Қазақстандағы адам капиталын дамыту мен жақсартудағЫ «МӘҢгілі ел» жалпы ұлттық идеясы



Дата10.07.2017
өлшемі92,29 Kb.
#20987
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ МЕН ЖАҚСАРТУДАҒЫ

«МӘҢГІЛІ ЕЛ» ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Серік Балтабайұлы Көшербаев

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Заң факультетінің аға оқытушысы
Түйін

Берілген мақалада Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған жалпы ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының мәні мен маңызы, қазақстандықтардың өмір сапасына әсері, болашақ ұрпақтың адами капиталын жақсартудағы рөлі жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, автордың «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға байланысты өзіндік бірнеше ұсыныстары келтірілді.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» атты жаңа жалпы ұлттық идеясы ұсынылғаннан кейін, оның түсінігі, мәні мен мағынасы, сипаты мен құралымы т.б. туралы заңгер ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, тарихшылар, саясаттанушылар, философтар, қарапайым еліміздің азаматтары сөз етіп, өз ойларын ортаға салды және әлі де зерттеліп әр түрлі пікірлер айтылуда.

«Мәңгілік Ел» идеясының өзі, жалпы бағыты өзекті болып табылады деп ойлаймын, өйткені Қазақстан Республикасы қазіргі таңда тәуелсіз, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезеңде алдына аса жоғары мәртебелі Мәңгілік Ел болып қалу мақсатын қойып отыр. Ол мақсатқа жету үшін – оның не екенін, сипатын және оны құраушы элементтерді жете түсіну керек. Жалпы Мәңгілік Ел болу идеясы кешенді мәселе болғандықтан оның әрбір қыры жеке-жеке зерттеудің пәніне айналу керек. ҚР Президенті, Елбасының ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқының ата-баба жолы арқылы сан ғасырлар бойы армандалған ел. Осы идеяның қазіргі жастарға маңызы мен құндылығын, саяси, құқықтық және рухани тұрғыдан түсіндіру керек. Жастардың отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін туғызуға осы идея мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған мақаланың басты мақсаты - Қазақстандағы Мәңгілік Ел идеясының жалпы сипатын, құрылысы мен жүйесін қалыптастыратын саяси-құқықтық және рухани алғышарттарды ашу, оның отандық деңгейде мойындалып, бағалануын айқындау, әрі Мәңгілік елдің қалыптасып дамуына саяси – құқықтық, рухани-мәдени тұрғыдан баға беру болып табылады. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» идеясының саяси – құқықтық маңызын ашу, оны теориялық тұрғыдан рухани құндылығын анықтау және мемлекеттік саясатта осы идеяның қолданылу аясын кеңейту. Қазақстандағы адам капиталын дамыту мен жақсартудағы осы идеяның атқаратын рөлін анықтау болып табылады. Әрине бір мақаламен осындай мазмұны терең, ауқымы кең мәселені зерттеп, мәні мен сипатын ашып тастауға болмас, бірақ та соған деген ұмтылыс жасалады.

Көптен бері қазақ зиялылары, қоғам қайраткерлері Қазақстанда ұлттық, мемлекеттік идеология жоқ, алға жетелер күш-қуат, мақсат жоқ деп келген еді, оған Елбасымыз түсіністікпен қарап, өзінің 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында болашаққа халықты бір мақсатқа, бір ортақ іске біріктіретін, көңілге сеніммен рухани күш беретін ұлттық және мемлекеттік идеологиясын жариялады. Ол Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел болып табылады.

Президент: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел» деді.

Мәңгілік Ел ұғымы бірнеше саланы, институтты, құрылымды біріктіруші ұғым. Оның құрамына экономика, саясат, билік, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, ғылым, жастар саясаты, халықтың демографиялық өсімі және тағы да басқа элементтер кіреді. Осы салаларды дамыту арқылы ғана елді мәңгі етуге болады. Барлық Қазақ жерінде тұрақты өмір сүріп отырған халықтарды ұйыстырушы, топтастырушы идеяға айналған Мәңгілік Ел мұратын қолдау, жүзеге асыру мақсатында елде көптеген іс-шаралар мен халықтың қолдауы керек. Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру үшін, оны халық түсінетіндей, қолдайтындай ету үшін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу қажет. Оны құраушы салаларды біріктіре отырып және талдай отырып ғылыми негіздемесін жасау керек. Арнайы монографиялар мен ғылыми еңбектерге арқау боларлық осы бір сөйлемде расымен де тұтас халықтың ұлы мұраты жатыр.

Мәңгілік Ел идеясы мемлекетіміз үшін тарихи бағыт, мақсат болып табылады. Мемлекетіміздің атауын Қазақстан Республикасы деген атаудан «Қазақ елі» деп өзгертудің өзі – біздің ұлы мұратымыз жолындағы негізгі қадам. Қазіргі халықтың көңіл-күйіне қарап Мәңгілік Ел болу іске асырылатын мақсат екенін көруге болады. Оған мысал, 2015 жылы 26 сәуірде өткен Мемлекет басшысын кезектен тыс сайлау. Халықтың сайлау құқығына ие 95 пайызы дауыс беріп, 97 пайызы осы идеяны ұсынушы Н.Ә. Назарбаевқа дауыс берді.

Саяси тұрақтылық мемлекеттің Мәңгілік Ел болуының маңызды құрамдас бөлігі. Өйткені мемлекетте саяси жағынан тұрақтылық болмаса экономика дамымайды. Мемлекет ішінде билікке таласып, халықтың, ұлттың, мемлекеттіліктің болашағын емес, өз бастарының қамын ойлап, өзара алауыздықпен саяси партиялар мен ұйымдардың жан-жаққа тартқан берекесіздігі талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Сондай алауыздықтың кесірінен жер бетінен талай ұлттар жойылып кеткені де белгілі. Сондықтан қазіргі кездегі болып жатқан және тарихтан белгілі осындай қателіктерге ұрынып қалмауымыз керек. Мәңгі ел болып қалу өзіміздің қолымызда. Саяси тұрақсыздықтың салдарынан көршілес Қырғызстан мен Украинадағы жағдайлардан сабақ алуға болады. Елбасы өзінің бір сөзінде Египеттегі төңкерісті мысалға келтірді. Экономикасы дамыған, туризм саласы жетілген, ғасырлар бойғы тарихы бар Мысыр елі алауыздықтың, бір төңкерістің нәтижесінде дамуы 20-30 жылға артқа кейін шегініп кетті.

«Қазақстан – 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлыстар мен этностарға қарағанда қазақ ұлтына аса үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қазақтар басқалардың алдында болып, дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен әдет-ғұрпын, ұлтының саны мен басқа да ерекшеліктерін дамыта отырып, көш басында тұруы тиіс. Басқалар қазақтардың тәрбие мен тәжірибеге мол аталған тағылымдарын құрметтей отырып, өздерінің де дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен дінін еркін қолдана алады.

Мәңгілік Ел идеясының саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігін айқындау керек. Мәңгілік Ел идеясы ғылыми тұрғыдан зерттелген, негізделген болуы тиіс. Оның теориялық және тәжірибелік сипаты туралы, құрылымы мен бөліктері туралы ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Әр бір ЖОО факультет пен кафедраларға жеке-жеке бөліктерін ғылыми мемлекеттік бюджет немесе шаруашылық зерттеу тақырыбы ретінде берілуі керек. Халық түсінікті етіп қабылдайтындай болу үшін арнайы монографиялар, еңбектер және оқу-әдістемелік құралдар шығарылуы керек. Өйткені жоғарыда атап кеткендей Мәңгілік Ел аспаннан түскен жоқ, бұрыннан біздің ата-бабаларымыз айтып келе жатқан ел. Ол туралы көптеген жыраулар, ақындар мен жазушылар жазған. Соларды жинақтап шығару керек.

Мәңгілік Ел идеясын әр бір қазақстандық азаматтың жүрегіне жеткізетіндей іс-шаралар ұйымдастырылуы керек. Жалпы ол идеяны еліміздің жоғарғы және орта оқу орындарында оқытылатын оқу пәндеріне, бағдарламаларға тақырып, бөлім ретінде енгізу қажет. Мәңгілік Ел идеясы әсіресе жастар үшін қажет, өйткені оны жүзеге асыратын жастар. Сондықтан білім ордаларында пән ретінде жүргізілуі керек. Жоғарыда аталған ұсыныстағы жинақты сабақ ретінде өткізуге, әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.

Мәңгілік Ел идеясы туралы ой-пікірлерді дамытып, жетілдіріп отыратын саяси-құқықтық, рухани-мәдени іс-шаралар кешенін өткізіп отыру қажет. Бірақ, ол тек ақша шашу емес, жастарды, халықты патриоттық сезімге, отансүйгіштікке шақыратын, мәңгі ел болып қалуды шын мәнінде өздерінің міндеті екендігін түсінетіндей нәтижелі іс-шаралар кешені болуы тиіс.

Жаћандану үдерісінде әлемдегі кейбір әлсіз мемлекеттер жойылып кетуі мүмкін. Жойылып кетпеу үшін сол мемлекетті құраушы ұлттың мәдениетін, тілін, дәстүрі мен ғұрыптарын, салтын көтеру керек.

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе де маңызды. Тілегі бір ел болғандықтан, тіліміз де бір болса деген ойым бар. Латын әліпбиіне көшетін болсақ, кирилица, яғни қазіргі орыс әліпбиінен бас тартып, тіліміз тез мемлекеттік, ұлттық мәртебе алар еді.

Дін мәселесінде абай болуымыз керек, өйткені дін өте нәзік құбылыс. Егер бір жерінде қателесіп кетсек ол туралы жаңсақ пікір туындайды. Алысқа бармай-ақ университеттің өзінде топ кураторлары дінге қатысты ашық сабақтар, кураторлық сабақтар, семинар, дөңгелек стол өткізгенде міндетті түрде діни білімі бар, сауатты адамдарды шақырып өткізу керек. Интернеттен, т.б. жерлерден теріп алып студенттерге баяндама ретінде оқып берудің қажеті жоқ. Онда дұрыс емес бұрыс нәрселер жазылуы мүмкін. Мұғалім айтты, куратор айтты деп студенттер барған жерінде соны таратады.

Мәңгілік Ел боламын десек халықтың санын арттыру керек. Демографиялық өсім болмайынша, қазақтың мына кең даласын қазақтар жайлап, мекен етіп, толтырмаса Мәңгілік Ел бола алмаймыз. Бірақ оны жетімдер мен балалар үйіне тастап кеткен ұл-қыздарымызбен емес, заңды түрде ата-ананың ортасында өсетін балалармен көбейту керек. Өйткені, Конституцияның 27 бабының 2 тармағына сәйкес «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың міндеті» деп көрсетілген. Бізде жылдан жылға адам өмір сүру ұзақтығы ұзарып келеді дейді, ол тек бізде емес, әлемде ұзарып келеді. Сондықтан ол бойынша тым асыра мақтана берудің қажеті жоқ.

Мұнай мен газға байланып қалмай, соларға қарап отырмай жаңа энергия көздерін табу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Күн, жел, су, өсімдіктер ж.т.б. көздерден энергия көздерін іздестіру, қолдану бойынша ғылыми жұмыстарға, инновациялық жобаларға қаражаттар молынан бөліну керек. Кафедралар осыны қолға алуы керек.

«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет. Қазіргі кезде кімнің ақшасы бар, соның жолы болғыш екенін көреміз, жерді де сол алады, тұрғын үй кезегінен жақсы жерден үйді де сол алады, жақсы жерден жұмыс та табады т.б. Сыбайлас жемқорлық арқасында халық арасында тең құқықтық бұзылады, әлеуметтік теңсіздікті тереңдетеді. Бұл халықтың мемлекетке, билікке наразылығын туғызады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығына тең құқықтар мен бостандықтар, еркіндіктер берілген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, ал тәжірибеде осылай ма?

Құқықтық мемлекет құрмай біз Мәңгілік Ел бола алмаймыз. Бізде құқықты сыйламау, орындамау, құқықтық мәдениетсіздік, құқықтық сауатсыздық қатты белең алған. Заңды айналып өту, заңды белінен басып өту көп кездеседі. Құқықтық мемлекетті орнататын, әділдікті қамтамасыз ететін бірден-бір орган сот жүйесі. Сондықтан да Президенттің 5 институтты реформасындағы 100 қадамда көбінесе сот билігін жетілдіру қарастырылған. Сондықтан айтарым, судья болатын азаматты 25 жастан емес, 30 жастан тағайындау керек. Оқуды жаңа бітірген азамат адам тағдырын шешетіндей өмірлік, қызметтік тәжірибесі болмайды. Сонымен қатар, 3 рет судьяның шығарған шешімі жоғары тұрған сотпен бұзылып басқа шешім шығарылатын болса ол судьяны орныннан алып тастау керек. Өйткені ол ақша алып заңсыз шешім шығарды деген күдік болады. Тағы да бір ұсыныс, оны М.Дулатов өзінің «Сот қайтсе түзелмек» деген еңбегінде айтып кеткен, судья болатын азаматты өзінің туып өскен аудан, қала, облысқа судья етіп қоймау керек. Өйткені қазақтарда ағайын, бауыр, туыс, жегжат деген болады. Ол бұра тартушылыққа, әділетсіз шешім шығаруға алып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Бұл ұлттық қазақ құқығын зерттеуші заңгер ғалымдардың көңілінен шығады деп ойлаймын, өйткені олардың мақсат арманы қазақтың бұрынғы дәстүрлі әдет ғұрып құқығының гуманизмге, адамгершілікке, имандылыққа, ар-ұятқа толы негізгі қағидаларын қазіргі заңнамамымызға енгізу болатын. Соны қазір жүргізуіміз керек. Сол дәстүрлерді заңнамамазға енгізу жұмыстары жүргізілуі керек.

Мәңгілік Ел болып қалу идеясы туралы көзқарастар, ой пікірлер, ата-баба дәстүр салт, әдет-ғұрыптарының құқықтық ой тарихында маңызды орын алатын, адамзат баласының дамуының тарихында озық ойлы ойшыл данышпандарды толғандырған үлкен мәселе екені шындық. Мәңгілік Ел идеясын бағалау, оның құрамдас элементтерін, ұғымдарын түсіну ата-бабаларымыздың «адамның күні адаммен» деген қағидасының нәтижесі. Елдікті, ұлтты, мемлекеттілікті сақтау жайындағы қазақ халқының саяси-құқықтық ойлары Мәңгілік Елдің басты тірегі әрі мәйегі.

Мәңгілік Ел идеясы қазіргі таңда саяси-экономикалық, рухан-мәдени қажеттіліктен туындаған еліміздің өмір сүру ерекшелігіне орайластыра орныққан, тарихи-құқықтық қажетсінулер негізінде қалыптасқан, әрі еліміздің тұтастығын сақтауға бағытталған идея болып табылады. Мәңгілік Ел - адамзат баласы аңсаған ізгілікті ойлардаң құралып, оны көшпелі қазақ қауымы өзінің бірнеше даму кезеңімен өткізген саяси-құқықтық жүйе болып табылады.

Мәңгілік Ел идеясы туралы шынайы түсінікті қалыптастыру, ол үшін құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті көтеру, заңдылықты сақтау, адамаралық саяси – құқықтық қатынастарды реттеу сияқты мәселелер маңызды рөл ойнайды.

Бұдан басқа да қорытынды, ұсыныстар жасауға болады, өйткені Мәңгілік Ел идеясы өте ауқымды, көлемді, бүкіл қоғамды, халықты, мемлекетті біріктіруші идея. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек. 2050 жыл келмей-ақ ондағы айтылған міндеттердің орындалатынына сенейік, өйткені сенім жоқ жерде болашақ жоқ. Мәңгілік Ел идеясын әр қазақстандық сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсе, осы жолда бар күш-жігерімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін. Жолдаудағы айтылған міндеттер мен бағыттарды бір отбасыдай бірге жүзеге асыруға шақырамын.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2012 жыл 14 желтоқсан.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет