Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат


«Еуропаға жол» – өркениет жолы



бет36/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

«Еуропаға жол» – өркениет жолы


2009-2011 жж. арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы негізінде әзірленгені мәлім.

Бұл бағдарлама Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік орнату деңгейін көтеруге бағытталды. Басқаша айтқанда, Еуропа елдерімен тауар айналымын арттыру, көліктік қатынастарды дамыту, жаңа технологияны еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, отандық және еуропалық нормаларды жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, ұлттық және мемлекеттік ой-сананы әлемдік деңгейге көтеру мақсатын көздейді.

Бірінші міндеті – еліміздегі өмір сүру жағдайын еуропалық стандарттарға жақындату. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, су қорларын қорғау, климаттың ерекшелігін ескеру, биоәртүрлілікті сақтау және т.б. мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жоспарланады. Сондай-ақ, медициналық кызметтің сапасын көтеруге басымдық беріледі. Дертті анықтау сапасын жақсарту мақсатында медициналық-ақпараттық технологияларды енгізу, ауруды емдеу және алдын алу, дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасы, тамақтану стандарттарын енгізу, кадрлар қоры жүйесін дамыту есебінен еуропалық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, білім, әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту және көші-қон саласын дамыту қарастырылады.

Екінші міндет – мемлекеттік кұрылымның қазақстандық үлгісін еуропалық тәжірибе негізінде әрі қарай дамытуға, мемлекеттік қызмет пен кадрлар қорын басқарудың тиімді жүйесін енгізуге, елдің саяси өмірін ырықтандыруға бағыттала­ды. Бұл, әсіресе, сайлау, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат кұралдары, мемлекеттік кызметті реформалау, сот жүйесі және т.б. салалар бойынша заңдарды жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.

Үшінші міндет – 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Бағдарламада анықталған бірқатар басымдықтар: демократиялық институттардың дамуына жасалған жағдайларды жақсарту; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік-көліктік және Еуразияның трансқұр­лықтық мүмкіншілігін дамыту; экологиялық мәселелер; бейбітшілік және ядролық қарусыздану, аймақтық қауіпсіздікті нығайту; терроризм, экстремизм,есірткі бизнесі, ұйымдасқан қылмыспен күресте қауіпсіздіктің бейбіт аспектілерін дамыту; Ауғанстан ахуалы.

«Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартумен елдің тұрақты дамуын камтамасыз етуге мүмкіндіктер ашты. Ресми деректер бойынша, 2009 жылы Қазақ­станға құйылған шетелдік инвестицияның жалпы сомасы 25 миллиард доллар шамасын құраған.

Жаһандық дағдарыстың ықпалына қарамастан, Қазақстан-Германия сауда айналымының көлемі 2,9 миллиард доллардан асты. Қазақстанда германдық капиталдың қатысуымен 800-ден астам бірлескен кәсіпорын тіркелген. Тәуелсіздік жылдарында ГФР-дың Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы сомасы 3 миллиард долларға жуық қаражатты құрады. Ал Қазақстан ГФР-дың экономикасына 4 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Сондай-ақ, Қазақстан ГФР-да «Болашақ» еуропалық орталығының өкілдігін ашты. Алматыда «Қазақ-Неміс» университетін одан әрі дамыту, Назарбаев Университеті ха­лықаралық жоғары оқу орнымен ынтымақтасу көзделді. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Қазақстан – Германия серіктестігі оң нәтижелерін берді. 2009 жылы өткен «Қазақстанның Германиядағы жылы» мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі болды.

«Еуропаға жол» – мемлекеттің даму стратегиясымен астасып жатқан болашақтың кешенді бағдарламасы. Еуропамен әріптестік қатынас орнату – қазақ қоғамының даму жолын таңдауынан басталды. Сондықтан өркениет жолын таңдаған Қазақ елі әлемдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өзгерістердің пайдалы жақ­тарын елдің мүддесіне икемдесе, нұр үстіне нұр болар еді.



  Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік (арнайы) бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.


       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік (арнайы) бағдарламасы туралы

      "Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535  Жарлығын  іске асыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
      1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік (арнайы) бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
 
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
 
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
 
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
 
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


       Қазақстан Республикасының 
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің     
 
2008 жылғы N Жарлығымен
 
БЕКІТІЛГЕН      


2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" 
МЕМЛЕКЕТТІК (АРНАЙЫ) БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2008 жыл

Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты 
      2. Кіріспе
 
      3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
 
      4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
 
      5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
 
      5.1.1. Еуропалық елдермен технологиялық ынтымақтастықты жолға
 
      қою үшін жағдай туғызу
 
      5.1.2. Еуропа мемлекеттерімен энергетикалық ынтымақтастықты
 
      дамыту
 
      5.1.3. Еуропалық елдермен көлік саласында ынтымақтастықты
 
      дамыту
 
      5.1.4. Техникалық реттеу және метрология жүйесі саласындағы
 
      ынтымақтастықты дамыту
 
      5.1.5. Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты
 
      тереңдету
 
      5.1.6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық
 
      5.1.7. Өмірдің сапасы саласында еуропалық елдермен
 
      ынтымақтастықты кеңейту
 
      5.1.8. Гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты кеңейту
 
      5.2. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып,
 
      қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру
 
      5.3. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің басымдықтары
 
      6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
 
      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер


1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы              2009 - 2011 жылдарға арналған 
                                   "Еуропаға жол" мемлекеттік
 
                                   (арнайы) бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздемесі         Қазақстан Республикасы 
                                   Президентінің 2008 жылғы 6
 
                                   ақпандағы "Қазақстан халқының
 
                                   әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік
 
                                   саясаттың басты мақсаты" атты
 
                                   Қазақстан халқына 
 Жолдауы

Әзірлеуші                        Қазақстан Республикасы Сыртқы 
                                   істер министрлігі


Мақсаты                          Қазақстан Республикасының 
                                   Еуропаның жетекші елдерімен
 
                                   стратегиялық әріптестік
 
                                   деңгейіне шығуы


Міндеттері                       Қазақстан Республикасының Еуропа 
                                   мемлекеттерімен мынадай бағыттар
 
                                   бойынша ынтымақтастығын дамыту
 
                                   және тереңдету:
 
                                   технологиялық ынтымақтастық;
 
                                   энергетикалық ынтымақтастық;
 
                                   көлік саласында;
 
                                   техникалық реттеу және
 
                                   метрология жүйесі саласында;
 
                                   сауда-экономикалық ынтымақтастық;
 
                                   шағын және орта бизнесті
 
                                   дамытудағы өзара іс-қимыл;
 
                                   өмір сүру сапасы саласындағы
 
                                   ынтымақтастық;
 
                                   гуманитарлық өлшем тұрғысындағы
 
                                   ынтымақтастықты кеңейту
 
 
 
                                   Оң сипаттағы еуропалық
 
                                   тәжірибені пайдалана отырып,
 
                                   қазақстандық институционалдық-
 
                                   құқықтық базаны жетілдіру
 
 
 
                                   2010 жылы Қазақстан
 
                                   Республикасының ЕҚЫҰ-ға
 
                                   төрағалық етуі үшін жағдай жасау


Іске асыру мерзімдері            2009 - 2011 жылдар

Қажетті ресурстар және           Республикалық бюджет қаражаты 
қаржыландыру көздері             есебінен қаржыландырылатын 
                                   іс-шаралар бойынша шығыстардың
 
                                   мөлшері 2009 - 2011 жылдарға
 
                                   "Республикалық бюджет туралы"
 
                                   Қазақстан Республикасының
 
                                   Заңымен анықталады және тиісті
 
                                   қаржы жылдарына арналған
 
                                   республикалық бюджетті
 
                                   қалыптастырғанда жыл сайын
 
                                   нақтыланады


Күтілетін нәтижелер              Бағдарламаны іске асырудың 
                                   нәтижесінде:
 
                                   саяси, экономикалық және
 
                                   гуманитарлық салаларда Қазақстан
 
                                   Республикасының Еуропаның
 
                                   жетекші елдермен стратегиялық
 
                                   әріптестік деңгейіне шығуы;
 
                                   Еуропа елдерімен тауар айналымын
 
                                   жыл сайын 10%-ға ұлғайту үшін
 
                                   қолайлы жағдай жасау;
 
                                   жыл сайын Еуропа мемлекеттері
 
                                   және үкіметтері басшылары
 
                                   деңгейінде кемінде 5 сапармен
 
                                   алмасу (халықаралық іс-шаралар
 
                                   кестесіне сәйкес);
 
                                   Еуропа елдерінің технологияларын
 
                                   тарта отырып, инновациялық
 
                                   кәсіпорындар құру:
 
                                   2009 ж. - 2 кәсіпорын;
 
                                   2010 ж. - 2 кәсіпорын;
 
                                   2011 ж. - 4 және одан да көп;
 
                                   қазақстандық желілерді
 
                                   панъеуропалық көлік желілерімен
 
                                   түйістіру контекстінде Көліктік
 
                                   желілерді дамыту бойынша өзара
 
                                   түсіністік туралы меморандумға
 
                                   ЕО-мен қол қою;
 
                                   ЕО елдерінің талаптарына сәйкес
 
                                   келетін техникалық регламенттер
 
                                   мен үндестірілген стандарттар
 
                                   қабылдау;
 
                                   еуропалық нормаларды ескере
 
                                   отырып, ұлттық заңнаманы
 
                                   жетілдіру;
 
                                   Еуропалық құрлықта Қазақстан
 
                                   Республикасының мүдделерін
 
                                   ілгерілету.


2. Кіріспе

      2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік (арнайы) бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді. 
      Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі елдің ішкі дамуының өзекті міндеттерін шешудің, еуропалық бағыттағы ұлттық басымдықтарды әзірлеудің, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграция және институционалдық-құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйенудің, технологиялық, энергетикалық, көліктік, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығынан туындады.


3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

      Қазақстан Республикасының Сыртқы саясаты тұжырымдамасына сәйкес Еуропа елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін стратегиялық мүддені білдіреді. 
      Қазіргі уақытта Еуропа елдерімен екі жақты қарым-қатынастардағы технологиялық, энергетикалық, сауда және көліктік ынтымақтастық әлеуеті толық іске асырылмауда.
 
      Сондай-ақ Еуропалық Одақ елдері тұтас алғанда Орталық Азия мемлекеттерімен және атап айтқанда Қазақстанмен ынтымақтастыққа айрықша назар аударатынын ескеру қажет. Олардың ортақ ұстанымы 2007 жылғы маусымда Еуроодақтың саммитінде қабылданған "ЕО және Орталық Азия: Әріптестіктің жаңа стратегиясы" атты құжатта көрсетілген. Еуропалық Одақтың ішкі құжаты болып табылатын Стратегия ЕО-ның Орталық Азиямен және Қазақстанмен өзара іс-қимылының маңызды бағыттарын қамтиды.
 
      Еуропаның бірқатар елдерінің ЕО-ның еуропалық құрылымдарына интеграциялануға ұмтылысы немесе олардың Еуропалық көршілік саясат шеңберінде ЕО-мен өзара іс-қимылы осы елдерге әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың әртүрлі салаларында белгілі-бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
 
      Бағдарлама көрсетілген елдердің ЕО мемлекеттерімен және еуропалық құрылымдармен ынтымақтастығын дамытудың оң тәжірибесін ескере отырып әзірленген.
 
      Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі қағидаты - тепе-теңдік және прагматизм қағидатын дамытуға жәрдемдеседі.


4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      Саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда Қазақстан Республикасының жетекші еуропалық елдермен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығуы Бағдарламаның мақсаты болып табылады. 
      Бағдарламаның аталған мақсаттарына қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
 
      1. Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен төмендегі бағыттар бойынша ынтымақтастығын дамыту және нығайту:
 
      технологиялық ынтымақтастық;
 
      энергетикалық ынтымақтастық;
 
      көлік саласы;
 
      техникалық реттеу және метрология жүйесінің саласы;
 
      сауда-экономикалық ынтымақтастық;
 
      шағын және орта бизнесті дамытудағы ықпалдастық;
 
      өмір сүру сапасы саласындағы ынтымақтастық;
 
      гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты кеңейту.
 
      2. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру.
 
      3. 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін жағдай жасау.


5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

5.1.1. Еуропалық елдермен технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай туғызу

      Еуропа елдерімен технологиялық ынтымақтастықты жандандыру жаңа технологияларды тарту мақсатын көздейді. Еуропалық серіктестермен өзара ықпалдасу, оның ішінде нанотехнологиялар мен биотехнологиялар саласында ықпалдасу Қазақстанда құрылып жатқан және іске қосылған технопарктерге серпін береді. 
      Еуропалық елдердің мамандарын шақыра отырып, технопарктердің аумағында инновациялық менеджмент саласындағы мамандарды даярлау және инженерлік кадрларды қайта даярлау бойынша бірқатар оқу іс-шараларын өткізу көзделуде.
 
      Қазақстанда бар көлік коммуникацияларын реформалау және жаңаларын құру жөнінде прогрессивті еуропалық технологияларды пайдалануда ынтымақтастықты дамыту көзделеді.
 
      Еуропада пайдаланылып жүрген аграрлық технологиялар ұлттық ауыл шаруашылығын елеулі түрде дамытуға қызмет етеді. Еуропалық стандарттарға және өнімдерді сертификациялауға бірте-бірте көшу жеке міндет болып табылады, мұның өзі өз кезегінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Еуропа елдерінің рыноктарына шығуына жол ашады.
 
      Ғылым, жаңа технологиялар және инновациялық әзірлемелер, оның ішінде технологиялардың қазақстандық трансферт жүйесі мен технологиялардың еуропалық трансферт жүйесінің мүмкіндіктерін тарта отырып, технологиялардың трансфертін ұйымдастыру саласында өзара ақпараттық алмасуды дамыту.


5.1.2. Еуропа мемлекеттерімен энергетикалық ынтымақтастықты дамыту

      Еуропалық нарықтағы Қазақстанның орнын бекіту және ұзақ мерзімді сипатын қамтамасыз ету мақсатында Еуропа елдеріндегі инфрақұрылымдық объектілерді қазақстандық тараптың сатып алуы бойынша жұмысты жалғастыру көзделген, ол объектілер: кемежайлар, терминалдар, мұнай өңдеу зауыттары, автомай құю станциялары және басқалары. 
      Энергия үнемдеу стратегиясы, осы салада инвестицияларды қолдау және қорғау, энергетикалық көліктік инфрақұрылымға рұқсат алу құқығы, жүйелік операторлардың табиғи монополиялардан тәуелсіздігі, салалық реттеу, тарифтік саясатты реформалау сияқты энергетика саласындағы бірқатар негізгі нарықтық қағидаттарды одан әрі дамытуда еуропалық тәжірибені пайдалану Еуропа елдерімен ынтымақтастықтың жеке бағыты болып табылады.
 
      Еуропалық Одақтың жаңа энергетикалық стратегиясының негізгі бағыттарының бірі жаһандық жылыну мәселесі болып табылады. ЕО қайта қалпына келетін энергия саласындағы технологиялар бойынша дүниежүзілік көшбасшы саналатынын, Қазақстанда осы энергия түрінің елеулі әлеуеті бар екенін ескере отырып, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізу мен дамыту мәселелері бойынша ЕО елдерінде таныстыру және оқу-үйрену семинарларын ұйымдастыру, халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу арқылы тәжірибе алмасу қарастырылған.


5.1.3. Еуропалық елдермен көлік саласында ынтымақтастықты дамыту

      Жолаушылардың, жүктің және көлік құралдарының еркін қозғалысы үшін көліктік қызмет көрсетуді беру, көліктің барлық түрлерін пайдаланудағы және басқа да қауіпсіздікті арттыру, ұлттық заңнама базасын үйлестіруді қамтамасыз ететін жағдай жасау арқылы еуразиялық трансконтинентальдық көлік дәліздерін одан әрі дамыту көзделген. 
      Бағдарлама тиісті меморандумға қол қоя отырып, ұлттық ұсынысты бекітіп, ұлттық көлік желілерінің панъеуропалық көлік желілеріне қосылу жөніндегі келіссөздер процесін жалғастыруды; еуропалық стандарттарды ұлттық авиация саласына енгізудің бағдарламасы бойынша практикалық тағылымдамаларға қатысуды; теңізде жүзудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кемежайлар инспекцияларымен тәжірибе алмасуды; автокөлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырудың халықаралық жүйесін үйлестіру мәселелері бойынша еуропалық елдердің көлік министрліктерінің және халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен келіссөздерге қатысуды; автокөлік құралдарының экологиялық тиімділігін арттыру тәжірибесін зерттеуді; алынған тәжірибені өзінің бағдарламалық құжаттарында іс жүзінде пайдалану мақсатында көлік саласының проблемалық мәселелерінің кең ауқымын еуропалық елдермен тең дәрежеде талқылауға Қазақстанның толыққанды қатысуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуды көздейтін бастамаларды нығайтуға жәрдем көрсетуге қызмет етеді.


5.1.4. Техникалық реттеу және метрология жүйесі саласындағы ынтымақтастықты дамыту

      Тарифтік емес реттеудің құралдары болып табылатын техникалық реттеу мен метрологияның мақсаты мен миссиясы - өнім қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, сауда-саттықтағы техникалық кедергілерді жою, бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді төмендету және өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарларынан республика азаматтары мен экономикасының мүдделерін қорғау болып табылады. 
      Көліктік коммуникация, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, экология мен денсаулық сақтауды қорғау саласында, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерінде прогрессивті еуропалық технологияларды пайдаланудағы ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.
 
      Жаңа технологияларды іс жүзінде енгізу - Еуропалық Одақ елдерінің талаптарына сәйкес келетін техникалық заңнаманың, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, өлшем құралдарының, сынақтан өткізу мен өлшем зертханалары жүйесінің тиісті базасын құрумен бірге жүруі тиіс.
 
      Осыған байланысты техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау; техникалық регламенттер талаптары орындалуының айғақтық базасы сипатында қызмет істейтін үйлестірілген стандарттарды әзірлеу; стандарттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетке (СЕN), Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға (ILAC), Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға (ІАF) кіру; өлшем зертханаларын құру және модернизациялау; аккредиттеу ұйымдары (қазақстандық экспортты ілгерілету үшін "жасыл дәліз" құру), оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде берілетін аккредитациялау жүйесінің, сертификаттар мен хаттамалардың баламалығы жөнінде көпжақты және екіжақты келісімдерді жасасу жөнінде шаралар қабылдау; ұлттық эталондық базаны жетілдіру, оның еуропалық талаптарға барабарлығына сай келуіне қол жеткізу; зертханалар аралық салыстыруларды жүргізу; республикалық кәсіпорындарға менеджмент жүйесін жеделдетіп енгізу үшін халықаралық сарапшыларды тарту; рынокты қадағалау жөнінде халықаралық тәжірибені зерттеу көзделіп отыр.


5.1.5. Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету

      Соңғы жылдары Қазақстан және Еуропа елдері арасындағы сауда айналымы қарқынының ұлғаю үрдісі байқалады, алайда экспорт құрылымында дәстүрлі түрде шикізаттық тауарлар басым түсіп жатады. Осыған байланысты қазақстандық экспорттың құрылымын әртараптандыруға арналған күш-жігерді шоғырландыру қажет. 
      Қазақстан мен Еуропа елдерінің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстанның Еуропадағы сауда өкілдігін және бірқатар еуропалық елдерде оның бөлімшелерін құру көзделіп отыр.
 
      Өкілдіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Еуропа рыногында Қазақстанның экономикалық мүдделерін іске асыруға қатысты Еуропа елдерінің экономикалық саясатының ықпалына талдау жүргізу; отандық өнімдерді еуропалық рынокқа ілгерілету үшін қазақстандық кәсіпкерлерге ақпарат беру мақсатында Еуропа елдерінің сауда-саттық заңнамасын және сыртқы сауда қызметінің шарттарын зерттеу; еуропалық елдерге арналған қазақстандық экспорттың құрылымын әртараптандыру, оның ішінде еуропалық артықшылықтар жүйесін пайдалану (GSP+).
 
      Бұдан басқа екі жақты келіссөздер жүргізу арқылы қазақстандық тауарлардың сыртқы рыноктарға экспортын ілгерілету үшін және Еуропа елдерінің рыноктарында қазақстандық тауар өндірушілерінің экономикалық мүдделерін қорғау үшін жағдайлар туғызу, еуропалық елдердегі жыл сайынғы халықаралық көрмелерге Қазақстан Республикасының қатысуы қазақстандық өнімдердің экспортық жағрапиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.


5.1.6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық

      Бағдарлама - шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты мемлекеттік саясатты одан әрі қалыптастыру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік реттеуді оңтайландыру, салық салу жүйесін жетілдіру, банк кредиттеріне және қаржыландырудың басқа да көздеріне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, кадрлар даярлаудың ортақ жүйесін құру, шағын және орта бизнес субъектілері қызметін регламенттеу мәселелерінде қазақстандық заңнаманы жетілдіру және еуропалық елдердің заңнамаларымен жақындастыру мақсатында шағын және орта бизнес саласында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 
      Аталған саладағы мақсаттарға қол жеткізу төмендегідей жолдармен жүзеге асырылады: кәсіпкерлікті, салық салуды, оның ішінде шағын және орта бизнеске қатысты мемлекеттік қолдау саласында тәжірибе алмасуды қоса алғанда, іс жүзіндегі шаралар мен жобаларды іске асыру; кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдем көрсету; бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру; бірлескен консультацияларды, семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысты зерттеулерді ұйымдастыру.
 
      Кәсіпкерлікті дамыту саласында тәжірибе алмасу бойынша еуропалық елдермен ынтымақтастық Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қазақстанның және Еуропалық елдердің заңнамаларын үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестициялардың ағынын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсіби тұрғыдан өсуін қамтамасыз ету арқылы қазақстандық компаниялардың еуропалық рынокқа жол ашуын жеңілдетуге болады.


5.1.7. Өмірдің сапасы саласында еуропалық елдермен ынтымақтастықты кеңейту

      Өмірдің сапасы деп мемлекеттің экономикалық дамуының, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік нәтижелерді көрсететін негізгі көрсеткіштердің жиынтығы түсіндіріледі. 
      Ұлттық экологиялық заңнаманы еуропалық елдердің стандарттарымен жақындастыруды, трансшекаралық проблемаларды шешу саласында бірлескен бағдарламаларды әзірлеуді, биологиялық саналуандықты сақтауды, қоршаған ортаны тарихи лас-қоқыстан тазартуды қоса алғанда, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мәселелерінде Қазақстанның еуропалық елдермен ынтымақтастығын тереңдету көзделіп отыр. Климаттық өзгерістердің алдын алу саласында, Астана қаласында Еуразиялық су орталығының әлеуетін пайдалана отырып, су ресурстарын қорғау және зерттеу мәселелерінде іс-қимылды үйлестіру жөнінде шаралар көзделді. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) экологиялық директоратының Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін қоршаған ортаны қорғаудың іс-қимыл жоспары бойынша арнайы жұмыс тобының және табиғатты қорғау бейіміндегі еуропалық ұйымдардың қызметіне қатысатын болады.
 
      Тиісті еуропалық стандарттарға сәйкес келетін медициналық көмек көрсетудің сапалы қызметі, оның ішінде медицинаға Еуропалық ақпараттық технологияны енгізу, денсаулық сақтау мен басқарудың инфрақұрылымы тиімділігін арттыру, ауруларға (жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар, құрт ауруы, гепатит, иммундық тапшылық вирусы (ИТВ)/жұқтырылған қорғаныс тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) және басқалары) диагностика қоюдың, емдеудің және ол аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту, қан дайындау, дәрі-дәрмектік құралдарға қол жеткізу және олардың сапасын арттыру, толыққанды тамақтанудың стандарттарын енгізу, кадрлық ресурстар жүйесін дамыту және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу ел халқына қызмет етудегі маңызды бағыт болып табылады.
 
      Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүргізу, сондай-ақ "Болашақ емханасы" медициналық холдингін, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау ұйымдарын, университеттік клиникаларды басқарудың осы заманғы тәсілдерін өмірге әкелу, көпжақты байланыстарды кеңейтуге жәрдем көрсету, халыққа сапалы медициналық көмек беруде еуропалық тәжірибені зерттеу қажет.
 
      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру салаларында, жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылда, студенттерді және профессорлық-оқытушылық құрамды алмасуда, оның ішінде "Erasmus Mundus", ТЕМРUS бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ еуропалық елдердің білім беру ұйымдарымен екі жақты шарттар негізінде ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.
 
      Техникалық және кәсіби білім беру саласында Еуропа елдерімен ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары мыналар болып табылады: еуропалық тәжірибені ескере отырып, ұлттық біліктілік жүйесін құру, сертификация саласындағы әлемдік көшбасшыларды тарта отырып, біліктілік пен білім беру бағдарламаларын сертификаттау жүйесін енгізу, халықаралық талаптарға жауап беретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің және өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру, техникалық және қызмет көрсетуші еңбектің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтарды басқаруға шетелдік менеджерлерді тарту, оқу орындарында жұмыс істеу үшін шетелдік оқытушылар мен мамандарды тарту.
 
      Аталған саладағы мақсаттарға қол жеткізу - қазақстандық және еуропалық оқу орындары арасындағы байланыстарды кеңейтуге жәрдем көрсетуді, білім сапасын басқарудың университеттік жүйесін құруды, Қазақстан - Британ техникалық университетінің және Қазақстан - Неміс университетінің базасында жоғары білім беру саласындағы білім беру хабтарын құруды, мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби даярлауда және қайта даярлауда еуропалық тәжірибені зерттеуді ілгерілетуді және еуропалық тілдерді оқып-үйренуге жәрдем көрсетуді қоса алғанда, практикалық шаралар мен жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асатын болады.
 
      Әскери білім беру және әскери-ғылыми қызмет, төтенше жағдайларды алдын алу және жою салаларында еуропалық елдермен ынтымақтастықтың бағыттарын іске асыру үшін тиісті нормативтік-құқықтық база қалыптастыру көзделіп отыр.
 
      Бағдарлама - жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті халықтың көші-қоны, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер санаттарын әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдердің коммерциялық тұрғыдан араласуынсыз қызметті жеткізуші - жеке тұлғалардың орын ауыстыруы бөлігінде іс-тәжірибені зерттеу үшін еуропалық елдермен ынтымақтасуды көздейді.


5.1.8. Гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты кеңейту

      Қазақстан мен Еуропа елдерінің азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты дамыту көзделуде, мұның өзі азаматтық қоғамның ұлттық институттарының халықаралық қоғамдастықпен интеграциялануына, ұлттық мүдделер тұрғысында әлеуметтік, мәдени, білім беру, ақпараттық-ағартушылық және басқа да жобаларды іске асыруға, әлеуметтік әріптестік институтын дамытуға жәрдемдесетін болады. Бұл этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін нығайтуға және насихаттауға қосымша тыныс береді. 
      Этникааралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу еуропалық елдермен ынтымақтастықтың жеке бағыты болып табылады, мұның өзі этникааралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін құруда қазақстандық оң тәжірибені насихаттауға, дінге төзімді және толерантты еуразиялық қоғамдастықты қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.
 
      Еуропалық дәстүр тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанның теңдестірілген гендерлік үлгісін дамыту үшін одан әрі жағдайлар туғызу көзделуде.


5.2. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру

      Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде үлкен жұмыс жүргізілуде, 2007 жылы ел  Конституциясына өзгерістер енгізу оның маңызды кезеңі болды. 
      Қазіргі уақытта осы жұмыс мүдделі министрліктер мен ведомстволардың күштерімен жалғасын табуда, бұл орайда олардың арасында түрлі деңгейлерде белсенді ықпалдастық жүзеге асырылуда. Отандық және халықаралық сарапшылық қоғамдастығының елеулі әлеуеті пайдаланылуда.
 
      Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісін жетілдіру, елдің саяси өмірін ырықтандыру және Қазақстанды жалпыәлемдік озық дәстүрлерге тарту болып табылады. Атап айтқанда мұның сайлау, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары (диффамация мәселелерін қоса алғанда), сот жүйесін реформалау туралы заңнаманы жетілдіруге және қоғамдық өзара қарым-қатынастың басқа да салаларына қатысы бар.
 
      Сот әділдігі және қылмыстық іздестіру органдары арасында тәжірибе алмасуда, сондай-ақ тергеу бөлігінде және қылмыстық істерді соттық қарауда, азаматтық сот ісін жүргізуде және сот актілерін орындауда заңнаманы жетілдіру көзделуде.


5.3. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің басымдықтары

      Мадридте Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған (2007 жылғы қараша), 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім тұрғысында, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған практиканы ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде қазақстандық төрағалық етудің басымдықтарын егжей-тегжейлі қарау жұмысы көзделуде. 
      Олардың қатарына төмендегі мәселелер жатады: ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттарды дамыту үшін жағдайлар туғызу жөніндегі күш-жігерді жалғастыру; ЕҚЫҰ-ның барлық мемлекеттерінің транзиттік-көліктік әлеуетін, еуразиялық трансконтиненталдық көліктік дәліздерді дамыту, экологиялық проблемаларды шешу; Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті және ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, сенім білдіру шаралары мен өңірлік қауіпсіздікті нығайту; ЕҚЫҰ қызметіндегі қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерін дамыту, атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақпен және адамдармен сауда-саттыққа қарсы күрес салалары, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның әріптес елі - Ауғанстанды қалпына келтіру.
 
      Қауіпсіз, тұрақты және гүлденген Орталық Азияны құру процесінде, өңірдің тартымдылығын, оның ішінде экономикалық тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның әлеуеті мен құралдарын пайдалану маңызды міндет болып табылады.


6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың мөлшері 2009 - 2011 жылдарға "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен анықталады және сәйкес қаржылық жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастырғанда жыл сайын нақтыланады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін болады деп болжануда: 
      саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда Қазақстан Республикасының жетекші Еуропа елдерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуы;
 
      еуропалық елдермен тауар айналымын жыл сайын 10%-ке арттыру үшін қолайлы жағдай жасау;
 
      жыл сайын мемлекеттер және үкіметтер басшылары деңгейінде 5 сапарлармен алмасу (халықаралық іс-шаралар кестесіне сәйкес);
 
      еуропалық елдердің технологияларын тарта отырып, жүзеге асырылатын инновациялық кәсіпорындар құру:
 
      2009 ж. - 2 кәсіпорын;
 
      2010 ж. - 2 кәсіпорын;
 
      2011 ж. - 4 және одан да көп;
 
      қазақстандық жүйелерді панъеуропалық көліктік жүйелермен түйістіру контекстінде Көліктік жүйелерді дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға ЕО-пен қол қою;
 
      ЕО елдерінің талаптарына сәйкес келетін техникалық регламенттер мен үндестірілген стандарттарды қабылдау;
 
      еуропалық нормаларды ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру;
 
      Еуропалық құрлықта Қазақстан Республикасының мүдделерін ілгерілету.


Қазақстан әлемдік қауымдастықта

Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара  келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.

2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.

1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.

Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.

Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен  мәлімдемеге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.

Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері - Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.

Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.

“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақты кепілдіктерін берді.

Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді.

1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.



Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет