Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру туралы 2017-2018 оқу жылы


Тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері



бет2/6
Дата28.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#34629
1   2   3   4   5   6

Тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогы үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, рухани, кәсіби, мәдени жетілуге ұмтылысы мықты тұлға болуы тиіс тиіс.

Үлгілік бағдарламада анықталған міндеттерді табысты іске асыру үшін педагог балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын білуі және қолдануы тиіс. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, өздігінен білім алуы тиіс.

Педагог мектепке дейінгі педагогика мен психологияны, мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық және отандық нормативтік құқықтық құжаттарды білуі тиіс.

Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес педагог баланың дамуына диагностика жүргізу әдістерін игеруі, мамандармен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа жеке жоспарларын анықтауы қажет.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандары:

- үнемі өздігінен білім алуы;

- педагогтар мен ата-аналар үшін ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетудә өткізуі;

- тәрбиелеу мен оқытудың иннновациялық технологияларын игеруі;

- мақалалар, баяндамалар дайындау арқылы озат педагогикалық тәжірибені тарату, конференциялар мен семинарларға қатысуы;

- үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;

- өзінің біліктілігін алуы және дәлелдеуі үшін мерзімінде аттестациядан өтуі;

- жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуі;

- педагогтарға арналған түрлі байқауларға қатысуы;

- портфолионы өзінің педагогикалық жетістіктерінің нәтижелерімен үнемі толықтырып отыруы қажет.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2017 жылы педагогтарға көмек көрсету мақсатында келесі әдістемелік материалдарды әзірледі:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша бойынша әдістемелік ұсынымдары;

- Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары;

- «Халық ауыз әдебиеті -мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» әдістемелік ұсынымдары;

- «Сюжетті-рөлдік ойын - мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттің алғашқы сатысы» әдістемелік ұсынымдары;

- Балалар әндері жинағы әдістемелік ұсынымдармен бірге;

- «Мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне денсаулық сақтау технологияларын енгізу» әдістемелік ұсынымдары.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогтары мен мамандарына кешенді әдістемелік көмекті «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының rc-dd.kz. порталы қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайларды жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі:


  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.

2.«Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы.

3.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V Заңы.

4. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы.

5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.

6., «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 жарлығы.

7. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары» ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы.

8. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 қаулысы.

9. «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы.

10. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.

11. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы.

12.«Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы.

13.«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы.

14.«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын,оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы.

15. «Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы

16. «1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.

17.«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.

18. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.

1-қосымша

Өтпелі тақырыптардың үлгілері
Күнтізбелік айдағы тақырыптар саны мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, маусымдық шараларға, аймақтық және климаттық ерекшеліктерге және т.б. байланысты өзгеруі мүмкін.

Өтпелі тақырыптарды мақсатты тұжырымдау жас тобына, білім беру салаларына, ұйымдастырылған оқу қызметтері түрлеріне байланысты.

1. «Балабақша» - балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.

2.«Менің отбасым» - отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің міндеттері туралы; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынасқа тәрбиелеу, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

3.«Дені саудың жаны сау»- баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, мектепке дейінгі ұйымда, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттіліктерін қолдана отырып, балалардың белсенді әрекетке қажеттіліктерін байытуға бағытталған.

4. «Менің Қазақстаным» - балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

5.«Табиғат әлемі»- тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.

6.«Бізді қоршаған әлем»- қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.

7.«Салт-дәстүрлер және фольклор»- Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыруға, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

8.«Біз еңбекқор баламыз»- қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.

9.«Әрқашан күн сөнбесін»- балалардың бойында адамгершілік қасиеттерін жақын адамдарына сүйіспеншілік, оларға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған еліне, қаласына, ауылына құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.

10. «Өнер көзі – халықта» - адамгершілік-патриоттық тәрбие, өзін-өзі тану, қоршаған ортамен, Қазақстан халқының және басқа елдердің салт-дәстүрімен, өнерімен таныстыру.

11. «Мен және қоршаған орта» - табиғатпен таныстыру, экологиялық тәрбие, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру, адамдар және олардың мамандықтарымен таныстыру.

12. «Тірі және өлі табиғат» - тірі және өлі табиғатпен таныстыру, табиғатпен өзара әрекет ету, оларға ұқыпты қарау білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

13. «Жабайы табиғат әлемі» - ғаламшардағы флора мен фаунамен таныстыру, экологиялық тәрбие.

14. «Біз мектепке барамыз» (мектепалды даярлық топқа арналған) – мектеппен таныстыру, мектепке әлеуметтік бейімделуге даярлау.

15. «Қош келдің Алтын күз!» - күздегі табиғат құбылыстарының өзгерістерімен, Қазақстан өңірлеріндегі түрлі климаттық жағдайларымен (оңтүстік пен солтүстіктегі күзгі ауа-райы), күздің түрлі мезгілімен таныстыру: ерте күз, алтын күз, кеш келген күз – астық өнімін жинау мезгілі.

16. «Қызықты қыс мезгілі!» - қыстағы табиғат құбылыстарымен, оның өзгерістерімен, қыстың қызықты мерекелерімен және ермектерімен таныстыру.

17. «Алғашқы тамшылар» - түрлі өңірлердегі күздің түрлі мезгілімен, көктемдегі жеміс-жидектерді отырғызу, олардың табиғаттағы өзгерістерімен таныстыру.

18. «Жайдары жаз келді!» - жаздағы табиғат құбылыстарымен, оның өзгерістерімен таныстыру, жаз – адам ағзасына жеміс-жидектер арқылы келетін табиғат дәрумендерінің мезгілі.

19.«Жомарт күз»

20.«Ас атасы-нан»

21.«Жыл құстары»

22.«Жайнай бер, Қазақстаным!»

23.«Алақай, қыс келді!»

24.«Қыстайтын құстар»

25. «Қыс қызығы»

26.«Қош келдің, Жаңа жыл!»

27.«Күз сыйы»

28.«Жаңа жылдық сыйлықтар»

29.«Аңдардың қысқы тіршілігі»

30.«Қардың пайдасы»

31.«Көктем жаршысы-құстар»

32.«Жылғалардан су ақты»

33.«Ғарышқа саяхат»

34.«Жер-Ана!»

35. «Аспан әлемінің планеталары»

36. «Бір шаңырақ астында»

37. «Бейбітшілік қорғанында»

38. «Көктемгі ағаштар»

39. «Көктемгі егістік»

40. «Табиғаттың гүлденуі»

41. «Жаз да келді көңілді»

42. «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»

43. «Техника және біз»

44. «Ертең сабақ басталады»

45. «Өнер көзі - халықта»

46. «Мен және қоршаған орта»

47. «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

48. «Әрқашан күн сөнбесін»

49. «Көлік»

50. «Ғажайыптар әлемінде»


2-қосымша
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР (ҮЛГІ)
Астана қ. № 5 «Арман» б/б Бірінші кіші топ

2017 жыл қазан айы

Өтпелі тақырып «МЕНІҢ ОТБАСЫМ»

Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету.

Міндеттері: Отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу. Отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдайын ұйымдастыру. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту: ана-әке, аға-апа, ата-әже.

Апталық тақырып

«Денсаулық»-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5


Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1



Шығармашылық- 3

Сурет салу-1, Мүсіндеу-0,25

аппликация-0,25, музыка – 1,5


Әлеумет-0

Ескерту: оқу жүктемесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557бұйрығы) сәйкес көрсетілген

I-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Тепе-теңдікті сақтау жаттығуы.

Кедергіден аттап өту.

Ойын-жаттығу «Қонаққа барамыз».

2.Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру.

3. 1 м арақашықтықтан отырып бір-біріне допты домалату («Бірге ойнайық»)


Сөйлеуді дамыту

Дидактикалық ойын «Отбасы мүшелерін атап бер».




Сенсорика

Дидактикалық ойын «Қуыршақ Сәуле қонақ күтуде»


Жаратылыстану

Ересектермен бірлескен әрекет («Анамызға көмектесеміз»)





Мүсіндеу

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдері («Дәмді бауырсақ»)



Сурет салу

Заттарды бояулармен бейнелеу

(«Үйдегі шамды жақ»)

Музыка

Ән тыңдау (музыкасы А.Танидікі, сөзі А. Есеновтікі «Тәй-тәй»)



Музыка

Ән айтуды ойын әрекеттерімен сүйемелдеу. «Көңілді саусақтар» (Музыкасы Г.Абдрахмановтікі)



Жақын адамдары туралы түсініктерін қалыптастыру



II апта

Дене шынықтыру

  1. 1. Тепе-теңдікті сақтау жаттығуы .

  2. Еңіс тақтайдың үстімен жүру «Көңілді серуен»

  3. 2. Доғаның астымен еңбектеу «Тиіп кетпе»

3. Гимнастикалық орындықтың үстімен төрт тағандап жүру «Марғаулар мен балалар».



Көркем әдебиет

«Шұбар тауық» халық ертегісі желісі бойынша саусақ театрын көрсету






Құрастыру

Ірі құрылыс материалдарынан құрастыру «Үйшік»



Жаратылыстану

Суреттер қарастыру (суреттер, ойыншықтар, мультфильм кейіпкерлері және т.б.) «Достым»



Сурет салу

Алақандарын бояуға батырып, қағазға басып суретін салу.



«Біз қыдыруға барамыз»

Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимыл.

«Балалар қыдырып келді »,

музыкасы Я.Жабконікі






III апта


Дене шынықтыру

1Допты лақтыру «Себетке допты лақтыр».

2. Еңіс тақтайдың үстімен төрт тағандап еңбектеу «Көпірдің үстімен еңбекте»

3.Допты бір-біріне домалату «Допты домалат»





Көркем әдебиет

«Шалқан» халық ертегісін оқып беру




Құрастыру

Ірі құрылыс материалдарымен жұмыс (кубик, цилиндр үш қырлы призма, кірпіш).

«Гараж»

Жаратылыстану

«Бауырсақ» халық ертегісі желісі бойынша үстел үсті театрын көрсету.



Сурет салу

Бояулармен сурет салу

«Көше шамдары»

Музыка

Музыкалық шығарма тыңдау

«Балалар мен жаңбыр » (музыкасы Г.Абдрахманованікі)

Музыка

Музыкалық- ырғақтық қимылдарды үйрету

«Орамалдармен би» (музыкасы

Т. Сарыбаевтікі)




Туғандарына сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.



IY апта

Дене шынықтыру

  1. 1 м арақашықтықта тігінен қойылған нысанаға допты лақтыру «Доптарды себетке жина»

2. Доғаның астымен еңбектеу

«Қақпаға еңбектеп өту»

3.Допты доғаның астымен домалату

«Түрлі түсті доптар»



Сөйлеуді дамыту

Дидактикалық ойын «Қуыршақ Сәулеге киінуді үйрету»





Сенсорика

Дидактикалық ойын: «Жемістерді себеттерге сал»



Жаратылыстану

Дидактикалық ойын: «Бақшадағы көкөністер».



Сурет салу

Саусақтармен сурет салу «Жаңбыр тамшылары»



Музыка

Ән айту. «Күзгі ән» (музыкасы М.Балящевтікі)


Аппликация

Фланелеграфта жұмыс



«Жемістерді себетке орналастыр»

Туғандары, ересектер және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру


3-қосымша
Мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібінің үлгiсі

Режим компонентi


Балалардың жасы

2 3

3 4

4 5

5 6

1

2

3

4

5

Қабылдау, тексеріп-қарау, ойындар, таңертеңгі жаттығу

7.00 - 8.00

7.00 - 8.00

7.00 - 8.00

7.00 - 8.00

Таңғы ас

8.00 - 8.30

8.20 - 8.55

8.30 - 9.00

8.00 -8.30

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық

8.30 - 9.00

8.55 - 9.20

9.00 - 9.15

8.30 -8.45

Ұйымдастырылған оқу қызметтері (үзiлiстердi қоса алғанда)

9.00 - 9.30

9.20 -10.00

9.15 - 10.00

8.45 -10.20

Серуенге дайындық

9.30 -9.50

10.00 - 10.20

10.00 - 10.20

10.20 -10.30

Серуендеу

9.50 - 11.30

10.20 - 12.00

10.20 - 12.10

10.30 -12.00

Серуеннен оралу

11.30 - 11.50

12.00 - 12.20

12.10 -12.30

12.00 -12.20

Түскi ас

11.50 - 12.30

12.20 - 13.00

12.30 - 13.00

12.20 -13.00

Ұйқы

12.30 - 15.00

13.00 - 15.10

13.00 - 15.10

13.00 -15.10

Бiртiндеп тұру, ауа, су емшаралары

15.00 - 15.30

15.10 - 15.40

15.10 - 15.40

15.10 -15.40

Бесін асы

15.30 - 16.00

15.40 - 16.00

15.40 -16.00

15.40 -16.10

Ойындар, өз бетiнше жұмыс

16.00 - 16.20

16.00 -16.30

16.00 -16.30

16.10 - 16.40

Серуенге дайындық

16.20 - 16.40

16.30 - 16.50

16.30 -16.50

16.40 -16.50

Серуендеу

16.40 - 18.00

16.50 - 18.00

16.50 - 18.00

16.50 - 18.20

Серуеннен оралу

18.00 - 18.20

18.00 - 18.20

18.00 - 18.20

18.20 - 18.30

Кешкi ас

18.20 - 18.45

18.20 - 18.45

18.20 - 18.45

18.30 - 18.50

Балалардың үйге қайтуы

18.45 - 19.00

18.45 - 19.00

18.45 - 19.00

18.50 - 19.00


4-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет