Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының жаңғыруы кезеңдері мен ерекшеліктері



Дата08.02.2022
өлшемі102,03 Kb.
#123066
Байланысты:
Жакан М 8 пр саб история
ТАРИХ 8-Д Рахметолла Акбота, Документ, Қойлыбаев Мейіржан Зертхана 1, 1577617692 (1)

Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының жаңғыруы кезеңдері мен ерекшеліктері.

Тексерген: Кусайнова Ж

Орындаған: Жақан Мөлдір 2 группа 6в05101

8 практикалық сабак бойынша


Жоспар:
  • Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
  • ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы.
  • Нұрлы Жол - болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты - Қазақстанның жаһандануға берген жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары.

Экономиканы басқару жүйесі
Одақтық-республикалық
48,3
Республикалық
8,4
Одақтық
43,3
  • 1996ж айырбас теміржолдар кірістерінің 65% құраған.
  • 1996жылғы қазанның 1-іне қарай тауар-материалдық игіліктердің қорлары12,7 млрд. теңге құрап, олардың жылдық кірісінен екі есе асып кеткен.
  • КСРО-дан мұра болып қалған «ауруларға» ортақ идеологиямен,экономикамен, инфрақұрылыммен беки түскен тұтас «ағзаның»бұзылуына байланысты жаңалары қосылды.
  • 1980-1990 жылдар шептерінде экономика көлемі 55% төмендеп кетті.
  • 1990 жылдың алғашқы айларынан-ақ Қазақстан басшылығы республиканың дағдарыстан дербес шығуына тура келетіні жайында шындап ойлана бастады.
  • қазақстандық кәсіпорындардың 95%-і орталықтан басқарылатын.
  • басқару мен қаржылық және әкімшілік байланыстардың үзілуі республика экономикасына өтетеріс әсерін тигізді.
  • Н.Ә.Назарбаев істің осындай бетбұрысын түсінді,Қазақстан үшін «өз бетінше жүзуге» тура келетін кез туатынын жоққа шығармады.

1990 жылы республиканың Жоғары Экономикалық кеңесі құрылып,оны басқару Дәулет Сембаевқа жүктелді Заңгерлік, экономика саласында жас, белсенді мамандарға есеп жасай отырып, ел басшылығы оларды нарықтық стратегия әзірлеп, жасайтын жаңа органға енгізді.Кеңесшілер ретінде Қазақстанға америкалық экономист Чан Йан Бэнг, мысырлық заңгер, доктор Хасан шақырылды. Әйгілі «500күн» бағдарламасының авторы Григорнй Алексеевич Явлинский Қазақстан басшысының штаттан тыс кеңесшісі болды. Сол 1999 жылы республика көшбасшыларының ішінен нарықка жылдам өту бағдарламасын қолдаған жалғыз адам Н.О.Назарбаев еді.
Не себепты Г.А.Явлинскийді елбасы қолдады?
  • Біріншіден,оған Г.А.Явлинскийдің нақты реформаларды бастап кете алатын батылдығы ұнады.
  • Екіншіден, аталған бағдарлама шектеріндегі реформаларды Г.А.Явлинский Одақ аясында және біртұтас халық шаруашылығы кешені негізінде ғана ойластырған.

  • Г.А.Явлинскийдің карсыласы академик Лео-нид Иванович Абалкин нарыққа өту анағұрлым көп уақыт қажетететінін айтып, басқадай пікірде болды.
    1990-1994 жылдарда Қазақстянда әнеркәсіп өнімі екі есе азайды,ал аграрлық секторда кұлдырау үштен бір дәреже көрсетті. Мемлекет өзінің кәсіпорындарын баскара алмайтын жағдайға жетті.
  • 1992ж Ресей бағаларды «босатты».
  • Бағаларды ырықтандыру тасымал, энергия, шикізат және басқаларының бағаларытез көтерілуін туғызды.
  • 1990 жылдардың басы, негізінен, шикізатпен дайын тауарларды сырттан әкелумен, сыртқа шығарумен айналысатын көптеген жеке фирмалар мен компаниялар пайда болған кез еді.
  • КСРО-ның бұрынғы азаматтарының сөздік қорына:«делдал», «айырбас» және басқадай сөздер енді.

Жаңа нарықтық қатынастарға өту түбегейлі өзгерістерге келтіріпқана қойған жоқ, сонымен қатар қоғам өмірінде көптеген: рэкет, көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлық іспетті теріс құбылыстарды туғызды.
Рэкет - қылмыстық топтардың күш қолдану арқылы бизнес өкілдерінен ақшалай қаражат талап етуі, жеке кәсібін күшпен өзіне алуы, бопсалауы - сол уақыттың үйреншікті құбылысына айналды.
1997 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, кауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» деген Жолдауында мемлекеттің басты жеті міндетінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен батыл және аяусыз күресу қажеттігін атаған.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресу тұжырымдамасының негізгі бағыттарын мемлекет ауқымында белгілеп, соның аясында кабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заны (1998 ж.) осы күнге дейін колданылып келеді.
1990 жылдардың дағдарысты жағдайы мемлекет тарапынан елдін экономикалық жағдайын тұрактандыруға бағытталған батыл шешімдер қабылдануын талап етті.
Қолданылған әдебет:
Т.Ж.Әминов «Қазіргі Қазақстан
тарихы»
кітабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет