Қазақстан Республикасының прокуратурасы


Ішкі істер министрлігі (ІІМ)



бет4/8
Дата19.05.2020
өлшемі38.42 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалықмаңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет