Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат


-21ж.ж. саяси қарсыластар « Ақ және қызыл террор»



бет27/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
1917-21ж.ж. саяси қарсыластар « Ақ және қызыл террор».

Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі.

1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бұлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен  бұл бұлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды.

1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардияшылар басып алды.

Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады.

Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.

Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетгі. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі кару-жарақ,  Англия 200 мыңцай әскерге қару-жарақ және киім берді.

1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.

1918       жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.

Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы

Қазақстан жерінде жергілікті халық әскери құрылысқа тартыла бастады. 1918 жылы 29 мамырда ұлттық белгілер бойынша жауынгерлік топ құруға рұқсат етілген декрет шыкты .1918 жылы Бөкей Ордасында қазақ атты әскер полкі кұрылды. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп мобилизациялай бастады.

1919жылы Қостанайда 3000 адамы бар дала бригадасы құрылса,1920жылы Жетісуда қазақ бригадасы, 15дүнген полкі құрылды.

Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам мобилизацияланды.

Майдандардағы соғыс қимылы

Әскери бөлімдерді кұру барысында Ә. Жангелдин (Дала әскер комиссары), А. Иманов (Торғай әскер комиссары), Б. Қаратаев (атты әскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.

Ә. Жангелдин басқарған экспедиция Еділ, Каспийді жүзіп, Ақтөбе майданына қару-жарақ жеткізді.

1919 жылы қаңтарда Қызыл Армияның шығыс майдаынындағы бөлімдері Орынбор мен Оралды ақ гвардияшылардан босатты.

1919 жылы көктемде Колчактың контрреволюцияшыл топтары қайтадан шабуылға шықты.

Ақ гвардияшылардың қатыгездігі

Атаман Дутов пен Анненковтің казактары қазақ еліне ерекше қатыгездік жасады.

Мысалы, 1918 жылы қазан айында Өскеменге «Монғол» кемесімен келген атаман Б. Анненков ескемендік коммунист, революционер Я. Ушановты киізге орап өртеген.

Б. Анненковтің казактары 1918 жылы Солтүстік Жетісудағы Лепсі уезінің Подгорное ауылында 250 адамды өлтірген. Мұның барлығы Қазақстан шаруаларының ақ гвардияшыларға қарсы ұйымдастырылған партизан соғысына шығуына себеп болды.

 

6.Қазақ  Кеңес  мемлекетінің құрылуы



1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады.

Қазревком кұрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Қазревком терағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтүрсынов, Ә. Жангелдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешев, М. Сералин, В.А. Радус-Зенькович т.б. 1920жылы 9наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.

Қазақ АКСР-ның құрылуы.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерініңсъезі өтті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңтөрағасьі С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару оргаңдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазревком мүшелері



С. Меңдешев (1882-1937)

1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;

1919 жылы Қазревком терағасының орынбасары;

1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің терағасы;

1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Ә.Жангелдин (1884-1953)

1915жылы коммунистік партия мүшесі;

1916жылы ұлт азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;

1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;

1918   жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

А. Байтурсынов (1873-1937)

«Алаш» партиясын құрушылардың бірі,

«Қазақ» газетінің редакторы.

1919   жылдан  Қазревком мүшесі, оқу министрі.

А. Байтұрсынов - жазушы, аудармашы, түрколог, лингвист ғалым.

1937 жылы репрессия құрбаны болды.

 

7. Қазақстандағы "әскери коммунизм саясаты



Қазақ АКСР-ның құрылуы. Саяси тұлғалар. А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай. 

1.      Алғашқы кезде жүргізілген шаралар

2.      Қазақ АКСР құрамына енгізілген аймақтар

3.      Қоғамдағы саяси өзгерістер

 Қазақстанда жаңа зкономикалық саясатты (НЭП-ті) іске асыру 1921—1923 жылдарда Қазақ АҚСР Орталық Атқару Қомитетінін, азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалар қауымының сенімі артын келе жатты. Бұл тұста Кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті.

Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша әскери коммунизм әдістерімен басшылық жасады. Кеңестер құрамына бұл құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері көп болды. Дегенмен, Қеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары О. Жанкелдин, ҚАСР Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4—10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші сьезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды, Сонымен бірге жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанга 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921 — 1922 жылдары бір миллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда, Қазақ Республикасы халык шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

20-жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында  іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көпгеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бәрібаев, О. Жандосов, Л. Розыбакиев т. б. қайраткерлср көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда. 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы болды.

Сонымен 1921—1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Қөшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Мұнымен бірге оларда коллективтендірудің алғашқы қарапайым формалары, сауда-саттық, жабдықтау, қарыз пайдалану, кейде мәдени-ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрменкелер, сауда керуендері де пайда болды.

1922 жылы Қеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитетінің сайлауынан кейін депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.

ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуеи Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізілді. Қеруен кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық-мемлекеттік жүйені нығайуға ықпал етті.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде Кеңестердің Бүкілодақтық Бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялы Кеңес республикалары сияқты Қазақ АҚСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.

Бұл тұста республикада өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өркендету ісі өріс алды. Мұнай, тұз өндіру жолға қойылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Петропавл — Қөкшетау темір жолы іске қосылды. Жетісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор — Ташкент және Сібір темір жолдарында жүк айналымы өсті.

1923 жылы Екібастұзда 500, Риддер мен Ақжолда-300, Жетіқарада — 600 жұмысшы істеді. Сол жылғы санақ мәліметтеріне қарағанда, губерниялық және уездік қалаларда (Жетісу және Сырдария облыстарын қосқанда) өндірісте 25 мың жұмысшы болды. 1923 жылы елдің орталығымен салыстырғанда баяуырақ болса да ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.

1924 жылы сәуірде РҚФСР үкіметі Қазақ АКСР-інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді.

Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға болды. Ұлттық жерлердің мнжелеуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамында болған Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АҚСР-іне қайтарылды. Соның нәтижесінде Қазақстаи жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы — 1 млн 468 724 адамға өсті. Қазақстаннан халқы – негізінен  орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мсн халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экокомнкалық маңызы болды.

1925 жылы сәуірде Қызылордада республика Қеңестерінің  V съезі өтті. Ол «Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрыңдар!» деген ұран негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау, халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп — қазақ халқы, ал республиканы— Қазақ АҚСР-і деп атау туралы мәселелер қарап, қаулы қабылдады.

1925 жылы Кенестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы жұмысшылар — 6,1, кедейр — 70,9, орта шаруа — 18,8, қызметшілер — 4 процент болды.

Бұл кезде Қазақстан еңбекшілерінің халілқ шаруашылығын қалпына келтіруде бірқатар табыстарға қолдары жетті. 1925 жылдың аяғына қарай республикада өнеркйсіп өнімін өндіру 1920 жылмен салыстырғанда 5— 6 есе өсіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінің шамамен үштен екісіне жетті. Бүкілодақтық маңызы бар Атбасар түсті металл, Алтай қазақ полиметалл трестері құрылды. Оларға тәжірибелі инженерлер  мен техниктер келді. Қазак жұмысшыларының саны өсті. Толық емес мәліметтер бойынша, Қазақстанның ірі өнеркәсібінде, жол қатынасында, совхоздарында 1925 жылы 40 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші болған. Олардың ішінде қазақтардың саны артты. Олар мұнай өнеркәсібінде жұмысшының басым көпшілігі, кен өнеркәсібінде — 45 процент, тоқымашыларда —30  проценттен  астам  болды. Республика өнеркәсібіндегі жұмысшылардың жалақысы 1921—1925 жылдарда (салыстырмалы бағамен) 1,5 есе өсті, ауыр  өнеркәсіптегі жұмысшылардың жалақысы одан да кеп болды. Әлеуметтік сақтандыру, тегін медициналық көмек, еңбекті қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау жүйелері жүзеге асырылды. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында (Риддерде, Доссорда т. б.) мемлекет есебінен тұрғын үйлер құрылысы басталды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер болды. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы снгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн сомға төмендетілді. 1925 жылы 46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал, құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.

1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташалану процесі бой көрсете бастады.

Тұтас алғанда, республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестік жұмыс істеді, олардың ішінде 62546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де болды. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 проц.) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер қатарында 96 коммуна, 557 артель, 58 жай  серіктер болды. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың қоғамдық өзара жордемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды рөл атқарды. 1925—1926 жылдары шаруалардың коғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жалдама жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.

1925 жылы ақпанда қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстаи партия ұйымында 30 мыңнан астам партия мүшесі мен партия мүшелігіне кандидаттар болды. Бұл кезде бұқара арасындағы саяси ағарту жұмысына көп көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде өлкеде 76 қалалық клуб, 72 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 кызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 болыстық кітапхана жұмыс істеді. Егер республика құрылған кезде не бары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы «Еңбекші Қазақстан», «Народное хозяйство Қазахстана», «Советская степь», «Қызыл Қазақстан» т. б. сияқты 13 газет  пен 5 журнал шықты.

Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардан қыркүйекке дейін кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі қызмет етті. Республихадағы кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 100 мың адамнан асты.

1925 жылы республиканың Коммунистік Жастар Одағының ұялары 51 мың жігіттер мен қыздарды біріктірді. Жастардың көптен танымал басшылары шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нұрпейісов, Ф. Рузаев, С. Сафарбеков, С. Тәтібеков, А. ІІІымболатов т. б. болды.

1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің  дарынды басшыларының бірі Ғани Мұратбаевтан айрылды. Ол 15 жасынан бастап өзінің өмірін жастар арасындағы жұмысқа арнаған. Зор қабілетті, ғажайып күш-жігері мен еңбегі арқасында ол Түркістан Республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте болды. 1921 жылы қыркүйектен бастап Р. Мұратбаев Түркістан Комсомолы Орталық Қомитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РК.ЖО Орта Азия бюросының хатшысы болды.

Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің 6,6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлылықтан құтқаруға бағытталған істер атқарылды. Рес­публикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова, тағы басқалары ұйытқы болды. 

Қазақстан Жаңа экономикалық саясат кезеңінде.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет