«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы


Білімалушыладың оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар



бет9/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,09 Mb.
#26856
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Білімалушыладың оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар

Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады.

Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет:



  • дәрістердің конспектісі болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы;

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау;

  • конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады;

  • тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс;

  • тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет.

Есептерді шешу. Тапсырмаларды орындау әдістемесі:

  • мұндай тапсырмаларды орындауды тек қана берілген тақырып бойынша материалды пысықтағаннан кейін бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кіріскен кезде оның шарттарын мұқият оқып шығу қажет;

  • шығарудың жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару кезінде пайдаланылуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді анықтау;

  • есептің мазмұнына кіретін жағдайдың (ситуация) мәнін қайталап мұқият қарау;

  • алғашқыда есепті шығаруды жалпы түрде жүзеге асыру, содан кейін заңның бабын анықтау;

  • тиісті құқық нормаларының мазмұнын жүзеге асыру;

  • шешімнің дұрыстығының анализін жасау.

Коллоквиумға дайындалу. Курстың теоретикалық бөлімін игеру

дәрежесін бағалау үшін кейбір пәндер бойынша колоквиум (әңгімелесу) өткізіледі. Соған байланысты колоквиумға ұсынылатын сұрақтар бойынша теоретикалық материал тағы да қайталануы тиіс.



Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты болып табылады:

  • студенттердің ағымдағы білімдерін тексеру;

  • студенттің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Бақылау жұмысына дайындалу барысында студенттер мына жағдайларды білуі қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • естегі теориялық материалды және берілген тақырып бойынша есептер шешімінің негізгі әдісін жаңарту;

  • оқулықтардағы қарастырылған мысалдар мен есептерді және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарау.

Егер студент, бірінші дәрістен бастап өткен материалдар бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайтын болса, онда бақылау жұмысына дайындық еш қиындық туғызбайды және көп уақытты қажет етпейді.

Жобаларды орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау кезінде тапсырмамен бірге кафедрада берілген әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу керек. Тапсырманың орындалу тәртібі:

  • тапсырманы орындауды өзіндік жұмыстардың орнатылған кестесінен кеш мерзімнен бастамау;

  • егер тапсырманы орындау кезінде қиындықтар туындайтын болса, онда курстың тиісті тақырыбына қайтып келіп, оны қайта жасап және содан кейін тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • егер бұдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу керек;

  • қабылданған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындалу барысында теорияның тиісті жағдайларын тексеру және кейбір мәліметтердің өзгеруіне байланысты шешім ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында пайдаланылған әдістерді түсінгендігіне көз жеткізу;

  • тапсырма кестеде орнатылған мерзімнен кешіктірілмей қорғалуы керек, басқа жағдайда ол академиялық қарыз болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт шектеулі, сондықтан өзіндік жұмысты дұрыс жоспарлай білуді үйрену, өзіндік жұмыстың дағдыларын игеруге ұмтылу, оң тәжірибені қабылдау, жұмыс қабілеттігін сақтау үшін өнімді жұмыс жасай білуді және дұрыс демалуды үйрену қажет.

Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз).

Білімалушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары
1 рубежді бақылау – эссе

2 рубежді бақылау – жоба.
Өздік жұмыстарын орындау талаптары:
Өздік жұмысын жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.

         Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.

         Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.

Эссе жазудың әдістемелік нұсқауы.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау - ойлану–жоспарлау–жазу–тексеру



ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Фактілі дәлелдер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

• Юмор, сарказм;

• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.



Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;


2. Тақырыпты дамыту: тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.

2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:

1. Проблема ашылмайды;

2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;

3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;

7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;

8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. Логиканың болмауы.


Жоба жазудың әдістемелік нұсқауы.
Жоба оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Жоба таңдап алынған тақырыпқа бойынша өзекті ақпараттар, бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Жоба тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

     Жобада мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.


Зерттеу жұмысына деген жетекші пікірінде, маманның зерттеуді бағалауында, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек.
Жұмыстың жабдықталуына қойылған талаптар:

жұмыс мәтіні толық комьютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) сондай-ақ:

алғашқы бет;

мазмұны;


резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;

кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері;

негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;

әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;

қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

алғашқы бетте көрсетіледі:

жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;

жұмыстың тақырыбы;

бағыты;


орындаушы (тегі, аты, тобы);

жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);



жұмыстың орындалған уақыты.
ТАҚЫРЫПТАР:

  1. ҚР-ның Президентін сайлау ерекшелігі.

  2. Қазақстанның Конституциялық дамуы және оның негізгі кезеңдері.

  3. 1990ж. 25 қазандағы Қазақ КССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларация.

  4. 1991 ж. 16 желтоқсандағы ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ҚР-ның Конституциялық заңы.

  5. 1993ж. ҚР Конституциясы (жалпы сипаттамасы).

  6. ҚР-ның Конституциялық құрылысы негізінің түсінігі.

  7. ҚР-сы қалыптасушы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет.

  8. ҚР-ның қоғамдық ұйымдарының конституциялық-құқықтық дәрежесі.

  9. ҚР-ның азаматтарының құқықтық дәрежесінің негізгі түсініктері.

  10. ҚР-ның азаматтығы: түсінігі мен принциптері.

  11. ҚР-ғы шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтық жағдайы (жалпы сипаттама).

  12. ҚР-ғы сайлау құқығы: түсінігі мен принциптері.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет