Қазақстандағы «Жасыл экономиканы» тұрақты дамытудағы спелеотуризмнің ерекшеліктері Қасым Г. Р., Асан Б. Д



Дата12.09.2020
өлшемі79,5 Kb.

Қазақстандағы «Жасыл экономиканы» тұрақты дамытудағы спелеотуризмнің ерекшеліктері
Қасым Г.Р., Асан Б.Д.
Туризм ел экономикасына елеулі өзгеріс әкелетін негізгі тетіктердің бірі. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриалды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымдылығымен сипатталады. Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудағы туризмнің ықпалын: «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес...»- деп айтып кеткен болатын.

«Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарында бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлгені белгілі. Осы салалар қатарынан туризм инфрақұрылымын жасау ерекше орын алады. Туризм саласын дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешуге болатындығы, яғни экономикалық өрлеуде еліміздің дамуы үшін туризмнің қаншалықты маңызды сала екені аталып өтілген болатын. Қазақстандағы туризм саласының қазіргі жағдайына талдау жасай кетсек. Статистикалық мәліметтерде Қазақстанда сырттан келу туризмі 4 млн. 219 600 адамды, сыртқа шығу 6 млн. 732 700 адамды құрады. Яғни, қазіргі таңда Қазақстанның туризм саласы жоғары қарқынмен дамуда [1].



Қазақстан жерінің таңғажайып табиғаты кез келген туристі қызықтырады. Сондай өлкелердің бірі Оңтүстік Қазақстан Облысында орналасқан Қазығұрт тауы. Қазығұрт тауы туристік ресурстарға өте бай, солардың бірі спелеотуризм ресурстары.

Спелеотуризм – үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді [2].

Спелеотуризм өзге мемлекеттерде дамығанымен, бірақ Қазақстанда кенже дамып келе жатқан туризм саласы. Мысалы, «Қызықты мың үңгірлі» аттанған Израильді спелеотуризмнің дамыған ортасы деп айтумызға болады. Қазақсатанда спелеотуризм ресурстары, яғни үңгірлер саны көп болғанымен, дамыған спелеотуризм ошақтарын табу қиын. Дегенмен де, бұл саланың дамуының экономикалық маңызылығы зор болар еді. Бұл сала зерттелмеген үңгірлерді ашуға, дамытуға және де жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, спорттық туризмнің бір саласы болып табылатын спелеотуризм экстрималды жаны қалайтын жастардың сұранысын арттыруда. Соңғы уақытта спелеотуризм спортшылар және туристер арасында танымал болуда.

Қазығұрт тауының географиялық орналасу орны, климаты, туристік ресурстардың көптігімен ерекшеленеді. Соның бірі спелеотуризмнің негізі – Үңгір әулие немесе Қазығұрт үңгірлері. Қазығұрт тауының Алмалық деп аталатын солтүстік шығыс өркешінде Үңгір әулиесі бар. Бұл киелі үңгір бөлме-бөлме болып кете береді. Оның ақыр соңы кәрі Сайраммен жалғасатын жер асты жолымен ұласады. Мұндағы үңгірлердің саны да, құпиясы да, тарихы да көп. Сонымен қатар, бұл үңгірлер жайлы «Тіршілік бастауы –Қазығұрт», «Наурыз –Қазығұрттан басталады», «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған» деген аңыз-әңгіме, шежірелер бар. Сондай-ақ, киелі үңгірлердің көптілігімен қатар, түрлі емдік қасиетімен де белгілі. Дуние жүзіндегі ең танымал Флинт-Мамонтова (Аппалачи тауы, АҚШ, 563 км); Оптимистикалық (Подольская возвышенность, Украина, 207 км) және Еуропадағы ең үлкен "Красная пещера" ( 17 км) сияқты үңгірлер озінің әдемілігімен, тұздылығымен, мәрмәрлымен ерекшеленсе, Қазығұрт тауы үңгірлері шипалы суымен ерекшеленеді. Үңгір ішіндегі «Тамшы су» соған куә бола алады. Сонымен қатар, Қазығұрт тауының «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасуы туризмнің дамуына негіз бола алады. Спелеотуризмге мына әсер етуші факторларды атап көрсетуге болады:

    • елді - мекендегі спелеотуристік ресурстардың қайталанбас бейнесі;

    • спелеотуризм ресурстарының, яғни үңгірлердің адам денсаулығына

тигізер оң әсерінің болуы ( түрлі ауру – сырқаулардан айығуы)

    • туристерге арналған нақты артықшылықтар;

    • табиғи бастаманың басымдылығы;

    • экономикалық тиімділік;

    • мамандандырылған маркетинг[3];

    • жергілікті архитектуралық стильмен үйлесімділік спелеотуризмнің дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, бұл өңірде агротуризмді дамытудың ерекше мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, жергілікті халықтың құсбегілік, аңшылық, саятшылық, балық аулау кәсіптерімен айналысуы және төрт түліктің барлығымен, яғни мал шаруашылығымен айналысуы және егін шаруашылығымен айналысуы

Қазығұрт тауында спелеотуризмнің дамуы әлемдік экономиканың мәселелерін шешумен қатар, әлеуметтік, экологиялық, сондай-ақ жеке елдердің ұлттық мәдениеті мәселелерін де қамтиды:

    • ішкі және кіру туризмінің дамуы

    • жалпы әлемдік экологиялық мәселелерінің және табиғатты қорғау салаларының шешілуі;

    • қоғамдық мәселелердің шешілуі (кедейшілік, жұмыссыздық)

    • ауыл шаруашылық өндірісінің әртараптануы және ауылдық аумақта табысты тауар және қызмет өндірісімен айналысу;

салауатты өмір салтын қалыптастыру [3];

Қазығұрт туралы жоғарғы тиімділікті жарнама жасап, географиялық карталар, жақсы орындардың фотосуреттері, аңыз-әңгіме, шежіреге байланысты видеофильмдер түсіру, буклеттер мен брошюралар жасап, шоулар ұйымдастырып Қазығұрттағы спелеотуризмді дамытуға және бәсекелестіктің күшеюіне мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, көшпелілер дәуірі, мәдениеті қайта жаңғырып, салт – дәстүр, әдет- ғұрпымыз сабақтасып, шетел туристерінің қызығушылығын арттырары сөзсіз.



Қазығұрт тауындағы туризмнің ерекшелігін және өзекті мәселелерін 2-кестеден көре аламыз.

Кесте 2– Қазығұрт тауында спелеотуризмді дамыту жолдарының мықты және әлсіз жақтары




Интеграцияның стратегиялық тиімділігі

Артықшылықтары

Өзекті мәселелері

1

2

 «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының өтуі


Шетел азаматтары үшін визаның қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу процедурасы. Кедендік процедуралардың күрделілігі

Қазығұрт тауының Ұлы Жібек Жолы бойында орналасуы


Маркетингтік жүйенің дұрыс дамымағандығы. Телекоммуникация торын, байланыс қызметтерінің әлсіз дамығандығы.

Қазығұрттың геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;


Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы. Жоғарғы тиімділікті жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы орындардың фотосуреттері, видеофильмдер, буклеттер мен брошюралар


Келу туризмін кеңейту арқылы шетел валютасының Қазақстанға (Қазығұртқа) келуіне қол жеткізу;


Жоғары салықтық салымдар. Тұрақты сұраныстың болмауы.


Туристік ресурстардың молдығы (үңгірлер, емдік сулар т.б.)

Туристік-рекреациондық объектілердің моральдық және физикалық ескіруі


Туризм нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы. Жеткізілім көлемінің және табыстың артуы.

Кадрмен қамтудағы әлсіздік. Туризм саласында Қазақстан мамандарының тәжірибесінің аздығы.

Саяси тұрақтылық пен экономикалық даму;


Тауар-транспорттық операцияларда маманданған басшылықтың болмауы.

Қазығұртта әзірге дейін спелеотуризмнің толық жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр.

Спелеотуризмнің дамуының жеткіліксіздігінің тағы бір себебі – туризмді дамытуға қажетті факторлардың ғылыми негіздемелерінің жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз спелеотуризм саласын дамыту мүмкін емес.

Спелеотуризм туристерді тартып, елге ұлттық табыс ретінде валюталық ресурстарды тартатын болғандықтан, оларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.



Қазіргі міндет барды ұқсатып, көрікті мекендердің сұлулығын жарнамалау арқылы туризмнің Қазақстандық брендін қалыптастыру қажет. Сонымен қатар, көрсетіліп отырған бар туристік қызметтер түрлерін сақтай отырып, ішкі туризмді дамытуымыз тиіс.

Әдебиеттер:

  1. ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2013ж.[1]

  2. www.stat.kz [2]

  3. Денисенко В.В. Современное состояние и перспективы развития агротуризма в крыму // Ученые записки Таврического национального университета им. В.И. Вернадского. 2011 жыл - №1[2]

  4. «Потепление отечественного инвестклимата» // ҚР Заңнамасының ресми сайты www.zakon.kz [1]

  5. «Қазақстан туризмі» статистикалық жинақ, 2007-2013 жж. [3]

  6. www.google.kz [3]


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет