Қазақстандағы этникалық топтардың этномәдени орталықтарының БҮгінгі көрінісі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата23.07.2020
өлшемі321,45 Kb.
#75532
  1   2
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ
саба0, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты, САПАЛЫ БІЛІМ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ (1), «МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ, Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ 

ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ 

 

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 

 

XVIII  ғасырдан    XX  ғасырдың  ортасына  дейінгі  аралықта  Қазақстан 

территориясында  шағын  этностардың  пайда  болу  процесі  жүрді.  Ресейдің 

еуропалық бөлігінен көшіп келген этностар стихиялы, өз еркімен, жоспарлы 

қоныстанды; Еділ бойы мен Кавказдағы жекеленген этностар мәжбүрлі түрде 

депортацияланды.  Осымен,  Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекетке  айналды. 

Жүзден  аса  ұлт  өкілдерінен  тұратын  көп  ұлтты  Қазақстандағы  ұлтаралық 

даму  әрқилы  жүрді.  ХХ  ғасырдың  80-жылдарының  аяғы  мен  90-жылдардың 

басынан 

республикада 

34 

ұлттық-мәдени 



орталық 

Қазақстан 

Республикасының  қоғамдық  және  аймақтық  бірлестіктер  жөніндегі 

Конститутциясы мен Заңдарына сәйкес өз қызметтерін жүргізіп келеді [1,142 

б]. 

Осылай,  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев    1990  жылдардың 



басында-ақ  еліміздегі  барлық  ұлттық-мәдени  бірлестіктерді  бір  ортақ 

шаңыраққа  –  Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  біріктіру  туралы  идеясымен 

таныстырды.  Қазақстан    -  тарихи  тағдыры  ортақ  этностардан  құралған 

унитарлы  мемлекетке  айналып  отыр.  Тағдыры  ортақ  халықтарды  ортақ 

құрылымның  аясына  біріктірудің  бірден  бір  жолы  –  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясын  құру  болып  табылды.  Қазақстан  қоғамының  тарихи 

бастаулары  алғышарт  болуы,    ол  –  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру 

идеясы.  Мұндай  жаңа  әрі  теңдесі  жоқ  құрылымды  іске  асыру  жұмыстары 

аймақтарда  кіші  Ассамблеялар  құрылудан  бастау  алды.  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  қоғамды  топтастырушы  тетіктердің  біріне  айнала  бастады. 

Шын  мәнінде,  ол  ұлтаралық  келісімнің  қазақстандық  моделін  жүзеге 

асырудың маңызды тетігі болып табылады [2]. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы 16 ақпанда еліміздегі ұлттық-

мәдени  орталықтардың  жетекшілерімен  кездесу  ұйымдастырып,  онда  Кеңес 

Одағы  ыдырағаннан  кейін  оның  құрамында  болған  кейбір  мемлекеттерде 

ұлтаралық  түсініспеушіліктер  қарулы  қақтығыстарға  айналып,  соның 

нәтижесінде сан мыңдаған жазықсыз жандардың өмірі қиылып, балалар ата-

аналарынан  айырылып,  жүз-мыңдаған  отбасылар  үйсіз-күйсіз  босқындыққа 

душар  болғандын  атап  айтты.  Бағымызға  орай,  Қазақ  елінде  жүргізілген 

ұлтаралық  келісім  мен  татулықтың  арқасында  мұндай  қасіретке  жол 

берілмегені  анық.  Себебі,  оған  ұлттық-мәдени  орталықтардың  қосқан  үлесі 

ұшаң  теңіз.  Ұлт  Көшбасшысы  осы  себепті  ұлттық-мәдени  орталықтарының 

өкілдері мен жетекшілеріне өзінің шексіз алғысын  білдірді [3]. 

 Сонымен  бірге,  тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  еліміздегі 

ұлтаралық  келісім  мен  татулықты  сақтау,  оны  одан  әрі  нығайту  үшін 

республикада  жаңа  қоғамдық  институт  –  Президент  жанындағы 

консультативті-кеңесші  орган  ретінде  Қазақстан  халқын  бір  шаңыраққа, 

ортақ  мүддеге  біріктіретін  Ассамблея  құру  қажеттілігінің  маңызын  атап 




көрсетті.  Бұл  құрылған  Ассамблеяның  негізгі  мақсаты:  Қазақстандағы 

барлық  этнос  өкілдерін  рухани  тұрғыда  қайта  жаңғыру  мен  дамуын 

қамтамасыз  ете  отырып,  өркениеттік  және  демократиялық  ұстанымдарға, 

мемлекеттік  ұлттық  саясатта    барлық  этнос  өкілдерінің  мүддесіне  деген 

құрметке  негізделіп,  ұлтаралық  қатынас  мәдениетін  қалыптастыру 

болатындығы  анықталды.  Сонымен  қатар,  елдегі  барлық  облыс 

орталықтарында  кіші  Ассамблеялар  құрылып,  олардан  сессияға  260  делегат 

сайланды.  1995  жылы  24  наурызда  Алматы  қаласында  бірінші  сессиясы 

өткізіліп,  оның  құрамына  40  ұлттық-мәдени  орталықтың  өкілдері  мен 

жетекшілері  кірді.  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

осы  сессияда  өз  баяндамасын  жасап,  Ассамблеяның  ұйымдастырушылық 

құрылымдарын белгіледі [3]. 

Ассамблея  этномәдени  бірлестіктерді  құрамына  біріктіреді  және 

олардың  жетекшілері  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен  кіші  Ассамблея 

мүшелері болып табылады. Республикада өмір сүретін  46 этностың  ұлттық-

мәдени орталықтары жұмыс жасайды. 2007 жылы елімізде жүзеге асырылған 

конститутциялық    реформа  аясында  Ассамблея  Парламент  Мәжілісіне  9 

депутат  сайлауға  түсуге  құқылы  болды.  Осылайша,  Парламентте  еліміздегі 

басқа  да  ұлттардың  мүддесін  қорғау  конститутциялық  тұрғады  жүзеге 

асырылып  отырды.  2008  жылы  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  Заң 

қабылданды [4]. 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  тарапынан  шетелдік  елшіліктермен, 

республикадағы этникалық топтардың  тарихи отанымен байланыстар орната 

отырып,  өзара  қарым-қатынас  жасауда.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

республикалық  «Ақиқат»  және  «Мысль»  журналдарының  құрылтайшысы 

және  де  Ассамблея  жанынан  шығатын  «Достық-Дружба»  журналы  бүкіл 

еліміздің  түкпір-түкпіріне  таратылады.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жас 

тәуелсіз  мемлекеттердегі  ұлтаралық  қатынастардың  маңызды  мәселелері 

бойынша  халықаралық  конференцияларға  белсене  атсалыса  қатысып 

отырады.  Бұл  бағытта  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ЕҚЫҰ-мен  де  тығыз 

байланыс жасап, әртүрлі жұмыстар жүргізіп келеді. 

Ұлттық-мәдени орталықтар  еліміздегі  қоғамдық бірлестіктердің  елеулі 

бөлігін  құрайды.  Қоғамдық  бірлестіктердің  демократиялық  институттары 

жүйесінде  алатын  орны  мен  рөлі  ерекше  екені  айдан  анық.  Этномәдени 

орталықтар  әрбір  халықтың  мәдени  мұрасын  жаңғырта  әрі  дамыта  отырып, 

оны  өскелең  ұрпаққа  аманатқа  қалдыратыны  даусыз.  Ұлттық  мәдениетті 

жаңғырту  мен  сақтаудың  тарихи  тәжірибесін  ғылыми  тұрғыда  зерттеп-

зерделеу  Қазақстан  қоғамындағы  ұлтаралық  қатынастарды  дұрыс  әрі  тиімді 

ұйымдастырудың  мүмкіндіктерін  кеңейтеді.  Ұлттық-мәдени  орталықтар 

қоғамдық жүйенің субъектісі ретінде  республиканың қоғамдық және мәдени 

өміріне  етене  ену  үдерісі  Қазақстанның  саяси,  әлеуметтік-экномикалық 

дамуымен  тығыз  байланыс  жасап  отырады.  Ұлттық-мәдени  орталықтардың 

құрылуына  этникалық  топтардың  рухани-мәдени  құндылықтары  мен  әдет-

ғұрпын,  салт-дәстүрін  жаңғыртуға  деген  ішкі  сұранысы  мен  ұмтылысы  да 

негіз  болды.  ҰМО  құрылуына  әсер  еткен  тағы  салмақты  себептердің  бірі  – 



еліміздегі  этностық  топтарда  кеңестік  дәуірден  мұраға  қалған  мәдени-

этникалық  қайшылықтар  мен  проблемаларды  шешуге  деген  қажеттіліктен 

туындап отыр. 

Олардың дамуындағы басты кезең 1991 жылы 27 маусымда «Қоғамдық 

бірлестіктер  туралы»  Заңының  қабылдануымен  басталды.  Қабылданған  бұл 

алғашқы  заң  бойынша  қоғамдық  бірлестіктердің,  соның  ішінде  ұлттық-

мәдени  орталықтардың  құрылуы  мен  қызметінің  тәртібі  реттеліп  отырды. 

Бұл  арнайы  заңның  қабылдануы  елдегі  қоғамдық-саяси  ахуалдың  өзгеруіне 

байланысты 

туындаған 

болатын. 

Сол 


құрылған 

ұлттық-мәдени 

орталықтардың бірнешеуіне тоқталсақ: 

1. 


Түрік 

ұлттық-мәдени 

орталығы 

1991 


жылы 

ақпанда 


ұйымдастырылып,  1996  жылы  ол  Түріктердің  «Ахысқа»  болып  атауын 

өзгертті.  Республикалық  қоғамның  облыстық,  қалалық,  аудандық 

бөлімшелерімен  және  түрік  этносы  тығыз  қоныстанған  елді  мекендермен 

байланыстың  құрылымдық  жүйесі  қалыптасқан.  Қазіргі  кезде  қоғамның  4 

облыстық  (Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл,  Қызылорда),  6  қалалық 

және  13  аудандық  бөлімшелері  қызмет  атқарады.  Әрбір  елді  мекенде  түрік 

этносы  өкілдерінің  Кеңесі  сайланып,  құрылған.  2004  жылдың  қазан  айынан 

бастап  қазақ,  түрік  және  орыс  тілдерінде  ай  сайын  «Ахысқа»  газеті  шығып 

тұрады. Сонымен қатар, үш жексенбілік мектеп жұмыс жасайды және 30-дан 

астам  жалпы  білім  беретін  мектептерде  түрік  тілінен  сабақтар  беріледі. 

Алматыдағы  №99  орта  мектеп  жанында  жыл  сайын  түрік  тілі  мұғалімдері 

үшін семинарлар ұйымдастырып тұрады. Түркия елшілігінің көмегімен  түрік 

тілін оқитын балалар  оқулықтармен, ал мұғалімдер әдістемелік құралдармен 

қамтамассыз  етіледі.  Түрік  мұғалімдері  жыл  сайын  Түркияға  білімдерін 

жетілдіруге  сол  елдің  қаржылай  көмегімен  жіберіледі.  Жыл  сайын  15-20 

жастағы  азаматтардың  Түркиядағы  жоғарғы  оқу  орындарында  білім 

алуларына  мүмкіншіліктер  жасалады.  «Ахысқа»  түрік  жазушылары  мен 

ақындарының  еңбектерін  жариялауға,  «Мико»  комедия  театрының 

материалдық-техникалық  базасын  күшейтуге  жан-жақты  қаржылай  көмек 

көрсетіледі.  2003  жылы  6  маусымда  Алматы  қаласында  Республика 

сарайында «Біз - қазақстандықтармыз» деген тақырыпта Түрік мәдениетінің І 

Республикалық фестивалі өткізілді [5]. 

2. 

1989  жылы  Алматы  және  басқа  да  облыстарда  Қазақстан 



кәрістерінің    мәдени  орталықтарының  жұмыстары  қолға  алына  бастады.  Ол 

1995  жылдан  бері  Қазақстан  кәрістерінің  қауымдастығы  деп  аталды. 

Қазақстан  кәрістерінің  қауымдастығының  басым  бағыттары:  кәріс  тілі  мен 

салт-дәстүрлерін  қайта  жаңғырту,  кәрістердің  тарихын  зерттеу,  кәріс 

халқының  өзіне  тән  қайталанбас  мәдениетін,  өнерін,  әдебиетін  дамыту, 

Қазақстан кәрістерінің заңды құқықтары мен мүддесін қорғау, Қазақстандағы 

демократиялық,  құқықтық  мемлекет  құру  үдерісіне  корей  этносының 

белсенді  араласуын  қамтамасыз  ету,  халықтар  арасындағы  достықты 

нығайту,  халықаралық  мәдени-экономикалық байланыстарды  дамыту  болып 

табылады.  2010  жыл  ҚКҚ-ның  құрылғанына  20  жыл  толды.  Соған  сәйкес 

қауымдастық  бұл  белесті  де  береке-бірлігі  жарасқан  Қазақстан  халқымен 



бірге  ҚР  Конститутциясының  қабылдануы  мен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 

құрылуының 

15 


жылдығы 

қарсаңындағы 

жалпымемлекеттік  мерейтойлардың  және  Корей  Республикасындағы 

Қазақстан    жылы  аясында  лайықты  атап  өтуге  дайындық  жұмыстарын 

белсенді жүргізді [6, 128 б]. 

3. 


1991  жылы  Алматы  қаласында  Армян  мәдени  орталығы  «Луйс» 

деген  атаумен  құрылды.  Жексенбілік  армиян  мектебі  жұмыс  жасап,  онда  7-

ден 15 жас аралығындағы армиян балалары  ана тілінде білім алады. Армиян 

мәдени  орталығының  белсенді  қызметінің  арқасында  Қазақстан  халқы 

достығы фестивальдарында армиян мәдениеті кеңінен насихатталады [6, 132 

б]. 


4. 

Ассириялықтардың  мәдени  орталығы  1991  жылы  құрылып, 

тіркеуден 

өтті. 


Орталықтың 

негізгі 


мақсаты 

Қазақстандағы 

ассириялықтардың  ұлттық-мәдени  жаңғыруы  мен  дамуы  бағытында  қызмет 

ету болып табылады.; 

5. 

Қазақстандағы  поляктардың  алғашқы  ресми  емес  бірлестіктері 



1980  жылдардың  соңында  Қарағанды,  Көкшетау,  Алматы  сияқты  қалаларда 

құрыла  бастады  және  ол  1992  жылы  заңды  түрде  тіркеуден  өтті.  Одақ 

ұйымдық  тұрғыда  14  облыстық  және  қалалық  бірлестіктерден  құралады. 

Қазақстан  поляктарының  одағы  қызметі  республикалық  үйлестіру  кеңесі 

арқылы жүзеге асып отырады. 

6. 


1992  жылы  Қазақстандағы  орыс  қауымы  (ҚОҚ)  республикалық 

қоғамдық  бірлестік  ретінде  тіркелді.  Қазақстан  бойынша  оның  12  аймақтық 

бөлімшесі  ашылып,  жұмыс  істейді.  Сонымен  қатар,  Алматыда  «Русский 

Дом»  халық  шығармашылығы  мен  мәдениетінің  орталығы,  Атырауда 

«Радуга» орталығы, Риддер қаласында Орыс мәдени орталығы қызмет етеді. 

7. 


1992 жылы 29 мамырда ҚР Әділет министірлігінде «Тұран» деген 

атаумен  әзірбайжан  мәдени  орталығы  тіркеуден  өтіп,  өз  қызметін  ресми 

түрде  жүргізе  бастады.  Осы    жылдан  бері  Қазақ  радиосында  әзірбайжан 

тілінде  «Азери»  бағдарламасы  әуе  толқынына  шығып  тұрады.  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  Достық  үйінде  орналасқан  Әзірбайжан  мәдени 

орталығы жанынан 2001 жылы көркемөнер-әдеби студиясы ашылды. 

8. 

2002  жылы  10  қыркүйекте  Грузин  мәдени  орталығы  (ГМО) 



құрылды. Құрылған алғашқы жылынан бастап Алматыда грузин жексенбілік 

мектебі  жұмыс  істейді.  Бұл  мектеп  жұмысының  мақсаты  грузин  тілі  мен 

жазуына  үйрету,  грузин  халқының  мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  насихаттау, 

грузин халқы мен қазақ халқының және Қазақ жерінде  мекендейтін басқа да 

ұлттар  арасындағы  достық  қатынастарды,  мәдениеті  мен  тіліне  деген 

құрметті одан әрі нығайту болып табылады.  

9. 

«Беларусь»  ұлттық-мәдени  орталығы  1992  жылы  желтоқсан 



айында  құрылып,  өз  жұмысын  бастады.  Ұлттық-мәдени  орталықта  этнос 

өкілдерінің  өзарар  кездесулері  өткізіліп,  Беларусь  Республикасынан  келген 

қонақтар қабылданып, тарихи отаны туралы мәліметтер таратылып отырады. 

Сонымен 


қатар, 

белгілі 


азаматтардың 

мерейтойлары, 

Қазақстан 



Республикасы мен Беларусь Республикасының мерекелері атап өтіледі [6, 140 

б]. 


10. 

Қазақстан  Республикасындағы  Еврей  ұлттық  ұйымдарының 

«Мицва»  Ассоциациясы  республикадағы  барлық  еврей  ұлттық-мәдени 

орталықтарын  біріктіре  отырып,  1992  жылы  құрылды.  «Мицва» 

Ассоциациясымен  бірге  15  еврей  мәдени  бірлестіктерін,  13  Хэсэн 

қайырымдылық ұйымдарын және 13 еврей қауымы орталқтарының қызметін 

үйлестіріп  отырады.  Бүгінгі  күні  «Мицва»  Ассоциациясы  құрамына  енетін 

қайырымдылық ұйымдары Қазақстанның 150-ден астам елді мекендерінде 13 

мың еврей этникалық тобымен жұмыс жасайды [6, 148 б]. 

11. 


«Вайнах»  Ассоциациясы  1995  жылдың  басында  құрылып,  сол 

жылы  31  наурызда  ҚР  Әділет  министірлігінде  түркеуден  өтті.  «Вайнах» 

Ассоциациясы 

құрамына 

Қазақстан 

аумағындағы 

шешендер 

мен 


ингуштердің барлық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіреді. «Вайнах» Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  құрамына  кіреді  және  оның жетекшілері  Ассамблея 

Кеңесі 

мүшелері 

болып 

табылады. 



Аймақтардағы 

бөлімшелер 

жетекшілерінің барлығы дерлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 

12. 


Болгар  мәдени  орталығы  1995  жылы  ұйымдастырылып, 

орталыққа  аймақтық  мәртебе  берілді.  Оған  Атырау,  Ақтөбе,  Павлодар 

облыстық және Теміртау қалалық филиалдары кіреді. Тек Павлодар, Ақтөбе, 

Атырау және Қарағанды облыстарында олардың саны 1000-нан 1600 адамды 

құрайды. Бүкіл республикада бүгінгі күнде 7 мыңға жуық болгар өмір сүрсе, 

30 мыңнан астамы аралас некеде тіркелген.  

13. 

1995  жылы  Алматы  қаласы  мен  Алматы  облысында  Түрікмен 



қоғамдық-мәдени  орталығы  ашылды.  Ол  Қазақстандағы  ұлттық-мәдени 

бірлестіктердің  жаппай  құрыла  бастаған  кезеңінде  ұйымдастырылған  еді. 

1998  жылы  Алматыдағы  түрікмен  мәдени  орталығына  түрікмендердің 

Маңғыстау  ұлттық-мәдени  орталығы,  ал  2004  жылы  Қостанай  және 

Қарағанды  түрікмен  ұлттық-мәдени  бірлестіктері  қосылды.  1996  жылы 

Алматыдағы  түрікмендердің  ұлттық-мәдени  орталығы  Ашхабадтағы 

дүниежүзі түрікмендерінің Гуманитарлық Ассоциациясының мүшесі ретінде 

қабылданды.    Ал  1998  жылы  Ашхабадтағы  «Елімай-Түркіменстан»  -  Қазақ 

ұлттық-мәдени  орталығымен  шығармашылық  байланыс  орнату  туралы 

келісім жасалды. 

14. 

 «Мекен»  қырғыз  мәдени  орталығы  1996  жылы    тамыз  айында 



құрылды.  Орталық  қазақстанның  майталман  жазушысы  М.Әуезовтың  100 

жылдық  мерейтойы  мен  халық  жазушысы  Ш.  Айтматовтың  мерейтойларын 

атап  өтуде  белсенділік  танытты.  Мәдени  орталық  1999  жылы  қыркүйек 

айында  Астанада  өткен  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Өзбекстан 

елдерінің  мәдениет  және  ғылым  қайраткерлерінің  кездесуіне  қатысты.  2000 

жылы қыркүйекте Қырғызстанда Ош қаласының 3000 жылдық тарихын және 

Түркістан  қаласынаң  1500  жылдық  тарихын  мерекелеуге  арналған 

салтананттарға белсене араласты [6, 163 б]. 

15. 

Қазақстандағы  өзбек  этносы  қоғамдық бірлестіктерінің  қызметін 



үйлестіріп отыру мақсатында 1996 жылы «Достлик» Ассоциациясы құрылды. 


Aталмыш 

ұйым 


өзбектердің 

мәдени-ағарту 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға, яғни ұлттық салт-дәстүрін сақтауға, ана тілін жетілдіруге, 

мәдени құндылықтарын дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. 

Ассоциация мынандай  міндеттерді шешумен айналысады: оқу өзбек тілінде 

жүретін  мектептер  үшін  педагог  мамандар  даярлау,  оқу  орындарына  түсуге 

арналған  тест-сынақтарын  ана  тілнде  тапсыру  мүмкіндіктерін  қарастыру, 

өзбек тілінде телебағдарламалар ұйымдастыру. 

Бүгінгі  таңда,  жоғарыда  аталып  өткен  ұлттық-мәдени  орталықтардың 

ассоциациялар  мен  одақтарға  бірігу  үдерісі  жүріп  жатыр.  1996  жылғы 

«Қоғамдық  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңы  мен  1995 

жылы  14-шілдеде  қабылданған  ҚР  Әділет  министірлігінің  Аумақтық 

органдардың  заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  ережесіне  сәйкес 

қоғамдық  бірлестіктерді  ассоциация  (одақ)  түрінде  тіркеу  мүмкіндігі 

қарастырылған [4].  

Ұлттық-мәдени  орталықтардың  жемісті  қызметі  елімізде  тұратын 

этностардың  тілінің,  мәдениеті  мен  әдет-ғұрпының,  ұлттық  қасиеттерінің 

жаңғыру  мен  дамуынсыз  мүмкін  емес.  Ұлттық-мәдени  орталықтар 

қызметінің  аса  жауапты  міндеттерінің  бірі  –  әрбір  этностың  тілін  арнайы 

сыныптар  мен  жексенбілік  мектептер  арықылы  дамыту  көзделген.  Ұлттық-

мәдени  oрталықтар  өздерінің  тәрбиелік  бағдарламаларына  этномәдени  реңк 

беру  арқылы  жүзеге  асырады.  Мұндай  бағдарламалар  білім  беру 

мекемелерінде  де  қолданылып  отырады.  Бүгінгі  күні  Қазақстан  көпұлтты 

халықты топтастырудың стратегиясын айқындап берді. Ол идеяның негізінде 

қазақстандық  патриотизм,  жалпыазаматтық  құндылықтар  контексіндегі 

этникалық мәдениет пен сананы жаңғырту жатыр. Ал, барлық ұлттық-мәдени 

орталықтар өз қызмет аясын осы идеяның негізде жүзеге асырады. 

Aзаматтардың  ұлттық-мәдени  бірлестіктері  шеңберінде  этникалық 

мәселелердің  шешімін  табу  қазақстандық  этносаясаттың  басым  бағыты 

болып  саналады.  Мемлекет  алдында  бүгінгі  күнге  дейін  қол  жеткізілген 

тұрақты  этносаралық келісімді  одан  әрі нығайтудың  келелі  міндеті  тұр.  Бұл 

міндетті  жүзеге  асырудағы  маңызды  фоктролардың  бірі  –  ұлттық-мәдени 

орталықтардың қызметін жан-жақты дамыта түспек. 

«Біз  Мемлекет  басшысының  ұсыныстарын  толықтай  қолдаймыз. 

Ұлттық-мәдени  oрталықтар  мен  қоғамдық  бірлестік  өкілдерінің,  ғылыми 

қауымдастық  және  ел  болашағына  алаңдаушылық  білдіретін  барлық 

азаматтарды бірлесе, ынтымақта жұмыс жасауға шақырамыз. 

Біз,  Қазақстанда  тұратын  барлық  этнос  өкілдері,  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  күшті  және  өркендеген  Қазақстанды  құруға,  қазақстандық 

қоғамды ұйымдастыруға бағытталған саясатын толықтай қолдаймыз. 

Біз  бірлік  пен  ұйымшылдықсыз  ұлы  міндеттер  мен  жеңістерге  жету 

мүмкін  емес  деп  санаймыз.  Міне,  сондықтан,  ұлттық  бірлік  –  біздің 

стратегиялық таңдауымыз! 

Біз  ортақ  үйіміз  –  Қазақстан  Республикасында  бейбітшлік  пен 

келісімнің сақталуына күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз!» [7]. 




Oйымызды  қорыта  келе,  бүгінгі  таңда  Қазақстанда  130  ұлттың  өкілі 

өмір  сүріп,  35  ұлттың  өкілі  «Қoғамдық  бірлестіктер  туралы»  Заңның 

талаптарына  сәйкес  365  ұлттық-мәдени  бірлестікке  бірігіп,  өз  жұмыстарын 

жүргізуде.  Oлардың  31-і  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен  Ассамблея 

Кеңесінің  мүшесі  болып  саналады.  Oлар  Қазақстан  халқының  дамуында 

өзіндік  үлес  қoсып,  қызмет  аясын  кеңейтуде.  Бұл  дегеніміз  –  бүгінгі 

қоғамдағы ұлттық бірлік пен рухани келісімнің қайнар көзі. Еліміздегі әрбір 

ұлттық-мәдени  бірлестіктер  мен  oлардың  әрбір  мүшелері  этностар 

арыснадағы  ұлтаралық  татулық  пен  келісімді  нығайтудың  маңыздылығын, 

Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  демократиялық, 

әлеуметтік  бағдарлы  қоғам  құруға,  қоғамдық  тұрақтылықты  нығайтуға 

бағытталған  саясатын  жан-жақты  насихаттауға  өз  үлестерін  қосып 

отырғандары анық.  

Ендеше,  «Мәңлігік  Елдің»  жарқын  болашағы  келісім  мен 

бейбітшілікке,  татулық  пен  бірлікке  негізделіп,  Ұлы  Даланың  ұрпағы  мәңгі 

жасасын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет