдалану құжаттар.

  3. Фармацевтикалық өнімдердің экспортын және импортын лицензиялау.

  4. Тауарлармен қамсыздандыруда қолданылатын құжаттар.

  5. Дәріханалық қоймаға фармацевтикалық тауарлардың қабылдау тәртібі және оны құжатты түрде толтырылуы.

  6. Қамсыздандырушылармен есептесу.

  7. Дәріханаға тауар қабылдау тәртібі.


аҚпаратты-дидактикалыҚ блок

Фармацевтикалық тауарлармен қамсыздандыруға керекті құжаттар (лицензия алуға):

  1. Келісім шарт.

  2. Спецификация.

  3. Сертификация (өнімді шығарған зауыттың құжаты).

  4. Шығу сертификаты.

  5. Қамсыздандырушының кеден декларациясы.

  6. Тауарлы-транспортты жөнелтпе құжаты.

  7. Төлеу тапсырыстың көшірмелері.

Төлеу хаттары:

  • сыртқы экономикалық байланыс комитетіне

  • денсаулық сақтау комитетіне

  1. Шот-фактура

  2. Паспорт, келісімдер.

Лицензиялау келесі қасиеттері бойынша бөлінеді: субъектілер, қызмет жасау көлемі бойынша, уақыты (мерзімі) және территориялық жұмыс істеу саласы бойынша.

Қызмет жасау көлемі бойынша лицензиялар болады:

а) негізгі, олар жыл бойына беріледі – рұқсат етілген көлемі, салмағы немесе саны шектеріне қарай (ақшалай және натуралды көрсеткіштерде)

б) бір реттік – белгілі бір шаруашылық операцияны орындауға.

Экспорттауға және импорттауға лицензияны экономика және сауда министрлігі береді. Лицензия арнайы формадағы бланкілерде толтырылады, қорғану дәрежесі бар қағаздарда, есеп алыну серияларымен, номерлерімен, қатаң есеп беру құжаты болып саналады.

Лицензияны алу үшін арыз беруші (лицензиат) лицензияларға келесі құжаттарды береді:

- лицензия алуға арыз;

- сату-сатып алу контрактісінің көшірмесін және қосылу келісім шартының түп нұсқасын;

- мемлекеттік тіркеудің куәлігін;

- лицензияға төлеу ақының құжатын;

- денсаулық сақтау ұйымдарының келісімін;

- тауардың шығу сертификатын.

Лицензия тауардың бір түріне беріледі, оның тауарлық номенклатурасына сәйкес.


Стандарттау мен сертификаттаудың мақсаттары.

- Стандарттау мен сертификаттаудың негізгі мақсаттары: өнімдерді, үдерістер мен қызметтерді нормативтік-техникалық қамтамасыз ету;

- Өнімдер, үдерістер мен қызметтер сапасының мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

- адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өнімдердің қауіпсіздігін, айналадағы ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.


Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді және нормативтік құжаттардың әр алуан категорияларының жасалуын, қолдануын, олардың әзірлену, келісілу, бекітілу тәртібін, мемлекеттік тіркелуін, стандарттар талаптары мен техникалық шарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалауды көздейді.


Нормативтік құжаттардың категориялары.

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі нормативтік құжаттардың мынадай категорияларының жасалуын және қолданылуын көздейді.

- мемлекетаралық стандарттар (Гост);

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (ҚРСТ);

- техникалық шарттар.

Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдайды.

Мемлекетаралық стандарттарды жасау, бекіту саудадағы техникалық кедергілерді жою, әлемдік нарықта өнімдердің бәсекелестілігін қамтамасыз ету;

- өнімдердің үйлесімділігі мен өзара алмастырылуын қамтамасыз ету;

- қорларды үнемдеу;

- өнім сапасын арттыру, ғылымның техниканың дамуына, халықтың және халық шаруашылығының сұранымына сәйкес өндірістік-шаруашылық қызметті жандандыру және үйлестіру.

Стандарттау мен сертификаттау нысандарды мыналар:
- көп мәрте қайталап өндірілу және (немесе) пайдаланылу келешегі бар өнім, қызметтер және үдерістер (бұдан былай өнім).

Стандарттау жөніндегі жұмыс тәртібі Заңмен, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттар кешенімен, сондай-ақ басқа да нормативтік актілермен белгіленеді.

Стандарттау жөніндегі жұмыстарды мыналар жүзеге асырады:

- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік ұйым;

- басқару органдары;

- стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

- заңды ұйымдар.
Сертификаттау туралы.

Сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі қағидалары мен ережелерін, жүйенің принциптері мен құрылымын, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға, зертханаларға (орталықтарға) талаптарды және оларды аккредиттеу тәртібін, сертификатталатын өнім өндірісін аттестаттау әдістемесін, сертификатталған өнімге және сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың, зертханалардың (орталықтардың) қызметіне инспекциялық бақылауды, сертификаттау мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті басқа да ережелер мен талаптарды белгілейді.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:


  • стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік ұйым;

  • біртектес өнімді сертификаттау жөніндегі ұйымдар;

  • сынақ лабораториялары (орталықтары).

  • Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік ұйымның мынадай құқықтары бар:

  • біртектес өнімдерді сертификаттау жүйесінің басты органдарын тағайындайды және оларға белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу құқығына рұқсат береді;

  • сәйкестік белгісін қолдану құқығына сәйкестік сертификаттарын береді;

  • аккредиттеуді және сертификаттау жөніндегі органдардың, аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының);

  • өнім өндіру мен қызмет көрсетуді тоқтата тұруға;

  • сәйкестілік сертификатының күшін және сәйкестік белгісін қолдану құқығын тоқтата тұруға немесе жоюға;

  • айыппұл салуға құқығы бар.

  • Сертификация ережелерін сақтауы жөніндегі ұйымдар негізсіз берген сәйкестік сертификаттарының күшін жоюды немесе тоқтата тұрады;




  • сертификаттау жөніндегі басқа да ұйымдар басып шығарған құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою жөнінде нұсқау береді.

Дәріханаға тауардың көпшілік бөлігі дәріханалық қоймалардан келіп түседі. Тауарлардың кейбір түрлері (мысалы: мед бұйымдар, химиялық реактивтер және тағы басқалар) басқа жабдықтаушылардан (мысалы: “Мед техника” АҚ және тағы басқалардан) немесе бір дәріханадан екінші дәріханаға келіп түседі. Ал кейбір тауарлы – материалдық құндылықтарды (өсімдік шикізат, рецептуралық ыдыстар) тұрғындардан алады.

Жабдықтаушылардан тауарды қабылдау келесі әдістермен жүргізіледі:



  1. Тікелей сол дәріханадан (өзінің) тауарды дәріхана меңгерушісі немесе сол дәріхана өкімінің алуы.

  2. Дәріханаға қоймадан көлік арқылы тауардың келіп түсуі. Ол кезде тауарға және келе жатқан құжаттарға сол қойманың машинасының жүргізушісі немесе экспедиторы жауапты болады.

  3. Дәріханаға жекеменшік ұйымдардан тауардың келіп түсуі.

  4. Дәріханаға темір жол станциялары, су және әуе порттарынан тауардың келіп түсуі.

Сату-сатып алу келісім шарттары келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Кіріспе бөлімі немесе преамбула. Онда келісім шарттың нөмері, қай жерде және күні, келісімге отырған жақтардың толық аттары және құқықтық негіздері, сатып алушы мен сатушының келісімде көрсету.

  2. Қамтудың көлемі мен заты: онда тауардың түрі мен мінездемесі көрсетіледі.

  3. Тауардың сапасын анықтау әдісі- сапа сертификаты және тағы басқалар.

  4. Қамтудың уақыты мен орны, онда тауарды әкелудің уақыты көрсетіледі. Тауарды бір кезде немесе бөлек-бөлек әкелуі келісімде көрсетілу керек.

  5. Қамтудың базистік жағдайы-тасымалдауға кеткен шығынның тәртібін анықтайтын фактуралық бағасы.

  6. Қамтудың бағасы және жалпы құны (жеңілдетілген)

  7. Төлем ақылар, онда төлем түрі, әдісі көрсетіледі.

  8. Тауарды босату-қабылдау тәртібі

  9. Арбитраж

  10. Форс-мажор

  11. Транспорттық жағдайы.

  12. Жақтардың юристік мекен жайлары

  13. Сатушы мен сатып алушының қолдары

Сату –сатып алу келісім шарты үш жылдан кем сақталмайды.

Дәріханаға тауардың қамтуының түріне байланыссыз оның көлемі мен сапасы тексеріледі. Материалды жауапты тұлға тауарды дәріханағ қабылдағанда тауардың көлемін, бағасын, сол тауардың жалпы құнын мұқият-тексеру жолдама құжатта көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексереді.

Дәріханаға түскен препараттар келесі көрсеткіштер бойынша тексеріледі:


  1. Өндіруші кәсіпорынды көрсететін маркировка.

  2. Препараттың аты-жөні.

  3. Серия нөмері, анализ нөмері, сақтау мерзімі және НТҚ-та көрсетілген басқа да мәліметтер.

Егер тауарды қабылдаған кезде, қабылданған құндылықтардың сапасы қойманың немесе басқа жабдықтаушылардың жолдама құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, онда дәріханада құрамында дәріхана меңгерушісі, басқа да материалды жауапты тұлғасы, фармацевт-аналитик (штатта бар болса), қоғамдық өкілі немесе басқа мекеме өкілі бар қабылдау комиссиясы құралады. Қоғамдық өкілі тек тауарды қабылдағанда жабдықтаушының қойма өкілі немесе басқа мекеменің өкілі жоқ болған жағдайда белгілейді.
Сабақтың мазмұны.

  1. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыс.

Тапсырма 1.

Фармацевтикалық тауарлармен қамсыздандыру үшін лиценцияға керекті құжаттарды атаңыз.

Тапсырма 2.

Ақпараттық - дидактикалық блокты жұмыс дәптеріне конспектілеу.
Оқытушымен жұмыс жасау:


  • студенттердің өзіндік орындау тапсырмаларының қорытындысын талқылау

  • бастапқы және қорытынды білімдер деңгейін бақылау (тестілер, бағдарламалық бақылау сұрақтары).



Тақырып 3: Фармацевтикалық тауарлардың классификациясы және ассортименті.
сабаҚтыҢ Өзектілігі:

Дәріханалық мекемелердің негізгі міндеттеріне тұрғындарды үздіксіз және сапалы түрде дәрілік заттармен, байлап-таңу материалдарымен т.б. бұйымдармен қамтамасыз ету жатады. Сондықтан дәріханалық мекемелерінде фармацевтикалық тауарлардың ассортиментін толықтырып тұрудың үлкен маңызы бар.

Осы сабақта алынған білімдерін студенттер келесі тақырыптарды оқуға және болашақ фармацевт қызметінің тәжірибесінде қолдана алады.

сабаҚтыҢ маҚсаты

Студенттерді фармацевтикалық тауарлардың негізгі топтарымен және ассортиментімен таныстыру.

Студент білуге тиіс:

  • Дәрілік заттар туралы түсінік

  • Фармацевтикалық тауардың топтасуын және ассортиментін

  • Ассорименттік позиция, тауарлы ассортимент туралы түсінікті


Студент жасай алуға тиіс:

  • Фармацевтикалық тауарларды топтастыруды

  • Әр түрлі фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдау жүргізуді.

  • Сатып алушы сұранысына талдау жүргізуді.



Сабаққа дайындалу сұрақтары:

І Негізгі білім бойынша:

  1. Тауарлардың сапасы туралы түсінік.

  2. Фармацевтикалық тауарлардың сапасына әсер ететін факторлар.


ІІ Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Фармацевтикалық тауарлар топтары.

  2. Әр топ фармацевтикалық тауарларға сипаттама беріңіз.

  3. Фармацевтикалық тауарлар ассортименті туралы түсінік.

  4. Тауарлар ассортиментінің сапалық көрсеткіштері: толықтығы, сапалығы, тұрақтылығы.

  5. Негізгі өмірлік қажет дәрілік заттар туралы түсінік.

  6. Фармацевтикалық тауарларға сатып алушы сұранысын талдау.



аҚпараттыҚ-дидактикалыҚ блок.

Дәрілік заттар дегеніміз - әр түрлі шығу тегі бар (өсімдік, жануар, синтетикалық, минералды және т.б.), арнайы фармацевтикалық активтілігі бар, ауруларды сауықтыру, диагностика, емдеу және реаблитация мақсатымен қолдануға ҚР ДСМ рұқсат етілген заттарды айтады.



Фармацевтикалық тауарлардың классификациясы:

  1. Дәрілік заттар.

  2. Байлап-таңу материалдары

  3. Сырқаттарды күту тазалық және гигиеналық бұйымдар.

  4. Минералды сулар, парфюмерлі-косметикалық, тазалық-гигиеналық, дезинфекциялық және дезинсекциялық заттар.

  5. Дәріханалық ыдыстар, орау-буу, тығындау заттары.

  6. Дәріханалық құрал-жабдықтар, аппараттар, кіші механикаландыру заттары.



Фармацевтикалық тауарлардың сапасы.

Халықаралық қатынаста “сапа” деген ұғым объекттің бекітілген және болжамдалатын қажеттіліктерін қанағат ететін мінездемелерінің жиынтығы болып табылады. “Өнімнің сапасымен басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтаулар”.

Өнім сапасы – тауардың белгіленуіне байланысты белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы.

Дәрілік заттардың сапасы – дәрілік заттардың сапасының мемлекеттік стандартына дәрілік заттардың сай келуі.

Дәрілік заттардың сапасына қойылатын талаптары бар құжаттар: фармакопеялық статьялар, уақытша фармакопеялық статьялары, мемлекеттік және салалық стандарттар, техникалық жағдайлар және тағы басқалар жатады.

Тауартанудың негізгі бір мақсаты болып: фармацевтикалық тауарды өндірушіден тұтынушыға дейінгі физикалық жылжу үрдісі кезінде керекті сапамен қамтамассыз ету.

Тауардың сапасын қамтамассыз етуде екі топ факторлары қатысады: сапаны құратын және сапаны сақтайтын.

Бірінші топ факторларына: шығару сапасы, жобалау және дайындау жатады. Соның ішінде дайындалуға құрал жабдықтардың және аспаптардың, жұмысшылар еңбегінің, өндіріс технологиясын сақтау, жататын НТҚ.

Технологиялық тауартанулық әдістерді қолдану нәтижесі фармацевтикалық тауарлардың сапасын сақтайтын факторы болып табылады (мөлшерлеу, орамдау, және сақтау).
Медициналық тауарлардың түр - түрі.
Фармацевтикалық ұйымдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі – халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық тауарларға қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыру негізінде түсімнің ұлғаюын қамтамасыз ететін сапалы ассортимент саясатын жүргізу болып табылады.

Тауарлар ассртименті (тауарлар номенклатурасы) – бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріккен тауарлар жиынтығы. Медициналық тауарлар ассортиментін тауарлардың тұрған жері мен қамту енділігі, қажеттілікті қанағаттандыру сипаты, қалыптастыру тәсілдері бойынша бөледі.

Тауарлардың тұрған жері бойынша өнеркәсіптік және сауда ассортименттерін бөледі.

Өнеркәсіптік ассортимент (өндірістік ассортимент) - өнеркәсіптің жеке салалары немесе жеке өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын тауарлар ассортименті.

Сауда ассортименті – сауда жүйесінде ұсынылған тауарлар ассортименті. Сауда ассортиментінің өнеркәсіптік ассортименттен айырмашылығы - оған әр түрлі өндірістің тауарлары енеді.

Тауарлар жиынтығы деп тауарлар кластарын, тобын, түрін және бір түрін айтады.

Тауарлар класы – бұл қызметтері ұқсас келетін тауарлар жиынтығы. Мысалы, дәріханада сатылатын тауарларды келесі тауарларға бөлуге болады: фармацевтикалық тауарлар, медициналық тауарлар және бірге болатын ассортимент тауарлары.

Таурлар тобы - құрамы ұқсас тұтыну қасиеттеріне ие белгілі бір кластың тауарлар жиынтығы, мысалы, таңу заттары, оптика, инемен егуге арналған заттары, күтім жасау заттары, т.б.

Тауарлар түрі – атаулары мен тағайындалуы жалпы біріккен белгілі бір топтың тауарлар жиынтығы. Мысалы, таңу заттары тобында келесі тауарлар түрін атап көрсетуге болады: мақта, дәке бинттері, салфеткалар, бекіту таңғыштары және т.с.с

Тауарлардың бір түрі – бірқатар жеке белгілері бойынша берілген белгілі бір тауарлар түрінің жиынтығы, мысалы дәке бинттері көлемі, стерильдігі, өндіруші жағынан ерекшелінеді.

Ассортимент құрылымы – белгілі бір белгілері бойынша берілген тауарлардың жиынтықтағы байланысы. Ассортимент құрылымын анықтауда жалпы классификаторында келтірілген медициналық тауарлар жіктеуін қолдануға болады.

1 сурет. Ассортимент сипаттамаларының жіктеуі.




өнеркәсіптік




Тауарлардың тұрған жері бойынша


сауда


қарапайым




күрделі

Тауарлардың қамту енділігі бойынша

топтық






Кең жайылған


Бірге болатын


аралас


Қажеттілікті қанағаттандыру сипаты бойынша


нақтылы









бағдарлаушы


оқу

тиімді


Қалыптастыру тәсілі бойынша

еркін

міндетті

Ең аз ассортимент

• Тауарлардың қамту енділігі бойынша ассортименттің қарапайым, күрделі, топтық, кең жайылған, бірге болатын және аралас түрлерін ажыратады. Ассортиментке енетін тауарлардың қамту енділігін олардың топтары, шағын топтары, түрлері, бір түрі, маркалары, атаулары сандарымен анықтайды.


- Қарапайым ассортимент үш белгілері бойынша жіктелген тауарлар түрлерімен берілген (бір түрі, түрлері, топтары). Мысалы, бір ассортимент тобының өнімдерін (таңғыш заттарды, оптиканы, қысым өлшегіш аспапты, медициналық жиһаздарды және т.б.) сатуға (немесе жасауға) бағытталған кәсіпорын тауарларының жиынтығы.

- Күрделі ассортимент - үштен көп белгілері бойынша жіктелетін тауарлар жиынтығы. Күрделі ассортимент бірнеше ассортимент кластары немесе топтарының тауарларын біріктіреді. Дәріханаларда әртүрлі ассортименттің тауарлар номенклатурасы бар, яғни оларға тауарлардың күрделі ассортименті тән.

- Топтық ассортимент (ірілендірілген ассортимент) – тауардың белгілі жиынтығының жалпы белгілері бойынша біріккен тауарлар ассортименті.

- Тауарлардың кең жайылған ассортименті (топ ішіндегі ассортимент) – тауардың бір түрі ұсынылған ассортимент, яғни әртүрлі өндіруші шығарған медициналық тауарлардың біртектес атаулары немесе сыртқы түрімен өзгешелінетін өнімдердің модификациясы.

- Бірге болатын ассортимент (парафармацевтикалық өнім) – көмекші қызмет атқаратын және фармацевтикалық ұйымдар үшін негізгі (яғни дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар) болып табылатын тауарларға жатпайтын тауарлар. Парафармацевтикалық өнімдерге жататындар:


  • Емдік қасиеті бар косметикалық тауарлар, және санитарлық-гигиеналық заттар;

  • Жеміс, көкөніс шырындары, нектар мен сусыншылар, дәрумендер мен дәрілік шөптер қосылған шәйлер;

  • Минералдық сулар, соның ішінде емдік және асханалық;

  • Ем - дәмдік және балалар тағамы.

  • Аралас ассортимент - қызметінің әртүрлілігімен ерекшелінетін әр түрлі топ, түр атаулар тауарларының жиынтығы.

• Қажеттіліктерді қанағаттандыру сипаты бойынша ассортимент нақтылы, бағдарлаушы оқу және тиімді болып бөлінеді.

  • Нақтылы ассортимент – нақты даярлаушыда (немесе сатушыда) бар тауарлардың нағыз жиынтығы.

  • Бағдарлаушы ассортимент потенциалды тұтынушының мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында даярлаушыны (немесе сатушыны) анықтайды.

  • Оқу ассортименті – оқу мақсатының жетістіктеріне арналған тауарлар жиынтығы.

  • Тиімді ассортимент – потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты деңгейінде тұрмыстың ең жақсы сапасын қамтамасыз ететін тауарлар жиынтығы.

• Қалыптастыру тәсілі бойынша ассортимент еркін және міндетті түрге бөлінеді.

  • Міндетті ассортиментті мемлекеттік басқарма органдары немесе қоғамдық ұйымдар фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметін реттеу мақсатында, және сондай-ақ халыққа әлеуметтік кепілдемені қамтамасыз ету үшін даярлаушыларға (немесе сатушыларға) тапсырыс етеді.

  • Еркін ассортиментті кәсіпорын шаруашылықты жүргізу мақсатына, мамандырылуына, нарық коньюнктурасына, қаржыландыру мүмкіндіктеріне және басқа да факторларға сүйене отырып, жеке қалыптастырады..


Ассортимент қасиеттері мен көрсеткіштері.

Ассортименттің тиімділігін және оның нарықтың нақтылы жағдайына тұрақтылығын анықтау мақсатында оқтын-оқтын талдау жасау қажет.



Ассортимент қасиеттері – ассортиментті қалыптастыру кезінде көрінетін өзіне тән ерекшеліктері.

Ассортимент көрсеткіштері – ассортимент қасиеттерінің сандық көрінісі.

Ассортимент енділігі тауарлардың ассортимент топтарының санымен сипатталады. Оны ассортименттің нағыз енділігінің (Двг) базалық енділік қатынасына тең енділік коэффициентпен (Квг) көрсетеді.

Двг

Квг = х 100%



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет