Қазақстан тарихы



бет1/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§1.Қазақстан тарихы пәні

1. Анықтама: Тарих грекше «зерттеу», оқиғалар жөніндегі «әңгіме» деген мағынаны білдіреді.

Адамзаттың, халықтар мен мемлекеттер-дің өткен өмірін, болашағын зерттейтін ғылым.

2. Шығу тарихы: Ежелгі Грекияда.

3.Тарихтың негізін салушы:

3.1. Грек тарихшысы Геродот /тарих атасы/

3.2. Геродот еңбегі «Тарих» /сақтар туралы/

3.3. Шығыс тарихшысы Сыма Цянь

3.4. Сыма Цянь еңбегі «Тарихи жазбалар» /ғұн, үйсін, қаңлы туралы/

3.5. Иран тарихышысы Рашид ад Дин/діни ғұлама, энциклопедист, дәрігер, ботаник, табиғаттанушы/

3.6. Рашид ад Дин еңбегі «Жамиғат ат тауарих», «Жылнамалар жинағы» /Түркі тайпаларының көшпелі тұрмысы мен әдет-ғұрпы туралы. Қазақ елі тарихы, Алаша хан мен Оғыз хан Монғол шапқыншылығы туралы./

3.7. Мұхамед Хайдар Дулати /XV-XVIғғ/ Жетісудағы дулат тайпаларының тарихшысы, әдебиетші, ғалым. Еңбегі «Тарихи Рашиди» 1546ж Қазақстан хандығы мен Орта Азия туралы.

  1. Міндеті:

4.1. Өткен замандағы маңызды оқиғаларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір тіршілігін оқып үйретеді.

4.2. Тұлғалар іс әрекеттерін өнеге етеді.

4.3. Өткен өмірден сабақ алып, келешекті болжай білуге баулиды.

4.4. Өз Отанын, жерін, елін, сүйетін ұлтжанды қоғам азаматын тәрбиелейді.

5. Қазақстан тарихы- дүние жүзілік тарихтың бір бөлігі:

5.1. Еліміздің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихының құрамдас бөлігі аса маңызды оқиғаларды, хроноло-гиялық ретпен баяндалады.

5.2. Ұлт тұлғалары, көрнекті ғалымдар, ақын жазушылар, белгілі қоғам және өнер қайраткерлерінің өмір жолы, шығармашылығымен танысады.

5.3. «Қазақстан тарихы» пәнінің құндылығы өткен өмірді еске алып, қазіргі ұғымын болашаққа бағдар жасайды.

6. Салалары: Жекелеген елдер мен дүние жүзінің жалпы тарихы.

7. Кезеңдері:

7.1. Ежелгі дүние тарихы б.з.б 2 млн- Vғ

7.2. Орта ғасырлар тарихы V- XVIIғ

7.3. Жаңа заман тарихы XVII- XIXғ

7.4. Қазіргі заман тарихы XXғ

8. Қосымша тарихи пәндер:

8.1. Археология

8.2. Этнография

8.3. Тарихи география

8.4. Нумизматика

8.5. Демография

8.6. Шежіретану



9. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі.

§2. Тарихтың қайнар көзі

1. Анықтама: Өткен заманнан бізге дейінге жеткен адамдардың өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді тарихи деректер дейміз.

2. Тарихи дерек көздерінің 5-ке бөлінуі:

2.1. Ауызша деректер:

а) Тарихи аңыздар мен шежірелер.

ә) Мифтік аңыз әңгімелер.

б) Халықтың жыр-эпостары.

в) Ертегілер мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер.

г) Салт-дәстүр жырлар (бақсы сарындары, айтыс, балалар фольклері).

2.2. Жазбаша деректер:

а) Тарихтың сыры мен құпиясын ашып көрсететін жазулары.

ә) Патша мен әкімдер шығаратын заңдары мен құжаттары.

б) Мемлекеттік және сауда құжаттары.

в) Әр түрлі әдеби шығармалары.

2.3. Археологиялық деректер:

а) Еңбек құралдары.

ә) Қару-жарақтары.

б) Сәндік бұйымдар.

в) Ыдыс-аяқтар.

г) Баспана тұрақтар.

ғ) Жерлеу құрылыстары.

2.4. Этнографиялық деректер:

а) Аңыздар.

ә) Шежірелер.

б) Тұрмыс заттары.



2.5. Антропологиялық деректер:

а) Дене бітімі мен сипатын.

ә) Этностар мен нәсілдер арасындағы ерекшеліктерін зерттейді.

3. Нумизматика – тиындар, құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымын зерттейтін көмекші тарихи пән.

4. Геральдика ел таңба тану ғылымы. Елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні.



§3. Жазбаша деректер

1. Анықтама: Жазу дегеніміз адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар жүйесі.

2. Жазудың шығу тарихы:

2.1. Сурет-жазуды пайдаланды (аңшылар мен балықшылар).

2.2. Тастарға белгі қалдырды (Тас дәуірінде, балықшылар).

2.3. Шартты белгі ойлап тапты (пиктография – тасқа, қышқа жазылған сурет жазулар).

2.4. Иероглиф сурет-жазудың ерекше дамыған түрі (грекше «қасиетті жазу»). Ерекшелігі: белгілі бір ұғымды тұрақты түрде білдіретін шартты таңбамен жазу. Әлі күнге дейін қолданыста Қытай мен Жапонияда.

2.5. Ең көне жазу үлгісі – Шумер сына жазуы. Шартты белгілер, суреттер негізінде б.з.б. IV мыңжылдықтың ортасында Эфрат, Тигр өзендерінің арасында пайда болған. Акат тайпаларының жазуы.

2.6. Алфавит 3500 мың жыл бұрын финикиялықтар ойлап тапты. Ерекшелігі: дауысты дыбыстар болмаған.

2.7. Қазіргі біз қолданып жүрген әріпті табушылар – гректер.

2.8. Ежелгі түріктер б.з. V-IX ғ руна жазуын пайдаланды (Күлтегін, Тоныкөл ескерткіш-тері).

2.9. Сақ жазуы б.з.б. V-IV ғ («Алтын киімді адам», 26 таңба жазуы бар күміс тостаған).

2.10. Араб жазуы б.з. Х ғ басталады, ислам дінінің орнығуымен тарады.

2.11. Латын алфаитіне 1929 ж көшірілді.

2.12. Қазіргі кириллица алфавиті 1940 ж енгізілді.



3. Жазу түрлері:

3.1. Папирусқа жазу- Ежелгі Египет, Ніл өзені бойында.

3.2. Тасқа жазу- Құлпытас, Күлтегін, Тоныкөк.

3.3. Балшық, пластинкаға жазу- Шумерліктер б.з.б IV мж.

3.4 Бұзау терісіне (пергаментті) жазу – Пергам патшасы б.з.б II ғасыр.

3.5. Қағазға жазу- Қытай б.з IIғ

3.6. Кітап басуды – Еуропада,XVғ И.Гутенберг ашты.

4. Тарихи еңбектер:

4.1. Грек тарихшысы Геродот- “Тарих”.

4.2. Орхон, Енисей өз бойынан - “Күлтегін” жазуы.

4.3. Вавилон патшасы “Хаммурапи заңдары”.

4.4. Парсы патшасы – «Бехистун жазбалары».


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет